V.IV. Десмургия

5.16. Қалып бинтпен бау қою техникасы

Мақсаты: Денеге таңбаңы бекіту, жарақат кезінде тасымалдау, жарақатты микроб түсуден сақтау, гемостаз мақсатында.

Әрекеттер алгоритімі:

1.Науқасты өзіне ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз не жатқызыңыз.

2.Таңушы науқасқа бетпе-бет қалыпта орналасады

3. Таңуды перефериядан – орталыққа, солдан оңға, сағат тіліне қарсы жүргізу керек

4.Таңуды әрдайым бинттің бекіту бөлігінен бастау керек

5.Бинттің әр келесі орамы алдыңғысын ½ немесе 2/3 бөлігін жабу керек

6.Бинтті таңылған орыннан айырмай орау керек

7.Таңу 2 қолмен жүргізіледі: 1 қолмен бинттің басын, 2 қолмен орамын жасау

8.Бинтті сол қолмен ұстап, оң қолмен орақтаныз, таңылған аймақты орай отырып,

9.Бинтті бірқалыпты таңылған аймақтан орау керек

10.Дененің таңылатын орнына, таңғыш қойылғаннан кейін ыңғайлы болатын қалыпқа қою керек

11.Дененің конустық бөлігіне таңғыштың жақсы орналасуы үшін әр 2 айналым сайын дәкені майыстыру керек.

12. таңғыш өз функциясын орындау керек.

13. Таңғыш жарақатқа қарама-қарсы бетке орналастыру керек.

5.17. Қалпы ʺЧепецʺ таңғышын қою техникасы:

Мақсаты: Басқа таңғышты бекіту

Көрсетілімі: Маңдай мен шүйде сүйегінің жарақаты.

Қорытынды: бинт-ені 10 см, қайшы

Әрекеттер алгоритімі:

1.Науқасты өзінізге қарама қарсы отырғызыныз, тынышталдырыныз, манипуляция мақсатын түсіндіріңіз.

2.Ұзындығы 80см-1м бинт үзіндісін дайындаңыз.

3.Үзіндігінің ортаңғы жағын төбе сүйегі аймағына орналастырыңыз, ұштарын науқас немесе көмекейі ұстап тұрады.

4.Бинт ұштарын құлақ алды арқылы төмен түсіріңіз

5.Ені 10 см бинт алып маңдай мен төбеден бекітуші айналым жазаңыз

6.Шүйде мен төбе сүйегі аймағында 2-ші айналыммен бинтті бекітіңіз

7.Байлам арқылы қарама-қарсы бетке айналдыра отырып төбе мен маңдай сүйегін жаба отырып айналым жасаңыз

8.1-2 рет бекітіңіз

9.Бас сүйегі толық жабылғанша 2-3 орам жасаңыз

10.Байламды иек астынан бекітіңіз

5.18. ʺУздечкаʺ таңғышын қою техникасы

Мақсаты: астынғы жақ қимылсыз қалыпқа келтіру.

Көрсетілім: астыңғы жақ жарақаттары.

Қорытынды: ені 10 см бинт, қайшы.

Әрәкеттер алгоритімі

1.Бинттің бастамасын сол қолға, бас жағын оң қолға алыңыз.

2.Маңдай немесе шүйде сүйегі аймағынан бекітуші орау жүргізіңіз

3.Байламды шүйде мен шек астынан жіберіп, самай мен төбе сүйегін айналдыра 2 айналым жасаңыз.

4. 3-4 рет қайталаңыз (1рет)

6.Байламды шуйденің сол жағынан алып бекітіңіз.

7.Басты айналдыра бекітіңіз

8.Ұштарын бастың маңдай аймағынан байлаңыз

5.19 Қалып «Екі көзге таңғыш қою техникасы».

Мақсаты: Таңғышты бекіту

Көрсетілім: Отадан кейінгі жарақат,көз жарақаты

Қорытынды: ені 10-12 см дәке, қайшы

Әрекет алгоритімі:

  1. Науқасты өзінізге қаратып отырғызыныз, тынышталдырыныз.
  2. Манипуляция мақсатын түсіндірініз.
  3. Науқасты отырғызып, жарақатын қараныз.
  4. Ені 10-12 см бинт алыңыз.
  5. Бинт бастамасын сол қолынызға, басын оң қолынызға алыңыз.
  6. Бас аймағынан бекітуші байлау жүргізініз.
  7. Байламды шүйде арқылы құлак артынан жіберініз.
  8. 3-4 рет қайталап,басты айналдыра бекітініз.
  9. Байламды шүйде мен мандай арқылы төмен алып көздің екінші бөлігіне жабыныз.
  10. Құлақтан төмен шүйде арқылы алып бекітуші айналым жүргізініз.
  11. Екінші көзді 3-4 қайтара орап,бекітіңіз.
  12. Байламды айналдыра орап бекітіңіз.

 

5.20 Қалып «Қолғап» таңғышын қою техникасы.

Мақсаты: Таңғышты бекіту

Көрсетілім: Күйік,үсік барлық саусақтардың жарақаты.

