Танысу (Знакомство)

 

Сізбен танысуға бола ма? -Можно с Вами познакомиться?

Сізбен танысуға рұқсат па? - Разрешите с Вами познакомиться?

Мархабат етіңіз, таныстырайын - Позвольте, представить ...

Менің сізбен танысқым келеді - Я хотел бы с Вами познакомиться

Танысыңыз - Познакомтесь

Күйеуіммен таныстыруға - Разрешите, представить Вам

рұқсат етіңіз мужа

Танысайық

Танысалық - Будем знакомы

Таныс болайық

Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын! - Очень рад, что с Вами познакомился!

Мені таныстырыңызшы - Представьте, пожалуйста меня

Сізге ата-анамды - Позвольте представить Вам

таныстыруға рұқсат моих родителей.

етіңіз.

Өкініш білдіру. Жаны ашу

(Сожаление. Сочувствие)

 

Мен өкінем - Я сожалею

Бұл жөнінде мен қатты өкінем - Я очень сожелею об этом

Өте өкінішті - Очень жаль

Мен жаман күйіндім - Я крайне огорчен

Мен қатты күйзелдім - Я глубоко опечален

Менің сізге жаным ашиды - Я вам сочувствую

Болған оқиғаға қатты өкінем - Я очень сожелею о случившемся

 

2.4. Тілдесім этикеттерін пайдалана отырып, төмендегі жағдаяттарға байланысты диалог (10×10) құрастырыңыздар.

1. Танысыңызды мектеп бітіруімен құттықтаңыз.

2. Ауруханадағы атаңыздың денсаулығын біліңіз.

3. Бір нәрсесін жоғалтып алған ініңізді (қарындасыңызды) тыныштандырыңыз.

4. Анаңызды мерейтойымен құттықтаңыз.

5. Жұбайыңызды (зайыбыңызды) әріптестеріңізбен таныстырыңыз.

6. Сабақтан кешігіп келгеніңіз үшін оқытушыдан кешірім сұраңыз.

7. Досыңызды үйлену тойымен құттықтаңыз.

8. Жоба жұмысына қатыспайтындығыңызды білдіріңіз.

9. Ағаңыздың жасаған әрекетіне сенбейтіндігіңізді айтыңыз.

10. Жүктелген міндет қолыңыздан келмейтіндігін түсіндіріңіз.

11. Жаңа машина сатып алған көршіңізді қошеметтеңіз.

12. Әжеңізден 10000 теңге қарызға бере тұруын өтініңіз.

13. Америкадан келген ағатайыңызға барып, сәлем беріңіз.

14. Конференцияға қатысуға келісім беріңіз.

 

2.5 Төмендегі мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.

Одно из самых любимых ласкательных слов у казахов «Айналайын». Откуда же произошло это название? Оказывается, когда заболел в семье ребенок, отец ходил вокруг ребенка по кругу, приговоривая «Айналайын, айналайын», что означало «Я хожу вокруг тебя от всех болезней, изгоняя их». Так, обряд очищение, защиты и помощи превратился постепенно в ласкательное слова.

1. Қазақтарда не деген еркелету сөзі бар?

2. Баласы ауырған кезде әкесі не істейтін болған?

3. Ол қандай сөз айтқан?

4. «Айналайын» деген сөздің алғашқы мағынасы нені білдірген?

5. Қандай рәсім еркелету сөзі болып қалыптасты?

 

3 сабақ. Сөйлеу мәдениетінің нормативтік аспектісі.

Сөйлеу мәдениетін меңгеру үшін белгілі бір тілдің орфоэпиялық (дыбыстау), орфографиялық (жазу), сөзжасамдық (словообразовательные), лексикалық (лексические), грамматикалық, интонациялық (екпін, синтагма), пунктуациялық заңдылықтарын жақсы игеру керек, бұл сөйлеу мәдениетінің нормативтік аспектісі болып табылады.

Қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылығыүндестік заңымен тығыз байланыста болады. Үндестік буын арасында және дыбыс арасында болады. Сондықтан алғашқы буын немесе қатар келген дыбыстар бір-біріне ықпал етіп, дыбысталуы жағынан өзгеріске түседі. Олар төмендегі жағдайларға байланысты болып келеді.

І дауысты дыбыстарға байланысты:

1. Сөздің басқы буынында ұ, о дыбыстары, ал келесі буында ы дыбысы жазылса, ол [ұ] болып дыбысталады. Мысалы: ұрыс [ұрұс], соғыс [соғұс], орыс [орұс], ұзын [ұзұн] т.б.

2. Сөздің басқы буынында ү, ө дыбыстары, ал келесі буында і дыбысы жазылса, ол [ү] болып дыбысталады. Мысалы: сүзгі [сүзгү], өгіз [өгүз], өріс [өрүс], өмір [өмүр], үлгілі [үлгүлү] т.б.

3. Сөздің басқы буынында ү, ө дыбыстары, ал келесі буында е дыбысы жазылса, ол [ө] болып дыбысталады. Мысалы: түйе [түйө], өзен [өзөн], өнер [өнөр], өркендеу [өркөндөу], үлгерім [үлгөрүм] т.б.

4. Сөз тіркестерінің жігінде екі дауысты дыбыс қатар келсе, соңғы дыбыс басымдыққа ие болады. Мысалы: жоғары іл [жоғаріл], Сары-Арқа [Сарарқа], көре алмады [көралмады], шикі ет [шикет] т.б.

5. И дыбысынан басталып жазылған сөздің алдынан жуан сөз болса – ы,; жіңішке сөз болса – і дыбыстары селбесіп айтылады. Мысалы: ине [ійне], илану [ыйлану], иек [ійек] , ишара [ыйшара] т.б.

 

ІІ дауыссыз дыбыстарға байланысты:

1. Сөздің ішінде немесе сөз тіркестерінің арасында н дыбысынан соң г, ғ, к, қ жазылса, н дыбысы, [ң] болып дыбысталады. Мысалы: түнгі [түңгү],ұсынған[ұсұңған], төнген [төңгөн], жанған [жаңған], білгенге [білгеңге], жанкүйер [жаңгүйөр], алтын қасық [алтыңғасық], айдын көл [айдыңгөл], аман келді [амаңгелді] және т.б.

2. Н, й дыбыстарынан соң келген қ, к дыбыстары [ғ, г] болып айтылады. Мысалы: алтын кірпік [алтыңгірпік], ай қарады [айғарады]

3. Н дыбысынан соң б, п дыбыстары жазылса, [м] болып дыбысталады. Мысалы: жанбады [жамбады], ұсынбақ [ұсұмбақ], сенбеу [сембеу], Жанпейіс [Жампейіс], түн болғанда [түмболғанда] т.б.

4. С дыбысынан соң ж немесе ш; және де здыбысынан соң ш; сондай-ақ ш дыбысынан соң с немесе з дыбысы жазылса, олар [ш+ш] ретінде дыбысталады. Мысалы: дос-жар [дошшар], басшы [башшы], бесжылдық [бешшылдық]; сөзшең [сөзшөң]; ішсе [ішше], еш жерге [ешшерге] және т.б.

