ГЛОССАРИЙ

Кемтар балаларды балаларды әлеуметтік және медициналық -педагогикалық түзеу арқылы қолдау - кемтар балаларға тұрмыс-тіршілігіндегі шектелуді жою және оның орнын толтыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтерін көрсететін білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі.

Кемтар бала (балалар) белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене және (немесе) психикалық кемістігі бар он сегіз жаска дейінгі бала (балалар).

Қатер тобындағы бала (балалар) – ерте қолға алынбағандықтан әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетілмегендіктен , дене және (немесе) психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейінгі бала (балалар).

Дене кемістігі-ағзасы (ағзалары) дамуының және (немесе) жұмыс істеуінің ұзақ уақыт бойы әлеуметтік, медициналық, педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кажет ететіндей созылмалы бұзылуы.

Психикалық кемістік-адамның психикасы дамуының және (немесе) жұмыс істеуінін уақытша немесе тұрақты кемістігі, соның ішінде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоция-еркі жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуынын бұзылыстары, соның ішінде ақыл-ой жағынан кенжелеп қалу; психикалық дамуының тежелуі және осыған байланысты оқып-үйренудегі өзіндік қиындықтар.

Күрделі кемістік – дене және психикалық кемістігінің кез-келген ұштасуы.

Ауыр кемістік – мемлекеттік (оның ішінде арнаулы) білім беру стандартарына сәйкес білім беру қолжетімді болмайтын және оқыту мүмкіндіктері өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым білімдерді және қарапайым еңбек дағдыларын немесе аясы тар кәсіби даярлықты меңгерумен шектелетін дәрежедегі психикалық және (немесе) дене кемістігі.

Ерте қолға алу (ерте қолдау) - психикалық - дене бұзылыстары скринингін, медициналық психологиялық-педагогикалық диагностиканы, емдеуді, дамыта окытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа) дейінгі балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалык түзеу арқылы қолдау.

Әлеуметтік бейімдеу - нысаналы әлеуметтік және медициналық -педагогикалық қолдау арқылы қолдау процесінде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеруі мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі.

Әлеуметтік жұмыс - жекеленген адамдарға, отбасыларына олардың толық мәнді әлеуметтік жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін іске асыруда көмек көрсету жөніндегі қызмет.

Скрининг - "қатер" тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру.

Арнаулы білім беру - кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып білім беру.

Мұнда оқыту мүмкіндігі қоршаған орта туралы қарапайым білім алуымен, өзіне-зі қызмет ету дағдысын менгеру мен, қарапайым еңбек дағдысын және кәсіби даярлыкты менгерумен шектеледі.

Білім алу үшін арнайы оқыту, арнайы білім беру бағдарламасы мен оқыту эдістері, оқытудың жеке-дара техникалық күрапдары педагогикалық, медициналық, элеулеуметгік және т.б. қызмет көрсету.

Түзету - акыл ойы кем және дене дамуында кемістігі бар түлғаның ақауын түзету, емдеу, азайтуға мүмкін болса жоюға бағытталған педагогикалық шаралар немесе құралдар жүйесі. Түзету адамның компенсациялық бейімделу негізінде құрылады.

Компенсация (латын сөзі - орын толтыру) сақталған функциялар арқылы бұзылған қызметінің орнын толтыру негізінде ағза қызметін қайта құру үрдісі. Компенсация (толықтыру, теңестіру) арнайы әдістер мен түрлі техникалық құралдарды қолданатын мақсатқа бағытталады және арнайы ұйымдастырылған оқыту жағдайында тиімді болмақ. Компенсация процестері әлеуметтік еңбеке бейімделу жағдайын қамтамасыз ету үшін және қалыпты дамыған тұлғалар ортасына кемтар балаларды біріктіру үшін қажет.

Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар әлеуметтік ортамен әрекеттесуде қиыншылықтармен кездеседі, оларда қоршаған ортадағы өзгерістерді қабылдап, талдау қабілетгері төмен болады. Бұл балалардың қоршаған адамдармен қалыпты қарым - қатынас жасау қабілеті де шектеулі, кемістіктің салдарынан. Осыған байланысты арнайы мектептердің маңызды міндеттерінің бірі - әлеуметтік бейімдеу жұмыстары ұйымдастыру.

Сауықтыру - өзара тығыз байланысты бірнеше формалары бар, медициналык, психологиялық, педагогикалық, әлеуметік-экономикалық, кәсіби еңбек және тұрмыс шараларының кешенді жүйесінен тұрады. Олардың біреуінсіз толық сауықтыру мүмкін емес. Медициналық тарғыдан алғанда мүгедектердің денсаулығын толық сауықтыру, белсенді өмірге араластыру. Психологиялық тұрғыдан қарағанда сауықтыру өзін-өзі бағалауды қалыптастырудың тұлғалық психокоррекциясы.

Педагогикалық тұрғыдан сауықтыру - білім алуға қажетті білім, іскерлік, дағдылы менгеруге бағытталған тәрбие шаралары.

Әлеуметтік - экономикалық сауықтыру – мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды тұрғын үймен, пенсиямен, кемістікке тәуелді қажетті арнайы техиикалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

Дәрістік кешен

 

Дәріс №1. Кемістік және компенсация (орын толтыру).

Кілт сөздер:коррекция, компенсация, реабилитация, адаптация, біріншілік және екіншілік кемістік.

Жоспары:

1. Кемістік және компенсация ұғымы. Компенсация ұғымын тарихи аспекте қарастыру: компенсация мәселесін түсінудегі негізгі бағыттар. Л.С.Выготский кемістік пен компенсация туралы

2. Біріншілік кемістік және екіншілік ауытқу

1. Психикалық функцияның компенсациясы –бұл дамымай қалған немесе психикалық функциялардың бұзылуын қалыптастыру.

Компенсацияның екі түрі анықталады, 1-ші түрі: ішкі жүйелік компенсация, ол зақымдалған структураның сақталған жүйе элементтерімен іске асырылады.

2-ші түрі: жүйеаралық компенсация. Ол бұрын атқарылмаған басқа структураның жаңа элементтерін іске қолдануы және функцияны жүйелі қайта қалпына келтіру арқылы қалыптасады. Л.С. Выготский жалпы адамдар арасындағы сөйлеудің қажеттілігін қалыптастыру керек, сонда ғана сөйлеу пайда болады деген. Психолог А.Адлер компенсациялау мәселелерін жекеше шешеді. Оның айтуынша, бала тұлғасының қалыптасуы 5 жасқа дейін , содан соң психологиялық дамуы анықталады. Адам биологиялық тіршілікте икемсіз болады. А.Адлер компенсацияның төрт түрін көрсеткен.Толық және толық емес, Жоғарғы және төменгі компенсация.

