В) Энеолит 4 страница

1056 жылы Қадырханның ұлы Иинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алды, бірақ ол көп ұзамай Ииналды у беріп өлтіреді. Тақкд Иинал-тегінің баласы Ибраһим ие болады, ол біраздан кейін Барысхан өміршілігімен соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын он бес жыл бойы /1059-1074 жж./ Кадырханның балалары Юсуф Тоғрулхан мен Бограхан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады, ал екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді.

Қарахан мемлекетінін басшысы - хақан, оған ең жақын кеңесші, көмекші - уәзір болды. Бұдан басқа сарай күзет бастығы, есік қорушылар, қазынашылар және елшілер қызмет етті.

Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік- саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Хандар елді өзіне жақын адамдармен және уәзірлермен бірігіп басқарды. Мемлекет бірнеше ұлыстарға бөлінді. Олардың бастылары Тараз, Исфиджаб, Баласағүн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салык жинауға рұқсат еткен. Мүндай жерлер икта деп аталды. Икта институты Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының шаруашылық және саяси өмірінде елеулі рөл атқарған. Бұдан басқа феодалдық жер иеленушіліктің баска түрлері де қалыптасты. Олар ислам дін иелеріне қарасты -вакфтық жерлер, ірі феодалдар жалға беретін -издольщина деп аталатын жер иеліктері, сондай-ак коммендация - жер иелігі. Ол бойынша әлсіз кедеі шаруалар өз жерлерін ірі феодалдарға, әскер басыларына т.б қамқорлыққа беріп отырған. Ол үшін күшті адамдар әлсіз адамдарды қорғауға тиіс болған.

Қарахан мемлекеті халқының ең басты тіршілігі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы Қарахан қағанатында қала өмірі, сауда, қолөнері, егін шаруашылығы жақсы өркендеді. Қарахандықтар алтын күміс, темір, мыс, қорғасын, басқа да әртүрлі бағалы ыдыстардан үй тұрмысына қажетті заттарды, әшекейлі сән бұйымдарды жасай білген.

Русьпен, Византиямен, Иранмен, Закавказьемен, Орта Азиямен кызу сауда жүргізген қарахандықтар көршілес мемлекеттермен ұзақ уақыт бойы табан тірескен соғыстар да жүргізді. Бұл соғыстар мемлекетті әлсіретпей қойған жок. Қағанатқа 1089 жылы Орта Азиядағы Салжұқ /Сельджук/ сұлтандығы шабуыл жасап, Батыс Қараханның орталығы Самарқанд қаласын басып алды. Дәл осы кезде Шығыс Карахан Қағанатына Шығыс Түрік қағанатының билеушісі Тоғұрыл шабуыл жасап, Қашғар қаласын өзіне қаратты. Осындай шапқыншылықтарға байланысты XII ғасырды бірінші жартысында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарих сахнадан шығып қалды. Бұған шығыстан көшіп келген кида тайпаларының да үлкен әсері тиді.

е) Қарақытай мемлекеті

X ғ. басында Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияда Киданның Ляо мемлекеті /907-1125/ құрылды. Қидандықтар Сұн /960-1279/ империясы жерінің бір бөлігін жөне Селенгі мен Орхондағы ұйғыр қағанатының жерлерін басып алып, Алтай мен Тарбағатайға қарай жылжиды. Алайда, осыған қарамастан, Кидандардың Ляо империясы тұрақты болмады. Көрші тайпалардың соғыстарына және ішкі талас-тартыстарға байланысты Ляо империясы әлсірей берді. 1125 жылы ол тұңғыс-маньчжур тайпаларының соққысынан бас көтере алмайтындай жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін Кидан тайпалары Елюй Дашының басшылығымен батысқа қарай көшіп, Жетісу жеріне келіп орнықты /жергілікті жерлерде оларды қара кытай деп атады/. Сөйтіп, олар Оңтүстік-шығыс пен Оңтүстік Қазақстанға орналасты.

Кидандар Орта Азияға қарай жылжып, Салжұқ сұлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қаласын басып алды. Осыдан кейін Елюй Дашы өзін горхан деп жариялады. Қайтар жолда горхан әскерлері Бұқараны оңай басып алып, Баласағүн аймағына келіп орналасты. XII ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік Қазақстанның, Бұқара мен Самарқандты қоса алғанда, Мәуеренахр аймағының жері қара қытай иелігіне кірді.