5. З дыбысынан соң с жазылса,[с+с]ретінде дыбысталады. Мысалы: жазса [жасса], көзсіз [көссүз], кезсе [кессе] және т.б.

6. З дыбысынан соң ж дыбысы жазылса, [ж+ж] ретінде дыбысталады. Мысалы: бозжорға [божжорға], жүз жасады [жүжжасады], жүз жылдық [жүжжылдық] т.б.

7. Р дыбысынан басталған сөздердің алдынан жуан сөз болса – ы, ұ; жіңішке сөз болса – і, ү дыбыстары селбесіп айтылады. Мысалы: рұқсат [ұрұқсат], рас [ырас], рақат [ырақат] , рең [ірең], Ресей [Іресей], Рүстем [Үрүстем] т.б.

8. Л дыбысынан басталған сөздердің алдынан жуан сөз болса – ы,; жіңішке сөз болса – і дыбыстары селбесіп айтылады. Мысалы: лажсыздан [ылажсыздан], лезде [ілезде], лас [ылас] , леген [ілеген] т.б.

9. У дауыссыз дыбыс ретінде жұмсалғанда, жуан сөз болса, ы дыбысының орнына – ұ, ал жіңішке сөз болса, і дыбысының орнына – ү дыбысы айтылады. Мысалы: ауыл [ауұл], сәуір [сәуүр] т.б.

10. Басқа тілден енген сөздер б, в, г, д дыбыстарына аяқталса, қатаң [ф], [п], [к], [т] ретінде дыбысталады. Мысалы: геолог [гёлок], параход [парахот], клуб [клуп], Иванов [Иваноф] т.б.

 

ІІІ Дауысты және дауысты дыбыстардың тіркесіне байланысты:

1. Қ, к, п дыбыстарына аяқталған сөз дауысты дыбыстан басталған сөзбен тіркессе, олар [ғ, г, б] ретінде дыбысталады. Мысалы: ақ ала [ағала], көк ала [көгала], қара көк [қарагөк], көріп айт [көрүбайт], жауып алды [жауыбалды] т.б.

2. Сөйлеу тілінде ауыспалы осы немесе келер шақтың І жақтағы формасы (-мын6) [–м] ретінде, ал ІІІ жақтағы формасы (-ды4) [–т] дыбысымен айтылады. Мысалы: көремін [көрөм], өмір сүремін [өмүрсүрөм], көреді [көрөт], жазады [жазат], ұрсады [ұрсат] т.б.

Ескеріңіздер!

Ы дыбысы орыс тілімен салыстырғанда, қысқа дыбысталады. Мысалы: ыдыс – ыйдыйс емес, [ы-дыс]; салыстыру – сал-ыйс-тый-ру емес, [са-лыс,-тұ-ру] т.б. Басқа тілдерден жуықта енген сөздер сол тілдегідей дыбысталады. Мысалы: фонетика – фане'тика, экономика – экано'мика т.б.

 

Сөздерді орфоэпиялық заңдылықтарға сәйкес дыбыстап қана қоймай, оны сөйлеу барысында дұрыс айту техникасын да жақсы меңгеру қажет. Ол үшінсөйлеу барысында интонация,кідіріс (пауза) жасау, логикалық екпін түсіру, дикция (сөзді айқын айту), синтагмаға бөлу тәрізді техникаларды дұрыс меңгеру қажет.

Интонация ауызша сөздерді жазба сөздерден ерекшелеп, оны әсерлендіріп, тілдің мағыналық және эмоциялық айырмашылықтарын айқындап береді. Сөйлеу барысында интонация фразаның соңын, оның аяқталғанын немесе аяқталмағанын, сөйлемнің айтылу мақсатын (хабарлау, сұрау, леп беру) білдіреді. Ол дауыстың тоны, жиілігі (частота), қарқыны (темп), тембр деген төрт акустикалық құрылымнан тұрады.

Синтагма – сөйлеу орамы (оборот речи), яғни өзіндік екпін, ритммен айтылатын сөздер тобы. Олар сәл кідіріс, орташа кідіріс және ұзақ кідіріс түрінде болады. Сол арқылы сөйлемдегі сөздерге ырғақ тудырып, олардың мағынасы сараланады.

Мысалы: Студент дегенiмiз /кiм //осы? Бұл атау /қайдан шыққан? Күнделiктi /қолданып жүргенiмiзбен,/// көптеген терминдерге// аса /мән бере бермеймiз. Расында/ “факультет”,// “университет”,// “декан”,// “ректор” /деген атаулардың/ мағынасы қандай?

 

3.1 Орфоэпиялық заңдылықтарды ескере отырып, мәтінді оқыңыздар және аударыңыздар.

3.1.1 Әрбір абзацты синтагмаға бөліңіздер.

3.1.2 Екі сөйлемді айтылуы бойынша (транскрипциясын) жазыңыздар.

Ең алғашқы университеттер құрыла бастағанда оны “студия” деп атапты. Тұңғыш «студия» 1080 жылы Италияның Болонья қаласындағы құқық мектеп­терiнiң өзара бiрiгуiнен пайда болған. Яғни, тарихтағы тұңғыш университет – Болон университетi. Ол әлi күнге дейiн жұмыс iстейдi.

Тұңғыш «студияларда» 4-5 факультеттен болған. Олардың қатарына арнайы дайындық, құқық, медицина және дiн факультеттерi кiрген. Сондай-ақ, риторика, яғни сөйлеу мәдениетi пәнi де қамтылды. Алғашқы оқу орындарында 5 жылдан 15 жылға дейiн оқытылды. Қазiргi заманда экономикалық-гуманитарлық саладағы студенттер қандай көп болса, ол уақытта заңгерлердiң дәуренi жүрген. Студенттердiң денi заңгер мамандығын алуды қалайтын. Сөйлеу мәдениетiн дамыту үшiн «студияларда» апта сайын пiкiрталас­тар ұйымдастырылып тұрған.

Тарихи деректерге сүйенсек, ең алғашқы студенттер «схолар» немесе «школяр» деген атауға ие болған. Ең алғашқы «школярлар» ақсүйек­тердiң, көпестердiң, ға­лым­дардың, заңгерлер мен дәрiгер­лердiң балалары болды, сондықтан әрқайсысының жеке құлдары болған. Ал қазiр қолданып жүрген «студент» сөзi латын тiлiнде «ынтамен оқушы, iзденушi» деген мағынаны бiлдiредi. Ол кездегі студенттер өздерi студенттiк ережелердi жасап, профессорлар мен ректорларды тағайындаған. Ректор болуға тек бойдақ студенттiң ғана құқығы болды. Және ол уақытта студент болу-болмау әркімнің өз еркiнде еді. Егер студент болуға ынта танытсаңыз, өтiнiш жазасыз да, мұғалiмді таңдайсыз; студент болып шыға келе­сiз.

Алайда сол кездегі студенттердiң 40 пайызы ғана «студияны» толық аяқтай алатын болған. Қал­ғандары не оқуды тастап кеткен, не басқа се­бептермен оқудан шығып қалған. Оқуды бiтiргендер дiндi жақсы меңгерген болса, шiркеу қызметкерi, ал бiлiмi жеткiлiктi болса, аудармашы, нотариус, дәрiгер немесе ұстаз ретінде қызмет еткен.

Әлемдегі ең алғашқы университет болып табылатын Болонья университетінің басты бәсекелесi – араб әлемiндегi әл-Карауин университетi болды. Оның да тарихы тереңнен басталады. Бiрақ араб университеттерi түлектерге диплом бермей­тiн.

Болоньяда көбiнесе құқықтық пәндер – Рим құқығы оқытылды. Сондай-ақ, қосымша пән ретiнде риториканы – сөйлеу мәдениетiн оқытатын «еркiн өнер» мектебi болған.

Уақыт өте келе «студиялар» Феррара, Падуа, Камбрада және басқа да еуропалық қалаларда құрыла бастады. Француздық педагогтар Италиядағы студенттерге қызығып, Париж университетiн құрады.

Бүгiнде ең көп айтылатын және атақтары жер жарып тұрған университеттер – Оксфорд пен Кембридж университеттері ХIII ғасырда құрылды.

Қазіргі университет – бiрлестiк, қоғамдастық, факультет– қабiлеттiлiк, декан (decanus) – ондық, ректор (rector) – басқарушы деген мағынаны білдіреді.

 

3.2 Төмендегі өлең шумақтарын айтылуы бойынша жазыңыздар.

Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,

Кел десең, неге аяйын аттың терін

Сары ағаш сазға біткен секілді едің,

Қай жерде отыр екен бұраң белім.

(Халық әні)

Құйрығы жоқ, жалы жоқ,

Құлан қайтіп күн көрер?

Аяғы жоқ, жалы жоқ,

Жылан қайтіп күн көрер?

(Асан қайғы).

 

3.3. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін айтылуы бойынша жазыңыздар.

Төбе, көбік, үкі, мұрын, мойын, күлкі, уыс, көңіл, түлкі, дауыл, қауын, ойын, сия, киім, жан бармаған жер, көзсіз, жазса, сөзшең, есен келді, он бір, боз жусан, көк ала, көк ат, дос-жар, қара қой, ақ ешкі, құқық, ләззат, рахмет, сәнқой, өкініш, жұдырық, қиқым, созады, сөйлеймін, лайық, Жанпейіс, Құрманғазы, жүз қырық бес, тоғыз жүз, жүз жиырма, отыз жеті, қонақ үй, Жанболат, жұмысшы, бас шұлғыды.

 

3.4 Берілген сөздерді емле бойынша жазыңыздар.

Күмбатарда, ташша, ағ дала, көг ала, бұдаң гейін, сең гелдің, Дошшан, ортаң ғолдай, қаң ғызыл, оң гүн, отұз бес, ом бүр, іреніш, ірет, ұрұқсат, ылайық, көрөгөн, жұдұрұқ, ауұр, тәуүр, құрұла бастады.

 

 

4 сабақ. Қазақ тілінің орфографиялық нормалары

Орфография (гр. 0rthos – түзу, дұрыс, graho – жазамын) тілдегі сөздерді дұрыс жазу нормалары мен ережелерін белгілейді. Адамзат осы күнгі жазу түріне бірден жеткен жоқ. Адам баласы өз ойларын жеткізу үшін суреттерді (пиктография), сөзді бейнелейтін таңбаларды (идеография), сөздік-буындық (консонантное письмо) және буындық-алфавиттік (алфавитное письмо: латиница, кириллица) деген жазудың төрт түрін қолданып келгені белгілі.

Қазақ тілінің тарихында руникалық жазу, араб жазуы, ұйғыр жазуы, ескі шағатай жазуы, латын жазуы қолданылған. Қазіргі кезде кириллица қолданылып келеді. Дүние жүзілік қатынастырдың және ғаламтордың дамуына байланысты Елбасы 2025 жылға қарай латын алфавитіне көшу туралы шешім қабылдап, ғалымдар алфавиттің озық үлгісін жасаумен айналысып жатыр.

Әр тілдің өз ерекшелігі болады. Соған орай сөздерді дұрыс жазу қағидалары таңдалып алынады. Қазақ тілінің орфографиялық нормалары дәстүрлі және морфологиялық, фонетикалық қағидаттарға сүйенеді.

Дәстүрлі қағидаттың қазақ тіліндегі аясы тар. Ол кейбір сөздердің мағынасын саралау немесе кісі аттарына, басқа тілден енген сөздерді жазуда ескеріледі.

Мысалы: қал (родинка, оставайся) – хал (состояние), қат (нет) – хат (письмо); қош (бол) – хош (аромат)

Халық, қате, қауіп, ащы, тұщы, Хамит, Ахмет, Хасен, т.б.

Қазақ тілінің сөздерінің басым көпшілігі морфологиялық қағидат бойынша жазылады. Бұл қағидатқа негізделген нормамен жазғанда, жеке сөздердің, сөз тіркестерінің естілу, айтылу қалпы ескерілмейді, олардың бастапқы түрі негізге алынып жазылады. Мысалы: ұшқыш – айтылуы: ұшқұш, жазу да түбірдің де, жұрнақтың да қалпы сақталады.

Шекара, жер-көк, қоян-қолтық, торы ала, қара ала, ақ лақ, айтып берді, оқып жүр т.б. сөздер осы қағидат бойынша жазылған.

Фонетикалық қағидат бойынша сөздер қалай айтылса, солай жазылады. Ондай сөздер төмендегі жағдайларға байланысты:

- қ, к, п дыбыстарына аяқталған сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанса, олар ғ, г, б дыбыстарымен айтылып, солай жазылады. Мысалы: жүрек+ім – жүрегім, аяқ+ым – аяғым, бап+ы – бабы т.б.

- п дыбысына аяқталған сөздерге көсемшенің –ып, -іп жұрнақтары жалғанғанда, түбірдегі п дыбысы у дыбысына айналып жазылады. Мысалы: тап+ып – тауып (табып), кеп+іп – кеуіп, сеп+іп – сеуіп т.б.

Фонетикалық қағидат бойынша жазылатын сөздерге ы, і, у, й әріптерінің емлесі де жатады.

Ы, І дыбыстары жуан және жіңішке сөздерде жазылады. Мысалы: алты, әкім, мұғалім, ыдыс, жаңалық т.б.

