Зат есімді тіркестер 6 страница

Изафеттік темір пеш, ағаш күрек тәрізді құрылыста және кен байлығы, мал шаруашылығы, радио хабары сияқты құрылыста келе-тін түрлері де — синтаксистік байланыстағы сөз тіркестері. Екеуі де қабыса байланысқан. Жалғаусыз қабыса байланысқан зат есімдер то-бын (қыл арқан, ағаш үй) жалғаулы есімдер тобымен (партия оқуы, совет өкіметі, кен байлығы) салыстырғанда, алдыңғыдан соңғы топтағы сөз тіркестерінің синтаксистік байланысының берік, бір тұтас екенін көреміз. Оның себебі — тіркескен сөздердің соңғысы алдыңғысына тәуелдік жалғауы арқылы да байланысып тұрады. Солай болғандықтан Темір пештің оты лаулап жана бастады деген сөйлемдегі темір сөзін тастап айтуға болады, ал Қазақстанда кен байлығы үлкен орын алады, Коммунист партиясы халқымызды бақытты тұрмысқа жеткізді деген сөйлемдердегі кен байлығы, Коммунист партиясы деген сөз тіркестерін олай ыдыратып, екі сыңарының бірін түсіріп айтуға болмайды.

Изафеттік құрылыстың ілік жалғаулы (Қазақстанның байлығы), ілік. жалғаусыз (кен байлығы) болып келетін екі түрінің айырмашы-

 

лығы да жоғарғыдай. Ол айырмашылықты байқау үшін жоғарғы екі тіркесті бір изафеттік құрылысқа сыйыстырып сөйлем құрайық: Қа-зақстанның кен байлығы мол, Мұнда кен дегеннің тіркесті компоненті —байлығы, Қазақстанның деген сөздің тіркесті компоненті тек байлығы емес, кен байлығы. Сол сияқты, колхоздың мал шаруашылыгы, колхоздың ауыл шаруашылығы дегенде де ілік жалғаулы сөздің (колхоздың) тіркесті тобына енетін сөздер тек шаруашылығы емес — мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы. Бұлай болу себебі соңғы сөздердің мағыналық және синтаксистік берік байланыста екендігінде. Бұларды Кавказдың биік таулары деген тәрізді сөздер тобымен бір деп қарауға болмайды: алдыңғылар бір-бір күрделі сөз тіркесі де, соңғы тәрізділерде екі сөз тіркесі бар: Кавказдың таулары, биік таулары.

Тюркологтардың көбі жоғарғыдай сөздер тобының бірінші сыңа-ры белғілі болса, жалғаулы болады, белгісіз зат болса, жалғаусыз бо-лады деп түсіндіреді, Дұрысында ілік септіктің жалғаулы, жалғаусыз жұмсалуының белгілі, белгісіздікке қатысы жоқ. Олай болу меншік-тілік (принадлежность) ұғымды ерекше білдірмеумен байланысты: егер тәуелдеулі зат ілік септеуіндегі затқа меншіктеулі болса, соңғы жалғаулы болады, олай болмай, екі заттың бірі екіншісіне заттың сапа ретінде ғана жұмсалса, ол жалғаусыз болады, мыс.: мемлекет-тің мүлкі мемлекет мүлкі, Абайдың аулы Абай аулы, Лениннің библиотекасы Ленин библиотекасы.

Меншіктілік ұғымы айқын сөз тіркестері бар сөйлемдер: Абай ең әуелі... К ү ң к е н і ң уйіне кірді. Оның тамаша к ү л к і с і сыңғырлап шығып… жұрттың бәрін еліктіріп отыр (Әуезов). Сағындықтың қорылы, машиналардың гүрілі, ас ү й д е г і л е р д і ң аяқ т ы қ ы ры солғын есітіліп тұр (Мұстафин).

Меншіктілік ұғымы солғын, тек зат пен заттың тәуелділік ыңғай-

да анықтауыштық қатынасын білдіретін сөз тіркестері бар сөйлем-

дер: Қызыл отау көшін қ а з а қ қызы бастап келеді (Мұстафин).

Байжанның баласы Апақ с у ы р інінен шыққан жылтыр тас

көмірге кездесті (Мүсірепов). Мартен цехында инженер Са-

гатова құрышты ОТКа-ға тапсырайын деп жатыр екен. Әне біржерде жатқан белбеу өзен Н ұ р а ө з е н і емес пе? (Шашкин).

Әдетте ілік және тәуелдік жалғаулы сөздер тобы екеу-екеуден

қосақтала матасса, кейде ілік жалғаулы бірнеше есімге қатысты тәу-

елдеулі бір-ақ есім және керісінше ілік жалғаулы бір есімнің бірнеше тәуелдеулі заты болуы мүмкін: Сөйтіп ол ащы, көңілсіз

к ү н д е р д ің, ж ы л д а р д ы ң, ғасырлардың д ә у і р і н бұзды, (Ерубаев). Раушанның қызыл шырайлы ж ү з і, күлімсіреген к ө-

з і, баптап сөйлеген с ө з і Бекенді сиқырлаған сияқты болды

{Майлин).

 

Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері

 

Меңгеріле байланысатын сөз тіркестерінің ерекшелігін олардың құралу тұлғасынан білеміз: бағыныңқы сөз барыс, шығыс, табыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде болады да, басыңқы сөз сол жалғаудағы сөзді керек ететін етістік не есім болады. Осыдан меңге-ріле байланысқан сөз тіркесі жасалады. Меңгеруші сөз жетектеуші де, меңгерілуші оның жетегіне еруші сөз болады. Септік жалғаулары сөз бен сөзді байланыстырумен қатар, түрлі-түрлі синтаксистік қатынасты білдіреді. Мысалы, барыс септігіндегі сөз бет алысты, бағытты, мақсатты, мезгілді т. б. білдіреді. Сондай мағыналық қатынастар тек жалғау жалғанған сөздердің әр түрлі болуынан ғана

 

тумайды, тұтас сөз тіркестерінің қарым-қатынасынан туады. Жоғарыда аталған септік жалғауларын меңгеріп, түрлі-түрлі мағыналық қатынастағы сөз тіркесін құрайтын сөздер, негізінен, етістіктер болады. Солай болатындықтан меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері кең түрде жұмсалып, түрлі құрамды болып келеді. Оған қарағанда меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері сирек қолданылады. Соңғы тіркестердің бағыныңқы сыңарлары барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде жұмсалады да, басыңқылары көбінше баяндауыш қызметіндегі есімдер болады, мыс.: [Жерім] малға бай, [Ол] сөзге шорқақ, [Досан] комиссияға мүше, [Мен] саған кіммін? [Оның сөзі] маған түсініксіз, [Бұл ат] мінуге жақсы, [Бұл қылығың] өзіңе жаман.

Бұл тіркестердің байланысу формасы — меңгеру. Есімдердің; есімдерді меңгеруі, етістікті тіркестердегідей, әрі мағыналық, әрі синтаксистік тығыз байланыс негізінде емес, әлсіз байланыс ыңғайында пайда болады. Оны түсіну үшін бір-екі мысал алайық: кетті, келді сияқты етістіктерді бөлек алғанда, олардың лексикалық мағыналары қаншалықты түсінікті болғанмен, мүшелік мазмұнында бір күңгірттік бар сияқты болады да тұрады. Ол күңгірттікті жойып, мүшелік мазмұнын толық ашу үшін кетті, келді етістіктерінің алдына кім кеткенін, кім келгенін, оның қайда кеткенін, қайдан келгенін көрсету керек, мыс.: Асқар қалаға кетті, Темір қаладан келді. Осындағы сөздер бірін-бірі керек етіп, өз ара жымдаса, байланысқан. Соның негізінде қалаға кетті, қаладан келді деген меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері жасалған. Ал кіммін, түсініксіз деген есімдерді баяндауыш қызметінде бөлек алғанда, олармен байланыса айтылатын бастауыштың орны жоқталады, ал барыс жалғауындағы толықтауыштың орны жоқталмайды. Өйткені кіммін, түсініксіз сөздерінің мазмұны саған сияқты сөздердің тіркесуін тікелей керек етпейді. Сонда да [Мен] саған кіммін? [Айтқаның] маған түсініксіз сияқты меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерін құрауға болады. Есімдердің бұлай тіркесуі жеке сөздің тікелей лексикалық мағынасынан тумайды, жалпы сөйлемнің мазмұнынан, айтайын деген ойға, баяндауышқа жалғаулы есімдердің керек болуынан туады.

Сондықтан меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері онша көп кездеспейді және барлық есімдер бірдей ондай сөз тіркесінің меңгеруші сыңары бола алмайды. Есімдердің ішінде көбінесе бастауыштың күйін, халін білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінің басыңқысы болып жиі жұмсалады. Олар мынандай есімдер.

1. Сын есімдер. Негізінде сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары болатын сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңары болып та айтылады. Біраң олардың бәрі бірдей сөз тіркесін құрай алмайды: мысалы, заттың түсін білді-ретін сын есімдер тек қардан ақ, қаннан қызыл, күйеден қара сияқты тіркес құрамында келеді, ал заттың ішкі-сыртқы сапасын білдіретін сын есімдер ондай құрамда әлдеқайда көп кездеседі, мыс.: өзіңе жақсы, маған түсінікті, тазалыққа жаман, сөзге сараң, жусаннан биік.

Барыс, шығыс, көмектес, кейде жатыс септіктеріндегі есімдер сын есімдермен тіркесіп толықтауыштық және пысықтауыштық қа-тынастарда жұмсалады: Жуас түйе жүндеуге ж а қ с ы (мақал). Қаршыға, бүркіт тазалыққа ү й і р, қарақұс, күшеген өлексеге ү й і р (Мұстафин). Өнімсіз іс к е ш е п-ш е б е р (Абай). Көңілсіз құлақ

о й ғ а о л а қ (Абай). Істегенің е л ің е ж а қ с ы, үйренгенің өзі- ң е ж а қ с ы: Жақсы і с і м е н ж а қ-с ы. Е л у ж ы л д а ел ж а ң а (мақал).

 

2. Зат есімдер. Зат есімдердің ішінде ағаш, тас, көмір сияқты атаулардан гөрі күш, бай, мейрам, сын сияқты абстракті зат есімдер баяндауыш қызметінде сөз тіркесінің меңгеруші (басыңқы) бөлшегі болып көп жұмсалады: Елім менің ж е р г е б а й, Айдынды шалқар к ө л г е б а й (Жамбыл). Қашпақ , қумақ е р -г е сын, көшпек, қонбақ ж е р г е с ы н (мақал). Сендер б і р - біріңе қонақсыңдар (Мұстафин). Білгенге м а р ж а н, б і л м е с-к е а р з ан, надандар баһра ала алмас (Абай). Мен 1943 ж ы л~ д а н комсомолмын. Партияға 19 4 9 жы лдың ж а з ы н ан м ү ш е м і н.

Атаулы сөйлемдерде жатыс жалғаулы есім мен нақтылы заттар-дың меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін құрауы дағдыға айналған құбылыс десе де болады, Мұндайда көркем әдебиетте табиғатты, айналаны суреттеу орайында мекен пысықтауыштық қатынаста жұмсалады, мыс.: аспанда ақша бұлт. Төрде төсек-орын. Арбада Жағыпар. Аяғында былғары етік.

3. Заттың күйін білдіретін есімдер. Бар, жоқ, аз, көп, мәлім, бәрібір, мүмкін тәрізді заттың әр алуан күйін білдіретін есімдер сөз тіркесінің құрамында басыңқы болып көбірек айтылады: Астында семіз сары, жорға аты бар (Әуезов). Аспанда алақандай бұлт жоқ (Мұқанов). Сақтықт а қорлық жоқ. Аққа қара жоқ, қара- ғ а шара жоқ (мақал). Әуелден сұлу жайы бізге мәлім (Абай). Әйелдердің сайлауға да, сайлануға да правосы. еркектермен бірдей (Конституциядан). Біткен і с к е сыншы көп (мақал).

Күйді білдіретін есімдердің ішінде мәлім, аян, мәз, артық, кем, аз, көп, белгілі, түсінікті сөздері шығыс, барыс жалғаулы азын-аулақ есімдерді өздеріне бағындыра алады, мыс.: жұртқа мәлім, маған мәлім, ертеден мәлім, ел-жұртца аян, бәрімізге аян, саған аян, ішкен-жегеніне мәз, алғанына мәз, біреуден артық, біреуден кем.

Сан есімдер мен есімдіктер жоғарғыдай есімді сөз тіркесінін мең-герушісі болып өте аз кездеседі: Басқада құлақ екеу болса, секретарьда төртеу. Есжан, ол жақта... егіске дайындық қалай? (Мұстафин). Заводтың бәрінде солай (Мүсірепов).

 

ЕТІСТІКТІ ТІРКЕСТЕР

Етістікті сөз тіркестері туралы жалпы түсінік

 

Етістікті сөз тіркестерінің грамматикалық арқауы етістік болады да, сол құрамда басқа сөздер етістіктің маңына топтанады. Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктердің сөз тіркесін құрау қабілетінің молдығы байқалады. Етістіктермен тіркесетін сөздер де көп: олармен есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер, көсемшелер, шылаулы есімдер тіркесе алады. Бұл сөздердің етістіктермен тіркесу дәрежесі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сол сияқты мағыналық қатынастары да әр түрлі болып отырады. Толып жатқан есім сөздер етістіктермен ешбір қосымша-сыз тіркеседі. Бұл ретте етістіктер мен есімдердің өз ара байланыс түрі қабысу болады. Етістікті сөз тіркестерінің енді бір тобы есімдердің барыс, жатыс, шығыс, көмектес, табыс жалғаулары арқылы байланысады. Синтаксистік байланыстың бұл түрі меңгеру болады.

Қазақ тіліндегі етістіктердің басқа сөздермен байланысуының осы ерекшелігіне қарай етістікті сөз тіркестерін: 1) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері; 2) меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері дейтін екі топқа бөлеміз. Етістікті сөз тіркестері демеулер

 

мен көмекші есімдердің қатысуы арқылы да құралады. Бұларды мең-геріле байланысқан етістікті сөз тіркесінің құрамында қараймыз.

Сөз тіркестерінің бұл көрсетілген топтары бұдан әрі де бірнешеге таратылып кетеді.

 

Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері

 

Етістіктермен қабыса байланысатын сөздер — олармен берік ма-ғыналық байланыстағы, етістіктермен біте қайнасқан сөздер. Олар — үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, жалғаусыз зат есімдер.

Сын, сан есімдер — жаратылысынан зат есімдерге тән сөздер. Сонда да олар етістіктерге қатысты болып, қабыса байланысқан сөз тіркестерінің құрамында кездеседі. Есімдердің ішінде тек сұрау есімдіктері ғана етістіктермен қабысу жолымен қалай оқиды? қанша сұрайды? қашан келеді? не алды? тәрізді сөз тіркестерінде айтылады. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңардың ыңғайына қарай: 1) үстеулі; 2) еліктеуіш сөзді; 3) көсем-шелі; 4) сын есімді; 5) сан есімді; 6) зат есімді сөз тіркестері деген алты топқа бөлінеді.

 

Үстеулі сөз тіркестері

 

Үстеулер етістіктермен тіркесіп, қимылдың сапасын білдіреді. Етістікті сөз тіркестерінің бұл түрі көп таралған, өте өнімді. Үстеулер етістіктермен тіркесіп, пысықтауыштық қатыснаста мезгіл, мекен, себеп, мақсат т. б. мағыналарда жұмсалады.

Үстеулер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері мынадай екі топқа бөлінеді: а) негізгі үстеулер қатысты сөз тіркестері, ә) туынды үйтеулер қатысты сөз тіркестері.

Негізгі үстеулер қатысты сөз тіркестері. Негізгі үстеулер деп қа-зіргі кезде морфологиялық тұрғыдан бөліп жатуға келмейтін үстеу-лерді айтамыз (кеше, қазір, енді, жаңа, ертең). Бұл топқа, тарихи тұрғыдан қарағанда, екі сөздің бірігу жолымен құралған сөздер, мысалы, бүгін (<бұл + күн), биыл (<бұл + йыл), қосарлы, оқта-текте, жол-жөнекей, жалма-жан тәрізді үстеулер де жатқызы-лады. Негізгі үстеулер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері мынадай мағыналарда жұмсалады:

Мезгілдік. Етістіктердің шақты білдіруі олардың өздеріне тән ерекше, ең басты қасиеті деп есептеледі. Олардың сол лексика-грамматикалық мағыналарын айқындай, дәлелдей түсу үшін мезгіл үстеулерді етістіктермен тіркестіреміз. Сондықтан ондай үстеулер етістікті сөз тіркестерінің құрамында өте жиі үшырайды. Қазіргі қазақ тілінде мезгіл үстеуі тіркеспейтін бірде-бір етістік жоқ деуге болады. Оның себебі етістіктің шақтық мағынасының үстеудің мезгілдік мағынасымен әуендес екендігінде.

