Тар жамбас
1. Анатомиялық тар жамбас- егер әйел жамбас өлшемдерінің кем дегенде бір өлшемі қысқарса (см):
* 0,5
* 0,6-1,4
+* 1,5-2,0
* 2,1- 2,5
* 2,6-3,0
2. Клиникалық тар жамбас – бұл, босанушы әйелдің жамбас қуысы өлшемдерімен келесінің сәйкессіздігі:
*нәресте салмағының
* нәресте бойының
*+нәресте басының
*нәресте иығының айналымының
* нәрестенің іш айналымының
3. Тар жамбастың пайда болуы себептерінің бірі болып табылатын балалық шақтағы ауырған ауруы:
* қызылшалық қызамық
* желшешек
* пневмония
* дифтерия
*+мешел
4. Тар жамбастың себептері келесі анамнез мәліметіне негізделіп анықталады:
*+ өмір
* ауру
* паритетке
* гинекологиялық
* акушер-гинекологиялық
5. Әйел жамбасының тарылуын көрсететін жанама мәлімет:
*+ бойы
*артық дене салмағы
* дене бітімі келіскен
*сүт безінің даму дәрежесі
*дене бітімі келіспеген
6. Жамбас өлшемдері мен құрылымы туралы мәлімет беретін сыртқы зерттеу әдісі:
*іш айналымын өлшеу
*қынаптық зерттеу
* жатыр түбі биіктігін өлшеу
*+пельвиометрия
* қарап бағалау
7. Әйел жамбас сүйегін өлшеуге арналған құрал:
*+тазомер
*тонометр
* стетоскоп
* фонендоскоп
* сантиметрлік лента
8. Тар жамбаспен алғаш босанушыда ішінің пішіні:
*салбыраған
*дөңгеленген
* шар тәрізді
*+өткір ұшты
* көлденең овоидты
9. Тар жамбаспен қайта босанушыда ішінің пішіні:
*+салбыраған
*дөңгеленген
* шартәрізді
*өткір ұшты
* көлденең овоидты
10. Кіші жамбас құрылымының ерекшеліктері мен кейбір өлшемдерін нақты бағалауға мүмкіндік беретін арнайы зерттеу әдісі:
*айнамен қарау
*+қынаптық зерттеу
* Соловьев индексін өлшеу
*Леопольд – Левицкий әдісі
* Михаэлис ромбысын өлшеу
11. Келесі өлшемге байланысты жамбас сүйегінің қалыңдығын анықтайды:
* диагоналды конъюгата
*сыртқы конъюгата
*шынайы конъюгаты
*+ Соловьев индексі
* Михаэлис ромбысы
12. Соловьев индексі жанама сипаттайды:
* + жамбас сүйектерінің қалыңдығын
* жамбас сүйектерінің ұзындығын
* жамбас өлшемдерін
* нәрестенің салмағын
* нәрестенің ұзындығын
13. Соловьев индексі қалыпты жағдайда тең (см):
* 10
* 12
* + 14
* 16
* 18
14. Соловьев индексі анықталады:
* + сантиметрлік лентамен
* рентген зерттеумен
* тазомермен
* таразымен
* УДЗ
15. Соловьев индексі келесі буын айналымына сәйкес келеді:
* шынтақ
* иық
* тізе
* балтыр-табан
* + алақан-білезік
16. Әйелдің алақан-білезік буын айналымын өлшеу индексі аталады:
* Перль
* + Соловьев
* дене салмағы
* Михаэлис
* Купперман
17. Тар жамбастың жіктелуінде негізгі қолданатын көрсеткіш:
* Соловьев индексі
* сыртқы конъюгата
*+ шынайы конъюгата
* диагоналды конъюгата
* Михаэлис ромбысын өлшемдері
18. Тар жамбастың 1 дәрежесінде шынайы конюгатаның өлшемі (см):
* 5,5-тен төмен
* 6,5-тен төмен
* 7,5-6,5
* 9-7,5
*+11-ден төмен,бірақ 9-дан төмен емес
19. Тар жамбастың 2 дәрежесінде шынайы конюгатаның өлшемі (см):
* 5,5-тен төмен
* 6,5-тен төмен
* 7,5-6,5
*+ 9-7,5
*11-ден төмен,бірақ 9-дан төмен емес
