IFN индукторлары

 

Химиялық табиғаты Препарат (коммерциялық аты)
А. Синтетикалық қоспалар
1.Төменмолекулалықтар: флуоренондар, акриданондар Амиксин, циклоферон, неовир
2. Полимерлер (днРНҚ): поли(А); поли(У); поли(И); поли(Ц) Полудан, амплиген
Б. Табиғи қоспалар
1. Полифенолдар Мегосин, кагоцел, саврац
2. Полимерлер (днРНҚ) Ларифан, ридостин

 

Кесте 5.12.

Интерферон индукторларын тәжірибелік зерттеу нәтижелері

Индуктор Нысана-ағзалар (IFN-өндірушілер) Сезімтал вирустар
Амиксин Ішек, бауыр, ми, лимфоидты ағзалар. Гепадна-, герпес-,ортомиксовирустар
Кагоцел Бауыр, көкбауыр, бүйректер, лимфоидты ағзалар Тога-, ортомиксо-, пикорна-,гепадна-, рабдовирустар ж.т.б.
Ларифан Көкбауыр, ми, бауыр, өкпе, лимфоидты ағзалар Аденовирустар, рино-, арбо-,гепадна-, ұшық вирустары, тұмау вирусы.
Ридостин Өкпе, бұлшық еттер, лимфоидты ағзалар Герпес-, рабдо-, арбовирустар
Полудан   Ұшық вирустары, арбовирустар
Циклоферон Ішек, бауыр, көкбауыр, ми, лимфоидты ағзалар. Орто-, парамиксовирустар, герпес-, гепато-ретровирустар.

 

Кесте 5.13.

Интерферон индукторларын клиникалық қолдану

Препарат Клиникалық көрсеткіштері
Амиксин Герпес-, энтеро-, гепадновирусты инфекциялар, грипп ж.б. ЖРВИ, бактериялық аурулар.
Кагоцел Грипп ж.б. ЖРВИ, генитальдық ұшық
Ларифан Грипп ж.б. ЖРВИ, ұшықтың бірнеше түрлері (генитальдық офтальмоұшық, белдемше теміреткі), В гепатит.
Мегосин 1 және 2 типті ұшық, белдемше теміреткі
Неовир Герпесвирусты инфекциялар, жедел вирусты А гепатит, созылмалы вирусты В және С гепатиттер, грипп ж.б. ЖРВИ
Полудан Ұшықтық кератит және кератоконъюнктивит
Ридостин Арбовирусты инфекциялар, ұшық, хламидиоз
Циклоферон Гепатит, ұшық, АИВ-инфекция, хламидиоз.

 

Табиғаты әртүрлі ИИ – ды жүйелі кең пайдалану олардың белсенділігінің экзогенді интерферондардың белсенділігіне сай келетіндігін көрсетті. Расында, ИИ – ды клиникалық қолданудың тұмауға және басқада ЖРВИ, ұшық, вирустық гепатиттерге, энцефалит, құтыру, баяу және аралас инфекцияларға қатысы бар. Организмге енгізгенде олар бірқатар эффектілер тудырады: жасуша өсуін тежеу; жасуша дифференцирленуін модуляциялау және мембраналық рецепторларды синтездеу; және де иммунитет жүйесінің әр түрлі звеноларына әсер ету. Олар - IFN-ң әсер етуі кезіндегідей макрофагтардың, цитотоксикалық Т- жасушалардың, антиденелер түзуші В – жасушалардың, табиғи киллердің және басқалардың белсенділігінің артуымен көрінеді. ИИ – ның әсер етуі қабыну және иммундық жауаптың басқа медиаторларымен (цитокиндер), және де гормондар мен нейромедиаторлармен бірге кешенді түрде атқарылады. IFN индукторлары IFN –ң өздері сияқты иммундымодуляторлық қасиетке ие бола отырып, туа біткен және бейімділік иммунитеттің механизмін пайдаланып, сүйек кемігі жасушаларының пролиферациясын және дифференциациясын стимульдейді.

