ТАРАЗ 2013

 

 

«Биология және БОӘ» кафедрасы

Құрастырған:Кемелбекова Р.Е.

 

Математика,физика,информатика,химия мамандығында оқитын білімгерлерге арналған жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінен лекциялар жинағы.

 

 

№ 1 Лекция

Балалар мен жасөспірімдердің өсу мен даму жалпы заңдылықтары

1. Өсу және даму заңдылықтары.

2. Жас кезеңдері.

Адам ағзасының физиологиясы және гигиенасы анатомиямен бірге педагогиканың, психологияның және медицинаның негізін қалайды. Адам ағзасының құрылысы мен қызметін білу әр адамға ғылыми негізделген жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтауға, түрлі ауруларды алдын алып денсаулық сақтауға, дене мәдениетін дамытуға мүмкіндік жасайды. Кәсіптік тұрғыда педагогика мен психологияда оқу-тәрбие жұмысын, даму процесін физиолгиялық негізде ұтымды ұйымдастыруға, медицинада емдеудің нәтижелі әдістерін әзірлеуге көмектеседі. Адам анатомиясы адам ағзасының құрылысы мен пішіні, оның құрылымдык бөлімдерінің (мүше, ұлпа) жас, жыныс және жеке ерекшеліктері жайлы ғылым. Адам физиологиясы біртұтас адам ағзасындағы, мүшелер жүйесіндегі, мүшелердегі, ұлпалардағы, жасушалардағы тіршілік процестері және оларды реттеу механизмдері туралы ғылым. Адам гигиенасыоның денсаулығына, жұмысқа қабілетіне, өмірінің ұзақтығына қоршаған ортаның және кәсіптік іс-әрекетінің әсерін зерттейтін ғылым. Адам ағзасы біртұтас жүйе. Ағза (организм) органикалық (ақуыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылы) және бейорганикалық (су, минерал тұздары) заттардан тұратын дербес тірі мәніс (существо). Ағзаның негізгі қасиеттері: қоршаған ортамен зат және қуат (энергия) алмасу, өсу және көбею. Ол қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделіп, өзін-өзі реттейтін жүйе. Ағзаның тұтастығы оның барлық бөлімдерінің (жасушасының, ұлпаларының, мүшелерінің, сұйықтықтарының т.б.) құрылымдық бірігуімен, тамырлардағы, қуыстардағы, кеңістіктердегі сұйықтықтар арқылы ағзаның барлық бөлімдерінің өзара байланысуымен (гуморальды байланыс), ағзадағы барлық процесті реттейтін жүйке жүйесімен (жүйке байланысы) қамтамасыз етіледі. Адам ағзасының тұтастығы оның психикалық және соматикалық бірлігіне байланысты, себебі денеден бөлек психика болмайды. Психика -жоғары дамыған, ерекше құрылған, ойлауға қабілетті дене мүшесі бас миының қызметі (функциясы).

Ағза қызметтерінің гуморальды реттелуі жасушалардың химиялық өзара әрекетінің ежелгі түрі және зат алмасуд өнімдерінің қанмен таралып басқа жасушалар, ұлпалар, мүшелердегі процестерге әсер етуі арқылы жүреді. Химиялық заттар қан ағымымен жай таралып, тез ыдырап ағзадан шығарылып отырады. Жасушалардың химиялық тітіркендіргіштерге сезімталдығы әр түрлі. Ағза қызметтерінің жүйкелі (нервті) реттелуі эволюцияда гуморальды-химиялық реттелуден кейін пайда болған. Жасушалардың өзара әсері рефлекторлық жолмен өте тез, қауырт жүреді және нерв импульстары белгілі жасушаларға тура бағытталып қызметін реттейді. Ағза қызметінің гуморальды және жүйкелік реттелуі өзара байланыста жүреді. Мысалы, қандағы гормондар белсенді химиялық зат ретінде жүйке жүйесіне әсер етеді, сонымен қатар ішкі секреция бездерінің гормондарды түзіп қанға бөлуі жүйке жүйесінің басқаруымен жүреді. Яғни, жүйке-гуморальды реттеудің механизмі біртұтас. Ағзаның маңызды бір қасиеті – физиологиялық процестердің өзін-өзі реттеуі арқылы ағзаның ішкі ортасының жағдайының бір қалыптылығын (гомеостаз) ұстап отыруы. Өзін-өзі реттеу, соңында ақпарат (информация) орталық жүйке жүйесіне түсетін, реттелуші процеспен реттеуші жүйенің арасындағы өзара байланысқа негізделген.

Ұлпалартегі, құрылысы, қызметі бір жасушалар мен жасушааралық сұйықтықтан құралады. Адам ағзасында төрт типті ұлпа болады: эпителий, дәнекер, бұлшқет және жүйке ұлпалары.Мүшелер (орган) түрлі ұлпалардан құралады, белгілі құрылысы, пішіні, қызметі болады. Ұлпаның бір түрі мүшенің негізгі қызметін, ал қалғандары көмекші қызмет атқарады. Мүшелердің пішіні, көлемі ағзаның жас, жыныс және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Қызметі және тегі бір мүшелер мүшелер жүйесін құрайды.

Адам ағзасының онтогенезі, даму заңдылықтары.

Адам ағзасының өсуі деп ағзадағы клеткалардың аны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын айтады. Дене көрсеткіштеріне 1)бойы (адам денесінің ұзындығы), 2)салмағы, 3)кеуде шеңбері жатады.

Ағзаның дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштереге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, ағза мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Өлшеу көрсеткіштеріне байланысты ағзаның дамуын физикалық және функциялық дамуға бөледі.

Физикалық дамудыңкөрсеткіштеріне мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орны жатады. Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты болады (мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді). Адам өмірі негізгі үш кезеңнен тұрады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю.Өсу мен дамудың заңдылықтары:

1) өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды (гетерос - әртүрлі, хронос – уақыт):

2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі - өсу қарқыны адам өмірінде үш рет күшейеді:

а)туғаннан 3 жасқа дейін,

б)3 – 7 жас арасында,

в)жыныстық жетілу кезеңінде;

3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты;

4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;

5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі;

6) өсу мен дамудың акселерациясы (акселерация белгілері: жаңа туған нәрестелердің ірі болуы, қазіргі балалардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болуы, ерте жыныстық жетілуі, баланың снйегінің ерте қатаюы, жастардың бойының өсуінің ерте тоқталуы). Дене пропорциясы деп адамның басының, тұла бойы мен аяқтарының ұзындығының дене ұзындығына қатынасын айтады. Акселерация(жылдамдау, үдеу) сыртқы ортаның әсерінен балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының ата-аналарының сол жастағы немесе өткен ғасырдағы адамдардың көрсеткіштерімен салыстырғанда жылдам және ертерек болуы. Дифференциация даму барысында ағза мүшелерінің немесе жеке ұлпалардың құрылысы мен қызметінің ерекшеленуі. Жас аралық кезеңдер. Жас аралық классификация.Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру балаларды жасына қарай топтарға (сыныптарға) бөлуге негізделген. Сондықтан адам өмірін бірнеше жас кезеңдеріне бөлу қажет.

Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады.

1965 ж. Мәскеуде бүкілдүниежүзілік жас кезеңдерінің шағын жиналысында адамның өмірін 12 кезеңге бөлу қаулысы қабылданған.

 

Адамның өсіп-даму кезеңдері мен жас ерекшеліктері

Рет саны Өсіп-даму кезеңдері Жас кезеңдері
Жаңа туған нәресте 1 -10 күн
Емшектегі сәби 10 күн – 1 жас
Алғашқы (ерте) балалық шақ 1 – 3 жас
Бірінші балалық шақ 4 – 7 жас
Екінші балалық шақ қыздар 8 – 11 жас; ұлдар 8 – 12 жас
Жеткіншек немесе жасөспірімдік кезең қыздар 12 – 15 жас; ұлдар 13 – 16 жас
Кәмелеттік кезең бойжеткендер 16 – 20 жас; боз балалар/жігіттік 17 – 21 жас
Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің бірінші жартысы әйелдер 21 – 35 жас; ерлер 22 – 35 жас
Ересектік мерзімнің екінші жартысы әйелдер 36 – 55жас; ерлер 36 – 60 жас
Егде (орта) жас кезеңі әйелдер 55 – 74 жас; ерлер 60 – 74 жас
Қариялар немесе кәрілік кезеңі 74 – 90 жас
Ұзақ жасаушылар 90 жастан асқандар

 

Баланың танымдық процесіне сай жас кезеңдері бес топқа бөлінеді.

Рет саны Өсіп-даму кезеңдері Жас кезеңдері
Жаңа туған сәби 1 ай
Емшектегі сәби 1 ай – 1 жас
Ясли жасы немесе балбөбектер тобы 1 – 4 жас
Мектепке дейінгілер тобы 5 – 7 жас
Мектеп жасындағылар 7 – 18 жас
А) бастауыш сыныптағы оқушылар 7 – 11 жас
Б) ортаңғы сыныптағы оқушылар 11 – 14 жас
В) жоғарғы сыныптағы оқушылар 14 – 18 жас

№ 2 Лекция

Жүйке жүйесінің физиологиясы.

1.Жүйке жүйесінің құрылысы

2.Орталық жүйке жүйесінің бөлімдеріне сипаттама

Нейрон (тарамыс, арқау) – жүйке жүйесінің негізгі құрылымдық және функциялық бірлігі. Нейрон жасушасы нейрон денесі сома мен өсінділері дендрит пен аксоннан тұрады. Нейроглия нейрондарды қоршап тірек, қоректендіру, электр изоляторы қызметін атқарады. Балаларда нейрондар саны, ал қарттарда нейроглия саны көп болады.

Орталық жүйке жүйесіне жалпы шолу.

Орталық жүйке жүйесі – бас миы және жұлын (ми сауытында және омыртқа жотасында орналасқан), ал шеткі жүйке жүйесі – олардан таралған нервтер мен нерв түйіндері (дененің басқа бөлімдерінде орналасқан). Жұлын ұзындығы 45 см, диаметрі 1 см омыртқа жотасының каналында орналасқан түтікше. Көлденең кесіндісінде жұлын сыртынан ақ заттан, ішкі жағында сұр заттан құралған. Сұр зат нерв жасушаларының (нейроннның) денелерінен құралған және көлденең кесіндісінде алдыңғы және артқы қанаттарынан шыққан өсінділері бар «көбелек» пішінді болады. Алдыңғы өсінділерінен қозғалу нервтері таралып, артқы өсінділеріне сезу нейрондары келіп байланысады. Ақ зат нерв жасушасының өсінділерінен (нерв талшықтарынан) құралған. Жұлын негізгі екі қызмет атқарады – рефлекторлы және өткізгіш. Бас миысопақша ми, мишық, орталық ми, аралық ми, үлкен ми сыңарларынан құралған. Бас миынын 12 жұп нерв тарайды: сезу нервтері (көру, есту, дәм сезу), қозғалу (көз бұлшықетін нервтеу), аралас нервтер. Сопақша ми рефлекторлы және өткізгіш қызмет атқарады. Одан 8 жұп (5 – 12 жұп) нерв тарайды. Сопақша мида тыныс алу мен шығаруды қамтамасыз ететін тыныс алу орталығы орналасқан. Сопақша ми арқылы көзді ашып-жұму, жастың бөліну, түшкіру, жөтелу, қарын сөлінің бөліну, жүрек жұмысын реттеу рефлекстері жүреді. Сопақша бала тілінң қалыптасуына қатысады. Мишық екі жарты шар мен ортаңғы бөліктен құралып, сопақша мидың артқы жағында орналасқан. Мишықтың ішіндегі ақ зат сыртынан сұр затпен қапталған. Мишықтың қызметінің бұзылуы бұлшықеті тонусының босаңсуына, шайқалмалы қозғлысқа, баспен қол-аяқтың дірілдеуіне, координацияның ас қорыту, қан айналу жүйесінің қызметінің бұзылуына, әкеліп соғады. Ортаңғы ми ағзаның тік тұру, жүру, бағыт бағдарлауына қатысады. Аралық ми таламуспен гипоталамус тан тұрады. Таламус шартты рефлекстердің, эмоцияның түзілуіне қатысады. Гипоталамус орталық жүке жүйесінің барлық бөлімдерімен және ішкі секреция бездерімен байланысып, зат алмасуды, дене температурасын, ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын (гомеостаз) ас қорыту, қан айналу, зәр шығару, ішкі секреция бездері жүйелерінің жұмысын реттеп отырады. Үлкен ми сыңарлары жануарлар эолюциясында ең соңында пайда болған бөлім. Ересек адамда үлкен ми сыңарлары бас миы салмағының 80% құрайды. Үлкен ми сыңарлары 12 – 18 млрд. нейрондардан құралған (сұр зат) ми қыртысынан және ақ заттан құралған. Ақ заттың ішінде сұр зат жиынтығы – ядролар орналасқан. Негізгі үш иірім (орталық, шеткі, төбе) ми сыңарларын төртке бөледі: маңдай, төбе, шүйде, самай. Ми қыртысында әр рецепторлық аппаратқа сай анализатор ядролары (И.П.Павлов) орналасқан. Ми қыртысы рефлекторлы әрекетті реттейтін және шартты рефлекстер түзетін ең жоғарғы мүше. Ми қыртысы адамның психикалық әрекетінің (еске сақтау, ойлау, эмоция, тіл, мінез-құлықты реттеу) материалды негізі.

Ми бөлімдері және олардың қызметі

Ми бөлімдері Нейроглия Атқаратын қызметі Физиологиялық құбылыстарды реттеуге қатысы
Сопқша ми, ми көпірі Бар Рефлекторлық және қозуды өткізгіштік Жүрек қызметі, тыныс алу, ас қорыту т.б.
Мишық Жоқ Қимыл мен әрекетті реттеу Дене қалпын, жүріс-тұрысын үйлестіру, ұстау
Ортаңғы ми Бар Бұлшық еттердің ширақтылығын сқтау, реттеу Көру, есту, бағдарлау рефлекстерінің доғас өтеді
Аралық ми Бар Ден қызуы, жүрек-тамыр, зат алмасу, ас қорыту, шығару, сергектік, бейімделу, көру, еске сақтау, сезім толқыны Қозуды өткізу, ішкі жүйелер қызметін және күрделі рефлекстік қимылдыреттеу, гуморальдық реттеуге әсер ету
Үлкен ми сыңарлары және олардың қыртысы Бар Психикалық әрекеттің негізі Тәлім-тәрбие, ойлау, сөйлеу, мінез-құлық, еске сақтау, бейімделу

Ми сыңарларының қызметі

Сол жақ жарты шар Оң жақ жарты шар
Сөйлеу, түсіну, ойлау, тану, уақытты аңғару, ұқсастықты байқау, көріністі белгілеу, болжау, түсіну, қабылдағанды талдау, білу, бағдарлау, оқиғалардың кезектілігін аңғару, тұжырымдау, жоспарлау, абстрактылы ойлау. Есту, сөзсіз іс-қимыл, кеңістікті қабылдау, затты тұтас түрінде қабылдау, заттардың айырмашылығын білу, олардың функциялық ұқсастығын байқау, заттың алыс-жақындығын байқау, дәл осы сәттегі оқиғаны сезу т.б.

Жұлынның құрылысы:

Сұр зат Жұлын сұйықтығы Ақ зат
Сезімтал нейрондар Қимылдат-қыш нейрондар Нейронның ұзын өсінділері  
Қозуды төменге өткізгіш жүйке жолдары Қозуды жоғары өткізгіш жүйке жолдары

Вегетатативті жүйке жүйесі ішікі мүшелердің қызметін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі, оның талшықтары ағзаның барлық мүшелері мен ұлпаларын нервтентіріп, қоректендіріп тұрады. Вегетативті нерв жүйесі бір-біріне қарама-қайшы қызмет атқаратын симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелеріне бөлінеді.

Вегетативті жүйке жүйесінің ағза мүшелеріне әсері

Ағза мүшесі, қызметі, физиологиялық процес Симпатикалық бөлімнің әсері Парасимпатикалық бөлімнің әсері
Жүрек Соғуын тездетіп, жиырылуын күшейтеді Соғуын баяулатып, жиырылуын әлсіретеді
Жүрек тамырлары Кеңейеді Тарылады
Артериялар Тарылып, қан қысымы көтеріледі Кеңіп, қан қысымы төмендейді
Ас қорыту жүйесі Перисталика мен ас қорыту мүшелерінің секрециясы баяулайды Перисталика мен ас қорыту мүшелерінің секрециясы жылдамдайды
Көк бауыр Жиырып, одан қанды шығарады Әсер етпейді
Бауыр Өт жолдарын босатып, сфинктерді тарылтып, өттің жиылыуына жағдай жасайды Өт жолдарын жиырып, сфинктерді босатып, өттің шығуына жағдай жасайды
Бүйрек Тамырлары тарылып, несептің шығы азаяды Әсер етпейді
Қуық Қуықты босатып, сфинктерді жиырады Қуық жиырылып, сфинктер босайды
Тер бездері Секрециясы жылдамдайды Әсер етпейді
Көздің нұрлы қабығының бұлшықет талшықтары Қарашық кеңейеді Қарашық таралады
Шашты көтеретін бұлшықеттер Жиырылады (шаш көтеріледі) Босайды (шаш жатады)
Бронхылар Бронхтар кеңіп, тыныс алу жеңілденеді Бронхылар тарылып, бронхы бездерінің секрециясы күшейеді
Ағзаның оттегіні сіңіруі Көбейтеді Азайтады
Қан құрамындағы қант мөлшері Көбейеді Азайады

Рефлекс, рефлекторлық доға.

Рефлекс(кері қозғалыс) – тірі ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіруге жауап беру реакциясы. Рефлекторлық реакция туғызу барысында импульстардың (қозудың) таралатын жолын рефлекторлық доға деп атайды. Доға негізінен бес бөліктен тұрады. 1) рецептордан, 2) афференттік топтан, 3) орталық топтан, 4) эфференттік топтан, 5) жұмыс мүшесінен. Рецептор (қабылдау, алу) – тітіркенуді қабылдайтын және тітіркендіріші қуатын қозуға (нерв импульсына) айналдыратын нерв талшығының ұшы. Афферентті(әкелуші) нерв талшығы – орталыққа бағытталған, импульсты ұлпалардан орталық жүйке жүйесіне әкеледі, эферентті (шығарушы) нерв талшығы – орталықтан шетке бағытталған, импульсты орталық жүйке жүйесінен ұлпаларға өткізеді.

Рефлекс пайда болу үшін рефлекторлық доғаның біртұтас болуы қажет. Доғаның кез келген бөлігін бұзса немесе алып тастаса рефлекс жоғалады. Суммация - орталық жүйке жүйесінідегі қозудың уақытша және кеңістік жиынтығы. Иррадиация – орталық жүйке жүйесіндегі қозудың таралуы.

