В) Энеолит 2 страница

Б.з.б. I мың жылдыктың басында Қазакстан жерінің ежелгі тайпалары қызыл жөне қоңыр темір тасты, магнитті, темір жылтыры сияқты тез балқитын рудаларды жақсы білген. Мүны Қарқаралы қаласына жакын Суықбұлақ қоныс жүртын қазу кезінде табылған онды сұрыпталған темір рудасының үйіндісіне кдрап білуге болады. Орталық Қазақстан мен Жетісу обаларынан б.з.б. VII-VI ғасырларда темірден соғылған заттар - темір қанжарлар, пышақтар, жүген өшекейлері табылған.

Ежелгі Қазақстанда мыс-қалайы өндіру басым болды. Сақзаманында кен ісі мен руданы алғашқы ендеу техникасы Андронов дәуірімен салыстырғаңда едәуір ілгеріледі. Сақ шеберлері, өсіресе, қола құю ісінде елеулі табыстарға жеткен. Шаруашылыктың жаңа түрлері өздеріне лайықты еңбек құралдарын жасауды қажет етті. Осыған байланысты ертедегі шеберлер ат тұрманын, қару-жарақ, ауыздық жасауды үйретіп, соғыс құралдарын, қару-жарақтарды, жебенің ұштарын, кысқа семсерлер (ақинақ), қанжар, ұзын семсерлер, найза, түрлі балталар жасады.

Метал өңдеумен бірге қолөнердің түрмыстық ыдыс-аяқ жасау, тас қашау, сүйек ою, тері илеу, жіп иіру және токымашылықтың түрлері де болды. Темірден пышақ, металданыдыс, темір ілгектер, қашаулар, т.б. заттар жасалынды. Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Батыс Еуропа халықтары мен тығыз байланыс жасап тұрды. Бұл жөніндегі қазылған ескі молалардан табылған заттар сақтардың өмірі туралы көптеген мағлұматтар береді. Сақтардың әлеуметтік қоғамы жөнінде айтқанда, олардың басты үш топқа бөлінгенін керсетуге болады. Біріншісі - әскери топтар, екіншілері - ауқатты бай топтар, діни адамдар, жрецтер, үшіншілері - жай қатардағы сақтар, бұлар - кедейлер, оларға соқа жөне екі өгіз тән. Сақтардың молалары кең, биік болған. Сондай молалардың бірі — 1969 жылы қазіргі Алматы облысы, Есік қаласының жанынан табылды. Б.з.б. V ғасырда бой көтерген бұл қорған ағаштан қиылған, биіктігі 7 метр, оның ішінде жерленген бай жас сақ жауынгерінің барлық киімі алтынмен қапталған. Оның басындағы телпегінен бастап аяқ киіміне дейін атты, жолбарысты, тау ешкіні, құстарды бейнелейтін 4 мың алтын алқа қадалған. Мұны “Алтын адам” деп атайды. Ол - сол кездегі сақ тайпаларының тұрмысы, мәдениетінің қандай болғандығын көрсетеді.

3. Үйсіндер және қаңлылар

Қазақстан жерін ертеден жайлаған үйсіндер туралы не білеміз? Батыс шығыс бөліктеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндердің қол басқарушысы ғұньмо деп аталған. Үйсін ғұньмосының ордасы Чигу-Чэн /”Қызыл-Анғар қаласы”/ Есік көлдің жағасында орналасқан. Ол ертеден белгілі “Ұлы Жібек жолындағы” маңызды сауда орталығы. Үйсіндер туралы алғашқы деректер б.з.б. 2 ғасырдың аяқ шенінде белгілі бола бастайды. Хань император сарайы ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, “Батыс өлкесіне” б.з.б. 138 ж. Чжан Цзянь бастаған елшілік жібергенде ол Жетісуда болып, үйсіндер жеріндегі алғашқы хабарды әкеледі.(Чжан Цзяннің хабарына қарағанда, үйсіндердің саны 630 мың адам және олардың 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтады.