Елюй Дашы 1143 жылы қайтыс болды. Баласы Иле жас болғандықтан хандықты Елюй Дашының әйелі Набұян басқарды. Жеті жылдан соң Даштың ұлы Иле әкесінің тағына отырып, 1150-1164 жж. горхан болды. Ол қайтыс болған соң, қарындасы Бұбұған таққа отырып, 1164-1177 жж. билік жүргізді. Оның хандығының соңғы кезінде Қарақытай ордасында саяси өзгерістер болып, Бұбұған өлтірілді. Оның орнына Иленің баласы Жилугу горхан болды. Жилугу өзінің билігін 1213 жылға дейін жүргізді. Бұл кезде қарақытайлар Орта Азиядағы басып алған жерлерінен айырыла бастады. 1198 жылы Ауған аймағынан шықкан Гурид билеушілері қарақытайларға күйрете соққы берді. Ал 1210 және 1213 жылдары Қарақытай мемлекеті Хорезм шахы Мүхаммедпен және наймандармен соғыстар барысында ыдырап құлады.

 

ж) Найман мен кереит ұлыстары

Қазақстан жеріндегі ертеден келе жатқан тайпалар -Жалайыр, Найман мен Керейт. Найман тайпалар одағы /түрікше "сегіз тайпа одағы"/ VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында пайда болып, Ханғайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатты.

Найманның батыстағы көршісі Ертіс өзені бойында тұрған қаңлылар, ал солтүстігінде - қырғыздар, шығысында -Тола алқабын, Орхонның орта ағысы және оң жақ бетін алып жаткан меркіттер мен керейттер болды. Алайда, бүл қоныстар тұрақты болмады, өзара талас-тартыс, соғыс пен шапкыншылықтар барысында тайпалар бір жерге тұрақтай алмай, жаңа жерлерге көшіп отырды. Өйткені наймандарда олармен көрші керейттер де көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.

Наймандар мен керейттер /керейлер/ 2 мыңыншы жылдықтың басында Қазақстан жеріндегі этникалық-генетикалық процестерде белгілі рөл атқарды. Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы ұлыстардың құрылуымен қатар жүрді. "Ұлыс" деген сөз ол кезде "халық" деген ұғымды білдірді, әрбір ұлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың өкілі, хан басқарды. Хан ордасы ұлыстың өздеріне меншікті жазғы жайылымы, қысқы қыстауы болып, әскері - ондық, жүздік, мыңдық, түмендерге бөлінді.

Наймандар мен керейлер XII ғасырда іс жүргізуде ұйғыр жазуын пайдаланған. Ханның "алтын мөрі" болып, онымен қажетті құжаттарды куәландырып отырған. 1206 жылы Шыңғысхан Алтайдағы Күшлікхан бастаған наймандарға қатты соққы берді. Бұдан кейін наймандардың бір бөлігі Алтайдан Жетісу жеріне ойысты, ал екінші бір бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып қойды. Осы кезде Жетісу жерінде қара-кытайдың әскерлеріне Хорезм шахы Мұхаммед шабуыл жасап соққы берді, ал қалғандарын 1213 жылы Күшлікхан басқарған наймандар жаулап алды. Қарақытай әскерлері талқандалып жеңілген кезде, олардан ұйғырлар бөлініп шықты. Осыдан кейін Қарақытай мемлекеті құлады, Хорезм-шах наймандардың шабуылынан қорқып, оларға Сырдария өзеніне дейінгі жерлерді - Сайрам, Ташкент және Ферғананың солтүстік бөлігін бөліп берді. 1218 жылы моңғолдар Жетісу жеріндегі наймандарды талқандап жеңді. Қашып шыққан Күшлікті олар ұстап алып Бадахшанда өлтірді. Бүкіл Шығыс Түркістан мен Жетісу жерлері моңғолдардың қол астына көшті.

Керейттер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер X ғасырдың бас кезіне жатады. Керейттер конфедерациясының этникалық құрамы бір текті болмаған. Ол түрік тілді жөне моңғол тілді жұрттан құралады. Керейттердің батысында - наймандар, солтүстігінде - меркіттер, шығысында -татарлар, оңтүстігінде - таңғұттар мекендеген. Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы — Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласы, ал оңтүстік ордасы Хуанке өзенінің бұрылысының теріскейінде тұрған. Орхондағы бас орда өте қолайлы жерде, сауда жолының аса маңызды бөлігінде орналасқан. Сол себепті ол көршілес және алыс елдерден келетін көпестер, сол сияқты миссионерлер жиналатын орынға айналған. 1007 жылы керейттер наймандармен бірге христиан дінінің несторияндық тармағын қабылдайды. Керейттер белгілі дәрежеде ұйғыр мәдениетінің ықпалында болған.

