Зат есімді тіркестер 7 страница

Туынды үстеулер қатысты етістікті сез тіркестері әр түрлі анық-тауыш-пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады: -ша\\ше косым- шалы үстеулермен (биылша, бүгінше, қазірше, ізінше, артынша) келген сөз тіркестері қимылдың әр түрлі мезгілдік кезеңдерін білдіреді. Бұл үшін ол үстеулер көбінесе қимыл етістіктерімен тіркеседі: биылша барма, бүгінше тоқтай түр, әзірше жүрмеймін, ізіңше кейін қайт, артынша қарадым. Қабашбай, ізінше қалаға тарт (Сланов). Бү г і н ш е д е м а л, ертең Қызылжарға атта-натын бол! (Тілеков). Б ү г і н ш е ж а т с ы н осы кухняда (Мұқанов). Маған дегенде Митягиннің іші бұрынғыша е л ж і р і п т ұ р а д ы (Макаренко).

-ш а\\-ш е тұлғалы жанды зат есімдерден жасалған үстеулер салт етістіктермен тіркесіп, сол заттарға тән істің тәсілдерін білдіреді, мыс.: боташа боздау,өгізше өкіру, қазақша сөйлеу, ерлерше күресу. Олар пештің үстінде отырып, қазақша кеңесті (Мұқанов). Уа, ендеше осылай... өзгеше бір е р л е р ш е қ у а н а й ы қ! (Әуезов). Е с к і б и ш е о т ы р м а н бос мақалдап, е с к і ақынша мал үшін тұрман зарлап (Абай). Оқты жаңбырша ж а у д ы р а д ы (Сейфуллин).

Барынша, көбінше (көбінесе) тәріздес үстеулер қатысгы етістікті сөз тіркестері істің сан-мөлшерлік және салыстырма мезгілдік дәре-жесін білдіру үшін жұмсалады, мыс,: көбінше үйде боламын, барын-ша күтті, осынша күттірді. Қоғамның материалдық, мәдени қажеттерін барынша қанағаттандыру к е р е к (газеттен). Бүгін қал деп о с ы н ш а ө т і н с е м де қалмады. Оны күндіз б а р ы н- ш а к ү т е д і (Әуезов). Ең қайратты деген Тілеудің о с ы н ш а е г і л г е н і н е с і? (Сланов). Құнанбай онша ш і м і р к е н г е н ж о қ-т ы (Әуезов). Қ а н ш а м а қысып сұраса да, үйымдас-тырушыларды таба алмады (Есенжанов).

Кейде -ған тұлғалы есімшелер де -ш а\\-ш е жұрнағын қабылдап, мезгіл үстеулеріне айналады. Ал мұндай үстеулер көбінесе өзі меңгеретін есім сөзбен бір тіркесте қолданылады да, осы күйінде тұтасымен етістікке қатысты болады: Айтыс Ой ы л ғ а ж е т к е н-ш е басылмады (Мұстафин). Менің мектебіме түс... Қ о л ы м н а н келгенше қ а р а с ы п к ө р е й і н (Сланов).

-дай\\-дей, -сыз\\-сіз аффикстерін жалғау арқылы есімдерден жасалған үстеулер сирек кездеседі. Дегенмен мұндай үстеулер етістікті сөз тіркестерінің құрамында жиі қолданылады. Зат есімдер мен -ған тұлғалы есімшелерге -дай\\-дей жұрнақтары жалғану арқылы жасалған үстеулер салт етістіктермен және сирек болса да, сабақты етістіктермен тіркесіп, қимылдың салыстырмалы сапасын білдіреді, мыс.: бұлбұлдай сайрау, көріктей көтерілу, сүліктей сору, шыбықтай бұраңдау, безгек болғандай қалтырау. Кеудем к ө р і к т е й көтерілді (Мүсірепов). Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды (Абай). Білте шам б е з г е к б о л ғ а н - д а й қалтырап тұ р (Мүсірепов). Ол м е н і танымағандай бетіме қайта-қайта қ а р а д ы (Шаймерденов). Қонақтың ұйқысы ш а й д а й ашылды (Мұстафин).

