Мемлекеттік сорт сынау

2. Сорттар мен будандарды аудандастыру, орналастыру тәсілдері

1.Мемлекеттік сорт сынау .Мемлекеттік сорт сынаудың басты міндеті - ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық сыналатын сорттары мен будандарын аудандастыру және өндіріске енгізу. Сорт сынау телімдері мен сорт сынау станцияларының жүйелері топырақ-климат жағдайларының барлық түрлерін қамтиды.

Жұмыстарының түріне қарай мемлекеттік сорт сы­нау телімдері мынадай түрлерге бөлінеді: егістік дақылдар телімдері; көкөніс дақылдары телімдері. Көптеген сорт телімдерінде дәнді дақылдар сортын өсімдіктердің татпен, шаңмен, қаракүйемен жасанды зақымдануы кезінде бағалайды.

Мемлекеттік сорт сынау кезінде сорттардың агротехникасына көп көңіл бөлінеді. 500-ден аса сорт сынау телімдері мен сорт сынау станциялары болашағы бар және аудандастырылған сорттарды ауыспалы егістік әр түрлі
алғы дақылдарына байланысты себу мен қоректендіруді, себу мерзімдерін, тыңайтқыштардың зерттеу нормаларын анықтайды.

Сорт сынау мен жаңа сорттарды көбейту үшін, шаруашылықта тұрақты жер телімін бөледі, оған өзінің ауыс­палы егісін енгізеді. Барлық жұмысты ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен бірыңғай әдіс бойынша жүргізеді. Сыналатын сорттарды осы облыстағы (аймақтағы) ең жақсы аудандастырылған сортпен салыстыра­ды, ол сорт бақылаушы (стандарт) қызметін атқарады. Тәжірибелердегі қайталану - төрт-алты дүркін. Мөлтектің есептеу алаңы қағида бойынша 100 м2. Шағын габаритті техниканы пайдаланған кезде мемлекеттік сынау әдістемесі дақылдар қатары бойынша мөлдектер мөлшерін 25, тіпті алты дүркін қайталану кезінде 10 м2 дейін қысқартуға мүмкіндік береді және мемлекеттік сорт сынауға берілетін жаңа сорттарды бір мезгілде, ірі топырақ-климат аймағынын барлық сынау телімдерінде тез сынауға мүмкіндік береді.

Сорттар шаруашылық-биологиялық қасиеттерінің жиынтығы бойынша былай бағаланады: өнімділігі, өнім сапасы, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі, тыңайтқыштарға реакциясы, механизацияны пайдалануға жарамдылығы. Сорттарды бағалау әдісі әр жыл сайын жетілдіріліп отырады.

Мемлекеттік сорт сынау әрбір сорт сынау теліміне 3 жылдан кем болмайды. Негізгі сорт сынаумен бір мезгілде мөлдектерде ең жақсы, анағұрлым болашағы бар сорт­тарды 2-3 жыл ішінде өндіріс жағдайларына сынайды. Бұдан кейін бағалы сорттарды аудандастырады, ал болашағы жоқ сорттарды әрі қарайғы сынаудан алып тастайды. Кейбір ерекніе жағдайларда бағалы сорттар екі жылдық сынаудан кейін аудандастыруға рұқсат етіледі.

Өндіріс үшін болашағы бар сорттардың жарамдылығын дұрыс және тез анықтау өндірістік сорт сынау жолымен жүргізілуі мүмкін. Мөлдектерге бір-екі жылдық сорт сынау нәтижелері бойынша сорт сынау телімі өз аймағының шаруашылықтарында жаңа болашағы бар сортты аудандастырылған стандартты сортпен салыстыра отырып сынауды ұйымдастырады. Дәнді дақылдар үшін мөлдек алаңы 2-4, картоп үшін 1-2 гектар болады. Сорт сынау телімдерінің басым көпшілігі төңірегіндегі шаруашылықтар үшін, егіншілік мәдениетінің үлгісі қызметін атқарады.

Сорт сынау мекемелері жаңа болашағы бар сорттың тұқымдарын көбейтеді және оларды өздерінің аумағында тұрған шаруашылықтарға, сондай-ақ қатар орналасқан шаруашылықтарға егу үшін береді.

2.Сорттар мен будандарды аудандастыру, орналастыру тәсілдері

Бір облыстағы (аймақтағы) аудандастырылған сорттардың саны туралы мәселе өте маңызды. Әр жылдары, сондай-ақ әр түрлі облыстардың, аудандар мен шаруашылықтардың ішінде қашанда әркелкі жағдайлар қалыптасады. Сондықтан, бір облыста немесе аймақта биологиялык даму кезеңі әр түрлі, бір-бірін қайткенде де толықтыратын сорттарды (мысалы, ерте пісетіндер мен кеш пісетіндерді, аурулар мен зиянкестерге төзімді, суару жағдайларында анағұрлым өнімді немесе таза пар мен парсыз алғы дакылдармен бірге және т.б.) аудандастыру пайдалы ғана емес, қажетті де. Сөйтіп, бір шаруашылықта жаздық бидайдың екі сортын егіп-өсірудің мәні бар (орташа ерте пісетін және орташа кеш пісетін немесе кеш пісетін).

Дәріс 21.

Сортсынақтау өдістері мен техникасы

Жоспар

1.Жаңа сорттарды мемлекеттік сорт сынауға енгізу тәртібі

Егер селекциялық-тәжірибе мекемесінде жаңа шығарылған сорт өзінің өнімділігі мен сапасы жөнінен ең жақсы аудандастырылған сорттан асып түссе, онда ол мемлекеттік сорт сынауға берілуі мүмкін. Кейінгі жыл­дары өзіндігінен тозаңданатын сорттардың тұқымын сорт сынау телімінде өсіреді. Айқас тозаңданатын дақыл сортының тұқымдарын сорт сынау телімдері жыл сайын өз облысының (өлкесінің) селекциялық-тәжірибе мекемелерінен алады немесе оларды көбейту жұмысы сорт сынау телімдерінің бірінде ұйымдастырылады. Сонымен бірге тағы мынадай негізгі бағалы шаруашылық белгілері мен биологиялық қасиеттеріне ерекше назар аударылады; өнімнің сапасы мен өнімділігі, қысқы суыққа, құрғақшылыққа төзімділігі, интенсивті (озық) технология бой­ынша егіп-өсіруге жарамдылығы.

