КІРІСПЕ 5 страница

«Педагогика технологиясы», «тәрбие технологиясы» ұғымдары, ерекшеліктері. Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлері. Тәрбие технологияларының өзіндік белгілері. Халықаралық балалар ынтымақтастығын нығайту және дамыту бойынша жұмыстардағы инновациялық тәрбиелік технологиялар.

Теориялық білімнің дәйектілігі тәжірибеде анықталады. Бұған технология ұғымы бірге қарастырылады. “Технология” сөзі “техно және “логос”, яғни “өнер”, “шеберлік” және “ғылым” сөздерінен құралған. Бұл термин көбінесе өндірістік салада көп қолданылады. Өндірістік тұрғыдан алғанда, технология – түрлі ғылыми жетістіктерді енгізудің тәсілі мен нәтижесі. Кез-келген іс-әрект негізінде технология және өнерлік сипат болады. Өнер – интуицияны, технология – ғылымды арқау етеді.Технология жоқ жерде жеке шеберлік үстемдік етеді. Дегенмен”ұжымдық шеберліктің” жинақы көрінісі технологияға айналады.

Тәрбие ордасы мектеп пен өндіріс түсініктері бір-бірінен алыс емес. Екеуі де белгілі тапсырысты орындайды, сәйкес материалдық базасы болуы қажет. Тәрбие жүйесі қоғамдық мақсаттар жолында материалдық базаны іске қосып, оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге, сондай-ақ педагогтар ұжымына арналған процестер бағдарын құрастырады. Ерекшеліктері:

ü Тәрбие процесін жеке операцияларға бөлуге болмайды, сондықтан ол – біртұтас.

ü Біртұтас болғандықтан тәрбие жалпы технологияға негізделгенімен жеке шеберлікпен ұштасады.

ü Тәрбие технологиясы барлық тәрбиешілерге ортақ.

Қазіргі кезде жеке интуитивті жасалған әдістерден гөрі, ғылыми негізделген жаңа технологиялар бойынша жұмыс істеу өз нәтижесін көрсетіп отыр. Тәрбие бойынша тұлғаның жеке-дара қасиеттерін қалыптастыруға көп көңіл бөлініп, тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыту принципі кейінгі кезде бұзылды. Бұл олқылықты толықтыру бағытында тәрбие технологиялары мына талаптарды орындайды:

1. Тәрбиеленушілерге үш бағытта: санасына, сезіміне, қылықтарына әсер ету;

2. Тәрбие және өзіндік тәрбиенің бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу;

3. Тәрбиеге қатысты барлық формалардың бірлігі мен реттілігі – кезек күттірілмес шарттылығында;

4. Тәрбиеге комплексті қарау тәрбие процесінің және оны басқарудың жүйелілігін талап етеді. Бұнда тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлар, олардың өзара байланысы міндетті түрде ескерілуі қажет.

Тәрбие технологиясын жүзеге асыру, бірнеше кезеңдер арқылы жүргізіледі және олар кез-келген тәрбие істерінде қолданылады:

І. Мақсатты анықтау.

ІІ. Жоспарлау.

ІІІ. Дайындық және ұйымдастыру.

ІҮ. Жұмыстың міндетті түрде іске асырылуы немесе барысы.

Ү. Нәтижелерді талдау.

