Шымкент 2015 ж

УНИВЕРСИТЕТІ

 

Агротехналогия кафедрасы

«Ауыл шаруашылық дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы» пәнінен

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

 

Шымкент 2015 ж

 

Құрастырушылар: а.ш.ғ.к. Суримбаева К.


Дәріс 1. Сорт. Бастапқы материал және оны алу әдістері.

 

Жоспары:

1. Сорт туралы ұғым

2. Сортқа қойылатын өндірістік талаптар

Сорт туралы ұғым.Селекцияда тұқым шаруашылығы жұмыстарын табыспен жүргізу үшін және ауыл шаруашылығы өндірісінде сорттарды дұрыс пайдалану үшін сорттың не екенін, сорт топтарының өзара ұқсастығы мен олар­дың бір-бірінен айырмашылығын білу аса маңызды.

Өсімдіктерді жүйелеуде "форма" және "сорт" бір ұғымды білдіреді. Алайда, сорттар мен ботаникалық формалар арасында түбірлі өзгерістер бар. Сорт адамның өндірістік қызметі арқасында шығарылады. Ол ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы болып табылады.

Сорт деп- өнім түсімі мен өнім сапасын көтеру мақсатында тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда өсіру үшін сұрыпталған әрі көбейтілген мәдени өсімдіктердің шаруашылық-биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша ұқсас топтарын айтады.

Сорт деп- селекция тәсілімен алынған морфологиялык, биологиялық және тұқым қуалау ерекшеліктерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктің жиынтығын айтады.

Мынадай негізгі шарттарды атап өту қажет:

1. Сорт құрамына кіретін өсімдік топтарының шығу тегінде жалпыламалық бар. Ол бір немесе бірнеше өсімдік тұқымынан көбейтіледі.

2. Өсімдіктің бастапқы тегін көбейте отырып, шыкқан тұқым шаруашылық-биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша сұрыптау жолымен алынады.

3. Сорт анық бір аймақтағы табиғат жағдайында өсірілу үшін шығарылады. Ол бір топырақ-климат аймағында жоғары өнім берсе, екінші аймақта ондай өнім
бермеуі мүмкін.

4. Сорт нақты өндірістік жағдайда өсіру үшін жасалады және механикаландыруда қол жеткен деңгейге, егіншілік мәдениетіне сай болуы қажет

5. Тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда сорт тұрақты және жоғары сапалы өнім беруді қамтамасыз етуі тиіс.

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары шығу тегі бойынша және шығару тәсілі бойынша бөлектенеді. Шығару тегі бойынша олар жеткілікті және селекциялық болып бөлінеді.

Жергілікті сорт деп, дақылдардың нақты бір жерде өсірілуіне орай ұзақ, табиғи және жасанды сұрыптаудың қарапайым әдістерімен жасалған сорттарды айтады. Түрлі дақылдардың жергілікті сорттарының үлкен бөлігі халықтық селекция процесімен алынған. Көптеген жергілікті сорттар шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша сан алуан, сондықтан селекциялың сорттар шығаруы үшін, бағалы, бастапқы материал болыптабылады.

Селекциялық сорт деп, селекциялық ғылыми әдістері негізінде ғылыми-зерттеу мекемелерінде шығарылған сорттарды айтады. Олар морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша біркелкі болуымен ерекшеленеді.

Сорт шығару тәсілі бойынша сорт - популяция, линиялық сорт, сорт-клон, буданнан шыққан сорт, мутант сорты болып бөлінеді.

Сорт - популяция айқас және өзін-өзі тозаңдандырудың нәтижесінде жаппай сұрыптау арқылы алынады. Олар тұқым қулаушылығы жағынан біркелкі емес. Өздігінен тозаңданатын сорт - популяция көп ретте гомозиготтық линиялардың қоспасы болып келеді, морфологлялық белгілері және шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша әртүрлі. Сорт -популяцияда айқас тозаңдану тұрақты жүретіндіктен олар біркелкі болуымен ерекшеленеді.

