В) Энеолит 6 страница

“Ақ Орда” және “Көк Орда” терминдері ХҮІІ ғасырдағы екі автордан - Әбілғазы Баһадүр хан мен Махмұд бен Уәлиден Шығыс Дешті Қыпшақтағы ұлыстардың атаулары ретінде қайтадан кездеседі.

аталатын жаңа қанаттарға қайта бөлінгені туралы және Қазақстан аумағында жаңа “Ақ

Бір жарым ғасыр бойы өзінің ресми емес атауын үш рет (Көк Орда – Ақ орда - Өзбек ұлысы) өзгерткен, ал ресми деңгейде Орда ұлысы, одан тараған ұрпақ хандарының ұлысы деп аталған осы саяси құрылымның мемлекеттік мәртебесі де түрлі кезеңдерде өзгермей қалған жоқ.

Бірақ Көк Орда билеушілері астанасының бұлайша ауыстыруына ең маңызды себеп экономикалық қажеттілік, бұрынғы шаруашылық, сауда орталықтарының тарту ықпалының өзі болатын. Монғол ұлыстарының көшпелі билеушілерінің ордалары біртіндеп осындай дамыған экономикалық орталықтарға жылжып отырды, олар монғол ұлыстары жерінде пайда болған тәуелсіз жаңа мемлекеттердің астаналарына айналды. Сөйтіп Орда-Ежен ұрпақтарының орталығы Алакөл мен Ертістен Оңтүстік Қазақстан жеріне ауысып қана қоймай, Шағатай ұлысының орталығы да Жетісудан Мауаранахрға ауысты. Ғасырға жуық жинақтаушы “өзбектер” деген атаумен (этнополитоним) аталып, уақыт өте келе ірі этникалық бөлініске – қазақтардың Орта жүзіне айналған қыпшақтар мен басқа да этникалық топтар осында, Ақ Ордаға біртіндеп шоғырланып, оқшауланып шықты.

 

2. Моғолстан

XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан империясының жерінде тағы бір хандық - Монғолстан мемлекеті құрылды. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігіңде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған моңғол әмірлерінің бірінің баласы - Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж.). Ол Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу өңірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі көлемі зор, таулы-тасты, өзенді-көлді, ашық далалы, орман-тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тайпалардың басын қосты. "Моңғолстан" тарихи жағрафиялык термині "моңғол" атауынан шыққан. "Моңғол" есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік және парсы тілдеріндсгі тарихи туындылардың бірінде "моғол" деп айтылып жазылатын болған.

XIV-XV ғасырларда Моғолстан құрамына Шығыс Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жерлері кірді. Моғолстан орта ғасырлық авторлардың деректерінде мемлекеттің құрылу кезеңіне қарай "Моғол" атты этникалық саяси бір тұтастыққа бірігудің ұзақ араласу және сіңісу процесінен өткен жергілікті түрік және түріктелген моңғол тайпаларының мемлекеттік-саяси бірлестігі болды. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар (дулаттар), қаңлылар (бек-шіктер), керейттер (керейлер), арғындар (арғинут), баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және баскалары. Кейбір тайпалардың, мәселен, үйсіндердін аты аталмағанымен, олардың да осы бірлестікте болғанына ешбір күмән жоқ.

Сонымен XIV ғасырдың орта шенінде Жетісу, Қырғыз жерлерін қамтып жатқан Моғолстан мемлекетінің құрылуы, Дешті Қыпшактарды біріктірген Ақ Орданың пайда болуымен қатар жүзеге асқан Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға болғаны даусыз. Моғолстан ордасының орныққан орталығы — Алмалық қаласы.

Бұрынғы Шағатай ұлысының жерлеріне толық билікті жүргізуді көксеген Тоғылық-Темір Мәуеренахр өлкесін Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 жылы астыртын кісі жіберіп Қазаған әмірді өлтірді. Бір жыл өткеннен кейін үлкен соғыстардың бірінде Қазағанның мұрагері, оның ұлы Абдолла да қаза тапты. Осыдан кейін Мәуеренахр бірнеше тәуелсіз облыстарға бөлініп кетті. Бұл жағдайды пайдаланып қалуды көздеген Тоғылық-Темір оларды бағындыруға кірісті. Ал осы кезде Орта Азияның болашак әміршісі Ақсақ Темір өзінің шағын шоғырымен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрген болатын. Тоғылық әскерлері Кешті алып, оның өмірі Хожа-Барлас жөнді қарсылық көрсете алмай қашканда Темір оған ілеспеді. Ол Тоғылық әмірге қызметке кіріп, Шахрисяб түменінің қолбасшысы болып тағайындалды. Мұнын өзі оған барлас тайпасына көсем кұқығын берді. Бұл тұста ол 25 жаста еді. 1361 жылы Мәуеренахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық әмір оған билеуші етіп баласы Ілияс-қожаны қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады. 1362 жылы Тоғылық-Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс-қожаға көшкенде Мәу-Оренахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайын тағайындалды. Осы тұста қарындасына үйленіп Хұсайынмен дос болған Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуеренахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Осындай тынымсыз шайқастардың бірінде оның екі саусағы кесіліп бір аяғы жаншылды. Аяғы емір бойы сырқырап ауырып, ақсақ болып қалған сол, ол содан бастап Темирлан (дұрысы Темирледг, "ленг" парсыша - ақсак) Ақсак Темір атанды.

Ақсақ Темір мен Хұсайын Моғолстан әскерлерін талқандап, Мәуередахрдағы жергілікті әмірлерді тізе бүктірді. Енді Хұсайын мен АқсакТемір арасында билік үшін күрес күшейіп, арты ашық шайқасқа айналды. Осы шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайынды өлтіріп, Мәуеренахрға ие болды. Хұсайынның жақтастарың құртып, жақындарын жоғары мәртебеге ие етіп, ол өз билігін нығайтты. Темір билік биігіне өрлегенде мұсылман дініне сүйенді. Ол діндар емес еді. Дін тиым салған талай күнәларға белшесінен бата жүріп көптеген мешіттер, діни оқу орындарын салдырды. Түркістапда Қожа Ахмет Иассауидің мазарын салдырған да соның өзі.

Ақсақ Темір басқан ізінен қан сорғалатып көп елдерді жаулап алды. Мәуеренахрдан өзінің қанды жорығын бастаған ол әмірші болған 35 жыл ішінде (1370-1405 жж.) Моғолстанды, Хорезмді, Персияны, Әзірбайжанды, Гератты, Грузияны, Армемияны, АқОрданы, Ауғанстанды, Үндістапды, Египетгі, Бағдатгы, Сирияны, Кіші Азияны жаулап алып, табан астына салды. Мындаған адамдарды қырып, талай мыц адамды күл кылып, калаларын ойрандады, бақ-дәулетін шашты.

Әмір Темір түркі тектес халықтардың оның ішінде қазақтардың тағдырына зор кеселін тигізді. Алтын Орданын құлауына себепші болды. Қазақстанның оңтүстігінде гүлденіп тұрган Отырар, Сайрам, Асы, Сауран, Еділ бойындағы Сарай Берке, Астрахань сияқты қалаларын қиратты. Ак Орданың быт-шытын шығарып оның ханы Тоқтамыстың түбіне жетті.

XIV ғасырдын аяғына карай Азия мен Еуропа құр-лығының елеулі бөлігін жаулап алып Әмір Темір қүрған орасан зор мемлекет, 1405 жылы ол олгеннен кейін бытырап тарап кетті. Оиыд басты себебі Әмір Темір үрпағыныц билікке таласып кыркысуы еді.

3. Көшпелі өзбектер мемлекеті

Түркі тілдес тайпалар мекендеген Ақ Орданың ресми тілі - қыпшақ тілі немесе көне қазақ тілі болып саналады. Батыс түрік (VІ-VІІІ ғасырлар), түркеш- қарлык. (VІІІ-Х ғасырлар) және қимақ-қыпшак (ХІ-ХІІ ғасырлар) дәуірлерінен бастап қазақ тайпаларының өз алдына халық болып қалыптасуы осы Ақ Орда кезеңінде үздіксіз жүрді.

Феодалдық бытыраңқылықтың күшеюі XV ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның Солтүстік-Батыс және Орталық аймағында Ноғай ордасы мен Әбілхайыр хандығының пайда болуына әкелді. Қазақстанның орталық батыс және солтүстік-батыс бетінде бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер құрылып, олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүріп жатты. Осындай жағдайда Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет-Шайх-оғланның баласы Әбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 жылы Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды. Оның хандығының құрамына Қият, Маңғыт, Шыпбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін тағы басқа сол сияқты тайпалар енді.

Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген "көшпелі өзбектер мемлекетінің" яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай ордасының шығыс бетін, батыста -Жайыққа, шығыста - Балқашқа дейінгі, оңтүстікте - Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте -Тобыл мен Ертістін орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.

Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтар мен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулеті - онын ішінде Ибак-хан, Береке-сұлтан, Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей тағы басқалары - Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. 1446 жылы ол өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжар-лардың бірі - Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды. 50-жж. Әбілхайыр Мәуренахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бұхараға талау-тонау шапқыншылықтар жасайды.

1456-1457 жылдарда ойраттармен болған шайқастарда жеңіліске ұшыраған Әбілхайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады. Оған наразы Керей мен Жәнібек сұлтандар және олардың қол астындағы көшпелі халықтың бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбас (Талас) өзендерінін бойына барып орнықты. Осыдан кейін көп ұзамай 1468 жылы Әбілхайыр көп жорықтарының бірінде қайтыс болды да, "Көшпелі өзбектер мемлекеті" ыдырап кетті.

4. Ноғай Ордасы

Алтын Орда ыдырап, Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанда бой көтерген мемлекеттік құрылымдардың бірі - Ноғай ордасы еді. Ноғай ордасы ХІІІ ғасырдың екінші жартысында бөлектене бастады. Бұл жағдай әмір Едіге тұсында XIV ғасырда жалғасып, оның баласы Нұр ад-дының (1426-1440) кезінде аяқталды.

Ноғай ордасы Еділ мен Жайық арасындағы созылып жатқан жалпақ дала мен құмды, таулы жерлерді мекендеді. Оның халқы солтүстік батыста - Қазанға, оңтүстік шығыста -Арал, Атырау өңірлерінің солтүстігіне, тіпті, Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі жерлерде көше-қонып жүріп мекендеді. Сыр бойындағы қалалар мен қамалдардың да бірқатары осы Ңоғай ордасына қарады. Оның орталығы - Жайықтың төменгі сағасындағы Сарайшық қаласы.

Ноғай ордасының негізін қалаған Едіге 1396-1411 жылдар аралығында Алтын Ордада бүкіл билікті өз қолынан шығармай, оны өзі тағайындаған хандар арқылы басқарып келді. "Беклер бегі" ұлы әмір атанған Едіге көрші ұлыстардың өміріне де ықпал етіп отырған.

Едіге түрік тектес халықтардың тарихи зердесінде өшпес із қалдырды. "Ел қамын жеген Едіге" - деп ардақтаған халық оның тұлғасын "Артынан келіп қарасам, қаһардан пайда болғандай, алдынан келіп қарасам, лапылдап пайда болғандай", - деп сүйсіне жырға қосты. Ол 1399 жылы Литва-Польша әскері мен Тевтон ордені рыцарьларының біріккеп жасақтарына күйрете сокқы берді. 1408 жылы Едіге орыс әскерлерін талқандап, Мөскеуге дейінгі жерлерді жеңісті жорықпен жүріп өтті. Оның есімі тарихи шежіре-жылнамалардың бәрінде де үлкен құрметпен аталады.

Ноғай ордасы негізінен Маңғыттардан тұрды. Сонымен қатар оның құрамына Қоңырат, Найман, Арғын, Қаңлы, Алшын, Қыпшақ, Кенгерес, Қарлұқ, Алаша, Тама және басқа ру тайпалары кірді. Олардың басшылары арасында билік пен жер үшін толассыз тартыстар жүріп жатты. Осы алауыздық оның да түбіне жетті. XV ғ. бірінші жартысында Ноғай ордасының орнына Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары құрылды. Ноғай ордасы да этникалық емес, көбіне саяси құрылым еді. Оны мекендеген тайпалар қазақ халқының калыптасуының күрделі этникалық процесінде де өз әсерін тигізбей қалған жоқ.

5. Сібір хандығы

ХVғ. бас кезінде Алтын Орданың ыдырауы барысында Сібір хандығы құрылды. Оның орталығы алғашында Шыңғы-Тура (Тюмень) болды. Хандық өз шеңберінде Сібірдегі Шыңғыс ұрпақтары бас болып, шағын хандыққа біріккен көптеген түркі тілдес халықтардан құралды. Сібір хандығы үстем тап болып есептелетін бектер мен мырзалар басқарған ұсақ ұлыстардан тұрды. Сібір хандығының ресми діні болған ислам шонжарлар арасына кеңінен таратыла бастады. Негізгі еңбекші халық ұлыстардың «қара сирақ» кедейлері еді. Сібір хандығын хан басқарды, оған кеңесшілері мен карачалары (уәзірлері), сондай-ақ ханның өзі ұлыстарға жұмсайтын жасауылдар көмектесті. Ұлыс бектері мен мырзалар хһанның бағынышты иеліктері болды. Хан олардың ұлыстарының ішкі істеріне араласпайтын. Сібір хандығының саяси тарихы ішкі өзара қырқыс-тартыс толы болды. ХVғ. ортасында Сібір хандығы батыста Тура өзенен, шығысында Барабаға дейінгі Батыс Сібірдің орман аралас кең байтақ даласын алып жатты. 1503ж. Ибақтың немересі Көшім өзбек және ноғай ханның көмегімен Сібір хандығының өкімет билігіне ие болды. Көшім тұсында Сібір хандығы жеке-жеке ұлыстардан тұрды, ол саяси жағына бірлігі толық бекіген мемлекет еді. Көшім тұсындағы Сібір хандығы қазіргі БАтыс Сібірдің барлық жері, Оңтүстік Орал өңірі, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің сағаларын алып жатқан Солтүстік Қазақстан жерлері кірді. Сібір хандығының құрамында Орта жүздің арғын, жалайыр, керей, қыпшақ, найман, табын руларының басым көпшілігі және башқұрттардың бір бөлігі, сонымен бірге Сібірдің байырғы тұрғындары – хантылар мен мансылар болды. Кейіннен Сібір хандығының астанасы-Искер қаласы болды. Ол ертістің оң жақ жағалауында, Тобылдың құяр сағасынан жоғарырақ маңында орналасты.

«Сібір» атауы б.з.б. І мыңжылдықтың соңынан бастап Ертіс өңірінің орманды-дадалы алқабын мекендеген түркі тілдес тайпалар мен ұзақ жылдар бойы қарым-қатынаста болған «Сыпыр» этникалық тобының атауынан шыққан. Сібір түркі сөзі, солтүстік-батыс Сібірдегі көне елді мекеннің аты. Ол туралы алғашқы деректер Рашид-ад-Диннің жазбаларында (ХІІІғ.) «себерлер қамалы» атпен кездеседі.

Бақылау сұрақтары:

1. Сібір хандығының ішкі саясаты?

2. Сібір хандығының сыртқы саясаты?

3. 3.Әбілқайыр хандығының ішкі саясаты?

4. Әбілқайыр хандығының сыртқы саясаты?

Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. I, II, III, ІV, V. т. А., 2002ж.

2. Қазақстан тарихы очерктер. А., 1994ж.

3. Аманжолов Қ. Қазақстан тарихы дәрістер курсы. I, II т. А., 2004ж.

4. Рысбайүлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. А., 200һк.

5. Әбдіәкімүлы К. Қазақстан тарихы. А., 1997ж.

6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2003ж.

 

4-лекция. Тақырыбы: Қазақ халқының құрылуы

Жоспары:

1. Қазақ халқының құралуының тарихи алғышарттары

2. Ертедегі, ерте және ортағасырлардағы этникалық үрдістер

3. Монғол кезеңінен кейінгі халықтың қалыптасуы

4. «Қазақ» этнонимі

5. Жүздер – қазақтардың этнотерриториялық бірлестіктері

Лекция мақсаты:

ХV-ХVІғғ. Қазақ халқының қалыптасу туралы жүйелі білім негіздерін қалыптастыру, бүкіл құндылықтарды, мәдени-тарихи тәжірибенің негізін оқыту. Тарихи үрдістің көп қырлылығын, көп түрлілігін көрсете отырып, студенттерді дүниежүзілік тарихи дамудың балама мүмкіндіктері барын түсінуге үйрету.