Әрекет алгоритімі:

1.Науқасты өзінізге қарама-қарсы отырғызып,жарақаттанған қолын ыңғайлап үстел үстіне қойыныз,білегі еркін төмең түсіп тұруы керек.

2.Тынышталдырып,манипуляция мақсатын түсіндіріңіз.

3. Бинт бастамасын сол қолыңызға, басын оң қолыңызға алыңыз.

4.Шынтақ айналасына бекітуші таңғыш қойыныз.

5.Білек пен саусаққа қарай бекітуші орам жүргізіңіз.

Ескерту он қол 1 үлкен саусақтан бастап танылады,сол қол 5 саусақтан.

1.Таңғышты айналдыра отырып,барлық саусақтарды басынан аяғына дейін бекітініз.

2.Білек пен шынтақ арқылы айналма орам жасаныз.

3. 1,2,3 рет қайталай отырып ораңыз.

4.Шынтақты айналдыра отырып бекітініз.

Ескерту: Таңғыш дұрыс қойылған жағдайда науқастың алақаны бос болады.

5.21 Қалып «Дезо таңғышын қою техникасы».

Мақсаты: Бұғана мен білек сынықтарын бекітіп тасымалдау.

Көрсетілім: Бұғана мен білек сынықтары.

Қоры: ені 20 см бинт,қайшы,түйрегіш.

Әрекет алгоритімі:

1.Науқасты өзінізге қарама-қарсы отырғызып,жарақаттанған қолын ыңғайлап үстел үстіне қойыныз,білегі еркін томен түсіп тұруы керек.

2.Иық үстіне марлімен оралған мақта үйіндісін қойыныз.

3.Шынтақ буынындағы жараланған түпкіліктерді бүгініз.Шынтақты көкірекке тақаныз.

4.Тоқтаушының айналымын бәдененің алқындарына иінді бәденеге бекітініз.Сау жақтан сырқат жаққа қарай.

5.Дәкені сау жақтың қолтық астынан жаралы жақтың иығының артқы жағымен шынтаққа дейін түсірініз.

6.Білек пен иық үстінен сау жаққа қарай шұқыр жүргізініз.

7. Арқа арқылы ауру иық үстіне шұқыр жүргізініз.

8.Жақсы бекіту үшін 1-2-3 ретті бірнеше рет қайталаныз.

5.22. Қалып «Иыққа «Бидай тәрізді» таңғыш қою техникасы».

Мақсаты: Жоғарғы түпкіліктер жарақаттары.

Көрсетілім: Таңғыш,шина,гипс лонгетін бекіту.

Қоры: жалпақ дәке,қайшы.

Әрекет алгоритімі:

1.Жоғарғы иыққа 1-2 рет бекіту айналымын жасаныз.

2.Таңғышты көкіректің артына жіберіңіз.

3.Көкірек қуысынан иыққа қарай шұқыр жүргізініз.

4.Таңғышты көкірек алдынан жарақаттанған иыққа қарай жүргізініз.

5.Таңғышты иықтан арқаға қарай жүргізініз.

6.Иық буының жабу үшін 1-2 рет қайталаныз.

7.Таңғышты иық буынынан төмен бекітініз.

5.23. Қалып «Тек табан буынына таңғыш қою техникасы».

Мақсаты: Аяқ-табан буын жарақаттарын тасымалдау.

Көрсетілім: Байламдар тартылуы,табан буын шығуы

Қоры: Таңғыш,қайшы.

Әрекет алгоритімі:

1.Таңғышқа алып тобықтан жоғары бекітуші айналым жүргізініз.

2.Таңғышты табанның сырт жағынан жүргізініз.

3.Табанды айналдыра бекітуші айналым жүргізініз.

4.Таңғышты табанның сырт жағынан жоғары алыныз.

5.Тобықты бекітуші айналым жүргізініз.

6.Толық жабылғанша айналымдар жасаныз.

7.Таңғышты бекітініз.

5.24. «Варежка» байламын қою ережесі.

Мақсаты: Білек байламың бекіту.

Көрсетілім: Жарақат,күйік,үсік,ірінді қабынулар.

Қоры: Жінішке таңғыш,қайшы.

Әрекет алгоритімі:

1.Білезіктер айналасына бекітуші айналым жасаныз.

2.Таңғышты білектің сыртқы бөлігінен жүргізіп отіңіз

3.Таңғышты саусақтар арасынан жүргізіп,алақаннан білек пен білезіктерге қарай жүргізініз.

4.Білекті жаба отырып,бірнеше қайталануын айналып жасаныз.

5.Таңғышты түпкіліктерге қарай алып,бағытын згертіп білезіктерге қарай бірнеше айналым жасаныз.

6.Сұқ саусақты бөлек таңыныз.

7.Білезік айналасына таңғышты белгіленіз.

5.25.Қалып «Жоғарғы түпкіліктерге танғыш қою техникасы».

Мақсаты: Жоғарғы түпкіліктерді тасымалдау.

Көрсетілім: Жоғарғы түпкіліктер мен бұғана жарақаттары.

