БЕКІТЕМІН»
«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер»каф.меңгерушісі
_______________профессор Борбасов 28 тамыз 2014 ж.
Барлық мамандықтар үшін мамандығы күндізгі оқу бөлімі 2 курс студенттеріне
«Философия пәні бойынша аудиториялық сабақтарды өткізудің
2014-2015 оқу жылына арналған
КҮНТІЗБЕЛІК - ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Аудиториялық сабақ, барлығы - 45 сағ.
Соның ішінде: дәріс - 15 сағ.
тәжірибелік (семинарлық) - 30 сағ.
1.1. Дәрістер – 15 сағат
Сем. аптасы | Дәріс реті № | Дәріс тақырыбы, қаралатын негізгі сұрақтар | Дәрісте қолданылатын көрнекі құралдар (слайдтар, видеофильмдер, плакаттар, таратылатын материалдар және т.б.) | Студеттің өзіндік жұмысы (түрі, тақырыбы, көлемі, тапсыру уақыты) |
1 апта | Модуль І. Философияға кіріспе Философия, оның мәселелер шеңбері және адам мен қоғам өміріндегі рөлі. 1. Философиялық ойдың шығуының мәдени тарихи алғышарттары. 2. Философияның тарихи дамуына жалпы шолу. | Слайд: «Философияның құрылымы». | Рефераттар (тапсыру уақыты 5 апта): 1.Қазіргі философияның дамуындағы жолдары мен жетістіктері. 2. Философия София ретінде. 3. Мифиология-дүниеге көзқарастың тарихи түрі. Эссе: «Мен философияны қалай түсінемін». (10 апта) | |
2 апта | Модуль ІІ. Ойшылдар мен мәселелерден тұратын философия тарихы. Философияның пайда болуы. Ежелгі Шығыс философиясы. 1. Ежелгі Шығыс философиясының жалпы сипаты мен ерекшеліктері. 2. Ежелгі Үнді және Қытай философиясының негізгі бағыттары. | Таблицалар: «Ведалар құрылымы», «Ежелгі Қытай дүниетанымындағы әлем үлгісі». | Рефераттар (5 апта): 1. Ежелгі Шығыс философиясы мен мәдениетіндегі адам. 2. Веда философиясындағы болмыс категориясы. 3. Будданың жұмбағы. 4. Конфуций: таным теориясы. 5. Әлемдік тарих философиясындағы Лао-Цзы. Эссе :Табиғат ол храм ба, әлде шеберхана ма ?». | |
3 апта | Антика философиясы. 1. Антика философиясының қалыптасуы, негізгі кезеңдері. 2. Философия тарихында алатын орны. | Слайд: «Антика философиясының даму кезеңдері». | Рефераттар (5 апта): 1. Сократтың ежелгі Грек философиясының қалыптасуындағы ролі. 2. Платонның «еске түсіру теориясы». 3. Пифагор мектебіндегі космология. 4. Ежелгі Грециядағы этикалық мектептер: гедонизм, кинизм. 5. Аристотельдің метафизикасы. (Материя және түр туралы.) Эссе: 1.Адамға көп керек пе екен осы өмірде? «Аз керек болса, ол Құдайларға жақын» (Сократ). Ал Сіз қалай ойлайсыз? 2. Сұлулык деген не? | |
4 апта | Орта ғасырлар философиясы. 1. А.Августин мен Ф.Аквинскийдің теософиясы. 2. Ортағасырлық мұсылмандық Шығыс философиясының жалпы сипаты мен бағыттары. | Таблицалар: «Орта ғасырлық христиан философиясының даму кезеңдері», «Мұсылман философиясының даму аймақтары мен құрылымы». | Рефераттар (5 апта): 1. Орта ғасыр мәдениетінің Адамы. 2. А.Августиннің «Тәубеге келуі» орта ғасырлық ойлаудың тарихында. 3. Әл-Фарабидің философиясында бақыт мәселесі. 4. Шығыс перипатетизмде білім концепциясы. 5. Х.А.Яссауидің этикалық концепциясы. 6. Ибн-Сина философиясындағы махаббат тақырыбы. 7. Ибн-Рушд философиясындағы қос ақиқат теориясы және оның Батыс Европа философиясының ой-пікірлеріне әсері. Эссе: Іштесудің /Откровение/ ақиқаттарының философиялық мәні (мысалы Құран мен Інжілде): | |