Ы, І әріптерін төмендегідей емле бойынша жазылады:

- ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге дауыстыдан басталған жинақтық сан есім жұрнағы жалғанғанда соңғы ы,і әріптері түсіріліп жазылады. Мысалы: екі+еу – екеу, алты+ау – алтау

- соңғы буынында ы, і әріптері бар сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанғанда ы, і әріптері түсіріліп жазылады. Мысалы: халық+ы – халқы, орын+ы – орны, әріп+і – әрпі, ойын+ы - ойны, құлық+ы – құлқы, ерін+і – ерні, көрік+і – көркі, үрік+ек – үркек, ресім+и – ресми т.б.

- ы, і әріптеріне аяқталған етістіктерге тұйық райдың –у жұрнағы жалғанғанда, ы, і дыбыстары түсіріліп жазылады. Мысалы: оқы+у – оқу, тоқы+у – тоқу, жібі+у – жібу, суы+у – суу, ірі+у – іру т.б.

- ы, і әріптеріне аяқталған етістіктерге көсемшенің –й жұрнағы жалғанғанда, ы, і әріптерінің орнына и әрпі жазылады. Мысалы: оқы+й+ды – оқиды, жібі+й+ді – жібиді, ері+й – ериді т.б.

У, Й әріптерінің емлесі

Уәрпі бірде жуан, бірде жіңішке дауысты дыбыстың, ал кейде дауысты дыбыстан бұрын немесе кейін келіп дауыссыз дыбысты таңбалайды. Мысалы: а-уа, тау у дауыссыз дыбыс, су, у-ық, қу-ат – дауысты дыбыс;

- й әрпіне аяқталған сөзге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда, удыбысының орнына ю әрпі жазылады: қой+у – қою, сүй+у – сүю, жи+у – жию, ки+у – кию, ой+у – ою т.б.

- и, й әрпіне аяқталған сөзге көсемшенің –а жұрнағы жалғанғанда, түрінде жазылады. Мысалы: қи+а+ды – қияды, жи+а+ды – жияды, ұлғай+а+ды – ұлғаяды;

Қосарлы ый әріптері тек тый, сый сөздерінде ғана жазылады. Мысалы: сыйлық, сыйлады,тыйым, тыйылу т.б.

4.1. Төмендегі сөздерге жинақтық сан есім жұрнағын жалғап жазыңыздар.

Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз;

4.2. Төмендегі сөздерге І және ІІІ жақ тәуелдік жалғауын жалғап жазыңыздар.

Ырық, орын, қойын, қарын, мойын, тұрық;

Кәсіп, тұрақ, сұрақ, өсек, өтірік, талап, әдеп.

 

4.3. Төмендегі сөздерге көсемше жұрнақтарын жалғап жазыңыздар.

-ып, -п: қап, кеп, теп, тап, жап, сеп;

-а: қой(а)ды, той(а)ды, сой(а)ды, жой(а)ды;

-й: ері(й)ді, есті(й)ді, шоқы(й)ды, тоқы(й)ды, кемі(й)ді.

 

4.4. Төмендегі сөздерге тұйық етістік жұрнағы

жалғаңыздар және аударыңыздар.

Шоқы, суы, қу, бу, ту, есті, ері, жап, тап, шап, мүлгі;

Жой, ки, той, күй, үй, ти, түй, сой, ұлғай, қасқай, кекірей.

 

4.5 Мына сөздерді орфография заңы бойынша жазыңыздар.

Жасса, сосса, Божжігіт, Қамыспай, Жүнүспек, Ақпала, жас күл, жас қалым, көб жер, керегекен, көрөгөн, үнсүз.

 

4.6 Сөйлемдердегі қатені түзетіңіздер.

1.Әр құбұлыстың шықу және даму тарихы болат. 2. Тіл де сондай құбұлұс. 3. Қазақ халықы құралған тайпалар өтө ертеден мәлім. 4. Сабақтан кешікуге болмайды. 5. Жастар сәнді киім киуге құмар. 6. Біздің топта оқыйтындардың саны – жетіеу.

 

4.7 Мақал-мәтелдерден жазылуы мен айтылуы сәйкес келмейтін сөздерді табыңыздар және мағынасын түсіндіріңіздер.

1. Ағаш көркі – жапырақ,

Адам көркі – шүберек.

2. Білім – қымбат, білу – қиын.

3. Көре-көре көсем боласың,

Сөйлей-сөйлей шешен боласың.

4. Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.

5. Оқу инемен құдық қазғандай.

6. Ақылды қасыңнан қорықпа,

Жарымес досыңнан қорық.

4.8. Мәтінді оқып, есте сақтаған сөйлемдеріңізді жазуға жаттығыңыздар.

Ежелгі түркі алфавиті мен жазуы

VI-VII ғасырлардағы Түркі қағанатының тұсында соғды алфавиті тайпааралық қатынаста қолданылған. Оған Орталық Моңғолия жерінен табылған бугут жазуы дәлел бола алады. Онда Түркі қағанаты құрылған кезден бастап алғашқы отыз жыл ішіндегі оқиғалар баяндалады.

689-744 жылдардағы түркі қағанатының тұсында соғды жазуының негізінде жаңа жазу пайда болды. Бұл жазу 38 таңбадан тұрған және түркі тілдерінің фонетикалық заңдылықтарын өте дәл таңбалай алды. жазу тарихта руна жазуы Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілі деп аталады. Оның руна деп аталуының себебі, кейбір деректерде, скандинавиялық руна жазуына ұқсас болғандықтан десе, кейбір дерек көздері бұл жазу ХVIII ғасырдың 20-шы жылдарына дейін ешкім оқи алмай, беймәлім болып келгендіктен осылай аталған дегенді айтады. Яғни, рун – құпия деген сөз. Руналық жазу тілі VII-Х ғасырларда оғыз, ұйғыр, қырғыз, қимақ және басқа әр түрлі түркі тайпалары пайдаланған, өзінің қалыптасқан емлесі бар, қазіргі түркі тілдерінің бәріне ортақ әдеби тілдің ескерткіші және маңызы зор тарихи дерек болып табылады.

ІХ ғасырдан бастап, соғды әліпбиі біраз өзгертіліп, ұйғыр алфавиті деп аталды. Ұйғыр жазуы мен ислам дінін қабылдаған түркі тайпаларының араб жазуын қолдана бастауына байланысты руна жазуы тарих сахнасынан ығыстырылды.

5 сабақ. Стиль түрлері. Дискурс.

Сөйлеу мәдениеті – дұрыс сөйлей және дұрыс жаза білу, сонымен қатар тілдік құралдарды сөйлеу мақсаты мен тілдесу жағдаятына сәйкес қолдана білумен айқындалады. Осы шарттарды орындау үшін тілді қолданушылардың стиль жайында нақты білімдері болуы керек.

Стиль –ол белгілі бір қатынас үшін тілдік бірліктерді сұрыптап пайдалану арқылы ойды жеткізу көрінісі.

Яғни, тілдің коммуникативтік, эстетикалық және аккумлятивтік, когнитивтік қызметтері әдеби тілмен нормаланған әр түрлі стиль түрлері арқылы жүзеге асырылады. Олар:

1. Тұрмыстық-ауызекі сөйлеу тілі стилі (разговорно-обхидной стиль);

2. Ресми-іскерлік тілдесім стилі (официально-деловой стиль);

3. Публицистикалық стиль

4. Ғылыми стиль (научный стиль);

5. Көркем әдебиет стилі (художественный стиль).

Әдеби тілдің стильдері арасындағы ерекшелікті айқындайтын негізгі критерий тілдің лексикалық құрамы болып табылады. Басқаша айтқанда, стиль түрлерінің сан алуандығы оның лексикалық элементтерді қандай мақсатта қолдануға байланысты болады.

Мысалы: мать, мама, мамочка, мамуля, мамаша, ма; отец, папа, папуля, папочка, папаша, па, батя т.б. Ана, шеше, анашым, анатайым, мама, … Әке, әкетай, әкешім, көке, көкежан, көкетай, папа, … т.б.

Мысалы: Мұнда көзі ашық (сауатты, оқудың түбін түсірген, білімді немесе оқыған, көкірек көзі ашық) адамдар отыр.

Осыған орай мағынасы терең сөздер публицистикалық стильдің, стильдік әсерленген сөздер көркем әдебиет стилінің, терминологиялық сөздер ғылыми стильдің лексикасын құрайды.

Әрбір стиль жазбаша және ауызша формада көрініс табады. Ауызекі сөйлеу стилінің ауызша түріне дидарластық (әңгімелесу, сұхбаттасу), полемикалық (дауласу) сөз, көпшілікке арналған сөздерді жатқызуға болады. Ал публицистикалық стильдің ауызша формасы шешендік сөз; ресми-іскерлік тілдесім іскерлік әңгімелесу, келіссөз жүргізу, іскерлік кеңес т.б; ғылыми стильдің ауызша түрі баяндама оқу, жарыссөзге түсу, шолу жасау т.б. болып табылады.

Жалпы сөйлеу әрекеті дегенде сөйлеу жағдаятының мәнмәтіндік ағымындағы дискурс түсініледі (Под речевым событием понимается протекающий в контексте ситуации дискурс).

Сөйлеу әрекетінің негізгі екі компоненті бар:

1) сөзбен сөйлеу (не айтылып, не туралы хабарлануы) және онымен ілеспе элементтер (ым-ишара, дене қозғалысы), яғни дискурс;

2) сөйлесу кезіндегі жағдаят.

Яғни, «сөйлеу әрекеті = дискурс + тілдесім жағдаяты» деген формулаға сәйкес келеді.

Дискурс дегеніміз, ең қарапайым сөзбен айтқанда, сөйлеу практикасының тұрмыстық диалог, сұхбат, дәріс, әңгімелесу, келіссөз т.б. түрлері болып табылады.

Сөйлеу жағдаяты сөйлесу жүргізудің ережелерін және оның көрінісі мен формаларын анықтайды.

Мысалы, емтихан кезінде, дәрігердің қабылдауында, теміржол кассасында, дәмханада т.б. жерлерде қалай сөйлеу керектігін барлығымыз білеміз.

Дискурсқа қатысатын адамдардың санына қарай монолог, диалог, полилог деген түрлерге бөлінеді.

Монолог сөйлеп тұрған жанның ой пікірі, жеке адамның толғанысы. Монолог барысында тыңдаушылар «үнсіз топ» рөлін атқарады.

Монолог түрлері :

Дәріс (лекция) – материалды белгілі мақсатқа сай баяндау.

Хабарлама (ақпараттау) – тыңдаушыларға әр түрлі оқиғалар, жағдаяттар туралы жедел ақпарат беру, аудиторияға өндірісте, мекемеде жедел өндірістік жиындар өткізу және т.б.

Әңгімелеу - хабарламадағыдай бірнеше оқиға мен бірнеше фактіні емес, бір ғана фактіні немесе бір ғана оқиғаны баяндайды. Әңгіме қызықты әрі эмоциялық жағынан тартымды болуы қажет мысалы экскурсия жүргізушісінің музейдегі суреттің салынау тарихы жайындағы әңгімесі.

Шолу – бір тақырыпқа жататын бірнеше факті мен оқиғаны егжей -тегжейлі түсіндіріп беру.

Баяндама – адамдарға толық, жан -жақты ақпарат берудің кең тараған түрі. Белгілі тақырып бойынша оқиғаны талдауға және белгілі бір міндеттерді тұжырымдауға арналады. Мысалы, ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған баяндама.

Презентация (тұсау кесер ) - өзіне, фирмаға, идеяға, тауарға, қызметке, жобаға т.б. көпшіліктің назарын аудару үшін, бір нәрсеге сендіру үшін айтылатын сөздер.

Диалог түрлері :

Әңгімелесу (сұхбаттасу) – жүргізушінің басшылығымен әр түрлі мәселелерді белгілі мақсатпен сұрақ-жауап түрінде ұжымдық талқылаудың түрі. Жұмысқа қабылдау, түрлі байқаулар өткізу, сұхбат алу кезінде т.б. жағдайда жүргізіледі.

Жиналыс – әр түрлі мәселелерді талқылаудың ұжымдық түрі (өндірістік жиналыс, кәсіподақ жиналысы).

Келіссөз – белгілі бір мақсатқа жету үшін мақсатты және бағдарлы диалог түрінде өткізілетін іскерлік қатынас түрі.

Егер тыңдаушылар белсенді түрде сөзге араласып, онымен пікірталасқа түссе, монолог диалогқа немесе полилогқа айналады.

 

5.1. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

5.2. Өз сөздеріңізбен әңгімелеп беріңіздер.

5.3. Мәтінді полилогқа айналдырыңыздар.

Ұсынылатын тақырып: «Шешендік – қажырлы еңбектің жемісі»

Демосфен қалай шешен болды

Ежелгі Грекияның атақты шешені Демосфеннің есімін сол кездегі адамдар «шешен» деген сөздің синонимі ретінде қабылдайтын болған. Алайда табиғатынан Демосфеннің даусы өте әлсіз, оның үстіне тілі кекеш, иықтары қозғалаңдап тұратын. Шешен болуды армандаған бозбала даусын мығымдап, қолдарын дұрыс сермеуге, тыңдаушылар алдында дұрыс тұруға, ым мен ишараны меңгеруге жаттығу үшін өзіне жер астынан бөлме жасап алып, күні-түні жаттығуға кіріседі. Кейде жұртқа көрінбес үшін шашының жартысын қырып тастап, екі-үш ай бойы жаттығуларын жалғастыра береді.

Дикциясын қатайтып, даусын күшті әрі анық ету үшін теңіз жағасына барып, аузына ұсақ тастарды толтырып алып, оны түсірместен бірнеше сағат бойы есінде қалған ақындардың өлеңдерін жатқа айтқан, даусымен теңіз толқындарының шуын басуға тырысқан. Жүгіріп бара жатып та, тауға көтеріліп бара жатып та жаттығу жасауын тоқтатпаған. Бірнеше өлең шумақтарын, ұзақ сөз тіркестерін демін алмай айтуға жаттыққан.

