КІРІСПЕ 3 страница

3. Өзін-өзі тану. Адамның сенімі, демократиялық көзқарасы, өмірлік позициясы арқылы тұлғаның толық қалыптасуы нақты тәрбиеде жобаланады. Тәрбие мазмұнындағы маңызды элемент —танымның өмірлік өзін-өзі тану мәдениеті. Өмірлік өзіндік таным — бұл кәсіптік, азаматтық түсініктерді қамтитын өте кең ұғым. Өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті таныммды өз бақытының және өз өміріңің субъектісі ретінде сипатталады. Адамның өзіне-өзі үйлесімді болуы арқылы оның кәсіптік, азаматтық және адамгершілік өзіндік танымы қалыптасады. .

4. Тәрбиенің түлгалық багыты. Мектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек бағдарлама, іс-шаралар, әдістері мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса ол бала, жеткіншек, жасөспірім арқылы сипатталатын педагогикалық істің жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді. Олардың іске қызығушылығы, ыңғайы, өзіндік мінез-сипаты мен өз қадірін сезінуін дамыту керек. Төрбиеленушшердің қызығушылығынан жоғары рухани қажеттіліктеріне қарай тәрбие ережесіне айналуы қажет.

Тәрбие ықпалдарының бірлігіне жету тәсілі -бүл тәрбие- процесіне қатысты ересектердің, әлеуметтік мекемелер талпыныстарын реттеп бару қызметі. Міне, соңдықтан да төрбиешілер, сынып жетекшілері тәрбиеге қатынасы бар барлық адамдармен қарым-қатынас жасауға күш-жігерін аямауы қажет. Тәрбие нәтижелері туралы сөз етер болсақ, жеке тұлғаның басты қасиеттерінің қалыптасуы туралы айтуға болады:
1. Басқа адамға деген қатынас – гуманизм.
2. Өз өзіне деген қатынас – қадір-қасиет.
3. Еңбекке деген қатынас – еңбексүйгіштік, еңбекқорлық.
4. Ұжымға деген қатынас – ұжымшылдық.
5. Отанға деген қатынас – отансүйгіштік, патриотизм.
6. Табиғатқа қатынас – табиғатқа қамқорлық.
7. Көркемдікке қатынас – көркемдікті эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау қабілеті.
Жеке тұлғаның осы бір қасиеттерін қалыптастыру – қоршаған орта туралы білімдерді өнегелілік түрде түсініп-сезіну. Сондықтан, оқушылардың қоршаған орта туралы білімдер жинағын адамгершілікпен сезінуі тәрбие жұмысының басты мақсаты«Тәрбиелік жүйе» ұғымы. Мектептің тәрбиелік жүйесі – мектептің тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған факторы. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы және олардың өзара әрекеттестігі. Тәрбиелік құрылу және даму кезеңдері мен әдістемесі, бағалау өлшемдері. Тәрбиелік жүйе – тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративті меңгерген тұтас әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі – тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық ашық жүйенің компоненті. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысты.Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер: И.П.Ивановтың тәрбиелік жүйесі, А.С.Макаренко, Л.И.Новикова, В.А.Караковский, Н.Е.Шуркованың тәрбиелік жүйелері, олардың сипаттамасы. В.А.Сухомлинский бойынша мектептің тәрбиелік жүйесінің ерекшеліктері. Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйе. Отандық ғалымдардың тәрбиелік жүйені анықтауға арналған зерттеулері.

Негізгі ұғымдар: тәрбиелік жүйе, оңтайлылық, құрылымдық, функционалдылық, интегративтілік, психологиялық ахуал, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе, жүйеасты.

 

3-лекция. Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау.

 

1.Педагогикалық қолдаудың тактикасы.

2. Тұлғаның үдерістерін қолдау.

Әдістемелік нұсқаулар

Семинар сұрақтары педагогикалық қолдау мәселелерін қарастыратын болғандықтан, негізгі ғылыми түсініктердің мәнін ашу үшін педагогикалық-психологиялық сөздікті қолдануды ұсынамыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: оқу құралы.-Алматы:Дарын, 2004 ж

2. Воспитание детей в школе: Новые подходы и технологий/под ред.Щурковой Н.Е.-М., 1998 г

3. Воспитательная работа проблемными учащимися. Планирование. Мониторинг развития учащихся. Разработки занятий с педагогами и родителями-М,изд:учитель, 2007 г

 

 

Педагогикалық қолдау – педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасын бейнелеп көрсететін миссиясы. Педагогикалық қолдаудың мәні – оқуышының ішкі күші мен қабілетіне қарауға негізделген тұлғаның субьективтілігін қалыптастыру.

