ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

ТАРИХ – ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» КАФЕДРАСЫ

 

 

 
 
«Бекітемін» Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі Вице-президенті, доцент Б.Ахметов ”” _______2013ж.


 

 

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ пәнінен

ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

 

Мамандық аты, шифры:5B030100 (050301) - Құқықтану, 5B020200 (050202) - Халықаралық қатынастар; 051301- Жалпы медицина

Оқу формасы: күндізгі________________________________

Курс: I______________________________________

 

  І сем   ……. сем   Барлығы:
Сағат саны: 114,5 114,5
Кредит саны: 3 3
Лекция 30 30
Практикалық
Семинар: 15 15
Лабораториялық
ОБСӨЖ: 22,5 22,5
СӨЖ: 45 45
Аралық бақылау (АБ) 2 рет 2 рет
Қорытынды бақылау: Мемлекеттік емтихан Мемлекеттік емтихан

 

 

Лекциялар жинағын құрастырған: т.ғ.к., доцент Нурбетова Гульнар Оразалиевна

Мекен-жайы, тел. және Е-mail: Түркістан қ-сы, gulnar1973@yandex.kz

Кафедрадағы жұмыс уақыты: 209 кабинет сағ. 09.00-17.00

СӨЖ қабылдау күндер, уақыты және орны: Жұма: 11.00-14.00

 

Түркістан 2013

Лекциялар жинағы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «7» шілде 2004 жылғы № 671 бұйрығымен Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтың типтік оќу жоспары және ЌР БҒМ 2005 жылдың 11 мамырындағы №289, «12» шілдедегі №480 бұйрыќтарымен бекітілген әлеуметтік-ізгілендіру және жаратылыстану ғылыми пәндердің циклы бойынша пәннің типтік оќу бағдарламасы және университеттің жұмыс оќу жоспары негізінде дайындалған.

Алматы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2005ж.

 

Лекциялар жинағын құрастырған:

Т.ғ.к., доцент Г.О. Нурбетова

 

Лекциялар жинағы “Қазақстан тарихы” кафедрасының 26.08.2013ж. № 1 мәжілісінде талқыланды.

«Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі: т.ғ.к., доцент ________ Е.Абдраманов

 

 

Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің 27.08.2013ж. № 1 мәжілісінде қаралып, бекітілді.

Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы: п.ғ.к., доцент ______________ Ү.Мелдебекова

 

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1-лекция тақырыбы: Кіріспе. Ерте замандағы Қазақстан.

Жоспары:

1. Қазақстан тарихы курсының пәні, мақсаты, міндеттері

2. Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлу

3. Қазақстан тарихын зерттеудегі негізгі әдістері.

4. Қазақстанның ежелгі тарихы:

а) Палеолит (ерте тас ғасыры); ә) Мезолит (орта тас ғасыры; б) Неолит (жаңа тас ғасыры); в) Энеолит (мыстытас ғасыры).

Лекция мақсаты:XXI ғасырдың азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының тарихын білуге тиіс. Еліміздегі барлық жоғарғы оқу орындарында барлық мамандықтарға міндетті пәндер қатарында Қазақстан тарихы іргелі пәндердің бірі болып табылады. Сондықтан осы мәселені студенттердерге жеткізу оны ұғыну үшін лекция сабағы арнайы сағатқа бағытталады. Тарихтағы уақыт өлшемімен студенттерге белгілі кеңістіктегі аумақ пен көлемді өлшеу арасындағы жыл санау тәсілін пайдалану. ¤ткен тарихи оқиғалардың кейбірінің өте ертеде, ал екіншілерінің беріде, біздің заманымызға жақынырақ болғандығын сезіндіру. Ертедегі егін жинау, қажетті өсімдіктерді өсіріп, дәнін жинап алу терімшілікке қарағанда әлдеқайда тиімді болғанын студенттерге баяндау. Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау сенімдеріне ықпал жасау - сабақтың негізгі мақсаты.