Мезгіл үстеулері етістіктермен қабыса байланысады. Дегенмен мұндай сөз тіркестері құрамындағы сөздердің орын тәртібі едәуір еркін болып келеді. Мезгіл үстеуі етістікпен қатар тұрып та, арасына сөз салып тұрып та байланыса береді. Мысалы: кеше Маржан келін қымыз ішкен екен (Майлин) дегенде, кеше сөзі сөйлемнің басында тұр. Ол ішкен екен деген сөйлем соңындағы етістікпен тіркеседі. Осындайды тюркологтардың көбі мезгіл үстеу (пысықтауыш) сөйлемге түгел қатысты болғандықтан оның алдында тұр деп түсіндіреді. Дұрысы олай емес. Мұндайда ол сөйлемдегі барлық сөзбен тіркеспейді, тек қатысты сөзбен тіркеседі. Кейде үстеулер етістік тобына енген сөзбен де берік мағыналық байланыста айтылуы мүмкін, мыс.: Бүгінгі өзен кеше д е, онан бұрын да, жүз жыл бұрын д а т а п о с ы л а й ақты ғой (Есенжанов).

 

Әдетте, мезгіл үстеулер етістікті сөйлемнің қай шенінде тұрмасын, тек етістікке ғана қатысты болып, етістікпен ғана тіркесе алады4, сын есім, сан есім, есімшелер оияқты қай сөздің алдында тұрса, сол сөзге қатысты бола қалмайды. Сондық-тан кеше келді, жаңа білдім тәрізді сөз тіркестерінің арасына есімдер койып, үстеуді етістіктен қашықтатуға болады: К е ш е қарындасым қаладан келді; Жаңа ғана жолаушылар атқа мінді.

Мезгіл үстеулерінің етістікпен тіркесінде мезгілдік мағыналары әр түрлі болады. Мысалы, бүгін, кешке, кеше, ертең, бүрсігүні, алдың-ғы күні, таңертең, күндіз, түнде, күндіз-түні, ертеңінде, ерте, ертемен тәрізді мезгіл үстеулерімен келген сөз тіркестері бір тәулік ішіндегі мезгілдің кезеңдерін білдіреді.

Гудок бүгін бұрынғысынан ұзағырақ айқайлаған тәрізді Горький). Мен к е ш е Щербаковпен сөйлестім (Мұстафии). Қожаш кеш келіп, ерте кетуші еді (Көбеев). Ертеңінде таңертең тұтқын үй есігі ашылады (Әуезов). Ол к ү н д і з д е, т ү н д е д е ағаштарды өсірудің қцамын ойлады (Брагин). Керуен тартып шұбатып, Астық тиеп күндіз-т ү н (Саин). Жиренше т а ң е р т е ң Құнанбай аулына бір әдемі тарғыл тазы ертіп келді (Әуезов).

Биыл, былтыр, жылда, жылма-жыл, қысы-жазы, күзде тәрізді үстеулер қатысты сөз тіркестері жыл мезгілі кезеңдерін көрсетеді:

Жеңіп ем б ы л т ы р ғ а н а Арғынбайды,

Осы үйде домбырасы даңғырлайды (Жамбыл).

Ж ы л д а осылайша... бірнеше айды бірге өткізуші е д і (Әуезов).

Жаңа, енді, әуелі, енді-енді, алдымен үстеулері етістіктермен тір-кесіп, істің алғашқы кезеңін білдіреді. Өйткені келген почтаны а л-дымен өзі тексереді («Жұлдыз»).

Ұдайы, үнемі, ылғи, ұзаққа, талай үстеулері етістікті сөз тіркес-терінің құрамында жұмсалып, істің созылу мерзімін білдіреді: Бұл екі ауылдың арасында мұндай қақтығыс ұ д а й ы б о л ы п т ұ - р а д ы. Тары әңгімесі ұ з а қ қ а с о з ы л д ы (Мүсірепов). Тарының шықпай қалғанын Айранбай т а л а й а й т қ а н (Майлин).

Лезде, тез, шапшаң, қайта, қайта-қайта, әрқашан, дем арасында үстеулері етістіктермен мезгілдік қатынасқа түсіп, істің шапшаң-дық, қайталақтау кезеңін немесе дүркінділігін мезгілдік ыңғайда білдіреді: Сен, немене, Қайрақтыңа қайта қайтпақпысың? (Мү-сірепов). Л е з д е о л қ а й т а о р а л ы п, от тамызды (Сланов). Біз сол сұлу шоғырға т е з ж е т у г е аса құмартып келеміз (Бекхожин).