Жасөспірімдердің білімі қалыпты болса да тәрбиесі жеткіліксіз болуының қоғамға тигізер кесірі мол. Қоғам өркендеп, заман көркейгенмен жаны азған, тілден, діннен безген, арбау мен алдау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық сияқты келеңсіз жағдайлардың кездесуі - ата-ана, мектеп, жұртшылық тарапынан тәрбиенің кеміс түсіп жатқанының айғағы. Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі - білім берумен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру. Жалпы білімді ізгілендіре отырып, тәрбие беру жолдары қандай? Тәрбие беру жолдарын қалай жетілдіруге болады? Міне, педагог қауымды ойландырып отырған осындай мәселелер Ш.Жексенбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасында төмендегідей жолдармен шешімін табуда.Мектептегі тәрбие жүйесі Қазақстан Республикәсындағы білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасына негізделіп құрылған.Тәрбие мәртебесін көтеруді көздейтін бағдарлама мектептің алдына жүктейтін міндеттерді, мақсатын, ұстанымдарды өзінің айқындығымен, нақтылығымен жандандыра түседі.Тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, парасатты, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер азаматтың бейнесін қалыптастыру. Мектепте осы негізде тәрбие жұмысын жүзеге асыратын диагностикалық талдау жасалынып, жоспар жасалды және оны жүзеге асыратын тәрбие орталықтары құрылды. Осы тәрбие орталықтары арқылы тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстар жолға қойылған.Бұл орайда ата-аналар комитетінің ролі айрықша. Мектеп жанынан құрылған ата-аналар комитеті бала тәрбиесіне ықпал етуде көптеген игі істердің бастамасы болуда.Орта мектеп пен жанұяның тәрбие берудегі біріккен іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістер қолданылады. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші әдістерге оқушыларға ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы әсер ету жатса, екіншісіне - тікелей әсер ету жатады. Бірінші топқа ата-аналар жиналысын жатқызуға болады. Ата-аналардың жалпы жиналысында тәрбие беру шараларын өткізудің маңыздылығына тоқталып, балаларға тәрбие берудің жолдары айтылады. Ақпарат мазмұнында мектеп оқушыларының мінез-құлқына қысқаша талдау жасау сипатында болады. Сыныптағы ата-аналар жиналысында балаларға тәрбие берудің жас ерекшеліктеріне тоқталуға, сыныпта осы бағытта жүргізіліл жатқан жұмыстармен, кейбір заң актілерімен таныстыруға болады. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің басқа түрі тәрбие мәселелері бойынша дәрістер оқу, әңгімелесу, педагогикалық өзіндік білімін көтеруге арналған нұсқаулар, балаларға адамгершілік-құқықтық тәрбие беру жөнінде нақты тапсырмалар беру, адамгершілік-құқықтық тақырыптардағы әдебиеттерді ата-аналармен бірлесіп талқылау болып табылады. Ата-аналар мен мұғалімдердің жеке кездесулерінің пайдасы көп. Кезбе-кез кездескенде ең жан ауыртатын, құпия, басқа адамдардың көзінше айта алмайтын сырларын бөлісе алады Осындай әңгімелесуде жасөспірімдердің тәрбиесіне жағымды әсер ететін әдісті табу оңай болады.Ата-аналарға балалардың жас ерекшелігіне сай білімін, педагогикалық мәдениетін көтеруде лекторийлар, тақырыптық оқулар ұйымдастырылған. Жанұялық жарыстар "Шаңырақ", "Әкем және мен", "Жарасымды отбасылар" сайысын өткізу дәстүрге айналды. Мұндай жарыстар ата-аналарды мектеппен жақындастырып, оқушыларға жан-жақты тәрбие беруде қолайлы әлеуметтік орта қалыптастырады. "Сіз қандай ата-анасыз?" деген анкета, "Бала тәрбиесі баршаға ортақ", "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі", т.б тақырыптағы дөңгелек стол, кездесу кештері бала тәрбиесіне үлкен ықпал етеді. Сабақтан себепсіз қалған оқушылармен, олардың ата-аналарымен жекелей жұмыс, "Ашық есік күнін" өткізу өз нәтижесін берері хақ.

Тәрбиелік қарым-қатынаста оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін ғылыми тұрғыда үйымдастырудың маңызы зор. Осы мақсатта ортақ іс-әрекет арқылы мұғалімдер ұжымы мен оқушылар үйымының бірігуі нәтижесінде баланың бос уақытын тиімді пайдаланудың ұтымды нәтижелері жасалады. Оқушылар кеңесі оқушылардың өзін-өзі басқару мектеп өмірін демократияландыру, мектеп істеріне қатысу, түрлі танымдық кештер, іскерлік ойындар, көгалдандыру, бірігіп танымдық жорықтарға шығу оқушылардың белсенділігін, еркін, ұжымдық іс-әрекетін дамытуда үлкен роль атқарады. Айына бір рет кеңес отырысын өткізіп, алдағы атқарар істерін оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып шешеді.