20. Тар жамбастың 3 дәрежесінде шынайы конюгатаның өлшемі (см):
* 5,5-тен төмен
* 6,5-тен төмен
*+7,5-6,5
* 9-7,5
*11-ден төмен, бірақ 9-дан төмен емес
21. Тар жамбастың 4 дәрежесінде шынайы конюгатаның өлшемі (см):
* 5,5-тен төмен
*+6,5-тен төмен
* 7,5-6,5
* 9-7,5
*11-ден төмен, бірақ 9-дан төмен емес
22. Қазіргі кездегі жиі кездесетін тар жамбастың түрі:
* бір қалыпты тарылған тар жамбас
*+көлденең тарылған тар жамбас
* жалпақ рахитті тар жамбас
*оймыш тәрізді тар жамбас
*жалпақ тар жамбас
23. Көлденең тарылған тар жамбас диагнозы келесі өлшем тарылғанда қойылады:
* кіші жамбас қуысының кіреберіс жазықтығының тік өлшемі
*кіші жамбас қуысының кіреберіс жазықтығының қиғаш өлшемдері
*кіші жамбас қуысының шығаберіс жазықтығының көлденең өлшемі
*кіші жамбас қуысының шығаберіс жазықтығының тік өлшемі
*+кіші жамбас қуысының көлденең өлшемдері
24. Шынайы конъюгатаның өлшемдері қалыпты, көлденең өлшемдері 0,5-1,0 см қысқарған жамбас, аталады:
*бір қалыпты тарылған тар жамбас
* +көлденең тарылған тар жамбас
* жалпақ рахиттік тар жамбас
* оймыш тәрізді тар жамбас
* жай жалпақ тар жамбас
25. Көлденең тарылған тар жамбасқа тән:
* Мықын сүйек қанаттарының жайылмауы
* Сегізкөз мүйісінің жамбас қуысына кіріп тұруы
* +Жамбастың көлденең өлшемдерінің тарылуы
* Сегізкөз сүйегінің қалыңдауы мен тегістелуі
* Жамбас сүйегінің шығаберіс бөлігінің өлшемдерінің ұлғаюы
26. Суретте анатомиялық тар жамбастың келесі түрі берілген:
* қиғаш ығысқан
* жай жалпақ
* +көлденең тарылған тар жамбас
* жай рахиттік
* бір қалыпты тарылған тар жамбас
27. Көлденең тарылған жамбасқа келесі сыртқы өлшемдер тән (см):
* 25-28-31-20
* 23-26-29-18
* 26-29-30-18
* + 24-25-28-20
* 26-26-31-17
28. Бірінші босанушы, бойы 172, салмағы 52 кг жамбас өлшемдері 23-26-28-20см. Берілген өлшемдер анатомиялық тар жамбастың келесі түріне сәйкес:
* бір қалыпты тарылған тар жамбас
*+көлденең тарылған тар жамбас
* жай рахиттік
* жай жалпақ
* қисық тарылған
29. Барлық өлшемдері 1,5-2,0 см қысқарған жамбас, аталады:
*+бір қалыпты тарылған тар жамбас
* көлденең тарылған тар жамбас
* жалпақ рахиттік тар жамбас
* оймыш тәрізді тар жамбас
* жай жалпақ тар жамбас
30. Жалпы бір қалыпты тарылған жамбасқа келесі сыртқы өлшемдер тән (см):
* 25-28-31-20
* + 24-26-28-18
* 26-29-30-18
* 23-26-28-20
* 26-26-31-17
31. Бірінші босанушы, бойы 152, салмағы 54 кг жамбас өлшемдері 23-25-29-18 см. Берілген өлшемдер анатомиялық тар жамбастың келесі түріне сәйкес:
*+ бір қалыпты тарылған тар жамбас
*көлденең тарылған тар жамбас
* жай рахиттік
* жай жалпақ
* қисық тарылған
32. Бір қалыпты тарылған тар жамбастың босану биомеханизмінің ерекшелігі:
* бастың айқын шалқаюы
* бас ішкі бұрылыс жасамайды
*+кіші жамбастың кіреберісінде бастың айқын иілуі
* кіші жамбас кіреберісінде бастың асинклитикалық қондырылуы
* кіші жамбастың кіреберіс жазықтығының көлденең өлшемінде нәресте басының жебе тәрізді жігімен ұзақ жоғары тұруы