Баланың танымдық және шығармашылық іс-әрекетіне қатысуға дайындығын, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі үшін ашық ақпараттық білімділік кеңістік жағдайында педагогикалық қолдау көрсету.Педагогикалық қолдау – баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қатынас, оқыту, өзін-өзі дамытуына ықпал ету. педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары.Тәрбиешінің кәсіби ұстанымын педагогикалық қолдаунормасында бейнелеп көрсету. Сынып жетекшісінін жұмысындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру

Сынып жетекшісінін жұмысындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру. Сонымен, оқушылардың адамгершілігі тәрбиенің ең маңызды міндеті болып табылады. Адамгершілік адамның іс-әрекеті мен қылықтарынан көрінетін қоршаған ортаға деген қатынасын білдіреді. Қатынас дегеніміз субъектінің қоршаған ортамен қалауы бойынша анықталатын байланысы.Сондықтан оқушының қандай құндылықтарды таңдап алуы сынып жетекшісі мен пән мұғалімдеріне тәуелді.
Зерттеушілер қатынастар жүйесіне әртүрлі компонентерді кіргізеді. Әрбір қатынас белгілі бір білімдерді игеру дегенді білдіреді, алайда бұндағы ең бастысы бұл білімдерді өнегелілік түрде түсіну, сезіну болып табылады.
Н.Е. Щуркова, А.П. Сейтешев жеке тұлғаның қасиеттерін құндылық қатынастардың қалыптасу нәтижесі деп түсіндіреді. Осылайша, басқа адамға деген құндылық қатынастың нәтижесі – гуманизм, өз өзіне – қадір-қасиет, еңбекке -еңбексүйгіштік, енбекқорлық болып табылады.
Жеке тұлғаның ең басты қасиеттерін осылайша бөлу өте маңызды, өйткені, қоршаған оргаға, адамға, материалдық және рухани дүниеге деген қатынастың қалыптасуы барысында адамгершіліктің барлық жақтарын қамту мүмкін емес.Тәрбие нәтижелері туралы сөз етер болсақ, жеке тұлғаның басты қасиеттерінің қалыптасуы туралы айтуға болады:
1. Басқа адамға деген қатынас – гуманизм.
2. Өз өзіне деген қатынас – қадір-қасиет.
3. Еңбекке деген қатынас – еңбексүйгіштік, еңбекқорлық.
4. Ұжымға деген қатынас – ұжымшылдық.
5. Отанға деген қатынас – отансүйгіштік, патриотизм.
6. Табиғатқа қатынас – табиғатқа қамқорлық.
7. Көркемдікке қатынас – көркемдікті эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау қабілеті.
Жеке тұлғаның осы бір қасиеттерін қалыптастыру – қоршаған орта туралы білімдерді өнегелілік түрде түсініп-сезіну. Сондықтан, оқушылардың қоршаған орта туралы білімдер жинағын адамгершілікпен сезінуі тәрбие жұмысының басты мақсаты.
Оқу материалының, әрбір сабақтың өзіндік тәрбиелік маңызы бар екені белгілі. Олардың әрқайсысы оқушылардың қоршаған ортаға деген, құндылық қатынасын қалыптастыруда басқа адамның жеке тұлғаға құрметінен бастап, болмысты эмоционалды-эстетикалық қабылдауға дейінгі, құндылық сапаларын тәрбиелейді. ҚР-мектептерінде білім беру мазмұны үнемі жаңарып отырады.
Мұғалімнің алдында тұрған өзекті мәселе оны адамгершілік тұрғысынан түйсіну. Оқу пәндеріндегі тәрбиелік мүмкіндіктерді мұғалім білуге тиісті. Бұл жөнінде негізгі пәндер гуманитарлық циклде болып келеді. Дегенмен сабақ үстінде ғана тәрбиелеумен шектелмеу керек. Егерде кей мұғалімдердің тәрбиелік міндетті қажетті деңгейде орындай алмауын ескерсек онда жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Пән мұғалімдерінің тәрбие жұмысынын сынып жетекшісіне басшылығына тәуелді сондықтан да мұғалімдер сыныптағы тәрбие жүйесіне қалыптастыруда белсенділік танытады.
Мектептің тәрбие міндеттеріне сүйене отырып, өз сыныбындағы окушылардың ерекшеліктері мен тәрбиелілік деңгейлерін ескере отырып, осы мәселені шешуге пән мұғалімдері, оқушыларды, ата-ананы, демеушілерді т.б. Тарта отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастырады.
Әр адамның рухани өмірі ізгілігі өзіне ғана тән. Кей бала эстетикалық құндылықты қаласа, кей бала табиғатты тандайды. Сыныптағы ұжымдық тұлғалық сана тәрбие процесі жағдайына тәуелді. Диагностикалық әдіс-тәсіл оқушының тұлғалық адамгершілік қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Сынып жетекшісінің жұмысында сыныптан тыс тәрбие көрініс табады. Сынып жетекшісі қызметі Қазақстанда, барлық Совет Үкіметіндегі секідді, 1934 ж. Енгізіледі. Қазіргі уақытта оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру, оның қабілеттілігін дамыту бірінші орында. Бұл ретте, сынып жетекшісі – пән мұғалімдері мен ата-ананың әрбір оқушыға ықпалын үйлестіретін тәрбиені ұйымдастырушысы.
Оқушыларды адамгершілік құндылықты сезінуге үйретуде және сапалы білімді меңгеруге іс-әрекетті ұйымдастырудың мәні зор.
Сынып жетекшісінің қызметтері. Сынып жетекшісінің жұмысы мектеп Уставымен белгіленеді. Алайда бүл тізім оның іс-әрекетінің барлық жақтарын қамти алмайды. Оның іс-әрекетінің әртүрлі жақтары көптеген зерттеулерде қарастырылған (әдіс және әдіснамаларда).
Дәстүрлі емес әдістемелерде сынып жетекшісінің негізгі қызметтері:
а) Баланың денсаулығына қамқорлық.
Ә) Баланың адамгершілігін қалыптастыруға қамқорлық.
Б) Баланың қабілетін дамытуға қамқорлық.
1. Сынып жетекшісінің қызметіне жатады. (Н.Е. Щуркова):
- Мектептегі сынып өміріне қамқорлық;
- әрбір оқушыны қажетті оқулықтармен және әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
- баланың көзінің көруі, құлағының естуі, оның бойын ескеріп, әрбіреуінің қабілеті мен белсенділігіне қарай сыныпқа орналастыру;
- сыртқы киім мен аяқ киім қоятын орынның болуы;
- мектептің ертеңгілік тамағының тәртібі мен асхананың тазалык ережесін қамтамасыз ету;
- оқушы үсті-басын ретке келтіре алатын дәретхана бөлмелерінің орналасуы мен оларды пайдалану мәдениетін ескерту;
- сынып бөлмесінің ішкі көрінісін, бөлменің жарықтығы, бөлменің көркем-әдемілігін сақтайтын кезекшілер қою;
- әрбір мұғалім мен баланың киімі мен аяқ киімін гигиена, эстетика тұрғысынан деген талап қою;
- әрбір оқушының сабақ кестесі мен сынып бөлмелерінің орналасуынан хабардар ету;
- оқушының барлық сынып бөлмелерінің неге арналғанын оларды пайдалану ережелерінен (директор кабинетінен бастап, ойын бөлмесі мен медициналық бөлмеге дейін) түсінік беру;
- оқушының қоршаған заттармен жоғары мәдени деңгейде, тазалықты, әдемілік пен тәртіпті сақтай отырып пайдалана білуін үйрету.
2. Топтың пәндік іс-әрекетін ұйымдастыру:
- балаға дүниенің көпжақтылығы мен күрделілігі, қарама-қайшылықтарын, танымдық іс-әрекетін ашу;
- баланы дүниедегі адам өміріне қажетті құралдары, материалдық құндылықтарға жататын еңбектің іс-әрекеті’
- баланың күш-жігерін, өзінің денесіне, денсаулығына, ағзасының сұлулығы мен күшіне, адаманың өз денесін билей алатын спорттық іс-әрекет;
- балаға дүниені көркем образдар арқылы тануға, көркемдік заттар тудыра отырып, дүниені көркейтуге мүмкіндік беретін іс-әрекет.
3. Өмірді түсініп, сезінудің рухани іс-әрекетін ұйымдастыру, ол дегеніміз
- оқушылардың рефлексиясы, өмір құндылықтарын түсініп, сезінудегі өзіндік талдауға және өзінің ішкі дүниесін дамытуға жәрдем беру.
4. Тәрбие нәтижелерінің диагностикасы негізінде жеке тұлғалық дамудың сипаттамасы. Сынып жетекшісінің диагностикалық іс-әрекеті тәрбиелік жүйені құрудың негізі болып табылады. Жеке тұлғаның қалыптасуы ерекше қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған қызметті жүзеге асыруда сынып жетекшісі жүйе түзуші факторды анықтап алу қажет. Ол белгілі жұмыстың формасы, белгілі іс-әрекеттің түрі т.б. Бірақ баланың қоршаған ортаға қатынасын қалыптастыру моделін жасағанда ескеретін нәрсе мыс: жүйе түзуші фактор оқушылардың әрекеті театрға бару аркылы тәжірибесін құндылық қатынас қалыптастыру. Ол үшін сынып жетекшісі жұмыстың осындай формасы негізінде тәрбие жүйе сінің моделін жасауы қажет.Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлык тәжірибесін қалыптастырудың әдістері

Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлык тәжірибесін қалыптастырудың әдістері. Әдет, мінез-құлықтың белгілі бір түрі – оқушылар тәрбиесінің нәтижесі. Жеке тұлғаның тәрбиелілігі оның түсініктері мен сенімдерінен басқа нақты істері мен әрекеттері арқылы көрінеді. Сондықтан іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру тәрбиелік процестің өзегі болып есептелінеді.

А.С. Макаренко айтқандай, тәрбиешінің іс-әрекеті дегеніміз, ең алдымен, ұйымдастырушылық іс-әрекет. Әдістердің осы тобы арқылы оқушылар өмірін мінез-құлық, қатынастар, қарым-қатынастар тәжірибесін біртіндеп жинала бастайтындай етіп ұйымдастыруға болады. Бұл іс-әрекет арқылы әдеттер қалыптасып,жағымды мотивтер дамиды. Оқушылардың
тіршілік әрекетін ұйымдастыру пайдалы істер арқылы жүзеге асады, ол істер барысында оқушылар басқа адамдармен (мұғалімдермен, өзінің құрдастарымен) жан-жақты қатынасқа түседі. Басқа адамдармен ұжымдық қатынас барысында пайда болатын жағдайлар белгілі бір әрекетке,
мінез-құлықтың белгілі бір бағытын таңдауға әкеліп, тұрақты әдеттерді қалыптастырады.
Бұл топтың басты әдістерінің бірі – жаттығу, жаттығудың мәні белгілі бір әрекетті автоматты түрге айналғанға дейін қайта-қайта орындау, соның нәтижесінде оқушының жеке тұлғалық қасиетінің өзегі болатын дағдылар мен әдеттер қалыптасалды. Адамның әдеттері адам өмірінде ерекше орын алады. К.Д. Ушинский айтқандай, адамның әдеттерді қалыптастыруға қабілеті болмаса, өз дамуында ілгері жылжи алмайды.
Тәрбие процесіндегі жаттығулар оқудағы сияқты жаттанды болмауы керек, олар саналы түрде орындалуы қажет. Сондықтан жаттығу әдісін түсініктеме мен сендіру әдістерімен бірге қолдану қажет. Жаттығудың нәтижелі болуы оның мақсаттылығы мен жүйелілігіне, түсінікті болуына, мотивациясы мен ынталандыруына, бақылау мен түзетуге, оны жүргізудің орны мен уақытына байланысты. Жаттығу кезінде оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріліп, жаттығулардың жеке дара, топтық және ұжымдық формаларын үйлесімді қолдану қажет.
Оқушы өмірдегі теріс жағдайларда тұрақты қасиет таныта алса, жаттығлар оң нәтиже берді деген сөз. Тұрақты әдеттерді қалыптастыру үшін жаттығуларды ертерек, баланың дүниеге келген сәтінен бастау қажет.
Жаттығуларды орындау барысында талап ету әдісі қолданылады. Бұл әдіс оқушының белгілі бір іс-әрекетіне дем беріп немесе тежеп, тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады. Талап түріне қарай тура және жанама болып бөлінеді. Тура талап етуге бұйрық ету, анықтық, нақтылық тән (балаға түсінікті талаптар). Оқушыларға қойылған талаптар шешімді болуы қажет, онда мұғалімнің оқушының ісі мен тәртібіне деген қатынасы білінеді. Жанама татаптар ақыл-кенес, өтініш, мақұлдау сияқты түрлері арқылы беріледі.
Жаттығулар мен талаптар ойын формасында жиі қолданылады (рөлдік, сюжеттік ойындар). Жаттығу мен талап етуді қолданудың басты шарты оның шамасын білу, яғни белгілі бір уақыт аралығында баланың жас ерекшелігіне қарай екі не үш талап қойылады.