Жаңадан шығарылған сорттарды ғылыми-зерттеу (оригинатор) мекемесі үш жылдық конкурстық сорт сынау мен бір-екі жылдық өндірістік сорт сынау мәліметтері бойынша мемлекеттік сорт сынауға береді. Жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға берген кезде белгіленген үлгі бойынша оған сипаттама (бейнелеу) ұсынылады, онда сынау нәтижелері келтіріледі және сорттың агротехникаға қоятын талабы көрсетіледі.

Ғылыми-зерттеу мекемесі жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға берген кезде бірнеше сорт сынау телімдеріне жіберу үшін өндірістік сорт сынауға қажетті оның тұқымдарының белгілі қорын жинауы қажет. Бірінші жылы барлық сорт телімдері жаңа сорт тұқымын оны шығарған ғылыми-зерттеу мекемесінен тікелей алады. Кейінгі жыл­дары өзіндігінен тозаңданатын сорттардың тұқымын сорт сынау телімінде өсіреді. Айқас тозаңданатын дақыл сортының тұқымдарын сорт сынау телімдері жыл сайын өз облысының (өлкесінің) селекциялық-тәжірибе мекемелерінен алады немесе оларды көбейту жұмысы сорт сынау телімдерінің бірінде ұйымдастырылады. Әрбір сорт сынау учаскесі барлық сыналатын сорттардың өзінің тұқымдық және қамсыздандыру қорларын жасайды.

Мемлекеттік сорт сынау жүйесінің жұмыстары сорттардың егілетін аудандарын белгілеумен және оларды аудандастырумен аяқталады.

Дүние жүзі елдерінің көпшілігі халыңаралық сорт сынауды жүргізіп отырады. Мысалы, Нидерландыда шығарылған қант қызылшасы мен картоп сорттары Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, Португалияның, Германияның, Тунис пен Жапонияның көптеген сорт сынау телімдерінде сынақтан өтті. Бұдан кейін бағалы сорттарды аудандастырады, ал болашағы жоқ сорттарды әрі қарайғы сынаудан алып тастайды. Кейбір ерекніе жағдайларда бағалы сорттар екі жылдық сынаудан кейін аудандастыруға рұқсат етіледі. Олар өздері сынайтын барлың ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары өнім беретін сорттарын егеді. Сондықтан да, еліміздің сорт сынау телімдеріндегі дәнді дақылдардың орташа өнімділігі басқа шаруашылықтарға қарағанда 2 еседей жоғары.

Дәріс -22.

Тұқым шаруашылығы.

Жоспар

1. Тұқым шаруашылығы - ауыл шаруашылығы өндірісінің басты саласы.

2.Тұқым шаруашылығының мақсаты мен міндеттері және оның егіншілік саласының дамуын қарқындатудағы ролі

1.Тұқым шаруашылығының жалпы негіздері. Тұқым шаруашылығы ауылшаруашылығы дақылдарының аудандастырылған сорттар мен будандарының жоғары сапалы сорттық тұқымын көбейтіп, шаруашылықтарды қамтамасыз етумен қатар, тұқымдық дәннің сорттық билогиялық және өнім беру қасиеттерінің сақталуын қадағалап отыратын ауыл шаруашылыгы өндірісінің негізгі бір саласы.

Тұқым шаруашылығы бір бірімен тығыз байланысты екі міндетті атқарады.

Біріншісі, белгілі бір аймаққа енгізілген жаңа сорттың жоғары сапалы тұқымын қажетті мөлшерге дейін көбейту. Бірақ жалпылама көбейтудің нәтижесінде және сортты ұзақ пайдаланудың әсерінен, олардың өнімділігі азаяды.

Екінші міндеті - аудандастырылған өндірістегі сорттық тұқымның сапасын сақтау. Сондықтан тұқым шаруашьшыгында сорт алмастыру және сорт жаңарту қызметтері жүргізіледі.

Сорталмастыру - мемлекеттік сынақтың қорытындысы бойынша өндірістегі ескі сортты өнімділігі мен сапасы жоғары жаңа сортпен алмастыру.

Сортжаңарту - сорттық биологиялық касиеттері төмендеген тұқымдарды сол сорттың жаңа тұқымдарымен алмастыру.

Тұқым жаңарту негізі - элита болып табылады. Элита француз тілінен аударғанда - өте жақсы, деген мағынаны білдіреді. Сорттың ең жақсы сұрыпталып алынған өсімдіктерінің ұрпағы.

Сорттың генетикалық тұрғыда сақталуын қадағалауда - жекелей және жаппай сұрыптаудың маңызы зор.

Элиталы тұқым өсіру кестесі:

I- жекелей сұрыптауда:

1) І-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі

2) 2-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі

3) 1-4 жылғы көбейту питомнигі

4) суперэлита

5) Элита

Жаппай сұрыптау:

1)1-2 жылғы көбейту питомнигі

2)суперэлита

3)Элита

Өздігінен және айқас тозанданатын элиталы тұқым өндіру жекелсй сұрыптау әдісімен жүргізіледі. Осы әдіспен алынған сорттардың тұқымын өндіруде және болашағы бар, дефицитті (тапшы) элита тұқымдарын өндіру жаппай сұрыптау әдісімен жүргізіледі.

Сорттың бағалық, шаруашылық және биологиялық қасиетгерінің толығымен сақталып, жоғалмауы - сұрыптау кезінде жоғары өнімді, жақсы құрылған, сырт белгісі сортқа тән өсімдіктердің масақтары мен шашақ бастарын алу; жоғары агрофонда өсіру; түрлік және сорттык, тазалауды жүргізу; сортқа сырт белгісі тән емес, нашар дамыған ауруға шалдыққан өсімдіктерді алып тастау арқьлы жүзеге асады. Жақсы тұқым шаруашылығы тұқымдардың өнімін ұлғайтудағы өте қажетті сала.

Сорттың өнімділік сапасы егістікті тек қана жоғары сапалы тұқым мен сепкенде байқалады. Егістік материалдың құндылығы тұқымның егістік және сорттық сапасымен бағаланады.

2.Тұқым шаруашылығының мақсаты мен міндеттері және оның егіншілік саласының дамуын қарқындатудағы ролі

Тұқымның егістік сапасы - оның тазалығы, ескіндік қуаты, ылғалдылығы, 1000 тұқымның салмағы мен аурулар мен зиянкестермен зақымдану дәрежесімен сипатталады.