33. Жәй жалпақ жамбасқа келесі сыртқы өлшемдер тән (см):
* 25-28-31-20
* 23-26-29-18
* + 26-29-30-18
* 23-26-28-20
* 26-26-31-17
34. Суретте анатомиялық тар жамбастың келесі түрі берілген:
*+ қиғаш ығысқан
* жай жалпақ
* көлденең тарылған тар жамбас
* жай рахиттік
* бір қалыпты тарылған тар жамбас
35. Жалпақ рахиттік жамбасқа келесі сыртқы өлшемдер тән (см):
* 25-28-31-20
* 23-26-29-18
* 26-29-30-18
* 23-26-28-20
* + 26-26-31-17
36. Кіші жамбастың кіреберіс жазықтығының тік өлшемінің қысқаруымен және басқа жазықтардың тік өлшемдерінің ұлғайюымен және сегізкөздің жалпайюымен, қасаға доғасының кеңеюімен сипаталатын жамбас аталады:
* бір қалыпты тарылған тар жамбас
*+ жалпақ рахиттік тар жамбас
* көлденең тарылған тар жамбас
* жай жалпақ тар жамбас
* оймыш тәрізді тар жамбас
37. Кіші жамбас қуысының барлық тік өлшемдері аздап қысқарған, ал сегізкөз пішіні мен кисайған жерлері өзгермей, бірақ сегізкөздің өте ішке қарай жылжуы аталады:
*бір қалыпты тарылған тар жамбас
* көлденең тарылған тар жамбас
* жалпақ рахиттік тар жамбас
*+ жай жалпақ тар жамбас
* оймыш тәрізді тар жамбас
38. Нәресте басының асинклитикалық қондырылуы, жебе тәрізді жігінің төмен көлденең орналасуы, бастың шалқайып орналасуы-бұл тар жамбастың келесі түрінде кездесетін босану биомеханизмінің ерекшелігі:
* жалпы тарылған
* +жай жалпақ
* көлденең тарылған
* жалпақ рахиттік
* жалпы бірқалыпты тарылған тар жамбас
39. Егер босану ағымында бірінші алдыңғы төбе сүйегі қондырылса, нәресте басының жебе тәрізді жігі мүйіске жақын орналасса, бұл мәлімет береді:
* маңдаймен қондырылу
* артқы асинклитизм
*+ алдыңғы асинклитизм
* синклитикалық қондырылу
* төбемен қондырылу
40. Егер босану ағымында бірінші артқы төбе сүйегі қондырылса, нәресте басының жебе тәрізді сүйегі симфизге жақын орналасса, бұл мәлімет береді:
* маңдаймен қондырылу
* + артқы асинклитизм
* алдыңғы асинклитизм
* синклитикалық қондырылу
* төбемен қондырылу
41. Босанушыда босанудың екінші кезеңінде қынаптық зерттегенде: жатыр мойнының толық ашылуы, қағанақ қабы жоқ, нәресте басымен жатыр, кіші жамбас кіреберісіне бекіген, жебе тәрізді жігі көлденең өлшемде және қасағаға жылжыған. Клиникалық көрініс келесі қондырылуға сәйкес:
* Шүйдемен жатудың артқы түрі
* Баспен жатудың алдыңғы түрі
* Алдыңғы асинклитизм
*+Артқы асинклитизм
* Маңдаймен жату
42. Мерзімі жеткен жүктілікпен алғаш босанушыда ірі нәрестемен босанудың екінші кезеңінде жатыр ернеуінің толық ашылуында артқы асинклитизм диагностикаланды. Жүргізілетін іс-әрекет:
* Акушерлік қысқыш салу
* +Шұғыл түрде кесар тілігін жасау
* Күту тактикасы 2 сағат бойы
* Босануды табиғи жолымен жүргізу
* Окситацинді көктамырға тамшылатып енгізу арқылы босануды ынталандыру
43. Клиникалық тар жамбас туралы сұрақ жатыр мойны келесі ашылуында шешіледі (см):
*6
*7
* 8
* 9
*+ толық