Иықтарын қозғалтпас үшін қылышты төбеге асып, иығы қозғалған сайын қылыштың ұшы қадалатындай етіп іліп қойған.

Біраз уақыт өткен соң өмір сахнасына шығатын кез келді деп шешіп, халық алыдна шығады. Алайда Демосфеннің алғашқы сөздеріне-ақ жұрт оны келеке етіп, айқай-шу шығарып, оның сөзін аяқтатпай тастайды. Бірақ ол бұл сәтсіздікке мойымайды. Өзінің досы әрі атақты актер Сатирдің көмегімен дикция, дауыс қою, сөйлеу мәнерін жақсартумен айналысады. Осылайша орасан зор қажыр-қайрат, күш-жігер, төгілген тердің арқасында Демосфен халыққа таныла бастайды.

Әрбір кездесулер мен әңгімелесулерді ол шешендік өнер жолындағы жаттығу деп санады. Жалғыз қалса болды, жер төледегі мекеніне оралып, өз баяндауларын ретке келтіріп, сенімді дәлелдер мен дәйектер табуға тырысты. Осылайша өмір бойы ол өзін жетілдірумен болды.

 

5.4. Өлеңді оқып, ондағы негізгі ойды түсіндіріңіздер.

5.4.1 Сұрақтарға жауап беріңіздер.

 

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса, сөз арасы,

Ол ақынның білімсіз бишарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір данасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс – сөз жақсысын,

Қазақтың келістірер қай баласы?

(Абай)

1. Абай өлеңге қандай сипаттама береді?

2. Өлеңді кім жаза алады?

3. Өлең қандай болуы керек?

4. Қандай ақын білімсіз бишара болады?

5. Кімдерді сөз танымайды деп айыптайды?

6. Сөздің жақсысы қандай болуы керек?

 

6 сабақ. Публицистикалық дискурс және сөз мәдениеті

Публицистикалық дискурста «аудиторияның бұқаралығы, ақпараттың әлеуметтік мәнділігі, тілдік құралдардың медиа-коммуникацияға сәйкестілігі, коммуникацияға қатысушылардың сөзі, пікірі» т.б. мәнділіктер аталмыш дискурстың ерекшелегін көрсетеді. «Адресант + мәтін + адресат» және «коммуникативтік ситуация» бірлігі жүзеге асырылады. Мысалы, әңгіме билік басындағы әкімнің қызметі туралы. Автордың м а қ с а т ы – әкімнің қызметіне өзінің (редакция ұжымының) бағасын беру. С т р а т е г и я с ы – оқырманды // тыңдарманды осы берілген қоғамдық бағаға иландыру; т а к т и к а с ы әсер ету. Бұл – мәтіндік құрылымға дейінгі сөз субъектісінің (автордың) санасында жүзеге асатын коммуникациялық актінің бір бөлігі.

Сөз субъектісі коммуникативтік діттемін жүзеге асыру үшін (мәтін түзбес бұрын) алдымен адресаттың а) тілдік біліміне, ә) дәстүрлі біліміне сүйенеді. Тілдік білімге автор қолданатын барлық деңгейдегі тілдік бірліктер: дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем жатады. Ал дәстүрлі білім ақиқат дүниенің тілдік бейнесі, сан алуан ақпараттардың жүйеленіп, концептілік құрылымға айналғаны. Бұлар автордың да, оқырманның да санасында бар, екеуіне ортақ білім болып табылады. Сонымен, сөз болып отырған мәтінде әкімнің зауыт салуға, газ құбырын жүргізуге жергілікті тұрғындарға уәде бергені айтылады. Зауыттың белгілі бір өнім шығаратыны, газ құбырын тарту арқылы отын-жылу жүйесінің жақсаратыны автор мен адресат санасындағы ортақ жалпы білім. Зауыт тауар шығарса, үйді-үйге жарық пен жылу келіп жатса, халықтың тұрмысы да жақсаратыны екі жаққа ортақ дәстүрлі білім. Дәстүрлі білім ортақтықтығы – адресант пен адресатты байланыстырушы фактор.

Ендігі жерде автор өзінің діттемін, коммуникативтік стратегиясын жүзеге асыру үшін алдымен фактуалды ақпараттарды таңдап, талғау арқылы адресаттың интеллектуалдық санасына әсер етуге тырысады: зауыт салынбай қалды, өнім жоқ, газ құбыры іске қосылмады, жол жөнделмеді т.б. Автор сонымен бірге әртүрлі цифрлар, беделді тұлғалардан дерек сөздер келтіруді ойластырады. Осылайша автор болашақ мәтіннің қаңқасына фактуалды ақпараттарды орналастыра бастайды. Мұндай фактуалды ақпараттар оқырманды интеллектуалдық жақтан иландырудың аса күшті тәсілі болып табылады. Бірақ фактуалды деректер адресатқа әсер етудің бірден-бір тәсілі емес. Сондықтан автор өзінің коммуникативтік діттемін жүзеге асыру үшін адресаттың сезімдік (эмоциялық) санасына әсер ету жағын көздейді. Ол үшін автор:

1) тілдік бірліктердің парадигмалық межедегі бағалауыштық мәнге ие түрлерін талғап, таңдай бастайды, мысалы, орындамады деген сөздің орнына – уәдеде тұрмады, жұмыс алға баспай жатыр, жұртты алдаусырату, былық жасады, кадр саясатын қожыратты т.б.;

2) автор стильдік эффект тудыру үшін синтагмалық межедегі тілдік (яғни тілдік парадигмада жоқ, автордың өзіндік сөз қолданысына тән) бірліктерді ұйымдастыра бастайды: сергелдеңде жүрген халықтың жүйкесіне ши жүгіртті; әкім екі жыл, тоғыз ай қызметінде бізді небір тәтті арманға батырды т.б.;

3) сөздің әсер, ықпал жағын күшейту үшін прецедентті мәтіндерді, феномендерді пайдалану жағын да қарастырады: Әкім болғаннан гөрі тазша бала рөлін сомдаған үйлесетін тәрізді. Әкімшілікке барсаңыз мақта қыздың күйін кешесіз. Мұндағы тазша балаадресатқа күллі оқырмандарға белгілі прецедентті феномен;

4) автор адресатпен байланысты күшейту үшін күнделікті өмірдегідей әсер тудыру үшін сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі элементтерін де пайдалану жағын қарастырады: әкесінен қалған мұрадай, мәз қылып қойды, бәлду-бәлду бәрі өтірік, әкімнің пысқырмайтын болғаны-ау шамасы т.б.;

5) кітаби мәндегі сөздерді, кәсіби сөздер мен салалық терминдерді талғап, таңдайды: зауыттың қызығын көру бақыты бұйырмады.

6)бұл талдауда БАҚ-тың оппозициялық басылымдары мен теле═,радио арналарында, адресатты басты тұлға етіп алғанын байқаймыз.