Барлық өздігінен тозаңданатын жергілікті сорттар жәнеі айқас тозаңданатын дақылдардың сорттары сорт - популяцияға жатады.

Линиялық деп, өздігінен тозаңданатын дақылдарды жеке сұрыптау арқылы алынатын сорттарды айтады. Линиялық сорт - біртекті өсімдіктің көбеюі, сондықтан олар барлық белгілері мен қасиеттері бойынша біркелкі болады. Табиғи қайта тозаңдану, механикалық ластану және мутация әсерінен линиялық сорттар бірте-бірте өз қасиеттерін жоғалта бастайды. Линиялық, сорттарға күздік бидайдың Ульяновка, Горьковчанка, жаздың бидайдың - Лютесценс 62 және Эрптроспермум 841, сұлының - Победа және Советский, арпаның — Винер және Нутанс 187, тарының - Саратов 853 және Веселоподолян 367 сорттары жатады.

Бұдан популяциясынан будандастыру және сұрыптау арқылы алынған сорттарды будандардеп атайды. Өздігінен тозаңданатын будан сорттары линиялық сорттарға қарағанда, біркелкі болмайды. Кейде оларды қайта сұрыптау жолымен жаңа сорттар шығарады. Барлық дақылдардың көптеген аудандастырылған сортта­ры будан болып табылады. Дәнді дақылдар арасынан күздік бидайдың - Алматинская полукарликовая, Жетісу, Таза, Алмалы, ОПАХС-18, Лютесценс-41, Бота; Жаздық жұмсақ бидайдың Казахстанская 3, Казахстанская 6, Казахстанская 16, Арай, арпаның Сәуле, Жұлдыз, Арна сорттары, жүгерінің Сарыарқа 150, будан 237Б, Це­линный 160 СВ, Алатау 107 ТВ, Казахстанский 587 СВ будандары жатады.

Сорт-клондар өсімдіктердің вегетативті көбейетін түрлерін жеке сұрыптау жолымен алынады. Сорт-клон өсімдіктің бір текті вегативті көбеюінен шыққан ұрпақ, сондықтан олар біркелкі болып келеді.Мұндай сорттар табиғи мутагенез әсерінен өзгеріске түседі. Картоптың сорт-клонына жататндар Зазерский, Скороспелка, Майкоп және басқалары.

2. Сортқа қойылатын өндірістік талаптар

Осы заманғы ауылшаруашылық өндірісі сортқа жоғары талаптар қояды. Олардын негізгілері мыналар:

1.Жыл сайын жоғары және тұрақты өнім беруі. Сорт жоғары өнімді болуымен катар, тыңайтқыш себу мен басқа агро әдістерге кеткен шығынды өз түсімімен өтеуі қажет.

2.Даму барысында ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді болуы тиіс. Сорттар құрғақшылыққа, төмен температураға, қыстап шығу барысында қолайсыз жағдайларға (күздік, және көп жылдық дақыл сорттары) төзімді болуы шарт. Бұл қасиеттер өнімнің тұрақтылығын анықтайды.

3. Аурулар мен зиянкестерді қоздырушыларға да төзімді болуы керек. Оларға комплексті түрде төзімді сорттарды шығару осы заманғы егіншілікте бірінші кезекті мәселе.

4. Механикалық баптауға икемділігі. Бұл талаптар интенсивті технология бойынша баптауға арналған сорттарға қойылады.

5. Өнімнің жоғары сапасы. Сорттар себілу мақсатына қарай қажетті өнімді (ақуыз, қант, крахмал, май, талшық) мол беруі керек.

Белгілері мен қасиеттері бойынша сорттарға қойылатын басты талаптар бірнеше топтарға бөлінеді:

1. Өнімділік қасиеттері мен белгілері: бір масақтағы
дән салмағы мен масақты дақылдардың жиілігі, собық салмағы және жүгері паясындағы оның саны, картоп түйіндерінің саны мен оның ірілігі т.б.