44. Контракциялық сақинаның жоғары орналасуы,төменгі сегметтегі ауру сезімінің тұрақтылығы, жатыр мойынының ісінуі, зәр шығарудың қиындауы- келесі акушерлік жағдайдың белгілері:
*+клиникалық тар жамбастың
* анатомиялық тар жамбастың
* босану дискоординациясының
* жатырдың жыртылуының
* шамадан тыс босану әрекетінің
45. Клиникалық тар жамбастың кешігіп диагностикаланған босанушы әйелде ең қатерлі асқынуының бірі болып табылады:
*+жатырдың жыртылуы
* қасаға сүйегінің ажырауы
*босану жолдарындағы жыланкөздердің пайда болуы
* инфекцияның пайда болуы
* зәрдің шығуының қиындауы
46. Қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі -тар жамбаспен босанушы әйелде жиі асқыну болып табылады:
* қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы
* босану әрекетінің ауытқуы
*+кіндік бауының түсуі
* хорионамниониттің дамуы
* жатырдың жыртылу каупі
47. Тар жамбас кезінде босанудың 1-ші кезеңіндегі ең жиі кезедесетін босану әрекетінің ауытқуларының түрлері:
*дискоординацияланған босану әрекеті
* + босану әрекетенің әлсіздігі
* қарқынды босану
* шапшан босану
* жалған толғақтар
48. Бірінші жүктілік бойы 145 см және жамбас өлшемдері 23-25-27-18 см, нәрестенің болжам салмағы 3400,0 грамм. Босану жоспары:
* жоспарлы түрде кесар тілігі отасы
* шұғыл кесар тілігі отасы
* амниотомия, толғақтарды қоздырумен
*+ өздігінен босану, жамбасты босану ағымында функциональды бағалау
* өздігінен босану, босанудың 2-ші кезеңде нәрестені вакуум-экстракциямен босандыру
49. Бірінші жүктілік бойы 145 см және жамбас өлшемдерім 23-25-27-18 см, нәрестенің болжам салмағы 4 200,0 грамм. Босану жоспары:
* +жоспарлы түрде кесар тілігі отасы
* шұғыл кесар тілігі отасы
* амниотомия, толғақтарды қоздырумен
* өздігінен босану, жамбасты босану ағмында функциональды бағалау
* өздігінен босану, босанудың 2-ші кезеңде нәрестені вакуум-экстракциямен босандыру
50. Тар жамбаспен босанған әйелдің жаңа туылған балада мүмкін болатын асқыну:
* омфалит
*+ кефалогематома
* патологиялық сарғаюлар
* геморрагиялық синдром
* құрсақішілік пневмония
51. Нәресте басының қондыру сипатын анықтауға мүмкіндік арнайы акушерлік зерттеу әдісі:
* ультра дыбыстық зерттеу
*+қынаптық
* сыртқы акушерлік
* айнамен қарау
* сыртқы жыныс мүшелерін қарап бағалау
Физиологиялық босану жайлы түсінік
1. Мерзімінен бұрын босану жүктіліктің келесі мерзімінде болатын босануды айтады (аптада):
* 12 ден 15
* 16 ден 21
* 37 ден 40
* 41 ден 42
* + 22 ден 37
2. Физиологиялық босану- бұл бір нәрестенің туылуымен жүретін және жүктіліктің келесі мерзімінде өздігінен басталатын босануды айтады (апта):
* 12 ден 15
* 16 ден 21
* 22 ден 37
* 40 ден 42
* + 37 ден 42
3. Босанудың басталу себебін түсіндіретін теориялар арасында, замануи көзқарастардың бірі:
* химиялық
*+эндокриндік
* планцентарлық
* механикалық
* иммунологиялық
4. Босану – бұл жатырдан босану жолдары арқылы шығуымен жүретін физиологиялық үрдіс:
* баланың