Мектептің тәрбие жүйесі тек қана педагогикалық фактор есебінде емес, ауыл жұртшылығы, жастар бірлестігі, ақсақалдар кеңесі, кәсіпкерлер, мәдениет қызметкерлері, құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Осындай қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, тақырыптык, кештер, қайырымдық көмектер, мерекелік концерттер, мамандармен кеңес, конференциялар өткізіліп отырылады. Сонымен қатар оқушыларға ұлттық тәрбие беру бағытында ауыл ақсақалдары мен аналармен кездесу кештері болып тұрады.

Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізуде көркемөнерпаздар (хор, домбыра), "Ісмерлер", "Шеберқолдар", "Шұғыла" би үйірмесі, футбол, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, күрес, қазақтың ұлттық ойындары секциялары жүргізіледі. Оқушылардың 80 пайызы осы үйірмелерге қатысады.

Сынып жетекшісі - тәрбие жұмысының негізгі ұйтқысы. Сынып жетекшісінің әдістемелік шеберлігін нығайтуда әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарын жасамас бұрын сынып жетекшілерінің диагностикалық картасы жасалады. Осыған сүйене отырып бірлестік жоспары құрылады. Бұл сынып жетекшілерінің қажеттілігін қанағаттандыруға оң ықпал етіп, тәрбие жұмысының белсенді әдіс-тәсілдерін меңгеруге, өз білімдерін жетілдіруге қол жеткізді. Сонымен қатар мектепте тәрбиелік шараларды еткізудің интерактивті түрлері қолданылады.

Халықаралық балалар ынтымақтастығын нығайту және дамыту бойынша жұмыстардағы инновациялық тәрбиелік технологиялар.

Нег.ұғ: педагогикалық технологиялар, тәрбие технологиясы, теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлер, жоспарлау, ойын, ұжымдық шығармашылық іс.

 

 

5-лекция: Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау.

1.Сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары, әдістері мен тәсілдері.

2.Тәрбие жұмыстарының болашақтағы жоспарын дайындау алгоритмі.

3.Тәрбие жұмыстары жоспарының мазмұны мен құрылымы.

Әдістемелік нұсқаулар

Жоспар, жоспарлау ұғымдарына жалпы түсінік. Тәрбие жұмысын жоспарлау. Тәрбие жұмысының жоспарын құру. Тәрбие жұмысының жоспарына қойылатын талаптар. Сынып жетекшісінің қызметін жоспарлау формалары. Сынып жетекшісі жұмысының есебін жүргізу және оның нәтижелерін бағалау. Тәрбие жұмысы жоспарының моделі. Тәрбие жұмысы жоспарының түрлері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: оқу құралы.-Алматы:Дарын, 2004 ж

2. Воспитание детей в школе: Новые подходы и технологий/под ред.Щурковой Н.Е.-М., 1998 г

3. Воспитательная работа проблемными учащимися. Планирование. Мониторинг развития учащихся. Разработки занятий с педагогами и родителями-М,изд:учитель, 2007 г

 

Тәрбие жұмыстарын жоспарлау – оқушылар тұлғасы мен балалар ұжымын дамытуды болжау үдерісі және сынып пен мектептегітәрбие жұмыстарының стратегиясын анықтау. Жоспарлаудың қызметтері. Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері. Педагогикалық модельдеу қағидалары – сынып жетекшісі іс-әрекетінің негізі.

