Зат есімді тіркестер 8 страница

Кейбір зат есімдер етістіктермен бір тіркесте жиі қолданылуының нәтижесінде және керісінше, өздерінің бұрынғы дербестілігінен

айрылып, түйдекті тіркес қалпында баяндауыштың не басқа бір мү-шенің құрамына еніп кетеді, мыс.: сөз сөйлеу, темекі тарту, орақ ору, жол жүру, төсек салу.

Мұндай тіркестердегі зат есімдер, сырт қарағанда, қимылдың объектісі болып көрінгенмен, қолдану тәжірибесінде ешқашан табыс жалғауын қабылдамайды. Ал, жоғарыда келтірілген (жер жырту, киім тігу т. б.) зат есімдер табыс жалғаулы болып та немесе жалғау-сыз да жұмсала алады. Бұл ерекшелік алдыңғылардың (сөз сөйлеу, орақ ору) құрамындағы сөздердің тығыз байланыста екенін, дербес-тілігінің жоқтығын көрсетсе, соңғылардың (жер жырту, киім тігу) оларға қарағанда, арасының алшақтығын аңғартады.

Қабыса байланысқан зат есім мен етістікті сөз тіркестерін тіркесу ерекшелігіне қарай екі топқа бөлуге болады:

1. Нақтылы зат есімдердің кимылды, қозғалысты білдіретін

 

етістіктермен тіркесі. Мыс.: ағаш кесу, пішен ору, таяқ ұстау, ет турау, гүл отырғызу, шам жағу, тері илеу, үй салу, кілем тоқу.

Осындай сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары етістіктердің мағыналық ерекшеліктеріне үйлесімді болып ыңғайласа тіркеседі. Сондықтан, мысалы, тоқу етістігіне тоқылып жасалатын зат атаула-рының бірі объекті бола алады, ал тоғыту етістігі қой тоғыту, қозы тоғыту тәрізді бірен-саран сөз тіркестерінің ғана құрамында жұм-салады.

2. А б с т р а к т і зат есімдердің күйді, сезімді білдіретін етіс-тіктермен тіркесі. Сөз тіркестерінің бұл түрі сирек құралады. Өйткені ақыл, мінез, қылық, тамаша, жақсылық тәрізді абстракті зат есімдердің объектілік қызметі солғын болады. Оның үстіне, мұндай сөздері бар тіркестер сөйлем құрамында, көбінесе, лексикалық тіркес ретінде ұғынылады. Бұлар ән тыңдау, ақыл беру тәрізділер. Әдебиеттең мысалдар: 2122 жылдардағыдай билік айтып о л ж а т ү с і р е т і н... заман емес. Сары оған мынандай с ө з а й т т ы. Досбол Хасеннің үстінен а р ы з бермекші (Майлин).

МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі туралы түсінік

 

Етістікке ілескен сөздердің біразы жалғаусыз қабыса байланысса, енді бірқатары жалғаулар арқылы меңгеріле байланысады. Син-татикалық байланыс — сөз тіркесі синтаксисінің жанды жері. Сөздердің байланысу дағдысы сөз тіркесінің сапалық қасиетін, оның тармақты топтарының аясы қаншалық кең не тар екенін белгілейді Осы тұрғыдан меңгеруді етістікті сөз тіркестеріне өлшем етсек, олардың аса қомақты, әр алуан екені байқалады. Олай болу меңгеруде сөз арасына дәнекер болатын жалғаулардың көптігінде емес, олардың жұмсалу аясының кеңдігінде. Олар — барыс, шығыс, табыс, жатыс, көмектес жалғаулары.

Меңгерілетін сөздер — есімдер. Олардың белгілі жалғауда жұмса-луының екі жағы бар: біріншіден, олар етістіктермен сабақтаса, орайласа байланысса, екіншіден, сол байланыс нәтижесінде грамматикалық қосымша мағынаға ие болады. Мысалы, Нұржан Меруертке ажырая қарады дегендегі меңгеріле байланысқан сөз тіркесі — Меруертке қарады. Бұл құрамдағы барыс жалғаулы жалқы есімді сол мағынада басқаша айтуға болмайды: жалғаусыз айтсақ, Меруерт қарады деген басқа тіркеске айналады, табыс, шығыс, барыс, жатыс жалғауларын жалғасаң, ол екі сөздің байланысы бұзылады. Өйткені, қарады етістігі әлгі сөйлемде тек ба-рыс жалғауын керек етеді де, сол тобымен ол екі сөз толықтауыш-тық қатынаста айтылады. Бұған қарағанда, жоғарыда аталған жалғаулар есімдерді етістіктермен ұластырушы ғана емес, — сөйлемдегі сөздердің белгілі синтаксистік қызметке енуіне себепкер болатын да тұлғалар. Олардың тиістілері етістіктердің лексикалық мағыналарымен үйлесе бағыныңқы сөзге жалғанғанда, сен пәлен мүшесің дегендей таңба болмайды, меңгерілген сөз бен меңгеретін етістіктің қарым-қатысқа ену нәтижесінде ол сөздердің мүшелік қызметтері белгілі болады. Мысалы, шық, түс, қара, жібер, шақыр етістіктері барыс, шығыс, көмектес жалғауларын түгел меңгереді де, табыс жалғауын кейбіреуі ғана меңгереді, мыс.: үйден шық, тауға шық, сатымен шық, суға түс, аттан түс, арқанмен түс, балаға қара, терезеден қара, биноклъмен қара, жазғапын қара; үйге жібер, қаладан жібер, машинамен жібер, машинаны жібер;

45

мектепке шақыр, жиналыстан шақыр, телефонмен шақыр, Есенді шақыр.

Меңгеріле байланысатын етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сөз-дің тұлғасына қарай былай бөлінеді: 1) табыс жалғаулы. сөз тіркес-тері; 2) барыс жалғаулы сөз тіркестері; 3) шығыс жалғаулы сөз тір-кестері; 4) жатыс жалғаулы сөз тіркестері; 5) көмектес жалғаулы сөз тіркестері.

Етістіктер меңгеретін сөздер,— негізінде, зат есімдер мен олар-дың орнына жүретін есімдіктер. Сонымен қатар етістіктер субстан-тивтенген сын есім, сан есім, есімшелерді де меңгереді. Сонысына қарай меңгеріле байланысқаң етістікті сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі болады.

Қимыл есімді, есімше тұлғалы етістіктер тиісті септік жалғауында айтылып меңгерілген сөз тіркесінің құрамында, өздері басқа есім-дерді меңгеріп екінші сөз тіркесінің әрі бағындырушы сыңары болуы мүмкін. Мектепті қалай с а л у д ы кеңестік, бірсыпырасы жұмысы аз болады деп к ә с т е н с а л у д ы қ о л а й л а п еді, көпшілігіміз к і р п і ш т е н с а л у ды қолайладық (Майлин).

 

Табыс жалгаулы сөз тіркестері

 

Табыс жалғаулы сөздерді керек ететін етістіктер — сабақты етіс-тіктер. Қазақ тілінде сабақты, салт етістіктің тұлғалық айыр-машылығы болғанмен, оларды мағыналық ерекшеліктеріне қарап, табыс жалғаулы есімдердің олармен тіркесе алатын не тіркесе алмайтынына қарап, айыруға болады, мыс.: кес, ұр, шап, ал, бер, шақыр, сұра, сой, қама, жаз, оқы, бас, сана, таста, көзде, қолда, кемі, тыңда, жібер, қала, жама, тік, іш, же. Кісінің қимыл-әрекетін, ісін білдіретін етістіктер сабақты болады да, күл, қуан, қайғыр, жыла, шошы, есіне, жалық, ауыр, терле, тоң, шомыл, тырыс, шаттан, насаттан сияқты кісінің көңіл-күйін білдіретін және маңыра, ұлы, бозда, кісіне, мөңіре, сайра, тула, ақса, ойнақта, жоғарыла, жел, жорт, күркіре, жымыңда, аһла, уһле, жылтылда, қозыла, бұзаула сияқты, кісінің не басқа заттың қимылдың күйін білдіретін етістіктер салт болады. Бұларға етіс жүрнақтары жалға-нып, сабақты етістік салтқа, салт етістік сабақтыға ауыса береді.

Қазақ тілінде, етістіктердің мағыналарын түрлендіруде етіс жұр-нақтары ерекше роль атқарады. Соның нәтижесінде етістіктер бір қалыпты қатып қалмай, жылысып, ауытқып, меңгеретін сөзімен са-бақтылық, салттылық байланыста болу арқылы ерекше икемділік қасиетке ие болады.

Сабақты, салт етістіктердің негізгі топтарының айырмашылық-тарына қарағанда, түбір тұлғалы сабақты етістіктердің көпшілігі кі-сінің еңбек процесімен, қимыл әрекетімен байланысты етістіктер болады да, салт етістіктердің көпшілігі кісінің көңіл-күйін, кісінің және басқа заттардың үндеу, қозғалыс әрекетін, қимыл-күйін білдіреді. Бірак, заттың қимылы, күйі деп отырған етістіктер әр уақытта белгілі затқа ғана таңулы болмайды. Олардың бәрі болмағанмен, бір-қатары әрі жанды, әрі жансыз заттың қимылы, күйі болуы мүмкін.

Табыс жалғаулы есімдер мен сабақты етістіктерден құралған сөз тіркестері объектілік (толықтауыштық) қатынаста жұмсалады: табыс жалғаулы сөз сабақты етістікті толықтайды да, ол етістіктің қимылы тура толықтауышқа ауысып түседі, мыс.: ағашты кесу, етті турау, қойды айдау, шегені суыру, терезені ашу, пішенді ору, малды бауыздау, баланы тәрбиелеу.

 

Барлық есімдердің сабақты етістіктермен тіркесу қабілеті бірдей емес: көбінесе, ол құрамда айтылатын сөздер — зат есімдер мен олардың орнына жұмсалатын есімдіктер және сапалық есімдер. Бұ-лар қатысты сөз тіркестері былай бөлінеді: 1) нақты объектілі; 2) абстрактіленген объектілі.

Бірінші топқа қолға ұстап, көзбен көретіндей зат есімдер қатысқан сөз тіркестері енеді. Ондағы есімдер мен етістіктер барынша мағыналық тығыз байланыста болады: Мыңнан аса жылқыны үш-ақ адам б а ғ ы п ж ү р. Игілік т о қ ы м ы н т ө с е н і п, е р і н жастанды да жата берді (Мүсірепов), Қалампыр сынық ашалы б а қ а н д ы сүйретіп, қоңыр с и ы р д ы айнала қ у а д ы. Қанеки, қарындас, қ о л ы ң д ы т о с! (Майлин).

Бұл топқа табыс жалғаулы кісі аты қатысты сөз тіркестері де енеді. Самалды салқын түн Қ а н ы ш т ы жұбата а л м а й д ы (Майлин). Ол Жақыпты ертіп үйге кірді (Мұстафин). Жұмагұл Абайды тани берді (Әуезов). Ушаков Байжанды шанасына м і н - г і з і п а л д ы (Мүсірепов).

Табыс жалғаулы сөзі бар етістікті сөз тіркесінің екінші тобына абстракт есімдер мен кісінің (жан-жануарлардың да) көру, сезу, сөй-леу т. б. әрекетін білдіретін сабақты етістіктерден құралған сөз тіркестері жатады: [Қаныш] солармен араласып өткізген ө м і р д і о й л а й д ы. Ауыл адамдары алдымен ж а з д ы әңгіме қ ы л ы п

ө т т і (Майлин). Е л і н ері қ о р ғ а с а, елі де е р і н қ о л д а й- д ы (Жамбыл). Сортаңдауды, т о з у д ы б і л е м е, ол жер (Мұқанов). Біз сүйеміз к ө к т е м к ү н і н (Ерғалиев). Осы с ы р -д ы Нысаналы ақын жақсы б і л е д і (Мүсірепов).

