В) Энеолит 1 страница

Археологиялық кезеңдерге бөлу өлшемдеріне сәйкес, Адам өміріне мыс құрылдар енген дәуірді энеолит деп атайды. Әдетте, бұл жалпы алғанда, шақпақ тас индустриясының құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеп соқты. Энеолит (лат. мыс және грекше тас) тас ғасыры мен қола дәуірінің аралығындағы археологиялық өтпелі кезең (б.з.б. 4-3 м.ж.) яғни, тас мыс кезеңі. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек құралдары басым болғанымен, мыстан жасалғандары да пайда бола бастады. Археологиялық үлгілердің материалдық мәдениетке жататын жаңа жиынтықтыры: жалпақ түпті, өрнегі бай керамика, ұсақ қылықша, тұрғын үйлер айқын көрінеді.

Энеолиттік дәуір мал шаруашылығының басым дамыған далалық өңірде де маңызды рөл атқарды. Қазақстан даласындағы энеолит мүлде басқаша көрінеді. Бұл жолда тас индустриясы жоғары деңгейге көтерілді. Климат ылғал болды. Аңшылық ұжымдары бірге бір жерде ұзақ уақыт бойы шоғырланды.

Халықтың басты кәсібі-егіншілік пен аңшылық, мал шаруашылығы болды. Қоғамдық қатынас-рулық құрылыс. Қазақстан жерінен табылған энеолит ескерткіштер әзірге көп емес. Оларға Иманбұлақ, Сексеуілді -1, -2, қоныстарының қабаттарын Павлодарға жақын жерде Ертіс өзенінің жағасына орналасқан Железинка поселкесінің маңынан табылған обаны жатқызуға болады.

Энеолит немесе мыс заманында (б.з.б. 3-2 м.ж.) адамдар өмірге қажет құралдарды алғаш реет мыстан жасай бастады. Мыс кең орындары жер бетінде ерекше көз тартарлық жасыл (малахит минералы) және көк (азурит) түсті бояулы тастарымен адамдардың назарына іліккен. Мыстың сульфид минералдары жер бетіне шыққанда оттегімен тотығу нәтижесінде, ерекше тотықты белдем пайда болды.

Жалпы, кең тараған қазіргі Көктас, Көктасты деген атаулар негізінен мыс Кен орындарына байланысты шыққан.

Бірақ Қазақстандағы мысты тас дәуірінің ескерткіштері осы уақытқа дейін жеткілікті зерттеле қойған жоқ.

Бақылау сұрақтары:

1. Палеолит және оның тұрақтары

2. Мезолит және оның кезеңдері

3. Неолит және оның тұрақтары

4. Энеолит және оның кезеңдері

Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. I, II, III, ІV, V. т. А., 2002ж.

2. Қазақстан тарихы очерктер. А., 1994ж.

3. Аманжолов Қ. Қазақстан тарихы дәрістер курсы. I, II т. А., 2004ж.

4. Рысбайүлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. А., 200һк.

5. Әбдіәкімүлы К. Қазақстан тарихы. А., 1997ж.

6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2003ж.

2-лекция. Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ерте дәуір. Модуль 2. Қазақстан орта ғасырларда.

Жоспары:

1.Қола дәуірі (б.з.б. XVIII-VIII ғғ.)

2. Сақтар (б.з.б. VII-III ғғ.)

3. Үйсіндер және қаңлылар (б.з.б. ІІ ғ. – б.з. V ғ.)

4. Ғұндар (б.з.б. ІІІ – б.з. І ғ.)

5. а) Түрік қағанаты, ә) Түркеш қағанаты, б) Қарлұқ мемлекеті, в) Оғыздар; г) Қимақ қағанаты; д) Қарахан мемлекеті; е) Қарақытай мемлекеті; ж) Найман мен кереит ұлыстары; з) Қыпшақ хандығы

Лекция мақсаты:

Қазақ халқының құрылуына негіз болған сақтардың, олардың тарихи-мәдени мұрасын жалғастырған үйсіндер мен қаңлылар, савраматтар-сарматтар және тұңғыш көшпелі империя Ғұн державасының саяси тарихын қарастыру. Ерте ортағасырларда және дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер туралы, олардың жер аймағы, тарихи шеңбері, шаруашылығы, кәсібі, қоғамдық құрылысы және мәдениеті туралы толық мағлұмат беру. Студенттерді қосымша деректермен, ақпарат құралдарымен таныстыру.