ы з || -с і з тұлғалы үстеулермен келген етістікті сөз тіркестері кимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі амалын, күйін білдіреді, мыс.: орын- сыз сөйлеу, еріксіз күлу, үздіксіз көбею. Василий Антонович е р і к -с і з күліп ж і б е р д і (Мұстафин). Кітапханалардың саны да үздіксіз к ө б е й і п к е л е д і («Қаз. әдебиеті»). Итбайдың жазықсыздан-жазықсыз Амантайды бір сабатқаны бар еді. Мынау Сырдария сияқты мол судың ауылдың тұсынан пайдасыз ағып жатуы өз денесінің қаны төғіліп жатудан кем батпайтын еді (Мұқанов). Кейбіреу жайдары, ашық боламын деп, орынсыз адамдармен жыртақтаған (Абай).

 

Е с к е р т у. Туынды үстеулердің кейбірі сын есіммен тіркеседі, мыс.: тастай қараңғы, сүттей ақ, мұнша көп, онша көп емес, оншалық сапалы емес.

Еліктеуіш сөзі бар тіркестер

 

Еліктеуіш сөздерді өзіндік дербестігі бар сөз табының бірі деп танимыз. Еліктеуіш сөздер қазіргі қазақ тілінде көбінесе көмекші не негізгі етістіктермен бір тіркесте қолданылады, мыс.: (мылтық) тарс етті, (жарық) жылт етті: (арба) кілт тоқтады, (бала) жалт карады.

Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұм-салатын еліктеуіш сөздер етістіктерді мәнерлі түрде еліктеу түрғы-сынан сыпаттайды. Оның ішінде бір буынды еліктеуіш сөздері бар тіркестер қимыл-әрекеттің шапшаңдық қарқынын меңзейді, мыс.: жалт бұрылу, тарс жабылу, кілт тоқтау, Ал, қосарланып айтылған еліктеуіш сөздері бар етістікті тіркестер қимыл-әрекеттің созылымдылығын көрсетеді, мыс.: жалт-жалт қарау, бұрқ-бұрқ қайнау, тарс-тарс соғу. Сонда олардың мағыналары кісінің көру не есіту сөзіміне үйлесімді

 

болып, кейде дыбысқа еліктеуді, кейде қимылға тән әрекеттің көріну амалын білдіреді. Өздерінің осы ерекшелігіне лайық әрбір еліктеуіш сөз белгілі етістіктермен не етістіктер тобымен тіркесе алады. Осы түрғыдан қарағанда, еліктеуіш сөздері бар тіркестерді тұрақты деп те есептеуге болатын тәрізді. Алайда бұлар еркін тіркестер қатарына жатады. Өйткені ондай тіркестердің құрамындағы сөздер өздерінің лексикалық та, грамматикалық та дербестігін жоғалтпайды. Оның үстіне, еліктеуіш сөздердің тіркестік топ құрай алатын етістіктері белгілі ғана сөздер болғанмен, ол етістіктермен тіркесе алатын елік-теуіш сөздер бірнеше болуы мүмкін, мыс.: қарқ-қарқ күлу, сақ-сақ күлу, сылқ-сылқ күлу, мырс-мырс күлу.

Мұндай тіркестердің көп жұмсалатын жері — көркем әдебиет. Онда олар көрікті, көркем, әсерлі ойдың материалы есебінде қолданылады. Кісінің көру, есіту сезіміне әсер ететіндей эмоциялы, экспрессивті күште болады.

Еліктеуіш сөздер қуану, сағыну, түсіну тәрізді адамның ішкі сезім күйін білдіретін етістіктермен тіркеспейді. Олар көбінесе қимылды немесе заттың әрекетін білдіретін салт етістіктермен тіркеседі, мыс.: жалт бұрылу, кілт тоқтау, зыр айналу, күрс жарылу, морт сыну, жалт-жалт қарау, тырс-тырс соғу, бұрқ-бұрқ қайнау.

