Рецензия

Шығарушы кафедра қорғауға табыс еткен дипломдық жұмыс (жоба) рецензияға жіберіледі.

Шығарушы кафедра меңгерушісінің өндіріс және ғылыми ұйымдардың мамандары арасынан ұсынған пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. Пікір жазушылар ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлар, доценттер, оқытушылар қатыстырылады.

Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс және/немесе қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) профиліне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болуы тиіс.

Пікір жазушы диплом жұмысына (жобаға) жазбаша пікірін ұсынуы қажет, онда зерттелген тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, тақырыптың маманның кәсіби даярлығына, берілген ғылыми академиялық дәрежесі мен берілген біліктілігіне сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстарының орын алуы, мәселелердің шешілу және зерттеудің аяқталуы дәрежесі көрсетіледі. Пікірде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасы және академиялық дәрежесі немесе квалификация берілу мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі.

Ғылыми жетекші қорғауға рұқсатын берген, бірақ рецензентпен «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған дипломдық жұмыс жалпы жағдайларда қорғалады. Рецензия машинамен басылған нұсқада ресімделіп, оны даярлау уақытын көрсетуімен рецензенттің қолы қойылуға тиісті. Рецензия берушінің қолы (рецензент жұмыс істейтін) ұйымның кадрлар бөлімінің бастығымен расталып, мөр қойылуға тиісті. Ғылыми жетекшісінің пікірі мен рецензенттің рецензиясы бар дипломдық жұмыс белгіленген қорғау мерзіміне дейін 10 күннен кешіктірілмей шығарушы кафедрасының меңгерушісіне тапсырылады. Кафедра меңгерушісі ғылыми жетекшісі пікірінің және берілген рецензияның мазмұнымен танысады және титул бетіне қолын қоя отырып, диплом жұмысын қорғауға жіберуді бекітеді.

Кафедра меңгерушісінің шешімімен диплом жұмысы университет кафедрасының оқытушыларымен қосымша рецензиялануы мүмкін. Ғылыми жетекшінің пікірі және рецензияның мазмұнымен студент мемлекеттік аттестациялық комиссиясының (МАК) отырысына дейін танысуы тиіс.

Диплом жұмысын қорғау студенттің қалауы бойынша қазақша және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау ақпараттық-коммуникациялық технологиялар төңірегіндегі жетістіктерді және қазіргі техникалық құралдар базасында мультимедиялық презентациялар түрінде электронды қорларды қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін.

 

10. Диплом жұмысын қорғау және бағалау тәртібі

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.

Диплом жұмысын қорғау университетте, Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының (МАК) ашық отырысында белгіленген уақытта өткізіледі.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау студенттердің, шығарушы кафедра оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілері, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар шақырылады.

Диплом жұмысын қорғауға студент тыңғылықты дайындалуға тиіс: баяндамасының тезистерін жазып, көрнекі материалдарды (кестелер, сызбалар, диаграммалар) дайындап, жеке парақта белгілі теориялық және тәжірибелік маңыздылығы бар, диплом жұмысында қозғалған негізгі қағидалардың мазмұнын жазады.

Диплом қорғап тұрған студенттің МАК төрағасына және оның мүшелеріне өзінің көрнекі материалдарын (сызбалар, аналитикалық кестелер, диаграммалар, қорытындылар мен ұсыныстардың қысқаша тізімін) көрсетуі құпталады.

Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының алдында диплом жұмысын қорғау келесі тәртіпте өткізіледі: студент диплом жұмысының мақсаты мен міндеттерін қысқа және айқын сипаттап, оның маңызды қағидаларын баяндап, өз қорытындылары мен ұсыныстарын келтіріп, негіздейді. Баяндама үшін студентке 15 минуттан кем емес уақыт беріледі.

Диплом қорғап тұрған студентке МАК төрағасы және оның мүшелері немесе отырғандардың кез келгені сұрақ қоюы мүмкін. Қойылған сұрақтарға студент қысқа, бірақ нақты жауап қайыруға тиісті. Диплом қорғауға қатысып отырғандардың жұмыс нәтижелерін талқылауға қатысу құқығы бар. Талқылау соңында ғылыми жетекшісінің пікірі және пікір берушінің рецензиясы оқылады. МАК отырысында диплом жазған студент және оның диплом жұмысына сипаттама беру үшін ғылыми жетекшісіне сөз берілуі мүмкін. Студентке пікірде, рецензияда баяндалған не болмаса сөз сөйлеудегі ескертулер бойынша жауап қайтаруға мүмкіндік беріледі.

Диплом жұмысын бағалау МАК-тің жабық отырысында балдық – рейтинттік әріптік жүйе бойынша анықталып, қорғау біткеннен кейін сол күні комиссия төрағысы жариялайды.