XII ғасырдың 50-ші жылдары керейттерде Мырғыз хан билік жүргізді. Кейін ол қытайлар қолына түсіп өлтірілген. Одан кейін елді Бүйрек хан биледі. 1171 жылы хан тағы оның баласы Тоғырылға көшті.

Тоғырылхан тұсында Керейттер ұлысы солтүстікте -Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте - Хуанкеге дейінгі, батыста - Хангай тауынан, шығыста - Халкин Голге дейінге жерлерді еркін жайлаған. Керейттер найман, қаңлы, ұйғыр, меркіт, монғол, қарақытай, таңғұттармен тығыз саяси және этникалық-мәдени байланыс жасап тұрған. Тоғырылханның бай жиһазды сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері - Темучин (Шыңғысхан) мен Жамуха - тәрбие алып, саяси жөне елшілік өмірден хабардар болады. Керейттер билеушісі Тоғырылхан сарай қызметіне қаңлы ақсүйектерінің өкілдерін кеңінен тартқан.

Керейттер мен наймандар және жалайырлар әлеуметтік-саяси дамудың бір деңгейінде тұрған. Олар дербес мемлекеттік құрылым-ұлыстар болып ұйымдасады. Әрбір ұлыстың өз территориясы болған. Оның шекарасының ең маңызды жерлері күзетке алынып отырған. Ұлыстарда хан косының басқару органдары, әскері мен жасауылы бар басқару аппараты жұмыс істеген. Наймандар мен керейттерде кедуілгі хүқ низамы колданылған. Қоғамның тандаулы тобына қызмет орындары мүра болып берілген.

XII ғасырдың аяқ кезінде Темучиннің әскерлері татарларды талқандағаннан кейін 1203 жылы керейттерді бағындырады.

Жалайырлар туралы алғашқы тарихи деректер X ғасырдан бастап кездеседі. Жалайыр жайында тарихшылардың негізгі сүйенетін еңбектерінің бірі Қадырғали Жалайыридың "Жылнамалар жинағы" — деген кітабы (1602 ж.). Оның шыққан тегі жалайыр болғандықтан, кітабын Оғыз ханнан бастап Шыңғыс дәуіріне дейін жеткізген. Бірақ осыған қарамастан жалайырлардың шығу тегі осы кезге дейін жете ашылмаған, яғни олар моңғолдар ма әлде түріктер ме, бүл мәселе әлі толық зсрттелмеген. Бірқатар ғалымдар Парсы тарихшысы Рашид ад-диннің "Жамих-ат-тауарих" еңбегіне сүйеніп, жалайырларды түріктенген ұйғырлардан шықты деген болжам жасайды. XII ғ. жалайыр тайпалары кұрамында түріктенген ру тайпалар мен монғол тілді тайпалардың болғаны айтылады.

Ляо империясы және Қытайдағы Жин әулеті кезінде жалайырлар Моңғолиядағы белді ұлыстардың бірі болған. Өйткені жалайыр халқынын басқа ұлыстармен салыстырғанда саны біршама көп, жайлаған жері де едәуір үлкен аймақты алып жатқан. Атап айтқанда, олардың бір шеті Өнен бойында болса, екінші бір қанаты Монғолияның орталық аймағы Қарақорымға дейін жеткен. Бұл кездегі жалайыр ұлысы он ірі тайпаға бөлінген. Олар: жат, тоқырауыт, Каңқауыт, құмсауыт, оят, нылқын, қорқын, төлеңгіт, тары және саңғұт. Ал осы тайпалардан кейін көптеген рулар өрбіп шыққан.

XIII ғ. басында Шыңғысхан моңғолдар тайпаларын бір орталыққа біріктірген кезде, жалайырлар оған бағынып, Шыңғысханның басты әскери күштерінің біріне айналады. Шыңғыс жасақтарының қатарында жалайырдан шыққан көптеген қолбасы, түмен басы, мың басылар, белгілі батырлар әскери жорықтарға қатынасып, өздерінің ерліктерімен көзге түскен. Бұлардың ішіндегі ең атақтысы жалайырдың жат руынан шыққан Мұқалы батыр. Ол Шынғысханның ең сенімді серіктерінің бірі болып, оның әскерінің сол қанатына қолбасшылық еткен. 1216 жылы Мұқалы өз жасақтарымен Жинжу қаласын билеуші қытай ақсүйегі Жаң Жиннің монғолдарға қарсы көтерілісін баскан, ал 1218 жылы ол қалың қолды бастап кидандары жаулап алу жорығына қатысқан.

Жалайыр жасақтары 1219-1221 жж. Шыңғысханның Орта Азияға, Қазақстанға және Иранға жасаған жорықтарына қатынасьш, олардың арасынан әйгілі әскери қолбасылар шыққан. Олар Орта Азияда, Индияда, Ирак жерінде үлкен рөл атқарып, тарихта өздерінің аттарын қалдырған. Солардың бірі — Шағатайдың мыңдаған қолын басқарған Мұқанойын Сартак Жалайыри мен оның баласы Оба Жалайыри. Олар Шьңғысхан сарайында бек атанып, Шағатай ұлысына, Моғолстанға, Мәуеренахрға билік жүргізуге араласқан. Кейбір белгілі жалайырлар жайында "Темір тарихында", "Бабырнамада" жазылған. Бабыр Орта Азияны билеп тұрған кезде жалайыр басшылары оған көп көмек көрсеткен. Әбілқасым Жалайыри, Сейтқасым Ішік Жалайыри, Хасен Әли Туфейл Жалайыри, Құсайын Әли Жалайыри Бабырдың әскер басшылары, кеңесшілері болған. Бабырдың айтуы бойынша бұл кезде жалайыр рулары Ферғана өңірінен Жетісуға ауысып, ол жерді өздерінің құтты қоныстарына айналдырған.

 

з) Қыпшақ хандығы

XI ғасырда кыпшақтар Сырдария, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне бағындырды. Маңғыстау мен оған таяу жатқан аудандарды алғаннан кейін қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне жетті.

XI ғ. орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан /Еділден/ батысқа қарай жылжыды, сөйтіп Шығыс Еуропа елдерімен, орыстармен, Византиямен, Венгриямен шектесті. Қазакстан жерінде қыпшақ этникалық қоғамдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, кыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы — VII ғ. екінші жартысы -VIII ғ. соңына дейін. Екінші кезең: VIII ғ. аяғы - XI ғ. басы. Бұл кезде кыпшактар Алтай және Ертістің Орал таулары жоне Еділге дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық одағына Мұғалжар жеріндегі құмандар және қимақ тайпалары кірді. XI гасырдан XIII ғ. басына дейін қыпшақтардың дамуының үшінші кезеңі жүрді. Бұл кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсті. Олардың этникалық құрамы взгсріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді.

Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара — Балқаш көлі жөне Алакөл ойпаты XII ғ. қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесті, солтүстікте қырғыздар жөне хакастармен көрші болды. Қыпшақ тайпаларының басында қаған, одан төмен қарай хан, тархан, басқақ, бек, байлар тұрды. Негізгі байлығы жылқы, бай ақсүйектері 10 мыңға дейін жылқы ұстаған. Кедейлері мал бағумен айналысқан. Сөйтіп, қыпшак хандығы ерте феодалдық мемлекет болып саналады.

1065 жылы салжұктардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығады. Содан кейін қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжұқтарына тәуелді болды. Алайда, XI ғасырдың соңғы ширегінде кыпшақтар Маңғыстау мен Каспий теңізінің шығыс жағалауында бүрынғыша өз билігін жүргізіп тұрды. 1096 жылы "Құдіретті" хан бастаған қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге қарсы жорық ашады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды.

XI ғ. аяғы мен XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төмендегі Сырдарияның тағы басқа қалалары да қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Дегенмен XII ғ. алғашқы жартысында осынау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта Азиянын мұсылмандық әулеттері арасындағы қиянкескі ұрыс алаңына айналады. Хорезм шахы Атсыз Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Тап осы кезден бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмге бейімдеушілердің көбеюі, қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі еді.

XII ғ. екінші жартысынан, әсіресе, Текеш (1172-1200 жж.) билеген кезден бастап, Хорезм қыпшақ ақсүйектерімен жақындаса түсуді мақсат еткен арнаулы саясат жүргізеді. Қаңлы, қыпшак, имек, ұран тайпалары топтарының жетекшілерін Хорезм шахтары әртүрлі қызметке тартады. Бұдан баска туысқандық үшін қалыптасқан дәстүрге сай, Хорезм билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған. Мысалы: XIII ғ. бас кезінде Хорезм шахы Ала ад-дин Мұхаммед қаңлылардың басшысы Әмин Мөліктің қызына үйленген. Осының арқасында Әмин Мәлік Хорезм шахтар сарайында маңызды рөл атқарған.