2. Өсу барысында ауа райының қолайсыздығына төзімділік қасиеттері мен белгілері: мәселен, құрғаңшылыққа төзімділігі, өсімдіктің ылғалды тиімді пайдалану мүмкіндігі және құрғақшылық жиі болатын жерлерде тамыр жүйесінің мығымдылығы, қысқа төзімділігі, өсімдіктің төмен температураға төзімділік қабілеті, қардың қалың түсуіне, қыс күндеріндегі жылы ауаның өзгергеніне, мұз қабыршақтарға, астықтың жатып қалуына әсер ететін қолайсыз жағдайларға төзімділігі.

3. Аурулар мен зиянкестерге төзімділік қасиеттері мен
белгілері. Олар өсімдіктердің анатомиялық-морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық қасиеттерімен байланысты. Мәселен, бидайдың кейбір сорттарының жабық түрде гүлдеуі қара күйеге ұшырауын төмендетеді. Күнбағыс дәнінің сыртқы панцир қабаты күнбағыс күйе зиянкестеріне кедергі болады, картоптың кейбір жабайы түрлеріндегі
алкалоид демиссиннің болуы. оларды колорад қоңызының жеп қоюынан сақтайды.

4. Механикалық баптау және жинауға икемділік белгілері. Жатып қалмауға төзімділік (масақты дақылдар) сабағының қысқа және мықты болуына, тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты. Бұршақтың мұртты сорттары жатып қалмайды. Жүгеріні комбайынмен жинау барысында дәннің шығын болмауы оның биіктігіне байланысты. Жүгері сабақтарының оның бойына мығым орналасуы дәннің шығын болуына жол бермейді. Астықты дақылдардың шашылмауы және бастыруға икемділігі гүлдер мен масақтарындағы қабыршақтың тығыздығына байланысты. Картоп түйіндері мен жер жаңғақтарының бұршақтарының біркелкі тереңдікте және жинақы орналасуы бұл дақылдарды механика күшімен жинау үшін маңызы зор. Бұршақтың кейбір сорттары мен формаларында бұршақ жарылмайды немесе дән орналасқан сабақтары мығым болады, сондықтан дән толық піскенде шашылмайды және жарылып кетпейді. Дәні төгілмейтін бұл сорттарды жинау барысында шығын 4—5 есе азаяды. Фасоль, чечевица, нут дақылдарын механика күшімен житнау үшін, бұршақтар топырақ үстінен 15—20 сантиметр биікте орналасатын сорттар қажет. Қозадан жапырақты тез түсіру қасиеті шитті мақтаны машинамен жинап алуға мүмкіндік туғызады.

5. Алынған өнімнің жоғары сапалылығын анықтайтын қасиеттер мен белгілер: жылтырлығы, белок проценті, ұнның шығуы, клейковинаның саны мен сапасы, бидай мен қара бидайдағы нанның шығу мөлшері мен копсіп пісуі, талшықтың шығуы және нөмері, зығырдағы элементарлық талшықтың ұзындығы, мақта талшығының ұзындығы мен мықтылығы және оның шиттен бөлінуі, крахмал құрамы, картоптың түйіндерінің жақсы пісуі мен дәмі, заттармен витаминдердің мол болуы және басқалары.

Осы келтірілген топтауларды шартты түрде деп қарауға болмайды. Оны схема үлгісі ретіттде қарап, осы заманғы сорттардан бойынан табылатын қасиеттер мен белгілердің күрделі комплексіне талдау жасау барысында пайдаланады. Бұлардың көпшілігі бірнеше топқа қатысты. Мәселен, сабағы қысқа да мықты масақты дақылдардың жатып қалмайтын қасйетін бір мезгілде үш топтың белгісіне жатқызуға болады: өнімділігі, ауа райының қолайсыздығына төзімділігі және механикалың жинауға икемділік белгісі. Өнімділік белгісі негізінен өсімдіктердің сырткы қолайсыз жағдайларға төзімділігі, ауруларға шалдықпайтындығы және зиянкестерге бой алдырмайтындығы сияқты қасиеттерінен көрінеді.