Адам ағзасының жалпы жүйке жүйесі орталық және шеткі жүйке жүйелерінен құралған.

Жүйке жүйесі
Орталық жүйке жүйесі Вегетативті және соматикалық (автономиялық немесе шеткі бөлім)
Бас миы Жұлын Жүйкелер Жүйке түйіндері
Сұр зат Ақ зат Сұр зат Ақ зат симпатикалық парасимпатикалық
             

Адам ағзасы физиологиялық белсенділік және тыныштық қалыпты жағдайда болады. Физиологиялық белсенділік жағдайда адам ағзасы түгел, немесе мүшелер жүйесі, немесе жеке мүшесі қызмет атқарып тұрады. Физиологиялық тыныштық жағдайда тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу бірақ көзін жұмып жатады. Адам ағзасының сыртқы және ішкі ортаның түрлі әсеріне жауап беру қабілеті тітіркену деп атайды. Сыртқы және ішкі ортаның әсерін тітіркендіргіш деп атап, тегі бойынша төртке бөледі: физикалық (механикалық соққы, қысым, электрлік әсерлер), химиялық (дәрі-дәрмек, улы заттар, сілті-қышқылдар, тұз-ерітінділер, тамақтың органикалық-бейорганикалық құрамдық бөліктері), физико-химиялық (ерітіндідегі иондар мен заттардың осмостық, парциалдық қысымы, концентрациясы), биологиялық(тірі ағзалардың әсері). Тітіркендіргіштің әсерінен тітіркенуге қабілетті ұлпаны тітіркенгіш ұлпа деп атайды (жүйке, бұлшықет, без ұлпалары). Тітіркенгіштің тітіркендіргіштің әсеріне электрлік және биохимиялық қасиеттерін өзгертіп, қызметін күшейтіп жауап беруін қозу деп, қозудың бәсеңдеуін немесе тоқтауын тежелу деп атайды. Орталық тежелу құбыысын 1862 жылы орыс ғалымы И.М.Сеченов ашқан. Тірі жүйенің электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Жасушаның мембранасының сыртқы және ішкі потенциал айырмашылығын физиологиялық жағдайына сай тыныштық немесе әрекет потенциалы дейді.

№3 Лекция

Жоғары дәрежелі нерв әрекеті, олардың жас ерекшеліктері

1. И.М. Сеченов пен Павлов жоғары нерв әрекеті туралы ілімнің негізін салушылар

2.Жоғары нерв әрекеті, типтері

Нерв талшығы бойымен қозудың таралуы оның анатомиялық және физиологиялық біртұтастығыны байланысты. Егер нервті байласа, салқындатса, фармакологиялық, наркоикалық заттармен әсер етсе олардың физиолгиялық біртұтастығы мен өткізгіштік қасиеті бұзылады. Нервтің өткізгіштік қасиетін реттеуде олардың анатомиялық және физиологиялық құрылысымен таныс болу қажет және сонда ондағы өткізгіштік процестерді фармакологиялық жолмен реттеуге болады. Мысалы, новокаин миелінсіз нерв талшықтарында ауру сезгіштік қозулардың таралуын бөгейді, өйткені ол изоляцияланбаған мембранаммен әректтесе отырып аксоплазмадан анатомиясы, калий иондарының көптеп шығуын туғызады. Нәтижесінде нерв талшығының сырты гиперполяризацияланады. Мұның өзі мембраналық потенциалдың өсуі мен ұлпалар қозғыштығының төмендеуіне әкеп соғады.

Жүйке жүйесінің қызметтері (функциялары)

Ақпаратты сараптау (аналитикалық функция) Ағзанң қызметін реттеу (реттеуші функция) Интегративті әрекет (функция) Ойлау әрекеті (психика)
Ішкі ортадан Сыртқы ортадан
Интерорецепция Проприорецепция Вестибулярлы жүйе Иіс сезу Көру Есту Дәм сезу Сипап сезу Тыныс алу Ас қорыту Қан айналу Су балансы Гомеостазды сақтау Дененің, оның бөлімдерінің орналасуы Локомация Репродукция Ағза функциясының коодинациясы Сезімталдық Байқамау Зейін Ұйқы Адаптация Оқыту   Сурет салу Қиял Тіл Жазу Оқу Есептеу Құрастыру Таным Өзін-өзі аңғару
Е с т е с а қ т а у

Жоғарғы жүйке әрекеті

Шартсыз рефлекстер (туа бітеді) Шартты рефлекстер (өмір бойы пайда болады)
тамақтану Қорғаныш жыныс Бірінші қатары Екінші қатары
         

Тамақтану асты табу қозғалыстарына (бағдарлау, асты ұстау, шайнау, жұтыну т.б.) негізделеді.

Жоғарғы жүйке әрекеті күшіне қарай күшті (күшінің қатынасына сай) және әлсіз болып бөлінеді. Күшті тип байсалды (қозғалғыштығына, ширақтылығына сай) және тынышсыз (жеңілтек) болып бөлінеді. Байсалды – қозғалғыш, ширақ тип және селқос, жігерсіз тип болып екіге бөлінеді.

Адамның физиологиялық және психологиялық қалыптасуы

Объективтік сезім физиологиясы Субъективтік сезім физиологиясы
Сыртқы ортаның құбылыстары     Сезімталдықпен әсерлену, сезіну
Сезімнің стимулы
Сезім жүйесінің қозуы Қабылдау, түсіну, ұғыну
Оталық жүйке жүйесінің интеграциясы

Бейнелеудің жағдайлары

Сезім мүшелерімен қатынасқа түсуі Сәйкес қабылдағыштар түрінде қозудың пайда болуы Мидың жүйке орталықтарында қозудың пайда болуы Ой, сана-сезім Тәжірибе, ақыл, ес, парасат, жеке тұлғаның қалыптасуы

Ес– көрген-білгенді, естігенді, сезгенді, өтіп кеткен құбылыстарды нақтылы бір жағдайда, қасиеттерімен бірге жинақтап, тәжірибе ретінде адамның пайдалануы. Есте сақтау – адамның өмірден алған тәжірибесін өзгертпестен қайта жаңғырту.

№ 4 Лекция

Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы.

1.Көру анализаторларына сипаттама.

2.Есту,дәм сезу анализаторлары.

Екі сигнал жүйесі – И.П.Пвловтың тұжырымдауынша, ағзаны қоршаған ортаның құбылыстары мен заттардың әсерлерін қабылдап талдау және жинақтап тұжырымдауға қатысатын мүшелер жүйелері. Ағзаны қоршаған ортаны сезіп, бейнелеуге қатысатын мүшелер жүйесі, яғни адам мен жануарлардың миында сыртқы отаның тікелей нақтылы әсерлерін сезіп, бейнелеу – бірінші сигнал жүйесінежатады. Оған көру, есту, иіс, дәм, қысым, ауру т.б. сезімдерді қабылдайтын мүшелер жүйелері мен олардың қызметі жатады. Бірінші сигнал жүйесі адамда және жануарларда болады.Екінші сигнал жүйесіеңбек етуі мен әлеумметтік дамуына байланысты адамда ғана болады. Бұл – естілген, айтылған, жазылған, оқылған сөздер арқылы дүние тану, сыртқы мәліметтерді қабылдап білу.

Күнделікті тіршілікте тірі ағзалар сыртқы ортадан келіп түскен ақпараттарды қабылдап талдаудан өткізеді. Орталық жүйке жүйесі ағзаның ішкі ортасының өзгерістері жөніндегі афференттік импульстарды қабылдап, оларды қайта өңдеу арқылы гомеостаздық процестерді тұрақтандырып отырады. Яғни, анализаторлар жүйесі ішкі және сыртқы орта ақпараттарын қабылдап, оларды өткізу және мидың жоғарғы бөлімінде талдау процестерін атқарады. И.П.Павловтың анықтауы бойынша анализаторлар тітіркенуді қабылдайтын шеткі рецепторлардан, тітіркенуді өткізуші бөлімнен және мида орналасқан афференттік жол аяқталатын орталықтан тұрады. Орталық бөлімге келіп түскен сигналдар толық түрде талдау мен жинақтаудан өтеді. Әр анализатор өзінің құрылысына байланысты қосымша қызмет атқаруы мүмкін.

Сезім жүйесі

Сезім түрлері Сезімді қабылдағыш мүше Сезім жүйесі
Қабылдағыштар түрі Құрылысы
Көру Көз Фотоқабылдағыштар (таяқша, құтыша) Торлы қабық, көру жүйкесі, үлкен ми сыңарлары қыртысының шүйдедегі аймақтары
Есту Құлақ Механоқабылдағыштар (түкті қабылдағыштар) Ішкі құлақ қалташасы және доғалы өзек есту жүйкесі, үлкен ми сыңарлары қыртысы, ортаңғы ми, сопақшамидағы вестибулярлық ядролар аймағы, мишық
Тепе-теңдік Ішкі құлақ Механоқабылдағыштар (түкті қабылдағыштар) Ішкі құлақ қалташасы және доғалы өзек есту жүйкесі, үлкен ми сыңарлары қыртысы, ортаңғы ми, сопақшамидағы вестибулярлық ядролар аймағы, мишық
Сипап сезу Сілемей қабықтар және тері Хемоқабылдағыштар, бароқабылдағыштар, термоқабылдағыштар Хемоқабылдағыштар, бароқабылдағыштар, термоқабылдағыштар, жүйкелер, аралық ми, үлкен ми сыңарлары қыртысының иіс сезу аймақтары
Иіс сезу Мұрынның сілемей қабығы Хемоқабылдағыштар Иіс сезу қабылдағыштары, иіс сезу жүйкесі, үлкен ми сыңарлары қыртысының иіс сезу аймақтары
Дәм сезу Ауыз қуысының сілемей қабығы Хемоқабылдағыштар Дәм сезу қабылдағыштары, иіс сезу жүйкесі, үлкен ми сыңарлары қыртысының дәм сезу аймақтары
Ауыр сыну Жүйке талшықтары Ноцицепторлар Ноцицепторлар, жүйке, үлкен ми сыңарлары қыртысының ауырсынуды сезетін аймақтары

Аккомодация (икемделу) – көздің сәуле сындыру күшінің әртүрлі қашықтықтағы заттарды айқын көруге икемделуі.

№ 5 Лекция

Жасөспірімдер эндокринологиясы

1. Ішкі секреция бездері: гипофиз, қалқанша без, қалқансерік без, тимус, ұйқы безі, бүйрек үсті безі, жыныс безі.

Эндокриндік жүйе (ішкі секреция бездері арқылы) жүйке жүйесімен бірге адам ағзасының қызметін реттеуге қатысады. Ішкі секреция бездеріне өнімдері тікелей қанға құйылатын гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқанша серік, тимус (айыр), ұйқы, бүйрек үсті, жыныс бездері жатады. Ішкі секреция бездерінің өнімдерін гормон(іске қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге адам ағзасының физиологиялық процестерін реттеп отырады. Гормондар өте белсенді, алыстан өте аз мөлшерде де әсер ете алатын химиялық заттар. Олардың әсері арнайы бағытталады және оның қызметін басқа гормон немесе зат орындай алмайды. Гипофиз аденогипофиз (алдыңғы, артқы) және нейрогипофиз (артқы) бөліктерден тұрады. Аденогипофизде троптық 22 гормон түзіледі: соматотропин (ағзаның өсун, ақуыз, көмірсу, май алмасуын реттейді), тиреотропин (қалқанша және қалқанша серік бездерінің қызметін реттейді), адренокортикотропин (бүйрекүсті безінің қызметін реттейді), гонадотропиндер (жыныстық дамуға қатысады). Гормондардың керекті мөлшерінен ауытқуы тнрлі аурулар туғызады. Мысалы, соматотропиннің гиперсекрециясы алыптық, ал гипосекрециясы ергежейлік дамиды. Нейрогипофизде вазопрессин (зәр түзілу процесіне қатысады), окситоцин (нәрестенің туылу процесіне қатысады) гормондры бөлінеді. Эпифизде меланин (теріні түссіздендіру), гломерулокортикотропин (бүйрекүсті безінің қызметін тежейді), контргипоталамус-гипофизарлық (гипофиздің гонадотропин гормонының түзілуін тежейді) гормондар түзіледі. Қалқанша безінде тироксин (жүйке жүйесінің қалпын сақтауға, судың алмасуына қатысады), трийодтиронин (ұрықтың жүйке жүйесінің дамуына әсер етеді), кальцитонин (қан құрамындағы кальций мөлшерін реттейді) гормондары бөлінеді. Қалқансерік безінде кальций мен фосфор мөлшерін реттеуге қатысатын паратгормоны бөлінеді. Бүйрекүсті безінің қыртыс қабатында 10 астам кортикостероиды гормондар түзіледі. Қызметіне қарай кортикостероидтар глюкортикоидтар, минералкортикоидтар, адренокортикоидтар болып бөлінеді. Глюкокортикоидтар (кортизол, кортизон, котикостерон) ақуыз, көмірсу, май алмасуға өте белсенді қатысады. Минералкортикоидтарға су мен тұздардың алмасуына қатысатын альдостерон, дезоксикортикостерон гормондары жатады. Адренокортикоидтарға балалық және қартайған шақта жыныс безінің қызметін атқаратын андросерон, эстрол, прогестерон гормондары жатады. Бүйрекүстібезінің милы қабатында жүрек, қан тамыр, бұлшықет жүйелеріне әсері зор адреналин, норадреналин гормондары түзіледі. Ұйқы безінде ағза ншін маңызы зор инсулин, глюкагон гормондары түзіледі. Олар судың, қанттың мөлшерін реттеп, гликогеннің синтезіне қатысады. Жыныс бездерінде тестостерон (аталық безде), эстрогендер мен прогестерон (аналық безде) түзіледі. Бұл гормондар ағзаның жыныстық даму кезңінен бастап бөлініп, жыныстық даму процесін реттейді.