* қағанақ суының
* қағанақ қабының
* бала жолдасы кабықтары мен қағанақ суының
* + баланың, бала жолдасының кабықтарының, қағанақ суының
5. Жатырдан босану жолдары арқылы баланың, бала жолдасы кабықтарының мен қағанақ суының шығуымен жүретін физиологиялық үрдіс аталады:
* + Босану
* Күшену
* Толғақ
* Жалған толғақ
* Қағанақ суының кетуі
6. Босану әрекетінің басталу белгілері болып табылады:
* қынаптан қанды бөліндінің бөлінуі
* қынаптан шырышты тығынның бөлінуі
* ретсіз толғақ
* + ретті толғақ
* күшену
7. Жалған толғақтар - бұл келесі сипаттағы толғақтар:
* + Ретсіз
* Ретті
* Шамадан тыс
* Дискординацияланған
* Күшену
8. Кіші жамбас қуысы мен босану жолдарының жұмсақ бөліктері арқылы нәрестенің төмен түсу және айналу әрекеттерінің жиынтығы аталады:
* + Босану биомеханизмі
* Бастың конфигурациясы
* Бастың иілуі
* Толғақ
* Күшену
9. Босану биомеханизмі - бұл нәрестенің ілгері жылжуы және айналу әрекеттерінің жиынтығын жасап, арқылы өтуі:
* үлкен жамбас қуысы мен босану жолдарының жұмсақ бөліктерін
* + кіші жамбас қуысы мен босану жолдарының жұмсақ бөліктері
* босану жолдарының сүйекті бөліктерін
* вульварлы сақинаны
* қынапты
10. Жатырдың бұлшықет талшықтарының жиырылуы аталады:
* Дистоция
* Ретракция
* Дистракция
* + Контракция
* Дискоординация
11. Жатырдың бұлшықет талшықтарының өзара бір-біріне қатысты ығысуы аталады:
* Дистоция
* + Ретракция
* Дистракция
* Контракция
* Дискоординация
12. Жатыр бұлшықет талшықтарының жиырылып, жатыр мойнының айналмалы бұлшықетін жоғары және жан-жаққа тартылуы аталады:
* Дистоция
* Ретракция
* Контракция
* + Дистракция
* Дискоординация
13. Толғақ кезінде жатыр бұлшықеттерінде келесі өзгерістер болады:
* поляризация, деполяризация
* арефлексия, атония, гипотония
*+ контракция, ретракция, дистракция
* миорелаксация, дискоординация, дистоция
* компенсация, субкомпенсация, декомпенсация
14. Миометрийдің контракциясы - бұл:
* Бұлшықеттердің топтасуы
* Бұлшықет талшықтарының созылуы
*+ Бұлшықет талшықтарының жиырылуы
* Жатыр мойнының айналмалы бұлшықетінің созылуы
* Талшықтардың бір-біріне қатысты өзара ығысуы
15. Миометрийдің ретракциясы - бұл:
* Бұлшықеттердің топтасуы
* Бұлшықет талшықтарының созылуы
* Бұлшықет талшықтарының жиырылуы
* Жатыр мойнының айналмалы бұлшықетінің созылуы
*+ Талшықтардың бір-біріне қатысты өзара ығысуы
16. Миометрийдің дистракциясы - бұл:
* Бұлшықеттердің топтасуы
* Бұлшықет талшықтарының жиырылуы
*+ Бұлшықет талшықтарының созылуы
* Жатыр мойнының айналмалы бұлшықетінің созылуы
* Талшықтардың бір-біріне қатысты өзара ығысуы
17. Жатырдың жиырылуы түбінен басталып, денесінің бүкіл бұлшықеттеріне таралып, келесі бөлігіне дейін қамтиды:
* қынапқа
* жатыр мойнына
* аралыққа
* + төменгі сегментіне
* вульварлы сақинаға
18. Жатыр жиырылуының жетекші қозу ошағы жиі орналасады:
* жатыр түбінде
* сол жақ бұрышында
* жатыр мойнында
* + оң жақ бұрышында