Өсімдіктердің барлық белгілері мен қасиеттері өзара физиологиялық жағынан тығыз байланысты, олардың сипаты сыртқы әсерге байланысты көрінеді. Мұны селекциялық жұмыс кезінде, өндірістік сорттарды шығару кезінде есепке алу қажет.

Шығарылып жатқан сорттың белгілері мен қасиеттерінің нақты жиынтығы негізгі үш көрсеткіш бойын­ша анықталады:

1)болашақ сортқа арналған аймақтың топырақ-климат жағдайлары;

2)сорттың өндірісте өсірілуіне байланысты (тыңайтқыштың жоғары нормасы, суландыру,т.б.) агротехникасы және механикаландырылу дәрежесі;

3)дақыл бағдары және оны пайдалану (жүгері - дәнді немесе сүрлемдік арпа сыра қайнату мен мал азықтық, картоп асханалық және техникалық,тағы басқа бағыттарда).

П. П. Лукьяненко анықтағандай, Кубаньда өсірілетін күздік бидай сорты негізінен мынадай биологиялық және шаруашылық белгілері мен қасиеттері комплексімен ерекшеленуі тиіс: жоғары өнімділігі, масақтағы дәннің жоғары түсімі, сабақтың мықты, онша биік болмауы, жел мен нөсерге сынбайтындығы, дәннің сабандағы арасалмағы (1 : 1), натурасымен 1000 тұқым массасы, дәндегі шыны тәрізділік ((70%) төмен емес), дәнінің түсі, белок пен клейковинаның құрамы (дәнде 28% төмен емес), дәннің ұн тартқандағы және нан жапқандағы жоғары сапасы, шыққан ұннан нан жапқанда көпсіп жақсы түрге енуі, ұн күшінің жеткілікті (280 е. а.) болуы, дәннің шашылмауы, сабақтардың біркелкі болып, бір мезгілде пісуі, бозғылт, сары және сабақ тоттарына төзімділігі, тозаңды және қатты қара күйеге, ақ ұнташыққа, тамыр шірігіне, вирустарға, гессен шыбыны мен зиянкес тасбақаға бой бермейтіндігі, қысқы-көктемгі кезеңдерде температураның күрт өзгеруіне щыдамдылығы, атмосфералық құрғақшылыққа, ылғалдыққа төзімділігі, өніп-өсу кезеңінің қысқалығы (тез пісетін сорттар), тыңайтқыштар мен басқа агротехникалық әдістерге икемділігі.

Селекциялық орталықтардың келешек даму бағдарламаларында бидайдың интенсивті типтегі мынадай негізгі көрсеткіші бар сорт үлгілері белгіленген: мықты және қысқа сабақтылар.

Бір масақтағы дән салмағы 2 г және одан жоғары, 1 м2 өнім беретін сабақтардың орташа саны 500-600. Жоғары өнімділік жағдайында дән үлесіндегі биомасса- 55-65%. Мұндай қысқа сабақты сорттар ауруға төзімді, құрамында 15-16% ақуыз, 32-35% клейковина болуымен қатар, ұн күші 300-350 е.а. болуы қажет.

Барлық дақылдар үшін селекциялық жұмыстар бағдарламасында нақты жағдайда өсіру және өндіріс талаптарына сәйкес шығарылатын сорттардың үлгілері жасалуы тиіс.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары нақты табиғи жағдайда өсіру үшін жасалады және осы жағдайларға бейімделуіне карай сұрыпталады. Сондықтан барлық аймаққа жарамды сорт болуы мүмкін емес және болмайды.