№ 6 Лекция

Тірек-қимыл жүйесі және оның жас ерекшеліктері.

1. Тірек-қимыл аппараты.

2. Адам қаңқасы, даму ерекшеліктері.

 

Тірек-қимыл аппаратына сүйектер мен сүйекаралық байланыстар және бұлшықеттер жатады. Сүйектер адамда да, жануарларда да денеге белгілі пішін берумен бірге, тірек-қимыл және қорғаныш қызметгерін атқарады. Мәселен, қол-аяқ сүйектері, омыртқа жотасы тірек және қимыл қызметтерін атқарса, бас сүйектері мен көкірек клеткасы өкпені т.б. ағзаларды қоршап, қорғап тұрады.

Адам қаңқасы дене мүшелеріне сәйкес топтасып, түлға, қол-аяқ және бас сүйектеріне бөлінеді. Түлға сүйектері омыртқа жотасы мен көкірек клеткасынан құралады.

Омыртқа жотасы (columna vertebralis) 33-34 омыртқадан түзілген адам қаңқасының негізгі тірегі, оның 24-і жеке, ал қалғаны біріккен немесе жалған омыртқалар болып саналады. Жеке жатқан омыртқалар өзара омыртқаа-ралық шеміршектер, буындар және сіңір байламдары арқ-ылы жалғасқан. Олардың өздеріне тән ерекшеліктері де болады. Жалған омыртқаларға өзара бірігіп кеткен сегізкөз және құйымшақ сүйектері жатады. Омыртқа жотасы орналасу жағдайына қарай бес бөлікке бөлінеді: мойын бөлігі – 7, арқа бөлігі- 12, бел бөлігі – 5, сегізкөз – 5, құймышақ бөлігі – 4-5 омыртқадан түзілген. Көкірек клеткасыалдыңғы жағынан төс сүйегіне, арт жағынан көкірек омырткаларына жалғасады. Бұл 12 жұп қабырғадан түзілген. Көкірек клеткасының жоғарғы жиегін I көкірек омыртқасы, I қабырға, төс тұтқасы қоршап жатады. Бұл жиектің алдыңғы жағы артқы жағына қарағанда төмендеу келеді. Көкірек қуысының жиегін XI көкірек омыртқасы, төменгі қабырғалар, шеміршек бөліктері және төстің семсер өсіндісі жиектеп жатады. Көкірек клеткасының пішіні әр түрлі. Оның жыныстық және жастық ерекшеліктері де бар. Көкірек қуысында негізінен жүрек пен өкпе орналасқан. Қабырға (соstae)-иіліп келген жұқа 12 жұп сүйектен түзілген. Жеке қабырғаның орта жерін қабырға денесі дейді. Ал алдыңғы және артқы бөліктері қабырға ұшымен аяқталады. Төс сүйегі (sternum) - жалпақ келген сүйек, ол 16 жасқа дейін төс тұтқасынан (төс денесінен және семсер өсіндісінен) тұрады. Ересек адамдардың омыртқа жотасы төрт иін түзеді. Оның алға қараған екі иінін мойын және бел лордозы, ал артқа қараған екі иінін кеуде және сегізкөз кифозы деп атайды. Осы аталған иіндер өзара теңесіп, омыртқа жотасын тепе-теңдік жағдайда ұстауға көмектеседі. Бұл иіндер адамның тік жүруі нәтижесінде пайда болған. Омыртқа жотасының бір жағына қарай қисаюын сколиоз дейді. Бас сүйектерінің құрылысы алуан түрлі. Олар адам өміріне өте қажетті көптеген ағзаларды қоршап, қорғап тұрады. Ол сүйектерді атқаратын қызметіне қарай ми сауыты және бет бөлімі деп екіге бөледі. Ми сауытының ішінде жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімі - ми жайғасқан. Бас сүйектерінің бет бөлімінен тыныс алу және ас қорыту жүйелері басталады. Көру, есту, иіс, дәм сезу т.б. сезім мүшелері де осында. Ми сауытының сүйектері: шүйде, төбе, маңдай, самай, сына және тор сүйектері. Бас сүйегінің бет бөлімі алуан түрлі сүйектерден түзілген. Бүған жоғарғы жақ, шықшыт, мұрын, көз, кеңсірік, төменгі жақ, таңдай және тіласты сүйектері жатады. Қол сүйектері негізінен еркін қозғалмайтын немесе иық белдеуі (бүғана мен жауырын), еркін қозғалатын немесе қолдың өз сүйектерінен тоқпан жілік, білек және қол басынан тұрады. Иық белдеуінің сүйектеріне бұғана мен жауырын жатады. Бұғана (clav cula) - ұзына бойы иіліп келген сүйек. Оның денесі жоне екі басы болады. Жауырын (sсариlа) - жалпақ, үш бұрышты сүйек. Көкірек клеткасының арт жағында, жоғарғы қабырғалар тұсында орналасқан. Жауырынның үш (жоғарғы, ішкі және сыртқы) жиегі, үш (төменгі, ішкі, сыртқы) бүрышы және екі (ішкі және сыртқы) беті болады. Ал қолдың еркін қозғалатын сүйектеріне: тоқпан жілік, білек және қол басының сүйектері жатады. Тоқпан жілік (humerus)іші қуыс жілік сүйектер катарына жатады. Оның денесі - диафизі, жұмыр, жоғарғы және төменгі бастарын эпифиздері деп атайды. Білек сүйектері шынтақ сүйек пен кәрі жіліктен түзілген. Шынтақ сүйек білектің ішкі жағында, кәрі жілік сыртқы жағында орналасқан. Қол басының сүйектері (manus)— білезік, алақан және саусақ бақайшақгарынан түзілген. Аяқ сүйектері қол сүйектеріне сәйкес келеді. Оларға жамбас белдеуі, ортан жілік, сирақ және аяқ басының сүйектері жатады. Жамбас белдеуі ересектерде түбі ашық астауға ұқсайды. Ол екі жамбас сүйегі мен сегізкөз және құйымшақтан түзілген.Жамбас сүйегі (оs сохае)қимылсыз байланысқан үш бөліктен түзілген. Оларға мықын, шонданай, шат сүйектері жатады. Осы үш сүйектің біріккен жеріндегі ойысты ұршық
ойысы деп атайды. Оған ортан жіліктің ұршық басы енеді. Жамбас астауын кіші жамбас астауынан бөліп тұратын шекара сызығы бар. Ортан жілік (os femoris)немесе сан сүйегі адам сүйегінің ішіндегі ұзын, ең ірісі, оның денесі — диафизі және екі шеті — эпифизі болады. Жоғарғы басын проксимальды, ал төменгі жағын дистальды эпифизі дейді. Тізе тобығы (раtellа)сесам төрізді сүйектердің ең үлкені. Ол төрт басты Бұлшықет сіңірлерінің ішінде орналасып, тізе буынын нығайтуға қатысады. Тізе тобығы ішкі беті буын шеміршекпен қапталған, сыртқы беті ет сіңірі бекитін бұдырлы болып келеді. Сирақ сүйектеріқолдьң білек бөліміне ұқсас екі сүйектен түзілген. Сирақтың ішкі жағын ала асық жілік, сырт жағында шыбық сүйегі орналасқан. Аяқ басы (оssa pedis)үш бөліктен — толарсақ, табан сүйектері және бармақ бақайшақтарынан тұрады.