Интерферон индукторларының әсер ету механизмі.Медициналық пайдалану үшін іріктеліп алынған препараттар әр түрлі пропорцияда IFNα, IFNβ, IFNγ синтезделуін индуцирлейді. Олар әртүрлі типті IFN-мен, иммундымодуляторлармен және химия-терапиялық дәрмектермен өзара жақсы әсерлеседі. Ерекше атап айту керек, оларды басқа препараттармен аралас енгізу синергиялық эффект туғызады. Клиникалық тұрғыдан төменгі молекулалық препараттар-циклоферон және амиксин, және де кейбір табиғи жоғарғы молекулалық және синтетикалық полимерлер-ларифан, ридостин, полудан, кагоцел ең перспективті болып табылады. Индукторлардың белсенділігі IFN белсенділігімен ұқсастығына қарамастан, олардың иммундық жүйеде өзіне тән «әсер ету нүктелері» болады. Мысалы, ең жиі зерделенген төменгімолекулалық ИИ-амиксин Т-лимфоциттермен IFN өндірілуін баяу жүргізеді, ал циклоферон В-лимфоциттермен IFN өндірілуін жылдам жүргізеді. ИндукторларIFN жүйесін «қосумен» бірге, бірқатар қабыну алдындағы (провоспалительные ) және қабынуға қарсы цитокиндер пайда болуын қоздырады. Осындай өте маңызды жағдай аталған препараттарды цитокиндік жүйенің биореттеушілері деп қарастыруға мүмкіндік береді. АИВ-инфекция үлгісінде анықталған: интерференциялайтын дефекті деп аталатын бөлшектер қалыптасады, олардың жасушаға жұғу қабілеті жоқ, бірақ индукторлар сияқты IFN синтезделуін тудыра алады, нәтижесінде вирустардың қалыпты көбеюі бұзылады.

Қазіргі кезге дейінгі жинақталған мәліметтер бойынша днРНҚ IFN индукторлары ретінде (ларифан, полудан, ридостин) көптеген жасушалар мен популяцияларда (гранулоциттер, нейтрофильдер, эндотелий жасушалары және фибробластар) IFN синтезделуін қоздыру қабылеті бар. Т-жасушалар көмекші жасуша ретінде макрофагтар бар болғанда IFN синтездейді. днРНҚ IFNα және IFNβ-ның белсенді индукторы болып табылады: лимфоцит дақылдарында олар негізінде IFNα-ның, ал фибробласт дақылдарында - IFNβ-ның синтезделуін индуцирлейді. Парэнтеральды жолмен енгізгенде днРНҚ көбінесе IFN-ды салыстырмалы түрде жоғарғы деңгейде синтездейді.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер IFN-ң екі спиральды индукторларын поликлональды иммундыстимуляторларға жатқызуға мүмкіндік береді. Олар біріншілік иммунды жауап кезінде сарысулық АД деңгейін жоғарылатып гуморальдық иммунитетті күшейтеді, АД түзілудің индуктивті кезеңін қысқартады және АД-дің циркуляциялану уақытын созады. Олар онкогенді – спецификалық АГ-ді тасымалдайтын жасушаларға қарсы цитотоксикалық жауабын күшейту арқылы табиғи киллерлердің ( ТК – ЕК ) белсенділігін стимульдейді , және де алғышарт жасушалардан Т –жасушалардың дифференцирленуін күшейтеді және қан түзуші бағаналы жасушалардың санын көбейтеді. днРНҚ IFN –нан басқа да цитокиндердің ( мысалы IL-1)синтезделуін күшейтеді , және де жасушалардың өсуі мен дифференцирленуінің басқа факторларын стимульдеуі мүмкін.

Жоғарыда аталған эффектілердің жиынтығы осы класқа жататын қоспаларды дәрігерлік тәжірибеде қолдануға жарамды екенін ларифан , полудан және ридостинді пайдалану нәтижелері дәлелдеді.

Төменгі молекулалы индукторлар – акриданондаржәне флуоренондардың (циклоферон , амиксин) жоғарғы интерференцирлеуші белсенділігі бар , себебі осы препараттарды лимфоидты тіндерге бай ағзаларға енгізгенде оған жауап ретінде IFN титры күрт жоғарылаған. Бұл кезде IFN-ң Т – жасушалармен синтезделуі көмекші макрофактарсыз-ақ атқарылады. Олардың кең түрде әмбебап әсер етуі антивирустық белсенділігімен де сипатталады. Құрамында альдегидті топтар бар көптеген полифенолдардың(мегосин, кагоцел, саврац) вирустардың репликациялануын белсенді тежеу қабілеті бар . Олардың әсер ету механизмі вирустардың НҚ-ның пуриндік және пиримидиндік құрамаларымен реакцияға түсу қабылеттілігімен байланысты. Осы класқа жататын ИИ арасынан улық қасиеті өте аз және салыстырмалы түрде жоғарғы интерференцирлеуші қабілеті бар госсипол өнімдерінің тобы медицинада қолдану тапты. Бұл топтың ерекше сипаты – жасушалық популяциялардың кең спектрінің функциялық белсенділігін стимульдеу . Полифенолдар әр түрлі пропорцияда α/β IFN қоспасының синтезделуін индуцирлейді.