Социалистік индустрияның дөңгелегі з ы р ж ү г і р д і (Мүсі-репов). Самолет гүрс жарылып, от жайылып жүре берді. Үйдің қабырғасында т ы р с-т ы р с соққан үлкен қабырға сағаттың дыбысы анық естіліп тұр. Жанат с ы л қ- с ы л қ к ү л і п ж і - б е р д і. Ахмет қ а р қ - -қ а р қ күлді. Алма с а қ-с а қ кү л і п ж і-б е р д і (Мұстафин). Колхоздың қара сабалары г ү м п-г ү м п п і- с і л д і (Мүсірепов). Мылтық даусы гүрс-гүрс шықты (Сланов).

Бір буынды еліктеуіш сөздер сирек қолданылады. Оның үстіне мұндай еліктеуіш сөздердің әрқайсысы белгілі бір етістіктермен ғана тіркесе алады. Мысалы, шыр сөзі айналу етістігімен ғана, кілт сөзі тоқтау, бұрылу етістіктерімен, жалт сөзі қарау, бұрылу, беру сөздерімен, гүрс сөзі жарылу, құлау сөздерімен, қарс сөзі айрылу, жарылу етістіктерімен және морт сөзі сыну сөзімен, ал зыр сөзі жүгіру, айналу етістіктерімен тіркесе алады.

Қос сөзді еліктеуіштер етістікті тіркестердің құрамында жиі қол-данылады. Осымен байланысты мына бір жайды ескерген жөн: кез келген бір буынды еліктеуішті қосарлап айтуға болады (мыс.: гүрс-гүрс, жалт-жалт), ал кез келген қос сөзді еліктеуіштерді бір буынды етіп айтуға болмайды (мыс.: кұж-құж қайнау, лүп-лүп соғу).

Граната гүрс-гүрс ж а р ы л д ы (Мүсірепов). Жанәбіл қарқ-қарқ күлді (Мұстафин), Аспан... с а л д ы р-г ү л д і р қ ұ л а п келе жат-қандай б о л д ы (Мүсірепов). Аяқ бассаң, (ол жердің) сортаң суы ш ы п-ш ы п ш ы ғ ы п, шыпылдап жатады. Күркіреп жер шатыр-шұтыр ж а р ы л а д ы секунд сайын (Сәрсенбаев).

Еліктеуіш сөздерге етіп, еткізіп көмекші етістіктердің жалғасуы арқылы олардың негізгі етістіктермен тіркесу қабілеті арта түседі. Бұл жағдайда да ондай сөз тіркестері амал пысықтауыштық қаты-наста жұмсалады:

Мария апайдан басқаның бәрі де мырс е т і п күліп ж і б е р д і. Қара теңіз бұрқ-бұрқ етіп қайнап жатқандай. Әлдеқайдағы біздің екі көк қырғи жарқ е т і п к ө р і н д і. Құлағыма дүрс-дүрс етіп аспан жүрегінің соққаны естіледі. Оқтардың гүмп етіп түсіп, гүр етіп жарыла бастағаны естіле бастады. Семен..., бір темір қал-пақты са қ е т к і з і п төбеден ұрып ж і б е р д і (Мүсірепов).

Көсемшелі сөз тіркестері

 

Көсемшелер — синтаксистік қызметі жағынан етістіктің үстеуге ұқсас бір түрі. Олар жіктік жалғауларын қабылдап, көсемшелік қа-сиетін жойып ала береді, бірақ көсемше тұлғаларында оқшау тұрып, күрделі мүшенің, мысалы баяндауыштың құрамында, сонымен қатар толық мағыналы сөз ретінде етістікпен қабыса байланысып пысық-тауыш та болады.

