Тапсырмалар

4.4.1 Автотолқынды мультивибратордың сұлбасын жинаңыз.

4.4.2 Шығыс импульстерінің амплитудасын Uшығ., ұзақтығын tИ, периодын Tшығ. өлшеңіз. Мультивибратордың шығысындағы Uшығ. және терістемейтін кірістегі Uкір. импульстердің уақыттық диаграммаларын түсіріп алыңыздар.

4.4.3 Шығыс импульстер көрсеткіштерінің (Тшығ., Uшығ., tИ шығ.) уақытты белгілейтін тізбектер көрсеткіштеріне тәуелділігін зерттеу.

4.4.4 Шығыс импульстер көрсеткіштерінің оң кері байланыс тізбегіндегі R1 кедергісінің мәніне тәуелділігін зерттеу.

4.4.5 Импульстер ұзақтығын tИ шығ., қайталану периодын Тшығ. есептеп, оларды тәжирибелік деректермен салыстырыңыз.

 

4.5 Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар

4.5.1 4.4.1 пунктіне, EB-122 платасының оң жоғарғы бұрышында автотолқынды мультивибратордың сұлбасы орналасқан. 4.1 суретте көрсетілген автотолқынды мультивибратордың сұлбасын жинаңыз.

Рисунок 4.1

R=R12=20кОм, R1= R13=47кОм алыңыз.

4.4.2 пунктіне, осциллографтың 1 кірісін мультивибратордың шығысына қосыңыз. Осциллографтың экранында шығыс тік бұрышты импульстердің нақты бейнесін орнатыңыз. Шығыс импульстерінің амплитудасын Uшығ., ұзақтығын tИ, периодын Tшығ. өлшеңіз. Нәтижелерін 4.1 кестесіне енгізіңіз және шығысындағы Uшығ. уақыттық диаграммасын түсіріңіз. Осциллографтың 1 кірісін терістейтін кірісіне Uкір.+ ауыстырып, екінші кірісін терістемейтін кірісіне қосып, уақыттық сәйкестікпен Uкір.¯ және Uкір.+ түсіріп алыңыз.

4.5.2 4.4.3 пунктіне, а). R=R11=100кОм, б). R= R11|| R12 қосып, тәжирибені қайталаңыз. Тшығ., Uшығ., tИ шығ.көрсеткіштерінің уақытты белгілейтін тізбекте R мәніне тәуелділігін бақылаңыз. Нәтижелерін 4.1 кестесіне енгізіңіз. Жұмыс бойынша қорытынды жасаңыз.

4.5.3 4.4.4 пунктіне, R=R12=20кОм, R1=R14=100кОм жағдайлары үшін, тәжирибені қайталаңыз. Тшығ., Uшығ., tИ шығ.көрсеткіштерінің R1 мәніне тәуелділігін бақылаңыз. Жұмыс бойынша қорытынды жасаңыз.

4.5.4 4.4.5 пунктіне, мультивибратордың tИ шығ. импульстер ұзақтығын, Тшығ. қайталану периодын, f жиілігін есептеп, мәндерін 6.1 кестесіне енгізу керек.

Кесте 4.1

R мәні R12=20кОм R11=100кОм R11||R12= =17кОм
Импульстердің ізін басу периоды Тшығ., мс Өлшенген      
Есептелген      
Импульстер ұзақтығы, tИ шығ., мс Өлшенген      
Есептелген      
Импульстердің ізін басу жиілігі f, кГц Есептелген      
Шығыс импульстердің амплитудасы Uшығ., В Өлшенген      

 

4.5.5 4.4.5 пунктіне, мультивибратордың tИ шығ. импульстер ұзақтығын, Тшығ. қайталану периодын, f жиілігін есептеу келесі формулалар бойынша жүргізілеі:

tИ шығ. = τ ln(Uст – Uн)/ (Ucт – Uк) = τ ln(12 – U+)/ (12 - U‾)

мұндағы τ = RC4;

U+ = 5R10 / (R9 + R10) + 12R10/ (R10 + R1);

U= 5R10 / (R9 + R10) - 12R10/ (R10 + R1);

Тшығ. =2 tИ шығ.; f =1/ Тшығ.;

R=R11 = 100кОм; R=R12 = 20кОм; R11 R12 = 17кОм;

С4 = 0,01мкФ; R9 = 13,4кОм; R10 = 17,5кОм;

R1 = R13 = 47кОм; R1=R14=100кОм.