7) Сөз актісінің вербалданған кезеңінде реципиент адресат тарапынан тілдік құрылым арқылы кодқа салынған а) фактуальды, интеллектуальды, ә) эмоциональды, б) мәдени-әлеуметтік ақпараттарды қабылдайды. Реципиент кодқа салынған ақпараттар жүйесін қабылдап, тіркеп қоятын салғырт субъект емес. Мәтіндегі ақпараттарды қабылдай отырып, оны зерделейді, ішкі белсенділігін күшейтеді. Сөйтіп, тілдік қарым-қатынасқа (коммуникацияға) белсенді қатысушы субъекті ретінде көрінеді.

6.1 Төмендегі мәтін негізінде публицистикалық хабарлама, (очерк, сұхбат т.б.) дайындаңыздар.

Қазақстан магниткасының тарихынан

1956 жылы КОКП Орталық Комитеті мен Кеңестер үкіметі барлық комсомоль ұйымдарына, комсомолдар қыз-жігіттерге, барлық кеңес жастарына жаңа зауыттар, гидроэлектростансалар, көмір шахталарын, кеніштер және басқа да ірі кәсіпорындар құрылысын салуға шақырған үндеуін жариялады. Олардың ішінде Қарағанды металлургиялық зауыты да болды. Үндеуде жаңа құрылыстарға жігерлі, қажырлы, қиындықтардан қорықпайтын және оларды еңсеріп кете алатын рухы мықты адамдар баруы керек деген ұран тасталды.

Ал 1956 жылдың мамыр айында Алматы Қазақстан Магниткасына алғашқы еріктілер тобын жіберіп үлгерді. Бірнеше күндерден соң құрылыс алаңына Семейден 48 адам келіп жетті. Құрылысқа келген комсомолдар қатары күннен күнге, айдан айға көбейе берді. Тек 1956 жылы ғана Ресей Федерациясынан, Украинадан, Түркіменстаннан және Қазақстанның түкпір-түкпірінен мұнда 1918 адам келді.

1958 жылдың сәуірінде Бүкіл одақтың жастардың ХІІІ съезінде Қазақстан Магниткасы «екпінді комсомол-жастар құрылысы» деп аталды. Жұмыс күші құрылыс алаңдарында негізгі зауыт нысандары салынған соң тіптен ағылды. Салынып жатқан зауыт басқармасы мен «Казметаллургстрой» трестіне күн сайын ұлан-ғайыр Одақтың түкпір-түкпірінен жүздеген хаттар толассыз ағылды. Олар өздерін Қазақстанның қара металлургиясының құрылысына тіркеуге тілектерін білдіріп жатты. Осыған орай ВЛКСМ ОК Қазақстан Магниткасы құрылысына 1958 – 1959 жылдары 26 мың еріктілерді жіберуге шешім шығарды. Бұл шешімді партия мен үкімет қолдады.
Құрылысқа жұрт топ-тобымен келіп жатты. Тек 1958 жылы ғана қоғамдық ұранмен «Казметаллургстрой» трестіне 6029 ерікті жеткізілді.

30-40 градустық аяз бен қатты борандарға, ми қайнатар ыстықтарға және даланың өкпек желіне қарамастан, комсомолдар жұмыстарын бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Олар зауыттың бірінші құрылысын тезірек іске қосу үшін жандарын салды. Зауыт салу үшін жалпы көлемі жиырма үш миллион текшеметр топырақты қазып, екі жарым текшеметр бетон төсеу, 210 мың тонна металл құрылғыларын, 314 мың тонна технологиялық қондырғыларды орнату қажет еді. Бұл жұмыс ерекше қарқынмен жүргізілді. Осылайша, Қазақстан Магниткасы барша Одақ елдерінің халықтар достығының символына айналды. Міне, осы өнеркәсіп алыбы бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан экономикасының дамуына зор үлесін қосып жатыр.

 

6.2 Жоғарыдағы тапсырманы орындау барысында ескеріңіздер!

 

Сөз мәдениетінің басты белгілері:

1. Дұрыстығы – бұл тіл қалыптарын – сөздің дұрыс айтылуы, жазылуы, стилистикаға сәйкес келуі.

2. Лайықтылығы – жағдаятқа сәйкес қолданылуы.

3. Дәлдігі – бұл өз ойын анық, қысқа және дәл мағынасында айтып, жеткізе білу біліктілігі.

4. Қисындылығы – баяндаудың ойға қонымдылығы, заттар мен құбылыстардың сипаттары, олардың байланыстары мен арақатынастарын бейнелеудің шындыққа сәйкес келуі.

5. Түсініктілігі – белгілі бір аудиторияға бағытталған ойдың, пікірдің мейілінше қарапайым болуы.

6. Тазалығы – сөйлеу барысында артық сөз, «арамшөп сөз», өнегесіз, былапыт сөздердің болмауы.

7. Мәнерлілігі – тыңдаушылар мен оқушылардың назарын аударып, қызығушылығын тудыруға жағдай жасау.

8. Тұжырымдау әдістерінің әр түрлілігі – сөздік қоры мен синоним сөздерді қолдану жолдары.

9. Әсемдігі – сөйлеуде тұрпайы, адамның ар-ожданын қорлайтын жағымсыз сөздердің жоқтығы.

10. Орындылығы – айтылған ойлар мен пікірлердің әңгіме тақырыбына, сөйлеу әрекетіне қатысушы тараптардың мақсат-мүдделеріне, білім деңгейінің дәрежесіне, сөйлеу кезіндегі жағдаяттарға сәйкестігі.

 

Жариялы түрде баяндаудың амал-тәсілдері.

Жариялы түрде сөйлеудің негізгі ерекшеліктері. Мәтінді алдын ала жазып алу, мәтінмен жұмыс жасау, дайындалу. Қысқаша мәтінге енгізілетін мәліметтерді (бірінші немесе 2-3 фраза, баяндаманың соңы, өте маңызды формулировкаларды, сілтеме сөздер мен сандарды, жалқы есімдерді т.б.) іріктеу. Конспектіден жоспарға ауысу. Қағазға қарамай баяндау жолдары.

Жақсы дайындалған сөз, әрине, үлкен жетістік. Себебі тыңдаушылар мазмұны жұтаң, жеткілікті түрде дәлелденбеген, көкейкесті мәселелрді қозғамайтын сөздерді ықыласпен тыңдай қоймайды.

Белгілі бір аудитория алдында көңілден шығатындай сөйлеу үшін мынадай үрей мен әбіржулерді жеңу керек:

1. Алдын ала көп уайымдап, шектен тыс уайымға берілу.

2. Өз мүмкіндіктерін жете бағаламау.

3. Тәжірибесінің жеткіліксіздігі.

4. Бұрынғы сәтсіздіктерін еске түсіруі.

5. Шешеннің жеткіліксіз деңгейде дайындалуы.