 

Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарын ғылыми негізде жасауынын маныздылығы,

Елімізде жүріп жатқан орта білім беру жүйесін реформалау ісі мектептегі тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде ұйымдастыру қажеттігін туғызып отыр. Қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдай неғұрлым күрделене түскен сайын, соғұрльш мектеп оқушыларының да өсіп, жетілуінде толып жатқан кедергілер мен қиыншылықтар көбейе түсуде. Мұның өзі бір кездерде “адам тұлғасын және ұжымды қалыптастырудың бағдарламасың немесе “ертеңгі күннің перспективаларың деген ұлы педагог А,С.Макаренконың көтерген идеясын қаншама қажетсінгіміз келмегенімізбен, бүгінгі мектеп өміріне кеше де, бүгін де, ертең де пайдалану қажеттігін түсінетін мезгіл жеткенін көрсетеді. Сол себептен де өрбір мектептің кез-келген сыныбының жетекшісі арнайы жасалған нақты жоспарды басшылыққа алып жұмыс жүргізуі керек.

Жоспар не үшін қажет?

1. Тәрбиенің мақсатын, стратегиялық және тактикалық міндеттерін нақты белгілеу үшін қажет.

2. Сынып ұжымын, жекелеген оқушыларды, сыныптагы оқу-тәрбие процесінің жай-күйін; қоршаған ортадағы жағдайды қосымша зерттей білу үшін қажет.

3. Тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру формаларын, мазмұнын, құралдарын ойластырып таңдап алу үшін қажет.

4. Ұжымның және жеке тұлғаның дамуындағы кемшліліктерді түзетіп, жұмыс жүргізу жоспарын жасау үшін, өзіңнің қызметінің нәтижесін жобалау үшін қажет. онымен қатар, жоспар жалпыадамдық және педагогикалық тұрғыдан өзінді-өзің жетілдіруіңнің деңгейін біліп отыру үшін қажет.

Көптеген сынып жетекшілерінде балалардың пихологиялық ситуациялардан туындаған айқын мақсаты мен тәрбиелік стратегиялық міндеттерін бағдарлау жобасы болмайды. Кейбір мұғалімдер қалыптасқан дәстүр бойынша жоғарыдан нұсқау тапсырманы немесе арнайы жіберілген іс-шараны күтіп отырады.

Соның салдарынан сыньш жетекшілерінің ынтасыздығы мен әрекетсіздігі пайда болады. Кейде жоспарлар көшіріле салады да мазмұны кездейсоқ жазылады. Жоспарланбай, кездейсоқ жүргізілген тәрбие жұмыстары балалардың да, мұғалімнің өзінің де қызығушылығын туғызбайды.

Сынып жетекшілеріне кеңес: біріншіден, балалардың да жас ерекшелігін ескере тырып, сынып ұжымының даму деңгейін, тәрбие жағдайын (қала не ауьш мүмкіндіктеріне сай, нақты аймақтан, мектептің өзіндік ерекшелігін, педагогикалық ұжым мен айналадағы оқу-тәрбие мекемелерінің) ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиешінің негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз. Мысалы, қала жағдайындағы мектепте мынадай мақсат қойылса: “Жоғары сынып оқушыларын үлкен мәдениетке тарта отырып, олардың рухани дамуын арттыру” (10—11 сыныптар). Қойылған мақсатқа орай стратегиялық міндеттер тобы айқындалады. Олар мынадай:

оқушылардың интеллектуалдық танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру (оқуға, білімге, ғылымға, ақыл-ой иелеріне деген оң эмоционалдық қатынасын қалыптастыру, осы тақырыпқа сай әдебиеттер оқуға бағыт беру). Салауатты өмір салтын арттыру, өзін-өзі сауықтыру бағдарламасын жасау (ақыл-ой, жан, тән — үшеуінің бірлігінде). Оқушыларды мәдениетке қатыстыру (ғылымға, көркемөнердің әр түрлі салаларына, көркем және публицистикалық әдебиетке, музыкаға, бейнелеу өнеріне, архитектураға, тұрмыстағы дизайнға, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға, мінез-құлық мәдениетіне, т.б.).

Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау процесінде ұнатқан мамандығын анықтауға кәсіби бағдар беру.

Оқушылар ұжымын құру және дамыту, оқушылардың педагогтар басшылығымен сыныпты бірлесе басқаруын және өзін-өзі басқаруын жоғары деңгейге көтеру — оқушылардың өзіндік іс-әрекетін арттыру.

Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, таңдаған мәдени демалыстық іс-әрекеттер мен қарым-қатынастық мәдени дағдыларымен қаруландыру.

1. Бұдан басқа да міндеттер туындауы мүмкін. Мысалы, балаларды музыкаға тарту — қандай музыкаға? Театрға апару — қандай театрға? Міне, осыдан келіп біз, тактикалық міндеттерді анықтау қажеттігін түсінеміз. Осылайша тәрбие жоспарын жасауға кірісеміз.

Тәрбие жоспарын жасау сынып ұжымы мен балаларды зерттеуден басталуы керек (олардың түсінігі мен көзқарасы, қызығушылық аясы мен бейімділіктері, қажеттіліктері, даму деңгейлері, байланыстары мен қарым-қатынастары, т.б.), сонымен қатар олардың тәрбиесінің сипатымен де байланыстырыла жасалады. 2.Тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

Сынып жетекшісі тәрбие процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие ісін мынадай бірізділікпен басқарса жұмыс нәтижелі болады:

• тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу. Оқу-тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен қажетті түрлерін пайдалану әдістемесін меңгеріп алуы;

• талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатқа сәйкестігін анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну. Мұғалімнің тәрбиелік іс-шараны талдау шеберлігі, өзінің көзқарасын қорғап, дәлелдей алуы;

• тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы. Оқушылардың көзқарасын қалыптастыру жолдарын тереңнен ойластыруы;

• сынып жетекшісі іс-әрекетті ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың жақсы қасиеттерінің дамуына жағдай жасауға тиіс. Істі қорытындылағанда, оқушылардың жетістіктеріне аса көңіл бөлген жөн;

• тәрбиелеу барысында мұғалімнің өзінің күшті және әлсіз жақтарын ескеруі;

• тәрбие ісін жетілдіру мақсатымен мезгіл-мезгіл өз жұмысын өзі тексеріп, талдап, оқушылардың даму деңгейін зерттеп отыруы;

• оқушыларды зерттеу арқылы тәрбиелік міндеттерді анықтауы.

 

3.Тәрбие жұмысын жоспарлау.

Сынып жетекшісі жұмысын ең алдымен оқушыларды, олардың арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардың отбасын зерттеуден бастайды. Зерттеу барысында сынып оқушыларының тәрбиелік дәрежесі анықталады. Соған байланысты тәрбиелік міндеттер мен мақсат айқындалады. Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады. Сынып жетекшісі жоспар жасағанда сыныбының ерекшеліктерін (жас ерекше-ліктері, тәрбиелік дәрежесі, қызығушылығы), өзінің қабілетін ескергені жөн.

Жоспар жасағанда ескерілетін жағдайлар:

- өткен жылғы жұмысты талдау;

- сыныпқа сипаттама беру;

- жоспарда тәрбиенің алдында тұрған міндеттерді айңындау;

Жоспардық түрлері өте көп, бірақ мұғалім өзіне қолайлысын таңдағаны жөн.

Соңғы кезде "сөзбен", "ауызша" тәрбиелеу сыналып, оқушыларды іс-жүзінде, іс-әрекет арқылы тәрбиелеу қажеттігі көп айтылып жүр. Осыған байланысты, мына бір жоспардық түрін ұсынуды жөн көріп отырмыз. Бұл жоспарда нақтылы істер жо спарланады.

Тәрбие жұмысы жоспарының бірінші түрі:

1.Ұжымды ұйымдастыру

Тоқсандар Өзін-өзі басқару ұйымдарымен жұмыс

Ұжымның дәстүрлері

Ескертулер

I тоқсан ( 9 апта)

II тоқсан ( 9 апта)

III тоқсан ( 11 апта)

IY тоқсан ( 9 апта)

Тәрбие жоспарының екінші түрі:

I. Сынып оқушыларына мінездеме.

II. Тәрбиелік міндеттер.

1. Саяси мәдениетін қалыптастыру.

2. Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

а) Ұлттық мінез-құлық пен әдеп-ғұрып негізінде тәрбиелеу;

ә) Халықтың салт-дәстүрге сүйеніп тәрбиелеу.

3. Білім алуға саналы көзқарасын қалыптастыру және қоғам арасындағы белсенділігін дамыту.

4. Өз еліне, атамекеніне сүйіспеншілік және халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу.

5. Еңбекке, халықтың іскерлікке баулу, үнем тәрбиесін беру.

6. Әсемдікке тәрбиелеу және көркемдік қабілетін дамыту.

7. Дене тәрбиесін жетілдіру, гигиеналық тәрбие.

8. Экологиялық және азаматтың жауапкершілікке тәрбиелеу. Соңғы кезде коммунарлық тәрбиелеу әдістемесі кеңінен тарауда. Оны өз тәжірибесінде пайдаланатын сынып жетекшілері айына бір ұжымдық шығармашылық іс жоспарлайды, тәрбие жұмыстары сол таңырыпқа байланысты болып келеді. Әр айда өткізілетін тәрбие жұмысы 4 бөлімнен тұруы мүмкін.

Ұжымдық шығармашылық істер: Қыркүйек - еңбек пен білім айы. Қазан - сені қызьщтыратын әлемге саяхат. Қараша - туған өлкемнің тарихы. Желтоқсан - менің Қазақстаным. Қаңтар - шығармашылық айлығы. Ақпан - спорт айлығы. Наурыз - мерекелі, берекелі ай. Сәуір - "нарық еліне саяхат" ойыны. Мамыр - мектеппен қоштасу айы.

I бөлім - ұжыммен жұмыс.

II бөлім - жеке-дара жұмыс.

III бөлім - белсенділер тобымен жұмыс.

IV бөлім - ата-аналармен жұмыс.

Әрбір бөлімге алуан түрлі жұмыс түрлері мен әдістері енгізіледі.

Тәрбие жұмысы жоспарының үшінші түрі:

Сынып жетекші жоспарының үлгі құрылымы:

• сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайлы жплпы мәліметтер.
• сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары.

• тәрбие міндеттері.

• сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс.

• ата-аналармен жұмыс.

• сынып жетекшінің жұмыс есебін жүргізуі.

• сынып жетекшінің есеп беруі.

Тәрбие жоспарына қойылатын кейбір талаптар:

• жоспардық қоғам талаптарына, мақсатына сәйкестігі;

• өмірмен тығыз байланыстылығы;

• жоспарға тәрбиенің барлық салаларынан жұмыстар енгізу;

• тәрбие жұмысы формаларының оқушылардың жасына, ұжымының ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне сәйкес болуы;

• жоспардық жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларын қамтамасыз етуі (комплексті тұрғыдан);

• жоспардық нақтылығы.

Сынып жетекшісі педагогикалық кеңесте немесе сынып жетекшілері бірлестігінде есеп береді. Оқу жылының аяғында сыныбындағы тәртіп пен үлгерімге байланысты жазба есеп береді.

 

 

Нег.ұғ: жоспарлау, болжау, ұжым, педагогикалық моделдеу, жоспар, құрылым, мазмұн, өзара әрекет.

 

6-лекция : Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекеттерінің жүйесі.

1. Тәрбие жұмысының дәстүрлі және дәстүрлі емес формаларын

2. Педагогикалық рефлексия-сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының қажетті компоненті.

Әдістемелік нұсқаулар

Сынып жетекшісі – сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырушы. Сынып жетекшісінің қызметі. Сынып жетекшісі қызметінің негізгі бөлімдері. Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: оқу құралы.-Алматы:Дарын, 2004 ж