IFN препараттары
IFN типтері | Препараттары |
Табиғи интерферондар (бірінші буын) | |
Альфаферондар | Адам лейкоцитарынан алынған IFN (ЧЛИ) эгиферон, вэллферон, лейкинферон |
Бетаферондар | Адам фибробластынан алынған IFN, ребиф, ферон |
Гаммаферондар | Адамдардан алынған иммунды IFN (IFN γ) |
Рекомбинантты интерферондар (екінші буын) | |
IFN α 2а | Реаферон, роферон-А, виферон, интераль |
IFN α 2б | Интрон-А, инрек, пэгинтерферон |
IFN α 2с | Берофор |
IFN β | Авонекс, фрон |
IFN γ | Рекомбинантты IFN γ (гаммаферондар) |
Әсер ету механизмі.Интерферондар бөтен генетикалық ақпаратты анықтап алуды және элиминациялауды атқаратын табиғи (туа біткен) иммунитеттің маңызды факторы болып табылады. Жасуша рецепторларына жабысып, IFN екіншілік мессенджерлердің синтезделуін индуцирлейді, олар өз кезегінде вирустардың көбею кезеңдерінің кез келгенін (транскрипцияны-трансляцияны-құрылуын-вирион ұрпақтарының шығуын) басып тастай алады. IFN-ң негізгі әсер ету механизмі-протеинкиназа синтезделуін индукциялауда, нәтижесінде трансляцияны иницирлейтін факторлардың біреуін фосфорилирлейді. Фосфорилирленген фактор иницирлейтін комплекстің пайда болуын қамтамасыз ете алмайды. Вирустық матрицалардың трансляциялануының басылып қалуы вирустық трансляция жүйесін иницирлейтін фактордың фосфорилденуіне жоғарғы сезімталдығымен, немесе вирус жұққан жасушалардағы трансляцияның спецификалық өшіп қалуымен байланысты. IFN-мен өңделген жасушаларда 2'-5'-олигоаденилді қышқылдың синтезделуі индуцирленеді, нәтижесінде бос вирустың мРНҚ-н бұзатын латентті нуклеазаның белсенділігін күшейтеді де, рибосомалармен байланыса алмаған мРНҚ нуклеазаның әсерінен бұзылысқа ұшырайды. Трансляцияның инициациялық сатысының тосқауылдануы және вирустың мРНҚ-ң бұзылуы вирустық инфекциялар кезіндегі IFN-ң әсер ету механизмінің әмбебап екендігін түсіндіреді.
IFN фагоцитозды, табиғи киллерлердің белсенділігін ынталандырады (стимулирует). Осы кезде сонымен қатар IFN АД пайда болуына, анафилактикалық шок, қабыну, жоғарғы сезімталдықтың баяу типі, лимфоциттердің пролиферациясы, трансплантанттқа қарсы реакция, комплемент байланыстыру реакциясының дамуына кедергі жасайды.
IFN плеотропты цитокиндер ретінде айқын иммундыкоррекциялаушы әсер етеді:
1.Вирустардың жасушаішілік өсіп-өнуіне тікелей әсер ету.
2. ЕК-жасушалардың көмегімен инфицирленген материалдан арылу.
3. Айналасындағы сау жасушаларды қорғау.
IFN-дық препараттардың кең спектрлі әмбебап антивирустық белсенділігі бар және вирустардың резистентті түрлерінің қалыптасуын тудырмайды. Табиғи (туа біткен) иммунитеттің негізгі факторы болатындықтан IFN, вируспен инфицирленгенде жедел жауап ретінде, организм вируспен жанасқаннан кейін бірден (алғашқы 1-2 сағатта) синтезделе бастайды.