Комплекс пайда болып, баланы өмірлік өзгертеді. Ол өте қызғаншақ, өзіне-өзі тұрақты емес, құбылғыш болады. Әсіресе функциялық кемістіктерді жеңу мүмкін , ол төменгі компенсацияға әкеледі. Бала ұлкен болған кезде өз кемістігін сезінеді. Кейін оларда өзімшіл, қызғаншақ тұлға ретінде өсуі тоқтайды. Жоғарғы компенсация кезінде балада невротикалық басқару компенсациясы пайда болады. Олар өздерінің білімін пайдалана отырып, өздерін ғана ойлап , адамдарды басқаруға тырысады. Бұл әлеуметтік тәртіптің ауытқуына алып келеді. Толық емес компенсация кезінде балалар басқа адамдар әсіресе өз құрбыларынан компенсацияланып отырады. Ал толық физикалық ауытқуы бар баланы компенсациялау мүмкіндігі жоқ, өйткені оларда изоляция нәтижесінде тұлғалық өсуі тоқтайды.

Коррекция - латынның “correkctio” - түзету. Балалардың психофизиологиялық даму кемшіліктерін түзету немесе азайтуға бағытталған. Кемістіктің дамуын жою немесе жеңілдету , балалардың таным әрекетінің және дене дамуының коррекциялық тәрбие жұмысы ұғымымен анықталады.

Әлеуметтік бейімделу– дамуында кемістігі бар тұлғалардың жеке дара немесе топтық мінез-құлқын жалпыға бірдей қоғамдық нормалармен

құндылықтарға келтіру.

Сауықтыру (реабилитация) - өзара тығыз байланысты бірнеше формасы бар және дәрігерлік, психологиялық , педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби еңбек пен тұрмыстық шаралардың кешенді жүйесін құрайды. Осылардың біреуінсіз толық сауықтыру болмайды. Сауықтырудың міндетін тек қана қоғам тұтастай шешеді.

2.Біріншілік және екіншілік ұғым туралы түсінікті Л.С.Выготский еңгізген. Біріншілік кемістік патогенді факторлардың әсерлерінің салдарынан қандай да бір биологиялық жүйенің (анализаторлар, бас миының жоғарғы бөліктері және т.б.) органикалық зақымдалуы немесе жетілмеуі салдарынан пайда болады. Екіншілік кемістік – біріншілік кемістіктердің салдарынан туындайтын, психикалық жеткіліксіздік және әлеуметтік тәртіптің бұзылуымен сипатталады (естімейтіндерде сөйлеу тілінің бұзылуы, соқырларда қабылдаудың және кеңістікті бағдарлаудың бұзылуы және т.б.).

Психикалық процестердің дамуының бұзылуының жүйелік негізделуін кеңестік психологияда 1920 жж Л.С.Выготский қарастырған.

Кемістіктің түрлері Біріншілік кемістік Екіншілік кемістік Үшіншілік кемістік
Кереңдікте Есту қабылдауының жоқ болуы немесе есту қабылдауының күрделі жеткіліксіздігі Тілдік дамудың бұзылуы Ойлау әрекеті бұзылады. Ойлаудың жеткіліксіздігі өз алдына тұлғаның дамуына әсерін тигізеді.
Бас миының диффузды зақымдалуы Аналитико-синтетикалық әрекеттің қалыптасуының бұзылуы, ол ең алдымен ойлаудың, ақыл-ой әрекетінің жеткіліксіздігінде байқалып, ақыл-ой кемдігінің негізгі симптомын құрайды. Жоғарғы психикалық функциялардың бұзылуымен негізделеді.  
Біріншілік және екіншілік кемістіктің күрделі байланысының нәтижесінде психикалық дамудың күрделі бейнесі қалыптасады, ол жекелей ерекшеліктердің маңызды айырмашылықтарына қарамастан дамудың бұзылуының әр типінде өзіндік спецификасы бар.

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:коррекция, компенсация, реабилитация, адаптация, біріншілік және екіншілік кемістік.

 

Дәріс №2. Баланың психологиялық дамуының жалпы және арнайы заңдылықтары.

Бала дамуының жалпы заңдылықтары. Баланың психикалық дамуында биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі. Табиғи көріністер, қоршаған орта, әлеуметтік қалпы және мәдениетті игеру. Депривация. Психикалық, сенсорлы және дене кемістіктерінде психикалық дамудың жалпы заңдылықтарының пайда болуы. Ауытқушылықты (кемістіктің) дамуының арнайы заңдылықтарының екі тобы: барлық бұзылыстардың түрлерінде көрінетін және бір бұзылыстың түрінде байқалатын топтар (В.И.Лубовский). Жоғарғы психикалық функциялардың дамуындағы сөйлеу тілінің ролі. Ауытқушылықты (кемістіктің) дамуындағы сензетивті кезең.

Дамуында ауытқуы бар балаларды психологиялық-педагогикалық терең тексерудіңмақсаты – диагностиканың қорытындысының негізінде түзету бағдарламасын жасау. Мұндай тексеру уақытты қажет етеді және негізінен білім беру мекемелерінде, кейде кеңес беру мекемелерінде жүргізіледі. Бұл тексерудің міндеті әртүрлі және әртүрлі жас кезеңдеріне арналған.

· Балаланың жеке психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;

· Оқыту мен дамытуға арналған түзету бағдарламасын дайындау;

· Баланы тәрбиелеу жағдайын және отбасылық қарым-қатынасын анықтау;

· Оқудағы қиыншылықтарға әкеп соқытыратын жағдайларды анықтау және көмек көрсету;

· Жасөспірімдерді кәсіпке бағдарлау және кәсіби кеңес беру.

· Әлеуметтік эмоциональды жағдайдағы мәселелерді шешу

Бұл міндеттерді шешуде психологиялық диагностиканың әдістерін пайдалану (эксперимент, тест, жобалық әдістемелер) өте маңызды.