Соңғы екі жағдайда көсемшелік тұлғалар бір етістікті екінші етістікке бағынышты ететін қосымша қызметінде жұмсалады. Солай болатындықтан көсемшелер тек етістіктерге қатысты болып, тек етістіктермен ғана тіркесе алады. Олардың етістіктермен тіркескіштік қасиетін мынадан көруге болады; етістіктердің модальдық, шақтык; видтік т. б. мағыналарын түрлендіру үшін немесе әр түрлі пысықтауыштық қатынаста жұмсалу үшін етістіктер көсемше тұлғалары арқылы бірінің үстіне бірі жамалып, өз ара қат-қабаттала береді. Мысалы, а с ы қ п а й оқыды а с ы қ п а й оқып отыр еді, а с ы қ п а й о қ ы п кетіп бара жатыр еді; осылар-дың ішінде тек асықпай сөзі ғана пысықтауыш мүше қызметінде дербес қолданылған да, қалған көсемшелер тұтас бір түйдекті тіркес құраған. Кейде осы тәрізді қат-қабатталудың нәтижесінде бір сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалатын тіркес құрамында бес сөзге дейін, ал екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқара алатын тіркестер құрамында он сөзге дейін болады. Мысал үшін мына төмендегі тіркестерге назар аударайық: 1. Жүгіріп кету, жүгіріп кетіп бара жатыр, жүгіріп кетіп бара жатыр еді; 2. Асықпай оқып отыр, асықпай оқып отыра берді. 3. Асығып оқып кетіп бара жатып, сүрініп кетіп, жыгылып қала жаздап еді. Соңғы мысалда 11 сөз бар. Бұлар мынадай синтаксистік топтар құраған: соңғы төрт сөз баяндауыш қызметінде (жығылып қала жаздап еді), қалған үш топ әр түрлі пысықтауыш қызметінде айтылған: 1) асығып; 2) оқып кетіп бара жатып сүріну; в) сүрініп кетіп жығылу.

Мұндай мысалдар қазақ тіліндегі көсемшелердің етістікті сөз тіркестерін құрауда ерекше икемдігі барлығын дәлелдейді. Көсемшелер таза етістікті сөз тіркестерінің көп кездесетін топтарын құрайды. Кез келген негізгі етістік мұндай сөз тіркесі құрамында оның не бағыныңқы, не басыңқы сыңары қызметінде жұмсала алады. Мысал үшін мына сөз тіркестерінің құрамына көз жіберейік: қуып жету, қуып жетіп оқу, түсініп сөйлеу. Бұл мысалдағы бағыныңқы көсемшелерді мына мысалдағыдай басыңқы етіп айтуға болады: ойқастата қуу, бастырмалата қуып жету, оқып түсіну.

Көсемшелердің етістіктермен тіркесуі олардың тұлғасы мен ма-ғыналық үйлесіміне байланысты болады. Мысалы, сөйлеу етістігі мен кісінің ішкі, сыртқы күйін білдіретін көсемшелер ғана тіркесе алады:: ашуланып сөйлеу, ызаланып сөйлеу, күлімсіреп сөйлеу, қылмаңдай сөйлеу, қызараңдап сөйлеу, назданып сөйлеу, біліп сөйлеу, түсініп сөйлеу, жақтырмай сөйлеу, ұнатпай сөйлеу, саспай сөйлеу, қорқып сөйлеу, отырып сөйлеу, қырылдап сөйлеу, ентігіп сөйлеу т. б.

Осы келтірілген мысалдардан кесемшелер мен етістіктерден құ-ралатын сөз тіркестерінің аясы кең екенін аңғаруға болады. Бұдан кез келген көсемшені кез келген етістікпен тіркестіре салуға болады деген түсінік болмауы керек. Мысалы, ентіге жүгіру, асыға жүгіру, таяқ ала жүгіру, ақсаңдай жүгіру — әбден табиғи байланыстығы

 

жарасымды тіркестер. Ал, жүгіру етістігі мен сызылып, жүре көсемшелерін тіркестіру зорлық болар еді.

Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде көсем-шелер барлық тұлғада бірдей жұмсалмайды. Бұл қызметте -ы п\\ - і п\\-п тұлғалы көсемшелердің болымды түрі жиі жұмсалады да, -а\\-е, -й тұлғалы көсемшелер сиректеу, ал -ғ а л ы\\-г е л і, -қалы\\ -к е л і тұлғалары одан да гөрі сирек кездеседі.

Көсемшелі сөз тіркестері пысықтауыштық қатынастарды, атап айтқанда, қимылдың амалын, мезгілін және мақсатын білдіреді. Сонда көсемшелер етістіктің — қимыл процесін білдіретін сөздердің — қимылдық сапасы ретінде жұмсалады. Ол үшін көсемшенің кез келген тұлғасының бірін жұмсаса болады деп қарау дұрыс емес. Олардың әрқайсысының өзіне ғана тән ерекшеліктері барлығын сөз тіркесі құрамында анық байқауға болады.

-ы п\\-і п\\-п тұлғалы көсемшелер амал пысықтауыш қызметінде, көбінесе, салт етістіктермен тіркеседі: Амантай орнынан ұшып тұрды (Мұстафин). [Ғайша] жеңгесінің қасына сызылып қана о т ы р д ы (Көбеев). Жолдың үстінде жалғыз қара с о п а й ы п к ө р і н – е д і (Мүсірепов). Бір қоянды бір тазы бастырмалап қ у ы п к е л е ж а т ы р е к ен (Ерубаев). Әр жерде ақырын ш ұ л ғ ы п балықшы кемелері жүр (Мүсірепов). Жүгіріп тысқа да ш ы қ қ а м ы н.

Дегенмен -ы п\\-і п, -п тұлғалы көсемшелер сабақты етістіктермен де тіркеседі, мыс.: Әйгерім әнін Абай мүлгіп тыңдады (Әуезов). Қара құс б а с ы п ж е й д і, сүңқар құс шашып ж е й д і (мақал).

-ып\\-іп, -п тұлғалы көсемшелер өздеріне қатысты есімдермен бірге күрделі сөз тіркесінің құрамында да қимылдың амалын, мақсатын т. б. білдіреді: Қаланың солтүстік жағында... нардай ш ө г і п бір тау жатыр (Мұстафин). Кісілер салқындайық д е п далаға шықты (Көбеев). Баталъон командирі бізге қ а й т д е п ә м і р етт і. Пісіп қалған алма мен өрік т о п-т о п етіп үзіліп түседі (Мүсірепов). Қыз-келіншек үй т і г е р, бұрала б а с ы п, былқылдап (Абай).

-а\\-е тұлғалы көсемшелер мен етістіктерден құралған сөз тіркес-тері қимылдың амалын, тәсілін барынша айқын түрде хабарлайды: Лиза Рахметке қ а д а л а қ а р а д ы (Ерубаев). Жақсылық оған кү- л е қ а р а й д ы (Сланов). (Ол) қ у а н ы ш е т е қ а р а п о т ы р (Әуезов).

Кейде -ғ а л ы\\-г е л і, -қалы\\-келі және -а\\-е тұлғалы кө-семшелер өздеріне қатысты болатын есімдермен бірге сөз тіркесінің құрамында қимылдың мақсатын білдіреді: Айғырды Шығайбай ү й і- р г е с а л ғ а л ы... қ ұ л ы н а л ғ а л ы алыстағы елден алдырып-ты («Алдар Көсе әңгімелері»). Базарәлі Құнанбайға сәлем б е р е к е л г е н - д і (Әуезов). ...Д о с т ы қ білдіргелі к е л д і к, — деді Қожекең (Мүсірепов). Сен маған с ә л е м б е р е к е л г е н шығарсың?... Абайды ұзақ жолға аттандырғалы жақындары тегіс далаға шықты (Әуезов).

-ғ а л ы\\-г е л і, -а\\-е тұлғалы көсемшелермен келген тіркестер күрделі не үйірлі мүше қызметінде мезгілдік қатынаста жұмсалады: Е л ж ат а Олжабек... к ө ш е жөнелген (Мұстафин). Осы сә-лемді е с т и сала Базарәл і атқа м і н г е н (Әуезов).