Диплом жұмысын белгіленген уақытта жазбаған немесе оны қорғамаған студент университеттің студенттер қатарынан шығарылады, бірақ оған диплом жұмысын келесі жылы немесе теориялық курсты бітіргеннен кейін үш жылдан аспаған уақытта қорғауға құқық беріледі. Мемлекеттік аттестациялық комиссия бұл жағдайда сол дипломдық жұмысын қайта қорғау (өңдеумен немесе өңдеусіз) немесе студентке жаңа тақырыпты бекіту жөнінде шешім қабылдайды.

Диплом жұмысы және Мемлекеттік аттестациялық комиссия алдында оны қорғау, тиісті мамандық бойынша диплом тапсырыла отырып, студентке академиялық дәреже немесе біліктілік берудің міндетті шарттары болып саналады. Дипломдық жоба екі міндетті бөлімнен - түсініктеме жазба мен графикалық материалдардан тұратындығынан оның, яғни дипломдық жобаның диплом жұмысынан айырмашылығын көреміз. Түсініктеме жазба өз құрылымы және ресімдеуі бойынша дипломдық жұмысқа ұқсас, одан кішірек көлемімен ғана ерекшеленеді. Дипломдық жобаның екінші міндетті бөлімі – графикалық материалдар. Олар қағаз нұсқасында және слайдтар, таныстырылым түрлерінде Power Point көздерінде көрсетілген. Бұл материалдар диплом жазған студенттің түсініктеме жазбасындағы негізделген қорытындылары мен ұсыныстарын көрнекі түрде көрсетуге тиіс. Графикалық материалдың көлемі стандартты А-4 форматының 5-10 парағын құрайды. Түсініктеме жазбаның көлемі бір интервал аралықта машиналық жазылым мәтінінің 60-80 бетін құрайды.

 

 

А ҚОСЫМШАСЫ

 

 

Бухгалтерлік есеп және аудит

кафедрасының меңгерушісі

э.ғ.к., проф. Қ.С.Мадиеваға

ЕҚФ (күндізгі бөлім)

УА-41тобының студенті

Наталья Ивановна

Верховскаядан

 

 

Өтініш

 

Дипломдық жұмыстың №22 «Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және өнеркәсіп кәсіпорындарында өнім (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өндіруге кететін шығындарды талдау» тақырыбын менің атыма бекітуіңізді және ғылыми жетекші ретінде доц. В.И.Березюкті тағайындауыңызды сұраймын.

 

 

Қолы:

Күні:

 

 


Б ҚОСЫМШАСЫ

 

 

Диплом жұмысын орындауға тапсырыс

«__»­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_________________200 ж

 

Ұйым ________________________________________________________

(тапсырыс берген ұйымның атауы)

Студент_______________________________________________________

(аты-жөні, тегі)

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

тақырыбындағы диплом жұмысын орындауға тапсырма береді

 

Тапсырыспен диплом жұмысын орындау қажеттілігінің

себебі

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

 

Тапсырыс беруші ________ Орындаушы _____________

________________________ _________________________

(Ұйым жетекшісінің (Студенттің тегі, аты-жөнінің

лауазымы, тегі және бірінші әріптері )

аты-жөнінің бірінші әріптері)

 

 


В ҚОСЫМШАСЫ

 

Ұйым ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­________________________________________________________

(ұйымның атауы)

 

 

№ __ ХАТТАМАДАН ҮЗІНДІ

«__»­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­________200 ж

Тыңдалды:

Студенттің

ақпаратын _____________________________________________________

(жоо атауы, факультеті, оқу тобының №)

______________________________________________________________

(студенттің аты-жөні, тегі)

______________________________________________________________

______________________________________тақырыбында орындалалған

дипломдық жұмыста жасалған зерттеулердің нәтижелері туралы

Қаулы етті:

Студент_______________________________________________________

(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

______________________________________________________________

­­­­­­­­_________________________________________тақырыбындағы диплом

жұмысы бойынша ақпаратын тыңдап

ұйым басшысы _________________________________________________

(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

осы дипломдық жұмыста келтірілген қорытындылар мен ұсыныстарды ұйым қызметінде ескеріп пайдалану керек екендігін атап айтады.