5 апта | Қайта өрлеу және Жаңа заман философиясы. 1. Н.Кузанскийдің натурфилософиясы, гелиоорталық және әлемнің шексіздігі туралы ілім. 2. Ф.Бекон эмпиризмі мен Р.Декарттың рационализмі. | Таблица: «Қайта өрлеу философиясының негізгі бағыттары», Схема:«Коперниктің гелиоорталық жүйесі». | Рефераттар (10 апта): 1. Итальяндық гуманистердің философиясында адам мәселесі. 2. Қайта Өрлеу ойшылдарының утопиялық идеалдары. 3. Т.Мор мен Т.Кампанеллың утопияларында қоғам идеалы. 4. Ф.Бэконның ғылымның классификациясы және себептер туралы ілімі. 5. Р.Декарттың ғылыми философиялық методологиясы. 6. Б.Спинозаның философиясындағы бостандық мәселесі. 7. Ж.Ж.Руссоның «қоғамдық келісім шарт» теориясы. Эссе: Билік қорқақтыққа сүйенеді ме? Гоббстың билік туралы түсінігінің сыны. | |
6 апта | Неміс классикалық философиясы. Марксизм философиясы. 1. Неміс классикалық философиясының ерекшеліктері. 2. Тарихты материалистік тұрғыда түсіну. Практика және ақиқат туралы ілім. | Таблица: «Қоғамдық-экономикалық формациялар жүйесі». | Рефераттар (10 апта): 1. И.Г.Фихтеның философиясында бостандық мәселесі. 2. И.Канттың этикалық ілімі. 3. Ф.Шеллинг: дүниені түсіндірудегі даму және себептілік принциптері. 4. В.Гегельдің «Логикасы». Абсолюттік идеяның өздігінен даму идеясы. 5. К.Маркстың тарихшылдық философиясы. Жаттану концепциясы. 6. Л.Фейербах «Христиандықтың мәні». Діннің тағдыры мен пайда болу туралы ілімі. Эссе: Адамның өмірінде магия мен мистикаға орын бар ма? | |
7 апта | ХІХ-ХХ ғ. басындағы орыс философиясы. 1. ХІХ-ХХ ғ. басындағы орыс философиясының жалпы сипаты мен ерекшеліктері. 2. Н.А.Бердяевтің персонализмі. | Таблица: «ХІХ-ХХ ғ. басындағы орыс философиясындағы негізгі бағыттар». | Рефераттар (10 апта): 1. Ресейдің тағдыры және оның тарихи тағлымы. 2. Орыс философиясы және оның әлемдік философияға қосқан үлесі. 3. В.Соловьевтің философиясы. 4. Л.Н.Толстойдың этикасы. Өмірдің мәні мен адамның жетілгендігі туралы ілімі. 5.Н.Бердяевтың персоналистік философия. Эссе: Қазіргі заманда зорлық мәселесі: одан арылу жолдар мен себептері. | |
8 апта | Қазақ философиялық ой-пікірлерінің ерекшеліктері. 1. ХҮ-ХҮІІІ ғасыр арасындағы ақын-жыраулар шығармаларындағы негізгі тақырыптар мен дүниетанымдық аспект. 2. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушылығындағы философиялық және қоғамдық саяси ойлар. | Таблица: «Қазақ дүниетанымының ерекшеліктері». | Рефераттар (10 апта): 1.Қазақ халқының дүниеге дәстүрлі көзқарасы көшпелі өмірдің бейнесі ретінде. 2. Қазақ ағартушыларының философиясындағы қоғамдық прогресс теориясы. 3. Зар-заман ақындары(Шортанбай, Дулат). 4. Қазақтардың мәдениетінің танымдық, адамгершілік, діни, өнерлік- эстетикалық негіздері (орта ғасыр). Эссе: Жерұйық туралы сіздің көзқарасыңыз? | |