Лекция мәтіні

1. Қола дәуірі

Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзгертуге жол ашты. Мал өсіруші тайпалар ірі жөне қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарында да жиі қолданылды, қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды. Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола - әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайынын, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылады. Қазақстан жерінде түсті металдар өндеуге, өсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында — 1 мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жана түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады. Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшеюіне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру /патриархат/ пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық енбектің мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады. Қола дәуірінде Сібірдің, Қазакстанның жөне Орта Азияның кең-байтақ далаларын тегі жене тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск маңындағы Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде "Андронов мөдениеті" деп аталды. Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі — Қазақстан жері. Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халықтың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан рулық-патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жертөлелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бүл кезде мал бағу кесібі басымырақ еді. Тайпалар малшылық- егіншілікпен аралас шүғылданды.

Андронов мөдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек кұралдарын, қарулар жөне сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егін оратын орақ, пішен шабатын шалғы сияқты құралдарды өздері жасап, күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды.

Андронов мәдениетінің алғашкы ескерткіштерін 1914 жылы А. Я. Тугаринов ашты. Содан бері өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазакстанда бүл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дөуірінің алғашқы кезеңін /б.з.б. ХVПІ-ХVІ ғасырлар/ және орта кезеңін /б.з.б. ХУ-Х ғасырлар/ түгелдей қамтиды. Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде /б.з.б. Х-VІІІ ғасырлар/ Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағүрлым жоғары Дәндібай-Беғазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жеріне қарай аталған. Дәндібай-Беғазы мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бүғылы-3 кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан, Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің, тұрпаты ерекше бәйіттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда қеңінен тараған.

Қола дәуірінде Қазақстан жерінде мекен еткен тайпалардың қоныс жайларын анықтау мақсатында бірнеше қазба жұмыстары жүргізілді. Көшпелілер, әдетте қоныс өзендердің жағасында, жайылымы мол мүйісте, көлдің маңына орналасқанын археологиялық қазбалардың нәтижелері көрсетіп отыр. Қоныстар 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден тұрған. Өзен жағасында олар бір немесе екі қатар болып тізілген. Мүйістегі үйлердің ортасынан кең алан-қотан қалдырылған. Тұрғын үйлердің аумағы кең 100 шаршы метрден 300-400 метрге дейін жеткен.