Қос сөз түрінде келген көсемшелер етістіктермен тіркесіп, қи-мылдың дүркінділігін, созыңқылығын білдіреді: Сөйлей-сөйлей шешен боларсың (мақал). ¥рыны ұ р ы п-ұ р ы п үйден қуып ж і - б е р і п т і («Алдар Көсе әңгімелері»). [Ол] ...тәтті тал-

42

қанды аузын т о л т ы р а-т о л т ы р а а с а д ы (Мұстафин). Сары тазы енді таң қалып тұрып-тұрып, ақырында, Абай ұзап кете бастаса, тынышсызданып, ү р е бастайды (Әуезов).

Бұлардың барлығы көсемшелердің мағыналық жағынан да, тұл-ғалық жағынан да етістіктермен қабысу жолымен тіркесіп, етістікті сөз тіркестерінің ең көп таралған тобын құрайтындығын дәлелдейді.

Пысықтауыштық қызметтегі көсемшелер де, мезгіл үстеулері си-яқты, сөйлемде өздері қатысты етістіктерден аулақ кетіп, алшақ қа-бысу ыңғайында да жұмсала береді, мыс.: Құрымбай үйге а с ы ғ ы п к і р д і. А с ы ғ ы п Құрымбай үйге к і р д і. Құрымбай а с ы ғ ы п үйге к і р д і. Осының бәрінде көсемше тек етістікпен тіркеседі, басқа сөздермен тіркесе алмайды. Сондықтан сөйлемнің барлық шенінде тұра береді.

Сын есімді сөз тіркестері

 

Сын есімдердің етістіктермен тіркесуі — сирек кездесетін құбы-лыс. Барлық сын есім етістікпен тіркесе бермейді, барлық етістікке сын есім бірдей қатысты бола бермейді. Сын есімдер етістіктермен тіркескенде, қимылға не күйге тән қасиетті, сапаны білдіреді. Барлық етістік бірдей ондай сапалық айқындауыш болуды керек етпейді. Ондай етістіктер сан жағынан көп емес, тек кісінің не басқа заттың ішкі сезімін, күйін, қабылдау қабілетін білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау сияқты және кейде қимылды, қозғалысты білдіретін кес, піш, бойла, тура тәрізді сабақты етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланыста бола алады.

Сапалық сын есімдердің ішінде мынадай сөздер етістікті сөз тір-кестерінің бағыныңқы сыңары болады: жақсы, жаман, қатты, ұзын, қысқа, кең, оңай, қиын, ұзақ т. б.: жақсы түсінді, жаман жазды, оңай түсінді, ұзын кес, кең піш, майда тура. Бұлар етістікті сөз тіркестерінің құрамында пысықтауыштық қатынасты білдіреді.

Қатыстық сын есімдердің ішінде етістікті сөз тіркесінің бағының-қы сыңары қызметінде -сыз\\-сіз, -дай\\дей тұлғалы сөздер көп жұмсалады: Абай түнді ү й қ ы с ы з ө т к і з д і (Әуезов). Е ң б е к-с і з т а п қ а н мал е с е п с і з к е т е д і (мақал). Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес, нәзік бел т а л ш ы б ы қ т а й бұраңдаган (Абай).

 

Сан есімді сөз тіркестері

 

Сан есімдер заттың сандық сапасын білдіретін сөз ретінде есімді сөз тіркестерінің құрамында жиі қолданылатыны белгілі. Дегенмен, олар етістіктермен де тіркесе береді. Сан есімдер етістікті сөз тіркестері құрамында пысықтауыштық қатынаста қимыл процесін сандық сапа тұрғысынан пысықтайды. Бұл қызметте сан есімдер атау тұлғасында етістіктермен қатар тұрады. Сонымен қатар сан есімдер рет, есе, қабат тәрізді сөздермен қосарланып та жұмса-лады: үш рет келді, екі есе көбейді, үш қабат айтты т. б.