I-типті интерферонның биосіңірулігі (биодоступность) 80%-ға дейін жетеді, ал жартылай шығарылу кезеңі: IFNα үшін-2 сағат, IFNβ үшін- 8-10 сағат, IFNγ үшін- 0,5 сағат. IFN– ға сезімтал аурулардың спектрі өте кең. Шартты түрде оларды үлкен 3 топқа бөлуге болады: вирустық инфекциялар, онкологиялық аурулар және басқа патологиялар. Вирустық инфекциялар кезінде IFN өте жиі қолданылады. Ондай инфекцияларға бірінші кезекте әр түрлі ұшықтық зақымданулар (кератит, кератоконъюктивит, гениталий ұшығы, белдемелі теміреткі), жедел және созылмалы вирустық гепатиттер, және де тұмау және басқа ЖРВИ жатады.
АИВ – инфекциялар, папилломавирустық инфекциялар (үшкір шетті кандиломалар, кеңірдектің ювенильдік папилломатозы, сүйелдер ж.б), қызылша, эпидемиялық паротит және құтыру кезінде IFN-ң тиімділігі бар екені белгілі болса да, аз зерттелген. Иммундыдепрессанттар қолданылып орган алмастырылғанда болатын вирустық асқынуларды, нәрестелердің іріңді-қабыну аурулары, жүре пайда болған постнатальдық ЦМВ-инфекцияларды, псориаз, шашылмалы склероз, және де әртүрлі бактериялық ауруларды (хламидиоздар, легионеллездар, риккетсиоздар) осы тізімге жатқызу керек.
Әртүрлі IFN препараттарына вирустардың тиімділігі 5.9-5.10-кестеде жинақталып берілген.
Кесте 5.9.
IFN препараттарының антивирустық тиімділігі (эффективтілігі)
Вирустар | Интерферондық тиімді препараттар |
Тұмау вирусы және басқа ЖРВИ (адено-, рино-, корона-ж.б.) | Альфаинтерферон, лейкинферон, локферон, гриппферон, интерген, инфагаль, реаферон, реальдирон, инрек |
Ұшық вирустары (ВПГ-1,2, HZV, EBV, ЦМВ) | Альфаинтерферон, локферон (көз ауруларында), сверофор, эгиферон, ферон, виферон, интераль, интерген, инфагаль, роферон-А, инрек, интрон-А, берофор, авонекс, фрон. |
Гепатит В, С, D вирустары | Альфаинтерферон, вэллферон, эгиферон, ферон, виферон, интераль, реаферон, инрек, интрон-А, негинтрон, фрон. |
Ювенильдік папилломатоз, генитальдық сүйелдер | Вэллферон, эгиферон, ферон, интераль, реаферон, лицинт, роферон-А, интрон-А, берофор, авонекс. |
Нейровирустар (менингит, менингоэнцефалит қоздырғыштары) | Альфаинтерферон, инрек |
АИВ-инфекция (АИВ кезіндегі оппортунистік инфекциялар) | Альфаинтерферон, вэллферон, роферон-А, интрон-А. |
Кесте 5.10.
