В) Энеолит 16 страница

Облыстық, уездік, болыстық кеңестердің жер, азық-түлік, шаруашылық, сот, бақылау, қаржы бөлімдерінің жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар іске асырылды. Төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссия, милиция құрылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды. Заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады. Осындай курс Семей уезіндс ұйымдасты. Облыстық Кеңестер жанынан ұлттық қарым - қатынасты реттейтін комиссиялар құрылды. Олар Қытайға көшіп кеткен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына қатысушылардың елге оралып, жайлы жерлерге орналасуына көмектесті.

РКФСР Халком Кеңесінің 1917 жылғы 22 қарашадағы "Сот туралы" жарлығымен соттың ескі құрылымы түгелдей қысқартылып, жергілікті жерлерде соттың жаңа жүйесі пайда болды. Сонымен бірге ескі прокурорлық бақылау менқылмысты іс тергеушілер институттары, қорғаушы жәнежеке адвокатуралар жойылды. 1918 жылы облыстардағы Кеңес Атқару Комитеттері жанынан сот бөлімдері, ал өлке орталығында Қазақ өлкелік соты ұйымдасты.

1918 жылғы көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 жылғы сәуірдің 20-нан 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің бесінші съезінде іскс асты. Оның құрамына Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Орта Азия республикалары мен Қазақстан жерін межелеу жүргізілгенге дейін Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы болған Батыс-сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей ордасы Астрахань губерниясы қарамағына кірді.

Кеңес өкіметі ішкі және сыртқы жаулардан қорғану үшін республиканың қарулы күштерін құру мәселесіне көп көңіл бөлді. 1918 жылғы 15 қаңтардағы жұмысшы, шаруа қызыл әскерін құру жөніндегі үкіметтің нұсқауына сәйкес елде әскери бөлімдер құрыла бастады. Олар еріктілерден тұрды. Қазақстанда облыстық, уездік кеңестер жанынан әскери комиссараттар, әскери бөлімдер, қызыл штабтар құрылып, жауынгерлерді әскер ісіне үйретумен шүғылданды.

Бірақ еріктілік негізінде құрылған бөлімдерде тәртіп, бір - бірімен байланыс нашар болды. Олардағы жағдай түзетуді қажет етті. Шет ел басқыншылығы, ішкі және сыртқы жаулармен күрес әскер бөлімдерін құруда еріктіліктен бас тартып, әскери міндеттілікті енгізуді, әскер бөлімдерін темірдей тәртібі бар, соғыс өнеріне жақсы үйретілген күшке айналдыру керек еді. Солай істелді де, әскер құрамында ұлттық әскерлер құрамалары, оның ішінде қазақ жастарынан тұратын бөлімдер құрылды. Кеңес өкіметінің декреттері негізінде фабрика, зауыт, банктерді национализациялау іске асырылды. Қазақстанда алдымен ұсақ, Орта кәсіпорындары мемлекет меншігіне көшті. Кейін ірі кәсіпорындар да, оның ішінде Спасск мыс қорыту зауыты, Екібастұз көмір өндірісі, Риддер рудниктері мемлекет қарамағына алынды. Онда еңбек тәртібін нығайту, жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселесімен кәсіподақтар кеңінен айналысты. Олар өндіріс пен өнімді бөлуді бақылауға алды. Жұмыс күні, еңбекақыны реттеу, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, мұқтаждарына көмек көрсету, әйелдер мен жасөспірімдердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелерімен шұғылданды. Кеңес орындарымен тығыз қарым - қатынас жасап отырды.

Кеңестердің екінші съезінің шешімдеріне сәйкес жерге жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай казак - орыстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, сондай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.

Жер мәселесін шешудегі жергілікті кеңес орындарының қызметі бірнеше кезеңнен тұрды. Оның 1917 жылғықарашадан - 1918 жылғы жазға дейінгі кезеңінде жергілікті Кеңестер, жер комитеттері мен комиссиялары бос жерлерді, тәркіленген помещиктік имениелерді есепке алып, шаруалардың жағдайын анықтап, жерсіз, жері аз шаруаларды жермен қамтамасыз ету мәселесімен шұғылданды. Шаруалар съездерінің шешімдерімен қоныс аудару қорынан алынған жерлерді пайдалану ережелерін жасады.

Екінші кезең - 1918 жылдың жазынан - 1920 жылдың аяғына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл тұста жерді социализациялау жөнініндегі шараларды іске асыруға әзірлік жұмыстары жүргізілді.

2. ЖЭС және оның қорытындылары

Қазақстанда азамат соғысы аякталғаннан кейін экономикалык және әлеуметтік-саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді.

1920 жылдың аяғында Қазакстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары - 50,3, орыстары - 31,1, украиндары - 14,4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал, ауыл шаруашылығы мешеу жете дамымаған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, мал шарушылығында көшпелі және жартылай көшпелі шараушылық басым болатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп астықтың жалпы көлемі мен түсімі үш есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914 ж. 3,6 млн. десятина болса, 1922 ж. 1,6 млн. десятинаға қысқарды. Мал шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы-2 млн-ға, қой-ешкі 6,5 млн-дай, түйе-0,3 млн-ға азайды. Жалпы алғанда осы жылдары барлык, мал түрі 10,8 млн. басқа кеміді.

Қазақстанның өнеркәсібі де құлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі кәсіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, істен шықты. Қазақстан халық шаруашылығы жалпы өнімінде өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 6,5 пайыз құрады. Өнеркәсіп халық қажеттерін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі төмен, шикізат пен отын жетіспеді.

Бұл кезде Қазақстанда да Ресейдегі сияқты экономикалық бірнеше меншік түрі: париархалдық, ұсақ тауарлық, капиталистік жекеменшік, мемлекеттік-капиталистік және социалистік меншіктер орын алды. Бірақ олардың экономикалық көлемі әртүрлі еді. Қазақстан экономикасында социалистік үлестің меншік салмағы тіпті төмендеді.

Қазақ, ауылында капитализмге дейінгі қатынастар таза Гюлған жоқ. Олар капиталистік қатынастармен тоғысып немесе ұштасып жатты. Қазақстан халқының таптық құрылымының елдегі орталық аудандарынан айтарлықтай айырмашылығы болды. Мұнда ұлттық буржуазияның тап ретінде қалыптасу процесі аяқталмаған еді.

Жеті жылға созылған соғыста (бірінші дүниежүзілік және соғысы) жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік мси өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік неғүрлым көп айырымсыз қатал әдістермен жиналды. Мұның өзі (Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың өкіметіне қарсы шығуына әкелді.

Мүндай наразылықтың күшеюі Кеңес өкіметін салғырттан, яғни "әскери коммунизм" саясатынан /салғырт солай аталатын/ бас тартуға, жаңа экономикалық саясатқа көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға мәжбүр етті.

Бұл арада "әскери коммунизм" саясатының социализм орнатуда неғұрлым тар түсінігі болғанын да айту керек. Ол азық-түлікті күштеп алу, ірі, орта және ұсақ кәсіпорындарды қоғамдастыру, сауда-саттыққа, рынокқа тыйым салу, ақша айналымын тоқтатып, сол арқылы жаңа қоғам орнатуға болады деп әрекеттенудің көрінісі. Оның тұсында өкімет барынша орталықтандырылып, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі пайда болды. Барлық партия мүшелері әскери жағдайда деп танылды. Көп адамдар мұндай жағдай социализмге барар жолды қысқартады деп есептеді. Әрине «әскери коммунизм” социализмге жеткізетін шара емес, ділгерліктен туған болатын. Сондықтан оны жаңа экономикалық саясатпен, төтенше жағдайда енгізілген салғыртты енді салықпен ауыстыру уақыт талабы еді.

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты /НЭП-ті/ іске асыру 1921-1923 жылдарда Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шепімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарай аз болды. Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария облыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт ас жиналса, 1921 жылы салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 миллион пұттан асқан жоқ. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шп ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.