Сорттың сапасы - сорттың тазалығы және сәйкестілігімеп сипатталады.

Сорттың тазалығы процентпен көрсетілген, осы өсімдіктің негізгі сортының сабақ санының жалпы дамыған сабақ санына қатынасын айтады.

Тұқым өзінің тұқым қуалаушылық белгілерімен, қасиетін, оның ішінде жоғарғы өнімділігін, тек қана жоғары сорттың тазалығымен қамтамасыз етеді.

Жоғары сапалы тұқымның, жоғарғы сорттық тазалығы және жақсы егістік сапасы болу керек, осыған байланысты тұқым егістік сапалығы бойынша үш класқа, ал сорттың тазалығына байланысты үш (санатка) категорияға бөлінеді.

Бірінші класты және бірінші категориялы тұқымның егістік және сорттық тазалығы ең жоғары көрсеткіш береді. Егістік сапалығы жағынан мемлекеттік стандартқа сәйкес келетін тұқымды кондициялы деп айтады.

Тұқымдық егіске бірінші кластық тұқым, ал өндірістік егістікке - бірінші және екінші класты тұқым пайдаланылады.

Өздігінен тозаңданатын дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының 1, 2 және 3 категориялы тұқымдарының сорттық тазалығы 99, 5, 98, 0 және 95, 0% кем болмауы керек.

Селекция тұқым өсіру қызметімен айналысатын мемлекеттік өндіріске беретін алғашқы тұқым элиталық немесе элита деп аталады. Оның сорттық тазалығы 100%, егістік сапасы 1 кластан төмен болмауы керек, тұқым жақсы толықкан бірыңғай, сонымен қатар 1000 тұқымдық салмағы мен өнімі жоғары болуы керек. Жыл сайын көбейтілген элитаның ұрпағы репродукция деп аталады.

Сорт жаңартуда 5 және одан теменгі репродукциялык тұқым сол сортгың элитасымен немесе 1 репродукциясымен алмастырылады.

Сорт сапасының төмендеу себептері - тұқымның механикалық ластануы, биологиялык, мутациялық және айқас тозаңдану салдарынан ажырау болып табылады.

Механикалық қоспа басқа сорттардың тұқымдарының қоспасы. Себу кезінде, тасымалдау немесе қырмандағы жұмысты нашар ұйымдастырудың нәтижесінде болады. Мысалы: күздік бидайда - қара бидай, жұмсақ бидайда - қатты бидай, сұлыда - қара сұлы мен арпа, арпада - сұлы және бидай.

Биологиялық қоспа - егістіктегі сорттың басқа сортпен немесе түрмен тозаңдануының әсерінен болады.

Жіктеу мутацияның пайда болуы - көбінесе буданды сорттардың гетерозиготты болуынан байқалады. Өсімдіктердің аурулармен зақымдануының ұлғаюының салдарынан.

Өніп-өсу жағдайдың тұқымның өнімдік сапасына тигізетін әсері айтарлықтай. Сондықтан тұқымдық егістікте жыл сайын егістік сапасын жоғарылататын агротехникалық шараларды қолданып отыру керек.

Тұқым шаруашылығы жүйесі кез келген дақылдың жоғары сапалы тұқымын жеткілікті мөлшерде қажетті қамтамасыз етіп өндіретін бір-бірімен тығыз байланысты өндірістік бірлік.

Ауылшаруашылық өндірісінің осы маңызды саласы қазіргі нарықтық қатынастағы жағдайға дайын емес.

Дәріс 23.

Сорт пен будан — тұқым шаруашылығының негізі нысаны.

Жоспар

1. Тұқым шаруашылығын үиымдастыру қажеттілігі

2. Тұқым сапасын анықтау

1.Тұқым шаруашылығын үиымдастыру қажеттілігі.1976 жылғы қабылданған тұқым шаруашылығының ақырғы жүйесі, осы саланы өндірістік негізде толық көшіруді қарастырған, бірақ ол өндіріске толық енгізілуге үлгермеді. Қалыптасқан тұқым шаруашылығы жүйесіндегі құрылым, бағаның және экономикалық ұйымдасқан қатынастар, материалдық, техникалық қорлардың қазіргі жағдайлары осы саланың басты міндеті - селекция жетістіктерін жедел және толық пайдалануға толық мүмкіндік бермейді.

Сондықтан тұқым шаруашылығының осы келесі мәселесі елдегі тұқым шаруашылығының жүйесін дамытуда тек қағидалы көзкарасты өзгерту арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Тұқым шаруашылығы жүйесіндегі жұмыстарды ғылыми негізге сүйене отырып дұрыс ұйымдастыру керек.

Қазақстанда тұқым шаруашылығын ұйымдастыруда бірінші ғылыми өндірістік түр, 1996 жылы қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында құрылған республикалық "Асыл-тұқым" ассоциациясы.

"Асыл-тұқым" ассоциациясының қызметінің арқасында ғылым мен өндірістің күштері бірігіп, нарықты жағдайға бейімделген, тұқым шаруашылығының мүлдем жаңа жүйесі іске аса бастады.

Оның айырмашылығы бұрынғы 7 - 8 жылмен салыстырғанға қарағанда, жаңа сортты 3 жылда өндіріске толық енгізуге болады.

Ассоциация құнды сорттардың тұқымын жедел көбейтуді келісім негізінде жүргізеді.

Жоғарғы репродукциялық тұқымның көлемі керек тұқым көлемінің сұраным санына байланысты.

Қазір ассоциация жүйесінде келісім бойынша 70-тен астам элита тұқым шаруашылығы және тәжірибе шаруашылықтары табысты жұмыс істеп жатыр.

2.Тұқым сапасын анықтау

Бірақ еліміздегі тұқымның сапасын бақылайтын жүйе құрылымдық және технологиялық өзгерістерді талап етеді. Тұқымнын сорттық және егістік сапасын бұрмалауға жол бермеу үшін, оригинал сорттың бірдейлігіне кепілдік беру үшін және Қазақстандық тұқым өндірушілерінің халықаралық нарыққа шығуы үшін, Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен: "Міндетті түрде сертификат толтыруға жататын өнімнің тізбесіне", тұқымды енгізіп, тұқымдық материалды сорттық сертификат толтыру жүйесіне кіргізу керек. Тұқымға сертификат толтыру әлемдегі барлық дамыған елде қабылданған. Осы елдердің тұқым бақылау әдістемелік жұмыстары халықаралық тұкым бақылау (ИСТА) ассоциациясында шоғырланған, әлемдік ғылымның нәтижелеріне сүйенеді.