* төменгі сегментінде
19. Жатыр жиырылуының жетекші ошағы жиі оң жақ бұрышында орналасады және аталады:
* Ретракция
* Дистракция
* Контракция
* Дискоординация
* + Босану доминанты
20. Алғаш босанушыда босану кезінде жатыр мойнындағы құрылымдық өзгеріс келесі аймақтан басталады:
* сыртқы ернеуден
*+ ішкі ернеуден
* цервикалды өзектен
* жатыр мойнының қынаптық бөлігінен
* ішкі және сыртқы ернеуде бірден
21. Бишоп шкаласы бойынша жатыр мойнының келесі жағдайларын ажыратады:
* тығыз, жұмсақ, қатты
* ұзын, орташа, қысқа
* орталық, эксцентрлік
*+ жетілмеген, жетіліп келе жатқан, жетілген
* компенсацияланған, субкомпенсацияланған, декомпенсацияланған
22. Жатыр мойнының жағдайын анықтауға мүмкіндік беретін Бишоп шкаласы келесі көрсеткіштер санынан тұрады:
* 3
* 4
*+ 5
* 6
* 7
23. Жатыр мойнының жағдайын анықтауға мүмкіндік беретін Бишоп шкаласының әрбір көрсеткіштері баллмен бағаланады:
* 0 ден 1-ге дейін
* 0 ден 2-ге дейін
* + 0 ден 3-ке дейін
* 1 ден 4-ке дейін
* 1 ден 5-ке дейін
24. Жатыр мойнының ашылуы, ұзындығы, консистенциясы және жамбас өсіне қатысты орналасуы, нәрестенің алда жатқан бөлігінің отырықшы өсіндіге қатынасы – бұл көрсеткіштер:
* Апгар шкаласының
* + Бишоп шкаласының
* Соловьев индексінің
* Сильверман шкаласының
* Жордания формуласының
25. «Жетілмеген» жатыр мойны Бишоп шкаласы бойынша келесі баллға сәйкес келеді:
* 1-2
* 4-тен төмен
*+6-дан төмен
* 6-8
* 9-дан жоғары
26. «Жетіліп келе жатқан» жатыр мойны Бишоп шкаласы бойынша келесі баллға сәйкес келеді:
* 1-2
* 4-тен төмен
* 6-дан төмен
* +6-8
* 9-дан жоғары
27. «Жетілген» жатыр мойны Бишоп шкаласы бойынша келесі баллға сәйкес келеді:
* 1-2
* 4-тен төмен
* 6-дан төмен
* 6-8
* + 9 дан жоғары
28. Егер жүкті әйелде мерзімі жеткен кезде жатыр мойнының ұзындығы 1-2 см, жұмсақ, жамбастың өткізгіш өсі бойынша орналасса, цервикалды өзек 3 см ашық болса, нәресте басы отырықшы өсінді деңгейінде болса, Бишоп шкаласы бойынша жатыр мойнының жағдайы бағаланады:
*+ Жетілген
* Жетілмеген
* Жетіліп келе жатқан
* Босанудың латентті фазасы
*Босанудың белсенді фазасы
29. Егер жүкті әйелде мерзімі жеткен кезде жатыр мойнының ұзындығы 3 см, жартылай жұмсарған, жамбастың өткізгіш өсіне қатысты ортаңғы қалыпта орналасса, цервикалды өзек 2-3 см ашық болса, нәресте басы отырықшы өсіндіден 2 см жоғары орналасса, Бишоп шкаласы бойынша жатыр мойнының жағдайы бағаланады:
* Жетілген
* Жетілмеген
*+ Жетіліп келе жатқан
* Босанудың латентті фазасы
*Босанудың белсенді фазасы
30. Егер жүкті әйелде мерзімі жеткен кезде жатыр мойнының ұзындығы 3-4 см, тығыз, жамбастың өткізгіш өсіне қатысты артқа ығысса, цервикалды өзек жабық, нәресте басы отырықшы өсінді деңгейінен 2 см жоғары орналасса, Бишоп шкаласы бойынша жатыр мойнының жағдайы бағаланады:
* Жетілген
*+Жетілмеген
* Жетіліп келе жатқан
* Босанудың латентті фазасы
* Босанудың белсенді фазасы
Босану кезеңдері.