Лекция мәтіні:

1. Қазақстан тарихы бүкіл адамзат тарихының толық мықты бір бөлімі, өйткені ол дүниежүзі тарихы, Евразия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтары тарихы, Орталық Азия елдерімен ұштасып жатады. Қазақстан тарихы - Қазақстаннын территориясында ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін болған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, процестерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, тұтас қарастыратын ғылым.

Пәннің мақсаты.Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру. Қазақ халқы тәуелсіздікке қол жеткізіп, халықтың рухани өмірінде сан алуан көптеген жаңалықтар пайда болып, оның ұлттық сезімі оянып бүгінгі таңда тарихи тәжірибені зерттеу, оны оқу өз халқы, Отан үшін аянбай еңбек ететін, отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеудің ең тиімді жолдарының бірі болып табылады.

Пәннің міндеттері.

• Егеменді Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, нығаю міндеттеріне жауап бере алатын тарих білімінің теориялық және әдіснамалык базасын жасау;

• Қазақстан халықтарының ортақ тарихы негізінде Қазақстандық қоғамның бірігуі үшін идеологиялық база дайындау;

• Батыс пен Шығыстың ғаламдық тарихы құрамында өзара байланыста қарастырылатын Қазақстан тарихының өзіндік қайталанбас орнын, сондай-ақ дүниежүзілік тарих пен адамзат өркениетінің тасқынында қарастыруды көздеуі;

• Тұтас қабылдауға негізделген Отан тарихының бірыңғай логикалық стержінін құру, олар мемлекет құрушы ұлттар - қазақтар мен Қазақстан халықтарының этногенезі; Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің эволюциясы; тарихи фактілер мен оқиғалардың жиынтығы; тарихтың сабақтары;

• Тәуелсіздіктің орнығуы жылдарындағы Қазақстандық даму моделінің мазмұнын, ақиқаттың ғылыми-тарихи біліммен толықтырып, осы арқылы Қазақстанның империялықтан
кейінгі кезеңінен ойдағыдай шығуына әсер еткен басты себептер мен факторларды анықтау,
сөйтіп оның XX - XXI ғасырлар аралығында шаруашылық және идеялық - мәдени даңғылы
шығып, өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жеткенін көрсету.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз. Халық пен мемлекет арасындағы бұрынғы тығыз байланыс едәуір босаңсып кетті, ал жеке мен мемлекеттік мүдде арасындағы жаңа байланыс әлі қалыптаса қойған жоқ...» деп отаншылдық сезім мен өз еліне деген сүйіспеншілікті дамыту, оны қалыптастыру - басты міндеттеріміздің бірі екенін көрсетеді. Қазақстан - түрлі тарихи аласапырандарды басынан өткізіп барып тәуелсіздікке қолын жеткізген, көп ұлтты республика. Сондықтан оның берік негізі патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қоя білуіне байланысты болмақ.

Ұлтының тарихын білу арқылы өзіңнің орныңды, ортаңды біліп, өзіңді-өзің тани алатындай жағдайға келгенде ған толық қанды XXI ғасырдың азаматы бола аласың. Сондықтан Қазақ тарихын білу арқылы барлық азаматтарға шарт.

2. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихының ажырамыс бір бөлігі ретінде келесі тарихи кезеңдер бойынша қарастырылады:

1. Ежелгі Қазақстан тарихы (2,6 млн ж.б.- б.э. Ү ғ.)

2. Ортағасырлардағы Қазақстан. (552- 1731 ж. дейін.)

3. Қазақстанның жаңа тарихы. (1731- 1917 ж.дейін)

4. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. (1917- қазіргі күнге дейін)

3.Қазақстан тарихын зерттеудегі негізгі әдістер: тарихилық, шынайылық, объективтілік, салыстырма-сараптау. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде бейнелейтіні көріне бастады. Сондықтан ол деректерді зерттеу, бір-бірімен салыстыру, сол арқылы шындықты іздеу қажеттілігі пайда болды. Ұзақ жылдағы зерттеу тәжірибесі барысында қолданылған әртүрлі тәсілдер негізінде деректерді зерттеу әдістемесі қалыптасты.

4.Қазақстанның ежелгі тарихы: