В) Энеолит 5 страница

Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне карату үшін оған 1218 жылы Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуды Шыңғысхан аса көп қарсылықтарсыз-ак басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның жігерсіздігіне, салықпен зар илеткен зорлык-зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шынғысханга мойынұсынатынын білдіріп, өз жасақтарымен оның қызметінекіреді. Жетісудағы халықтың қалың бұқарасы Шыңғысханға қарсылық көрсетуіне тырысқанмен, жақсы қаруланған саны мол моңғол әсксрінің шабуылына төтеп бере алмады. Сонын өзінде де Жетісу қалалары моңғолдарға қарсылығын көпке дейін тоқтатқан жок.

2. Шыңғысханның Қазақстанды жаулап алуы

Жетісуды бағындырғаннанкейін Шыңғысханның Моуеренахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорыққа жолы ашылды. Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден алғанжасақтармен қоса жалпы саны 150 мыңға дейін адамы бар қалың қол жіберді. Моңғол әскері Отырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы Шағатай менУгедей бастаған бірнешетүменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастаған басқа бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғысхан ұлы Төлей - екеуі әскердің негізгі күштермен Бұхараға беттеді.

Хорезмнің шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Өзін онша жаксы көрмейтін жергілікті феодалдардың күш біріктіріп өзіне қарсы шығуынан қорыққан ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырған. Мұның өзі Шыңғысханға қалаларда түрған шағын-шағын шоғырларды оп-оңай қарсылықсыз құртып жіберуге мүмкіндік жасады.

1219 жылдың күзінде Шыңғысхан орасан зор армияны бастап Жетісу арқылы Мәуеренахрға аттанды. Онтүстік Қазақстанның жергілікті халқы моңғол басқыншылығына қатты қарсылық көрсетті. Мұнда Шыңғысхан әскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қалада 80 мыңдай әскер бареді. Отырар қорғанысы Қазақстан мен Орта Азияның халык бұқарасының моңғол басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқын көрінісі болды. Қарамағында қамал бұзатын техникасы, соның ішінде жанып кететін күбіршіктер, ататын машиналары болса да, моңғолдар бұл қаланы алты ай бойы ала алмады.

Қаланың құлауына опасыздық себеп болды. Әскер басыларының бірі - Карадша түн жамыла қала қақпасынан шығып, моңғолдарға өтіп кетті. Қаланы қоршап тұрған монғол әскерлері осы қақпа арқылы ішке лап берді. Моңғолдар қаланы әбден талады, халқын қырғынға ұшыратты. Осыған қарамастан әскердің бір бөлігі мен қала халқы Қайырханның басшылығымен оның ішкі қамалына кіріп алып, бір ай бойы қайыспай қарсылық көрсетіп, бір адамы қалғанша соғысты. Әбден титықтап барып алған қамалдағы жаралы адамдарды моңғолдар қырып салды.

Сөйтіп, Отырар қамалын жермен-жексен етіп, Шағатай мен Үгедей бастаған моңғол шоғырлары Шыңғысханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғысхан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.

Сыр бойындағы қалалардың тұрғындары да ерлікпен корғанды, соның бірі Сығанақ қаласы еді. Ол өзі жақсы бекінген, халқы көп, ірі сауда орталығы болатын. Жошы бастаған монғолдар қаланы ұрыссыз беруді талап етіп, Сығанаққа Хасан қожа көпесті жіберді. Сығанақ халқы келіссөзге көнбеді, сатқын есебінде Хасан қожаны өлтірді. Содан кейін моңғолдар өзеурей шабуылға шықты. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіресіп қарсыласты. Бірақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Көп ұзамай Үзгент және Баршын кент алынды. 1220 жылы 4 көкекте моңғол әскерлері Жент қаласын бағындырды. Әскердің Жошы жіберген басқа бір шоғыры Шехркентті /Янгикентті/ басып алды.

Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғысханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктеп енді. Бірақ мұнда да олар халық бұқарасының қасарысқан карсылығына кездесті. Үргеніш қаласының тұрғындары қаланы бірнеше ай бойы ерлікпен қорғады. Сондықтан бұл қалаға Жошы, Шағатай және Шыңғысхан әскерлерін әкелуге мәжбүр болды. Қала алдырмады. Оны тура шабуылмен ала алмағаннан кейін, моңғолдар Әмудария өзенінің бөгетін бұзып, қаланы суға тоғытып барып алды.

Моңғол басқыншыларына Орта Азияның ең ірі қалалары Бұхара мен Самарқандтың халқы да табанды қарсылық көрсетті. Самарқанд пен оның төңірегінің еңбекшілері моңғол шабуылдарына тіресе тойтарыс беріп, өздері батыл шабуылға шығып отырды. Моңғолдар қала билеушілері мен шонжарлардың сатқындығының аркасында ғана Самарқандты басып алды.

1219 жылдан 1221 жылға дейін Шыңғысхан әскерлері бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Талай қалаларды талап, жойып жіберді. Хорезмшахы Мүхаммед Иранға қашып кетті. Ол кейін Каспий теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-21 жылдардағы қысқы жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылды 11 көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты.

Моңғол әскер басшылары Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық жасақ Солтүстік Иранды басып алып, 1222 жылы Кавказға кірді. Моңғол әскерлері аландарды, қыпшақтарды және Қалқа өзенінде орныққан орыстарды тас-талқан етіп жеңді. Олар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, Қазақ /Дешті Қыпшақ/ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғысханның Ертістегі ордасына қайта оралды.

Сонымен, 1219-1221 жылдардағы шапқыншылықтың салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді. Шыңғысханның жаулап алған байтақ жері түгелімен оның балаларына бөліп берілді. Шыңғысхан Ертістен Орал тауларына дейінгі, онан әрі батысқақарай «моңғол атының тұяғы жететін» аймақты үлкен ұлы Жошының билігіне берді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына - Әмударияның төменгі жағындағы аудандар /Солтүстік Хорезм/ мен Сырдария кірді. Жошының ордасы Ертіс алқабында болды.

Шыңғысханның екінші баласы Шағатайдың үлесіне Мәуеренахр, Жетісу және Қашқар тиді. Оның ордасы Іле алқабында орналасты.

Үшінші баласы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай жері қарады. Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында болды.

Кіші ұлы Тәлей - Шыңғысханның негізгі жұрты - Моң-ғолияның өзін мұраланды.

Сонымен Қазақстан жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен /далалық/ бөлігі - Жошы ұлысының, Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Казақстан - Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік - шығыс бөлігі - Үгедей ұлысының құрамына кірді.

3. Алтын Орда (1243-ХVғ. ортасы)

Батыйдың тау суындай екпінді жорығы барысында моңғолдар кең байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста -Днестрге, шығыста - Ертіске, оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Батый иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төмен жағындағы жерлер енді. Орыс княздіктері де Батыйға тәуелді бодан болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларыңда Алтын Орда деп аталды. Алғашында Алтын Орда Моңғолия империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал ХІІІ ғасырдың 60-шы жылдарынан кейін ол дербес ел болып бөлінді.

Алтын Орда халқы этникалык, жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ булғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес Қыпшақ, Қаңлы, Найман, Қоңырат, Керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтарымен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орталық аймағы - Еділ бойы қазіргі Саратовтан Астраханға дейін (астанасы - Берке сарайы нсмесе әл-Жадид), негізгі әскери феодалдық күші - қыпшақ тайпалары. Алтын Орда өзін билеген хандары - Батый 1241-1256 ж., Берке 1257-1266 ж., Мөңке-Темір 1266-1280 ж., Төде Мөңке 1280-1287 ж., Төле-Бұка 1287-1291 ж., Тоқа-Темір 1291-1312 ж., Өзбек 1312-1342 ж., Жәнібек 1343-1357 ж. тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый Моңғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты.

Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші әулеттің өкілдері бастаған феодалдық алпауыт бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды, шет аймақтарда әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада-ұғландар, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерге билеуші таптың өз адамдары - ұғландар, әмірлер, даруғабектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердін басында атақты билер мен олардың көмекшілері - бақауыл, тұтқауыл, жасауыл, қази, муфти, диуан игітіршілері, тамғашы, тартынақшылар отырды. Қалалар мен бағынышты аймақтарды басқару үшін губернаторлар даруғашылар (даруғабектер), басқақтар тағайындалды. Олардың негізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау, әскердің күшімен алым-салық жинау еді. Алтын Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды.

Көшпелі халық — қыпшак, моңғол-татар жартылай патриархалдық, жартылай феодалдық қатынаста өмір сүрсе, отырықшы аймақтарда — Бұлғар, Хорезм, Еділ жағасы, Солтүстік Кавказ, Қырым, т. б. жерлерде феодалдық қатынастар үстемдік етті. Шаруалардың жағдайы мейілінше ауыр болды. Олар екі жақты қанауға түсті: алым-салықты ханға да, жергілікті ірі алпауыттарға да төледі.

4. Шағатай мемлекеті

Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін ұлдарының ордалары бөлінді. Екінші ұлы Шағатайдың жерлері оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейінгі, Алмалық жері ұйғырлар өлкесіне Самаркан, Бұхараға дейін созылып жатты. Шағатай Сайрам көлі тұсы мен Талқы асуы арқылы 1-ші болып жол салдырды. Әмудариядағы көпірді 1222 жылы қайта қалпына келтірді.

Ж.Каршидың деректері бойынша, Шағатай мемлкетінің негізгі бөлігін құраған өлке Аларғұ елі деп аталды, оның басты қаласы Алмалық болды, Шағатай мемлекетінің жазғы ордасы Іле өзенінің алқабаындағы Құяш деген жер болды.

Шағатай мемлекетінің иеліктерінің құрамына Балх және Хорасан өлкелері де кірді. Қазақстан аумағы монғолдың үш ұлысының құрамына: Үлкен далалық бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына кірді.

Шағатай әкесі мен ағасы Жошы өлгеннен кейін хан тұқымындағы үлкені ретінде зор беделге ие болды. 1228-1229жж. Ол Үгедейді ұлы хан деп жарияланған ханзадалардың басшысы болған еді. Биліктегі көптеген қағидаларды жетік білген Шағатайдың билігі зор болғаны соншалықты, ұлы хан Үгедейде өздігінен ағасының келісімінсіз маңызды шешімдер қабылдамайтын болған. 1241ж. ұлы хан Үгедей қайтыс болды, кейін билікке талас күшейді. Шағатай ұлысындағы саяси жағдай шиіленісе түсті. Талас-тартыстар салдарынан билік Шағатай ұрпағынан Үгедей ұрпағына, оның немересі хайдудың қолына көшті.

ХІVғ. басында Шағатай әулетінің Орта Азиядағы және Жетісудағы рөлі қалпына келді. Хайду өлгеннен кейін, көп кешікпей, 1306-1307жж. Шамасында мемлекеттік билік Барақ ханның баласы, Шағатайдың шөбересі Туваға ауысты. Деректемелер бойынша ол «Шағатай державасының негізін салушы» болған.

Сол кезде монғол феодалдары арасында қарама-қарсы екі саяси бағыт байқалған еді. Біріншісі, жаулап алушылардың көшпелі тұрмыс пен қырдағы патриархалдық дәстүрлерді сақтауын, жыртқыш тонауын, жаулап алынған аумақтарды мал жайылымына айналдыруды жақтады. Екіншісі, жергілікті феодал үстем тапқа, жаулап алынған отырықшылықпен айналысатын елдердің дәстүріне сүйене отырып, хан билігі күшті мемлкет құру мақсатын көздеді. Бірінші бағытты Шағатай мен Күйік болды, оларды Шағатай ұлысының әміршілері, Орқына-Хатун, Барақ хан және басқалары қолдады. Үгедей, Мөңке хандар орталықта күшті билік болуын және тізе бүккен халықтардың біраз ретке келтіруді жақтады. Экономикалық күйзеліс, Шағатай ұрпақтары мемлекетінің ыдырауы қалайда екінші әдісті таңдап алуды өктем талап етті. ХІVғ. Шағатай ұлысы хандардың іс-әрекетінде орталықтану және Мауреннахр халқымен жақындасу жағына қарай бетбұрыс айқындала түсті. ХІVғ. 50ж. аяғында Шағатай ұрпағы мемлекетінің батыс бөлігі түрік-монғол әскери-көшпелі шонжарлары мен жергілікті феодалдарының өкілдері басқарған оннан астам иелікке ыдырап кетті.

Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. I, II, III, ІV, V т. А., 2002ж.

2. Қазақстан тарихы очерктер. А., 1994ж.

3. Аманжолов Қ. Қазақстан тарихы дәрістер курсы. I, II т. А., 2004ж.

4. Рысбайүлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. А., 200һк.

5. Әбдіәкімүлы К. Қазақстан тарихы. А., 1997ж.

6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2003ж.

4-лекция. Тақырыбы: ХІV-ХVғғ. ортағасырлық мемлекеттер

Жоспары:1.Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттері

2. Моғолстан

3. Көшпелі өзбектер мемлекеті

4. Ноғай Ордасы

5. Сібір хандығы

Лекция мақсаты:

ХІV-ХVғғ. Ортағасырлық мемлекеттер туралы жүйелі білім негіздерін қалыптастыру, бүкіл құндылықтарды, мәдени-тарихи тәжірибенің негізін оқыту. Тарихи үрдістің көп қырлылығын, көп түрлілігін көрсете отырып, студенттерді дүниежүзілік тарихи дамудың балама мүмкіндіктері барын түсінуге үйрету.

Лекция мәтіні

1. Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттері

Евразия далаларында ХІІІ-ХҮ ғасырларда билік еткен Жошы мен оның ұрпақтары ұлысының тарихнамасында екі проблема ерекше қызу дау туғызды. Біріншіден, Жошы ұрпақтарының Дешті Қыпшақтың шығыс бөлігіндегі, яғни Батыс, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағындағы мемлекеттің қалай Ақ Орда немесе Көк Орда деп аталғаны. Екіншіден, бұл саяси құрылымның мемлекеттік мәртебесі, оның Дешті Қыпшақтың батыс бөлігінің (немесе Жошы ұлысының), яғни орыс және Батыс Европа тарихнамасы мен деректемелерінде соңғы төрт ғасыр бойы “Алтын Орда” деген атаумен белгілі мемлекеттің хандары жөнінен дербестік немесе тәуелділік дәрежесі қандай. ХІҮ-ХҮ ғасырдың басындағы Дешті Қыпшақтағы мемлекет тарихының маңызды мәселесі оны билеушілердің генеологиясы туралы мәселе болып табылады, өйткені қазақ хандары әулетінің негізін нақ солар қалаған.

Жошы ұлысының екі қанатқа: сол қол және оң қол болып бөлінгені айтылады. Әрбір қанат Жошының екі үлкен ұлының дербес иеліктері болды: сол қолды – Орда (Орда-Ежен, Орда Ичен), оң қолды Бату басқарды. Ұлыстың екі қанатының түпкілікті қалыптасуы ХІІІ ғасырдың Орда мен Бату өз иеліктерінде патшалық еткен 30-жылдарына жатады.

ХІV-ХV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халқы моңғол шапқыншылығының ауыр зардаптарынан бірте-бірте арыла бастады. Бүліншілікке ұшыраған шаруашылықты, қираған қалаларды қалпына келтіруге бағытталған шаралар жемісін беріп, феодал байлардың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары біраз жақсарды. Сонымен бірге бұл тұста моңғолдардың қол астында болып келген көптеген ұлыстар мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздікке ие болып Қазақстан жерінде алғашқы рет жергілікті этникалық негізде пайда болған ірі мемлекет - Ақ Орда хандығы.Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы ерте заманнан осында мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ак, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар және басқалары. Ақ Орда хандарының кестесі оларды болған уақытына қарай мынадай ретпен тізеді: Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасы-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ т.б.

