СД-антигендер.

Жасушаның мембранасында жасушаларды бірлестіруші, морфофункционалдық ұқсас сипаттары бар, не болмаса белгілі бір сатыға дейін дамыған антигендер тобы табылады.

Бұл маркерлеуші молекулалар, жасушаларды бір-бірінен ажыратып анықтайтын кластерлер, яғни СД антигендер (.ағылшын: Cell Differetiation Antigens or Claster Definition) деп аталды. Олар супертұқымдастық иммундыглобулиндерге жатады, құрылысы бойынша гликопротеиндтер болады. СД антигендерді топ ішіндегі жасушалардың айырмашылығын анықтау үшін қолданады. Оның арасында көп таралғандары иммундыкомпонентті жасушалардың маркерлері, мысалы: СД3-Т - лимфоциттердің популяциясында экспрессияланады, Т-хелперлерге СД4, ал СД8-цитотоксикалық Т- лимфоциттерге және Т- киллерлерге тән. СД11а моно-, гранулоциттердің цитоплазмалық мембранасында табылады, СД11в- табиғи киллерлерде, СД19-22 В лимфоциттердің маркерлері болып табылады. СД маркелердің тізімі өте кең, оның ішінде 200-ден астам нұсқа табылады. Иммундық жауапқа қатынасатын жасушалардың СД маркерінің бастылары 9.1.-кестеде берілшен

СД антигеннің клиникада иммундытапшылық ауруларға диагноз қойғанда және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенде маңызы бар. СД-маркердің түрін анықтау үшін моноклоналдық антиденелерді қолданумен серологиялық реакцияларды пайдаланады (иммундыфлюоресценттік реакция, цитотоксикалық сынама т.б.)

Кесте 9.1

Иммундық жауапқа қатынасатын жасушалардың негізгі CD- маркерлері

CD- маркер Жасушаның түрі Атқаратын ісі
CD1 Т-лимфоцит Бетта-микроглобулинмен байланысқан МНС1 сыныптың молекуласы Антигенді ұсынуға қатынасады
CD2 Т-лимфоцит Цитотоксикалық Т-лимфоциттердің нысана жасушаға, Т-лимфоциттердің эпителияға тағы басқаларға жабысуына жауапты
CD3 Т-лимфоцит Т-лмифоциттердің рецепторларымен қосылған молекулалар. Рецепторлардан шыққан сигналды таратуға қатынасады.Жетілген Т-лмифоцитерінің көьінің макері.
CD4 Т-лимфоцит Хелпердің маркері, Т-жасушалық рецепторларға Ко-рецептор
CD5 Т-лимфоцит және В-лимфоцит В-1 –лимфоциттердің маркері
CD8 Т-лимфоцит Цитоплазмалық Т-лимфоциттердің маркері. Т-жасушалық рецепторларға Ко-рецептор
CD11d Лейкоциттер Интегрин СD18 –бен байланысқан альфа интегриннің альфаD субтүрлігі
CD14 Моноциттер ЛПС үшін рецепторлар
CD16 Табиғи киллер Антиденетәуелді жасуша-жанамалы цитотоксикалыққа қатынасады Fc-рецептор
CD18 Лейкоциттер Жасушалық процеске қатынасты бета-интегрин
CD19 В-лимфоцит В-жасушалық иммундырецепторға Ко-рецептор
CD20 В-лимфоцит Калцилі арналарды калыптастырып В-жасушалардың белсендірілуін реттейді
CD21 Жетілген В-лимфоциттер В-жасушалық иммундырецепторға Ко-рецептор С3 –комплемент құрамының рецепторы
CD22 В-лимфоцит Жетілген В-лимфоциттердің маркері. В-жасушаның В-эритроциттерге тағы басқа жасушалардың орнығынуын ынталандырады
CD25 Т-лимфоцит Активтелген лимфоциттердің маркері. ИЛ-2 –нің рецепторы.
CD28 Т-лимфоцит Т-лимфоциттерге рецептор
CD30 Активтелген Т-, В-лимфоциттер, табиғи киллерлер,моноциттер Лигандмен байланысқанан кейін Т- және В-лимфоциттердің өсіп-өнуін үдетеді
CD40 В-лимфоцит В-лимфоциттердің белсендірілуіне қатынасады
CD56 Табиғи киллер Цитоктоксикалық пен цитокиндік өнімдерді белсендіреді
CD64 Моноциттер, макрофагтар IgG, IgG1, IgG2, IgG3, IgG4 –лерге жоғарғы аффиндік рецепторлар
CD94 Табиғи киллер Табиғи киллердің цитотоксикалығын күшейту/тежеу
CD95 Әр түрлі жасушалар Жасуша апоптозының маркері

9.1.5.Микробтардың антигендік құрылысы.

Микробтардың құрамында антигендердің бірнеше түрі анықталады. Олардың антигендік құрылысы көбінесе эволюциялық және таксономиялық күйіне байланысты. Бактерялардың, вирустардың, саңырауқұлақтар мен қарапайымдылардың антигендерінің күрделі айырмашылығы бар. Соған қарамастан әр түрлі жүйелерге ортақ антигендері болуы мүмкін. Мысалы, бүкіл тұқымдастыққа, түыстастыққа және түрлікке тән антигендер болады. Түрдің арасында серологиялық топты (серотоп), вариантты(серовар), не болмаса типті (серотип) анықтауға болады. Микробтардың антигендерін инфекциялық, немесе аллергиялық ауруларға диагноз қою, алдын алу, емдеу үшін, вакцина мен қан сарсуды алу және де диагностикалық реакцияларды өткізу үшін қолданады.