Сорт икемділігі сыртқы ортаның күрт өзгеру жағдайына биологиялық икемділігімен, ауа райының қолайлы және қолайсыз жағдайларында жоғары агротехника фонында мол өнім беру икемімен сипатталады.

Жаздық бидайдың Саратов 29 сорты өте икемді сорттар қатарына жатады. Бұл сорттың өсімдіктері суды аз пайдаланады және тамыр жүйесі сіңірімділік қасиеті-мен сипатталады.

Кейбір сорттарды кең көлемде себілуі олардың сапасы жоғары, икемділік қасиеттерінен ғана емес, сол топырақ-климат аймақтарында селекциялық жұмыс жеткіліксіз жүргізілмеуі мен икемді сорттардың ж:оқтығынан, сондықтан бұл аудандарда жергілікті жерге бейімделген сорттарды шығару қажет. Барлық сорттар экологиялық бейнесі жағынан толық сипатталып, сұрыпталу бейімі және шығару мақсатына қарай нақты экологиялық жағдайда өз рөлін атқарады. Н. Борлаугтың жұмысы көрсеткендей жоғары өнімді, икемді, жоғары экологиялық бейімі бар сорттар күн ұзақтығына сезімтал болмауы керек.

Кейбір сорттар ауданның спецификациясына қарай бейімделгендіктен, шағын егістерде ғана себіледі. Мұндай сорттар айтарлықтай шаруашылық-биологиялық қасиеттерге ие болғандықтан, жоғары бағаланады. Дәнді дақылдардың және көкөністің тез және өте ерте пісетін сорттары жылылығы аз және өніп-өсу кезеңі өте қысқа солтүстік облыстарда өсіруге арналған. Ал кейбір дәнді және басқа дақылдардың батпақты, тұзданған және құмдауыт топырақтарда, жартылай шөлейт және таулы аудандарда өсіруге арналған сорттары шығарылған. Бірақ мұндай сорттар егілетін жер көлемі оншама үлкен емес. АҚШ-та жүздеген жаңа сорттарды шығарылғанына қарамастан, тұрақты өнім беретін азғантай сорттар түрі өсіріледі. Мәселен, жүгерінің екі жүз сортының тек алты буданы егістің 70 пайызына, бидайдың 270 сортының тек тоғызы ғана егістің 50 пайызына, картоптың 82 сортының тек төртеуі егістің 72 пайызына, бұршақтың 50 сортының тек екеуі ғана егістің 96 пайызына егіледі.

 

Дәріс 2. Алғашқы материалдар туралы түсінік, оларды шығу ортасына, алу тәсіліне қарай жүйелеу.

Жоспары:

1. Селекциялық процесс

2. Бастапқы материалдар туралы түсінік

3. Өсімдікті жерсіңдіру

4. Бастапқы материал ретінде селекция жолымен алынған шетелдік сорттарды пайдалану

1. Селекциялық процесс

Селекция мамандарының бастапқы материалдарды алудан бастап жаңа сортты мемлекеттік сынуға бергенге дейінгі барлық жұмыстар жинағын селекциялық процесс деп атайды. Селекциялық процесс кезінде қолданылатын шаралар жинағын, олардың мақсатына, қолдану тәсіліне қарап үш кезеңге бөлуге болады: Бастапқы материалды таңдап алып құру, сұрыптау және сынау.

Бірінші кезеңде, селекционер алдына қойылған міндетке қарап, сол аймақтағы жергілікті және селекциялық немесе басқа будаңдардан және шет еддерден келінген сорттарға жете талдау жасап, оның ішінен қойылған мақсатқа сәйкес келетін түрлерін таңдап алса, ол бастапқы материал ретінде қолданылады.

Селекция материалдарын құрудың ең кең тараған және қолайлы әдістердің бірі - будаңдастыру.