Б.з.б. 73-ші жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол /шығыс/ бөлікке, оң ІбатысІ бөлікке жөне ғүньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген, бірак олардың бәрі ғұньмоға тәуелді болды. Үйсіндердің тарихы кіші ғүньмолар мен ұлы ғүньмолардың үстемдік үшін өзара болған күрестерімен тығыз байланысты. Үйсіндер көршілес халықтармен тығыз қарым-қатынас жасаған. Хань империясы және Ғұн тайпалары үйсіндермен одақ болып, Хань мен Ғұн өміршілерінің қыздарын үйсін ғүньмоларына әйелдікке беріп отырған. Қытайдың Хань дәуіріндегі әулеттік жазбаларда үйсіндердің саяси тарихын баяндап жазу, шамамен алғанда, біздің заманымыздың III ғасырына дейін жеткізілген. Біздің заманымыздың 437 жылы үйсіндер Хань ордасына елшілер жіберді деген хабар бар. Академик В. В. Бартольд — “Очерк истории Семиречья” деген кітабында және қазақ халқының ауыз әдебиеті тарихында үйсіндердің негізін құраушылардың бірі - Дулат атты тайпаның болғанын айтады.

Үйсіндер негізінен мал шаруашылығымен шұғылданған, олар егіншілік кәсіпті де білген. Көбінесе жылқыны қастерлеген. Олар қой, ірі қара, түйе өсірген, тары еккен, құлан, сайғақ, бұғы аулаған. Үйсіндер жүн тоқып, тері илеп, киім тігіп киген. Үйсіндер қоғамы біртекті болмаған. Ол байларға, ру жөне тайпа ақсүйектеріне, әскери және діни адамдар, жрецтер болып, сондай-ақ жәй мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысатын қарапайым топтарға бөлінген. Үйсіндердің тапқа бөлінуін олардың қалдырып кеткен қорғандары көрсетеді.

Біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырда “Кангют” деген атпен қытайға белгілі қаңлы түрік тұкымдас тайпалар да өмір сүрген. Сырдария және Талас өзендерінің бойында мекендеген қаңлылардың астанасы Битянь деген қала. Жаңа заман шегінде Кангюй князьдігінен 600 мың адамның 120 мыңы соғысқа шығатын жауынгерлер екен. Қаңлылар үйсіндер тарапынан қысым көріп, ғүндардан жәрдем сұрап, көмек алып отырған. Қаңлы тайпасы өзінің сауда, әскери жөне саяси қызметінде ешқашан шығысқа ұмтылған емес, өз байланыстарын олар батыс бағытта дамытқан. Қаңлы тайпасының қандай кәсіппен шұғылданғаны жөнінде мағлұмат аз. Бірақ оларда мал шаруашылығы кеңінен дамыған, егіншілік кәсібімен айналыскан, қолөнер ісінде олар алтын, күміс және темірден бұйым жасауды білген. Үйсіндер мен қаңлылар Алтай, Орта Азия және Сібір халықтарымен саяси жөне экономикалық байланыс жасап тұрған. Үйсіндер мен қаңлылардың арасында табиғатқа табыну, ата-бабаның аруағын құрметтеу сияқты діни таным көп тараған. Олар табиғаттан тыс құдіретті күш бар деп сеніп, құрбан шалған. Сонымен қатар олар күнге, айға, жұлдызға табынған.

Бертін келе үйсіндер мен қаңлылардың алғашқы қауымдық құрылысының ыдырай бастағаны байқалады, қоғам байлар мен кедейлерге, еркін жандар мен құлдарға бөлінеді. Бай көсемдер тобы шұрайлы жайылымдарды пайдаланды, оны өзінің меншігі деп есептеді. Үйсіндер мен каңлылардың бай қожайындары өлсе, онда олардың құлдарын да өлтіріп бірге көметін болған. Мұның өзі сол кезде коғамның таптық жікке бөлінгенін айқын дәлелдейді.

4. Ғұндар

Б.з.б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстікке және Ордосқа дейін созылып жатқан дала мен шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ - Сюнну және Дунху бірлестіктері еді. Сюннулар (хунну немесе ғұндар деп аталады), әсіресе, б.з.б. III ғасырда мейлінше күшейді. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны белгісіз. “Ғүн” деген атаудың өзі кейінірек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп болжам жасалынды.

Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып болған жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Ғұндардың құдіреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар косылған, сондықтан "Ғұн" атауы этникалық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларынын бір одаққа бірігуіне негізгі себеп қытайлыктардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы деу керек. Хань империясы кезінде қытайлықтар ғұндарды талай рет басып алмақшы болады, бірақ ғұндар іргелес тайпалармен бірігіп, қытайлықтардың шабуылдарына батыл тойтарыс беріп отырады. Ғұн тайпаларының бірігіп топтасуы б.з.б. 209 жылы “ғұн үйінің ерлеуі” кезінде іске асты. Оларды бір одақка біріктіру әйгілі Мөде /Боғда/ батырдың есімімен байланысты. Оның туған жылы 230, ал өлген кезі б.з.б. 174 жыл.

Мөде ғұндарды күшті державаға айнадыру үшін әскери реформалар жүргізді. Мөденің басшылығымен ғұндар Саян-Алтай тайпаларына және Үйсіндерге шабуыл жасап, оларды өзіне қаратты. Мөде батыста Юечжей тайпаларына жорық жасап оны бағындырды. Б.з.б. 200-ші жылдары ғұндар Ордосты қаратып алды. Ал б.з.б. 200 жылы қытай Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Баньмен соғысып, оны жеңді. Ұлы Қытай корғаны салуының бір себебі осы ғұндардың шабуылынан қорғану амалы еді. Қытайдың “Жылнама” атты байырғы кітабында айтылатын “тұрағы жоқ, үйі жоқ ғұндар бәле болды ғой" деп келетін жолдар ғүндардың Қытай еліне қатты қауіп төндіргенін көрсетеді. Б.з.б. 188 жылы Мөде мен Қытайдын Хань императоры “тыныштық және туыстық” жайлы шартқа қол қойды. Мөде қытай ханшасын өзіне әйелдікке алды, ал Хань империясы ғұндарға жыл сайын салық төлеп тұруға тиісті болды. Соғыстың нәтижесінде За-байкальедей Тибетке жөне шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта бойына дейін созылып жатқан жердің бәрі ғұндардын қол астына көшті. “Ғұн державасы” орасан зор үлкен болғанымен онын осал ұрымтал жері де бартын. Мұнын өзі олардың арасындағы берік бірліктің болмауымен байланысты еді. Осыдан келіп б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды.

Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік гұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар қытайдың Хань империясына бағынды. Ал Чжи-Чжи шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар өздерінің тәуелсіздігін сақтап, Солтүстік Моңғолия және Шығыс Түркістанның Солтүстік аймақтарында көші-конып жүрді? Бұлардың бір бөлігі Тянь-Шаньнан етіп, Қаңлы тайпаларымен шарттасып, олардың шығыс жағына қоныстанды.

Мұның өзі ғүндардың Қазақстан мен Орта Азия жеріне тұнғыш рет жаппай өтуі еді. Екінші бір толқыны біздің заманымыздың I ғасырында басталды. 93 жылы Хань империясының әскерлері ғұндардың күштерін ығыстырып, олардың солтүстіктегі тайпаларының бірін өздеріне бағын-дырып, енді біреулермен одақ жасасып, үшіншілерін батысқа қарай ығыстырды. Олар Тарбағатайға дейін келіп, Балқаш өңірінің оңтүстік шығысын жайлаған Юебань тайпалары пайда болды. Ғұндардың осы жылжуымен байланысты болса керек, кейінірек бұлар Орталық Қазақстан және Сырдариядан солтүстікке қарай созылған жерлерді алып жатты. Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, аландар мен ассаларға шабуыл жасап, оларды батысқа қарай ығыстырды. Сөйтіп, ғұндардың Қазақстаннан Шығыс және Орталық Еуропа жеріне жеткенше үш ғасырдан астам уақыт өтті. Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызды. V ғасырдың 30-шы жылдары ғұндардың басшысы Аттила /Әділ/ Румыния және Венгрия елдеріндегі көшпелі тайпаларды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары ІІаинония мен Мезияны басып алған соң, Франция жеріне өтеді. Жаулап алған жерлердегі халықтарды қырып-жойып, қалаларды бүлдіріп, селоларды өртеп, бүкіл Еуропа елдерінің үрейін ұшырады. Н. А. Машкин “Ертедегі Римнін тарихы” деген кітабында, 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен біріккен күрестері ежелгі Рим империясының кұлауына әкеп соқты деген қорытынды жасайды.

Ғүндардың басты шаруашылығы мал өсіру, соның ішінде жылқы және қой бағу. Оларда сонымен қатар отырықшылық пен егін шаруашылығы да болған, қолөнері де дамыған. Тұрмысқа қажетті бүйымдарды металдан, тастан, ағаштан, сүйектен, мүйізден, балшықтан жасаған. Керамика ісі өркендеген. Олар Қытай және т.б. елдермен сауда жүргізген. Ғұндар 24 руға бөлінген. Ел басында ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы тұрған. Жылына үш рет олардың жиналыс-кеңесі өткізілген. Елді көсемдер басқарған. Ғұндардан еңсесін көтеріп, ел болуына ат салысқан Түмен, Мөде /Боғда/, Балөмір, Жұлдыз, Қаратүн, Айбарыс, Оқтар, Әділ /Аттила/, Теңізек, Күнхан, Шамхан атты ерлердің есімі тарихтан белгілі. Ғүндардың ең алдымен түрік тайпалық одақтары, ал кейіннен олардан Арғын, Алшын, Үйсін, Ұйғыр, Қыпшақ, Қырғыз, Оғыз, Қарлық сияқты рулық-тайиалар ел-жұрттар тарап, тарихта өшпес із қалдырған.

Сонымен қорытып айтқанда, сақтар мен үйсіндер, каңлылар мен ғұндар және сарматтар тайпалары қоғамдық құрылымы мемлекеттік деңгейге өскен және өзіндік материалдық мәдениеті мен өнері бар, айрықша бір өркениетті жасау ісінде жоғары дәрежеге жетеді. Міне, тап сол кездері Қазақстан жерінде ежелгі түрік тілінде сөйлейтін халықтар пайда болады.

5. а) Түрік қағанаты

VІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне жөне Батыс түрік қағанаттары еді. Біздің заманымыздың 1 мың жылдығындағы Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының тарихы бұлармен өзара тығыз байланыста болды. V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейін созылған кең байтақ жердің бәрін тирек (телэ) деген жалпы атпен бірнеше тайпалар мекен еткен. Солардың бірі -түрік тайпасы. Түрік деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған.

546-шы жылы тирек (телэ) тайпалары Монголияның Онтүстік және орталык аудандарын мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын деп те атаған) басқаруымен тирек (телэ) әскерлеріне шабуыл жасап, быт-шытын шығарып жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді аварларға (жуань-жуань) қарсы шығып, авар қағаны үйінің ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны өзіне бұрын тәуелді болып келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады. 552-ші жылы көктемде түріктер аварлардын ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың қағаны Анағүй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Тумын түрік билеп-төстеушілердің кағаны деген атағын алады. Тумын 553-ші жылы кайтыс болады.

Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553-572 жылдар. Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553-554 жж.) түріктер шығыста қайлар (татабтар), кидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенеттерді өздеріне қаратты. 563-567 жж. Эфталит патшалығын басып алды. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.

Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты. 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естемі Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар кағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады.

Түрік қағанатындағы өзара кырқыс 603 жылы оның екі дербес Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады. Батыс қағанатының орталығы - Жетісу жеріндегі Суяб қаласы (қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде). Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы — "он тайпа" (он-ақ будунның (мекендеген жері де осы ара болған. Сонымен қатар ол Шығыс түрік кағанатының Шығыс Түркістан жөне Орта Азияның Сармақанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанның орынбасарлары отырды. Қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ (Түркістан қаласына жақын) деген жерде болған. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түнжабғы қаған /618-630 жж./ билеген кезде кағанаттың күш қуаты таси түседі. Тохарстан мен Ауғанстанға жасаған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік батысына дейін жылжытып кеңейтеді.