Сөйлеу мәнері әр түрлі элементтердің жиынтығы болып келеді және оның сипаты сөйлеушінің жеке ерекшелігімен тікелей байланыста болады. Сөйлеу мәнеріне кіретін құрылымдар:

1. Сыртқы пішіні. Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарап шығарып салады.

2. Сөйлеушінің сөйлеу к езіндегі мінез-құлқын тыңдаушылар жіті

қадағалап отырады. Шешен аудиториямен жылы шырайлы әрі іскерлік қатынас орнатуы керек. Ол кішіпейіл, сыпайы, сонымен бірге өз сенімен рухтанған болуы керек. Ақсы шешендік мәнердің белгілері – еркіндік, өз-өзіне сенімділік, жігерлілік және жылышырайлылық.

3. Жүріс-тұрысының жинақылығы да тыңдаушыға жақсы әсер қалдырады.

4. Бет-әлпетінің реңі адамның қуанышы мен қайғысын, күдіктенуі мен мысқылын, жеккөрушілік пен шешімділікті білдіре алады. Адамның бет-әлпетіннен сенімділік пен жігерлілік, тыңдаушыға аса маңызды жаңалықты жеткізуге ұмтылушылық байқалып тұрғаны жөн.

5. Дене қимылдары. Сөйлеу кезінде шешендер өздерінің ойлары мен

пікірлерін қол, бас, мойын, иық, бүкіл денесімен, аяқтарының қимылдарымен толықтырып отырады. Қыза сөйлеген адам өзі де аңғармай мына сияқты қимылдар жасауы мүмкін: 1) адамның ішкі жан дүниесінің қозғалыстарын білдіру үшін бейнелеуіш қимылдар; 2) қимыл көмегімен бір нәрсенің көлемін, түрін, салмағын, қимыл-қозғалысын сипаттай суреттеу; 3) заттардың орнын немес бағытын қол, бас, көз, дене қимылдары арқылы қарапайым көрсетуші қимыл жасау.

6. Сөйлеу техникасы – дауысты меңгеру, оның сан түрлі

мүмкіндіктерін пайдалан білу. Дауыс сипаттары интонация, қарқын, тембр, дикция барлығы да тыныс алумен байланысты және шешеннің сөйлеу техникасын айқындайды.

Ауызша сөйлеуде адамның дауысының маңызы зор. Бұл да адам саусақтарының ізі сияқты қайталанбайтын жеке дара сипатқа ие. Физикалық тұрғыдан дауыс дегеніміз дыбыс желбезектерінің тербелісі нәтижесінде пайда болатын әр түрлі дыбыстардың жиынтығы. Сөйлеу барысында дауыстың негізгі қызметтері:

- дыбыс күшінің жеткіліктілігі (ерлерде – 100-250 Гц, әйелдерде – 200-40 Гц);

- дыбыстың жіберілуі (дауыстың қажетті нысандарға жете алуымен өлшенеді);

- дыбыстың жылжымалылығы, икемділігі (сөйлеушінің ойын толық және реңкімен беруге көмектеседі);

- дауыс тембрі (дауыстың анықтығы, сыңғыры, жұмсақтығы, жылылығы және т.б.);

- дыбыстың ұшқыштығы (басқа дыбыстардың, шудың арасанда жоғалып кетпей, сақталып қалуы);

- дауыстың шыдамдылығы (ұзақ уақыт сөйлегенде дауыс күшінің үнемделіп, көп сөйлеп, аз шаршауымен) арқылы көрініс табады.

Дикциясөздердің, буындардың, дыбыстардың анық әрі түсінікті айтылуы. Дикцияны айқындайтын көрсеткіштер: 1) артикулияцияның дұрыстығы; 2) оның анықтылық дәрежесі; 3) сөзді айту нақышы.

Интонация арқылы байлам, сұрақ, таңдану, ынталану тәрізді негізгі қатынастық мағыналар білдіріледі. Сөйлеуде интонация сөзді әрленл\діріп, қайталанбас дербес сипат береді. Ауызша сөйлеуде интонация фразаның соңын, ойдың аяқталғанын немесе аяқталмағанын, сөйлемнің қандай мақсатта айтылғандығын білдіреді. Интонация 4 акустикалық құралдан тұрады: 1) дауыстың тоны; 2) дауыстың жиілігі мен күштілігі; 3) естілу ұзақтығы; 4) тембрі.

Кідіріс – сөз тізбегін үзу, дыбыс шығаруды уақытша тоқтату. Кідіріс түрлері:

- «бос» кідірістер;

- ойлану кідірістері;

- интонациялық-логикалық кідірістер;

- психологиялық кідірістер;

- интонациялық-синтаксистік кідірістер;

- жағдаяаттық кідірістер.

Көпшілік алдында сөйлеуде ескерілетін маңызды мәселелер:

1. аудиториямен байланыс орнату;

2. аудиторияның ерекшеліктерін ескеру;

3. тыңдаушылар көз қатынастарын орнату;

4. тыңдаушылармен кері байланыс орнату;

5. аудиторияның назарын аудару тәсілдерін қолдану.

 

Біз сағат он сегіздің ожақ-бұжағында кездескелі отырмыз.

Сағат он сегізде кездесу белгіленген.

Өткен тоқсанда атқарылған жұмыс нәтижелерін талқылау бойынша мәжілісі сағат 18:00-де болады.

 

Ойталқы диспут лат. таласамын - пікір -талас түрінде өткізілетін көпшілік талқылауы. Диспуттың мақсаты - шындыққа көз жеткізу. Диспутқа қатысушылар бірыңғай көзқарастары қалыптаспаған және жауабы күні бұрын дайындалмаған мәселелерді талқылайды. Мұнда қатысушы өзгенің пікірі мен көзқарасын бағалап, өз кезегінде көзқарасын негіздеуі және оны дәлелдеуі қажет.

Пікір алмасу дискуссия лат. қарау талқылау азаматтық пікірі, өзіндік көзқарасы болуы, ол көбінесе белгілі бір мәселе бойынша жасалған баяндамадан кейін талқылау мақсатында жүргізіледі.

Ойкөкпар (дебат , фр. талас , тақылау )- қарсылас топтың ой -пікірін жоққа шығарып , өз көзқарасын дәлелдеп , жеңіске жету. Тақырып алдын ала белгіленіп , нақты резолюция ұсынылады. Жүргізуші тайм - кипер тағайындалады. Дөрекілікке бой алдырмау, уақытында, дереу қолма -қол жауап беру, тақырып аясында ғана сөйлеу қажет. Түрлі қоғамдық көзқарастағы топтар, арнайы клуб , орталық т.б топ мүшелері - спикерлер жақтаушылар мен даттаушыларға бөлініп сайысады. Жақтаушы белгілі бір айқын тұрғыдан позициядан) дәйекті дәлелдерді ұстанушы. Даттаушы - қарсыласы ұстанған ұстанған позицияны дәйекті дәлелдерімен сынға алып, кемшілігін көрсетуші. Ойкөкпардың нәтижесін арнайы белгіленген сарапшылар ме