31. Босанудың I кезеңіндегі босану қарқынын бағалау үшін қынаптық тексеру жүргiзудің жиілігі кем дегенде, әрбір:
* 30 минутта
* 2 сағатта
*+ 4 сағатта
* 6 сағатта
* 8 сағатта
32. Босанудың I кезеңінде нәрестенiң жүрегінің жиырылу жиілігі тіркеледі, әрбір (минут):
* 5
* 15
*+30
* 45
* 60
33. Босанудың I кезеңінде нәрестенiң жүрек соғысын тыңдау жиілігі кем дегенде, әрбір (минутта):
* 5
*+ 15
* 30
* 45
* 60
34. Босанудың II кезеңінде нәрестенiң жүрек соғысын тыңдау жиілігі кем дегенде, әрбір (минут):
*+ 5
* 15
* 30
* 45
* 60
35. Физиологиялық босануда босанушы әйелдің артериалдық қан қысымы партограммада белгіленеді, әрбір:
* 30 минутта
* 2 сағатта
*+ 4 сағатта
* 6 сағатта
* 8 сағатта
36. Физиологиялық босануда босанушы әйелдің дене қызуын өлшеу жиілігі кем дегенде, әрбір:
* 30 минутта
* 2 сағатта
*+4 сағатта
* 6 сағатта
* 8 сағатта
37. Физиологиялық босануда босанушы әйелдің пульсі белгіленеді, әрбір:
*+ 30 минутта
* 2 сағатта
* 4 сағатта
* 6 сағатта
* 8 сағатта
38. Босану актысы кезеңдері келесі саннан тұрады
* 1
* 2
* + 3
* 4
* 5
39. Босанудың бірінші кезеңі келесі фазалар санынан тұрады:
* 1
* + 2
* 3
* 4
* 5
40. Босанудың 1-ші кезеңінде латенттік фаза ұзақтығы құрайды (сағ):
* 2
* 4
* 6
*+ 8
* 10
41. Алғаш босанушыларда босанудың бірінші кезеңінің орташа ұзақтығы құрайды (сағат):
* 1-3
* 4-5
* 6-7
* 8-9
* +10-11
42. Қайта босанушыларда босанудың бірінші кезеңінің орташа ұзақтығы құрайды (сағат):
* 1-3
* 4-5
* +7-9
* 8-9
* 10-11
43. Босанудың бірінші кезеңі ретті толғақтардан басталып және аяқталады:
* + Жатыр мойнынының толық ашылуымен
* Жатыр мойнынының 5 см-ге ашылуымен
* Қағанақ суының кетуімен
* Нәрестенің туылуымен
* Бала жолдасы туылуымен
44. Босанудың бірінші кезенінде босану әрекетінің тиімділігінің объективті белгісі:
* Күшену сипаты
* Толғақтар сипаты
* Қағанақ суының түсі
* Қағанақ суының мөлшері
* + Жатыр мойнынының ашылу динамикасы
45. Жатыр мойнының жайылуы және жатыр ернеуінің ашылуы келесінің нәтижесінде болады:
* жатыр бұлшықетінің
* диафрагма бұлшықетінің
* алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшықетінің
* + қағанақ қабығының қысымы мен жатыр бұлшықетінің
* қағанақ қабығының қысымы мен алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшықетінің
46. Босану кезінде жатыр мойнының ашылуының орташа жылдамдығы (см/сағат) құрайды:
* 0,15
* 0,35
* 0,5
* + 1,0
* 1,5
47. Босану кезінде жатыр мойнының ашылуының минимальді жылдамдығы (см/сағат) құрайды:
* 0,15
* 0,35
* + 0,5
* 1,0
* 1,5
48. Қағанақ суының мерзімімен кетуі деп есептеледі :
* Босанудың II кезеңінде
* Бастың кесіп шығуында
* + Босанудың I кезеңінің соңында
* Ретті толғақтар басталғанға дейін