9 апта | ХІХ-ХХ ғғ. қазіргі заман философиясы. (1 б ). 1. Батыс философиясының мәні мен ерекшеліктері. 2. ХІХ ғ философиясындағы иррациолнализм: өмір философиясы. | Слайд: «Қазіргі заман философиясының негізгі бағыттары». | Рефераттар (10 апта): 1. Экзистенциализмде бостандық мәселесі 2. Ф.Ницшеның философиясында «аса жеткен адам». 3. Психоанализ және адам мәселесі. 4. М.Хайдеггердің философиясында болмыс мәселесі. 5. К.Ясперс «шекаралық жағдай» туралы. Күнә мәселесі. 6. К.Г.Юнгтың «бейсаналық архетиптері» туралы ілімі. 7. Позитивизм және непозитивизмде ғылыми танымның методологиясының қалыптастыруы. 8. С.Кьеркегордың бостандық пен таңдауы туралы ілімі. 9. А.Шопенгауэр философиясы. Дүние ерік және елес ретінде. 10. Кант және неокантшылдық. Эссе: Оптимизм және писсимизм: өмірге деген қатынастың екі түрі. | |
10 апта | ХІХ-ХХ ғғ. Қазіргі заман философиясы. (2 б ). 1. Позитивизм жалпы сипаты мен ерекшеліктері. 2. Психо-аналитикалық және экзистенциализмге жалпы сипаттама. | Слайд: «Қазіргі заман философиясының негізгі бағыттары». | Рефераттар (15 апта): 1.Философиядагы субстанция мәселесі. 2. Философия тарихында болмыс категориясы. 3. Болмыс және бейболмыс- философияланудың екі мүмкін принциптері. 4. Қозғалыс, кеңістік, уақыт туралы жаңа көзқарастар. Эссе: Ғылым және дін: келісім әлде конфронтация ма? | |
11 апта | Модуль ІІІ. Теориялық философия. Онтология: негізгі ұғымдар мен принциптері.(1 б). 1. Болмыс пен материя философияның негізгі ұғымдары ретінде. 2. Материя қозғалысының формалары. Кеңістік және уақыт. | Таблицалар: «Болмыстың түрлері». «Материяның даму деңгейлері». | Рефераттар (15 апта): 1. Ақиқат және жаңылыс. 2. Білім бейне ақпарат. 3. Танымның диалектикалық-материалистік теориясындағы негізгі ерекшеліктері. 4. Философиядағы және ғылымдағы ақиқат өлшемінің проблемасы. 5. Рационалдық танымдағы іс әрекет. Эссе: «Қазіргі замандағы білім: мәселелері және перспективалары». | |
12 апта | Онтология: негізгі ұғымдар мен принциптері.(2 б). 1. Философиядағы даму мәселесі. 2. Диалектиканың негізгі заңдары, принциптері мен категориялары. | Слайд: (Схема 1. Даму мен оның түрлері. Схема 2. Диалектиканың негізгі идеялары мен заңдары.Схема 3. Детерминизм, оның принциптері мен әралуандығы.). | Рефераттар (15 апта): 1. Шығыс философиясының сана проблемасы. 2. Сана және санасыздық. 3. Жалпы сана: мәні, құрылысы, қоғамдағы ролі. 4. Сананың қоғамдық және жеке тұлғалық мазмұны. Эссе: «Жаңа мыңжылдықта адамзат эволюциясы қалай қалыптасады?». | |
