КІРІСПЕ 2 страница

Тәрбиенін құралдары, формалары мен әдістері түралы түсінік. Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары жэне әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек.Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).
Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялык пен әлеуметтіктің (тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс). Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
- қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
- тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);
- таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)
- оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Педагогикалық процестің қозғаушы механизімінің негізгі компоненттерінің өзара байланысы кесте түрінде 1 суретте.
Педагогикалық процестің қозғаушы тетігі сияқты құрал, форма әдістердің оқу кезінде және оқудан тыс кезде қолдану аясына қарай өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу процесінде негізгі әрекеттің түрі таным болып табылады. Бірақ іс-әрекеттің басқа түрлері (ойын, қарым-қатынас, еңбек т.б.) оқу кезінде қолданылмасада керісінше әр түрлі іс-әрекет түрлері оқушының тұлғалық интелектісіне ғана әсер етіп қоймайды. Оқу- танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары ойын элементтерімен, өнер құралдарымен, қарым-қатынаспен сабақтасып жатады. Оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы ғана емес, оқушының бір-бірімен өзара қарым-қатынасы педагогикалық технология, ұжымдық танымдық іс-әрекет мысал бола алады.
Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әр түрлі әңгіме-сұқбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталандыру әдістері де қолданылады.
Сабақ – оқуды ұйымдастырудың басты формасы. Соңғы жылдардағы педагогикалық технологиялардың дамуы оқыту формаларын айтарлықтай байытуда: конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға байланысты кездесулер, пікірталастар көңінен қолданылуда.
Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданьшуда. Алайда, бұл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, оқушылардын ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әр түрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады.
Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әр түрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола тұра (оқыту міндеттері, тәрбие міндеттері), тұтас педагогикалық процесте бірлікте қолданылады.

Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.

Негізгі ұғымдар: тәрбие, тәрбиенің гуманистік парадигмасы, ақпараттық және білімділік ашық кеңістік, тәрбие жұмысы, технологиялық, құзіреттілік, аксиологиялық, тұлғалық-бағдарлық тұрғылар, тәрбиенің бағыты.

 

2-лекция : Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі.

1.Сыныптың тәрбиелік жүйесі-мектептік тәрбиелік жүйенің компоненті.

2. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысы.

Әдістемелік нұсқаулар

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» оқу курсының жүйесі. Тәрбие туралы негізгі түсініктер. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінің мазмұны туралы айтылуы тиіс. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мәні, мазмұны, әдістері, заңдылықтары, қағидалары, формалары. «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» оку курсының құрылымы мен жүйесі, ерекшеліктері. «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» оқу курсының қайнар көздерінің жүйесі туралы білуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: оқу құралы.-Алматы:Дарын, 2004 ж

2. Воспитание детей в школе: Новые подходы и технологий/под ред.Щурковой Н.Е.-М., 1998 г

3. Воспитательная работа проблемными учащимися. Планирование. Мониторинг развития учащихся. Разработки занятий с педагогами и родителями-М,изд:учитель, 2007 г

Тақырыбы: Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі

1. Мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау

2. Педагог-тәрбиеші қызметінің жүйесі. Педагог-тәрбиеші қызметінің құрылымы.

3. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарын ғылыми негізде жасауынын маныздылығы,

4. Жаңа типті мектептердің тәрбие жұмысының ерекшеліктері.

 

 

Мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау

«Тәрбиелік жүйе» ұғымы. Мектептің тәрбиелік жүйесі – мектептің тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған факторы. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы жәнеолардың өзара әрекеттестігі. Тәрбиелік құрылу және даму кезеңдері мен әдістемесі, бағалау өлшемдері. Тәрбиелік жүйе – тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративті меңгерген тұтас әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі – тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық ашық жүйенің компоненті. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысты.

Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер: И.П.Ивановтың тәрбиелік жүйесі, А.С.Макаренко, Л.И.Новикова, В.А.Караковский, Н.Е.Шуркованың тәрбиелік жүйелері, олардың сипаттамасы. В.А.Сухомлинский бойынша мектептің тәрбиелік жүйесінің ерекшеліктері. Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйе. Отандық ғалымдардың тәрбиелік жүйені анықтауға арналған зерттеулері.

Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен. жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін, ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды.

Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады.

Үлгі ретінде, философ В.А.Штоффтың пайымдауынша, зерттеу объектісінің бейнесі мен елесін таныта отырып, оны алмастыра алатын, яғни оның зерттелуі сол объекті туралы жаңа ақпарат беретін ойша көрініспен материалдық тұрғыда бұрын қолданылған жүйені түсінуіміз керек.

Академик В.ДАфанасьев үлгінің негізгі сапаларын атай отырып, оған мыналарды жатқызады:

— түпнұсқаның — жүйеге ұқсас, соған сай келуі;

— мақсаттылық, яғни оның параметрлерінің жүйе алдына қойылған мақсатпен, күтетін нәтижелерімен сәйкес келуі;

— субъектілік бағалау қатынасына және үлгіні жасаушыларға бейтарапттлық қатынаста болу;

— түпнұсқаның — жүйенің параметрлерінен және кейбір детальдарынан алшақтау, дерексіздену болуы.

Үлгі объектінің немесе құбылыстың белгілі бір жеңілдетілген, схемаландырылған көрінісі болып табылады. Ол үлгі жасау процесі — ерекше таным тәсілінде жасалады, яғни жүйе зерттеу объектісінің үлгісінде (формада) көрініс табады (В.ГАфанасьев).

Философтардың әлеуметтік құбылыстар мен объектілердің үлгісін жасау проблемалары жайлы көзқарастары мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау жолдарын анықтауға көмектеседі. Үлгі жасау процесінде тәрбие жүйесінің мәні мен маңызды сапаларының тең келетіру (ізгіліктілік, тұтастық, мақсаттылық, басқарушылық, ырғақтылық, өзін-өзі реттеушілік, ашықтық) үлгісінде жасалуы керек. Жасалатын үлгіде тәрбие процесінің субъектілермен тәрбие жүйесінің компоненттері жайлы түсініктері, жүйе жасаушы факторлар мен байланыстар, жүйенің құрылымы мен қызметінің соңғы және аралықтағы нәтижелері оларды қадағалау мен белгілеп отырудың әдістері туралы түсініктері жинақталуы қажет. Үлгі жасауда қолданылған технологиялар тәрбие жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық кешенінің біртұтас үлгісін жасауға мүмкіндік туғызуы керек, яғни оқушылардың сабақта және сыныптан тыс әрекеттерін өзара байланыстыратын, мектептің, отбасының және әлеуметгік ортаның тәрбиелік күшін кіріктіретін, инновациялық процестер мен дәстүрлі формалардағы әрекеті біріктірілген, жүйенің қызметіне әсер ететін сыртқы жөне ішкі факторлардың сипаты мен тенденциялары анықталған, әрі ескерілген болуы керек.

Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау — бұл жүйелі білім беру үлгісін жасау процесі. Мұны әрі тәрбие жүйесін танып білу тәсілі ретінде де, әрі жүйені басқарудың маңызды компоненті ретінде, яғни келешекте де — оның қызметі мен даму сатыларында да, оның элементтері, байланыстары мен құрылымын өзгеріске ұшырап жатқанда да қажет деп қарастыру керек.

Үлгі жасау процесі кезінде шартты түрде 3 кезеңді бөліп алуға тұра келеді:

I кезең — мектеп бейнесін жасау. II кезең — оқу орнының тәрбие жүйесінің бір үлгісіне мектептің осы бейнесін ендіру. III кезең — оқу мекемесінің тәрбие жүйесі үлгісі мен мектеп бейнесін нақтылайтын аздаған өзгерістер ендіріп өңдеу.

Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау процесін кезең-кезеңімен қарастырамыз және әр кезеңдегі педагог, оқушы, ата-аналардың бір мақсатқа бағытталған бірлескен тіршілік әрекетінің формалары мен әдістерін анықтаймыз.

