В) Энеолит 13 страница

Қазақ халқы айырбас шартының қандайына болса да келісуге мәжбүр болды, өйткені ол өзіне қажетті тауарларды еш жерден сатып ала алмайтын еді және шарушылығының артық өнімдерін тиімді өткізе алмады.

Ресей саудагерлері Қазақстанда сауданың жаңа түрін - жәрмеңкелік сауданы енгізді. Халқы сирек, ұшы - қиырсыз жері бар, қатынас жолы дамымаған, халқының дені көшпелі өлкеде жәрмеңкелер ірі сауданың қолайлы түрі еді. Қазақстандағы тұңғыш жәрмеңке 1832 жылы Бөкей ордасында Хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен Ақмола облысы Тайыншакөл /Петропавл маңында/, Константиновск І /Ақмола/, Петровск /Атбасарда/ және 50-ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар Семей облысы/, Қарқара /Жетісу/, Әулиеата /Сырдария облысы/, Ойыл, Темір /Орал облысы/ жәрмеңкелері жұмыс істеді.

Жәрмеңкелер тауар - рынок қатынастарын дамытуға жәрдемдесті, мал шаруашылығының тауарлылығын арттыруға ынта туғызды, байлардың байи түсуіне, сауда буржуазиясының өсуіне себеп болды. Алыпсатарлар мал мен шикізатты арзанға сатып алып, оны жәрмеңкелерде қайтадан қымбат бағаға сату арқылы пайдаға кенелді. Жәрмеңкелер қазақ шаруашылығын Ресейдің капиталистік экономикасы мен байланысын нығайтты, натуралды шаруашылықтың ыдырауын және патриархалдық - феодалдық қатынастардың күйреуін тездетті.

Қазақстанда сауда капиталының пәрменді түрде енуімен өлкеде сауданың тұрақты формалары: дүкендер, көтерме сауда қоймалары көбейді.

ХІХ ғасырдың 80 - 90 жылдарында Қазақстанда өсімқорлық сауда жаппай тараған кез еді. Момын қазақ шаруалары өсімқор капиталға түгелдей кіріптар болды, өсімқорлар қазақ халқына аямай тұсау салды. Сонымен бірге, келе тауар айналымы өскен сайын өсімқорлықпен қатар, банктер мен басқа да кредит мекемелері беретін қарыздардың капиталистік формалары орын ала бастады. Ресей мен Орта Азия арасында ұлғая түекен сауда, сондай - ақ ішкі рыноктың өсуі, өлкеде сауда буржуазиясы әлеуметтік тобын қалыптастырды. Қазақстанда да сауда капиталының шонжарлары өсіп шықты. Мысалы, саудагер Деевтердің, Путиловтардың Оглотковтың, Хрупиннің Орынборда, Троицкіде, Орскіде және басқа қалаларда астық және өнеркәсіп тауарларын сататын ондаған дүкендері қызмет етті.

Қазақстанда капиталистік түрдегі сауда - саттықтың күшеюі жергілікті сауда буржуазиясының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Осы кезде, Қазақстанда 20 - дан астам

қалалар мен 400 казак - орыс поселкалары пайда болды. Қазақстан қалалары халқының қалыптасуы мен өсуі Ресейдегі капиталистік қатынастардың дамуымен тығыз байланысты еді. Қалаларда әскери адамдар, құрметті азаматтар мен саудагерлер, қазақ ұлықтары тұрды. Қала халқының көпшілігі кедейленген шаруалар мен майда кәсіпорындарының жұмысшылары болатын.

XIX ғасырдың аяғында Ресей капиталистері Қазақстанда өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырып, мұнда өздерінің қаржыларын әкеле бастады. Оған өлкеде қолайлы жағдайлар болды: жер мен шикізат арзан еді, жұмысшылардың жалақысы төмен, басы артық күші мол.