Сабақты етістікті сөз тіркесінің құрамында зат есімдерден басқа есімдер де айтылады. Есімдіктердің (жіктеу, өздік, сілтеу, сұрау, белгісіздік) табыс жалғауында, тура толықтауыштық қатынаста жұмсалуында кейбір ерекшелік бар: біріншіден, олардың лексика-лық ұғымдары объектілік (заттық) болмай, субъектілік не атрибут-тық болатындықтан, деректі зат есімдердей кейде жалғаулы, кейде жалғаусыз тұлғада жұмсалмайды, көпшілігі тек жалғаулы болады, екіншіден, олар (не дегеннен басқалары) сабақты етістіктермен ішкі берік байланыста емес, көлденеңнен қосылған объект ретінде жұмсалады.

Сын, сан есімдер мен есімшелер де сабақты етістіктермен мағы-налық үйлесімі болғандықтан тіркеспейді, зат есімдердің орнына жүретіндіктен тіркеседі:

Мені қызғанасың ба? деді Рақила.

Биыл ө з і н конфискелеп, жер аударып жібердік (Майлин). Мырза, сіз б а с қ а б і р е у д і маған жорып отырсыз ғой (Сейфуллин). Күн қазір ымырт бопты, о н ы да жаңа б а й қ а д ы. Екі көше адасып пәтерінен асып кетіпті. М ұ н ы да жаңа б і л д і (Әуезов). Бөлінгенді бөрі ж е й д і (мақал). Шөптің шашылғанын жинап а л у ғ а да мұрша жоқ (Мүсірепов). Ж а қ с ы н ы к ө р м е к үшін (мақал). Мектептің а ш ы л ғ а н ы н біз бір-ақ б і л д і к (Майлин).

 

Барыс жалғаулы сөз тіркестері

 

Есімдер мен етістіктерден құралған сөз тіркестерінің барыс жал-ғауы арқылы байланысуында да белгілі жүйе бар. Егер табыс жал-ғауы сабақты етістіктің затқа қатысын. заттың оған қатысын бекем-дейтін тұлға болса, «көлемдік жалғаулар», соның бірі барыс, қимыл процесінің әр алуан бұлтарысына сәйкестене заттың етістікке қаты-

сын орнықты етеді. Сондықтан барыс жалғаулы есімдерді кез келген етістікпен бірыңғайластыра салмай, мағыналық үйлесімі бар етістік-термен ғана отастыруға болады. Мысалы, ойлау, етістігі табыс, шы-ғыс, көмектес жалғауларын керек етсе (елін ойлау, алыстан ойлау, түнімен ойлау), сағыну етістігі, тек табысты тілейді (баласын сағын-ды), ал жақындау, таяну етістіктері барыс жалғауын керек етеді (ауылға жақындады, қалаға таянды). Бұлай болудың себебі екі түр-лі: біріншіден, әрбір септік жалғауы жалғанған сөздердің белгілі синтаксистік қызметі, мағынасы болады, е к і н ш і д е н, әр-бір етістіктің мағынасы солардың тиістісін тілеп тұрады. Сол мағы-налар мен синтаксистік қызмет әуелі тіркес құрамында пайда бола-ды. Солай үйлесімін тапқан сөздер тіркестері көп жылғы дағды бойынша өздерінің ұяласқан жұбын жазбайды. Одан сәл ауытңу, бір жалғаудың орнына екінші жалғауды жұмсай салу сөз тіркесінің тұр-қын бұзады. Мысалы, атқа мінді дегенді — аттан мінді, атпен келді дегенді аттан келді, атқа келді деуге болмайды, болса, басқа мағынада жұмсалады.