Лекция мәтіні

1. Қазақ халқының құрылуының тарихи алғышарттары

Демограф ғалымдарының зерттеулері негізінде қазіргі кезеңде дүние жүзінде 5 мыңнан астам халықтар бар деп есептеледі. Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі процесс бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды керек етеді. Мәселен, Қазақстан жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен (б.д.д. ІІ-І м.ж. кезеңі) темір дәуірі (б.д.д. VІІ-ІV ғғ.) кезеңдерінен немесе бұл кезде өмір сүрген ру - тайпалардың өсіп - өркендеуінен басталады. Олар негізінен Қазақстанның ұлан - ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған. Археологиялық деректерге сүйенетін болсақ, олар мал шаруашылығымен, егіншілікпен, металл өндіру және оны өңдеумен айналысқан.

Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі /Андронов, Беғазы - Дәндібай мәдениеттері / мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың /сақ, сармат т.б./ иран тілдес болғандығы айтылады. Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуінше бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтік нәсілдер екендігі көрсетіледі. Қазақ халқының бастауы болып табылатын, керек болса, сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректері "өзі сары, көзі көк, ат жақты сэ /сақ/ тайпалары үйсіндердің арасында жүр" — деп көрсетеді. Бұл сақтардың жалғасы үйсіндер екендігіне ешбір талас тудырмайды.

Қазақ халқының шыққан тегі туралы көптеген аспектілері ішінен өзекті ретінде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерін бөлшектеп алған жөн. Жоғарыда айтылғандай Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үнді - еуропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үнді - еуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді, яғни бұл кез б.з. дейінгі ІІІ-І мыңжылдықтарды қамтиды.

Екінші кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың, соның ішінде ғұндардың, Батысқа карай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы - үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.

Ол қалай болды? Б.з.б. I ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалардың бір бөлігі Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көршіқолаң отырды. Ғұндардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. 2-ші ғасырдың бірінші жартысында орын алды. Бұл кезде Солтүстік ғұндардың толып жатқан тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, УІ ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Ғұндардың біріктіруші рөлінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты. Мұның өзі тайпалардың жаңа этникалық қауымдастығының қалыптасуына әкелді және сол этникалық процестердің бағыт - бағдарын айқындап отырды. Этно - мәдениеттік жағдайда түркі тілінің одан әрі дамып жайылған аймақтарда сол сияқты сыртқы моңғол түрінің белгілі әсері де көбейді.

Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың моңғолоидтық нәсілге өтуі басталды. Бұл процесс тарихи деректерге қарағанда б.з. І-V ғасырларын қамтиды, мұның өзі жергілікті жұрттың кескін - кейпіне, оның тіліне белгілі дәрежеде әсер еткені даусыз. Оның үстіне бұл тайпалық одақтардың қоныстарына жүргізілген археологиялық зерттеулер олардың әдет - ғұрып, салт-санасында, діни - наным сенімдерінде бірін-бірі қайталайтын ұқсастық қасиеттерінің барлығын байқатады. Олардың жұрттарынан табылып жүрген ыдыс - аяқ, құрал-сайман, төрт - түлік үй жануарларының сүйектері,егін егуге қажетті құралдар, қол диірмендер т.б. өмірге қажетті бұйымдардың табылуы, олардың да бір-біріне ұқсастығын, экономикалық жағынан бұлардың арасында ешбір қайшылық жоқтығын дәлелдейді.

Ал, б.з. VI ғасырынан бастап үйсін, қаңлы және басқа тайпалар тарих сахнасынан көрінбейді, аттары аталмайды. Оған себеп, бұл кезде Қазақстан жерінде, әсіресе, оңтүстік аймақта шығыстан Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдылығы болса керек. Олар негізінен: Байырқу, Бұлақ, Қарлұқ, Кимек, Едіз, Қыпшақ атты тайпалары. VI ғасырда Қазақстан жері түгелдей құдіретті бір тұтас мемлекет — Түркі қағанаты құрамына кірді. Жазба деректерден алғаш Түрік қағанатының /542 ж./ одан кейін Батыс түрік қағанаты /603 ж./ сияқты феодалдық мемлекеттер құрылғандығы белгілі. Осы қағанаттықтардың құрамында 30-дан астам түркі тілдес ру - тайпалардың болғандығы тарихта айтылады. Үйсіндер мен қаңлылар осы тайпалармен араласып, сіңісіп кеткенге ұқсайды. Тоныкөк жазуында "бұрынғы үйсіндердің жерін жайладық" — деген сөздерге қарағанда, олар расында да түріктерге тәуекелділікке түскен. Сөйтіп, VI-VIII ғасырда олар түркі тілдес болды деген болжамдар айтылады.