Интерферон индукторлайтын препараттардың артықшылығы. IFN-дың өздеріне қарағанда оларды индукторлайтын препараттардың бірқатар артықшылықтары бар:

• қазіргі кезде кең қолданылатын рекомбинантты IFN-ға қарағанда олардың антигендік қасиеті жоқ;

• индукторларды енгізген кезде IFN-ң синтезделуі теңдестірілген және организммен бақыланады, нәтижесінде артық доза қабылданғанда жағымсыз әсер етуді (эффектті) болдырмайды;

• индукторларды бір рет енгізгеннің өзінде IFN-ң терапиялық дозасын ұзақ уақыт өндірілуін қамтамасыз етеді, ал экзогенді IFN-ды пайдаланғанда олардың едәуір дозасын бірнеше рет енгізуді қажет етеді (жоғарғы концентрацияға жеткізу үшін). Өйткені мұндай препараттардың жартылай әсер ету мерзімі 20 мин. құрайды. Интерферонмен емдегенде, әсіресе бірнеше ай пайдаланғанда (ұшық, вирустық гепатиттер ж.т.б.), кететін шығын бірнеше есе қымбаттайды.

• кейбір ИИ тиісті жасушалар мен ағзалардың популяцияларында IFN синтезделуін «қосу» («включать») қабылеттілігі бар. Сондықтан кейбір жағдайларда оның иммуноциттерді IFN-мен поликлональды стимуляциялаумен салыстырғанда едәуір артықшылығы бар.

Акриданондар тобындағы (циклоферон) ИИ-ның және өсімдік табиғатты полифенолдардың (кагоцел) артықшылығына олардың уыттылығының төмендігін, биологиялық белсенділігінің кең спектрлігін, иммунды-модулирлеуші әсер етуін, биологиялық сұйықтықтарда ерігіштігін және организмнен жеңіл шығатын қабылеттілігін жатқызуға болады.

Профилактикалық мақсатта қолдану.Гриптің және парагрипп вирустары, РС-вирус, адено-, рино- вирустар қоздыратын ЖРВИ-дың профилактикасы үшін амиксин, циклоферон, ридостин (мұрынға тамызу арқылы) қолданылады. Арбо- және рабдовирустық инфекциялар кезінде профилактикалық дәрмек ретінде ларифан және ридостинді пайдалануға болады.

Басқа препараттармен өзара әсерлесуі. Амиксин антибиотиктермен және бактериялық , вирустық инфекцияларды емдеуге қолданылатын дәстүрлі дәрі-дәрмектермен бірге қосылып жақсы әсер ете алады.

Ларифан Т-жүйенің иммундымодуляторларымен (тактивин, тимозин, изопринозин т.б.), IFNα және IFN β-мен , басқа қоспалар класына жататын (мегосин , кагоцел , полигуацил) IFN индукторларымен үйлесімділігі жақсы.

Ридостин антибиотиктермен, IFNα-мен , Т-жасушалық иммунитетті ынталандыратын иммундымодуляторлармен үйлесімді әсер етеді.

Циклоферон жоғарыда көрсетілген инфекцияларда емдеуге қолданылатын дәстүрлі препараттардың бәрімен үйлесіп әсер етеді.

Кагоцелді басқа IFN индукторларымен , интерлейкинмен(TNF, IL-1), антибиотиктермен бірге қолдануға болады. Кейбір жағдайда осындай комбинацияның бейімдеушілік (адаптивный) әсерімен қатар синергиялық эффект орын алады.

Саврацты басқа көптеген дәрілік препараттармен бірге қолдануға болады. Антибиотиктермен бірге қолдану антихламидиялық препараттардың әсерін күшейтеді. А гепатитті және энтеровирустық инфекцияларды емдеу кезінде контрикалмен бірге енгізу ұсынылады. Оларды басқа ИИ-мен бірге тағайындау оның антитуморогендік әсерін күшейтеді.

Интерферон индукторларын қолданғанда болуы мүмкін жанама құбылыстар. Әдетте, интерферон индукторлары топтарынан медициналық мақсат үшін іріктеліп алынған препараттарды тағайындау айтарлықтай жағымсыз құбылыстар тудырмайды. Кейбір кезде ИИ дене температурасын көтереді , буындарының ауыруы байқалады. Қабынуға қарсы стероидты емес дәрмектермен бірге қабылдаған дұрыс.Сирек жағдайда диспепсиялық бұзылыстар АҚ-ның төмендеуі , арнайы емдеуді қажет етпейтін шеткейлік қан құрамының өзгеруі (лейкопения,тромбоцитопения,анемия) байқалады.Кейде сарысулық трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы кездеседі.

Қарсы көрсеткіштер: жүктілік және лактация; бауырдың, бүйректің және қанның ауыр кеселдері; аутоиммунды аурулар; аллергиялық аурулар.