Жалпы талап.

Диплом жұмысы мәтінінің беттері мен жұмысқа енгізілген иллюстрациялар мен кестелер А4 форматына сәйкес келуі тиіс. Диплом жұмысы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал сақтай отырып, компьютер мен принтерді қолдана баспа әдісімен орындалуы тиіс. Шрифт-қалыпты, кегль 14, Times New Roman. Айқындалып Түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалана, белгілі терминдер, формулаларға назар аударатын компьютердің мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.

Диплом жұмысының мәтінін, қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып басу керек: оң жағы – 10мм, жоғары жағы - 20мм, сол жағы – 30мм және төменгі жағы – 25мм.

Әрбір тарауды жаңа беттен бастау керек. Параграфтар мен тармақтардың мәтінін, жеткілікті орын болған жағдайда, аяқталмаған беттің бос бөлігіне басуға болады.

Тараулардың, параграф пен тармақтардың атаулары арасындағы ара-қашықтық мәтіннен бір жолға шегінуді құрауы тиіс: параграф (тармақ) атауы мен мәтін арасындағы ара-қашықтық мәтіннен екі жолды құрауы тиіс; алдындағы параграф (тармақ) мәтінінің соңы мен келесі параграф (тармақ) атауы арасындағы ара-қашықтық мәтіннен екі жолға шегінуді құрауы керек (И қосымшасы).

Басылған мәтіннің және иллюстрациялар, кестелердің ресімделу, ЭЕМБ - дан басып шығарылу сапасы айқын қайталану талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

Диплом жұмысын орындау кезінде бүкіл мәтін бойынша біркелкі тығыздық пен бейнелердің анық көріну талабын сақтау қажет. Диплом жұмысындағы сызықтар, әріптер, сандар мен белгілер айқын, бұлыңғыр болмауы қажет.

Мәтін парақтарының бүлінуіне, түзетулер жасап шимайлауға және толық жойылмаған бұрынғы мәтін (кескін) іздеріне жол берілмейді. Диплом жұмысының мәтінінде сканирленген кескіндер, сызбалар, кестелерді және т.б. пайдалануға рұқсат етілмейді.

Тегі, ұйымның атауы, бұйым аты және диплом жұмысындағы басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тілінде келтіріледі.

Өз атын транслитерлеуге және ұйым атауын түпнұсқадағы (бірінші айтылған) атын қоса отырып, диплом жұмысы жазылған тілге аударғандағы атауын келтіруге рұқсат етіледі.

Диплом жұмысының құрылымы

Диплом жұмысының құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», тараулардың атауы, «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» диплом жұмысының құрылымдық элементтерінің бас тақырыптары болып табылады және Мазмұнында, сол сияқты абзацтан басталған диплом жұмысының мәтінінде бас әріптермен жазылады.

Жұмыстың негізгі бөлімін тарауларға, параграфтарға және тармақтарға бөлу көзделеді.

Тараулар, параграфтар және тармақтар тақырыптарға ие болуы тиіс. Тақырыптар тараулардың, параграфтардың және тармақтардың мазмұнын анық және қысқа көрсетуі тиіс.

Параграфтардың және тармақтардың атауын, астын сызбай, соңына нүкте қоймай, шегініс жасап абзацтан бас әріптермен басу керек.

Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

Диплом жұмысының беттерін нөмірлеу

Диплом жұмысының беттерін, диплом жұмысының бүкіл мәтіні бойынша қатар нөмерленуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері парақтың төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.

Титул беті, диплом жұмысына тапсырма, Мазмұны, Кіріспенің бірінші бетін беттердің жалпы нөмірленуіне кіргізеді. Титул бетіне, диплом жұмысына (жобасына) Тапсырмада, Мазмұнында беттердің нөмірі қойылмайды. «5» цифры Кіріспенің екінші бетіне қойылады.

Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар мен кестелер диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмерленуіне кіреді (немесе Қосымшаға шығарылады).

А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.

Тараулар, параграфтар мен тармақтарды нөмірлеу

Диплом жұмысының тараулары шегініс жасап абзацпен жазылады және нүктесіз араб цифрларымен белгіленеді, бүкіл жұмыс шегінде реттік нөмірлері болуы тиіс. Параграфтардың әрбір тараулар шегінде нөмірлері болуы қажет. Параграф нөмірі, нүктемен бөлінген, тараулардың және параграфтың нөмірлерінен тұрады. Параграф нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды. Тараулар мен параграфтар бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.

Параграфтардың немесе тармақтардың ішінде тізіп атаулар орын алуы мүмкін.

Әрбір тізіп атаудыңалдынан дефис немесе құжат мәтінінде сілтеме жасау қажет болған кезде тізіп атаудың біріне кіші әріптер (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ қоспағанда) жазылып, соңынан жақша қойылады.

Тізіп атауды одан әрі нақтылау үшін, соңынан жақша қоя отырып, араб цифрларын пайдалану қажет, ал жазу абзацтан шегініс жасау арқылы жасалады.