Қоры: мақта - мата үш бұрыш тілімі,түйрегіш.

1.Науқастың жарақаттанған қолына физикалық қалып жасаныз.

2.Екі қолынызбен үшбұрыш жасай отырып,жаулықты озінізге қойыныз.

3.Науқастың жарақаттанған қолының білегін,үшбұрыштың иықты шынтақтан кейін болатындай етіп теңденіз.

4.Жаулық таңғыштың ұштарын науқастың мойнының артқы бетіне байланыз.

5.Жаулықтың басын иіннің алдынғы бетіне түйреуішпен бекітініз.

5.26. Қалып «Көкірек құысына спиральді таңғыш қою техникасы».

Мақсаты: Көкірек қуысына таңғыш қою.

Көрсетілім: Таңғыш көкірек қуысы жарақаттарында қолданылады.

Қоры: ұз 100-120 см ені 15-20 см таңғыш, қайшы, түйрегіш.

Әрекет алгоритімі:

  1. Ұзындығы 100-120см таңғыш алыңыз.
  2. Иықтан төмең қарай түсіріңіз.
  3. Иық сызығын таңа отырып, таңғышты екі айналма ораммен көкірек қуысының семсер өсіңдісінен төмең бекітіңіз.
  4. Көкірек қуысын сптральді айналымдармен қолтық астына дейін таңыныз.
  5. Таңғышты түйреуішпен немесе лейкопластырьмен бекітіңіз.
  6. Таңғыш ұштарын қарама – қарсы иыққа байлаңыз.

 

5.27. Қалып «Сүт бездеріне таңғыш қою техникасы».

Мақсаты: Таңғышты бекіту.

Көрсетілім: мастит, жарақат, сүт бездері күйіктеріңде ота жасау.

Қоры: ені 20 см дәке, қайшы.

Әрекет алгоритімі:

1. Науқасты өзіңізге қарама-қарсы отырғызыңыз, манипуляция мақсатын түсіндіріңіз.

2. Таңғыш ұшын сол қолыңызға, басын оң қолға алыңыз.

3. Сүт бездері үстіне екі бекітуші айналым жасаңыз.

4. Таңғышты қолтық астынан арқаға қарай алыңыз.

5. Таңғышты қарама-қарсы иыққа сүт бездерінің астыңғы жағынан алып бекітіңіз.

6. Таңғышты арқадан қолтық астына жүргізіңіз.

7. Сүт бездерінің үстінен алып, таңғышты сау сүт безі жақтағы қолтық астына өткізіңіз.

8. Сүт безі толық қамтылып жабылғанша ораңыз.

9. Сүт бездері үстінен екі бекітуші айналыммен таңуды аяқтаңыз.

 

5.28. Қалып «Гиппократ шапкасы таңғышын қою техникасы».

Мақсаты: басқа таңғыш қою.

Көрсетілім: Бас жарақаты.

Қоры: ені 20см екі дәке, қайшы, лейкопластырь.

Әрекет алгоритімі:

1. Науқасты өзіңізге қарама-қарсы отырғызыңыз, манипуляция мақсатын түсіндіріңіз.

2. 15 см –ге жайылған дәке алыңыз.

3. 1 дәке ұшын 2-дәке ұшына қойыңыз, 2 ұшы бар дәке шығады.

4. 2 ұшы бар дәкені сол және оі қолыңызға алыңыз.

5. Дәкені маңдай бөлігіне қойып, дәкенің 2 ұшын желкеге қарай өткізіңіз.

6. Шүйде аймағында қиыспа жасаңыз: 1- ші дәке ұшын шүйдеден маңдайға бас сүйектерін жауып, 2-ші дәке ұшын басты айналдыра ораңыз.

7. 1-ші дәкемен маңдайдан шүйдеге қарай ораңыз, 2-ші дәкемен маңдайда қиыспа жасаңыз. 2-ші дәке бастың қарақұс аймағынан өтеді, 1-ші дәке айнала оралады.

8. Қарақұс аймағы толық қамтылып жабылғанша ораңыз.

9. Бас жіктері жабылғанша дәкелеуді жалғастырыңыз.

 

5.29. Қалып «Желкеге Х тәріздес таңғыш қою техникасы».

Мақсаты: Желке мен мойын артына таңғыш қою.

Көрсетілім: желке аймағындағы жарақат, мойын аймағындағы отадан кейінгі кезең.

Қоры: ені 10-12см дәке.

Әрекет алгоритімі:

1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызып, тынышталдырыңыз.

2. Науқасты қарап, жарақат түрін анықтаңыз.

3. Манипуляция мақсатын түсіндіріңіз.

4. Ені 10-12см дәке алыңыз.

5. Дәкені маңдай аймағына қойып екі бекітуші айналым жасаңыз.

6. Таңғышты желкеге қарай түсіріп, мойынның алдыңғы бөлігіне өтіңіз.

7. Қарама – қарсы беттен таңғышты құлақ үстінен алыңыз, тағы да желке мен басты айналдыра бекітіңіз.

8. Бірнеше рет қайталаңыз.