13 апта | Философиялық антропология мен акциология негіздері. 1. Философия тарихындағы адам мәселесі. 2. Құндылықтар жайлы ілім, олардың иерархиясы. | Слайд: (Схема 1. Философиялық антропологияның маңызды мәселелері мен міндеттері. Таблица 1. Адамның өмір сүруі жайлы философиялық түсінік. Схема 2. Антропогенездің негізгі концепциясы. Схема 3.Жалпы адамзаттық рухани құндылық. | Рефераттар (15 апта): 1. Адамның тағдыры және оның алғашқы анықтамасының антикалық мәдениеттегі проблемасы. 2. Менің адам және оның тағдыры туралы түсінігім. 3. Адамның әлемде болуы кездейсоқтық па? 4. Расизм және адамның әлеуметтік пен биологиялық жақтарының қатынас проблемасы. 5. Бостандық диалектикасы және әлемдік өркениет дамуының қазіргі саладағы жауапкершілігі, адам дамуының тұлға ретіндегі негізгі бағыттары. Эссе: 1. Ч. Дарвиннің адамның пайда болуы туралы концепциясы қазіргі заманның ғылыми нәтижелері барысында. 2. Казіргі заманның адамы туралы сіздің пікіріңіз. Философия тарихындағы жетілген адам туралы пікірдің дамуы. | |
14 апта | Гносеология: жалпы мәселелері. 1. Гносеологияның негізгі ұғымдары (бейнелеу, сана, таным, ақиқат.) 2. Ғылыми таным, оның құрылымы мен ерекшеліктері. | Слайд: « Ғылыми танымның түрлері мен әдістері». | Рефераттар (15 апта): 1. Тұлға және қоғам. 2. Қазіргі дүниедегі идеологияның ролі. 3. Тұлға және оның дүниежүзілік діндер айнасындағы бостандығы. 4. Мәдениеттің әртүрлі түрлеріндегі тұлға түсінігінің ерекшелігі. 5. Идеология және қоғамдық психология. 6. Қоғамнын теориялық үлгілері. 7. Қоғамдық заңдар олардың әсері мен қолдану механизмі. 8. Тарихтағы діни және ұлттық қозғалыс. 9. Қоғамдық ойлау тарихындағы прогресс идеясы. Эссе: «Құдай жоқ болса, бәріне жол ашық...» (Достоевский Ф.М. «Братья Карамазовы»). Адамға құдай қажет пе? Эссе: Ақпарат ұғымы және оның қаріргі әлемдегі ролі. | |
15 апта | Қоғам және мәдениет: философиялық талдау негіздері. 1. Қоғам ұғымы мен құрылымы. 2. Мәдениет философиялық мәселе ретінде. | Таблица: «Мемлекеттің негізгі типтері». | Рефераттар (15 апта). 1. Мәдениет философиясы. 2. Мәдениеттің классикалық үлгісі. 3. Дін және тұлға. 4. Құқық мәдениетінің маңызы. 5. Дәстүрлі және қазіргі мәдениет. Эссе: Бостандық дегеніміз не? Ақылмен шектелу, әлде бәріне рұқсаттылық па? Эссе: Мәдениетті терістеу-өркениеттің кемшілігі. |
1.2. Тәжірибелік сабақтар – 30 сағат
Сем. аптасы | Семинар сабақтарының тақырыбы | Оқу-әдістемелік, көрнекі құралдар. | Әдістемелік нұсқаулар | |
1 апта | Модуль 1.Философияға кіріспе. Дүниеге көзқарастың тарихи типтері 1. Философияға дейінгі дүниеге көзқарастың тарихи типтері: мифология және дін. 2.Қазақ мифологиясы және діни сенімдері. Философия тарихи өлшемде. 1. Философиялық ойдың шығуының мәдени тарихи алғышарттары. 2. Философияның тарихи дамуына жалпы шолу. | Таблицалар: «Дүниеге көзқарастың тарихи типтері». «Философияның құрылымы». | Философияның дүниеге көзқарас ретінде діннен және ғылымнан айырмашылығына, философиялық білімнің ерекшелігіне назар аударыңыз. Негізгі ұғымдардың анықтамаларын түсініп, жаттап алыңыз. | |
