Ескерту

«Ескерту» сөзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс.

Егер, мәтіннің, кестелердің немесе графикалық материалдың мазмұнына түсініктеме немесе анықтамалық деректер қажет болса, жұмыста ескерту келтіріледі.

Ескертуді ескерту қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер арап сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.

Формулалар мен теңдеулер

Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғары және төменгі жағынан бір бос жол қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбасынан кейін (=) немесе қосу (+), алу (-), көбейту (Х), бөлу (:) белгілерінен кейін, немесе өзге математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады. Көбейту операциясы белгісіндегі формуланы тасымалдау кезінде, «х» қолданылады.

Символдар мен сандық коэффициенттер мәндерінің түсініктемесін, олардың формулада берілген бірізділікпен, тікелей формуланың астынан келтіру керек.

Диплом жұмысындағы формулаларды барлық жұмыс шегінде реттік нөмерлеумен, жолдың оң жақ шетінен дөңес жақшаларда араб сандармен нөмірлеу көзделеді. Мысалы:

 

А=а:б, (1)

Мәтіндегі формулалардың реттік нөмерлеріне сілтемелер жақшаға алынып жасалады. Мысалы – (1)формулада.

Қосымшаларда орналасқан формулалар әрбір қосымша шегінде әрбір сан алдынан қосымшаның белгісін қосу арқылы араб сандарының бөлек нөмірлерімен нөмірленуі тиіс, мысалы формула (А.1).

Диплом жұмысында математикалық теңдеулерді баяндау тәртібі, формулалардағы сияқты болады.

Пайдаланылған әдебиеттер және сілтемелер тізімі

Дерек көздері туралы мәліметті диплом жұмысының (жобасының) мәтініндегі дерек көздеріне сілтемелер жасаудың реті бойынша орналастыру керек және абзацтан кейін араб сандарымен нүктесіз нөмірленеді (Қосымша Е).

Тұтас құжатқа немесе оның бөлімдеріне және қосымшаға сілтеме жасау көзделеді.

Стандарттар және техникалық шарттарға сілтеме жасау кезінде олардың белгіленуі ғана көрсетіледі, бұл ретте пайдаланылған дерек көздері тізімінде стандарт толық сипатталған жағдайда олардың бекітілген жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі.

Пайдаланылған дерек көздеріне сілтемелер квадратты жақшаға алынады. Мысалы, [2,б.17].

Газеттердегі ақпараттарды пайдалану кезінде квадрат жақшаларда дерек көзінің нөмірін ғана көрсетуге болады, мысалы, [7].

Қосымша

Қосымшалар осы диплом жұмысының (жобаның) жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.

Жұмыс мәтінінде барлық қосымшаға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.

Әрбір қосымша жаңа беттен басталып, «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс және ол диплом жұмысы жазылған тілге сәйкес белгіленеді, мысалы, (А қосымшасы).

Қосымшаның аты болуы тиіс, ол бас әріптермен жеке жолдан мәтінге қатысты симметриялы түрде (ортасынан) жазылады.

Қосымшалар диплом жұмысының (жобаның) қалған бөлімдерімен ортақ басынан басталатын беттердің нөмірленуіне жатады.

Егер диплом жұмысында бір қосымша болса, оны белгілемеуге жол беріледі.

Өлшем бірліктері белгіленген стандарттарға сәйкес белгіленуі тиіс, ал көрсеткіштер мен өзге сандық деректер белгілердің артық сандарынсыз келтірілуі тиіс, мысалы, сомалар мың немесе миллион теңгеге дейін ықшамдалады (ондық үлеспен), пайыздар 0,1%-ға дейінгі дәлдікпен ықшамдалады.

Диплом жұмысында терминдердің, шартты белгілердің және жалпыға бірдей қабылданған қысқарған сөздердің бірыңғай атаулары сақталады (мысалы, ХҚЕС аббревиатурасы – халықаралық қаржылық есептілік стандарты).

 

9. Диплом жұмысының түпкілікті нұсқасын ресімдеу

Диплом жұмысы түпкілікті нұсқасында компьютерде басылған болуы тиіс.

Иллюстрацияларымен диплом жұмысының көлемі, оған тіркелген қосымшаларды есептемегенде, қағаздың стандартты парағының 60-100 бетін құрауы тиіс.

Мәтінде абзацтар анық бөліп көрсетілуі тиіс. Абзацтағы шегініс 1см құрауы тиіс.

Студент диплом жұмысының титул бетін келтірілген үлгі бойынша ресімдейді (Ж2, Ж3 қосымшалары).

Мұқабаның ішкі жағында жапсырылған конвертке:

- ғылыми жетекшінің пікірі;

- диплом жұмысына жазылған рецензия (сын пікір) салынады.

Диплом жұмысының соңында әдебиеттер тізімі келтіріледі, оның төменгі жағында тегі мен диплом жұмысын аяқтаған күні (күні, айы және жылы) көрсетіле отырып, диплом жазған студенттің қолы қойылады.

Диплом жұмысының жетекшісі ол туралы пікір дайындайды, онда объективті (оң немесе теріс) баға береді, атап айтқанда:

- зерттеу тақырыбының өзектілігін растайды;

- диплом жұмысында тұжырымдаған қорытындылар мен ұсыныстардың теориялық және тәжірибелік маңызын сипаттайды;

- теориялық сипаттағы ақпараттар көздерімен және тәжірибе материалдарымен жұмыс істей білу дағдысын ескере, студенттің зерттеу әдістерін қаншалықты меңгергенін мәлімдейді;

- нақты міндеттерді шешу үшін (әдіснамалық сипаттағы және тәжірибелік қызметтегі) университетте алған білімін қолдана білу қабілетін студенттің қаншалықты көрсете алғандығын хабарлайды;

- студенттің көрсеткен бастамашылығын және диплом жұмысын өз бетімен орындау дәрежесін атап көрсетеді;

- студенттің еңбекқорлығымен, ұқыптылығымен, шығармашылық даралығымен қаншалықты өзгешеленетіндігін атап өтеді;

- диплом жұмысын қорғауға жіберу туралы қорытынды жасайды. Пікірге ғылыми жетекші қолын қояды, оны дайындаған күні белгіленеді.

Егер ғылыми жетекші университет оқытушысы болып саналмаса, онда оның қолын, ол жұмыс жасайтын ұйымның кадрлар бөлімінің бастығы растауы және мөр басуы тиіс.

Диплом жұмысы (жоба) қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша-пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады.

Диплом жұмысы (жоба) қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ та жазбаша пікір жазып, онда диплом жұмысын (жобасын) қорғауға жібермеу туралы өз шешімін негіздейді. Осы материалдар негізінде кафедра меңгерушісі, бұл туралы диплом жұмысының бірінші бетіне тиісті жазба жасап, аталған диплом жұмысы (жобасы) бойынша түпкілікті шешім қабылдайды.

Егер кафедра меңгерушісі студентті диплом жұмысын (жобасын) қорғауға жіберу мүмкін емес деп есептесе, онда бұл мәселе аталған студент пен міндетті түрде оның ғылыми жетекшісінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра отырысының хаттамасы жоғары оқу орнының ректорына бекітуге ұсынылады.