Даму бұзылысының психологиялық-педагогикалық диагностикасының негізгі міндеттері:

· Балалардағы даму бұзылысын ерте анықтау;

· Даму бұзылысының сипатын және себебін анықтау;

· Дамуында ауытқуы бар балалардың жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтау;

· Оқыту мен дамытуға арналған бағдарламалар даярдау;

Қалыпты және дамуында ауытқуы бар балалардың дамуындағы негізгі заңдылықтар бірдей. Дамудағы ауытқушылық диагностикасы комплексті, жан-жақты, жүйелі түрде болуы қажет. Баланың психикалық дамуы тұралы бір ғана симптомы бойынша қорытынды шығару қажет болады. Балаларды зерттегенде оларда болатын кемістікті анықтау және дұрыс диагностикалау үшін әртүрлі мамандар қатысуы қажет: дәрігер, психолог, дефектолог, логопед. Бұл тәсіл балалардың дамуындағы ауытқушылықты дұрыс анықтауды және дамуларының клиникалық, психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Аномалды дамудың диагностикасында баланың жоғарғы психикалық процесінің жүйелі анализінің ерекше мәні бар. Зерттелетін баланың нейро-психологиялық, неврологиялық, психолого-педагогикалық ерекшеліктерін жүйелі, комплексті түрде анықтау қажет. Баланы зерттеу сөйлеудін басқа функциясынан, психологиялық базадан басталады. Оқушылардын күнделікті әрекет ету структурасының қандай бөлігі немесе бірнеше бөліктері қалыптаспаған немесе бұзылған екендігін анықтап алып. Балаларды ары қарата зерттеп және түзетуді дұрыс жүргізуге себеп болады. Бұл жағдайда баланың нені білетінін, нені білмейтіндігін анықтау мен қатар, оларды неге үйретуге болады, нені игере алатындығы есепке алынады

Баланың психикалық функциясын зерттегенде, оларды күнделікті тұрмыс жағдайларына және тәрбиеленуіне, басқа балалармен қарым-қатынасына назар аударылады. Бұл зерттелуде балалардың жас мөлшері ескеріледі, себебі әр кезеңце зерттеудін өз ерекшеліктері болады. Олардын назар аудару қабілеті, қабылдауы, еске сақтау қабілеті, интеллекті, эмоциялық реакциялары, олардын өз бетімен әрекет ете алуы анықталады. Балалардың ойынына диагностикалық бақылау жүргізіліп, олардын әр түрлі жағдайлардағы мінездері, өзін-өзі ұстауы бақыланады. Баламен әнгімелесу немесе ересектермен бала тұралы сөйлесу, үйрету тәжірибесі өткізіледі.

 

Дәріс 3. Арнайы психологияда даму деңгейлері. Дизонтогенездің психологиялық параметрлері

Психикалық даму және іс - әрекет . Арнайы психологияда даму ұғымы. Ауытқушылықтың (кемістіктің ) дамуы ұғымы (дизонтогенез). Дизонтогенездің психологиялық параметрлері (В.В.Лебединский): жекеленген функцияның бұзылуы; зақымдалудың уақыты; кемістіктің құрылымы; функциялардың өзара іс- әрекетінің зақымдалуы.

Психологиялық зерттеу мақсаты, дамуында кемістігі бар балаларда маман дефектологтар арнайы психологиялық әдістерді қолданып жан-жақты тексереді. Психологиялық зерттеудің қорытындысы диагностикада психолого-медико-педагогикалық зерттеудің негізгі критериі болып табылады. Психологиялық зерттеудің мақсаты:

1. Баланың психикалық даму кемістігін анықтау, топтастыру және кемістігін даму, мазмұнын анықтау.

2. Арнайы оқыту және тәрбие жұмысы жағдайында шамасын және кемістігін толтыру мерзімін жобалап анықтау, демек кейбір сақталған функциялармен кемістігінің орнын толтыруға бола ма, баланың толықтыру кезінде даму жылдамдығы қалай болады. Қандай көмек, қандай мөлшерде осы мәселені шешуге болады.

3. Дамуында кемістігі бар балалардың қай арнайы мекемеде және оқытудың қолайлы түрін анықтау. Психологиялық зерттеу психолого-медико-педагогикалық кеңестін зерттеу бойынша: балаға жан-жақты даму ерекшелігіне баға қоюға жағдайды жасайды. Психологияда дамуында кемістігі бар балаларға диагностика жасау үшін: баланың нерв жүйесі жайында мінездеме; оның соматикалық психологиялық даму дағдыларын өз жасына сай медициналық, психологиялық, педагогикалық логопедтің толық талдау жасау қажет. Баланың психологиялық дамуының бұзылуы биологиялық, социологиялық сипаттарға себептеліп немесе жеке бұзылу сияқты нерв және нерв психологиялық соматикалық аурудың салдарынан болуы мүмкін. Сондықтан да дифференциалды диагноз жасаған кезде дәрігерлер психоневролог, дефектолог қатысады. Сонымен мамандар арасындағы тығыз байланыс дамуында кемістігі бар балаларды жалпы жан-жақты тексерумен сипатталады.

Дамуында кемістігі бар балаларды зерттеу әдістемесі жан-жақты балаларды зерттеу, әдісімен сәйкес келеді. Әрбір маман дамуында кемістігі бар балаларды жан-жақты тексеру кезінде профессионалды кәсіби зерттеп, дамуында кемістігі барбалаларды психологиялық зерттеу медициналық тексеруден кейін анықтамаларын
негізгі ала отырып жүргізіледі. Сонымен мамандар арасындағы тығыз байланысты кеміс балаларды жан-жақты тексерумен сипатталады

Дәріс 4. Психикалық даму бұзылыстарының түрлері.

Психикалық дамудың бұзылыстарының негізгі түрлерінің психологиялық сипаттамасы: дамымауы, дамудың тежелуі, дамудың зақымдалуы. Күрделі кемістіктері бар балалар.

Тәжірибелік психодиагностикамен айналысатын психологтың кәсіпттік қызметтінің күрделі де жауапты саласы. Ол психологтан арнайы білімді, кәсіптік шеберлікті қажет етеді. Тәжірибелі психологтың қызметі белгілі талаптарды, принциптерді сақтау жүзеге асады.

Психодиагностиканы зерттеу өткізетін жалпы принциптері: -дамуында кемістігі бар балаларды бойынша арнайы мекемелері іріктеу; баланы оқыту, тәрбиелеу мекемесін анықтауда адамгершілікпен қарау; педагог, психолог, дәрігерлердің балаларды кешенді тексеру туралы принцип; баланы жүйелі, толық жан-жақты зерттеу туралы принципі; баланы дамуында тексеру туралы принципі; тексеруде баланың жас ерекшелігін ескеру туралы принцип; зерттеу нәтижелерін санды және сапалық талдау принципі. Психодиагностикалық тексеруі өткізуге қойылатын шарттары мен талаптар. Тексеру бойынша баланың көңіл-күйі, эмоционалды жағдайы жақсы болғанда ғана Егер бала соматикалық сәтсіз, аш болса, сонымен қатар қандайда себептермен байланысқа түсуден бас тартса, онда кездесуді басқа күнге ауыстырған жөн. Ешқашан баланы күштеп тапсырманы орындатуға болмайды.

Тексеру процесінде, ата-анасы отырған кезде баланың тәртібін, әрекетін, жүйке-психикалық саулығын, жариялауға және бағалауға болмайды. Сонымен қатар біріншіден, мамандардың ой-пікірі болжамдық сипатта болады, соңғы, нақты шешімді, тек анамнездік барлық мәліметтеріне талдау жүргізіліп, оны мамандарымен талқылағаннан кейін береді, екіншіден, ата-ана бұл мағлұматтарды аса эмоционалды және негативті қабылдаудары мүмкін зерттеу барысында ата-ананың көңіл-күйіне мән беру керек. Егер ата-ана зерттеуге кедіргі келтірсе, зерттеуді оларсыз өткізген жөн.