№ 7 Лекция

Тірек-қимыл жүйесінің жас ерекшеліктері.

1. Бұлшықет жүйесінің құрылысы мен қызметі.

2.Дене бітімінің қалыптасуы

Ересек адам ағзасының қалыптасқан бұлшықет жүйесі пішіні, құрылысы, қызметі, дамуы әр түрлі 600 шамасындағы бұлшық еттен құралып, салмағының 40%, ал жаңа тауған нәрестеде шамамен 20% құрайды. Бұлшықеттер пішіні бойынша ұзын, қысқы, жалпақ; ұршық тәрізді, екібасты, екі қарыншалы, таспа тәрізді, қос қауырсынды, бір қауырсынды болады. Қарама-қарсы (антогонистер) және бір бағытты қозғалатын, қозғалмайтын бұлшықеттер болады. Ет талшықтарының қызметіне қарай параллельді, қиғаш, көлденең, дөңгелек болып бөлінеді. Бұлшықеттер бүгу, жазу, айналдыру қызметтерін атқарады. Бір, екі, көп буынды бұлшықеттер кездеседі. Орналасуынан беткей, терең, сыртқы, ішкі болады. Денедегі орналасуына байланысты бұлшықеттер тұлға, мойын, қол-аяқ деп бөлінеді.

Бас, дене, қол-аяқ бұлшықеттері көлденең салалы, ал ішкі мүшелер бұлықеті жылтыр еттерден (ұлпадан) тұрады. Бас және бет бұлшықеттері мимикалық, шайнау, сөйлеу қызметін атқарады, мойын бұлшықеттері басты, төменгі жақты қозғалтып, тыныс алу, жұту, сөйлеуге қатысады. Көкірек бұлшықеттерінің көмегімен тыныс алу процесі жүреді, иық белдеуі мен қол қозғалады. Құрсақ бұлшықеттері омыртқа жотасын түрлі бағытта иілдіру, айналдыру қызметін атқарып, терең тыныс алуға зат алмасу өнімдерін сыртқа шығаруға көмектеседі. Сыртқы арқа бұлшықеттері иық белдеуі мен қолды бекітіп қимылдатады, ішкі арқа бұлшықеттер омыртқа жотасын, басты бекіту, иілдіру, айналдыру қызметін атқарып, тыныс алуға қатысады. Қол-аяқ бұлшықеттері арқылы дененің кеңістіктегі қимыл-қозғалысы, дене жұмысы атқарылады.

Бұлшықет жұмысы (қызметі) олардың негізгі қасиеті жиырылуға байланысты. Бұлшықет жиырылғанда қысқарып, бекіген екі нүкте өзара жақындайды. Жиырылуы ет талшықтарының ұзындығына байланысты. Еттің жиырылуы нерв импульсткрінің орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп бұлшықетті қоздырады. Нерв импульстеріне қозумен жауап беру қабілетін еттің қозғыштығы деп атайды. Етті қозғыштығы оның қызмет дәрежесін, яғни жұмыс атқару қабілетін көрсетеді. Бұлшықеттің қозуды өткізу жылдамдығы 5м/сек шамасында болады. Ұлпаның қозуды өткізу жылдамдығы мен қозу уақытын ұлпаның лабильділігі деп атайды. Бұлшықеттің қозғыштығы мен лабильділігі тұрақсыз көрсеткіштер, дене еңбегі бұл көрсеткіштерді күшейтіп отырады.

Бұлшықеттің күші деп оның ширау қабілетін айтады. Еттің ширау қабілеті ет талшықтарының жиырылуға қатысу саны мен жуандығына байланысты. Яғни, бұлшықет неғұрлым жуан болса, соғұрлым күшті болады. Бұлшықет күші оның сүйекке бекілуіне, қозғыштығына, лабильділігіне, қоректенуіне, құрылысына байланысты. Қосымша: бұлшықеттің күші оның құрамына кіретін ет талшықтарының санына және ең жуан жерінің клденең ауданына байланысты.