Жаттығу түрлерінің бірі – үйрету, дағдыландыру әдісі. Бұл интенсивті орындалатын жаттығулар. Белгілі бір әдетті тез және жоғары деңгейде қалыптастыру үшін үйретуді қолданады. Бұл әдісті көбінесе балабақшаларда, бастауыш сыныптарда балаларға мінез-құлық ережелерін үйрету үшін қолданады.
Жаттығу әдісі тапсырма беру әдісінің негізін құрайды. Мектептегі тапсырмалар әр түрлі болады: сырқат жолдасының көңілін сұрау,
кішкентай балаларға ойыншықтар жасау т.б. Мектепте оқу сипатындағы тапсырмалар кеңінен қолданылады: кеңесшінің, мұғалім көмекшісінің жұмысын атқару. Тапсырманың орындалуын тапсырма берген адам (мұғалім, сынып белсендісі) бақылайды. Тапсырманың орындалу сапасы жөнінде көпшілік пікірге сүйенген дұрыс.
Жаттығу мен үйретудің бір түрі – тәрбиелік жағдайлар әдісі. Тәрбие жүйесі педагогикалық жағдайлардан тұрады, ал олар нәтижелі болу үшін мұғалім арнайы жағдайлар құрастырады. Бұл ретте жағдай шындыққа сай болуы қажет. Жағдайдың кез келген түрінде оқушы шешім қабылдай алуы керек. Мұндай жағдайлар жорықтар, экскурсиялар мен ойындар кезінде құрастырылады.
Іс-әрекетті, мінез-құлықтың оң тәжірибесін ұйымдастыру әдістерінің бұл тобы тәрбиенің басқа да амал-тәсілдерімен, түрлері мен әдістеріне байланысты.
Ынталандыру әдістері. Мадақтау мен жазалау – басты ынталандыру әдістері.
Мадақтауды оқушылардың жағымды әрекеттерін қолдау үшін қолданады. Оқушынын баскалар елеп мадақтаған жетістіктері қанағаттану, қуаныш сезімін оятып, оның іс-әрекетіне дем береді. Мадақтаудың көп түрі бар: мақұлдау, мақтау, алғыс, құрметке бөлеу, грамотамен, сыйлықтармен марапаттау. Мадақтау әдісін белгілі бір мөлшерде қолдану керек. Орынсыз және шамадан тыс мадақтаудың тәрбиеге тигізер пайдасынан гөрі зияны көп. Мадақтауды қолдану талаптары:
- жетістіктермен қоса мінез-құлықтың мотивтерін де ескеру;
- мадақтау оқушыны басқа оқушыларға қарсы қоймау керек; белгілі бір жетістіктерге жеткен оқушылармен қоса, берілген тапсырмаларды орындауда еңбекқорлық пен жауапкершілік танытқан оқушыларды да мадақтау;
- оқушылардың жеке ерекшеліктері мен олардың ұжымдағы мәртебесін ескеру, мадақтау жиі болмауы қажет;
- ұжымның пікірін ескеру;
- мадақтау әділ болуы қажет.
Жарыстар ынталандыру әдістерінің қатарына жатады. Бұл әдіс оқушының бәсекелестікке, алда болуға деген табиғи қсында, өзара жарысып қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін игеріп, адамгершілік қасиеттерді дамытады. Жарыстарды ұйымдастыру -оқушылар психологиясын білуді талап ететін күрделі іс. Жарыстың мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала анықтап, бағдарламасын құрастырып, оның нәтижелерін бағалаудың шарттары мен көрсеткіштерін қалыптастыру қажет. Жарыстың мазмұны айтарлықтай
қиын болып келеді. Мектеп тәжірибесінде көбінесе жарыстар оқу іс-әрекетінің нәтижелері бойынша жүргізіледі. Сондықтан оқушылардың