Түрік кағанаты мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды, мал шаруашылығына байланысты көшіп конып жүрген. Егістік жерлерде түріктер отырықшылық шаруашылықпен айналысты. Қала мен дала қағанат құрамындағы біріккен әлеуметтік-саяси ағзаның бір-біріне аса қажет, бірін-бірі толықтырып отыратын бөлшектері еді. Еддің халқы - түріктері де, соғдылары да - бәрі бірдей сауда-саттықпен, қолөнер кәсібімен, егіншілік және мал өсірумен айналысқан. Нәтижесінде түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына Орта Азия жөне Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды. Түріктер Персия арқылы Византияға жібек және басқа заттар өткізуге рұксат сұрап, 568 жылы Соғды көпесі Маниахтың басқаруымен елшілік жібереді. Бірақ бұл жолғы сапар сәтсіздікпен аяқталған. Одан кейін VI ғ. 70 жылдары осы елші Кавказ жері арқылы Константинопльге келіп, екі елдің арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың бірігіп, сасанидтер Иранына қарсы қимыл жасау жөнінде келіссөз жүргізеді.

Сыртқы сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналасын шығарды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының қарамағындағы шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналысқа көшті. Түрік халқы қолөнерімен де шұғылданып, өмірге қажетті, әсіресе, үй тұрмысына керекті заттарды және қаружарақтарды жасап пайдалана білді. Түрік кағанаты әлеуметтік тұрғыдан алғанда бір жағынан, ақсүйек тайпалар, екінші жағынан, оларға бағынышты, тәуелді тайпалар болып екіге бөлінді. Бағынышты тайпалар алым-салық төлеп түрған. Қағанаттың басында жоғары билеуші, әскер басшысы, барлық жердің иесі қаған болған. Елдегі барлық билік оның туыстары арқылы жүргізілді. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар - жабғы, ұлық, шад және елтебер-қаған әулетіне ғана тән атақ-тұғын. Сот қызметін бұйрық берушілер, тархандар жүргізді. Қағанаттың негізгі халқы малшы қауым мүшелері, оларды "қара буын" ("қара халык, "тобыр") деп атаған.

Түріктердің ежелгі жазуы болған, оны Жетісу жеріндегі ескерткіштерден көреміз. Шығыс пен Батыста, Оңтүстікте ұшы-киыры жоқ жері бар біртұтас орасан зор мемлекет құрған түрік батырлары "басы барды идірдік, тізесі барды бүктірдік" деген сөздерді тасқа қашап жаздырып қалдырған. "Күлтегін" жыры да осы тас жазуы арқылы бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Осы жырдағы Білге қағанның "Ілгері - күн шығысында, он жақта - күн ортасында, кейін - күн батысында, сол жақта түн ортасында - осының ішіндегі халықтың бәрі маған қарайды" деуі түріктердің қаншалықты зор мемлекет қүрғанын көрсетеді. Жалпы алғанда, түріктердің мәдениеті көп халықтарға қарағанда жоғары деңгейде болған. Жергілікті халықтар түріктердің мәдениетіне, әдет-ғұрыптарына көшіп, тілін қабылдаған. Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құлалығына, үстемдік ету мен бағыну формаларының алуан түрлілігіне қарамастан таптардың қалыптасуы мен ертедегі феодалдық қатынастардың өрбуі біршама тез іске асты. Қағанат ішіндегі өзара тартыс, билеушілердің жиі- жиі ауысуы оның ыдыраушылығын күшейтті. Он алты жылға /640-657/ созылған тайпалар арасындағы соғыс пен ішкі қырқыстар Жетісуға қытайдың Тан империясы әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеліп соқты. Алайда, түріктердің Тан басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргізілген тынымсыз күресі түргештердің күшейіп көтерілуіне, сөйтіп 704 жылы Жетісуда олардың саяси жетекші күш болып шығуына себепші болды.

ә) Түркеш қағанаты

Түргеш қағанаты 704-756 жылда аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі - 699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бес-балыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы - Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы - Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа /бөлікке/ бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.

705 жылы арабтар шабуыл жасап, Әмударияның шығысындағы Мәуеренахрды жаулап алуға кірісті. Хорасанды билеуші Күтеиб-ибн-Мүсілім Балхы жерін басып алып, Бұхараға аттанады. Осындай қиын кезеңде түргештер Согді /Согдиана/ еліне көмекке келеді, Күтеибке тойтарыс береді. 709 жылы Күтеиб Мәуеренахрға қайтадан жорық ұйымдастырады. Ол Согдиана патшасы Тархунды алдап, оны түріктердің көмегінен бастартуға мәжбүр етеді, сөйтіп Бұхараны басып алады.