Жасушаларда, мүшелер мен тұтас ағзада белгілі бір жұмыс атқару барысында олардың жұмыс қабілетінің уақытша төмендеуі мен дем алғаннан кейін бастапқы қалпына қайтып оралу қабілетін шаршау деп атайды. Денеден бөлініп алынған еттерде ұзақ уақыт тітіркендіру нәтижесінде пайда болатын шаршау екі себептен туу мүмкін: 1) тітіркендіру барысында еттерде фосфор, сүт қышқылдары сияқты зат алмасу өнімдері көптеп жинақталады. Бұл заттар ет талшықтарының жұмысын әлсіретеді. Түзілген заттардың біразы және калий иондары талшықтан сыртқы ортаға (жасуша айналасындағы кеңістікке) өтеді де жасуша мембраасының негізгі қасиеттерін бұзады.

Сүйек еттері күші әлсіз тітіркендіргіштерге әлсіз жауап қайтарады. Егер тітіркендіргіш күшін ептеп көбейте берсе еттің жиырылу амплитудасы ең соңғы шегіне дейін артады, одан арғы тоқ күшінің артуы жиырылу амплитудасын өзгерте алмайды. Сүйек еттерінің мұндай реакциясы оның құрылысымен байланысты. Өйткені ол қозғыштығы әр түрлі ет талшықтарынан тұрады. Елсіз тітіркендіргішке қозғыштығы жоғары талшықтар жауап қайтарады. Тітіркендіргіш күші артқан сайын жиырылу процесіне қозғыштық қасиеті нашар жіпшелер тартыла бастайды. Тітіркендіргіштер күші ең жоғары шегіне жеткенде барлық жіпшелер жиырылады да нәтижесінде еттің жиырылу амплитудасы жоғары болады.

№ 8 Лекция

Ас қорыту органдары, оның жас ерекшеліктері

1. Ас қорыту жүйесінің маңызы.

2. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

Ас қорыту– тамақтың құрамындағы күрделі қоректік заттарды ас қорыту мүшелерінде механикалық, химиялық және биологиялық жолмен өңдеп, қарапайым заттарға ыдыратып, нақты бір ағзаның сіңіру процесі. Ас қорыту процесі ас қорыту түтігінің бөлімдерінде жүреді: ауыз қуысындағы тістер және ішіектің бұлшықетті қабырғасының қатысуымен механикалық майдаланып, құрамындағы күрделі заттар ферменттердің әсерінен қарапайым молекулаларға ыдырап, ащы ішектің қабырғасындағы қан қылтамырлары арқылы сіңіріледі. Қан арқылы бұл молекулалар ағзаның ұлпалары мен жасушаларына тасымалданады. Ас қорыту түтігінің ұзындығы 8-10 м және морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері бар бөлімдерге бөлінеді: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ащы, тоқ, тік ішек. Ас қорыту процесіне ас қорыту бездері қатысады: сілекей, қарын, ішек, ұйқы бездері және бауыр.

Ас қорыту түтігі бөлімдерінің қызметтері

Бөлім қызметі
Ауыз қуысы Қоректі қабылдау, шайнау (майдалау), шылау
Жұтқыншақ Жұту
Өңеш Жұтқыншақты асқазанмен байланыстыру
Асқазан Қоректі сақтау және ақуызды ыдырату, қорыту
Онекі елі ішек Қорыту, сіңіру
Бауыр Майлардың эмульгациясы
Ұйқы безі Крахмал, ақуыз, май қорыту
Ащы ішек Ас қорытудың аяқталуы, түзілген заттарды сіңіру
Тоқ ішек Суды сіңіру
Тік ішек Кал массасын түзу, сақтау
Аналь тесігі Дефекация

№ 9 Лекция

Зат пен энергияның алмасулары.

1. Энергия алмасуының жас ерекшелігі.

2. Микроэлементтер, витаминдер маңызы

Зат алмасу (метаболизм) деп ағзаға әр түрлі заттардың түсуі мен олардың ыдырауы нәтижесінде түзілген өнімдердің денеден үнемі шығарылып тұруын айтады. Ас қорыту процесі барысында күрделі заттардың ыдырауы нәтижесінде қарапайым химиялық қосылыстар түзіледі. Жасушалардағы, ұлпалар мен мүшелердегі аралық зат алмасуы нәтижесінде түзілген өнімдерді метаболиттер деп атайды. Метаболиттер зат алмасудың соңғы өнімдеріне айнала отырып, ағзадан үздіксіз шығарылып тұрады. Тыныштық жағдайда бір тәулікте ересек адамның физиологиялық процестерінің үздіксіз жүруіне 1600-1700 ккал. қуат (энергия) және қалыпты қан температурасы (37°С) қажет.

Авитаминоз – ағзаның қалыпты тіршілігі үшін қажетті органикалық заттардың жетіспеушілігі, ұзақ уақыт ағзаға қажетті витаминдердің бір немесе бірнеше түрінің тамақ құрамында болмауынан пайда болатын ауру жағдай. Тәбеттің нашар болуы немесе болмауы, баланың жүдеп өсіп-дамуының саябырсып тоқталуы авитаминоздың алғашқы белгілеріне жатады.

Витаминдердің маңызы. Организмнің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін тамақта белоктардың , майлардың углеводтардың болуы жеткіліксіз. Бұған қоса денсаулықты нығайтуға жәрдемдесетін, организмнің салқын тию аурулары мен жұқпалы ауруларға қарсы тұра алушылығын, жұмыс қабілетін арттыратын заттар бар. Мұндай заттарды витаминдер деп атайды. Витаминдер біздің организімізде маңызы физиологиялық роль атқарады. Олар коферменттерге, яғни олардың қатысуынсыз ферменттер қызмет атқара алмайтын заттарға өзгереді. Сонымен, организмде витаминдердің болуы- оның қалыпты тіршілік әрекетінің міндетті шарты.

Витаминдердің арасында белок текті заттар бар, алайда витаминдердің бір бөлігінің басқаша химиялық құрылымы болды.

№ 10 Лекция.

Тамақтық заттар, олардың құрамы мен энергиялық бағалылығы

1.Дұрыс тамақтанбауға байланысты туатын аурулар

2.Тамақтанудың тәртібі мен реті

Дифтерия.Дифтерия қоздырғышы- дифтерия таяқасы. Аурудың жұғу көзі ауру адам болып табылады. Аурудың Қоздырғышы ауа және тамшы арқылы беріледі. Ойыншыққа,