2 апта | Модуль ІІ. Ойшылдар мен мәселелерден тұратын философия тарихы. Ежелгі Үнді философиясы . 1.Веда ілімі үнді философиясының бастамасы ретінде. 2. Ежелгі үнді философиясының негізгі бағыттары (Веданта, жайнизм, буддизм). Қытай философиясы 1.Даосизм ілімінің негізгі ұғымдары мен принциптері. 2. Конфуцийдің әлеуметтік-өнегелік ілімі. | Схема «Ежелгі Қытай дүниетанымындағы әлем үлгісі», «Зенон апориялары», «Демокриттің кеңістік және уақыт атомдарынан бас тартуы» | Ежелгі Шығыс пен Антика философиялық ойлауын салыстырыңыз. Қандай ерекшеліктер байқадыңыз, тұжырымдап жазыңыз. Негізгі сөздер мен ұғымдардың қайсысы Ежелгі Үнді, қайсысы Ежелгі Қытай, қайсысы Антика екеніне назар аударыңыз. | |
3 апта | Антика философиясының қалыптасуы. 1. Антика философиясындағы адам мен космос.Милет мектебі. Гераклит ілімі. 2. Элей мектебі. 3. Демокриттің атомдық ілімі. Антика философиясының классикалық кезеңі. 1.Сократ және софистер мектебі. 2.Платонның философиялық жүйесі. 3.Аристотель – ежелгі грек философиясын жүйелеуші. 4.Эпикурлық атомдық ілімнің дамуы. 5.Кинизм.Скептицизм.Стоицизм. | Таблица: «Эллинизм» кезеңіндегі философиялық мектептер, негізгі өкілділігі». Карточкалар тарату. | «Сократтың өлімі ерлік пе, әлде ақымақтық па?» деген пікірталасқа дайындалыңыз. Эллинизм мектептерінің қайсысының көзқарасына қосыласыз және неге деген сұраққа жауап дайындап, оны негіздеуге тырысыңыз. | |
4 апта | Ортағасырлық христиандық философиясы. 1. Інжілдегі діни-философиялық ой- пікірлер. 2. А. Августин мен Ф. Аквинскийдің теософиясы. Мұсылмандық Шығыс философиясы. 1.Әл-Фарабидің антологиясы мен этикасы. 2.Ибн-Рушд «қос ақиқат» ілімі. 3.Суфизм: оның философиялық идеялары. | Карточкалар тарату: «Номинализм өкілдерін ата», «Реализм өкілдерін ата», «Шығыс перипатетиктерін ата» т.б. | Христиан діні мен Ислам діні шығу тарихымен олар туралы діни және ғылыми версиялармен, екі діннің догматикасымен, олардағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға назар аударыңыз. | |
5 апта | Қайта өрлеу дәуірі философиясы 1. Кузанскийдің натурфилософиясы. 2. Гелиоцентризм және әлемнің шексіздігі туралы ілім. Жаңа заман философиясы. 1.Ф. Бэкон – эмпиризмнің негізін қалаушы. 2. Р. Декарттың рационализмі. 3.Дүниенің механикалық бейнесінің қалыптасуы. | Схема: «Коперниктің гелиоорталық жүйесі», Тик-бокс №1. | Н.Коперниктің гелиоорталық жүйесімен танысып оның қазіргі күн жүйесінің схемасынан қандай айырмашылық бар екеніне назар аударыңыз. ХІҮ-ХҮІІ ғғ. арасында ашылған жаратылыстанулық жалпы ғылыми техникалық жаңалықтарды есіңізге түсіріңіз. Оның дүниенің мехникалық бейнесін жасаудағы роліне назар аударыңыз. | |
6 апта | Неміс классикалық философиясы. 1.И. Канттың философиялық ілімі. 2.Гегельдің логикасы және диалектикасы. 3.Фейербах философиясындағы антропологизм. Марксизмнің гуманистік идеялары 1.К.Маркс философиясындағы жатсыну мәселесі. 2.Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Практика және ақиқат туралы ілімі. | Тик-бокс №2. | Бұл тақырып бойынша семинар сабақтарына «Тик-бокс №2» мен дайындалуға болады. | |
7 апта | Орыстың діни философиясы. 1. В.С.Соловьевтың біртұтастық идеясы. 2. Л.Н.Толстой мен Ф.М.Достоевскийдің шығармашылығындағы философиялық идеялар. Ақын жыраулық философия. 1. ХҮ-ХҮІІІ ғғ. Арасындағы ақын жыраулар шығармашылығындағы негізгі тақырыптар мен дүниетанымдық аспект. 2. Зар-заман ақындарының философиясы. | Карточкалар тарату: «Славянофильдерді атаңыз», «ХХ ғ. басындағы орыс діни, философтарын атаңыз» «Зар-заман ақындарын атаңыз», «Зар-заман қай уақыттан, неге зар-заман деп аталған?». | Орта мектептің тарих курсынан өткен Ресейдің ХІХ ғасырдағы әлеуметтік-саяси жағдайын осы кездегі орыс әдебиеті мен өнерінің деңгейін, өкілдерін Л.Н.Толстой мен Ф.М.Достоевскийдің шығармаларын еске түсіріп, осы білімдеріңізге сүйене отырып дайындалыңыз. Қазақ халқының тарихы, дәстүрлі мәдениеті (әдебиет, өнер, салт-дәстүр, әдет-ғұрып т.б.) бойынша білімдеріңізге сүйене отырып дайындалыңыз. Орхон-Енесей жазбаларын Ж.Баласағұнның «Құттыбілігін», Қашқаридің «Диуани лағұт-ат түрігін», А.Яссауйдің «Даналық кітабын» оқып шығыңыз. | |
8 апта | Қазақ ағарту философиясы 1. Қазақ ағартушылығының ерекшеліктері. 2. ХІХ ғасыр қазақ ағартушылығындағы философиялық және қоғамдық саяси ойлар. 3. Шәкәрімнің философиялық көзқарасы. Қазіргі ғылыми философияның ғылыми рационалдық мәселелері. 1. О.Конт ілімі. 2. Эмпириокритицизм. 3. Неопозитивизм. | Карточкалар тарату: «Қазақ ағарту ерекшеліктерін көрсетіңіз», «Қазақ ағартушыларының 1-ші кезеңінің, екінші кезеңінің өкілдерін атаңыз»т.б. Таблица: «Позитивтік философияның кезеңдері мен өкілдері». | Ш.Уалихановтың «Таңдамалылар» жинағын «Тәңір», «Қырғыздардағы шамандықтың қалдығы», «Дала мұсылмандығы» еңбектерін, Абайдың «Қара сөздерін», өлеңдер жинағын, Шәкәрімнің «Үш анығын» оқып шығыңыз. Қазіргі заман философиясының классикалық философиядан ерекшелігіне назар аударыңыз. Оның әр бағытының көзқарасына сыни көзбен қарап өз пікіріңізді қалыптастыруға тырысыңыз. | |
9 апта | Постклассикалық философиядағы иррационализм. 1. Өмір философиясы. 2. Психоаналитикалық философия. 3. Экзистенционализм. Жаңа философия мен Европа мәдениетінің дағдарысы. 1. Қазіргі тарих философиясы. 2. Постмодернизм: жалпы сипаты. | Тик-бокс №3. | Тик-бокс №3 | |
10 апта | Модуль ІІІ. Теориялық философия. Болмыс философиясы. 1. Болмыстың негізгі анықтамасы және негізгі түрлері. 2. Болмыс мән және өмір сүру ретінде. Материяның философиялық және жаратылыстанымдық түсініктері. 1. Материя ұғымының қалыптасуы. 2. Кеңістік және уақыт. 3. Қозғалыстың түрлері. | Карточкалар тарату: «Қозғалыстың түрлерін кім, қай еңбегінде көрсетті», «Материяның диалектикалық түсінігін беріңіз» және т.б. | Тик-бокс №3 | |
