КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

БЕКІТЕМІН

Ұлттық құқық жоғары мектебінің директоры, з.ғ.д. профессор У. Шапақ ____________________

"____" ______________________ 2014 ж.

Құқық жоғары мектебі

Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы

«Заңтану» - 5В030100» мамандығы студенттеріне арналған

 

 

«ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ПРАКТИКУМЫ»

ПӘНІНІҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

 

Астана, 2014 ж.

Пәннің оқу әдістемелік кешенін «Заңтану» - 5В030100 мамандығы бойынша мемлекеттік білім стандарттың негізінде оқитын студенттеріне арнап Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының оқытушы, заң ғылымдарының магистрі Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы дайындады   Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының отырысында қаралып «____»___________ 2014 жылы № _______ хаттамамен бекітілді     Кафедра меңгерушісі ______________________ з.ғ.к., доцент Пен С.Г. «____»____________2014 ж.   Ұлттық құқық жоғары мектебінің кеңесімен мақұлданған. №____хаттама, «____»______________2014 ж.   Төраға ________________ «____»____________ 2014 ж.  
 

 

 

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ЮРИДИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ

 

 

КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

ҚІЖҚжКк меңгерушісі ҰҚЖМ директоры

з.ғ.к., доцент С.Г. Пен з.ғ.д., профессор У. Шапақ

______________________ _______________________

«___» _____________ 2014 ж. «__» ____________ 2014 ж.

 

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

 

«Қылмыстық сот ісін жүргізу практикумы» пәні

 

Мамандығы: «Заңтану» - 5В030100

Оқу нысаны: күндізгі

Кредит саны: 3

Курс: 3

Семестр: 6

Семинар: 30 сағат

Тәжірибе: 60 сағат

Консультация: 19 сағат

Жеке консультация: 14 сағат

Емтихан: 23 сағат

Еңбек сыйымдылығы: 170,6 сағат

 

Астана, 2014 ж.


МАЗМҰНЫ

 

1. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

1.1. Пререквизиттер және постреквизиттер

1.2. «Қылмыстық сот ісін жүргізу практикумы» пәні бойынша

тәртіптің кәсіби құзыреттілігі (Дублиндік дескрипторлар)

1.3. Глоссарий

1.4. Оқу сабақтарының кестесі

 

2. ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ «SYLLABUS»

2.1.Семинар (тәжірибе) сабақтарына дайындалу бойынша

әдістемелік ұсыныстар

2.2. Семинар (тәжірибелік) сабақтарының жоспары

 

3. БАРЛЫҚ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

3.1. Негізгі бастаулар

3.2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулылары

3.3. Әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер

3.4. Қосымша әдебиеттер

 

4. АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

 

5. БІЛІМДІ БАҒАЛАУ БОЙЫНША АҚПАРАТ

1. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

1.1. Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер:«Қылмыстық сот ісін жүргізу практикумы» пәні «Заңтану» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.

«Қылмыстық сот ісін жүргізу практикумы» пәнін оқу үшін студент:«мемлекет және құқы теориясы», «мемлекет және құқық теориясының жалпы тарихы», «ҚР Құқық қорғау органдары», «ҚР Конституциялық құқығы»,
«ҚР қылмыстық құқығы», «Азаматтық құқық», «Әкiмшiлiк құқық», және «Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәндерін меңгеруі тиіс.

Постреквизиттер:«Қылмыстық сот ісін жүргізу практикумы» пәнін игеру «Криминалистика», «Прокурорлық қадағалау және адвокатура», «Жедел іздестіру қызметі», «Сот экспертологиясы» пәндерін оқуға септігін тигізеді.

Пәннің сипаттамасы:«Қылмыстық сот ісін жүргізу практикумы» пәні жалпы қылмыстық іс бойынша тергеу мен анықтау қызметінің тәжірибелік маңызын оқытады. Аталған пәннің мына тақырыптарды қамтиды: қылмыстық iс жүргiзу құқығының ұғымы, маңызы және Қазақстан Республикасындағы қылмыстық істі жүргізудің міндеттері, қылмыстық iс жүргiзу заңы және оның қайнар көздерi, қылмыстық процестiң қағидалары, қылмыстық iзге түсу, қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттiк органдар мен тұлғалар, қылмыстық процестегi мүлiктiк мәселелер, дәлелдемелер және дәлелдеу, іс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шаралары. Осы тақырыптардың шеңберінде қылмыстық іс бойынша тәжірибелік іс жүргізу актілердің толтырылуын үйрену, меңгеру. Аталған курс тәжірибе сабақтарымен және кеңестер алумен толықтырылған. «Қылмыстық сот ісін жүргізу практикумы» пәні бойынша студенттер бірінші және екінші аралық бақылау жұмысын тапсырады.