Мекендік. Іс-әрекеттің қайда болғанын білдіру — етістікті сөз тіркесінің арнаулы қызметінің бірі. Сондықтан мекен үстеулері етістіктермен жиі тіркеседі де, олар көлемдік қатынаста жұмсалады: Арасында құлын-тай, а й н а л а ш а у ы п бұлтылдап, Жоғары - төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сымпылдап (Абай). Ол күлімсіреп т ө- м е н қ а р а д ы (Мұқанов). Айнадай төңкерілген, ү с т і м д е ас-пан, т ө м е н д е көк толқындар к ө б і к ш а ш қ а н (Жароков). Полк і л г е р і жүріп кетті (Мүсірепов). «Мәстек міңген, әрі тұр, жүйрік мінген, бері т ұ р» (Жамбыл). Ауылға баратын жол б і р е- с е о л а й, б і р е с е б ы л а й к е т е д і.

4 Мезгіл үстеулердің есім баяндауыштарға да қатысты болатыны бұган жатпайды.

 

Кеме ақырын ғана к е й і н шегініп барады. Божышы аттың басын к е р і бұрады (Иманжанов). Жүністің Қарагері мен бір торы ат... қатар к е л е ж а т ы р (Көбеев).

А м а л. Мұндай сөз тіркестері пысықтауыштың қатынаста істің әр түрлі істелу амалын, тәсілін білдіреді. Мысалы, тез, тез-тез, шап-шаң, ақырып, әрең, жай, қатты, жалма-жан, кілт, жалт сияқты үстеулер етістіктермен тіркесіп, істің қарқынын, даму дәрежесін көрсетеді: Поезд т е з ж ү р і п к е л е д і (Мұқанов). Байжанның әр сөзінің артынан азғана а я л д а у ғ а ә р е ң шыдап, тагы да т е з-т е з қ а й т а л а п ж і б е р д і (Мүсірепов). Ол а қ ы р ы н- ғ а н а жол үстіне қисайып отыра кетті де, қайта тұрды (Мү-сірепов). Абай... а қ ы р ы н а я ң д а п, әкесінің үйіне келді (Әуе-зов). Біреулер қ а т т ы-қ а т т ы қарқылдап, біреулер а қ ы ры н - ғ а н а ы р ж и я д ы (Мұстафин). Мұрат ж а л м а-ж а н қалтасындағы 20 тиынды алды..., артынша к і л т тұ ры п қ а л- д ы (Иманжанов).

Кенеттен, етпетінен, шалқасынан, қолма-қол, көзбе-көз, тікелей, зорға, әрең, басқа, әбден тәрізді сын-қимыл үстеулері етістікті сөз тіркестерінің құрамы да қимылдың болу тәсілдерін білдіреді, мыс.: к е н е т т е н шығ а к е л у, е т п е т і н е н қ ұ л а у, қ о л м а-қ о л б е р у, к ө з б е-к ө з сөйлесу. Байжан әбден ұзап к е т к е н с о ң, әйелдер... үйге қарай беттеді (Мүсірепов).

Көп, аз, талай, бірталай, анағұрлым, мұнша, бастан-аяқ, біржо-лата тәрізді сан-мөлшер үстеулері етістіктермен тіркесіп анық-тауыш-пысықтауыштық қатынасқа түседі: Қожаш б а с т а н-а я қ барлық сырын а й т т ы. Ертең б і р ж о л а т а қайтамыз (Көбеев).

Үстеулер күрделі болып та келеді: К е л е с і жылы құрғақшылық б о л с а қ а й т т ің? (Тілеков). Алдыңғы к ү н і ақтар Фортқа жақындап қ а л ғ ан (Вишневский). Әбіш... к е л е р ж ы л ы оқуын тамамдай қайтатынын айтты (Әуезов).

Туынды үстеулер қатысты сөз тіркестері. Басқа есім сөздерге -ша\ \ -ш е, -д ай\\-д ей, -сыз\\-сіз т. б. аффикстері жалғану арқылы туынды үстеулер жасалатыны белгілі. Осы аффикстердің соңғы екеуі қатыстық сын есімдер жасап, сөйлем құрамында пысықтауыш мүшелердің де қызметін атқара береді. Қатыстық сын есімдер ондайда үстеуге айнальш кетпейді. Ондай тұлғадағы үстеуге айналған сөздер, көбінесе, етістіктермен тіркесте жұмсалады.