11 апта | Диалектика теориясы. 1. Диалектиканың негізгі принциптері мен категориялары. 2. Диалектиканың заңдары. Философиядағы сана мәселесі. 1. Философия тарихындағы сана мәселесі. 2. Сана және өзіндік сана. | Таблица: «Диалектиканың негізгі заңдары мен категориялары». | Тик-бокс №3 | |
12 апта | Қоғамдық сана түрлері. 1. Қоғамдық қатынастар және қоғамдық сана. Қоғамдық сана деңгейлері. 2. Қоғамдық сана түрлері. Гносеология. 1. Танымның объектісі мен субъектісі. 2. Таным түрлері. | Таблица: «Қоғамдық сана деңгейлері мен түрлері». Таблица: «Таным түрлері, деңгейлері». | Философия тарихынан адам мәселесі бойынша алған біліміңізге сүйене отырып дайындалыңыз. | |
13 апта | Ғылыми теориялық таным ерекшеліктері. 1. Ғылыми танымның түрлері. 2. Ғылыми танымның әдістері. Философиядағы адам мәселесі. 1. Ежелгі философиядағы адам мәселесі. 2. Адамның орта ғасырлық христиандық концепциясы. Суфизмдегі «жетілген адам». 3. Европа философиясындағы жаңа заман адамы. Неміс философиясындағы адам мәселесі. | Таблица: « Ғылыми таным түрлері мен әдістері». Карточкалар тарату: «Инсан камил қай философияда?», «Әмбебап адам қай философияда?» және т.б. | «Тұлға деген не» деген сұраққа жауабыңызды тұжырымдаңыз. Философия тарихында қоғам туралы ойдың өрбуін есіңізге түсіріңіз. | |
14 апта | Тұлға: табиғаты мен мәні. 1. Индивид, даралық, тұлға. 2. Тұлға түсініктері. Тұлғаның типтері. 3. Адам өмірінің мәні мен мақсаты. Әлеуметтік философия. 1. Қоғам өздігінен дамитын жүйе ретінде. 2. Табиғат және қоғам. «Географиялық детерминизм», биосфера,ноосфера. | «Тұлға деген не?» деген тақырыпқа диспут ұйымдастыру. Карточкалар тарату: «Тап деген не?», «Базис қондырғылары деген не?», «Страттар деген не?», «Әлеуметтік мобилдік деген не? және т.б. | Қоғамдық сана мен жеке сананың байланысы мен ерекшелігіне назар аударыңыз. Мәдениеттің толық анықтамасын тұжырымдауға тырысыңыз. | |
15 апта | Мәдениет философиясы. 1. Мәдениет: ұғымы, құрылымы, атқаратын қызметі. 2. Мәдениет және өркениет. 3. Мәдениет қырлары: саясат, мораль, өнер, құқық, дін. Құндылық туралы философиялық ілім. 1. Құндылық ұғымы және табиғаты. 2. Әлеуметтік құндылықтар. | «Ғылымды қоғамдық сана түріне жатқызуға бола ма?», «Мәдениет деген не?» тақырыптарына пікір талас өткізу. «Мәңгі құндылықтар бар ма?», «Сіз үшін ең құнды не?» тақырыптарына диспут ұйымдастыру . Философия курсы бойынша рөлдік ойын ұйымдастыру. | «Адам өмірінің мәні неде?», «Мәңгі құндылықтар бар ма?», «Бақыт деген не?» сұрақтарына жауабыңызды тұжырымдаңыз. Философия курсы бойынша барлық өткен материалдарды қайталап, рөлдік ойынға дайындалыңыз. |
1.3. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы – 15 сағат
Сем. аптасы | реті № | Тәжірибе сабақтарының тақырыбы | Оқу-әдістемелік, көрнекі материалдар | Әдістемелік нұсқаулар |
1 апта | Қазіргі Шығыс діндері | Схема: «Дүние-жүзілік діндер». | Дүниежүзілік ислам, буддизм діндеріндегі әртүрлі бағыттарды талдап шығыңыз. | |