Хорезм шахы Мұхаммед /1200-1220 жж./ өз мемлекетінің кұрамына XIII ғ. бас кезінде Сығанақ жерін косып алады. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра берді. Бұл кезде хорезмшахы Мұхаммед Дешті Қыпшак, еліне бірнеше рет жорық жасайды. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бұл монғалдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп, монғол басқыншылығының дәуірі басталады.

Бақылау сұрақтары:

Сақтар негізгі қанша топқа бөлінді?

Сақтарға қарсы басқа мемлекеттер ұйымдастырған жорықтар туралы не білесіз?

«Үйсін» термині не білдіреді?

Қаңлылар материалдық мәдениеті қандай бөліктерге бөлінеді?

5. Батыс Түрік қағанатының көрші елдермен қарым қатынасы жайлы не білесіз?

6. Оғыз мемлекетінің материалдық мәдениеті қандай бөліктерге бөлінеді?

7. Қарахан мемлекеті және ислам діні туралы не айтасыз?

8. «Түрік» сөзінің этимологиясы.

9. Найман мен керейіттер тайпасының байланысы?

Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. I, II, III, ІV, V. т. А., 2002ж.

2. Қазақстан тарихы очерктер. А., 1994ж.

3. Аманжолов Қ. Қазақстан тарихы дәрістер курсы. I, II т. А., 2004ж.

4. Рысбайүлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. А., 200һк.

5. Әбдіәкімүлы К. Қазақстан тарихы. А., 1997ж.

6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2003ж.

3-лекция. Тақырыбы: Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде

Жоспары:

1. Монғол империясының құрылуы

2. Шыңғысханның Қазақстанды жаулап алуы

3. Алтын Орда (1243-ХVғ. ортасы)

4. Шағатай мемлекетінің құрылуы

Лекция мақсаты:

Студенттердің тарихи танымын арттыру, тарихи факторларды іріктей отырып тиянақты білім беру, Монғол империясының құрылуын, Шыңғыс ханның тарихи мұрасын таныстыру. Танымдық қызығушылығын дамыту.

Лекция мәтіні

1. Монғол империясының құрылуы

Татар-моңғол тайпаларының саяси жағынан басынбіріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол тарихтағы бір деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір деректер бойынша 1155 жылы ірі ноян Есугай баһадүрдің отбасында туған. Темучин ер жете келе негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп, Моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірген. 1206 жылдың көктемінде Өнан өзенінің сағасында Темучинді жақтаушы-моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып, онда ол салтанатты жағдайда Шыңғысхан деген атпен моңғолдардың әміршісі болып жарияланды. Темучин өзін хан көтерген ақсүйектердің кұлқьш тойғызу мақсатында көрші елдерді жаулау оларды талау-тонау үшін үлкен әзірлік жүргізді.

Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік кұрылыстың негізі етіп алды. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат/барунғар/, сол қанат/жоңғар/және орталық /гол/ атты үш әскери әкімшілік округке белініп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер /түмендер/ болды. Олар өз кезегінде "мыңдык", "жүздік", "ондықтан" кұрылды. Өте қатал тәртібі, мұқият құрылымы бар әскер басында моңғолдардың феодалдық жоғарғы тобының өкілдері - нойондар, багадурлар, мергендер, сечендер тұрды. Шыңғысханға бұлардан басқа, өзіне шын берілген, 10 мың тандаулы жауынгерлерден тұратын кешігі /ұланы/ қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғысхан нойондар мсн феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.

1207-1208 жылдардың қысында Шынғысханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да "орман халықтарын" бағындырды. 1208-1209 жылдары Шыңғысхан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, таңғұттык Си Ся мемлекетін күйретті. Шынғыстың қаһарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар моңғолдарға өз еркімен бағынды. Олардың ел басшысы Баршық өзін Шыңғысханның бодапымын деп мойындаған. 1211 жылы Шыңғысханның қолы Солтүстік Қытайға бет алды, 1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды /Пекинді/ бағындырды. Қытайда моңғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын және оны қолдана білетінадамдарды, қолөнерлерді алған Шыңғысхан әз әскерінің санын көбейтіп, жауынгерлік дайындығын одан әрі жетілдірді. Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Казақстанды жаулап алу жорығына жан-жакты әзірленді. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, моңғолдардың қол астында болған босқындардан мәліметтер алып, қарақытайлар мемлекетінің, содан кейін Хорезм шахындағы ішкі жағдай мен әскери күштер туралы деректерге қанықты, соның негізінде ойластырылған іс-қимылдың баідарламасын жасаған.