Кен өндіру өнеркәсібі өлкенің өнеркәсіп өндірісінің маңызды саласы бола бастады. 1896 жылы бір ғана Қарқаралы уезінде 70 - ке жуық шағын мыс, 170 – күміс - қорғасын, 3 темір т.б. рудниктері жұмыс істеді. Осындай кен қоры Баянауыл және Петропавл уездерінде де (тас көмір, алтын, мырыш, т.б.) пайдалана бастаған болатын. XIX ғасырдың аяғында Жайық өзені мен Каспий теңізі жағалауында балық аулау кәсіпшіліктері капиталистік кәсіпорындарға айналды. Шымкент пен Түркістанда негізінен мақта тазалайтын бірнеше зауыт істеп тұрды. Арал теңізінде, Павлодар уезіндегі Қарабас көлінде, Орал облысы Басқұншақ кәсіпшілігінде тұз кен орындары ашылды.

XIX ғасырдың 70 - ші жылдары ішкі Ресейден Қазақстанға темір жол тартыла бастады. 1874 - 1876 жылдары Орынбор темір жолы /Самара - Орынбор/ салынып, ол Торғай облысы мен Орынборды Орталық Ресеймен жалғастырды. 1880 - 1890 жылдарында Каспий теңізінің шығыс жағалауынан Ташкентке дейін темір жол салу ісі қолға алынды. Ғасырдың аяғына қарай темір жол, су және почта - телеграф қатынасы Қазакстанды Мәскеумен, Петербургпен, Орталық Ресеймен, Сібірдің, Алтайдың және Орта Азияның басқа да қалаларымен тікелей жалғастырды. Қатынас құралдарының дамуы халықтың өзара байланысын тездетіп, тауар айналымының дамуына кең жол ашты.

3. Түркістан өлкесін және Далалық облыстарды басқару туралы Ереже.

1886 жылы 2 маусымда "Түркістан өлкесін басқару туралы ереже", 1892 жылы 21 наурызда "Ақмола, Семей,Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже" қабылданды. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарқанд және Сырдария облыстары кірді.

Сырдария облысы Әмудария бөлімінен және Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиеата және Ташкент атаулы 5 уезден тұрды. Орынбор және Батыс - Сібір генерал - губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық /Степной/ генерал - губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай және Жетісу облыстары кірді. 1897 жылы Жетісу облысы қайтадан Туркістан генерал - губернаторлығының қарауына берілді.

1886 - 1891 жылдары патша өкіметі қабылдаған Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы жаңа "Ережелерге" сәйкес жалпы империялық соттар жүйесі - бітістіруші судьялар, облыстық және жоғарғы сот инстанциясы қалыптасты. Бұл реформалардың барлығы да отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді. Сондықтан ол қазақтардың наразылығын тудырды.

Әскери - әкімшілік отарлау саясаты Ресейден шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші - әскери губернаторы Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы "Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы ережелер" бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер бөлінді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым - салықтан, рекруттык /әскери міндет/ міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларға "керек - жарақтар алу үшін" ақшалай көмек берілді. Патша өкіметі 1889 жылы 13 шілдеде "Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы" арнаулы ереже бекітті. Бұл ережеде жерді бекітіп берудің тиянақты мөлшері белгіленген жоқ, жергілікті өкімет орындарына оның өз қалауынша белгілеуге ерік берілді.

Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі - Сібір темір жол комитеті еді. Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең етек алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Торғай облыстарында жүргізілді.

Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартылып алынып, 10940 адам халқы бар 24 жаңа село пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1892 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныс-тандыру, Сырдария облысындағы Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен камтыды.

Қоныс аударушылар Ресейдің Еуропалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Өйткені, қазақ даласы ұлан - ғайыр кеңдігімен, кең - байтақ жерде егін шаруашылығына да, мал шаруашылығына да жарамдылығымен қызықтырды. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында /Ақмола, Орал, Торғай, Семей, Жетісу/ ғана 3463598 адам болса, оның ішінде Еуропалық Ресейден келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден - 42119, Орта Азиядан - 23530, Польшадан - 1191, Кавказдан - 1672, Финлияндиядан - 72, басқа жерлерден 3557 адам келді. Сөйтіп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5 процентін қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды. Патша өкіметі Қазақстанның кең даласындағы кең байлықты өзінің шикізат қоймасына, елді өндіріс тауарларын сататын сауда аймағына айналдырды. Мал, жүн, теріні сутегінге сатып алып, өте қымбат бағаға өндіріс тауарларын сатып, қазақ халқын аяусыз қанады. Патша әкімшілік органдарының бастықтары мырзалық жасап, қазақтың шұрайлы жерлерінің әр десятинасын он тиыннан оңды - солды сатты.

Бақылау сұрақтары:

1. Уақытша ереже 2 жылға белгіленді? Неге 20 жылға созылды?

2. Ережелердің саяси мақсаты?

3. Басқару ережелері бойынша өзгертілген сатылар?

 

10-лекция. Тақырыбы: Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХғ. соңғы ширегі - ХХғ. басы)

Жоспары:

1. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы.

2. 1905-1907 ж.ж. орыс революциясының Қазақстанға әсері.

3. Қазақстандағы 1916 ж. қозғалыс

Лекция мақсаты:

ХІХғ. соңғы ширегі-ХХғ. басында қазақ интеллигенциясы жүйелі білім негіздерін қалыптастыру, бүкіл құндылықтарды, мәдени-тарихи тәжірибенің негізін оқыту. Тарихи үрдістің көп қырлылығын, көп түрлілігін көрсете отырып, студенттерді дүниежүзілік тарихи дамудың балама мүмкіндіктері барын түсінуге үйрету.

Лекция мәтіні

1. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы.

XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейдің құрамына қосылған ұлт аудандары да, соның ішінде Қазақстанның жағрафиясын, тарихын, экономикасын, этнографиясын, минерал қорларын зерттеу үшін ғалымдар мен саяхатшылар қаптап жіберілді. Көрнекті орыс ғалымдары П. П. Семенов -Тяньшаньский /1827-1914/, Н. А. Северцев /1827-1885/, И. В.Мушкетов /1850-1902/, В. В. Радлов /1837-1918/ және басқалардың есімдері Қазақстанмен тығыз байланысты. Олар өздерінің зерттеулерімен отандық ғылымның өркендеуіне үлкен үлес қосты.

Орыс ғалымдары қазақ халқынын тарихын, тұрмысын, мәдениеті мен тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Олардың ішінде зерттеушілер В. В. Радловтың, А. И. Левшиннің, В. В. Вельямин - Зерновтың, А. И. Добромысловтың, украин ақыны Т.Г. Шевченконың т.б. есімдерін атап өтуге болады.

Қазақстан жерінде алғаш құрылған ірі ғылымижағрафиялық қоғам 1868 жылы Орынборда ұйымдасқан еді. Оның қызметіне орыс саяхатшысы және Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші Г. Н. Потанин белсене қатысты, ол Ш. Ш.Уәлихановтың замандасы және досы болған.

Еліміздің мәдениеті мен қоғамдық ой - пікірінін тарихында қазақ тұңғыш ғалымы, аса көрнекті демократ - зерттеуші III. Ш. Уәлиханов /1835-1865/ құрметгі орын алады. Оның қоғамдық - саяси, ғылыми және әдеби қызметі қазақ даласында прогресшіл идеялардың тарауына үлкен жол ашты. Шоқан 1858-1859 жылдарда Шығыс Түркістанда болып, ондағы халықтардың тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ осы сапарда қырғыз елінің тарихына байланысты бай материал жинап, соның негізінде көптеген еңбектер жазды. Оның қазақ халқының тарихына байланысты жазғандары шығыстану ғылымына зор үлес болып қосылды, Ол орыстың атақты жазушы - философы Ф.Достоевскиймен өте жақын дос болды. Оның ағартушы - демократ ретіндегі көзқарасының қалыптасуына орыстың прогресшіл революционер - демократтары Н. Г. Чернышевский. Н. А. Добролюбов ықпал жасады. Шоқан Ресейдің ғылыми - жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды.

Қазақстанда XIX ғасырдың 60 - шы жылдарында халықтық мектептердің ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл - педагог, этнографғалым, қазақтың жазба әдебиетінің және тілінің негізін салушылардың бірі - Ыбырай Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. Ыбырай орыс графикасына негіздеп қазақ әліп - биін жасады. Осы әліп - би бойынша жүргізілген сабақтар ол ұйымдастырған қол - өнер және ауыл шаруашылығы училищелерінде қазақ балаларының дүниеге көзін ашты. Ол қазақ қыздарын өнер - білімге кеңінен тартты. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп - интернаты 1888 жылы Ырғызда, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896 жылы Ақтөбеде жұмыс істей бастады. Оны бітірген қыздар кейін қазақ даласында білім ұрығын септі. Ыбырай Орынбордағы ғылыми - жағрафиялық қоғамның тілші мүшесі болып сайланды.

Ыбыраймен тұстас Батыс Қазақстанда өмір сүрген көрнекті қаламгер, этнограф тарихшы Мұхамбет Салық Бабажанов /1832-1872 жж./ өзінің шығармашылығымен кеңінен мәлім. Орынбордағы кадет корпусын үздік бітірген ол қазақтардың мәдениет, білімге деген ықыласын қолдап, қазақтың тарихына, тұрмыс-тіршілігіне, Орал казак-орыстарының зорлық-зомбылығына байланысты Петербургте, Мәскеуде, Астраханьда шығатын газеттер мен журналдарда көптеген мақалалар жариялады. Ол орыстың ғылыми-жағрафиялық қоғамының мүшесі болды.

XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп өздерінің халықтың мұң - мұқтаждарымен үндесіп жатқан тамаша шығармаларымен танымал болған Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, олардан кейін іле-шала шыққан Бақтыбай, Марабай, Өспе, Кемпірбай қазақ мәдениетінің тарихында өшпес із қалдырды. Қазақтың көрнекті ақындары Орынбай, ІІІөже, Біржан, Жамбыл, Майкөт, Әсет, т.б. өлең - жырлары өздерінің терең мазмұнымен жұртшылықты тәнті етті. Айтысқа түсіп жүлде алып, өлеңдері жұрттың есінде, аузында жүрген қазақтан шыққан қыз-келіншектер де аз болған жоқ. Сара, Айсұлу, Манат, Балқия, Рысжан, т.б. солардың қатарына жатады.

Қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосқан Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Ықылас, атақты әншілер Мұхит, Әсет, Біржан сал, Жаяу Мұсаның есімдері бүкіл қазақ даласына жайылды. Олардан қалған мол мұра - бүгінгі таңда да қазақ халқының игілігіне айналып отыр.

Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы - Абай Құнанбаев. XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ол өлеңдер, дастандар, қара сөзбен жазылған ғақлиялардың мол мұрасын қалдырды. Ол өз шығармаларында адамгершілікке, рухани тазалыққа үндеді. Оларға жат қулық - сұмдықты, залымдықты шенеді. Ол туралы қазақтың аса көрнекті

ойшыл жазушысы Мұхтар Әуезов былай деп жазды: "Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жырларының бетіне маржандай төгілдірді, оның әрбір бетінен, әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп сезіледі, ол леп кешегі өткен заманның, кешегі тәркі дүниенің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің үнімізге қосылып жаңғырып жаңа өріс алып тұр".

Абайдың ақын шәкірттері өз балалары - Ақылбай, Мағауия, туысы Көкбай, інісі Шәкәрім қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылатын көптеген шығармалар қалдырды.

Әсіресе, Шәкәрім Құдайбердіұлының /1858-1931/ жазғандары көп болды. Ол соңғы уақытқа дейін халық жауы ретінде аталып, есімі жұртқа белгісіз болып келді.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының саяси-мәдени өмірінде жарық жұлдыздай көзге түскен, әміршіл-әкімшіл заманның құрбаны болып аттары ұзақ уақыт бойы аталмай келген Ахмет Байтұрсынов /1873-1938/, Мағжан Жұмабаев /1893-1938/, Жүсіпбек Аймауытов /1889-1931/, Міржақып Дулатов /1885-1935/ сияқты алыптардың мұраларымен қазақ халқы кейінгі кезде ғана танысуға мүмкіндік алды. Олардың еңбектері мен олар туралы деректер қазір көп жариялануда. Солардың арасында 1992 жылы "Жалын" баспасы шығарған "Бес арыс" жинағын атауға болады.

Ахмет Байтұрсынов қазақ елінің тәуелсіздігі, қазақ халқының бақыты үшін үлкен соқпақты жолдан өтіп, қазақтың тіл білімін дамытуға зор үлес қосты. Оның аудармасында Крыловтың "Қырық мысалы" қазақ тілінде шықты. 'Маса" деген атпен өлеңдер жинағы жарық көрді. Саясатқа, мәдениетке байланысты орасан көп шығармалар жазды. Ол "Алаш" партиясын ұйымдастырушылардың бірі. Ол өнерлі адам болған, шығарған әндері де сақталған. Оның еңбектерінің дені тілге байланысты, сондықтан да Қазақтың ұлттық академиясының Тіл институтына Ахмет Байтұрсынов есімі берілген.

2. 1905-1907 ж.ж. орыс революциясының Қазақстанға әсері.

Бірінші орыс революциясы кезінде патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Қазақстан еңбекшілерінің 1905-1907 жылдардағы ереуілдері орыс халқының төңкерістік күресімен тығыз байланысты еді.

Қазақстан қалаларында өткен жұмысшылар мен қызметкерлердің жиналыстарында Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды 1905 ж. 9 қаңтарда атқылауына наразылық білдірді. Ереуіл кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көмек үшін қаржы жиналды. Өлкеде жұмысшылардың ереуілдері мен стачкалары, әсіресе, теміржол қатынасы орындарында неғұрлым кең қанат жайды. Революция жылдарында өлкенің темір жол тораптарында поездардың жүрісі талай рет тоқтатылды, теміржолшылар өз еркімен 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді. 1905 жылы ақпанда Перовск, Түркістан, Шалқар теміржолшылары өздерінің эконо - микалық жағдайларын жақсарту талабын қойған ереуіл жасады. Павлодар мен Перовскіде қала еңбекшілері, Петропавлда темір жол депосының жұмысшылары ереуіл ұйымдастырды. Ал 1905 ж. қазан - желтоқсан айларындағы революцияның өрлеген кезеңінде пайда болған Перовскінің, Петропавлдың, Оралдың және басқа станциялардың теміржолдық комитеттері өлкедегі жұмысшылар депутаттары Кеңестерімен бірдей іс жүзінде жаңа революциялық өкіметінің бастамасы еді. 1904 жылы пайда болған Сібір социал - демократиялық Одағы, оның Омбы, Орынбор, Саратов комитеттері Қазақстан жерінде революциялық жұмысты күшейте түсті. Олар қалаларда, ауылдар мен әскер құрамаларында шаруаларды пролетариатпен одақтастыра отырып, патша өкіметі мен оның жергілікті органдарына қарсы күреске шақырған қағаздар таратты.

1905 жылы Қазан айындағы Бүкілресейлік ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында - Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда, т. б. жерлерде демонстрациялар мен бой көрсетулер "Патша самодержавиясы жойылсын", "Бостандық жасасын" деген ұрандармен өтті. Сол жылғы қарашада Мәскеу мен Петроградта көтерілген байланыс қызметкерлерінің талабын қолдап, Семей, Верный, Пішпек, т.б. қалаларының почта-телеграф қызметкерлері ереуіл жасады. Алайда революциялық күрестің барысында Қазақстан еңбекшілері үстем феодал-байлар тобының халық қамын ойламайтынына, ал патша өкіметінің езілген бұқараға ешқандай жеңілдіктер жасамайтынына көзін жеткізді.

Қазақ жұмысшылары мен шаруалары патша өкіметіне орыс жұмысшыларымен және қоныстанған шаруалармен қол ұстаса отырып қарсы шықты. Қазақ шаруалары ең алдымен жер, су үшін, теңдік, бостандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жылы жазда Семей, Торғай және Орал облыстарында жер үшін толқулар болды. Баянауыл және Кереку уездерінің шаруалары ірі феодал Шормановтардың жерін тәркілеуді және оны жері жоқтарға бөліп беруді талап етті. Мұндай бой көтерулер Алтай округінде, Семей облысының - Қарқаралы, Торғай облысының - Ырғыз, Сырдария облысының - Шымкент, Әулиеата, Жетісудың - Жаркент уездерінде кең өріс алды. Патша әкімшілігі бұл аудандарға әскери отрядтар жіберіп басты.

Желтоқсан қарулы көтерілістің әсерімен 1905 жылы 11 желтоқсанда Успен руднигінде жұмысшылардың ірі ереуілі өтті. Ереуіл барысында орыс жұмыскері П. Топорнин мен жұмысшысы Ә. Байшағыров басқарған "Орыс – қырғыз одағы" құрылды. Жұмысшылар өздерінің жалпы жиналысында қабылдаған талаптарын "Петиция" ретінде рудник басшысы Н. Фелльге тапсырды. Оның бірде - бір пункті қабылданбағандықтан "Орыс-қырғыз одағының" шақырумен рудникте ереуіл басталды. Рудник кеңсесі үстіне қызыл жалау көтерілді. Бұл ереуілді Қарағанды көмір кені орындарының жұмысшылары қолдады. Патша әкімшілігі бұл жерлерге әскери отрядтар жіберіп, ереуілшілерді жазалады. Успен руднигі жұмысшыларының ереуілі Қазақстан тарихында көрнекті орын алады. Яғни, ол өлкеде революциялық қозғалыстың шарықтаған кезі деп саналады.

1905-1907 жж. революциялық қозғалыстармен байланысты Қазақстанда жұмысшылардың кәсіподақ ұйымдары бой көтерді. Алғашқылардың бірі болып Оралдағы теміржолшылардың кәсіподағы /1905 ж. қараша/ құрылды, оған Н.Смуров, Н. А. Покатилов және Н. И. Ульянов басшылық жасады. Оралда басқа да бірқатар кәсіподақ ұйымдары қызмет етті. 1906 ж. Орынбор –Ташкент теміржолшыларының кәсіподағы - 6 мың мүшесі бар ең ірі ұйым болатын.

Патша өкіметі халықты революциялық қозғалыстан бөліп шығару үшін, олардың өкілдері қатысатын Мемлекеттік Дума шақыру жөнінде өзінің шешімін қабылдады. 1905 жылы желтоқсан айында I Мемлекеттік Думаны шақыру жөнінде патша үкіметінің жарлығы шығып, оған Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 қазақ сайланды. Олар: Ә. Бөкейханов, А.Бірімжанов, А. Қалменов, Б. Құлманов. I Думаның көптеген депутаттарының патша үкіметінің саясатына қарсы шығуымен байланысты, ол 1906 ж. 8 шілдеде қуып таратылды. Сол жылы тамыз айында II Мемлекеттік Дума шақырылды. Оған Қазақстаннан 14 депутат сайланды, оның алтауы қазақ халқының өкілдері болды. Олар: Ш.Қощығұлов — Ақмола облысынан, X. Нұрекенов — Семей облысынан, Б. Қаратаев - Орал облысынан, А. Бірімжанов - Торғай облысынан, Т. Аллабергенов — Сырдария облысынан, М. Тынышбаев - Жетісу облысынан.