Бірінші кезең — мектеп бейнесін жасау.Ол өте күрделі және ұзаққа созылады. Мектеп бейнесін жасау — бұл педагогтардың, оқушылардың, ата-аналар мен өзге де әлеуметтік орта өкілдерінің мектептің тәрбие жүйесінің нақты немесе болжамды үлгісін жасауға және оның құрылымы мен дамуының жолдарын, субъектілері мен құралдарын анықтауға кіріктірілген мүмкіндіктері. Мектеп бейнесі тәрбие жүйесінің компоненттері мен өзара байланысқан бірнеше құрамынан тұрады.

Мектеп бейнесі мен тәрбие жүйесі

Компоненттерін құрастырудың өзара байланысы

Мектеп бейнесі құрамының әрқайсысына қысқаша сипаттама береміз.

Мектеп оқушысының немесе мектеп бітірушінің бейнесі,

бұл оқу орнының біртұтас бейнесінің басқа компоненттеріне, қарағанда детерминациялық жөне интеграциялық рөл атқаратын ең маңызды құрамдас бір бөлігі болып табылады. Тәртіп бойынша, мектеп бітірушінің жинақталған портреті оқу орнының мақсатымен мазмұнының иман тұрады өзара байланыс. Ал ол кезегінде педагогикалық процестің барлық элементтері мен оның субъектілерінің қызмет үйлестіріп отырған.

Оқушының немесе мектеп бітірушінің бейнесі жеке тұлғаның психологиялық және дене құрылысы, идеялық-адамгершілік сапаларының жиынтығынан құралады.Осы сапалардың деңгейі мен жинақталуы жайлы педагогикалық процеске қатысушылардың пікірі әр турлі, мұның өзі оқушылардың тәрбиесінде оларды кіріктіруге үлкен кедергі жасайды, сондықтан да мектеп бітірушінің бейнесі жайлы мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың

пікір бірлігін қолдауға және жинақтауға бағытталған арнайы әдістер мен тәсілдерді колдану керек.

Келесі құрамдас бөлік — бұл мектептің тіршілік әрекетінің бейнесі. Олоқу орныңдаға іс-әрекетті, қарым-қатынас пен араласа білуді ұйымдастыру туралы түсінікті, жүйе жасаушылардың байланыстары мен факторларды, оқушылар, мұғалімдер, ата-аналардың бірлескен тіршілік әрекетінің басым бағыттарын анықтауды қамтиды.

Іс-әрекет түрлерін жинастыру маңызды іс ғана емес, сонымен бірге мектептің өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға қызмет ететін олардың сатысы да болуы керек.

Стиль, іскерлік, тұлға аралық қарым-қатынастың негізгі ережелері мен түрлері арнайы ойластыруды қажет етеді.

Баланың тұлғасын қалыптастыруға әсер ететін мүмкіндіктер мен ұжым мүшелерінің рухын анықтайтын оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тұлғараалық қатынастарының сипаты мен принциптері назарда болуы керек.

Мүғалім де, оқушы да мектептен өз орындары мен рөлін таба алса ғана мектеп бейнесі жеке мәнгс және маңызға ие бола алады.

 

Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары мынадай:

- үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны біртұтас қалыптастыру;

- азаматтық құндылықтар, әлеуметтік-бағдарлы мотивация, ақыл-ой, эмоционалдық және еріктік үйлесім ауқымы негізінде тұлғаның адамгершілік сапаларын

қалыптастыру

- оқушыларды ғылыми, мәдени және өнер, т.б. қоғамдық

құндылықка қатыстыру;

- қоғамның демократиялық өңделуіне, тұлғаның құқықтары мен міндеттеріне сәйкес өмірлік позицияға тәрбиелеу;

- тұлғаның мүмкіндіктері мен тілектерін, сонымен бірге әлеуметтік талаптарын ескере отырып, оның икемділігін, ептілігін және қызығушылығын дамыту;

- оқушылардың даралық және қоғамдық түсінімдерін дамытатын танымдық іс-әрекет ұйымдастыру; тұлғаны сапалы тәрбиелеу мақсатында әлеуметтік құнды, әрі жан-жақты іс-әрекет ұйымдастыру;

- тұлғаның аса маңызды әлеуметтік функциясын, яғни, өзгермелі еңбектік іс-әрекет жағдайындағы қатынастарын дамыту, әлеуметтік қуаттылықты көтеру.