Барыс жалғауын меңгере алатын негізгі етістіктер мыналар:

1. Қимыл бағдарын білдіретін етістіктер, мыс.: кету, бару, ұмтылу, қозғалу, жақындау, таяну, беттеу, келу, қамау, кіргізу, кіру, жету, жіберу, жүру.

2. Қимылдың мекенін білдіретін етістіктер, мыс.: отыру, тұру, жату, міну, қону, түсу, қою, шығу.

3. Кісінің ішкі әрекетін білдіретін етістіктер; мыс.: сену, нану, ұнау, жалыну, қуану, қайғыру, қызығу.

4. Кісінің не басқа заттың қабылдау күйін білдіретін етістіктер, мыс.: көріну, есітілу, сезілу, түсіну, құлақ қою, зер салу.

5. Кісінің іске қатысын білдіретін етістіктер, мыс.: кірісу, араласу, қатысу, жәрдемдесу, жолығу, ұшырау.

Бұл етістіктердің көпшілігі — салт етістіктер. Барыс жалғаулы есімдердің ондай етістіктермен байланысы берік болады да, сабақты, етістікті сөз тіркестерінің құрамына енген барыс жалғаулы есімдер-дің мағыналық байланысы екі жақты болады: олар етістіктермен де, сөйлем ңқрамында тұра объект қызметіндегі заттармен де мағыналык; байланыста болады.

Барыс жалғауының мағынасы, әдетте, шығыс жалғауына қарсы болады, мыс.: үйге кірді, үйден шықты; Есеннен алды, Ерболға берді

Барыс жалғауындағы есімдер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері екі түрлі мүшелік қатынаста жұмсалады:

I. О б ъ е к т і л і к. Бұл топқа енетін сөз тіркестерінің мағыналық қатарлары былай болады:

1. Барыс жалғауындағы зат не зат орнына жұмсалатын есімдік, сын, сан есімдер сөйлемдегі басқа заттың кімге, неге арналға-нын білдіреді, мыс.: кітапты балама алдым, телеграмманы Өскенбайға жібердік, мақаланы редакторға тапсырдым.

2. Барыс жалғауындағы есімдер қимыл процесінің қандай зат-тармен үстемеленгенін білдіреді, мыс.: дәулетке бату, малға толу, қызметке жарау.

3. Іс-әрекеттің барыс жалғаулы есімдерге беттегенін білдіреді, мыс.: Әміреге қарау, маған келу, тойға әзірлеу.

II. Пысықтауыштық. Барыс жалғаулы есімдермен етістіктерден құралған сөз тіркестері, көбінесе, пысықтауыштық қатынаста айтылады. Сондағы оның негізгі мағыналары: мекендік, бағыт-беттегендік, мезгілдік, мақсаттық.

1. Мекендік ұғымды білдіретін сөз тіркестерінің құрамында жер, көше, стадион, үй, түбі, алды, арты тәрізді келемдік ұғымы бар

зат есімдер мен келу, түсу, отыру, жату, төсеу, тұру, қою, салу, түсу, көму тәрізді қимылды білдіретін етістіктер болады, мыс.: [Осы] жерге келу, [мына] [жерге көму, көшеге түсу, астына төсеу, құдыққа салу, орындыққа отыру, кереуетке жату, төбеде тұру.

2. Қимылдың бағытын, беттеген жағын білдіретін сөз тіркестері-нің құрамында көлемдік ұғымы бар зат есімдер мен кету, бару, өрлеу, жіберу, кіргізу, шығу тәрізді бағдарды меңзейтін етістіктер болады, мыс.: тауға кету, далаға бару, төбеге өрлеу, елге жіберу, қақпаға кіргізу, үйден шығу.

3. Мезгілдік мағынаны білдіретін сөз тіркестерінің бағы-ныңқы сыңарлары уақытты, шақты меңзейтін есімдер болады да, басыңқы сөзі барыс жалғауын меңгере алатын етістіктер болады, мыс.: түске шақыру, алты, айға алу, үш жылға сайлану, көктемге қарату.