Дәріс-24.

Қазіргі заман талаптарына сай кейбір дақылдардың тұқым шаруашылығьш ұйымдастыру

Жоспар

1. Тұқым шаруашылығының мамандандырылған: элиталық және тұқым өсіру шаруашылықтары

2. .Ішкі шаруашылық, шаруашылық аралық және аймақтық тұқым шаруашылығы жүйелері

1.Тұқым шаруашылығының мамандандырылған: элиталық және тұқым өсіру шаруашылықтары

Тұқым шаруашылығы ауылшаруашылығы дақылдарыньің аудандастырылған сорттар мен будандарының жоғары сапалы сорттық тұқымын көбейтіп, шаруашылықтарды қамтамасыз етумен катар, тұқьмдық дәннің сорттық, билогиялық және өнім беру касиеттерінің сақталуын қадағалап отыратын ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бір саласы.

Тұқым шаруашылығы бір бірімен тығыз байланысты екі міндетті

аткарады.

Біріншісі, белгілі бір аймаққа енгізілген жаңа сорттың жоғары сапалы тұқымын кажетті мөлшерге дейін көбейту. Бірақ жалпыламай көбейтудің нәтижесінде және сортты ұзақ пайдаланудьң әсерінен, олардың өнімділігі азаяды.

Екінші міндеті - аудандастырылған өндірістегі сорттық тұқымның сапасын сақтау.

Сортты генетикалық тұрғыда сақталуын кадағалауда - жекелей және жаппай сұрыптаудың маңызы зор.

Элиталы тұқым өсіру кестесі:

I- жекелей сұрыптауда:

1) І-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі

2) 2-ші жылғы түқымды сынау питомнигі

3) 1-4 жылғьі көбейту питомнигі

4) суперэлита

5) Элита

Жалпай сүрыптау:

1) 1-2 жылғы көбейту питомнигі

2) суперэлита

3) Элита

3.Өздігінен және айқас тозаңданатын элиталы тұқым өңдіру жекелей сұрыптау әдісімен жүргізіледі. Осы әдіспен алынған сорттардың тұқымдарын өңдіруде және болашағы бар, дефицитті (тапшы) элита тұқымдарын өндіру жаппай сұрыптау әдісімен жүргізіледі.

2.Ішкі шаруашылық, шаруашылық аралық және аймақтық тұқым шаруашылығы жүйелері

Сорттың өнімділік сапасы егістікті теккана жоғары сапалы тұқым мен сепкеңде байқалады. Егістік материалдың кұндылығы тұқымның егістік және сорттық сапасымен бағаланады.

Түқымның егістік сапасы - оның тазалығы, өскіндік қуаты, ылғалдылығы, 1000 тұқымның салмағы мен аурулар мен зиұнкестермен зақымдану дәрежесімен сипатталады.

Сорттың сапасы - сорттың тазалығы және сәйкестілігімен сипатгалады.

Сорттың тазалығы процентпен көрсетілген, осы өсімдіктің негізгі сортының сабақ санының жалпы дамыған сабақ санына қатынасын айтады.

Тұқым өзінің тұқымқуалаушылық белгілерімен, касиетін, оның ішіңде жоғарғы өнімділігін, тек қана жоғары сорттың тазалығымен қамтамасыз етеді.

Жоғары сапалы тұқымның, жоғарғы сорттық тазалығы және жақсы егістік сапасы болу керек, осыған байланысты тұқым егістік сапалығы бойынша үш класқа, ал сорттың тазалығына байланысты үш (санатқа) категорияға бөлінеді.

Бірінші класты және бірінші категориялы тұқымның егістік және сортық тазалығы ең жоғары көрсеткіш береді. Егістік сапалығы жағынан мемлекеттік сгандартқа сәйкес келетін тұқымды кондициулы деп айтады.

Түқымдық егіске бірінші кластық тұқым, ал өндірістік егістікке - бірінші және екінші класты тұқым пайдаланылады.

Өздігінен тозанданатын дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының 1, 2 және 3 категориялы тұқымдарының сорттық тазалығы 99, 5, 98, 0 және 95, 0% кем болмауы керек.

Селекция тұқым өсіру қызметімен айналысатын мемлекеттік өндіріске беретін алғашқы тұқым элиталық немесе элита деп аталады. Оның сорттық тазалығы 100%, егістік сапасы 1 кластан төмен болмауы керек, тұқым жақсы толыққан бірыңғай, сонымен катар 1000 түқымдық салмағы мен өнімі жоғары болуы керек. Жыл сайын көбейтілген элитаның ұрпағы репродукция деп аталады.

Сорт жаңартуда 5 және одан төменгі релродукциялық тұқым сол сортгың элитасымен немесе 1 репродукциясымен алмастырылады.

Сорт сапасыньң төмендеу себептері - тұқымның механикалық ластануы, биологиялық, мутациялық және айқас тозаңдану саддарынан ажырау болып табыпады.

Өніп-өсу жағдайдьщ тұқымның өнімдік сапасына тигізетін әсері айтарлықтай. Сондықтан тұқымдықдық егістікте жыл сайын егістік сапасын жоғарылататын агротехникалық шараларды қолданып отыру керек.

Дәріс 25.

сорттарды шығару, сынақтау, аудандастыру, алмастыру, жаңарту.

Жоспар

1. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдық материалына сипаттама.

2. Тұқымның биологиясы

3. Тұқым сапасына экологиялық және агротехникалық жағдайлардың әсерлері

1. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдық материалына сипаттама.

Сорт жаңартуда 5 және одан төменгі релродукциялық тұқым сол сортгың элитасымен немесе 1 репродукциясымен алмастырылады.

Сорт сапасыньң төмендеу себептері - тұқымның механикалық ластануы, биологиялық, мутациялық және айқас тозаңдану саддарынан ажырау болып табыпады.

Өніп-өсу жағдайдьщ тұқымның өнімдік сапасына тигізетін әсері айтарлықтай. Сондықтан тұқымдықдық егістікте жыл сайын егістік сапасын жоғарылататын агротехникалық шараларды қолданып отыру керек.