Ақ Орданың кемеліне келіп, толысқан шағы XIV ғ. екінші жартысы. 1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына отыруға күш салды. Сөйтін, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хаджы-Тархаиды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бақындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кстіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруіне мәжбүр болды. 1377 жылы Орыс хан қайтыс болып, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшкен-ді. Бірақ осы кезде Маңғыстау Үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті - Түй Хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялайды. Ақ Орданың көптеген өмірлерінің қолдауына ие болған ол 1380 жылы Сарайды, Хаджы-Тарханды, Қырымды және Мамай ордасын басып алады. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі нәтижесінде мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, осыдан кейін Тоқтамыс Ақсақ Темірдін қамқор-қамтуынан босануға тырысады. Бірақ, 1389, 1391 және І395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қиратылады. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан XIV ғ. аяғы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсірейді.

1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Ордада хандықты өз қолына алады. Дегенмен Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, сондай-ақ Сырдың орта ағысындағы қалалар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Аксақ Темірдін немересі Ұлыкбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сырдария бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп 1428 ж. Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті-Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне кешті. Барақ өліген соң олар Ақ Орда жерінің елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде жарыққа шықкан Ақ Орда хандығы екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Көшпелі аудандарда мал шаруашылығы кеңінен дамыды. Қыруар мал бай-феодалдардың қолына жинақталды, олар жердің нағыз қожасына айналды. Тарихи деректерде Ак, Орда елінде ақсүйектер жер иеленушілігінің инджу, милк, соқтұрған сияқты түрлері және тархандық сыйтарту белгілі болғаны да айтылады. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлен, әртүрлі парыз-қарыздарды да өтеп тұрған.

“Ақ Орда” атауының алғаш рет ауызға алынуы ХІҮ ғасырдың 40-жылдарында болуы мүмкін. Т.И.Сұлтанов бұл жәйтке егжей-тегжейлі тоқталған: “Ақ Орда” термині кездесетін уақыты жағынан ең тереңдегі деректеме, сірә, Кутбтың “Хұсрау мен Шырыны” болса керек”. Ол Өзбек ханның ұлы, әкесінен кейін Алтын Орда тағында бірнеше ай бойы отырған Тыныбек туралы деректемелерден егжей-тегжейлі мәліметтер келтірген. Ақ Орда Тыныбектің әйелінің атына байланысты да айтылады. (“Ақ Орда–оның патшалығы, ол–тақтың көркі”). Бірақ дастанның 1340-1342 жылдары Сығанақта жазылғаны мәлім. Өзбек ханның өлген уақыты, Т.И.Сұлтанов келтірген мәліметтер бойынша, деректемелерде хижра бойынша 742 жылғы шаввал (1342 жылғы наурыз-сәуір) және 743 жыл (1342 жылғы маусым – 1343 жылғы мамыр) деп аталады. Дастан Өзбек хан өлгенге дейін жазылып, оны Кутб Өзбек хан өзінің ұлын Орда ұрпақтарының ұлысын бағындыру мақсатымен жіберген Сығанақтағы Тыныбекке тарту еткен болуы ықтимал.

Му ин ад-дин Натанзидің “Ақ Орда” мен “Көк Орда” туралы Жошы ұлысының сол қанаты мен оң қанатының атаулары деген сөздерін ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы бірқатар авторлардың қабылдағаны мәлім. Олардың ішінде Қазы Ахмет Ғаффари Казвини (Нусах-и джаханара”, 1564-65 жылдарда аяқталған), Хайдар Рази ( “Тарих-и Хайдари”, 1618-1619 жылдарда аяқталған), “Тарих-и Шах Уәйіс” және басқалары бар. Оларда, Натанзидегі сияқты, Көк Орда мен Ақ Орда хандары туралы жеке-жеке баяндалады, оның үстіне материал баяндалуының ұйымдастырылуында Жошы ұлысы Алтын Орда заманында ғана емес, қазақ хандары заманында да біртұтас етіп көрсетілген. Атап айтқанда, Барақ хан мен Қасым Жошы ұлысының билеушілері ретінде бір қатарда айтылады.