1 4. Мақсатты білдіретін сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары не -г е, н е ү ш і н деген сөздер мен -у, -мақ тұлғалы қимыл есімдері болады да, олардың барыс жалғауында тұруын керек ететін етістіктер болымды, болымсыз тұлғада айтылады, мыс.: неге келдің? Не үшін алдың? Оқуға келдік. Оқу үшін алдық.

 

Шығыс жалғаулы сөз тіркестері

 

Етістікті сөз тіркестерінің жиі ұшырайтын ендігі бір түрі — шы-ғыс жалғаулы есімдер мен етістіктер тобы. Мұнда да жалғаулы есім-дерді етістіктер меңгеріп, солардың байланысынан толықтауыштық және пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері жасалады. Шығыс жалғаулы есімдерді (көбінесе зат есімдер мен есімдіктерді) меңгере-тін етістіктер, негізінде, мыналар: шығу, шығару,қайту, қайтару, келу, келтіру, түсу, түсіру, жүру, қозғау, қарау, қарату, тастау, алу, алдыру, көріну, көрсету, оқу, үйрену, өту, өткізу, қорқу, озу, оздыру, таю, тайдыру, туу, тану, секіру, асу (таудан асу), өлу, тарау, ұшу, тоңу, істеу, тігу (барқыттан тігу), салу (тастан салу), қалу, пісіру, орнату (тастан орнату), соғу, қарғу, сұрану т. б.

Бұлардың көбі қ и м ы л (мыс.: тастау, шығару, тарау, тоу) және қабылдау (мыс.: көру, қорқу, қарау, үйрену) мәнді етістіктер.

Меңгеретін етістіктер, осылардай, әр түрлі мағынада болатын-дықтан, олармен шығыс жалғауда тұрып сөз тіркесін құрайтын есім-дер де әр түрлі болады. Олардың тіркесінен әр түрлі қосымша мағына пайда болады; мысалы, үйден шығу, алыстан көрсету — пысықтауыштық қатынаста мекендік мағынада жұмсалған. Кешке шығу, биыл көрсету — мезгілді, қорыққаннан шығу, ұялғаннан көрсету — себеп-салдарды білдіреді.

Осылардай, бір сөз жетегінде әр түрлі есімдер болуына қарай және де бір есімді әр түрлі етістіктің меңгеруіне қарай (мыс.: терезеден қарау, терезеден түсу, терезеден асыру) сөз тіркестерінің мағына-лары түрленіп отырады.

Шығыс жалғаулы есімдер мен етістіктерден құралған сөз тіркес-тері де т о л ы қ т а у ы ш т ы қ және пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.

I. Т о л ы қ т а у ы ш т ы қ қатынаста жұмсалатын шығыс жал-ғаулы сөз тіркестерінің мағыналары, негізінде, мынадай болады:

1. Заттың басқа заттан істелу тегін білдіреді, мыс.:

Өнер білім бар жұрттар

Т а с т ан сарай с а л ғ ы з д ы (Алтынсарин).

Т а с т а н жер ошақ ж а с а п, шай қайнаттым (Мұстафин).

 

Б о л а т т а н сұңқар ұ ш ы р ы п,

Мұхиттан әрі асамыз.

Қ у а т т а н дария а ғ ы з ы п,

Е р л і к т е н ерлік т у ғ ы з ы п

Өрге өрлеп тасамыз (Жамбыл).

 

Мұндай шығыс жалғаулы сөз тіркесін меңгеретін етістіктің же~ тегінде тура толықтауыш та болады. Сонда шығыс жалғаулы жанама толықтауыш тура толықтауышпен де мағыналық байланыста тұрады.

