ТАРАУ. Инфекция туралы ілім 8 страница

1.Дағдарыстық (кризистік) -100000 тұрғындарға шаққанда 100-ден артық науқастанушылық болу , мысалы ЖИТС.

2.Жаппай көпшіліктік (массовый ) – 100000 тұрғындарға шаққанда 100-ге дейін науқастанушылық, мысалы, ЖРА (ОРЗ ), ЖІА (ОКИ ), іріңді қабыну аурулары (ІҚА-ГВЗ ).

3. Басқарылу мүмкіндігі бар таралуы – 100000 тұрғындарға шаққанда 20-дан кем науқастанушылық , мысалы газда гангрена, псевдотуберкулез.

4. Спорадикалық – 100000 тұрғындарға шаққанда бірлі – жарым жағдайда кездесетін түрлері.

7.8.1. Жұқпалы аурулардың экологиялық – эпидемиологиялық классификациясы.

Эпидемиялық процестің жоғарыда айтылған ерекшкліктерін ескере отырып, адамдардың жұқпалы ауруларының қазіргі кезгі экологиялық – эпидемиологиялық классификациясы жасалған (7.2 - кесте).

Адамдардың барлық жұқпалы ауруларын экологиялық – эпидемиологиялық тұрғыдан бөлгенде табиғатта адамдарға жұғуымен байланысы бар қоздырғыштың ең басты мекендеу ортасын (резервуар) есепке алу керек. Қоздырғыштың спецификалық мекендейтін ең басты үш ортасы болады: адам организмі (антропоноздар), жануарлар организмі (зооноздар), сыртқы орта (сапроноздар). Екі резервуарды қос пайдалану қоздырғыштың өтпелі түріне тән. Антропоноздар кезінде адам – қоздырғыштың табиғаттағы жалғыз резервуары және инфекция көзі. Бұл жерде жіктеудің негізі ретінде қоздырғыштың адам организмімен (шоғырлануы), немесе адам популяциясымен (берілу механизмі) өзара қатынасының сипаты алынған. Антропоноздарды жете жіктеу кезінде жалпы қабылданған топтарға бөлу қолданылады: ішектік, респираторлы, қандық, сыртқы жабындылық, «вертикалді» (анасынан ұрыққа жұғу) инфекциялар.

Қоздырғышының табиғатта адамдардан тыс резервуары бар инфекцияларда тіптен басқаша көріністер байқалады. Мұндай инфекция кезінде адам организмінде қоздырғыштың шоғырлануы немесе оның адамнан адамға берілу механизмі індет себепкері емес , ол патогенді микробтың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін процестің салдары.

Зоонозды инфекциялар қоздырғыштарының табиғаттағы негізгі резервуары-жануарлар, көбінесе сүтқоректілер және буынаяқтылар. Атап айтқанда дәл солар қоздырғыштың биологиялық түр ретінде табиғатта тіршілігін қамтамасыз етеді және оқта – текте адамдарға жұқтыру қаупін туғызады, ал паразит үшін адамдардың рөлі бейдетерминантты және маңызды емес. Зооноздарды экологиялық-эпидемиологиялық екі топқа бөледі: үй (ауылшаруашылық, қымбаттерілік ) және синантропты жануарлардың (негізінде кеміргіштер) аурулары; жабайы жануарлардың аурулары.

 

Кесте 7.2.

Жұқпалы аурулардың экологиялық – эпидемиологиялық классификациясы.

Жұқпалы аурулар сынып- тары Сынып ішіндегі топтар Қоздыр- ғыштың негігі резервуа- ры Репрезентативті аурулар
Антропо – ноздар Ішектік Респираторлы Қандық Сыртқы жабындылық «Вертикалдылар»   Адам Іш сүзегі. А гепатиті, полиомиелит, қызылша, қызамық, күл, мысқыл, жел шешек, бөртпе сүзек, қайталама сүзек, мерез, соз т.б.
Зооноз- дар Синантропты және үй жануарлары Жабайы жануарлар (табиғи-ошақты) Жануар- лар Бруцеллез, аусыл, Ку-қызбасы, орнитоз, трихофития т.б. Туляремия, кенелі риккетсиоз, кенелі борелиоздар, арбовирусты инфекциялар, маймыл шешегі, құтыру, Лас қызбасы ж.б.
Сапроноз-дар Топырақтық Сулық Зоофилділер(сапро - зооноздар) Топырақ Су Сыртқы орта +жануарлар   Клостридиоздар, боғмала, аспергиллез, гистоплазмоз, бластомикоз, кокцидиоидомикоз ж.б. Легионеллез, тырысқақ, мелиойдоз, НАГ-инфекциялар ж.б. Күйдіргі, лептоспироздар, иерсиниоздар, листериоз, сіреспе ж.б.