4.6 Бақылау сұрақтары

4.6.1 Мультивибратор дегеніміз не?

4.6.2 Мультивибратор қайда қолданылады?

4.6.3 Мультивибратордың сұлбасындағы қай элементтер, оның шығыс сигналының уақыттық көрсеткіштерін анықтайды?

4.6.4 Мультивибратордың шығысында жиілікпен импульстік тізбекті скважность қалай басқаруға болады?

4.6.5 Шығыс импульсінің ұзақтығының формуласын қорытыңыз.

4.6.6 Шығыс сигналдың максимал амплитудасы немен анықталады?

4.6.7 Хронирлік сыйымдылықтың зарядталу және разрядталу тізбектерін көрсетіңіз.

4.6.8 Неге C4 конденсаторы хронирлік деп аталады?

4.6.9 R1, R9, R10 резисторларының тағайындалуын түсіндіріңіз.

4.6.10 R, R1, R10 өзгертсе, импульс ұзақтығы қалай өзгереді?

Әдебиеттер тізімі

1 Опадчий Ю.Ф., Глудкин О.П., Гуров А.И. Аналоговая и цифровая электроника: Учебник для вузов. Под ред. О.П.Глудкина. – М.: Горячая линия – Телеком. 2005, – 768с.

2 Степаненко И.П. Основы микроэлектроники: Учебное пособие для вузов. ‑ 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Лаборатория Базовых Знаний, 2004. – 488с.

3 Гусев В. Г., Гусев Ю. М. Электроника и микропроцессорная техника: Учеб.для вузов – М.: Высш. шк., 2006, – 800с.

4 Титце У., Шенк К. Полупроводниковая схемотехника: Справочное руководство – М.: Мир, 1982. – 512с.

5 Пейтон А.Дж, Волш.В. Аналоговая электроника на операционных усилителях. – М.: Бином, 1994. – 352с.

6 Фолкенберри Л. Применение операционных усилителей и линейных ИС. – М.: Мир, 1985. – 572с.

7 Алексенко А.Г. Основы микросхемотехники. – ­3-е изд. – БИНОМ Лаб.знаний, 2004. – 448с.

8 Прянишников В.А. Электроника: Полный курс лекций. – СПб.: КОРОНА принт, Бином Пресс, 2006. – 416с.

9 Павлов В.Н., Ногин В.Н. Схемотехника аналоговых электронных устройств. – М.: Радио и связь, 2005. – 320 с.

10 Шустов М.А. Практическая схемотехника, – М.:АЛЬТЕКС, 2004. –304 с.

11 Алексеев А.Г., Войшвилло Г.В. ОУ и их применение. –, М.:Радио и связь, 1989. –120 с.

12 Галле К. Полезные советы по разработке и отладке электронных схем. – М.: ДМК, 2005. –208 с.

13 Нестеренко Б.К. Интегральные операционные усилители: справочное пособие по применению. – М.:Энергоатомиздат, 1982.

14 Т.М. Жолшараева. Схемотехника 1. Конспект лекций для студентов всех форм обучения специальности 050704 –Вычислительная техника и программное обеспечение. – Алматы: АИЭС, 2008. – 50 с.

15 Лачин В.И., Савёлов Н.С. Электроника: учеб. пособие –Ростов н/Д: Феникс, 2009.-703, (1) с.- (Высшее образование).

 

 

Мазмұны