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі тұқымнан басталатындығы ежелден белгілі ақиқат: егер аңызға сапасыз тұқым себілсе, ол жағдайды түзете алмайды. Мұндай жағдайда топырақ өңдеу де, тыңайтқышты қолдану да, егістікке жасалған күтім де, жауын-шашын да, құр босқа зая кетеді.

Тұқымдық дән өзінің үш сапасымен ерекшеленеді: себу сапасы — олардың себуге жарамдылық дәрежесін анықтайтын тұтас тұқымдық қасиеттері; сорттық сапасы — сорттық тазалығына, репродукциясына және типіне (үлгісіне) койылатын, талаптарға сәйкес келеді; өнімділік сапасы — нақты жағдайларда белгілі бір мөлшерде өнім беру кабілеті.

Тұқымтану — тұқым туралы ілім. Ол мәдени өсімдіктер тұқымдарын, олардың құрылысы мен аналык өсімдікте пайда болу жағдайларын, түқымдағы физиологиялық процестерді, сыртқы орта мен агротехникалық шаралардың тұқым құрылуына әсерін, тұқымның егістік сапасын анықтау әдістерін оқытады.

Тұқымтану тұқым сапасы мен қасиеттерін бағалауды, жоғары сапалы тұқымдық материалды өсіру жағдайлары мен зерттеу әдістерінің ғылыми негізі болып табылады, қысқасы ол өсімдік шаруашылығының қүрамды бө-ліғі мен теориялық негізін қүрайды. Ол ботаника мен, өсімдіктердің биохимиясы мен физиологиясы жоне басқа көршілес агрономиялық пәндермен тығыз байланысты.

2. Тұқымның биологиясы

Тұқымның қалыптасуы, толысуы, пісуі.Гүлдену уақытынан өсімдіктердің жыныстық даму кезеңі басталады, бұл кезде тозандану мен ұрықтану өрбиді, мұның өзі көп жағдайда тұқым сапасын анықтайды.

Тұқым мен жемістер өсімдік дамуының эмбриональдық кезеңін қамтиды. Тұқым (жеміс) пайда болғаннан бастап піскен уақытқа дейін күрделі құбылыстарға үшырайды және оларды даму фазалары деп атайды.

Тұқымдар мен жемістердің пайда болуы мен дамуындағы бүкіл физиологиялық процесс кезеңдерге, фазалар мен дәуірлерге бөлінеді. Дәнді дақылдар жемістерінің бүкіл пайда болу мен даму процесін үш кезеңге біріктіруге болады: қалыптасу, толысу және пісіп жетілу. Кезендер даму фазаларына және балауызданып пісуден бастап дәннің пісу дәуіріне бөлінеді Тұқымның қалыптасуы үрықтанғаннан кейін басталады да түқым ұзындығы әбден белгіленгенге дейін созылады. Бұл кезецнің ұзақтығы ауа райына, дақылдарға, сорттарға байланысты шамамен 10-14 күнге созылады. Бұл уақытта тұқым негізінен үзындығына өседі, дәннің барлық бөліктері қүралады да ұрықтың дербестелінуімен аяқталады. Дәннің ішіндегісі сулы жағдайдан сүтті күйге айналады, өйткені эндоспермада крахмал дәндері болады және дән қабығы жасылданады (хлорофилл молаяды).

Тұқымда ажырамайтын су көп те құрғақ заттар аз, бұл кезеңнің аяғына қарай толык пісудің 15-35 % құрғақ заттары жинақталады. Тұқым ылғалдылығы қалыптасуының бас кезінде 80 % шамасында, ал соңына қарай 65 % дейін төмендейді. Эндосперм куйіне сәйкес бүл кезеңді екі фазаға бөлуге болады: қоймалжың-сұйық және сүттену алдындағы күйлері.

Тұқымның (дәннің) толысуықоректік заттардың қарқынды түрде жинақталуымен сипатталады. Азотты заттар амин қыш-қылдары мен төменгі молекулалы белоктар түрінде жинақтала-ды, углеводтар — сахароза мен глюкоза-фруктоза түрінде және крахмал синтезделеді, ал май синтезі өте аз болады. Түқым бұл кезеңде негізінен ұзындығы мен көлденеңіне барынша үлғайып өседі, эндосперм ткандары толығымен құралады. Қүрғақ заттардың молаюына байланысты (толық пісудегі мөлшердің 85-90 % ) тұқым ылғалдылығы 40 %-ке дейін төмендейді. Бүл кезеңнің үзақтығы 20 кундей, бірақ ауа райы қүрғақ әрі ыстық болғанда 12-15 күнге дейін қысқарады да, күн салқын әрі ыл-ғалды болғанда 25-30 күнге дейін созылады. Бұл кезеңді екі фазаға ажыратуға болады: сүттене пісу — дәннің консистенциясы сүт тәрізді ақ масса, қабығы жасыл түсті, қамырлана пісу — эндосперм қамыр түстес күйге ие болады, дән қабығы сарғыштала бастайды, өйткені хлорофилл жоғалады (ол тек қана дән тілігінде сақталады). Өсімдік сарғая бастайды, жасыл түс жоғарғы жапырақтар мен масақша қабыршағында ғана сақталады.

Тұқым дамуының үшінші кезеңі — пісіп жетілуі —-дәннің толысуы аяқталғанша басталады. Бұл кезеңде пластикалық заттардың жүруі әлі тоқтамайды (10-15 %), бірақ оның интенсивтілігі төмендейді және балауызданып пісудің ортасына қарай толық тоқтайды. Тұқымдарда (дәндерде) полимеризация және кебу процесі жүреді де пластикалық заттар қорға айналады. Мәселен, алейрон дәндері мен клейковиналы белоктар түзіледі, қорлық крахмал синтезделеді. Тұкым аналық өсімдіктен бөліне бастайды, бүл кезде оның ылғалдылығы сыртқы ортаға байла-иысты. Күндіз, әсіресе тал түсте тұқым құрғақтау болады, ал кешке қарай және түнде олар ылғалданады. Сондықтан тұқыма-дық учаскелерде дестелерді күндізгі сағаттарда жинау керек. Эндосперм балауызданып, созылмалы болады. Тұқым ылғалдылығы бұл кезеңде 40-20 %-ке дейін темендейді. Пісу кезецінің үзақтығы метеорологиялық жағдайларға байланысты 6-12 күнге созылады.. 3.Тұқым сапасына экологиялық және агротехникалық жағдайлардың әсерлері

Пісіп-жетілуекі фазаға бөлінеді: балауыздакуы жәые то-лық пісуі. Балауызданып пісудіц өзі үшке бөлінеді: басы, орта-сы және соңы. Балауызданьш пісудің бас кезінде дән жасыл тү-сін мүлде жоғалтады, іріленіп жылтырланады, тырнақпеи же-ңіл кесіледі. Бүл дәуірде негізінен қоректік заттардьщ келуі аяқ-талады (95-98 % толық пісуден). Балауызданып пісудің ортасында дән әлі тырнақпен кесіледі, эндосперм ақ, ү.нды немесе жылтыр. Бұл дәуірде тұқымда пісу процесі аяқталады, тұқым-дық учаскелерді дестеге шабуға кірісуге болады.