Қола дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалардың өмірге керекті және үй-тұрмысына қажетті заттарды істеп шығара бастағанын байқаймыз. Мал шаруашылығы адамдарды тек тамақтандырып қана қойған жоқ, сонымен қатар киім-кешекпен жене аяқ киіммен де қамтамасыз етті. Сойған малдың жүнін түтіп, оны иіріп киім етіп кию үшін жаңадан ұршык және қарапайым тоқыма станогі пайда болды. Бұлар бірнеше қазбалардан табылды. Мұның өзі сол тұста қазақ даласындағы үлкен жетістік еді. Адамдар малдың терісін өндеп, үстіне тон, басына тымақ, аяғына киім етіп киеді. Қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен жүн киімдер тоқылған. Қоныстарды мекендеушілерде керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың көбі әйелдер еді. Күйдірген балшыктан ыдыс-аяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салынған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды. Қола дәуіріндегі тайпалар жауынгерлік қару жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Ол кездегі негізгі карулар: найза, күрзі, дүмі шығыңқы балта, балға, шот. Кейбір жауынгерлердің канжары болған. Қоғамда азық-түліктің көбеюіне байланысты артық заттарды айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың қорлануы етек ала бастайды. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлісін туғызды, басқалардан өз алдына бақташылар бөлініп шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз өзгерістер болды. Өнделіп егілген жерлердің көлемі өседі. Бұл өзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен бөлінуді туғызьш, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық қатынастармен ауыса бастады. Патриархаттық отбасылык, қауымның бірнеше сатыдан өткенін айту керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың төрт-бес ұрпағынан құралады және аумағы 200 шаршы метрдей немесе одан да кең үлкен үйлерде бірге өмір сүрді. Әрбір патриархаттық-рулық қоныс-мекен осындай бірнеше үйлерден тұрды. Отбасылық қауым отбасылық-өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өнім ортақ меншікке айналды. Кейін, әсіресе, соңғы қола дәуірінде кейбір материалдық жағынан күшейіп алған патриархаттық қауымдар барған сайын оқшаулана түсті, мұның өзі алғашқы қауымдық күрылыстың ыдырауына, отбасылық меншіктің пайда болуына әкелді. Мәселен, айналасы дуалдармен, қоршалып салынған қоныстардың Солтүстік Қазақстанда көп кездесуі, бұлардың қорғаныс, бекініс ретінде салынғанын, қола дәуірінің орта кезінде тайпалар арасында наразылық пен қақтығыстардың күшті болғандығын көрсетеді. Сондай-ақ, коныстар мен қорымдардан табылған жебелердің қола және сүйек ұштары да тайпалар арасында жиі-жиі қақтығыстар болып тұрғанын байқатады. Жебе ұшы бір жолы /Шығыс Қазақстанда тізенің ұршығына, тағы бір жолы /Орталық Қазақстанда/ адам қаңқасынын, жамбас сүйегіне қадалып тұрған жерінен табылды. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде рудың ыдырауы және одан жеке отбасылар шаруашылығының бөлініп шығуы нәтижесінде үйлердің пошымы өзгерген. Кейбір үйлер жеке дербес отбасыға арналып екі-үш бөлмеден салынған, оларрдың тамақ пісіретін жер ошақтары бөлек болған. Рулық құрылыстың ыдырағанын және мүлік теңсіздігінің шыққанын қорымдардың қалдықтарынан да көруге болады.

Кедейлердін қабірлері карапайым және жерлеу саймандары да қарапайым. Ал байлардын кабірлерінен алтын және қола заттар мен шебер өрнектелінген балшык ыдыстары табылған. Отбасы иесінің ру мен тайпа көсемдерінің молалары үстіне биік етіп топырак оба үйілген немесе үлкен-үлкен гранит тастардан қоршау жасалынған. Қола дәуіріндегі тайпалардың діни нанымдары мен сенімдеріне келетін болсак, ол тұстағы адамдардын тұрмысы мен әл-ауқаты түгелдей табиғатқа тәуелді болғандықтан, олар табиғат күшін киелі рух деп білген. Бұл күштер ең алдымен су, күн, от, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі еді. Қүн мен от жарық жылылықты береді, мұнын бәрі қайырымды құдіретті рухтармен байланыстырылды. Адам мен жануарларға сусыз өмір жок, сондықтан суға да, сол сияқты, ай мен жұлдызға да табыну сиякты наным күшті болды. Қола дәуірінің тайпалары ата-бабаларына сыйынған және о дүниеге сенген. Ауру адамдарды емдеу жөне оларды елімнен сақтап қалу әрекеттері де болып отырған. Ол әрекетгер нәтиже бермеген жағдайда өлген адамды о дүниеге қажет деп санаушылық, о дүниеде тамақ керек деп, тамақ пен киіммен, құралдарымен, қару-жарағымен, сәндік заттарымен барынша жақсылап көму - қола дәуіріндегілерге тән рәсім. Қола дәуірінде күнге, отқа, суға, айға, жұлдыздарға және қорғаушы рухтарға арнап құрбан шалу ғадеті де болған. Кейін келе адамның ой-өрісінің өсуі нәтижесінде, оның өзі туралы жөне табиғат жөнінде ұғымы күрделілене түсті, сөйтіп, діни дүниетаным келіп шықты. Қорытып айтқанда, қола дәуірінін соңғы кезінде өндірістік жабдықтарға жөне өндірістік өніміне ортақ меншіктің пайда болуына байланысты қоғамда қауымдық кұрылыс ыдырап, отбасылық меншік пайда болды.

2. Сақтар

Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-шы жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" деп аталатын еңбегінде және басқа да қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одағы болғаны айтылады. Бұл одақ массагеттер, каспийшілер, есседондар, квйініректе аландар, сарматтардан тұрған. Персия патшасы I Дарийдің Накширустамдағы /Персополға жақың/ тас жазуларында Сақ тайпалары үш топқа: Сақ-хаумаваргаларға /хаома сусынын дайындайтын сақтар/, Сақ-тиграхаудаларға /төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар/, Сақ-парадараяндарға /теңіздің арғы бетіндегі сақтар/ бөлінеді. делінген. Бірінші топтағы сақтар Ферғана жерінде мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, үшіншілері-еуропалық скифтер немесе Арал теңізі жөне Сырдарияның арғы бетіне орналаскан.

Геродоттың айтуынша, сақтар, скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тыгыз киізден істелінген бөрік жөне шалбар киген. Олар садақ, кысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған.

Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың көсемдерінің бірі - тамаша сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханым Заррине ел билеп, қалаларды салуға және әскери жорықтарға өзі қатысқан. Персия мемлекетінін патшасы Кир - Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқан кезде - сақтармен одақ жасасып, олардан әжептеуір көмек алған. Кейін Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындыруды ұйғарады. Сөйтіп, Мидия патшалығын жеңгеннен кейін Кирдің әскерлері сақтардың жеріне басып кіреді. Сақтар парсылардың басқыншылық әрекетіне қарсы қайсарлықпен қарсылық көрсетеді. Кирдің әскерлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде, сақтардың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады. Осы шайқаста олар Кирдің өзін де өлтіреді. Осыған байланысты Геродот жазбаларында мынадай аңыз бар: Парсыларды жеңгеннен кейін Сақтардың әйел патшасы Томирис: “Сен қанға құмартып едің, енді шөлің кансын”,— деп үлкен торсыққа толтырып қан кұйғызып, оған Кирдің басын салдырады.

Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын I Дарий /б.з.б. 521-486 жылдар/ жалғастырады. Жеке-жеке отырған Сақ тайпаларын бір-бірлеп бағындырған ол аз уақыт болса да, оларды басып алды. Сақ тайпаларының біраз болігі оларға салық төледі жөне парсы патшасына жасаққа жігіттер беріп тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының “өлмейтін он мың” деп аталатын ұланының кұрамына кіріп қызмет етті. Б.з.б. VI ғасырдың аяғы V ғасырдың басында /500-449 жж./ ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Мәселен, б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерлерінің Марафон жеріндегі болған соғыста сақтар парсылар жағында болып, гректерге қарсы соғысты.

Б.з.б. IV ғасырдың 30-шы жылдарында македониялық гректер Александр Македонский басшылығымен соңғы Ахеменид, III Дарий Кодоманның әскерлерін талқандап, Орта Азияға баса көктеп кірді. Олар Маракандты /Самарқандты/ алып, Сырдарияға бет алды. Сырдария бойына бекініп алу үшін кішігірім “Александр Крайный” немесе “Шеткі Александр” деген қала салдырды.