Зерттеу нәтижелерін мамандармен бірлесіп талдау, баланың жағдайы туралы ПМПК психология-медициналық-педагогикалық кеңес жұмысының жалпы шешім шығаруы. Бұл кезеңде мамандар бір-бірлеріне өз зерттеулерінінің нәтижелерін баяндайды. Әрине, кеңес беру кезінде мамандар бір ойға келе алмаулары да мүмкін. Әр маман баланың психикалық даму жағдайына өз бағаларын беруге құқығы бар. Бірақ ПМПК-ң жалпы қорытындысына кеңес меңгерушісі жауапты.

Отбасына кеңес беру. Бұл кезеңде мамандар ата-аналарға баланың психикалық диагнозын жағдайы туралы өз ойларын айтады, ойлау және психиканың жайлы өз кеңестерің береді.

 

Дәріс 5. Арнайы психологияның мәселелері . Коррекция, бейімделу, компенсация .

· Компенсация және коррекция.

· Әлеуметтік бейімделу. Ақыл-ойы кем балалардың дамуындағы коррекциялық бағыты.

· Абилитация және реабилитация. Арнайы оқытудағы әдістердің құрудағы психологиялық мәселелері. Біріктіріп оқытудың және психикалық дамуындағы бұзылыстары бар адамдарды қоғамға біріктірудің психологиялық мәселелері.

Психикалық функцияның компенсациясы –бұл дамымай қалған немесе психикалық функциялардың бұзылуын қалыптастыру.

Компенсацияның екі түрі анықталады, 1-ші түрі: ішкі жүйелік компенсация, ол зақымдалған структураның сақталған жүйе элементтерімен іске асырылады.

2-ші түрі: жүйеаралық компенсация. Ол бұрын атқарылмаған басқа структураның жаңа элементтерін іске қолдануы және функцияны жүйелі қайта қалпына келтіру арқылы қалыптасады. Л.С. Выготский жалпы адамдар арасындағы сөйлеудің қажеттілігін қалыптастыру керек, сонда ғана сөйлеу пайда болады деген. Психолог А.Адлер компенсациялау мәселелерін жекеше шешеді. Оның айтуынша, бала тұлғасының қалыптасуы 5 жасқа дейін , содан соң психологиялық дамуы анықталады. Адам биологиялық тіршілікте икемсіз болады. А.Адлер компенсацияның төрт түрін көрсеткен.Толық және толық емес, Жоғарғы және төменгі компенсация.

Комплекс пайда болып, баланы өмірлік өзгертеді. Ол өте қызғаншақ, өзіне-өзі тұрақты емес, құбылғыш болады. Әсіресе функциялық кемістіктерді жеңу мүмкін , ол төменгі компенсацияға әкеледі. Бала ұлкен болған кезде өз кемістігін сезінеді. Кейін оларда өзімшіл, қызғаншақ тұлға ретінде өсуі тоқтайды. Жоғарғы компенсация кезінде балада невротикалық басқару компенсациясы пайда болады. Олар өздерінің білімін пайдалана отырып, өздерін ғана ойлап , адамдарды басқаруға тырысады. Бұл әлеуметтік тәртіптің ауытқуына алып келеді. Толық емес компенсация кезінде балалар басқа адамдар әсіресе өз құрбыларынан компенсацияланып отырады. Ал толық физикалық ауытқуы бар баланы компенсациялау мүмкіндігі жоқ, өйткені оларда изоляция нәтижесінде тұлғалық өсуі тоқтайды.

Коррекция - латынның “correkctio” - түзету. Балалардың психофизиологиялық даму кемшіліктерін түзету немесе азайтуға бағытталған. Кемістіктің дамуын жою немесе жеңілдету , балалардың таным әрекетінің және дене дамуының коррекциялық тәрбие жұмысы ұғымымен анықталады.

Әлеуметтік бейімделу– дамуында кемістігі бар тұлғалардың жеке дара немесе топтық мінез-құлқын жалпыға бірдей қоғамдық нормалармен

құндылықтарға келтіру.

Сауықтыру (реабилитация) - өзара тығыз байланысты бірнеше формасы бар және дәрігерлік, психологиялық , педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби еңбек пен тұрмыстық шаралардың кешенді жүйесін құрайды. Осылардың біреуінсіз толық сауықтыру болмайды. Сауықтырудың міндетін тек қана қоғам тұтастай шешеді.

Дәріс 6. Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық зерттеудегі негізгі қағидалары.

Жоспары:

· Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық диагностикасының жалпы негіздері.

· Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық зерттеудегі негізгі қағидалар: жинақтылық қағидасы, психологиялық – педагогикалық тексерудегі бүтінше толық қағидасы; бастапқы іс- әрекет процесінде зерттеу және т.б. Психологиялық диагноз, оның түрлері.

· Дамудың бұзылыстарының құрылымының маңызды элементтерінің бөлініп шығуы .

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды дефектолог мамандары, психологтар арнайы диагностикалық әдістерді қолданып, жалпы тексеру жүргізеді. Психологиялық зерттеудің нәтижесі ПМПК-ның негізінде анықталады.

Психологиялық зерттеудің мақсаты:

1. Психикалық даму көрсеткіштерін анықтау немесе кемістіктің даму мазмұнын анықтау, топтастыру.

2. Бала дамуының ерекшеліктерін анықтау негізінде арнайы оқыту және тәрбиелеу жұмысының мазмұнын және әдістерін іріктеу

3. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ерекшеліктеріне байланысты арнайы білім беру мекемелерін анықтау, оқытудың қолайлы түрін дайындау.

Психологиялық, медициналық, педагогикалық зерттеу балалардың жан-жақты даму ерекшелігіне жағдай жасайды. Психикалық дамуында кемістігі бар балаларға диагноситка жүргізу үшін баланың жүйке жүйесі жайында толық мағлұмат алып, оның психологиялық - соматикалық дамуын өз жасына сәйкес келетіндігін анықтау үшін педагогикалық, медициналық, логопедиялық, психологиялық толық талдау жүргізу керек.

Психологиялық зерттеу әдістемесі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды зерттеу әдістемесі жан-жақты және қалыпты балаларды зерттеу әдістемесімен тура келеді. Бірақ өзіне тән ерекшеліктері бар:

1. Баланың жеке құжаттарымен танысу.

2. Баланың жалпы жағдайы туралы педиатрдің анықтамасы

3. Психоневрологтың медициналық диагнозы және ақыл-ой кемістігіне мінездеме береді.

4. Отолорингологтың анықтамасы.

5. Офтальмолог көру мүшесіне мінездеме береді және толық диагноз қояды.

6. Артопед – қимыл –қозғалысы бұзылған балалрға анықтама береді.

Толық жиналған материалдар негізінде психологиялық зерттеулерге мүмкіндік береді.

Зерттеу әдістері:

Бақылау әдісі – бақылау бақылаушының араласпай баланың психикалық функциясын анықтауға болады. Бақылау қорытындыларын дәлме-дәл тіркеп отыру керек.

Бақылау: -белсенді-енжар

Әңгіме әдісі – арнайы құрылған бағдарлама бойынша жеке қарым-қатынас процесіндегі психикалық құбылыстар туралы мәліметтердің жиынтық әдісі. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен әңгіме 2 түрлі бағытталған болады:

1. Ата-анамен әңгімелесу

2. Баламен сөйлесу.

Эксперимент әдісі – оқытылып жатқан құбылыстардың активті пайда болатын, қамтамасыз ететін түрлі және арнайы модельденген жағдайдың факторларының жиынтығы.

XIX ғасырдың 2 жартысында ақыл-ойы кем балаларды зерттеудің клиникалық және психолого – педагогикалық аспектісі кеңейеді. Бұл зерттеулер ақыл – ойы кем балалардың дифференциациялық критериін және интелектісінің дамуына бағытталған. Бұл мәліметтер әр түрлі деңгейдегі аномальді балалардың мекемелер түрін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мәселелердің шешілуі психиатрия және психологияның даму деңгейінің өсуімен байланысты.

XIX ғасырдың 2 жартысында ғылымдардың өрлеп дамуымен сипатталады. К.Маркс және Ф.Энгельстің диалектико – материалистік зерттеулері биология аймағындағы теориялық концепцияларды құруда зерттеушілер және философтар өз көмегін тигізді. Материалистік көзқарастардың дамуына үлкен әсер еткен биология аймағындағы Ч.Дарвиннің «Пройсхождение видов» (1859) және И.М. Сеченов «Рефлексы головного мозга» (1863) атты кітаптардың шығуы дүр сілкіндірді.

И.М. Сеченовтың бұл жұмысында, психикалық құбылыстардың құрылуы орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы жұмысының нәтижесі деген.

Психологияда және педагогикада көптеген экспериментальды зерттеу әдістері қолданылады.

XIX ғасырдың 2 жартысында XX ғасырдың басында ақыл – ой кемдіктің мінездемесі және айқынды түсінігін екі бағытта анықтады.

Бірінші бағыттағы ақыл –ойы кем балаларды зерттеу клиникалық негізде болады, яғни ақыл – ой кемдіктің себебін, материалдық негізде аномальды дамуды анықтау. Бұл бағытты қолдаушылар ақыл – ой кемдікті балалардың әртүрлі кезеңіндегі қолайсыз жағдайлардың себебі деп түсіндіреді. Бұл бағыттағы ақыл – ой кемдікті зерттеу бағыттары шет елдерде XIX ғасырдың 2 жартысында XX ғасырдың басында психиаторлармен ұсынылды. Олар: В. Гризингер, В. Айрленд, Б. Морел,

Д. Бурневил, В. Вейганд, Э. Крепелин және т. б., Ресейде – И.П. Мержеев, П.И. Ковалевский, С.С. Корсаков, В.П. Сербск, А.Н. Бернштейн, В.И. Яковенко, Г.И. Россолимо, Г. Я. Трошин т.б.

Зерттеудің екінші бағыты психолого – педагогикалық мінездемеде болады. Бұл бағытты ұстанушылар А. Бинэ, Т.Симон, Санте де Санктис және басқалары ақыл – ойы кемдердің логикалық түріне көңіл аударды. Бұлардың ойынша ақыл –

ойы кем баланың дамуы дұрыс дамудағы баладан дамудың сандық жағынан артта қалып отырады. Жоғарыда айтылған зерттеушілер ақыл – ойы кем балалардың психикалық деңгейін анықтады. Оларды негізінен нормадағы дамудан ауытқушылықтың себебі қызықтырды.

XX ғасырда жиналған ақыл – ой кемдіктің зерттеулері, классификациялары, ақыл – ой кемдіктің түрлері, формалары, ақыл ой кемдік мәселесімен айналысқан дәрігерлер, педагогтар және психологтарда ыңғайсыздық туды. Бұл жағдайда қарама – қарсы ойлар болды.

Дәрігерлер, педагогтар және психологтардың ойлары тек ақыл – ойы кем баланы оқытудағы бағытын анықтау болды. Жаңа педагогиканың міндеттерінің бірі ақыл – ойы кем балалардың ойының даму деңгейін және ерекшелігін анықтау, оларды жалпы мектепке бөліп, ыңғайлы оқыту жағдайына енгізу болды.

Тұлғалық ерекшелігін анықтау мақсатында 1-ші болып 1890 жылы Американдық психолог Кэттэл қолданған болды.

Индивидтің қарапайым және күрделі тұлғалық жағдайларын анықтауда француз психологы Альфред Бинэ (1857-1911) енгізген. Ол бірінші болып индивидуалды және практикалық психологияны қалаған. Альфред Бинэ тұлғаның қарапайым жағдайларына сезіну, ас, реакцияның тездігін жатқызды, ал күрделі жағдайларға – эмоция, ерік, өзіндік пікірді, эстетикалық критерийлерді жатқызған. Альфред Бинэ тұлғаның күрделі жақтарының эксперимент арқылы шығаруға қиынға соғатынын түсінген, дегенмен ол зерттей отырып тұлғаның күрделі жақтарын шығаруға тырысты. Альфред Бинэнің ізденістері тест әдістеріне алып келді. Оның ойынша тест арқылы күрделі психикалық құбылыстарды анықтауға болады.

Тесттің бірінші варианты 1896 жылы жарық көрді. Бұл тесттер ес, қиял, елестету, зейін, қабылдау, бұлшық ет сезімталдығын, ерік, эстетика және этикалық сезімдерді анықтауға арналған. Дегенмен бұл тест эксперименталдық зерттеу арқылы тұлғаның ерекшелігін анықтауға мүмкіндік бермеді. Бинэ тест әдісінен бас тартқан жоқ. Бұл әдіске кеш келе отырып, тәжірибелік мақсатта қолдана бастады. 1904 жылы ақыл – ой кемдікті классификацияларын анықтау мақсатында А.Бинэ және Т.Симонға француз басқармасынан тапсырма берілді. Бинэ және Симон ақыл – ой кемдіктің идиотия, имбецил, дебил деп дәстүрлі бөлінуіне қосылды. Олардың ақыл – ойы кем балаларға беретін мінездемесі келесідей: Идиот деңгейіндегі балалар деп өз ойын жазбаша жеткізе алмайтын және жазылған сөзді

оқи алмайтын балаларды жатқызады. Дебил деңгейіндегі балаларға жазбаша және ауызша тілде сөйлей алатын балалар жатады.

Осылайша Бинэ және Симон ақыл – ой кемдіктің бір жақ белгісі яғни сөйлеу ерекшелігін ала отырып суреттейді. Бинэ және Симон талап етілетін білімді әртүрлі жасқа, сыныпқа негізделе отырып: оқу дағдысын меңгеру деңгейін келесідей көрсеткіштер бойынша мінезделетінін көрсеткен.

1) Буындап оқу (6-7 жастағы балалар деңгейінде)

2) Сөзді немесе сөз тобын тоқтап оқу (7-8 жастағы балалар деңгейінде)

3) Бір қалыпты оқу (8-9 жастағы балалар деңгейінде)

4) Бір қалыпты жылдамырақ оқу (9-10 жастағы балалар деңгейінде)

5) Анық оқу (10-11 жастағы балалар деңгейінде)

Бинэ және Симон бала жасын ескере отырып психологиялық эксперимент жүргізді.

7 жастағы балаларға арналған сұрақтар:

1. Сабаққа кешігіп бара жатқанда не істеу керек? (Асығу керек)

2. Поездан қалып қалсаң не істеу керек? (Келесі поездпен кету керек)

3. Жалқау және жұмыс істегісі келмегендермен не болады? ( Олар надан болып қалады.)

4. Егер сен жүргеннен шаршасаң, трамвайға ақшаң жоқ болса не істеу керек? (демалып содан кейін жүру керек)

11 жастағы балалар үшін сұрақтар.

1. Керекті іске көше берместен не істеу керек? (Тәжірибелі адамдардан көмек сұрау керек)

2. Неге ашумен жасалған тәртіпті қалыпты жағдайда жасалған тәртіпке қарағанда тез кешіреді?

(Бірінші әрекет санасыз, ал екіншісі санамен жасалған әрекет)

3. Біз танымайтын адам туралы ойымызды айтуды сұрағанда не істеу керек? (Түкте айтпау керек)

4. Неге адамның сөзіне қарап емес, ісіне қарап бағалайды? (Іспен алдауға болмайды, сөзбен алдауға болады)

Жауаптың сапалы анализіне қарай ақыл-ой кемдіктің деңгейін анықтауға болады.

Л.С. Выготский ақыл-ой кемістігі туралы өзіндік ой қозғады. Ол біріншілік және екіншілік кемістік. Оның ойынша біріншілік және екіншілік кемістікті дамуы кешеуілдеген баланы қатал ажырату керек. Бұл кемістіктер материалды жағдаймен, басқа біреулері тура пайда болып біріншілік кемістікті құрайды. Екіншілік кемістік ең негізгі жарақаттан пайда болады. Біріншілік кемістік орталық жүйке жүйесінің органикалық бұзылысы болғандықтан, оны түзеу өте қиынға соғады.

Екіншілік кемістік түзелуге келеді. Өйткені, педагогикалық күш екіншілік кемістікті тоқтатып ескерту керек.

Л.С. Выготский біріншілік және екіншілік кемістікті нақты көрсетпейді, дегенменде бұл екі кемістікті коррекциялық-тәрбиелеу жұмыстарын негізін құрауға мүмкіндік берді.

Л.С. Выготский ақыл – ойы кем баланың тұлғалық дамуына үлкен үлес қосты. Оның көзқарасы бойынша баланың тұлғалық дамуы биологиялық, әлеуметтік және педагогикалық факторлардың қарым – қатынасы арқылы дамиды деген. Психикалық қызметтің бұзылуы баланың тұлғасына түгелімен әсер етеді. Ақыл – ойдың бұзылуының барлық түрінде таным әрекеттерінің бұзылысы жүреді. Орталық жүйке жүйесіне әсер еткен себебіне және мінездемесіне, бұзылыстың уақытына байланысты ақыл- ой кемдіктің келесі формалары жүреді олигофрения және деменция.

Ақыл – ой кемістігі құрсақ ішіндегі және баланың ерте даму кезеңіндегі орталық жүйке жүйесі не жарақарттар болған кезде ғана пайда болады.

Деменция (кем ақылдық) бала біраз дұрыс дамудан өткеннен кейін пайда болады.

Кеңес дәрігерлері, психологтары және педагогтары психофизикалық аномальді өзіндік ерекшелігі бар баланың дамуы туралы диалектико – материалдық түсінігі пайда болды. Дефектологияның дамуына, соның ішінде психикалық және физикалық дамымаушылығы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу заңдылықтарына Л.С. Выготский (1896-1934) зор үлес қосқан.

Л.С. Выготскийдің қосқан ойлары, кеңес дефектологының негізінде жатқан, бірақта қазіргі кезде де өзінің белсенділігін жоғалтқан жоқ. Олар ақыл – ой кемістігінің клиникалық және психологиялық зерттеулерінде дамуда.

Л.С. Выготский зерттелінген ақыл – ой кемдікті теріс жақтарын қатты сынға алды, ақыл – ойы кем баланың денсаулығын түзеу, сақталған функцияны қосу

туралы өз зерттеулерін жүргізді. Ол осы аномальды балалардың дені сау жақтарына сүйене отырып коррекциялық – педагогикалық жұмысты жүргізуге болады деген. Л.С.Выготский ақыл – ой кемдікке және баланы зерттеуде динамикалық түрде келді. Оның ойынша, ақыл – ой кемістігінің құрылым белгілері күрделі. Ақыл – ойы кем баланың көптеген белгілері белгілі бір өнімнің нәтижесі.

Л.С. Выготский неміс психиаторы Крепелиннің еңбегін қолдады,ғ өйткені ол белгілерді классификация негізіне қаламай, аурудың сыртқы белгілері ретінде қарастырған.

Л.С. Выготский ақыл – ой кемдіктің интеллектуалдық бағыттағы көзқарасты сынға алады. Бұл бағыттыц қолдағандар жиі орынға интеллектуалдық жетіспеушілікті қойды. Ақыл – ой кемдіктің негізгі белгісіне тұлғаның аффективті – ерік жігер жағын қосқан жоқ.

Деменцияға қарағанда олигофрения бірқалыпты өтеді. Мұнда таным және эмоционалды ерік жігер сферасының жақсаруы немесе төмендеуі байқалмайды.

Деменцияда психикалық дамудың бірқалыптылығы болмайды. Мұнда, жағдайдың жақсаруы немесе төмендеуі жүреді. Кейбір дефектологтар

ақыл – ой кемістікті «терең идиотия», «терең имбицил», «жеңіл дебил» және т.б. деп бөледі. Дегенмен мұндай анықтамалар субъективті мінездеме болады, яғни ақыл – ой кемдіктің психофизикалық ерекшелігін бейнелейді. Кеңес өкіметі кезіндегі дефектологтар ақыл – ой кемдікке этиологиялық, потогенетикалық және физиологиялық принцип бойынша әр түрлі классификацияға бөлген.