Балауызданып пісудің соңында дән тырнақпен кесілмейді, бірақ оның ізі қалады. Ылғалдылығы 25-20 % төмендейді де көлемі мен тұсі толық пісу кезіндегі сияқты болады. Тұқымдық учаскелерді дестеге осы кезеңде түсірген дұрыс.

Толық пісу кезеңі екіге бөлінеді: толық пісудің басы және толық пісу. Толық пісудің бас кезінде тұқым қатты, тырнақпен із де сальшбайды, ылғалдылығы 20-18 %. Бұл дәуірде егінді комбайнмен тура орып жинау ұсынылады. Толық пісу кезіндегі ылғалдылық 17-16 %. Тұқым жеңіл, аздаған шығынмен үгітіледі, қүрғақ, сапалы.

Тұқымның пісуіне қарай бірте-бірте май, углевод және бе-лок түріндегі пластикалық заттар жиналады. Егер толысу ке-зінде олар жеңіл ерігіш жай қосылыстар интенсивті түрде кір-се, пісу соңында олар нашар еритін күрделі қосылыстарға айна-лады да қоректік заттардың қоры ретінде жинақталады. Негізгі қоректік заттардан басқа тұқымда ферменттер (биологиялық катализаторлар), өсіргіш заттар, органикалық қышқылдар, алкалоидтар, минералды заттар т. б. жинақталады.

Дәнді бұршақ және майлы дақылдарда, мал азықтық шөптерде тұқым мен жемістердің пайда болуы жобамен дәнді дақылдарға ұқсас. Бұл екпе дақылдарда түқымның өзіне тән қоректік заттар синтезіне байланысты біраз ерекшеліктер байқалады.

Сонымен, тұқым және жеміс түзу процесі әртүрлі дақылдарда бәріне ортақ биологиялық заңдылықтарды өтеді.

Толысу-пісу ұзактығына және қоректік заттардың тұқымға келіп түсу интенсивтілігіне ауа райы және агротехникалық жағ-дайлар елеулі әсер етеді. Ауа райы ыстық жәке құрғак, топы-рақта ылғал жеткіліксіз болғанда тұқымға түсетін пластикалық заттар азаяды «демікпе» және «ыстық ұруы» кезінде мүлде тоқтайды, осылардың нәтижесінде егін өнімі мен сапасы нашарлай-ды.

Салқын әрі жаңбырлы ауа райы тұқымның толысуы мен пісуін үзартады, дәннің химиялық құрамы өзгереді, өйткені кей-бір заттар өзінің түпкі күйіне айналып үлгермейді. Төменгі температура да және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында түқымда белоктың мөлшері азаяды.

Дәріс 26.

егістік дақылдардың тұкым шаруашылығындағы сорттық және тұқымдық бақылау.

Жоспар

1.Сорттық бақылау.

2.Егістік апробация және сорттық егістіктерді тіркеу.

3.Лабораториялық және жерүсті бақылаулар.

4.Сорттық тазалықтық мөлшері

1.Сорттық бақылау.Тұқым шаруашылығының ең маңызды бөлімінің бірі - сорттың тұқымның сапасын мемлекеттік және шаруашылықтың өзінде бақылау. Мемлекеттік бақылау мынандай әдістер арқылы атқарылады:

1)егістік анықтау;

2)зертханалық бақылау;

3)жер қыртысын бақылау.

Дәнді және дәнді бұршақ тұқымдас дақылдарды далалық сынаулардан өткізу өнімді жинау алдында өткізіледі. Сынауда апробация өткізу үшін:

A) дайындық жұмысы;

Ә) апробация жасайтын бума алу;

Б) алынған бумаларды талдау;

B) сынаудың қорытындысы бойынша құжаттарды беру керек.

Апробация жүргізу үшін арнайы дайындықтан өтуі керек және апробация жүргізуге құқығы бар деген куәлігі болуы қажет. Апробацияны апробатор астық оруға дейін жасап, егістікті есепке алып, аға сынақшыға қол қойғызып, шаруашылыққа сынақ құжаттарын тапсырады.

2.Егістік апробация және сорттық егістіктерді тіркеу.Апробация жүргізу және егістікті есепке алу үшін шаруашылықта жергілікті селекция тұқымы және будан тұқымы себілген деген құжаттар болуы қажет (сынау актісі, сорттық куәлік, тұқым куәлігі, тұқым аттес­таты немесе жергілікті сорт туралы куәлік, анықтама).

Есепке алу актісі себілген тұқымның құжаттары бой­ынша беріледі. Істелген есеп жұмыстарын арнайы журналға жазады, оған есепке жататын жер көлемі, апробацияның қорытындысы, апробация құжаттары берілген мерзімі жазылады.

Ғылыми-зерттеу орындарында, оқу-тәжірибе шаруа-шылықтарында суперэлита, элита және бірінші қалыптастыру (репродукция) апробацияларын арнайы құрылған комиссия жүргізеді.

Жеке дақылдарды арнайы апробациядан өткізу

Күздік және жаздық бидайды, күздік және жаздың арпаны және сұлыны апробациядан өткізу егістіктің пісу кезеңінің басында, ал тарыны гүлшоғының ұшындағы гүл қабыршағы гүлденген кезде жүргізеді. Егістің сорттылығын анықтау үшін сынау бумасын алады. Оны біркелкі уыспен, біркелкі қашықтықта қиғаш бойын­ша аз дегенде 150 жерден (орыннан) алу керек.