Келесі құрылым ТП -нің негізгі сатыларын белгілеуге негізделеді. Бұл сатылар - қойылған міндеттердің сапалы шешілуіне бағытталған бірізді кезеңдердің міндетті түрде өтетін процесі. Құрылым ТП бірізділігінің және бірлігінің терең заңдылығын түсінуде өте маңызды:

- қойылатын талаптар мен ережелерді тәрбиеленушілердің

түсінуі;

- білімнің сенімділігі;

ІМ қалыптастыру;

- әрекетке араласу және іс-әрекет арқылы тәрбиелеу.Келесі құрылым да бірізді процесс кезеңдерін қарауға негізделеді, бірақ ол енді басқа талаптарға, яғни процесестің жүруінің пәрменділігін қамтамасыз ететін. Тіктер арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерге

негізделедізделеді:

а) тәрбиенің негізгі міндеттері мен мақсаттарын қамтитын процесті жоспарлау;

б) материалды (еңбек, табиғатты қорғау); қоғамдық (ұжымдық, ұйымдастыру-

рушылық, коммуникативтік); рухани (эмоционалды, танымдық, құндылық-бағдарлаушылық) іс-әрекеттерді ұйымдастыру;

в) тәрбиеленушілердің негізгі

әрекеттерінде тұлға аралық қарым-қатынасын және оның дамуын реттеу;

г) жоспарланған және ережелердің айырмашылығын бақылау және қорытындылар шығару, жіберілген қателіктер мен қол ізетін жетістіктерге талдау жасау.

ТП кезендерінің өлшем шектері ретінде педагогика-әрекетінің бірізділігін пайдалануға болады. Бұл жағдайда ғылымда мынадай бірлікеср пайда болады: жалпы нормалар жөне талаптармен танысу; қарымрым-қатынас қалыптастыру; көзқарастар мен тұжырымдар қалыптастыру; іғаның жалпы бағытын қалыптастыру.

Бұл әрексттердің барлығының нәтиессі — нормалық топтағы тұрақты мінез-құеттерін баулу. әдеттердің әдеттенуі біртіндеп мінез бітістеріне, қасиеттерге ауысады.

Тәрбие процесінің мазмуны

Тәрбие мазмұнын түсінерде қойылатын талаптар мен мақсаттарға сай оқушының білімі, нанымы, дағдылары; тұлғалык сапасы мен белгілері тұрақты әдеттер жүйесідеп қабылданған. -

Тұлғаньң жан-жақты және үйлесімді дамуы — бүл ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбекпен политехникалық; эстетикалық тәрбиелердің біртұтас педагогикалық процесте тоғысуы. Қазіргі тәрбие бағыттарының негізіне мына идеяға жатады:

1. Тәрбие мақсаттһрының шынайы балуы. Бүгінгі нақты мақсат - бүл адамның ептіліктері мен дарындығына сүйене отырып, оны жан-жақты дамыту. Бұл мақсатқа жетудің құралы - әр адамның мәдениет қоры негіздерін көрруі. Осыдан тәрбие мазмұнының орталық түсінігі, яғни тұлганың "базалық мәдениеті" келіп шығады. Бүл өмірлік өзін-озі анықтау мәдениегті болып табылады, яғни, Кономикалық мәдениет пен еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экологиялық мәдениет, көркем өнер және отбасы қатынастар мәдениеті.

2. Үлкендер мен балалардың біріккен іс-әрекеті. Тәрбиеші жұмысының мазмұны балалар мен бірге рухани мәдениеттің жақсы үлгілерін, адамгершіліктік өнеге, іс-әрекет мәдениетін іздестіру арқылы өмір нормалары мен қылықтарын өндеуден құралады. ТП-де оқушының пәнндік белсенділігі көрінеді.