А-Спутнигі
А-Спутнигі-бұлөлшеу қондырғысы, ұңғыларды өлшеуге автоматты түрде қосуға, сондай–ақ Спутникке қосылған ұңғылар шығымын автоматты өлшеу үшін, сұйықты беру шамасына қарай ұңғы жұмысын қадағалауға (бақылауға) және апаттық жағдай кезінде ұңғыны автоматты түрде ажыратуға арналған.
| ||
5.1. Сурет. А-Спутнигінің жалпы сұлбасы 1- ұңғыдан өнімді лақтыру (шығару) желісі; 2- кері клапаны; 3- көпжүрісті ұңғыларды қосқыш; 4- ұңғының роторлық қосқышының (ауыстырғышының) жылжымалы кареткасы (қорабы); 5- бір ұңғыға арналған өлшегіш келте құбыр; 5а- жинау коллекторы (құбыры); 6– гидроциклонды айырғыш; 7- тосқауыл жапқыш (яғни, заслонка); 8- турби-налы есептегіш; 9- қалқымалы деңгей реттегіш; 10- электроқозғалтқыш; 11- гидрожетек; 12- күш цилиндрі; 13- ажыратқыштар (отсекателдер). |
А-Спутнигі екі блоктан тұрады: өлшеу – қосқышынан және жергілікті автоматика блогынан (ЖАБ). Бұларда, ұңғының өлшенген шығымы автоматты түрде тіркеліп және ұңғылар өлшеуге қосылады. А-Спутнигі берілген қатаң уақыт аралығында, ұңғыларды өлшеуге кезек–кезегімен қосылуын қамтамасыз ететін берілген бағдарлама бойынша жұмыс жасайды. Ұңғыларды өлшеу ұзақтығын жергілікті автоматика блогында (ЖАБ) орнатылған уақыт релесінің көмегімен анықтайды.
Барлық ұңғылар өнімі шығару желісі-(1) арқылы көпжүрісті қосқышқа-(3) келіп түседі. Қосқыштың роторлы кареткасының-4 әрбір секторлы бұрылысы, қосылған ұңғылардың бірінің өнімін өлшеу құбыршасы-5 арқылы гидроциклонды айырғышқа-6 келіп түсуін қамтамасыз етеді. Бұл уақытта қалған ұңғылардың өнімдері жинау коллекторы -(5а) арқылы өтеді. Гидроциклонды айырғышта газ сұйықтан бөлінеді.
Өлшеуге қосылған ұңғылар сұйықтарының көлемі, гидроциклонды айырғыштың технологиялық сыйымдылығындағы сұйықтар деңгейінен жоғары орнатылған турбинді есептегіш-8 арқылы айырғышта жинақталған сұйықтарды қысқа уақытта өткізу жолымен өлшенеді.
Айырғыштың төменгі бөлігінде берілген жоғары деңгейге дейін сұйықтардың жиналуы және оны төменгі деңгейге дейін шығару шаралары қалқымалы деңгей реттегіші-9 мен газды желідегі тосқауыл жапқыш (яғни, заслонка) көмегі арқылы жүзеге асырылады. Жоғары деңгейге дейін қалқыманың жүзуі газды линияның жабылуына және артынша айырғыштағы қысымның ұлғаюына (өсуіне) әкеледі. Осының нәтижесінде айырғыштағы сұйық турбинді есептегіш-8 арқылы ығыстырылып шығарылады.
Қалқыма, төменгі берілген деңгейге жеткен кезде тосқауыл жапқыш-7 ашылып, айырғыштағы және коллектордағы қысым теңеседі және сұйықты бастыру тоқтайды. Сұйықтардың жиналу уақыты және олардың есептегіш арқылы өту саны ұңғылардың өлшенетін шығымына байланысты болады.
Ұңғы шығымын жергілікті автоматика блогындағы (ЖАБ) жеке есептегіштерде, турбинді есептегіштен өткен сұйықтардың жинақталған көлемін (м3) тіркеу жолымен анықтайды.
Келесі ұңғы қосқыш кареткасын-4 кезекті жағдайға бұратын электроқозғалтқыштың-19, гидрожетектің-11 және күш цилиндрінің-12 көмегі арқылы жергілікті автоматика блогының (ЖАБ) командасы бойынша өлшеуге қосылады.
Турбинді есептегіш-8 сонымен қатар ұңғының өнім бергіштігіне кезекті бақылауын жасап отырады. Егер бақылаудағы ұңғы сұйық бермей қалса, онда жергілікті автоматика блогы телемеханика жүйесіне апаттық дабыл береді. Коллектордағы қысым артып кеткен кезде немесе оның бір жері бұзылған жағдайда барлық ұңғыларды апаттық оқшаулау бөліп тастағыштардың (отсекателдердің)-13 көмегі арқылы жүзеге асады.
А-Спутнигінің кемшілігі – бұл гидроциклонды айырғышта мұнайдан газдың нашар бөлінуіне байланысты, есептегішке сұйықтармен бірге газ көбіктеріде түседі, осының әсерінен турбинді есептегіштен өтетін мұнайдың шығынын өлшеу дәлдігі жоғары болмайды.