9.1.5.1.Бактериялардың антигендері.

Бактерия жасушасының құрылысында талшықтық, денелік (соматикалық), капсулалық тағы басқа антигеннің түрлерін ажыратылады (5-сызбанұсқа)

Талшықтық, немесе Н-антигендер, жылжытқыш аппаратта, яғни олардың талшығында орналасады. Олардың химиялық құрамы флагеллин атты ақуыздан тұрады. Қызыдырған кезде флагеллин өзінің табиғи қасиетін жоғалтып, Н-антиген спецификалығынан айырылады.

Соматикалық, немесе О-антиген жасушаның қабырағсымен байланысты болады. Оның негізін ЛПС (липополисахарид) құрайды. О-антиген температураға төзімді, сондықтан ұзақ уақыт қайнатқанға шыдайды. Бірақ, соматикалық антиген альдегидтер (мысалы, формалин) және спирттердің әсеріне өте сезімтал, аталған заттар оның құрылысын бұзады.

Егерде жануарларға талшығы бар бактерияларды ексе оларда О және Н- антиген мен байланысатын антиденелер қатар пайда болады. Қайнатылған бактерияларды еккен кезде, тек қана соматикалық антигенмен байланысатын антидене синтезделеді. Фенолмен өңделген бактерияның таза дақылына қарсы тек қана талшыққа қарсы антидене түзіледі.

Капсулалық, немесе К –антиген, жасуша қабырғасының бетінде орналасады. Капсула түзетін батерияларда кездеседі. К-антиген көбінесе полисахаридтерден тұрады, тек қана, күйдіргі таяқшаларының капсуласы полипептид тізбегінен құрылады. Қыздыру кезіндегі сезімталдығына сәйкес К-антигеннің үш түрі бар: A, B, L. Қыздыруға ең төзімдісі А-түрі, ол ұзақ уақыт қайнатқанға шыдайды, В-түрі-1 сағат 600 С дейін қыздыруға төзімді, ал L- түрі бұл температурада шапшаң бұзылады. Сондықтан К антигенді жартылай жоғалту үшін бактерияларды ұзақ уақыт қайнату қажет. Жоғарғы дәрежелі вируленттігі бар іш сүзегі ауруының және де энетробактериялардың тағы бір түрлерінің жасуша қабырғасының бетінде капсулалық антигеннің ерекше нұсқа түрі айқындалады. Ол вируленттіктің антигені, немесе Vi- антиген деп аталды. Бұл антигеннің, не оған қарсы пайда болған антиденелердің табылуының диагностикалық зор маңызы бар.

Ақуыздан тұратын токсиндер, ферменттер және айналадағы ортаға синтезделіп шығарылатын кейбір ақуыздардың (мысалы: туберкулин) антигендік қасиеті бар. Олар антиденелермен байланысқанда өзінің әсерлі қасиетін жоғалтады. Сіреспе, күл, ботулизм аурулары қоздырғыштарының токсиндері өте әсерлі, толық бағалы антигендерге жатады, сондықтан оларды өңдеп адамға егілетін анатоксин - токсоид (вакцинаның түрі) дайындауға пайдаланады.

Кейбір қоздырғыштардың құрамында олардың патогендік қасиетін құруына басты себебкер болатын жоғарғы дәрежелі иммуногендік антиген тобы бар. Бұндай антигендер антиденемен байланысқанда қоздырғыштың вируленттік қасиеті толықтай бейтарапталынады, соның нәтижесінен олар сол микробқа қарсы иммунитетті қамтамасыз етеді. Ол антигендер протективті деген атқа ие. Бұндай антигендер ең алғашында күйдіргі жарасынан шыққан іріңнен табылған еді. Ол зат ақуыз токсинінің түпбірлігі болып келеді. Олар қабынушылық және летальдік деп аталатын басқа меншікті вируленттілік суббірліктерді белсендіруіне жауапты.

9.1.5.2. Вирустардың антигені

Вирус бөлшегінің құрылысында бірнеше түрлі антигендер тобы бар: ядролық («өзектік») капсидтық (қабықтық) және суперкапсидтық.. Кейбір вирус бөлшегінің қабықғының бетінде ерекше V-антигендер-гемагглютинин және нейраминидаза ферменті кездеседі. Вирус антигендері шығу тегіне байланысты жіктеледі. Оның ішіндегі бір бөлігі-вирусоспецификалық. Олардың құрылысы туралы ақпарат вирустың нуклеин қышқылында орналасқан. Вирус антигендерінің басқа түрлері қожайын жасушасының құрамдас заттарынан тұрады (көмір сутегі, липидттер), олар вирустың жаңа бөлшегі бүршіктеніп құрылыуы кезінде вирустың сыртқы қабығымен қамтылып ұсталуына байланысты қалыптасады.

Вирустың антигендік құрамы оның құрылысына байланысты. Құрлысы қарапайым вирустардың антигендік спецификалығы рибо- және дезоксирибонуклеопротеидтермен тәуелді. Ол заттар суда жақсы ерітелетіндігінен S-антиген (лат. solutio-ерітінді) деп аталады. Құрлысы күрделі вирустардің антигендерінің бір бөлімі нуклеокапсидпен байланысты болса, ал басқасы сыртқы қабық суперкапсидте орын тапқан.

Вирустардің көбінің антигендеріне жоғары дәрежелі өзгергіштік тән. Ол вирустың генетикалық аппаратында үнемі өтіп отыратын мутациялық процестерімен байланысты. Мысал ретінде тұмау және АИВ вирустарын келтіруге болады.