Жоспар.

1. Жергілікті және табиғи сорт - популяциялар бастапқы материалдарды құрудың негізі.

2.Олардың морфологиялық, биологиялық және шаруашылықта қажетті белгілерінің көптүрлілігі

 

Түрлердің синтезі қарапайым екі түрдің геномдарын біріктіру негізінде іске асырылуы мүмкін. Алшақ будандастырудың нәтижесінде екі түрдің геномдары рекомбинацияланады да, бұрын соңды болмаған жаңа түрлер пайда болады. Сондықтан алшақ будандастыруды түрдің синтезделу көзі деп атайды. Түрдің ресинтезі дегеніміз - алшақ будандастырудың нәтижесін екі түрдің гендсрі рекомбинацияларын ертеректе табиғатта болған турді қайта каллына келтіру процесі болып табылады.

XIX ғасырдың басында Европаға кездейсоқ Африка батпақ шөбі әкелініп, таралып, европалық батпақ шөбімен бірге өсті. XX ғасырдың басында жаңа батпақ шөбі - бұрын аталған екі түрдің амфидиплоиды пайда болды. Ол төзімді, бейімделгіш және бастапқы түрлерді барлық жерден ығыстырып шығарды, Нидерлаңдияда оны дамбыны бекіту үшін өсіреді.

Бұл шын мәнінде, ғалымдардың бақылауымен жүрген жаңа түрді табиғи синтездеудің бір мысалы болып табылады. Табиғатта кездейсоқ сәтті амфидиплоидты комбинацияның мүмкіндігі туып, ол іске асырылды. Бұл мысал табиғи жағдайда сәтті амфидиплоидты комбинациялардың барлығы іске асырылды, сондықтан да жаңа түрлерді қолдан синтездеудің өзі көбіне шаруашылық жағынан құнды формаларды жасаумен сирек аяқталатынына дәлелдейді.

Жаңа түрлердің табиғи-синтезделуінің "механизм:" сірә, мынадай болса керек. Жоғары ұрықты амфидиплоидтар пайда болатын амфигаплоидтар мейозда тек униваленттер болуымен және толықдерлік ұрықсыздыкден сипатталады.

Тіршілікке икемділігі бар тозандар мен гаметалар мейоздың бірінші бөлінуінің анафазасында барлық хромосомалар бір полюске кеткен немесе мейоз реституциялық бөлінумен не митозбен алмасқан сирек жағдайларда ғана пайда болады. Бұл тіршілікке икемділігі бар гаметаларда хромосомалардың сомалық саны болады және олар редукцияланбаған деп аталады. Олар сирек түзілгенмен, олардан, әсіресе табиғи процестердің кең ауқымы кезінде, келесі ұрпақтардың пайда болуы мүмкін.

Редукцияланбаған гаметаларды пайдалану амфидиплоидтарды қолдан синтездеу әдістерінің бірінің негізіне жатады. Ол будандастыруды және будандардың бірінші ұрпағын өсіруді керек етеді. Екінші әдіс - колхициннің көмегімен амфигаплоидта хромосомалар санын қолдан көбейту (жоғарыда сипатталған). Үшінші әдістің мәні - алдын ала бастапқы түрлерді тетраплоидты деңгейге ауыстыру. Тетраплоидтар диялоидты гаметалар береді, ал олардың қосылуынан бірден амфидиплоидты будандар тузіледі:

Төртінші әдіс-екі амфидиплоидты түрлерді будандастыру жолымен жаңа амфидиплоидтар алу.

1924 жылы Г.Д. Карпеченко редукцияланбаған гаметаларды пайдалану әдісімен шомыр мен капустадан тәжірибелік маңызы жоқ, бірақ түраралық будандастыру теориясының қалыптасуында маңызды рөл атқарған туысаралық амфидиплоидтар алды.

Көптеген ғалымдар бірнеше қайтара және әртүрлі тәсілдермен жұмсақ немесе қатты бидайды кара бидаймен будандастыру аркылы амфидиплоидтар алды. Тритикалені алғаш рет (1848) неміс ғалымы В. Римпау алды. Егер бізге енді белгілі бидайдың хромосомалық құрамына кіретін геномдардың жалпы қабылданған әріптік таңбаларын пайдалансақ және қара бидайдың геномын, қазір кабылданғанындай, әріппен белгілесек, онда геномдык формулаларын былай жазуға болады:

ААВВДЦМ және AABBRR
2п-56 2п-42

Қара бидай, бидай амфидиплоидтарының практикалық маңызы бар, бірақ өсімталдығы төмен. Бұл ішінара ұрықсыздық бай гендер қоры бар популяцияларда үздіксіз сұрыптау жүргізу арқылы жойылады. Соңғыларды әр текті амфидиплоидтарды, соның ішінде октоплоидтыларды (2п-Бб) гексаплоидтылармен (2п-42) будандастыру арқылы түзеді.

Орыс генетигі А. Р. Жебрак бидайдың әр алуан түрлерін будандастырып, геномдык, формулалары ААААВВ (2п-42), ААААВВВВ (2п-56) ААААВВВВДД (2п- 70) жаңа аллополиплоидтар алды. Кейбір геномдары бойынша тетраплоидиялығына қарамастан, бұл аллополиплоидтарда негізінен мейозда хромосомалардың биваленпі конъюгациясы байқалады, өйткені геномдар жұптары әр түрлерінен пайда болған. Жебрактың аллополиплоидтарының, әзір тек теориялық, қана маңызы бар.

 

Дәріс 5. Синтездеуші селекция. Синтездеуші селекция туралы түсінік.