Кең қатарлы әдіспен егілсе қиғаш бойынша басқыш тектес жүріспен жүріп отырып алады. Апробациядан өтетін егістіктің көлемі дәнді дақылдар үшін 450 га, тары үшін 350 га-ға дейін. Әрбір сынау бумада сабақ саны 1500 данадан кем болмауы керек.

3.Лабораториялық және жерүсті бақылаулар.

Ғылыми-зерттеу орындарында, оқу-тәжірибе шаруашылықтарында элита-тұқым мен тұқымның әр танаптан екі сынау бумасын алады, оларды араластырмай, әрқайсысын жеке сынап, жеке-жеке акт жасайды. Жер көлеміне қарамай әр бумада 1500 жақсы жетілген сабақ болады. Екі буманың көрсеткішіне байланысты сорттың тазалығынан басқа, сапа көрсеткіштерінің орташа санын есептейді.

Шаруашылықтарда бір ғана тұқым себілген кішігірім танаптардан бір ғана бума алса да болады.

Тұқымдастығына, алғы дақылының бірдей екеніне қарамастан тұқымға арналған танапты жеке сынайды да, жалпы егістікті жеке сынайды.

Апробатор бума алумен қатар егістіктегі карантинді арам шөптердің түрлерін, ластану дәрежесін мына шка­ла бойынша анықтайды:

- арамшөптер жоқ - 0;

- аздап ластанған - 1;

- орташа ластанған - 2;

- өте ластанған - 3.

Сынау бумасын буьш, ішінен де, сыртынан да этикет қағазын байлайды. Этикет қағазында шаруашылықтың атауы, ауыспалы егістіктегі танаптың орны, жер көлемі, дақылдың аты, сорты және алыну мерзімі көрсетіледі. Сынау бумасын алғаннан кейін екі тәулік арасында талдау жүргізу қажет. Талдаудың нәтижесінде мыналар айқындалады:

1.Сынайтын дақыл сортындағы жақсы жетілген сабақтың саны (жарақаттанбаган).

2.Бумадағы басқа сорттың, түрлердін, түршелердің саны.

3.Кінәраттармен, зиянкестермен жарақаттанған сабақтардың саны.

4.Сабағы жақсы ажыратылмайтын дақылдар сабақтары.

5.Жақсы ажыратылмайтын арамшөп сабақтары.

6.Карантин арамшөптердің сабақтары.

7.Кәнігі (злостный) арамшөптер сабақтары.

8.Улы арамшөптердің сабағы.

9.Аса жетілген негізгі дақыл сабақтары.

4..Сорттық тазалықтық мөлшері

Барлық міндеттерді бөліп шығарған соң егістіктің сорттық тазалығын, аралас қоспа сорттармен, ұқсас басқа дақылдармен ластануын, өте ұқсас арамшөптермен ластануын, кінәраттармен жарақаттануын анықтайды. Апробация өткен соң, фракцияларды жеке буады, содан соң бәрін бір бумаға буады, өзінің (негізгі дақылдардың, сорттың) этикет қағазын байлайды және сынау актісінің нөмірін, сорттың тазалығын (%) көрсетеді. Мысалы: күздік бидайдың Наз сортының сынау талдауы:

а) негізгі сорттың жақсы дамыған сабағының саны -1570.

б) басқа сорттың және түршелердің сабағының саны- 5;

в) негізгі дақылдардың қаракүйемен жарақаттанған сабағының саны - 6, оның ішінде тозаңды қаракүйемен жарақаттанған сабақ 2, қатты қаракүйемен - 4;

г) сабағы өте ұқсас басқа дақыл сабағы - 4, оның ішінде қарабидай - 4;

д) сабағы өте ұқсас арамшөп сабағы - 3;

с) жаңсы жетілген күздік бидай сабағы - 20.

Осыдан барып сорттың тазалығы шығады.

Сорттың ластануы.

Тозаңның қаракүйемен жарақаттануы.

Қатты күйемен жарақаттануы.

Басқа сабағы ұқсас даңылдармен ластануы.

Сабағы үқсас арамшөптермен ластануы.

Талдаудың қорытындысын сынау актісінің "талдаудың қорытындысы" деген бағанына жазады. Егер карантинді арамшөп болса сынау актісіне онын, атауын және санын көрсетеді:

Сабағы ұқсас басқа дақылдарға жататындар: арпада -бидай,сұлы;

Күздік бидайда - қара бидай, арпа; Сұлыда- арпа.

Сабағы ұқсас арамшөпке жататындар: бидайда - түлкі құйрықты ақ мия, сібір бастышөбі, көккөзшөп, тышқаншөп, татар қарақұмығы;

Сұлыда - арпада: қара сұлы, мысық құйрық, итқонақ;

Тарыда - ірі тұқымды күріш тарысы, көккөз шөп, жатаған укікіре, сүйелжазар (гелиотроп), итқонақ.

Карантин арамшөптерге жататындар: ойраншөптің барлық түрлері, арамсояның барлық түрлері, күнбағыс сұңғыласы (заразиха) ценхрус, жатаған кекіре, тікенек алқа, каролинский.

Кәнігі арамшөптерге жататындар: құмай, түлкі құйрықты ақ мия, сәлем шөп (сыть), пасталюм двурядый, көккөз шөп, жұнсабалақ, тікенқурай, дала шырмауығы, сүттеген, шытырмақ, бидайық (пырей), жау қияқ (острец), қарасұлы, дала қалуені (осот).

Дәннің сорттық куәлігіне кәнігі, карантин және улы арамшөптердің бар-жоғын көрсетеді.

Тұқымдыққа жарамайтын егістіктер:

а)ұқсас дақылдармен ластануы - 5% -тен жоғары;

б)ұқсас арамшөптермен ластануы - 3% -тен жоғары;

в)бидай мен арпаның тозаңды қара күйемен жарақаттануы -2% -дан жоғары, қатты кара күйемен жарақаттануы - 5% - дан жоғары; ал сұлы егістігінің барлық қара күйемен жарақаттануы - 5% - дан жоғары; тары егістігінің тозаңды қара күйемен жарақаттануы - 5% - дан жоғары болса. Егер тозаңды қара күйе 0,1% - дан, қатты қара күйе - 0,05% - дан жоғары болса элита егістігі
элита болып есептелмейді.

Дәріс 27.

тұқымның егістік сапасына мемлекеттік стандарттар.