Сапроноздар кезінде қоздырғыштың негізгі резервуары – сыртқы орта субстраттары (топырақ, су ж.т.б.) Нағыз сапроноздар қоздырғыштары үшін сыртқы орта жалғыз немесе негізгі мекендеу ортасы болып табылады . Басқа сапроноздар біртіндеп және ұзақ уақыт зоонозды инфекцияға ауыса бастайды, сол кезде қоздырғыш резервуары ретінде жануарлардың рөлі арта бастайды. Оларды сапрозооноздар деп атайды.

Сапроноздарды берілу механизмі бойынша жіктеу мүмкін емес. Адамдар мен жылықанды жануарлар олардың қоздырғышы үшін биологиялық «тұйық» болып табылады, сондықтан олардың бір дарадан екіншіге тізбекшелеп берілу заңдылығы жоқ .Эпидемиологиялық тұрғыдан табиғи резервуары бойынша сапроноздарды топрақтық және сулық топтарына бөледі.

«Таза» сапроноздар – табиғи-ошақты аурулар : олардың қоздырғыштары жер бетіндегі немесе судағы экологиялық жүйенің табиғи компоненттері болып табылады. Легионеллалардың – табиғи су қоймаларында, терең микоз қоздырғыштары саңырауқұлақтар мен клостридиялардың-топырақта автономды тіршілік ете алатыны дәлелденген. Сонымен , адамдарға сапроноз қоздырғыштары топырақтан, судан , өсімдік субстраттарынан және де жануарлардан да жұғады.

7.8.2. Конвенциялық (карантиндік) және аса қауіпті инфекциялар туралы түсінік

Қазіргі кезде халықаралық байланыстар күрт өсіп келеді. Тұрғындардың мемлекетаралық миграциясының күшеюіне қазіргі заманғы тасымалдау жүйесінің дамуы едәуір әсер етіп отыр. Жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу үшін карантин қолдану XIV ғасырдан бастап белгілі. Карантиндік инфекциялардың таралуына жол бермеу үшін халықаралық шаралар тәжірибесі аса маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді: мемлекеттер арасында эпидемиологиялық ақпараттармен жылдам алмасудың орталықтандырылған жүйесі болмайынша , тиісті ұлттық және халықаралық қауіпсіздік шараларын дер кезінде қабылдау мүмкін емес.

Конвенциялық ауру- ол ақпарат беру жүйесі және алдын алу шаралары халықаралық келісімдермен (конвенциямен) қарастырылған ауру.

1952 жылдың 1 қазанынан бастап Халықаралық медициналық –снитарлық Ереже енгізілді.

Жер шарының кез келген нүктесінде карантиндік инфекция пайда болса осы Ереже бойынша мына жүйе күшіне енеді :

1. Болған жағдай (ауру) туралы ақпаратты сол ел ДДҰ-на шұғыл хабарлайды ;

2. ДДҰ алынған мәліметтерді өңдейді және дүниежүзінің барлық елдеріне хабарлайды .

3. Ақпарат алған елдер эпидемияға қарсы тиісті шаралар жүргізу туралы шешім қабылдайды және ол туралы ДДҰ-на хабарлайды .

4. ДДҰ алынған мәліметтерді өңдейді және дүниежүзінің барлық елдеріне хабарлайды.

Зардаптанған ауданда індет жойылғаннан кейін де осындай ақпарат алмасу болады. Карантиндік инфекциялар туралы мәлімет арнасы : апталық эпидемиологиялық бюллетень «Weekly epidemiology review» (WER) және автоматты телекстік байланыс (карантиндік аурулар туралы күн сайынғы ақпарат таратылады).

Қазақстанда аса қатерлі инфекциялардан және паразитарлық аурулардан сақтану шаралары «Территорияны санитарлық қорғау Ережесі» бойынша атқарылады . Бұл Ережеде шетелдерден аса қауіпті инфекцияның еніп кетпеуіне және оның республика аумағына таралып кетуіне жол бермеуге , індет анықталған жағдайда оны шектеуге және жоюға бағытталған жалпы мемлекеттік шаралар жүйесі қарастырылған.

8 ТАРАУ. Иммунитет туралы ілім және бейспецификалық тұрақтылықтың факторлары

8.1 Иммунологияға кіріспе

Адам организмі айналадағы ортаның табиғи тірі өкілдерімен үздіксіз қарым-қатынаста болуымен бірге биологиялық белсенді әсері бар көптеген макромолекулалармен кездесіп отырады. Ол макромолекулалар жануарлар және өсімдік өкілдерінің тіршілік ету кезінде пайда болып, ақуыздардан, полисахаридтерден, нуклеин қышқылдарынан және де оның косындыларынан тұрады. Сонымен қатар, адам тіршілігіне қажетті заттар жасанды түрде алынуы мүмкін ( дәрі–дәрмек, тағамдық ақуыздар, ферменттер).

Биологиялық белсенді макромолекулалар адам ағзасына еңген кезде биологиялық процестердің жүруіне кедергі жасауы мүмкін. Ондай заттар адам организміне бөгде болғандықтан олардың барлық түрі бір топқа жатқызылып, «антигендер» деп аталған. Эволюциялық даму барысында организмді бөгде заттардан қорғау үшін жылықандыларда арнайы жүйе құрылған. Ол жүйе иммунитет жүйесі деп, ал оның атқаратын қорғаушылық қызметі- иммунитет деп аталды.

8.1.1. Иммунитеттің мәнісі және рөлі

«Иммунитет» (immunitas) латын тілінен аударғанда –дербес құқықтық, зат әсерінен, не әртүрлі себебтен босатылған, не арылған деген мағына болады. Бұл түсінік адам қоғамында ерте заманнан бері әйгілі, мысалы, шаруаларды салықтан босату, ал кейінірек уақытта дербестік үшін қолданылды. Ол сөздің биологиялық маңызы организмді антигендерден қорғап және арыту жолында жүретін биологиялқ процестер түсінігіне сәйкес келеді.

Назар аударатын бір жағдай, кез-келген зат антиген болуы үшін белгілі қасиеттерге ие болу керек, соның ішінде негізгілері; генетиқалық бөгделік, белгілі химиялық құрылымы, организмнің ішкі тұрақтылғын бұзу мүмкіншілігі т.б.

Антиген әлемі түрлі және көп санды болып келеді. Олар организмге әртүрлі жолдар арқылы енуі мүмкін; тыныс алу органдары, ас қорыту жүйесі, тері, шырышты қабық. Организмге сырттан енетін антигендерді экзогендік антиген деп атайды. Сонымен қатар, кейбір кезде ағзаның меншікті тіні мутация, не басқа бір факторлар әсерінен өзгергендіктен антигендер іштен пайда болуы мүмкін, олар эндогендік деп аталады. Эволюциялық даму жолында организмді антигендерден қорғау үшін арнайы кұрделі қорғаныс жұйесі құрылған. Ол жүйені «иммунитет жүйесі» деп атайды. Жылықандыларда ол жүйенің рөлін ерекше анатомиялық құрылысы бар, арнаулы түрде, өзіндік механизіммен жауап беретін және физиологиялық функциялы лимфойдтық тін атқарады.

Иммунитет жүйесінің атқаратын басты-басты жұмыстары төменгідей:

1.Антигенді ажыратып тану, яғни оның генетикалық бөгделігін және оның ағзаның антигендерінен өзгешілігін дәлелдеу.

2.Иммунитет жүйесіне тән реакциялар мен механизмдер кешені арқылы ағзаның құрлыстық, функционалдық калыптылығын сақтау үшін ағзада жүретін биологиялық процестерге антигеннің әсерін тигізбеуден сақтау.

3.Ағзада сол антиген туралы өзіндік мәліметті өмір бойына есте сақтап қалу.

Сонымен қатар иммунитет жүйесі организмнің жеке бастық биополимерлерінің өзіндігін қолдап, оның сақталуына себепкер болады. Өйткені, планетадағы әр адам ( бірұрықты егізден басқалары ), генетикалық тәсілмен құралған тек қана өзіне тән биополимерлердің антигендік ерекшелігіне ие. Егерде организмде антигендердің бөгде түрі пайда болса ( мутация, не басқа патологиялық процестерге байланысты) иммунитет жүйесі оны ажыратып - бейтараптайды.

Қорытып айтқан кезде, әлемдегі жануарлардың, өсімдіктердің соның ішінде микроорганизмдердің биополимерлерінің антигендік кұрамы генетикалық өзгешіліктен тұрады, яғни антигендерінің түрлік ерекшеліктері бар.

Содықтан, нақтылы айтсақ, иммунитет дегеніміз организмді генетикалық бөгде заттардан, яғни экзогендік және эндогенік тегі бар антигендерден қорғап, ағзаның гомеостазын, құрлыстық, функционалдық және де тек қана әрібір организмнің даралығы емес сонымен қатар бүкіл түрдің қасиеттерін қолдау, қорғау және сақтау тәсілі.

8.1.2. Иммунология - жалпы биологиялық және жалпы медициналық ілім саласы

Иммунитет жалпыбиологиялық және жалпымедициналық ілім болғандықтан оның организмдегі кұрылысын, атқаратын жұмысын, иммунитетті іске асыратын механизімін арнаулы ілім тарабы -иммунология зерттейді.

Ілім ретінде иммунология 100 жылдан аса бұрын пайда болған. Әрине, иммунитеттің әр салалы механизміне көзқарас ілімнің мазмұны дамыған сайын өзгеріп отырған. Осы замандағы иммунитет туралы анықтама жоғарыда келтірілген. Сол анықтамаға сәйкес қайталап назар аударатын пункттері: а) иммунология қандай текті болмаса да, организмді генетикалық бөгде заттардан ( микробтық, жануарлық., өсімдіктік, не басқа текті) қорғау тәсілдерін және оның механизімін зерттейді; б) иммунитеттің механизімі организмге сырттан, не іштен туған заттардан қорғауға бағытталған; в) иммунитет жүйесі әрбір дербестің, жеке бастың және де бүкіл түр тобының антигенініңыњ генетикалыќ антит________________________________________________________________________________________________ генетикалық ерекшелігін сақтап, қорғауға бағытталған. Бұл анықтама иммунологияның адам, жануар, өсімдік иммунитетін зерттеу мақсатына қарамастан негізі бір екенін дәләлдейді. Аталған топтардың өзіне тән ерекшеліктері болуына сәйкес иммунологияның ең басты үш бағыты атап өтілуі қажет: медициналық иммунология (гомоиммунология): зооиммунология және фитоиммунология яғыни- адамзаттың, жануарлардың және өсімдіктердің иммунитетін зерттейді. Олардың әрқайсысы жалпы және арнаулы иммунологияға бөлінеді. Медициналық иммунология төменгі келтірілген кестеге сәйкес жіктеледі (8.1-кесте).

 

Кесте 8.1

Медициналық иммунологияның жіктелуі.

Иммунология
Жалпы Арнаулы
Молекуларлық Жасушалық Иммунитет физиологиясы Иммундыхимия Иммундыгенетика Эволюциялық иммунология Иммундыпрофилактика (вакцинология) Аллергология Иммундыонкология Трансплантациялық иммунология Репродукциялық иммунология Иммундыпатология Биотехнологиялық иммунология Иммундыфармакология Экологиялық иммунология Клиникалық иммунология

 

Иммунология көп тарамды ілімнің қатарына жатады, өйткені иммунология арқылы шешілген мәселелер медицинаның көптеген саласында қолданылады. Кейінгі уақытта иммунологияда клиникалық және экологиялық бағыттар орын алды. Иммунологияның қай бағыты болсада олардың негізгі мақсаттары мен өзекті мәселелері бар. Тұжырымдап айтсақ иммунология - медицинаның осы замандағы күрделі, адамзат үшін күнделікті қажетті мәсәлерін шешіп іске асыруға себепкер бола алатын ғылым саласы.

8.1.3. Иммунологияның даму тарихы

Ауырған адам сауыққаннан кейін қайталап ауырмайтындығы ерте заманнан бері байқалынған еді. Әр ғасырда, әр оқымысты бұл көрініске өз пікірінше түсінік берген. Гиппократ- «ағзаның табиғаты», не «емдеу күші», Гален - «өмірлік күш», Парацельс - «емдейтін күш» деп түсіндірген. «Иммунитет» деген термин медициналық әдебиетке Х1Х ғасырдың соңына таман кіре бастап, француз сөздігіне 1869 жылдары нақтылы қосылған.