* Босанудың I кезеңінің латентті фазасында
49. Алғаш босанушы әйелде босанудың екінші кезеңінің орташа ұзақтығы :
* 15-25 минут
* 30-55 минут
* + 1-2 сағат
* 3-4сағат
* 5-6 сағат
50. Босанудың II кезеңі басталатын сәт:
* Ретті толғақ
* Бастың жарып шығуы
* Қағанақ суының кетуі
*+Жатыр мойнынының толықтай ашылуы
* Бастың кіші жамбас түбiне түсуі
51. Босанудың екінші кезеңі жатыр мойнынының толық ашылуымен, күшену пайда болуымен басталып және аяқталады:
* Жатыр мойнынының толық ашылуымен
* Жатыр мойнынp>
* Шүйдемен жатудың артқы түрінде
* Бетпен жатудың алдыңғы түрі
* Бетпен жатудың артқы түрі
* Маңдаймен жатудың алдыңғы түрі
53. Босанудын үшінші кезеңі баланың туылуымен басталып және аяқталады:
* жатыр қабырғасынан плацентаның бөлінуімен
* Жатыр мойнынының толық ашылуымен
* Қағанақ суының кетуімен
* + Бала жолдасы туылуымен
* Нәрестенің туылуымен
54. Босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізуде енгізіледі:
* Метилэргометрин
* Мизопростол
* + Окситоцин
* Энзапрост
* Пабал
55. Клиникалық хаттамаға сәйкес (2013) босанудың III кезеңін белсенді жүргізуде, 10 бірлік окситоцинді бұлшықетке келесіден кейін енгізу қарастырылған:
* +алдыңғы иығы туылғаннан кейін
* бала жолдасы туылғаннан
* иықтары туылғаннан кейін
* нәресте басы кесіп шыққан
* нәресте бас жарып шыққан
56. Бала жолдасы туылғаннан кейін жатыр тонусын алғашқы сағатта анықтайды, әрбір:
* 5 минут
* 10 минут
* +15 минут
* 20 минут
* 30 минут
57. Босану кезіндегі физиологиялық қан жоғалту дене салмағының пайызын құрайды (%):
* + 0,5
* 1,0
* 1,5
* 2,0
* 2,5
58. Босанушы әйелдің дене салмағының 0,5% құрайтын қан шығыны аталады:
* массивті
* патологиялық
*+ физиологиялық
* компенсациялық
* декомпенсациялық
59. Қалыпты ағыммен өткен жүктіліктің босану кезеңінде физиологиялық қан шығыны дене салмағының келесі пайызынан аспауы керек:
* 1%
* 2%
* 0,3%
*+ 0,5%
* 0,75%
60. Анемиясы бар жүкті әйелдерде босану кезіндегі физиологиялық қан жоғалту салмағының пайызын құрайды (%):
* 0,1
* 0,2
* + 0,3
* 0,4
* 0,5
61. Анемиясы бар босанушы әйелдің босану кезеңіндегі қан шығыны дене салмағының келесі пайызынан аспауы керек:
* 1%
* 2%
*+ 0,3%
* 0,5%
* 0,75%
62. Босанғаннан кейiнгі қан ағу патологиялық деп есептеледі,егер оның мөлшері асса (мл):
* 300
* 400
* + 500
* 600
* 700
63. Дене салмағының 0,5%-дан асатын қан шығыны аталады:
* физиологиялық
*+ патологиялық
* қалыпты жағдай
* массивті
* орташа
64. Мерзімінен бұрын босану кезінде босану бөлмесінің температурасы сәйкес келуі керек :
* 25°С
* 26°С
* 27°С
* + 28°С
* 29°С
65. Физиологиялық босану кезінде босану бөлмесінің температурасы сәйкес келуі керек:
* 24°С
*+25°С
* 26°С
* 27°С
* 28°С