Александр Македонскийдің басқыншылық әрекетіне қарсы көшпелі Сақ тайпалары асқан ерлікпен, табан тіресе соғысты, кескілескен ұрыстарда катапультпен қаруланған гректер оқтың күшімен сақтарды кейін шегіндірді. Соғыста сақтар мыңдаған адамынан айрылды. Гректер сақтардың біраз жерін басып алды. Бірақ Александр Македонскийдің әскерлері сақтардың жерінде көп тұра алмады. Ыстық күн, жолсыз шөл дала, ержүрек сақтардың, тынымсыз шабуылы, Александр Македонскийдің сырқаттанып қалуы гректерді қашуға мәжбүр етті. Олар Сыр бойындағы “Шеткі Александрді” тастап, Самарқанд қаласына шегінді. Сөйтіп, Сырдария сыртындағы Сақ тайпалары грек басқыншылығына қарсы күресте өз тәуелсіздігін сақтап қалды. Александр Македонский б.з.б. 323 жылы сүзектен қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін, оның ұлан-байтақ империясы ыдырай бастады. Өйткені ол берік экономикалык және саяси байланыс бірлігі жоқ әр түрлі тайпалар мен халыктардан құрылған мемлекет еді.

Сақ тайпалары көшпелі және жартылай мал шаруашығымен айналысты. Оның себебі, біріншіден, бұл тұста климат жағдайы өзгеріп, құрғақшылық болып, күн ысып, өзен, көл сулары тартылып, шөп шықпайтын шөлейт жерлер пайда бола бастаған еді. Екіншіден, бұл жерлер бұрынғы теңіздің табаны болғандықтан, оның біраз бөлігі құнарсыз, сусыз, сортаң болып келді. Мұндай жерлерге өсімдік, шөп шықпайды, егін егуге де жағдай болмады. Сондықтан бұл жердегі адамдар мал өсірумен шұғылданып, оны өзінің тұрақты кәсібіне айналдырды. Малдың жайылымына қарай олар көшіп-қонып жүрді.

Көшпелі мал шаруашылығымен айналысу далалы және шөлді жерлерді мекендейтін тайпалардың өміріндегі ірі жетістік еді, мұның өзі алғашқы қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын ілгері бастырған қадам. Мал өсіруге маманданған адам еңбегі неғұрлым өнімді бола түсті де ет, май, тері, жүн т.б. өнімдерді көп өндіруге мүмкіндік берді. Мал шаруашылығы өнімдері неғұрлым көп өндірілген сайын олардың құны артып, мал өсірушілер мен егіншілер арасындағы айырбастың дамуына жағдай жасады. Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты қой өсіру еді. Оның еті мен сүті ғана емес, сонымен бірге киіз басу, арқан есу үшін жүні де іске асты. Б.з.б. I мың жылдықтың орта шеніндегі грек авторы Харил Сақ тайпаларын қойшылар тайпасы деп атаған. Сақтардың тұрмысында жылқы да үлкен рөл атқарады, өйткені ол мінсе -көлік, жесе - тамақ, ішсе - сүті сусын қымыз. Сақтардың заманында жылжымалы арба да болған. Гиппократ скифтердің тұрмысын суреттей келіп, былай деп көрсетеді: “Арбалар өте шағын, төрт доңғалакты. Басқа бір алты доңғалақты арбалар киізбен жабылатын үйге ұқсас екі жөне үш қабат киіз жабылған арбалар жасалып, олар жаңбыр мен желден пана болды... бұл арбаларда балаларымен әйелдер отырып, ал ерлер қашанда ат үстінде жүретін".

Оңтүстік Қазақстан жеріндегі /Сырдария аңғары, Арыс, Келес т.б. өзендер бойы/ сақ тайпалары егіншілікпен де айналысқан. Олар тары, арпа, бидай еккен. Кейбір жерлерде /Сырдария/ суармалы егін шаруашылығы дамыған. Сақ тайпалары мал шаруашылығы мен егіншіліктен басқа аңшылықпен, балық аулау кәсіптерімен де шүғылданған. Олар тау теке, арқар, қабан, бұғы, бұлан, дуадақ аулайтын. Жартастағы суреттер таулы-далалық тайпалардың аңды салт атпен қоршап аулайтыны бейнеленген. Б.з.б. I мың жылдықтың орта шенінде, яғни сақ заманында өндірістің мамандандырылған түрлері болды. Бұлар руданы өндіру және өндеу, темір ұсталығы, темірді құю және зергерлік істер еді. Бірак сақтардың кол енер кәсібі вліжетілмеген болатын.