Физиология-1

пәні бойынша емтихан тесттері

4 нұсқа

1. Бұлшықеттің қозғыштығын мына әдіспен зерттейді:

A. миография

B. реография

C. бұлшықет және нервтердің диаметрін анықтау

D. тітіркендіргіштің қозу табалдырығын анықтау

E. динамометрия

2. Бақаны жансыздандыру әдісіне жатады:

A. электроэнцефалография

B. реоэнцефалография

C. плетизмография

D. миография

E. жұлын және бас миын зақымдау

3. Тіндердің қозғыштығын зерттеу үшін қолданылатын приборлар:

A. пневмографтар

B. хронаксиметрлер

C. реографтар

D. гнатодинамометрлер

E. оксигемометрлер

4. Тірі жасушалардың тітіркендіру факторларына жауап беру ретінде структуралық және функциональдық қасиетін өзгерту аталады:

A. тітіркендіргіштік

B. өткізгіштік

C. рефрактерлік

D. лабильділік

E. автоматиялық

5. Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиетіне жатады:

A. өткізгізтік

B. ырғақтылық

C. созылғыштық

D. жұмыс

E. иілгіштік

6. Қозудың миеленсіз нерв талшықтарында өткізу механизмы аталады:

A. сальтатор

B. толассыз

C. секірмелі

D. платикалы

E. мобильді

7. Қозу бірте-бірте осьті цилиндрдің мембраналарының әрбір нүктесін қамтиды және дәл барлық талшықтарға аксонның соңына дейін өткізгенде таралады:

A. секірмелі

B. толассыз

C. пластикалы

D. мобильді

E. сальтаторлы

8. Жүйкені кесу кезінде мына заңдылық бұзылады:

A. екі жақты өткізудің

B. бөлектенген өткізудің

C. физиологиялық және анатомиялық бүтіндіктің

D. бір жақты өткізудің

E. тітіркендіргіш күштерінің

9. Нерв талшықтарының қозу жылдамдығына байланысты, әртүрлі әрекет потенциал фазаларының ұзақтығы, мына құрылым және типке байланысты топтастырылады:

A. A, B, E

B. A, D, C

C. E, G, D

D. A, B, G

E. A, B, C

10. Уақытша байланыстың құрылу негізін құрайтын принцип:

A. окклюзия

B. трансформация

C. қайтымды байланыс

D. рефракторлылық

E. реверберация

11. Шартсыз және шартты рефлекстердің компоненті қандай болып келеді?

A. перифериялық

B. орталық

C. рецепторлық

D. эфференттік

E. сомалық

12. Шартты рефлекстер биологиялық мәні бойынша қандай болып бөлінеді?

A. қарапайым

B. жасанды

C. тізбекті

D. азықтық

E. күрделі

13. Шартты рефлекстер биологиялық мәні бойынша қандай болып бөлінеді?

A. қарапайым

B. жасанды

C. тізбекті

D. күрделі

E. қорғаныстық

14. Спортшыда сайыс басталарда функцияның өзгерісінде қандай механизм негіз болады?

A. шартсыз рефлекторлық

B. жаттығушылардың жүктемесі

C. дененің дайындығы

D. шартты рефлекторлы

E. жаттығу

15. Сыртқы құлақ құрлысына кіреді.

A. сыртқы есту жолы, дабыл жарғағы

B. жарғақтық шатырмен(лабиринт), төсше,

C. негізгі мембрана, Евстахи түтігі.

D. Корти мүшесі, балғаша, үзеңгі,

E. Спиральді ганглий, жартылай шеңберлі өзекшелер.

16. Есту өткірлігін анықтайтын құрал

A. дипласкоп

B. Форстер периметрі

C. аудиометр

D. Вебер циркулі

E. ольфактометр

17. Есту анализаторларының өрлеуші жолдарына кіреді.

A. дабыл жарғағы, есту сүйекшелері, сопақша терезе, корти мүшесі, мишық.

B. спиральді ганглий, сопақша ми, жоғарғы зәйтүн, төрттөмпектің артқы төмпегі, таламус, самайлық қыртыс

C. Скарпий ганглиі, сопақша ми, таламустың вентробазальді кешені, стрио-паллидарлы жүйе.

D. Корти мүшесі, сопақша ми, таламус стрио-паллидарлы жүйе.

E. дабыл жарғағы, сопақша ми, таламикалық жол, лимбиялық жүйе

18. Дыбыс толқынының қысымы қанша болғанда есту мүшесінде ауырлық сезімі пайда болады?

A. 20 дб

B. 40 дб

C. 50 дб

D. 80 дб

E. 160 дб

19. Вестибулярлы және негізгі мембраналар түйіскен жерде, ұлудың ұшында орналасады:

A. сопақша мида

B. геликотерма

C. дөңгелек терезе

D. балғаша

E. төсше

20. Организмнен бөлінген жылу мөлшерінің жанама өзгерісі мынадай негізде анықталады?

A. жанама калориметрия

B. тікелей калориметия

C. жүрек жұмысы

D. өкпе жұмысы

E. бауыр жұмысы

21. Белгілі арнайы-динамикалық әсерді қандай тағам береді?

A. көміртекті

B. ақуызды

C. аралас

D. майлы

E. өсімдікті

22. Тыныс алу коэффициенті-бұл көлемдердің қатынасы?

A. жұтылған азот көлеміне бөлінген көмірқышқыл газ көлемі

B. жұтылған оттегі көлеміне бөлінген көмірқышқыл газ көлемі

C. бөлінген көмірқышқыл газ көмірқышқыл газ көлеміне жұтылған оттегі көлемі

D. бөлінген энергияға жұтылған оттегі

E. бөлінген су булары көлеміпе жұтылған оттегі көлемі

23. Сөйлеудің қозғалыс программасын қамтамасыз ететін Брок орталығы орналасады

A. маңдайлық қыртыстың үшінші иілімі

B. қыртыстың алдыңғы орталық иілімі

C. бассүйек-ми нервтерінің қозғалтқыш ядроларында

D. қыртыстың шүйделік орталығы

E. қыртыстың самайлық бөлігі