IFN препараттарын кейбір вирустық инфекциялар кезінде клиникалық пайдаланудың тиімділігі (эффективтілігі)
Нозологиялық түр | Емдеу тиімділігі |
Генитальдық ұшық, белдемелі теміреткі | Рецидив мерзімінің айқын қысқаруы, ауырудың төмендеуі, рецидиваралық кезеңнің ұзаруы. IFN-н емдеу кезінде иммунды депресанттар қабылдап жатқан ауруларда белдемше теміреткі 3 есе сирек кездеседі. |
Кератиттер, кератоконъюктивиттер (ұшықтық, аденовирустық) | IFN-ды жергілікті пайдалану кеселдің ауырлығын төмендетеді және ұзақтығын қысқартады. |
ЖИТС кезіндегі ЦМВ инфекция және бүйрек, сүйек кемігі алмастырылғанда болатын инфекциялар. | ЦМВ-қ пневмония және гепатит кезінде профилактика үшін қолдану. |
Грипп және басқа ЖРВИ | ЖРВИ жедел профилактикасы үшін, әсіресе қатерлі топтар арасында (балалар, қарттар), сәби жастағы балаларда РС-инфекция кезінде емдеу мақсатында IFN енгізуді қолданады. |
Вирустық гепатиттер (В,С,D гепатиттердің жедел және созылмалы түрлері) | Айқын клиникалық эффект. Ауыр жағдайларда - интоксикацияның ұзақтылығы және үдемелілігі азаяды. Өліммен аяқталуы 60%-ға дейін төмендейді, вирустық репликацияның маркерлері HBs және HВe-антигендер жойылады, сарысулық трансамидаза көрсеткіштері қалпына келеді. |
Папилломавирустық инфекциялар | IFN-і жергілікті пайдаланғанда сенімді клиникалық эффект (папилломдардың жойылуы) байқалады. |
Генитальдық сүйелдер, үшкір шетті кондилломалар | Емдеу басталғаннан 6-10 аптадан кейін сүйелдердің толық жойылуы (50-100% жағдайда), папилломды алып тастағаннан кейін IFN-мен үдемелі емдеудің нәтижелігі дәлелденген. |
Кеңірдек папилломатозы | IFN-ды жұлын каналына немесе бас ми қуыстарына енгізгенде әртүрлі дәрежедегі клиникалық жақсару байқалады. |
Склероздық жеделше панэнцефалит | Иммунологиялық параметрлер қалпына келеді, 50% жағдайда инфекция барысының жітілігі төмендейді, аурудың сарысулық маркерлері жойылады. Капоши саркомасы (ЖИТС-пен ассоциацияланған) кезінде тиімділігі 32-50% -ға жетеді. |
ЖИТС (СПИД) | Анти-АИВ – препараттарымен қоса емдеу ұсынылады. |
Интерферонды қолданған кезде байқалатын жанама әсер (побочные) жағдайлар:
· тұмау тәріздес синдром (жалпы жағдайының нашарлауы, дене температурасының көтерілуі, қалтырау, тершеңдік, әлсіздік, шаршау, ұйқышылдық, апатия, астения, миалгия, артралгия, бас ауыруы);
· транзиторлы гипо- және гипертензия, ісіну, цианоз, аритмия;
· диспепсиялық бұзылыстар ( тәбетінің болмауы, лоқсу, құсу, іші ауыруы, кебіну, моторикасының күшеюі, қыжылдау);
· теріде бөртпе шығу және қышыну, экзантема, есекжем, тері жабындысының құрғақтануы, шаш түсу;
· лейко- және тромбоцитопения, гемоглобин және гематокрит көрсеткішінің төмендеуі;
· кейбір бауыр ферменттерінің деңгейінің, билирубиннің, қан сарысуының сілтілі фосфатазасының артуы;
· тырысу синдромы, галюцинация, бас айналу, депрессия, ашушаңдық, церебральдық функцияның бұзылуы;
· шеткейлік нерв жүйесінің бұзылуы, парестезия, нейропатия, тремор, сезімталдылығының жойылуы;
· протеинурия, альбуминурия, сирек жағдайда- мочевинаның, кератининнің, қан плазмасында несеп қышқылының жоғарылауы.
Аталған жанама жағдайлар IFN қабылдауды тоқтатқанда жойылады.
Қарсы көрсеткіштер:
· IFN – ға жоғары сезімталдық.
· Жүрек – тамыр жүйесінің ауыр кеселдері ( бауырдың декомпенсирленген циррозы, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі).
· Қалқанша без аурулары.
· Қояншық (эпилепсия), психикалық аурулар.
· Жүктілік және емізу кезеңдері.
· Қан түзілу депрессиялары (лейкопения, тромбоцитопения).
IFN-ң едәуір дозасын ұзақ уақыт пайдаланғанда аталған қарсы көрсеткіштерді ескеру қажет.
5.6.3. Интерферондардың индукторлары (ИИ)
Олардың антивирустық белсенділігінің (этиотропты әсері) диапазоны өте кең және айқын иммундымодулирлеуші қасиеті бар (5.11, 5.12, 5.13-кестелер).
Кесте 5.11.