КІРІСПЕ 6 страница

2. Воспитание детей в школе: Новые подходы и технологий/под ред.Щурковой Н.Е.-М., 1998 г

3. Воспитательная работа проблемными учащимися. Планирование. Мониторинг развития учащихся. Разработки занятий с педагогами и родителями-М,изд:учитель, 2007 г

1.Тәрбиелілік жүйе және сынып жетекшісінін міндеттері.

Сынып жетекшісінің іс-әрекеті – мектептегі тәрбие үдерісінің нәтижелі шарттарының бірі.сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері. Сынып жетекшісі және педагогикалық ұжым. Тәрбие үдерісіне қатысушылардың өзара әрекеттестігінің негіздері. Оқушылармен жеке жүргізілетін жұмыстарының әдістемесі және тұлғалық – бағдарлық, тұлғалық – іс-әрекеттік, аксиологиялық тұрғылар. Тәрбие жұмысының әр алуан формаларын ұйымдастыру және жоспарлау.

Педагогикалық рефлексия – сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының қажетті компоненті.

Педагогика ғылымы негізіндегі зерттеулер мен озат тәжірибелерді қорытындылай келгенде, оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесінің құрылыуы тәрбие процесінің тиімділігін неғұрлым жоғарлататындығын айқындайды.

Адамзат тарихында әлемдік өркениеттің әрбір кезеңдерінде қаланған әртүрлі білім беру жүйесі белгілі болды. Олардың әрқайсысы, қоғамға тән сипаттағы, қазіргі білім жүйесі атқаруға тиісті талаптарды, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарды бейнеледі. Олардың ішіндегі әлдеқайда белгілері болып табылатындары:

— спартандық тәрбие жүйесі;

— афиндық тәрбие жүйесі;

— діни тәрбие жүйесі;

— джентельменді қалыптастыру жүйесі (батыс-европалық жүйе);-

— адамды ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу жүйесі (А.С.Макаренконың жүйесі);

XX ғасырдың екінші жартысындағы кеңес мектебіндегі тәрбие жүйесі ұжымдық шығармашылық жұмыстың, қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбек, әртүрлі ұйымдастырылған жұмыс формаларын өндіру (әртүрлі орталықтар, мектеп театрлары және т.б.).¥лттық дәстүрлер, сонымен қатар, оқу процесін қайта құрудың негізінде қаланды. Тарихи қалыптасқан тәрбие жүйесіне талдау жасау, кез-келген тәрбие жүйесінің негізгі құрамды бөліктеріне тәрбие мақсаттарының бөлімдері жататынын, тәрбие ұжымы тәрбие жүйесінің ядросы (жасушасы) екендігін, ұжымшылыдық қарым-қатынаспен айнала қоршаған жүйеге аялы көзқарасты көрсетеді. Кейбір зерттеушілер, осы ережелерді нақтылай келіп, кез-келген тәрбие жүйесінің негізіне барлық ұжым болып қабылданған тәрбиенің мақсатын, ұжымдық танымдық іс-әрекетті, тәрбиелеушілік қатынастарды, балалардың өзін-өзі басқаруын, ұлттық дәстүрлерге сүйенуді, әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық жұмыстың әдістерін пайдалануды жатқызады.

Тәрбие жүйесін құру біршене кезеңдерді болжайды:

— жүйенің қалыптасуы;

— ұжымдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүйесінің құрылымын жасау;

— жүйені лайықты тәртіпке безендіру, дәстүрлерді жарыққа шығару

және жаңалықтарды ендіру;