Профессор Д.И. Азбукин ақыл – ой кемістігінің патогенезінде эндокринопатияның рөлін кеңейте отырып өз классификациясын ұсынды. Бірақ бұл классификация танылған жоқ. Ақыл – ой кемдіктің терең клиникалық зерттеулерін жүргізген психоневролог Г.Е. Сухарева және профессор М.С. Певзнер.

Профессор Г.Е. Сухарева (1965) ақыл – ой кемдіктің уақытымен себебін ескере отырып өз классификациясын ұсынды. Г.Е. Сухарева оны 3 түрге бөлді, 1-де ата – ананың генеративті жасушаларының бұзылуымен байланысты, 2- де құрсақ ішіндегі балаға әр түрлі қолайсыз жағдайлардың әсері, 3-де баланың туу кезіндегі және өмірінің алғашқы жылдарындағы әр түрлі әсерлер.

Профессор М.С. Певзнер үлкен клиникалық және арнайы зерттеулер негізінде ақыл – ойы кем блаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерінің

классификациясын ұсынды.

Ақыл – ой кемдіктің 1-ші формасы мінез-құлық, эмоционалды ерік-жігер сферасының т.б. күрделі емес бұзылысымен сипатталады. Көбінесе бұл генетикалық мінездемеге сәйкес. Ақыл – ой кемдіктің қалған формаларын М.С. Певзнер күрделенген түрлерге жатқызды. Бір жағдайларда таным әрекеттерінің мінез- құлықпен байланысы, басқа жағдайда сөйлеу есту функцияларының төмендеуі, кеңістікті бағдарла, қозғалыс жүйелері бұзылады, 3-ші түрде тұлғалық бұзылу, психопатты қылықтар, моториканың бұзылысы жүреді.

М.С. Певзнер потофизиологиялық фактордың қозғалыс және қалыпты жағдайдағы қозу және тежелу процестерін ескереді. Ақыл – ой кемдіктің бір тобында әрекетінің күрделі бұзылыстары, жүйке процесстерінің қозу және тежелу аймағындағы бұзылыс жүреді. Ақыл – ой кемдіктің 2-ші түрінде қозу үстіндегі тежелумен сипатталады. М.С. Певзнер ақыл – ой кемдіктің 3-ші түрін бөліп көрсетеді. Бұл топтағыларға жалпы әлсіздік, жүйке процестерінің жалпы бұзылысы мен сипатталады.

Қазіргі уақытта ақыл – ой кемдіктің себептілігінің генетикалық факторлардың зерттеулеріне көп көңіл аударуда. Биология, генетика, физиология, психиатрия және басқа да ғылымның жаңа жаңалықтары

ақыл – ой кемдікті зерттеуге жаңа бағыт ашуда.

 

Тақырып 7. Дамуында ауытқушылығы бар балалардың қабылдауы және сезінуі .

Олигофренияның этиологиясы және патогенезі.

Олигофрения – психикалық жеткіліксіздіктің ерекше формасы. Бас миының перинатальді және ерте постнатальді (2-3 жаста) салдарынан таным процестерінің тұрақты төмендеуі.

Олигофренияның белгілері:

1. Тұрақтылық;

2. Қалыпқа келмеу;

3. Кемістіктің органикалық сипаты;

4. Прогредиентті емес.

Олигофренияның түрлі формасындағы патогенез бірдей емес, бірақ ортақ механизмдері бар

Онтогенездің кезеңдерінің өтуі негізгі роль атқарады,бұл кезде баланың дамып келе жатқан миының зақымдалуы жүреді.

Түрлі патогенді факторлар: эндогенді, экзогенді, аралас- бас миында өзгерістер туғызуы мүмкін.

Олигофренияның негізгі себептерінің бірі – патогенді фактордың әсер ету уақыты, оның локализденуі, зақымдану ауқымы және ағзаның резистенттігі.

Олигофренияның этиологиялық факторлары:

1. Эндогенді (тұқым қуалаушылық)

2. Экзогенді (түрлі химиялық препараттардың, радиацияның және т.б. әсері);

Олигофренияның аралас сипаты.

Этиологиялық белгілері бойынша анықталған олигофренияның клиникалық формалары.

Топ

- Тұқымқуалаушылық факторлармен негізделген олигофрения (микроцефалия).

- Зат алмасудың бұзылуымен негізделген ауру (фенилкетонурия, гомодистенурия, галактоземия, фруктозурия, сукрозия, Морфан синдромы,гаргоилизм, Лоуренс синдромы).

- Хромосомды аберрациялармен туындаған олигофрения (Дауна аураы, Шерешевский – Тернер синдромы, Клайнфельтер синдромы).

Топ

Бұл топқа ұрықтың және баланың зақымдануынан пайда болған аурулар жатады. Бұның себептері әртүрлі болуы мүмкін.

Инфекциялық аурулардың әсерінен пайда болған олигофрения (қылша, тұмау, және т.б.).Эмбрионның зақымдануы жүктілік мерзіміне тікелей байланысты (көбіне 5-9 апта).

Туа пайда болған мерез, токсоплазмоз, листериоз, кретинизм.

Топ

Перинатальді кезеңде және алғашқы 3 жылда жағымсыз факторлардың әсе ету нәтижесінде дамыған олигофрения.

Олигофренияның классификациясы.

М.С.Певзнер бойынша олигофренияның формаларының топтастырылуы.

3. Олигофренияның күрделі емес формасы.

4. Нейродинамикалық процестердің бұзылуынан күрделенген олигофрения

5. Тәртіптің психопаттық формалары байқалатын олигофрения.

6. Түрлі анализаторлардың бұзылуымен қатар жүретін олигофрения.

7. Маңдайдың айқын жеткіліксіздігіменбайқалатын олигофрения.

 

Г.Е.Сухарева бойынша олигофренияның топтастырылуы (1972 ж.).

1. Эндогенді сипаттағы олигофрения:

· Нақты микроцефалия;

· Дауна ауруы, Шерешевский – Тернер синдромы, Клайнфелтер синдромы, және т.б.;

· Ксеродермикалық формалары (Рад синдромы) ;

· Энзимопатикалық формалар;

Ата – аналардың генеративті клеткаларының мутагенді зақымдалуы;

2. Эмбриопатиялар және фетопатиялар:

· Вирусты инфекциялармен негізделген олигофрения;

· Токсоплазмозбен негізделген олигофрения;

· Туа пайда болған сифилиспен негізделген олигофрения;

· Гормональді бұзылулар себебінен пайда болған олигофрения.