Бірақ будандастыру кейде тиісті бастапқы материалды бермейді. Себебі, көп түрлі сорттардың ішінде, керекгі белгілердің болмауы мүмкін, немесе керекті жақсы белгі қолайсыз белгімен байланысты болуы мүмкін, ал олардың арасында кроссинговердің болуы өте сенімсіз.

Сондықтан, басқа белгілер жинағын сақтай отырып, бір белгіні кәдімгідей өзгертіп, бастапқы материалдар популяциясын мутация арқылы кұруға болады.

Кейде, бастапқы материалдар популяциясы өсімдіктерге колхицинмен әсер етіп полиплоидияны кұруға болады.

Осы жоғарыда аталған әдістер, әрбіреуі жеке немесе бір-бірімен тығыз байланысты түрде әсер етіп бастапқы материалдар популяциясын құруға болады.

Екінші кезеннің (сұрыптаудың) мақсаты бастапқы материалдар популяциясынан көздеген мақсатқа сай келетін белгісі бар өсімдпсгі, оның тұқым қуалау қасиетінің нәтижесінде жаңа популяция құру әрине мұның өзі 5-7 ұрпақты керек етеді.

Үшінші кезең: алынған сорттарды сынау.

1-кесте. Селекциялық процестің схемасы

1-ші кезең. Селекцияның бастапқы материалдарын алу.

Селекцияның бастапқы материалдары

Жабайы өсімдіктер
Сортгар популяциясы селекциялық
жергілікті
шет аудандық
Будандар Популяциясы түр ішілік :
түраралық
Алынған популяциялар мутанттар
полиплоидтар

2-ші кезең. Сұрыптау.

Бірінші ұрпақ Бастапқы популяция өсімдіктерін бағалап көбейту үшін, өте жақсысын бөліп алу
Көбейту немесе келесі ұрпақтың Популяциясын ту үшін, өте жақсысын бөліп алу
Көбейту немесе келесі ұрпақтың Популяциясын кұру
Екіншіұрпақ Құрылған өсімдіктер популяциясын бағалап, көбейту үшін ең жақсысын бөліп алу
Көбейту немесе келесі ұрпақтың Популяциясын құру
Үшінші ұрпақ Құрылған популяция өсімдіктерін бағалап, көбейту үшін, ең жақсысын бөліп алу
Көбейту немесе келесі ұрпақтың Популяциясын құру

3-ші кезең. Сынау.

 

Егістік өсімдіктерінің немесе мәдени өсімдіктерінің жаңа сорттарын шығаруға адам баласымен қолданылатын мәдени және жабайы өсімдіктердің барлық түрлерін бастапқы материал деп айтады.

Шығу тегіне байланысты бастапқы материалдарды мынадай топтарға бөлуге болады:

 

Бастапқы материал бедгілі бір аймақта құралады. Бұған ертедегі ескі сорттарды қосыл айтады. Ол дұрыс емес. Ертедегі ескі сорттар кезінде басқа ауданнан енгізуі мүмкін.

Жергілікті сортқа халық селекциясының немесе селекциялық сорттар жатады.

Интродукция деп - белгілі бір облысқа немесе аймаққа, осы аймақта бұрын соңғы өсірілмеген түрлерді, сорттарды енгізуді айтады.

 

2. Бастапқы материал түрлері

Селекцияда бастапқы материал деп, жаңа сорттарды шығару үшін пайдаланылатын өсімдіктердің мәдени және жабайы формаларын айтады.

Бастапқы материал ретінде мыналар пайдаланылады:

1) табиғатта кездесетін өсімдіктердің сан алуан формалары мен сорттары;

Селекция процесінде будандастыру жолымен және түрлі сыртқы жағдайлардың жасанды әрекетінен жасалған бастапқы материал болуы мүмкін.

 

 

Дәріс 3. Н.И. Вавиловтың алғашқы материалдар туралы ілімі (тұқым куалайтын өзгерткіштіктің гомологтық қатарлар заңы, мәдени дақылдардың шығу орталықтары)