ЖОСПАР

1. Тұқым сапасына қойылатын талаптар

2. Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым сапасын анықтау әдісі

1.Тұқым сапасына қойылатын талаптар

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі тұқымнан басталатындығы ежелден белгілі ақиқат: егер аңызға сапасыз тұқым себілсе, ол жағдайды түзете алмайды. Мұндай жағдайда топырақ өңдеу де, тыңайтқышты қолдану да, егістікке жасалған күтім де, жауын-шашын да, құр босқа зая кетеді.

Тұқымдық дән өзінің үш сапасымен ерекшеленеді: себу сапасы — олардың себуге жарамдылық дәрежесін анықтайтын тұтас тұқымдық қасиеттері; сорттық сапасы — сорттық тазалығына, репродукциясына және типіне (үлгісіне) койылатын, талаптарға сәйкес келеді; өнімділік сапасы — нақты жағдайларда белгілі бір мөлшерде өнім беру кабілеті.

Тұқымтану — тұқым туралы ілім. Ол мәдени өсімдіктер тұқымдарын, олардың құрылысы мен аналык өсімдікте пайда болу жағдайларын, түқымдағы физиологиялық процестерді, сыртқы орта мен агротехникалық шаралардың тұқым құрылуына әсерін, тұқымның егістік сапасын анықтау әдістерін оқытады.

Тұқымтану тұқым сапасы мен қасиеттерін бағалауды, жоғары сапалы тұқымдық материалды өсіру жағдайлары мен зерттеу әдістерінің ғылыми негізі болып табылады, қысқасы ол өсімдік шаруашылығының қүрамды бө-ліғі мен теориялық негізін қүрайды. Ол ботаника мен, өсімдіктердің биохимиясы мен физиологиясы жоне басқа көршілес агрономиялық пәндермен тығыз байланысты.

Тұқымның қалыптасуы, толысуы, пісуі.Гүлдену уақытынан өсімдіктердің жыныстық даму кезеңі басталады, бұл кезде тозандану мен ұрықтану өрбиді, мұның өзі көп жағдайда тұқым сапасын анықтайды.

Тұқым мен жемістер өсімдік дамуының эмбриональдық кезеңін қамтиды. Тұқым (жеміс) пайда болғаннан бастап піскен уақытқа дейін күрделі құбылыстарға үшырайды және оларды даму фазалары деп атайды.

Тұқымдар мен жемістердің пайда болуы мен дамуындағы бүкіл физиологиялық процесс кезеңдерге, фазалар мен дәуірлерге бөлінеді. Дәнді дақылдар жемістерінің бүкіл пайда болу мен даму процесін үш кезеңге біріктіруге болады: қалыптасу, толысу және пісіп жетілу. Кезендер даму фазаларына және балауызданып пісуден бастап дәннің пісу дәуіріне бөлінеді Тұқымның қалыптасуы үрықтанғаннан кейін басталады да түқым ұзындығы әбден белгіленгенге дейін созылады. Бұл кезецнің ұзақтығы ауа райына, дақылдарға, сорттарға байланысты шамамен 10-14 күнге созылады. Бұл уақытта тұқым негізінен үзындығына өседі, дәннің барлық бөліктері қүралады да ұрықтың дербестелінуімен аяқталады. Дәннің ішіндегісі сулы жағдайдан сүтті күйге айналады, өйткені эндоспермада крахмал дәндері болады және дән қабығы жасылданады (хлорофилл молаяды).

Тұқымда ажырамайтын су көп те құрғақ заттар аз, бұл кезеңнің аяғына қарай толык пісудің 15-35 % құрғақ заттары жинақталады. Тұқым ылғалдылығы қалыптасуының бас кезінде 80 % шамасында, ал соңына қарай 65 % дейін төмендейді. Эндосперм куйіне сәйкес бүл кезеңді екі фазаға бөлуге болады: қоймалжың-сұйық және сүттену алдындағы күйлері.

Тұқымның (дәннің) толысуықоректік заттардың қарқынды түрде жинақталуымен сипатталады. Азотты заттар амин қыш-қылдары мен төменгі молекулалы белоктар түрінде жинақтала-ды, углеводтар — сахароза мен глюкоза-фруктоза түрінде және крахмал синтезделеді, ал май синтезі өте аз болады. Түқым бұл кезеңде негізінен ұзындығы мен көлденеңіне барынша үлғайып өседі, эндосперм ткандары толығымен құралады. Қүрғақ заттардың молаюына байланысты (толық пісудегі мөлшердің 85-90 % ) тұқым ылғалдылығы 40 %-ке дейін төмендейді. Бүл кезеңнің үзақтығы 20 кундей, бірақ ауа райы қүрғақ әрі ыстық болғанда 12-15 күнге дейін қысқарады да, күн салқын әрі ыл-ғалды болғанда 25-30 күнге дейін созылады. Бұл кезеңді екі фазаға ажыратуға болады: сүттене пісу — дәннің консистенциясы сүт тәрізді ақ масса, қабығы жасыл түсті, қамырлана пісу — эндосперм қамыр түстес күйге ие болады, дән қабығы сарғыштала бастайды, өйткені хлорофилл жоғалады (ол тек қана дән тілігінде сақталады). Өсімдік сарғая бастайды, жасыл түс жоғарғы жапырақтар мен масақша қабыршағында ғана сақталады.

Тұқым дамуының үшінші кезеңі — пісіп жетілуі —-дәннің толысуы аяқталғанша басталады. Бұл кезеңде пластикалық заттардың жүруі әлі тоқтамайды (10-15 %), бірақ оның интенсивтілігі төмендейді және балауызданып пісудің ортасына қарай толық тоқтайды. Тұқымдарда (дәндерде) полимеризация және кебу процесі жүреді де пластикалық заттар қорға айналады. Мәселен, алейрон дәндері мен клейковиналы белоктар түзіледі, қорлық крахмал синтезделеді. Тұкым аналық өсімдіктен бөліне бастайды, бүл кезде оның ылғалдылығы сыртқы ортаға байла-иысты. Күндіз, әсіресе тал түсте тұқым құрғақтау болады, ал кешке қарай және түнде олар ылғалданады. Сондықтан тұқыма-дық учаскелерде дестелерді күндізгі сағаттарда жинау керек. Эндосперм балауызданып, созылмалы болады. Тұқым ылғалдылығы бұл кезеңде 40-20 %-ке дейін темендейді. Пісу кезецінің үзақтығы метеорологиялық жағдайларға байланысты 6-12 күнге созылады.