Дипломдық жұмыстың ұсыныстары 200___ ж. сыннан өткізіліп, содан кейін дипломдық жұмыс авторының қорытындылары мен ұсыныстарын пайдалану туралы Актімен ресімделіп оң нәтижелері қызметке енгізілсін

 

Ұйым жетекшісі ________ _____________________

қолы (аты-жөні)

 

Ұйым мөрі

 


Г ҚОСЫМШАСЫ

______________________________________________________________

(ЖОО атауы)

Факультет ____________________ кафедра _________________________

 

Мамандығы:

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі _________

«___»______________200_ж

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА ТАПСЫРМА

Студент _______________________________________________________

(тегі, аты-жөні)

______________________________________________________________

1. Жұмыстың тақырыбы_________________________________________

______________________________________________________________

 

200 «___»______________________университет бұйырығымен бекітілді

2. Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі ___________________________

3. Жұмысқа пайдаланылған негізгі мәліметтер ______________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

4. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны

а)____________________________________________________________

б)____________________________________________________________

в)____________________________________________________________

5. Ұсынылатын негізгі әдебиет: __________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

 

 

6. Жоба (жұмыс) бойынша кеңес беруші (оларға қатысты

жоба (жұмыс) бөлімдерін көрсетуімен)

Бөлім Кеңес беруші Мерзімі Қолы
       
       
       

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ӘЗІРЛЕУ КЕСТЕСІ

Бөлімдер атауы, зерттелетін сұрақтар тізімі Ғылыми жетекшіге көрсету мерзімі Ескертулер
       
       
       
       
       
       
       
       
       

 

Тапсырманың берілген уақыты __________________________

 

Кафедра меңгерушісі ________ __________________

қолы (тегі, аты-жөнінің

бірінші әріптері)

Жұмыс жетекшісі ________ __________________

қолы (тегі, аты-жөнінің

бірінші әріптері)

Тапсырманы орындауға

қабылдаған студент ________ __________________

қолы (тегі, аты-жөнінің

бірінші әріптері)

 

Д ҚОСЫМШАСЫ

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ...........................................................................................................   1 ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨЗГЕРУ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА КООПЕРАТИВ­ТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ................................................................................................... 1.1 Кооперативтік қатынастар және нарық шаруашылығын­дағы олардың рөлі .................................................................................................... 1.2 Кооперативтік қатынастар дамуының шетелдік тәжірибесі және кәсіпкерліктің дамуындағы олардың рөлі.................................................... 1.3 Өзгермелі экономикалар жағдайларындағы кооперация­лардың орны мен рөлі.............................................................................................................   2ҚАЗІРГІ ЗАМАҢҒЫ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ КООПЕРАТИВТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ТЕТІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ................................... 2.1 Шаруашылық жүргізудің кооперативтік түрлерін қалыптастыру ерекшеліктері ................................................................................................... 2.2 Нарықтық экономика жағдайларындағы кооперативтер қызметінің тетігі................................................................................................................... 2.3 Кооперациядағы бірігу үдерістерінің дамуы ..........................................   3 ҚАЗАҚСТАНДА ТҰТЫНУ КООПЕРАЦИЯСЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУЛАР.............. 3.1 Қазақстан жағдайында тұтыну кооперациясының дамуын ынталандыру және экономикалық әдістер.................................................... 3.2 Кооперативтік қатынастарды ұйымдастыру түрлері және кәсіпкерлікті дамыту........................................................................................   ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................   ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................   А-қосымшасы - Кооперациядағы бірігу үдерістері .................................... Б-қосымшасы - Кооперативтік қатынастарды ұйымдастыру түрлері.........                                

 


Е ҚОСЫМШАСЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Чаянов А.В. Основные идеи и формы организации сельскохозяйственной кооперации. - М.: Наука, 2001.

2 Макконнэлл К., Брю С. Экономикс. - М.: Республика, 1-том, 2002.

3 Louis R. Labour cooperatives. Geneva: Intern. Labour office, 1982.

4 Ven Sikle J., Ladd G. A model of cooperative finance //economics.Lehington 1983. Vol. 65, 2. P.273.

5 Львов Д.С. Реформы с позиции современной экономики //экономистердің Халықаралық Одағының ғылыми еңбектері. 2.Т. М., 1995.

6 Норт Д. Институты, институциональные изменения и функционирование экономики. - М.: Начала, 2007.

7 Ткач А.В. Кооперация в условиях рыночных отношений // «Развитие форм собственности многоукладной экономики и кооперации а АПК в условиях рынка» аймақаралық ғылыми-практикалық конференция баяндамаларының тезистері, Киев, қараша 1991, М.: ВНИИЭСХ, 2001, б.3-6

8 Калиев Г.А. Аграрная реформа а Казахстане: история, современность, перспективы. – Алматы: «Бастау», 2008.

9 Арынов Е.М. О стратегии экономических реформ в Казахстане: приоритеты и неотложные шаги. – Алматы: КИСИ, 2003

10 Сатыбалдин А.А. Теоретические аспекты развития форм собственности и организации производства в сельском хозяйстве //Қазақстанның ауыл шаруашылық ғылымының Жаршысы. Алматы, 2002, №8, б.35

11 Дахов И. Возможности возрождения кооперативного сектора экономики. //Экономист, 2009, № 1, б.92

 


Ж1 ҚОСЫМШАСЫ

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті