Иммундымодуляторлар
Иммундымодуляторларға (ИМ) бір қасиет ортақ –олардың бәрінде иммуноциттер жасушасында орналасқан иммунологиялық әсер ететін нүктелері,яғни нысаналары (мишени) болады.Клиникалық пайдалануға іріктеліп алынған ИМ-ды вирустық аурулардың көпшілігінде қолдануға болады,олар иммундық жүйені жұмылдыра отырып,инфекцияларға қарсы иммундық резистенттілікті күшейтеді.
Иммунды әдіспен емдеудің негізгі үш типі бар: белсенді(активті), бейімдеуші (адаптивті) және енжар(пассивті). Препараттардың негізгі топтары, әсер ету механизмдері және олардың қолдану көрсеткіштері 5.14-кестеде берілген.
Кесте 5.14.
Иммунды әдіспен емдеу типтері, препараттар және клиникалық қолдану
Типі | Типшесі (подтип) | Негізгі әсер ету механизмі | Препараттар | Көрсеткіштері |
Активті | Стимулдеуші | Иммунды - компонентті жасушаларды және / немесе олардың өзара әсерлесуін, және де қосымша иммунитет факторларын (макрофагтар, комплемент жүйесі) стимульдеу | Адъюванттар, стимуляторлар (мысалы БЦЖ), IFN индуктор-лары,полиэлек-тролиттер. | Созылмалы вирустық аурулар. Инфекциялық асқынулармен жүретін иммунды тапшылық жағдайлар. |
Адаптивті | Иммунды-компонентті жасушалардан алынған препараттардың көмегімен иммундық жауапқа қабылеттілігін қалпына келтіру немесе стимульдеу. | Цитокиндер (IL-1,-3-,4-,5-, 6-,7,TNF) IFN, тимус гормондары. | -/- | |
Пассивті | Алмастырушы | Иммунды-компонентті жасушалардың (сенсибилизацияланбаған) және иммундыглобулин-дердің көмегімен иммундық реакцияларға қабылеттілігін қалпына келтіру (немесе жоғарылату). | Лейкоциттер қоспасы, сүйек кемігінің лимфоциттері, ФГА–мен өңделген лимфоциттер, иммундыглобулиндер, IFN | -/- |
Вирустар қоздыратын екіншілік иммундытапшылық дамуының негізгі себептеріне жатады: мононуклеарлық фагоциттердің , миелопоэтикалық жүйе жасушаларының және табиғи киллерлердің дисфункциясы; В-және Т-лимфоциттер субпопуляциясындағы өзгерістер; иммунологиялық жауап медиаторлары(IL, IFN ж.б.)-цитокиндердің өндірілуінің зақымдануы нәтижесінде иммунды-компонентті жасушалар функциясын реттеудің бұзылуы. Әрине, келтірілген бұзылыстарды емдеуде - ИМ бірінші орында. ИМ-ды басқа да жағдайларда қолдануға болады:
· жұқпалы аурулармен науқастанушылықтың маусымдық көтерілуі басталғанда;
· жұқпалы аурулар бойынша гиперэндемиялық аудандарға барғанда;
· иммунды-және интерферондық тапшылығы бар қауіпті топтар арасында(жас балалар, қарттар ж.б.);
· вирустық инфекциялар кезінде аутоиммунды аурулар дамығанда.
Әдетте, жедел дамитын және өте ұзаққа созылатын вирустық инфекциялар кезіндегі екіншілік иммунды-тапшылықты емдеу және рецидивті іріңді асқынулардың алдын-алу үшін ИМ-ды қолданудың маңызы зор. Көбінесе ИМ-ды басқа дәрілік препараттармен (әдетте этиотропты әсер ететін) бірге кешенді емдеу қолданылады. Арнайы бағытталып және таңдамалы әсер ететін нысана-жасушуларды дәл табу ИМ–дың маңызды қасиеттерінің бірі болып табылады (5.15.-кесте). Келтірілген мәліметтер бойынша бактериялық өнімдер (ЛПС, сальмазан, продигиозан ж.б.) макрофагтарға; IL- 4,- 5,- 6 B- лимфоциттердің өсуіне және дифференцирленуіне; тиминдік пептидтер (тимозин, тимопоэтин, тималин, тактивин), левамизол, ФГА, ПАК және IL- 1, 2, 3
T- жасушалардың әртүрлі субпопуляцияларына әсер етеді. IFN-плеотропты лимфокиндерге, ал синтетикалық және табиғи полифосфаттар мен поликарбоксилаттар-поликлональдық стимуляторларға жатады.
Кесте 5.15.
Бірінші буындық иммундымодуляторлардың әсер ету механизмі және антивирустық белсенділігінің спектрі.
Препарат | Негізгі әсер ету механизмі | Аурулар |
Левамизол | Т- лимфоциттердің және фагоциттер функциясын қалпына келтіру | Ұшықтық аурулар |
Инозиплекс | Т-лимфоциттерді стимульдеу | Грипп , ұшық |
Миелопид | В- лимфоциттерді стимульдеу | Ұшық аурулары |
Бендазол,ЛПС,метилурацил, пентоксил, пирогенал, продигиозан, сальмозан | Фагоцитозды, антиденелердің өнім беруін, лейкопоэзді , киллерлік белсенділікті және қан моноциттерін стимульдеу | Вирустық гепатиттер, грипп және басқа ЖРВИ , іріңді аурулар |
IL-4,-5,-6 | В- лимфоциттерді дифференцирлеу | Ұшықтық аурулар |
Тактивин тималин, тимоген , тимоптин. | Т-лимфоциттердің әр түрлі популяцияларының функциясын қалпына келтіру , IL-1, 2,-3 және киллерлік белсенділікті стимульдеу | Грипп және басқа ЖРВИ , біріншілік және екіншілік иммунды-тапшылықтар |
Поликарбоксилаттар, полифосфаттар. | Поликлональдық стимуля-торлар | Вирустық гепатиттерді және басқа вирустық ауруларды кешенді емдеу |
Ең көп зерттелген жаңа буындық препараттар арасынан биостим, ибупрофен, иммунал, имунофан, ИРС-19, ликопид, миелопид, полиоксидоний және басқаларды бөліп атау керек. Аталған преператтардың тиімділігін дәрігерлер және науқастар мойындап отыр. Дәрілік препараттар арасында өзіне лайықты орын алатын цитокиндер тобы бар (беталейкин, ронолейкин, интерлейкиндер IL-2, IL-12 және TNF). Бұл препараттарды баяу дамитын респираторлы вирустық ауруларды, атопиялық дерматиттерді және басқа да инфекцияларды емдеу үшін табысты пайдалануға болады. 5.16, 5.17-кестелерде ИМ-дың классификациясы, медициналық қолдану көрсеткіштері бойынша ИМ- дың жаңа буындары, оларға сезімал вирустық инфекциялар спектрі туралы мәліметтер жиынтығы келтірілген.
Кесте 5.16.