Пәннің мақсаты:Курстың мақсаты студенттерге «Қылмыстық сот ісін жүргізу практикумы» пәнінің ұғымы, тергеу және сот ісін жүргізудің мазмұны, курстың әдісі, процеске қатысушылар туралы, пәннің қағидалары мен қылмыстық процестегі азаматтық талап, дәлелдемелер, дәлелдемелердің қайнар көздері, мәжбүрлеу шаралары, оның түрлері және тағы басқа мәліметтер беріліп, оны тәжірибе жүзінде құжаттай рәсімдеуге дағдылау.

Пәннің міндеттері: Қазақстан «Қылмыстық сот ісін жүргізу практикумы» пәнінің міндеттері студенттердің қылмыстарды тез және толық ашу, қылмыс жасаған адамды әшкерелеу, оны жауапқа тарту, әділ сот талқылауы, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытай келе қылмыстық іс бойынша іс жүргізу актілерін толтыруды меңгеру.

 

1.2. «Қылмыстық сот ісін жүргізу практикумы» пәні бойынша

тәртіптің кәсіби құзыреттілігі

(Дублиндік дескрипторлар)

 

1. Қылмыстық істі тергеудің теориялық және әдістемелік негіздерін, бұл пәннің (қызметтің), қылмыстық ізге түсіуден айырмашылықтарын, дәлелдемелік құқықтық негізін, оның мағынасы, мазмұны, жүйесі, сот жүйесін жетілдіру бағыттарының жалпы және жеке жолдарын білуі және түсінуі қажет.

2. Білімді – құқық шығармашылық, құқық қолданылушылық, құқық қорғау, ғылыми зерттеу, сараптама қызметтерінде, қарастырылған материалдарды пайдалана отырып, нақты және жаңадан туындаған жағдайларда қолдана білуі қажет (істей алуы).Білім алушықұқық қолдануды жалпы талдап, қылмыстық іс-жүргізу заңының қайнар көзін анықтап, оның нақты нормаларын, қарым-қатнас жағдайында реттеп білуі қажет. Студент кез-келген сот сатылары шешімінің заңдылығын және негізділігін бағалай білуі және де белгілі бір істің соттылығын нақты анықтай білуі қажет.

3. Тергеу ісіне қатысты, оның ішінде: қылмыстық іс жүргізу, криминалистикалық, танымдық, философиялық, тарихи, болжамдық тұрғыда өз ойын жеткізе алуы қажет.

4. Коммуникативтік қабілет (адамдармен қарым-қатнас) -Басқару қызметінде,дәлелдеу субъектілерімен қарым-қатнас барысында, қылмыстық іс-жүргізу, тактикалы-ұйымдастыру және психологиялық білімдерді (тәсілдерді) қолдана білуі қажет.

5. Оқуға деген қабілеті – тапсырмаларды уақытылы және шығармашылық тұрғыда орындау.

 

Пәндік құзіреттілік: бүгінгі күнгі қылмыстық іс жүргізу заңнамасының мәселелерін игеруі; талдауға икемділікті дамыту, ҚР Жоғарғы соттың нармотивтік қаулыларын талдау, қолдану икемділігін дамыту; қылмыстық іс-жүргізу құқығының нормаларын дұрыс қолдану; сот төрелігінің келешегі тұрғысында, құқық қолдану барысында практикада болуы мүмкін нақты жағдайды талдау (анализ) икемділігін дамыту қажет; қажетті көлемде арнайы терминалогияны оқу материалдарының мәнімен тығыз байланыста игеруі тиіс; пән бойынша ақпараттарды жүйелендіріп және жеткізе білуі қажет; заңнамалардың жиі өзгертіліп тұруына байланысты кәсіби икемділікті бейімдеп, дамыту қажет.

Жалпы пәндік құзіреттілік: қолданыстағы заңнамаларды,ғылыми және оқу әдебиеттерін еркін қолдана білуі, алынған білімді және икемділікті кәсіби қызметте іске асыра алуы қажет.