Есептік сан есімдер ал, айт, сөйле, кел, қара, жүр, өл, тіріл, секір, сурін тәрізді етістіктермен қабыса тіркеседі. Сан есімдер бұл қызметте қимыл мен күйдің қайталану мөлшерін білдіреді: Жан-бота туды екі алд ы (Мұстафин). Жаңбыр б і р ж а у с а, терек екі ж а у а д ы (мақал). Әкесі е к і ө л і п, екі т і р і л і п бір жетіден кейін қайта өлгендей болар еді (Мүсірепов). Жомарт екеуі коммунизмге б і р-а қ с е к і р м е к (Мұстафин). Ит б і р с ү р і н-

с е, қырық сүрінеді (мақал). Батырлар сол бетімен о н төрт қонып, Қара Ертіс жағасына барды жетіп (Байзақов).

 

Қосарлы сан есімдер етістіктермен тіркесіп, іс-әрекеттің ш а м а- м е н алғандағы қарқынын білдіреді: Би-болыстар е к і-ү ш қонып... ауылнайға қарай кетті (Көбеев). Қожаш та... қамшымен Шалқанды б і р-е к і т а р т ы п ө т т і. Шалқан Жүністі қамшы-мен екі-үш р е т с і л т е п ө т т і (Көбеев). [Ол] бір сөзді бес -а л - ты р е т ж ө н д е й д і (Ерғалиев).

Сан есімдер етістікті сөз тіркесі құрамында рет, дүркін, қабат сөздерімен қосарланып, қимылдың дүркінділік дәрежесін көрсе-теді: [Ғайша]... бірер рет көзінің астымен Қожашқа қарап қой- д ы. Бұл мәселе обкомда б і р і н ш і р е т қаралғанда, аудан өкілі боп рахмет те қатынасты, (Мұқанов). Бейсен е к і дүркіп с ө й - л е п үлгірді (Мұстафин). [Айшакүл мектеп үйін] бір сылағанда, үии қ а й т а р а с ы л а д ы (Майлин). Мың қабат т ү ш к і р с е ң і з д е, мұншалықты кедей колхоз бар дегеніңізге сену қиын (Әбішев).

Сан есімдер есе сөзімен қосарланып келіп, етістіктермен тіркес-кенде, қимылдың сандық тұрғыдан даму дәрежесін білдіреді: Жұ-мыс аумағы ү ш е с е ұ л ғ а й д ы (Мұстафин). Олар жоспарды бірі ү ш е с е, бірі б е с есе орындады (Мұстафин).

Мезгіл мағыналық есімдер мен саң есімдер тобы етістіктермен тіркесіп, к ү р д е л і сан мөлшерін білдіреді: алты ай іздеді, бес километр жүгірді, он сағат істеді. Мұндай сөз тіркестерінің сан-мөлшерлік мәні, көбінесе, мезгілдік, мекендік болады: Ауылдастар... бір төбені б і р а й қ а з д ы (Ерғалиев). Үйіндегі бір нанды б і р ай ж е й д і аз-аздап (Абай). Бұлар байдың үйінде... екі-үш күн жатты (Көбеев). Иванов 10 мину т с ө й л е д і (Нұрпейісов). Жомарттың жоспарын Жанат с е г і з к ү н ұ с т а д ы (Мұстафин. Үш а д ы малға к е т т і. О н к и л о м е т р жү г і р д і.

Зат есімді сөз тіркестері

 

Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің үлкен бір тобы — зат есімді тіркестер. Зат есімдер сабақты етістіктермен қабыса тіркесу арқылы әрі мағыналық, әрі грамматикалық тығыз байланыстағы сөздер тобын құрайды. Сөз тіркестерінің бұл түрі тура объектілік қатынаста жұмсалады, Жалғаусыз табыс септіктегі зат есімге сабақты етістіктің қимылы ауысып түсіп, онымен біте қайнасқан байланыста тұрады, мыс.: жер жырту, киім тігу, бала оқыту, кітап оқу, мылтық ату, қымыз ішу.