2. Мағлұматтың, әрекеттің шығу тегін білдіреді. Ондай сөз тір-кестерін құрайтын етістіктер — кісінің қабылдау әрекетін білдіретік сабақты етістіктер (алу, алдыру, білу, есіту, оқу, үйрену, сұрау): кісі-ден есіту, (білімді) кітаптан алу, үлкеннен үйрену, сөзінен білу, жолдасынан сұрап алу.

3. ПІығыс жалғаулы зат есімдер айрылу, құтылу, айығу, жазылу, қашу, тазару, тазарту, безу сияқты етістіктермен тіркесіп, бірде-ңеден арылу, құтылу мағынасында жұмсалады, мыс.: аурудан айы-ғу, бәледен құтылу, жамандықтан қашу.

4. Сан есім не болмаса сан есімнен анықтауышы бар зат есім шығыс жалғауда тұрып етістікпен тіркескенде,сөз тіркесі з а т т ы ң, с а н д ы қ бөлшегін не д а р а л а н ғ а н мөлшерін білдіреді: С е г і з ж ү з ж ы л қ ы д а н бір тай қ а л м а ғ а н е к е н. Әрбір қонақтың сыртында е к і д е н, ү ш т е н жастықтар ж а т ы р (Әуезов). Ваннаға олар.., а л т ы к і с і д е н к і р д і [Гайдар].

Маған күніне е лу т и ы н н а н неге б е р і п от ы р?

Әлі б і р с о м н а н б е р е т ін б о л а д ы! (Мүсірепов).

 

II. П ы с ы қ т а у ы ш т ы қ қатынаста жұмсалатын шығыс жал-ғаулы сөзі бар етістікті тіркестер, негізінде, мынадай мағыналарда айтылады:

1. Көлемдік. Ондай сөз тіркестерінің көлемдік мағыналары істелетін істің әйтеуір бір басталу орнын көрсетуге негізделеді. Көбі-несе олар қимыл процесінің заттың үстінен, ішінен, арасынан шық-қанын көрсетеді, мыс.: арбадан түсу, үйден шығу, терезеден кіру, тоғайдан өту.

Көлемдік мағыналы сөз тіркестерінің енді бірқатары қимылдың басталу, болу орнын (мекенін) білдіреді, мыс.: қаладан аттану, базардан қайту, университеттен келу, ауданнан кету, осы арадан тарау.

2. Мезгілдік. Бұл мағынада бағыныңқы сөз мезгіл мәнді және кісінің жас мөлшерін білдіретін есімдер болады да, басыңқы сөз, көбінесе, қабылдау мәнді етістіктер болады, мыс.: былтырдан бі-лемін, жастайымнан түсінгенмін.

3. С е б е п-с а л д а р. Бұл мағынада жұмсалатын сөз тіркесінің шығыс жалғаулы сыңары есімше не қимылдық есім болады, мыс.: ұялғаннан қ ы з а р д ы, түсінбегендіктен қ а т е л е с т і, ү й- ықтап қалғандықтан к е ш і к т і. Жақып қ у а н ғ а н н а н кү-л і п ж і б е р д і (Мүсірепов). Жабай өзінің білместігінен ұялыңқырап қ а л д ы. Мүмкін, с а н ы б е с е у болғандықтан «бестік» деп аталатын ш ы ғ а р.(Сәрсенбаев). К ө п т е н көрмегендіктен Ботакөз апасын с а ғ ы н ғ а н (Мұқанов).

4. А м а л. Шығыс жалғаулы есімдер етістіктермен тіркескенде; қимылдың амалын (қалай болғанын) білдіреді, мыс.: етбетінен құ-лау, даусынан тану, мұртынан күлу

 

Жатыс жалғаулы сөз тіркестері

 

Басқаларына қарағанда, жатыс жалғаулы есімдіктерді меңгере алатын етістіктердің саны онша көп емес. Олардың көпшілігі заттың күйін білдіретін салт етістіктер: отыру, тұру, жүру, жату, кездесу, ойнау, қону, көру, көрсету, ұйықтау, қалғу, қалу, сүйену, жылау, ескеру, үйрету, ұнау, кіру т. б.