3. Туған сәтте, ерте жаста және баланың өмірінің алғашқы 3 жылында түрлі жағымсыз факторлардың әсеріне пайда болған олигофрения:

· Асфиксия және туған кездегі жарақат нәтижесінде пайда болған олигофрения;

· Балалық шақта (3 жасқа дейін ) инфекциялардың және бас миы жарақатының нәтижесінде пайда болған олигофрения;

· Атиптік олигофрениялар.

Зияты дамымаған балалардың қабылдауы және сезінуі.

Баланың қоршаған ортаны тануда сезіну мен қабылдау негізгі рөлді алады.

Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектерімен біәрге, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас түрде белгіленуі.

Ақыл – ойы кем оқушыларда қалыпты балалармен салыстырғанда әртүрлі сезінуінің бұзылысы және объектілер мен ситуацияларды қабылдау бұзылыстары байайқалады.

Ақыл – ойы кем балалардың қабылдау және түйсік дамуы баяу жүреді. Ақыл – ойы кем балалардың қабылдауының баяулығы оның психикалық дамуына әсерін тигізеді. Ақыл- ойы кем балалардың қабылдау және түйсіну ерекшеліктерін кеңес психологтары кеңінен зерттеген. (И.М. Соловьев, К.И. Вересотская, М.М. Нудельман, Е.М. Кудрявцев.)Бірінші топ факторына баланың көріп қабылдауының баяулығы және аз көлемділігімен сипатталады. Ақыл- ойы кем балалардағы көру темпінің баяулығын К.И. Вересотская зерттеген. Оның зерттеуі келесідей жағдайда өтті.

В.И.Вересотская зерттелінушіге көзге түсерлік суреттердің ішінен балаларға таныс заттарды айтуды сұраған, Мысалы: алма, мысық, қарандаш т.б. Суретті анықтау уақытын арнайы тахистоскос приборы арқылы жүргізеді. Бірінші зерттеулер 22 миллисекундқа созылды. Суреттер құрылымы зерттеленушілерге үш топқа көрсетілді:

1) Қалыпты ер адамдарға

2) Жалпы мектептегі 1 сынып оқушыларына

3) Көмекші мектептегі 1 сынып оқушыларына

Мұндай қысқа уақыт ішінде қалыпты ер адамдар заттарды72% дұрыс тапты, талпы мектеп оқушылары 57% заттарды, ал көмекші мектеп оқушылары бірде бір затты танып үлгермеді.

Бұл зерттеулер қайталап уақыт мөлшерін ұзарту арқылы жүргізілді,

(42 миллисекунд). Мұнда ер адамдарға берілетін уақыт, заттық бейнені нақты айтуға толығымен жетті. Жалпы мектеп оқушылары 95%, ал көмекші мектеп оқушылары заттың тек жартысын ғана 55% таныды. Бұл эксперимент нәтижесінде ақыл- ойы кем балалардың көріп қабылдау темпінің баяу екенін дәлелдеді.

Ақыл -ойы кем балалардың көріп қабылдауының бұзылысы, оның түсті ажыратуда, белгілі бір объект бөлігін анықтауда анық байқалады. Сонымен қалыпты дамудағылармен салыстырғанда ақыл – ойы кем балалардың көру өткірлігінің бұзылысы байқалған.

Ақыл – ойы кем балаларға объект және құбылысты танудың өзгешелігі тән. Олар кейбір заттардың айырмашылығын айыра білмейді. Балабақша тәрбиеленушілері және 1- сынып оқушылары тиін мен мысықтың, компас пен сағаттың айырмашылығын таба білмейді.

Кіші сынып оқушылары өзінің көріп қабылдауын өзгерген жағдайға бейімдете алмайды. Егер оқушыларға, әсіресе кіші сынып оқушыларына сурет 80° төңкеріліп тұрса, онда бала мұндай жағдайда қалыпты қабылдайды.

Кеңістікті бағдарлауының бұзылысы ақыл – ойы кем балалардың кеңістікті түсіну құрылысын 3 кезеңге бөліп көрсетуге болады.

Бірінші кезең олардың қозғалу мүмкіндігімен байланысты.

Екінші заттық әректті меңгерумен.

Үшінші кезең ауызша сөйлеу тілінің дамуымен байланысты. Кеңістікті бағдарлау бұзылысы мектепті оқу барысында, яғни еңбек, география, сурет салу, дене шынықтыру сабақтарынад анық байқалады.

Ақыл – ойы кем балалардың көріп қабылдауының өзіндік ерекшелігі сюжеттік суретті қарау кезінде байқалады, олардың түсініктері толық емес, бұрмаланып келеді.

Ақыл – ойы кем балалардың басқа да қабылдау түрлері баяу дамыған. Олардың қабылдау темпінің баяулығы қолданылатын материалдың көлеміне байланысты.

М.М. Нудельман зерттеулері көрсеткендей, терезеден көрген пейзажды ақыл ойы кем балалар қалыпты балаларға қарағанда бейнелерді аз қабылдайды. Олардың қабылдаған бейнелерінің саны аз болады.

И.М. Соловьевтың айтуы бойынша қалыпты балалар бірден қабылдаса, ақыл ойы кем балалар үшін шындықтың көп бейнесі аумақтары аз заттар арқылы қабылданады.

Э.А. Эвлакованың зерттеулері бойынша, ақыл- ойы кем балалар суретте бейнелерден адамның көңіл –күйін анықтай алмайды деген. Жалпы ақыл – ойы кем балалар үшін сюжеттік картиналарды және пейзаждарды немесе әр түрлі суреттерді түсіну оқу біршама қиын болып табылады. Олар суреттегі перспективаларды түсінбейді, түсініктерді ажырата алмайды және жартылай жабылған заттарды атай алмайды.

Ж.И. Шифтің экспериментальды зерттеулері, зияты дамымаған балалардың түсті ажыратуына арналған. Зерттеулер көрсеткендей, қалыптағы балалар ұқсас түстерді 1 топқа жатқызса, ақыл ойы кем балалар түстерді көптеген ұқсас емес түатерді 1 топқа біріктірген.

Зияты дамымаған балалардағы қабылдау белсенділігінің жетіспеуі

К.И. Вересотскаяның зерттеулерінде айқындалған. К.И. Вересотская балаларға суреттер ұсынды. Кейбір суреттер дұрыс, кейбіреулері 90°немесе 180° бұрылып көрсеткен.. Жалпы мектеп оқушылары дұрыс тауып суретті қалпына қойып отырды, ал көмекші мектеп оқушылары суреттегі бейнені танымай немесе оны қалыпты жағдайдағы сурет деп қабылдап отырды. Ақыл- ойы кем балаларға суретті бұрып қалпына қоюды жүзеге асыру үшін заттарды танып қабылдау белсенділігі жетіспеді. Олар төңкеріліп берілген сурет қалыпты жағдайдағы сияқты басқа заттарды танып отырды.