2 апта | Эллинизм дәуіріндегі философиялық мектептер. | Схема: «эллинизм дәуіріндегі мектептер, көрн. өкілдері». | Эллинизм кезіндегі әртүрлі өкілдерінің еңбектерін оқып конспектілеу. | |
3 апта | Қайырымды қаланың қайырымды адамдары. | әл-Фарабидың суреті. | әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегін оқып шығып, конспектілеу. | |
4 апта | Ж.Баласағұн мен М.Қашгари шығармашылығындағы құндылық жүйесі. | Ж.Баласағұн «Құтты білік» кітабы. | Ж.Баласағұнның «Құтты білігін» оқып, конспектілеу. | |
5 апта | Суфизмнің философиялық идеялары. | «Түркі сопылығы мен қазақ бақсылығы» тақырыбына диспут ұйымдастыру. | Ғ.Есімнің «Сана болмысы» 2 кітабын оқып, конспектілеу. | |
6 апта | Абайдың дүниетанымындағы адам проблемасы. | Абай «Қара сөздер» кітабы. | Абайдың 2, 23, 38, 43 қара сөздерін оқып, конспектілеу. | |
7 апта | Ағартушылык философиясы ( ХҮІІІ ғ.) | Француз ағартушыларының суреттері. | Француз ағартушыларының біреуінің еңбегін оқып, конспектілеу. | |
8 апта | Орыс космизмінің философиясы. | Орыс космистерінің суреттері. | Орыс діни және ғылыми космизмнің ерекшеліктеріне назар аудара отырып, оқу. | |
9 апта | Ж.Сартр философиясындағы бостандық пен жауапкершілік мәселесі. | Диспут ұйымдастыру. | «Батыс философиясының антологиясы» кітабынан Ж.Сартрдың еңбегін оқып, конспектілеу. | |
10 апта | Субстанция мәселесі. | Схема: «Философия құрылымы» (дәрістер кешенін қара). | Субстанция ұғымына анықтама тұжырымдаңыз. | |
11 апта | Кеңістік және уақыт. Әлемнің барлығы туралы философиялық көзқарастарды дамытудағы салыстырмалы теорияның қатынасы. | График: «Салыстырмалылық теориясындағы кеңісті пен уақыт қатынасы». | Қара иірімдер, Гершпрунг-Рассел диаграммалары, евклитдық және евклитдық емес геометрия туралы білімді еске түсіру. | |
12 апта | Махизм және эмпириокритизм. Таным теориясына философиялық мәлімет. | В.И.Лениннің «Материализ және эмпириокритицизм» кітабінен үзінділер (тақтада). | В.И.Лениннің «Материализм және эмпирио-критицизм» еңбегінің бір тарауын конспектілеу. | |
13 апта | Ғылыми танымдағы дағдарыс және революция. | Дүниенің ғылыми бейнелерінің график түріндегі нұсқасы. | Г.А.Адаеваның «Философия және дүниенің ғылыми бейнесі» тақырыбына әдістемелік талдауын оқып шығу. | |
14 апта | «Географиялық детерминизм» конфепциясы. | Тақтада Ш.Уәлихановтың, Л.Гумилевтың географиялық детерминизмге қатысты сөздері. | «Батыс философиясының антологиясы» кітабынан Ш.Монтескенің еңбегін конспектілеу. | |
15 апта | Постиндустриалды қоғам концепциясы (Ақпараттық қоғам) (Д.Белл, О.Тоффлер). | «Әлеуметтік философия» тақырыбына дәрістер кешенін қарау. | Постиндустриалды қоғамға анықтама тұжырымдаңыз. |
2014 ж. 28 тамызында кафедра мәжілісінде талқыланып, мақұлданды (хаттама №1).
Жасаған аға оқытушы Раисов Қ.Д.
ҚазҰАУ барлық мамандығы студенттеріне
«Философия» пәнінен
студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ) орындауға арналған