үй жұмысын жүйелі орындауын, ынта-ықыласын, сабақтағы ескертулердің аздығын, дәптерлердің тазалығьш көрсеткіш ретінде алған орынды. Жарыстардың бағдарламаларын, шарттары мен көрсеткіштерін жасауға, оның нәтижелерін бағалауға оқушыларды да қатыстыру қажет. Жарыстағы тартыстың адал әрі ашық болуын қадағалау қажет.
Тәрбие әдістерінің ең көнелерінің ішіндегі жазалау – кеңінен танымал
әрі өте қиын әдіс. Қазіргі педагогика мен тәжірибеде оқушыларды жазалаудың мақсаттылығы туралы: жазалаусыз тәрбиеден бастап олардың күрделі түрлерін қолдануға дейін әр түрлі қарама-қайшы пікірлер бар.
Қазіргі мектептерде мұғалім мен оқушылар арасындағы қатынастың демократиялануы мен адамгершілікке негізделуі кезінде жазалауды қолдану мәселесі шиеленісуде. Жазалау дегеніміз педагогикалық ықпал ету әдісі, ол жағымсыз әрекеттердің алдын алып, оларды тежеуі қажет, өзінің, жолдас-тары мен басқа адамдар алдындағы кінәсін түсінуге шақыруы тиіс.
Мектеп тәжірибесінде жазалаудың ескерту, ұялту, жиналысқа салу,
белгілі бір жеңілдіктерінен айыру сияқты түрлері қолданылады, ал төтенше жағдайларда сабаққа қатыстырмау немесе тіпті мектептен шығару (педагогикалық және оқушылар кеңесі бойынша) сияқты түрлері де қолданылады. Жазалаудың қатаңдығы оқушының кінәсіна байланысты болу керек. Мұғалімнің қолданған жазасы дәйекті болып, ешбір ыза-кексіз немесе қудалаусыз қолданылуы қажет. Ұжым атынан ұсынылған жазалаудың ықпалы артық болады. Жазалауда оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.
Оқушылар арасындағы келіспеушілік жағдайлар жазалауды қолданудың негізі бола алады. Мұндай жағдайларда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтап алу қажет. В.А. Сухомлинский айтқандай, оқу-тәрбие жүйесін педагогикалық жағынан сауатты құрастырса, жазалауды қолданудың қажеттілігі болмайды.
Тәрбиенің түрлері мен әдістері өте көп, бірақ оларды тиімді қолдана білу қажет. Педагогикалық тәсілдерді таңдау шарттары:
- қазіргі тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне сай болу;
- оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру, жекелік бағыттылық;
- оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;
- тәрбиенің жағдайлары мен шарттары;
- оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі;
- тәрбиелік ықпал етудің түрлері мен әдістерінің өзара байланысы мен жүйесі.
Тәрбиенің түрлері мен әдістерін қолданудың арнайы педагогикалық ұсыныстары жоқ. Педагогикалық процестегі әр түрлі жағдайларды шешудің тура ережелері жоқ, өйткені әрбір оқушының, әрбір ұжымның өзіне ғана тән ерекшелігі бар. «Ешқандай педагогикалық амал-тәсілді, тіптен жалпы қабылданған деп есептелінетін сендіру, түсіндіру, әңгіме-сұхбат, көпшілік ықпалын толығымен пайдалы деп айтуға болмайды. Ең жақсы деген амал-тәсіл кей жағдайларда міндетті түрде ең нашар болып шығады» (А.С. Макаренко).