Иммунология ілімі даму желісіне сәйкес шартты түрде үш кезеңнен өткен: протоиммунология – антикалық уақыттан Х1Х- шы ғасырдың 80-ші жылдарына дейін; эксперименталдық және теориялық кезең – Х1Х - шы ғасырдың 80-ші жылдарынан ХХ-шы ғасырдың бас кезіне дейін; үшінші кезең ХХ -шы ғасырдың орта кезінен бастап соңына дейін. Үшінші кезеңде иммунологияның молекулалық және генетикалық салалары щұғыл дамығандықтан бұл уақыт молекулалық-генетикалық кезең деп аталды.

Ғылыми иммунологияның негізін құрған француз химигі Луи Пастер, орыс ғалымы И.И.Мечников, немістің дәрігер-биохимигі Пауль Эрлих деп саналады.

Әділеттік ретінде атап кететін жағдай. Қазақ елінің ХV ғасырдағы ғұлама-шипагері Өтебойдақ Тілеуқабылұлы “Шипагерлік баян” дейтін еңбегінде шешек індетіне қарсы егу әдісін тапқан және іс жүзінде қолдану тәсілі туралы толық мәлімет берген. 200 жылдан кейін шешек ауруынан сақтану үшін сиыр қара шешегін адамға егуді ағылшын дәргері Эдвард Дженнер ұсынған болатын, бірақ, ол бұл көрністі ғылыми түрде негіздей алмады.

Сонымен, Х1Х және ХХ ғасырлардың арасында жаңа ілім саласы иммунология құрылып, ХХ ғасырдың ішінде аса маңызды ғылыми жаңалықтар ашылып, иммунология жалпыбиологиялық және жалпымедициналық ілімге айналды (8.2-кесте). Көптен-көп ашылған жаңалықтардың биологияға, әсіресе медицинаға маңызы зор екеніне Нобель сыйлығымен марапатталған оқымыстылардың: (И.И.Мечников, П.Эрлих, Р.Кох, Э.Беринг, Ж.Борде, К.Ландштейнер, Ш.Рише, Д.Снелл, Н.Ерне, Ф.Бернет, П.Медвар, Р.Портер, Д.Эдельман, Ж.Доссе, У.Мильштейн Д.Келлер, С.Тонегава, С.Прусинер және тағы басқалардың) еңбектері куә бола алады. Иммунологияның негізін құрған Л.Пастер Нобель сыйлығымен марапатталмаған, өйткені оның өмір сүру кезінде мұндай сыйлықпен марапаттау комитеті құрылмаған еді.

Х1Х ғасырда мен ХХ ғасырдың бірінші жартыснда иммунология Еуропада, әсіресе Францияда қарқынды дамыған еді. 1888 жыл Л.Пастердің адамзатқа сіңірген атақты еңбегі үшін халықтан жиналған қаражатқа Иммунология институты (қазіргі уақытта Пастер институты) ашылып, бұл мекеме басқа елдердің иммунолог-ғалымдары жыйналған орталық ғылыми мектебі болды. Пастер институтының қабырғасында көптеген дүние жүзіне әйгілі ғалымдар іс атқарып иммунологияның одан әрі дамыуына себепкер болған. Иммунологияның дамуына аса зор еңбек сіңірген Ресей ғалымдары И.И.Мечниковты, В.К.Высоковичті, Г.Н.Габричевскийді, Н.Я.Чистовичті, Л.А.Зилберді, П.Ф.Здродовскиді, Р.В.Петровты айта кету керек.

1980 жылы Иммунолог галымдардың Бүкілодақтық қоғамы құрылған болатын. 1983 жылдан бері «Иммунология» журналы шығарылады. Қазақстанда осындай қоғам құрылған, онын төрағасы профессор А.А.Шортанбаев басқарған қоғам мүшелері-республиканың иммунологтары жемісті еңбек етіп жатыр.

Иммунология мамандары медициналық академияларда, университеттерде және ғылыми-зерттеу институттарында дайындалады.

 

 

Кесте 8.2.

Иммунология тарихының маңызды кезеңдері

Ашылуы Жылы Авторлары
Сыйыр шешегін адамға егу Э.Дженнер
Фагоцитоз.Жасушалық иммунитет И,И,Мечников*
Кұтыруға қарсы екпе егу Л.Пастер
Ретикуло-эндотелиалдық жүйе және оның иммунитеттегі рөлі   В.К.Высокович
Баяу гиперсезімталдық 1880 Р.Кох*
Лейкоциттердің хемотаксисі 1889-1891 Г.Н.Габричевский
Енжарлы иммунизациялау Э.Беринг*
Бүйір тізбекті теория 1897 П.Эрлих*
Комплемент Ж.Борде*
Қанның топтары К.Дандштейнер*
Анафилаксия, дереу гиперсезімталдық 1902-1905 Ш.Рише*, М.Сахаров
Артюс феномены 1903 М.Артюс
Сарысу ауруы. Аллергия К.Пирке
Ревакцинацияның көрінісі 1915 М.Райский
Иммундыфлюоресценция 1942 А.Кунс
Антиглобулиндік сынама Р.Кумбс
Иммунды диффузия Дж.Уден, Э.Оухтерлони
Н-2 жүйесі Д.Снелл*
Қатерлі ісік антигендерінің зерттелуі Л.Зильбер
Интерферон А.Айзекс, Ж.Линдеман
Идиотип-антиидиотиптік теория 1955-1977 Н.Ерне*
Клоналды-селекциялық теория Ф.Бернет*
Иммунологиялы толеранттық П.Медовар*, М.Гашек
Иммундыглобулиндердің құрылысы 1958-1968 Р.Портер*,
HLA жүйесі Д.Эжельман*Ж.Досье*
Тимус иммунитеттің орталық органы екенінің дәлелденуі Ж.Миллер
Секреторлық IgА Т.Томази
Иммунитеттің физиологиялық негізінің құрылуы 1959-1969 П.Ф.Здродовский
Иммунды жауаптың гендері Б.Бенацерафф
Лимфокиндер Д.Дьюмонд
Моноклоналдық антиденелер У.Мильштейн*, Д.Келлер*
Жасушааралық өзара әсерлесу Б.Бенцеррафф,Р.Петров
Антидене құрылуының иммунды генетикалық теориясы С. Тонегава*
Патогендік ақуыз- приондардың ашылуы С.Прусинер*

* Нобель сыйлығының лауреаттары

8.1.4. Иммунологияның медицина саласындағы жетістігі

Иммунология қысқа мерзім арасында адамзат ауруларының жиілігінің көрсеткіштерін төмендетуге және де оның кейбір түрін жоюға, адамды сақтап және денсаулығын одан әрі нығайтуға атаулы үлес қосты.

Жұқпалы аурулардың алдын алуда, диагнозын қойып, оны емдеуде иммунологияның көрнекті жетістіктері бар:

- екпе еккеннің арқасында қара шешек жойылды, жуық арада сал ауруы жойылуы мүмкін, ал көптен аурурлар жекеленген түрде ғана кездесіп отыр (қызылша, көк жөтел, күл), болашақта екпе егу арқылы қауіпті аурулар –гепатит, АИВ –ның алдын алу мүмкіншліктері бар;

- зерттеліп ашылған жаңа иммундыдиагностикалық тәсілдер түрі медицинаның тәжрибесіне еңгізіліп отыр;

-жұқпалы аурулардың көптеген түрлерін емдеуге иммундымодуляторлар (интерферон, тимус пептидтері, интерлейкиндер) мен спецификалық иммундыглобулиндер қолданылып отыр.

Онкология саласында адамның қатерлі ісігінің антигені бар екені анықталып, ол мәлімет ісіктің түрлерін бірінен бірін ажыратуға мүмкіншілік тудырды.

Трансплантология саласында иммунологияның жетістіктері арқасында (гистосәйкестік антигендері, толеранттық құбылыс) иммундыдепрессанттар қолданылып ауыстырылған органдардың ағзаға орнықпау қауіпі жойылды.

Қан топтарының иммунологиялық сәйкестігінің сыры ашылғандықтан қан кұю мәселесі шешілді.

Ана мен ұрық арасындағы иммунологиялық карым-қатынастарының күрделі мәселері шешілгендіктен, бала көтеру, бедеулік, тумысынан мүгедектілік мәселелерін шешу женілдендірілді.

Жоғарыда келтірілгендермен қатар ағзаның көптеген ішкі ауруларының, иммундытапшылық механизмдерінің бірталай кезендері ғалымдарға әйгілі болып, күнделікті тәжірибеде қолданылатын болды.

Аллергиялық аурулардың пайда болу механизімінің негіздерін анықтау, олардың алдын алу мәселелері мен емдеу тәсілдері едәуір алға басты.