Тәрбие жүйесінің кез-келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы кезектегі проблема тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады, өйткені білім беру саласындағы кызметкеркерлердың іс-әрекеті қоғамның басқа да саласында жұмыс істейтіндер сияқты оның мақсаттарымен, міндеттерімен айқындалады. Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері мектептің тәрбиелілік мақсаттарынан шығады, өйткені сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Алайда, тәрбиенің мақсатын анықтау барысында белгілі қиындықтар бар: тәрбиенің қоғамдық мақсаты, белгіленген жан-жақты қалыптасу, үйлесімді дамыған жеке тұлға, қол жетпейтіндей шынайы, сол үшін де идеальды. Қазіргі заманғы ізденістер бойынша тәрбиенің мақсатын анықтау мәдениеттану арнасында жүргізілуде. Бұл мәселе бойынша осы күнге дейін еш нәрсе анық болмаса да, бұл әдістеме біршама нәтижелі, өйткені ол ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттегі тарихи қалыптасқан рухани құндылықтарға сүйенеді. Тәрбиенің мақсатын тек өз халқының ұлттық мәдениетінің негізінде ғана емес, жалпы адамзаттық және адамгершілік ұлттық құндылықтарды игеру арқылы ғана анықтау мүмкін. Мұғалімдер ұжымында ортақ мақсат болған жағдайда ғана, әрқайсысы оған жету үшін іс-әрекетке белсенді кіріскен кезде ғана үлкен нәтижеге жету мүмкіндігі бар. Бұған мысал ретінде Алматы қаласындағы № 16 кәсіби-техникалық лицейде қалыптасқан тәрбиелік жүйені алуға болады, онда лицей директоры Шакирова Т. М. басшылығымен оқушылардың жеке тұлғасының қалыптасуы ұлттық мәдениет тәсілдерімен жүзеге асқан. Бұнда төмендегі келтіріліп отырған тәрбиелік жүйенің құрылымдық үлгісі іске асырылған. Ұлттық мәдениет құралдары арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесі:

1. Лицейді ұлттық мәдениет элементтерімен безендіру.

2. Тілдерді меңгеру.

3. Ұлттық мәдениетті мәдениеттану сипатындағы оқу пәндері арқылы меңгеру.

4. Ұлттық мәдениетті базистік оқу бағдарламасындағы басқа да пәндерде меңгеру.

5. Ұлттық мәдениетке арналған арнайы курстар, факультативтер.

6. Ұлттық мәдениетті меңгеруге арналған оқушылардың зерттеу іс-әрекеті.

7. Ұлттьгқ мәдениетті меңгеруді мақсат еткен үйірмелер мен клубтардың жұмысы.

8. Ұлттық мәдениетті меңгеруге арналған сыныптан тыс іс-әрекет (сынып сағаттары, жарыстар, мерекелер, т.б.).

9. Ұлттық мәдениетпен байланысты лицей дәстүрлері.

Басқа да тәрбие жүйесінің нәтижесі бұдан кем емес. Мысалы,

Алматы қаласындағы № 132 мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымы оқушылардың интеллектуалды потенциалының дамуын бірінші орынға қояды. Әрине, бұл бағытта әртүрлі ізденістер болуы мүмкін, алайда, кез келген жағдайда мектеп ұжымының алдында мақсаты бар.

Мектеп өз түлектерінің мәдени негізінің қалыптасуына ықпал етеді, ол дегеніміз — мектеп бітірушінің білім мазмұнын, жеке тұлғаның өзін өзі ары қарай дамыту факторы. Қойылған мақсат тәрбиелік міндеттер арқылы жүзеге асады. Оларды анықтаудың әртүрлі әдістемелері бар. Мысалы,Н. Е. Щуркова келесі тәрбиелік міндеттерді ұсынады:

а) тәрбиелеу және дамыту іс-әрекеттерін ұйымдастыру;

ә) ұжымды ұйымдастыру мен дамыту;

б) оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен қабілеттерінің көрінуі мен баюы үшін жағдай жасау.

Сынып жетекшілерінің іс-әрекетіне жасалған әлеуметтік талдау нәтижесінде оның міндеттерін төрт топқа бөледі.

Бірінші топ — әлеуметтік міндеттер (балаға көмек, оны әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізу, жеке тұлғаның дамуы мен оның даралығының қалыптасуына тиімді жағдай жасауда жанұямен және тәрбие институттарымен әрекеттестік).

Екінші топ — диагностикалық міндеттер (сыныппен жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін оқушының жеке тұлғасы мен ұжымның даму диагностикасы).

Үшінші топ — адамгершілік міндеттер (баланың бойында қайрымдылық критерилерін қалыптастыру, баланы адамгершілікке бейімдеу жағдайына қою).

Төртінші топ — даралық-тәжірибелік сипаттағы міндеттер (оқушылармен жұмыстың нәтижелі педагогикалық тәсілдерін таңдау, өз жұмысын жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен түзету, рефлексия педагогикасы).

Педагогтардың, зерттеушілер мен мұғалімдердің оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесін ұйымдастыру үшін маңызды міңдеттерді бөліп қарау. Өйткені оқушы өмірінің барлық жақтарын сынып жетекшісі мен мектептің тәрбие жұмысы ықпалымен аяқталмайды. Ең маңызды міндеттер:

1. Денсаулық пен салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

2. Баладағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

З.Оқушыда адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру.

4. Баланың бойына біткен қабілетілігі мен мақсат-мүдделерін жаңаша дамыту.

Е.НСтепанованын ой туыншаа сыныптың тәрбиелік жүйесі-бұл сыныптағы әрбір мүшені тәрбиелеп және олардың өмір сүруші ұымдастыру тәссілі бұл біртұтас өзара әсерететін компонент, ұжымда және тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді -дейді. Осыған байланысты компоненттер туімі;

І.Жеке топтық компонент тәрбиелік жүйе құрамы балалармен ересектер тобы.

2 Құндылық-бағдарлы компонент (тәрбиенің мақсат міндеті бірлікте, сыныптың болашағы,тәрбие жүйесін құрудың қағидасы).

3. Қызметтік-әрекет компоненті (жүйе құрушы турі, форма бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі, тәрбие жүйесінің негізгі қызметі, өзін-өзі басқару).

4.Уақытша-кеңістік компоненті (тәрбиелік орта, тәрбие жүйесінің қалыптасу кезені т.б.).

5.Диагностикалық-талдау компоненті (тәрбиелік орта,тәрбие жүйесінің тиімді өлшемі, ұжымды танып білудің әдіс тәсілдері, талдаудың формасы мен тәсілдері, алынған нәтижені бағалау).

Сынып жетекшісінің жұмысындағы ең қиын нәрсе сол оқушыларды адамгершілік жағынан қалыптастыру болып табылады.

2. Сыныптың тәрбие жүйесі

Сыныптың тәрбие жүйесі – бұл сыныптағы оқушылардың әрекеті мен дамуына жағымды, қолайлы жағдай қалыптастыратын, ықпал ететін өзара қарым-қатынастар мен тәсілдердің кешені.

Тәрбие жүйесін қолдану тәрбие үдерісінің мақсатқа сәйкес , басқарылатын, нәтижелі, тиімді болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Тәрбие үдерісінің ролі білім беру жүйесі үшін өте маңызды.

Тәрбие жүйесін құруда ескерілетін жайттар:

- оқушылардың қызығушылығы,қабілеті, қажеттілігі ;

- педагогикалық ұжымның мүмкіндігі (мектеп қандай әрекет түрлерін ұйымдастыра алады), шығармашылық әлеуеті (потенциалы);

- кез-келген ата-ананың білім мен тәрбиенің нәтижесіне мүдделігі болуы.

Тәрбиенің негізгі педагогикалық ұстанымдары:

1. Сынып ұжымының жалпы тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін міндеттерді шешуде сынып жетекші мен оқушылардың біріккен серіктестігі.

2. Тұлғаның жеке дара маңызды қасиеттерін тәрбиелеу: патриотизм, ұлтжандылық, жауапкершілік, қарым-қатынас мәдениеті, адамгершілік .

3. Рухани, жан-тәнімен жұмыс істеу, адамгершілікті қалыпты жағдай ретінде қабылдау .

4. Оқушыларды мәңгілік ,басым құндылықтарға бағыттау .Олар: Отан,отбасы, адам, білім, еңбек, мәдениет, бейбітшілілк, табиғат, адамгершілік, ақиқат, сұлулық т.б.

Тәрбие жүйесінің негізгі қағидалары:

- Әрбір балада мейірімділік бастауы бар екеніне сену;

- Баланың нені қажет ететінін түсіну және білу ;

- қоғамдық өмірдегі адамгершілік қасиеттің басымдылығын сезіну ;

- бала құқығын білу және оны сыйлау (жақсылыққа жақсылықпен жауап бер, ал жамандыққа әділдікпен жауап бер);

- барынша мәдениет пен білімділікті дамыту

Сыныптың тәрбие жүйесінің аса маңызды, айқындалған 5 компоненті:

1. жеке дара-топтық;

2. құндылық-бағдарлы

3. атқарымдық-әрекеттік

4. кеңістіктік-уақытты

5. диагностикалық-нәтижелілік

Жеке-дара-топтықкомпонент бұл ересектер мен балалардың қауымдастығы .Олар бір сынып көлемінде ортақ әрекет арқылы біріккен қауымдастық. Бұл қауымдастық бірнеше бөліктерден тұрады:

сынып жетекші, оқушылар, ата-аналар,

пән мұғалімдері басқа да тәрбие үдерісіне қатысы бар адамдар.

Сыныптың тәрбие жүесін құрудағы өте маңызды компонент. Себебі осы адамдар сыныптың тәрбие жүйесінің мазмұнын, қандай бағыттың қажетті екенін анықтап,жүзеге асырады. Жүйенің мағынасы мен маңызы, оқушылардың қажеттілігін жүзеге асыру және әрқайсысының тұлғалық дамуына ықпал ету арқылы ұжым ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету. Соның ішінде сынып жетекшінің көзқарасы, құндылық бағдары, қызығушылығы, ұстанымы, әуестігі тәрбие жүйесінің негізгі құраушы факторы болып табылады. Ал сынып оқушылары, бір жағынан өз дамуының толық құқылы иесі,екінші жағынан әдейі бағытталған және бірлескен әрекет, қарым қатынастың еріксіз ықпалының нысаны.

Құндылық-бағдарлы компоненті.Ол келесі жиынтықтан тұрады:

ü Тәрбие жүйесінің маңыздылығы;

ü Мақсат, міндеттері;

ü Сыныптың ұжым ретінде әрекетінің келешегінің болуы

ü Сыныптың тәрбие жүйесін құрудың және іске асырудың негізгі қағидасы.

Сыныптың тәрбие кеңістігінде жеке дара да, топтық та құндылықтар бар. Бірі қарым-қатынастарды құруға, бірігіп әрекет етуге ықпал етсе, кейбір құндылықтардың тіпті қажеттілігі шамалы болады. Яғни мәселе тәрбиелеудегі құндылықтардың басымдылығы мен олардың маңыздылығында. Бір сыныпта басымдылық адамгершілік қасиеттерге берілсе, кейбіреуінде қарым-қатынасқа, үшіншісінде-бірігіп әрекет ете алуға берілуі.Сондықтан әр сынып жетекші өз сыныбына басым және маңызды құндылықтарды анықтауы қажет. Яғни кез-келген жолмен жеңіске жету ме,әлде жеңілсе де өз абыройын сақтап қала алу ма? Сіз үшін, сіздің сыныбыңыз үшін не маңызды, соны нақты анықтау керек.

Атқарымдық-әрекеттік компонент келесі бөліктерден тұрады:

üСыныптағы оқушылардың біріккен әрекетін,қарым-қатынасын ұйымдастыру әдістері мен түрлері;

üТәрбие жүйесінің атқаратын негізгі міндеттері

üСыныптың күнделікті тіршілігін,өз бетімен әрекет етуін педагогикалық жағынан қолдау, қамтамасыз ету,

Бұл компоненттің негізін сынып оқушыларымен біріккен әрекет, шара құрайды.

Кеңістіктік-уақытты компоненті.Ол келесі бөліктерден тұрады:

ü Сынып оқушыларының тіршілік-әрекетіндегі,күнделікті дамуындағы адамгершілік-рухани, сезімдік-психологиялық, заттық-материалдық ортасы, жағдайы;

ü Сыныптың басқа сыныптармен, қоғаммен байланысы, қарым-қатынасы. Біз күнделікті байқаймыз кейбір сынып оқушылары өздерінен ересек не жасы кіші балалармен қарым-қатынас жасайды.Ал кейбіреуі тіпті өзімен бірге оқитын оқушылармен тіл табыса алмай жатады;

ü Сыныптың жалпы мектепішілік тәрбие кеңістігіндегі орны. Кейбір тапсырманы не шараны өткізуді тапсырғанда сыныптың деңгейіне, өз бетінше әрекет ету алу қабілетіне қараймыз.Бұл сыныптың жалпы мектептегі тәрбиелік бет-пердесі;

ü Сыныптың тәрбие жүйесінің даму кезеңдері. Тәрбие жүйесі байланысы мен қарым-қатынасы шектелген,жабық жүйе болмауы керек. Сынып жетекші өз сыныбының басқа да сынып оқушыларымен байланысын қалыптастырып,оның нығаюына атсалысқаны дұрыс.Сондықтан кейбір шараларды параллель сыныптар арасында бірігіп өткізуді ұйымдастыру қажеттігі бар. Бірақ бұл жерде ескеретіні оқушылардың барлығын шарамен қамту. Қалғандары бос отырса, бір-біріне кедергі жасап, ешқандай жетістікке қол жеткізе алмайды.

Диагностикалық-нәтижелілік компонеті. Ол келесі бөліктерден тұрады:

ü Тәрбие жүйесі нәтижесінің (әсерінің) көрсеткіштері;

ü Тәрбие жүйесі нәтижесін анықтаудың әдісі мен тәсілдері

 

Тәрбие жүйесі нәтижелілігінің келесі көрсеткіш өлшемдерін алуға болады.

­ Оқушылардың тәрбие көрсеткіштері;

­ Сыныптағы оқушының өз-өзін жайлы сезіну деңгейі;

­ Сыныптың тіршілік-әрекетімен оқушы мен ата-анасының қанағаттануы ;

­ Сыныптың ұжым ретінде қалыптасуы;

­ Сыныптың абырой беделі;

­ Сынып ұжымының жеке даралық қасиеттерінің көрініс табуы. Осы көрсеткіштерді анықтауға сәйкес әдіс-тәсілдер анықталып, қортынды шығарылады. Сонымен, сыныптың тәрбие жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері мен оның ішкі мазмұн, мағынасы туралы таныстырылды. Жүйе мағынасы туралы түсінік сіздерге сынып қауымдастығында оқушыны тәрбиелеу үлгісін құруға көмектеседі.

­

Тәрбие жүйесінің қалыптасып, дамуында келесі 4 кезеңді атауға болады:

1-кезең – жүйені жобалау (бұл кезеңде сынып оқушыларының қызығушылығын, қабілетін,мінез-құлқын, т.б ерекшеліктерін зерттеу жұмысы атқарылады);

2 кезең – жүйенің қалыптасуы (бұл кезеңде оқушылардың өзара қарым-қатынастарының қалыптасып, ұжымдық бірлікті сезінуіне бағытталған бірлескен әрекеттерге ерекші мән беріледі, сыныптың жеке дәстүрлері қалыптасады.);

3 кезең - жүйенің тұрақты жұмыс істеуі (өзіндік бастаманы,өз бетімен әрекет етуді дамыту, қабілеттерінің дамуына қолайлы орта қалыптастырылады);

4 кезең – жүйе жұмысын аяқтау немесе қайта жаңарту (бұл жерде екі бағыт болуы мүмкін: бірі сыныптағы ең үздік әрекеттің,әдістің барлық мектептің игілігіне айналуы; екіншісі – жаңа әдіс, әрекет, тәсілдерді табу арқылы сынып тіршілік-әрекетін жаңарту).

 

Сыныптың тәрбие жүйесін құру мен модельдеу жоспары

Жұмыстың негізгі бағыттары қыркүйек қазан қараша желтоқсан
1. Сынып оқушыларын, олардың қарым-қатынасын,бір-бірімен тілдесуін, сыныптағы әрекетін зерттеу        
2. Сынып қауымдастығының тіршілік әрекетін, келешегін, мақсат, міндеттерін жобалау, бағытын анықтау        
3. Сыныпты ұжым ретінде қалыптастырудағы, топтастырудағы, дамуға қолайлы орта құрудағы біріккен әрекет        

Сынып жетекшінің сыныптың тәрбие жүйесін құруда қолданылатын әдіс-тәсілдері мен әрекет түрін келесі кестеде көрсетілген:

Әркеттің негізгі бағыттары Міндеттері Міндеттерді жүзеге асыру құралдары
Сынып оқушыларын, олардың қарым-қатынасын,бір-бірімен тілдесуін, сыныптағы әрекетін зерттеу 1. Сынып оқушыларының қызығушылығын,қажеттілігін, икемділігін,басқа жеке ерекшеліктерін зерттеу 2.Сыныптың ұжым ретінде қалыптасу деңгейін, бір-бірімен қалыптасқан өзара қарым-қатынас жаңдайын анықтау 3. Сыныптың жалпы тіршілігіне қатысы бар ата-аналардың,басқа да адамдардың тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтау 4.Тәрбие жұмысының әсерін, тиімділігін анықтау. 1. Сауалнама,танымдық-дамыту ойындары , қоғамдық белсенділігін, шараларға қатысу себебін зерттеу әдісмемесі ,қызығушылығы мен әуестігінің картасын құру. 2.Танысу, өзінің қабілетін, мүмкіндігін ашуға бағытталған сынып сағаттары 3.Социометрия әдісі арқылы сынып белсенділері мен қамтылмай қалған оқушыларды,жалпы сыныптың ұжым ретінде қалыптасу деңгейін анықтау классе. 4.Сыныптың шығармашылық бірлескен әрекеттері (танымжорық, мерекелер, қойылым дайындау т.б) 5.Тест, сауалнама арқылы оқушылар мен ата-аналардың сыныптың тәрбие жұмысымен, жалпы тіршілігімен қанағаттану деңгейін анықтау .
2. Сынып қауымдастығының тіршілік әрекетін, келешегін, мақсат, міндеттерін жобалау, бағытын анықтау 1. Сынып ішіндегі күнделікті әрекетті,тіршілікті оқушыларға жағымды етіп ұйымдастыру арқылы сынып бейнесін қалыптастыру 2. Мектептің тәрбие кеңістігінде сыныптң орнын анықтау. 3. Сынып ұжымының дамуында қоршаған ортаның жағымды әсер ету мүмкіндіктерін анықтау 1.Оқушыларды ұйымдастыру, әрекетке баулу ойындары .Ұжымдық-шығармашылық шаралар. «Мен оқығым келетін сынып» атты жобалар мен идеялар байқауы. 2.Қызығушылық,әуестікті дамытатын ойындар.Ата-аналар жиналысы «Мектеп + отбасы + балалар = ?», Сыныптың ережесін қабылдау, рейтинг көрсеткіштерін әзірлеп, шығару.
3.Сыныпты ұжым ретінде қалыптастырудағы, топтастырудағы, дамуға қолайлы орта құрудағы біріккен әрекет 1. Сыныптың ішінде эмоционалдық- психологиялық жағымды ортаның қалыптасуына атсалысу 2.Сынып ұжымында тәрбие жүйесінің үлгісін байқап көру. 1. Танымжорықтар, мектептен тыс мекемелермен біріккен әрекеттер, Сынып белсенділеріннің жұмысын ұйымдастыру, қортындылау. 2.Сайыстар мен байқауларға қатысу. 3. Қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру,қатысу. 4.Қоғамдық маңызы бар әрекеттерге белсене қатысу

 

Тәрбиелеу мақсаты: Жан-жақты үйлесімді дамыған, әлеуметтік бағытталған, дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны тәрбиелеу

Әртүрлі жастағы балалар үшін басты әлеуметтік құзіреттілік негізіндегі тәрбие мақсаттары:

Оқушылар дың әлеуметтік құзіреттілік тері   1-4 сынып   5-7 сынып   8-9 сынып   10-11 сынып
Танымдық Қызығушылық,құмарлықты дамыту Танымдық қызығушылық,ықыласты дамыту Танымдық белсенділікті дамыту Танымдық белсенділікті қалыптастыру
Қоғамдық Мектеп пен отбасына сыйластықты дамыту Адамдарға сыйлыстықты, қадірлеуді дамыту Қоғам мен билікке құрметті дамыту власти Азаматтық ұстанымын қалыптастыру
Еңбек Еңбексүйгіштікті дамыту Еңбекке қызығушылықты дамыту Еңбекке қажеттілікті дамыту Кәсіби өз орнын табуға дайын болу қабілетін қалыптастыру
Экологиялық Табиғатқа ұқыпты қарауды дамыту Экологиялық сауаттылықты дамыту Экологиялық мәдениеттілікті дамыту Экологиялық қажеттілікті,мұқтаждықты қалыптастыру
Көркемдік Сұлулық сезімін дамыту,баулу Көркемдік талғамды дамыту Көркемдік мәдениеттілікті дамыту Ақиқатқа, болмысқа көркемдік қарым-қатынасты қалыптастыру
Жеке дара «Мен - адаммын» ұғымын дамыту «Мен - тұлғамын ұғымын дамыту Өзін-өзі және өзара сыйластықты дамыту Жеке дара және дүниеге көзқарасын қалыптастыру арқылы өз болмысын анықтау