КІРІСПЕ 6 страница

7.3 ИЕҚ-ға кеңес беру бойынша рөльдік ойын(50 минут)

Мақсат: белсенді ИЕҚ-ға кеңес беруінде кеңесшінің дағдыларын қолдануы, дәлелденген кеңес беру әдістерімен жұмыс істеу. 3.2 және 3.5 мәліметті қолдауымен ИЕҚ кеңес беру бойынша рөльдік ойынды жүргізу.

 

7.4 Оқытушының басқаруымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар.Ақпаратты блок(100 минут)

ЕҚӘХ (ИЕҚ, ЕСЕ, СЖ, тұтқындар және жас топтар) бөлек топтарға медициналы-әлеуметтік көмекті көрсетуінде мультитәртіпті команданың (МТК) ішінде ОМҚ рөлін анықтау бойынша кіші топтарда интербелсенді жаттығуды жүргізіп, презентацияны жасап, топтарда талқылау.

Тапсырма: бір топ студенттерге белгілі бір уақытқа ИЕҚ рөлдерін және команданың әр мүшесіне міндеттерін бөліп ОМҚ жұмыс жоспарын құру ұсынылады.

Екінші топ студенттерге ИЕҚ арасында «Зиянды төмендету» бағдарламаны құру ұсынылады. Орталық Азияда және ҚР істейтін тәжірибелерді сипаттау. Ескертулердін мәліметін қолданыныз.

Бақылау сұрақтары(10 минут)

1. Сезімтал сұрақтарға анықтама беру.

2. АБАА және АИВ-тан қорғау әдіс ретінде мүшеқап туралы айту.

3. Секс және сексуалдық мәселелерді талқылауында кеңесші қандай әдімтерді қолдану мүмкін?

4. ИЕҚ-ға кеңес беру ерекшеліктер туралы айту және есірткелерді қабылдайтын тәжірибесін талқылау.

5. ИЕҚ-дан қандай эпидемиологиялық мәселелерді анықтайды?

6. Мультәртіпті команданың мақсаттары мен міндеттері?

7. МТК құрамын атау, команданың әр мүшенің атқаратын рөлі қандай?

8. МТК-да мейірбикенің атқаратын рөлі қандай?

9. ЕҚӘХ клиенттерді әлеуметтік ілеспенің Бағдарламасы дегеніміз не?

10. ИЕҚ арасында «Зиянды төмендету» бағдарлама дегеніміз не?

 

8 САБАҚ

Анадан балаға АИВ таралуына қарсы алдын алу шаралары (АБАА) және анадан балаға АИВ таралуына қарсы алдын алу шараларында қолданылатын жасанды тағам

8.1 АБАА мақсаттары. АБАА кезеңдері: жүктілік кезеңі, босану кезеңі, босанғаннан кейін кезеңі.Ақпаратты блок (50 минут)

Заманауи жағдайда АИВ-медицинаның дамуы алдын алу шараларын жүргізуімен АИВ-инфицирленген әйелдерге дені сау балаларды тууға мүмкіндік береді. Толық АБАА жүргізу үшін АИВ-инфекцияны дер кезінде анықтау керек. Осы мақсат бойынша ҚР барлық жүкті әйелдерді АИВ-ке екі рет зерттейді: жүктілік бойынша тіркеуге алған кезде және жүктіліктін үшінші триместрде. Әйелдердін 15% жуық диспансерлік тіркеуге тұрмайды және перзентханаларға тексеріссіз түседі. Босану кезінде тексерілмеген әйелдерді экспресс-тесттілеумен зерттейді және қосымша ИФТ әдіс жүргізу үшін қан алынады.

АБАА үш кезеңнен тұрады – жүктілік кезеңі, босану кезеңі, босанғаннан кейін кезең.

Анадан балаға АИВ-инфекцияның таралуын төмендету мақсатымен екі ең тиімді араласу (антиретровирустік ем және ана сүтімен емізбеуі) үшін тесттің оң нәтижесі міндетті жағдай болып табылады.

Жүктілік кезінде АИВ-инфекция анықталған әйелдерде және АРВ емге көрсетілімдер бар, оларда емді ерте бастау керек.

ҚР антиретровирустік дәрілер тегін беріледі. АРВ ем ұрыққа жағымсыз әсер етпеу үшін жүктіліктің екінші триместрге дейін қоя тұру мүмкін. Бірақ кейбір қатты ауырып жатқан әйелдерге емді бастай беру керек, өйткені оның пайдасы ұрыққа зиян келтіруімен салыстырғанда жоғары. Антиретровирусты дәрі ифавиренц тератогенді болып саналады және жүктіліктің бірінші триместрінде қолданбайды; бала туалатын жасқа жеткен әйелдерге осы дәріні тек қана сенімді контрацепциямен қоса беріледі.

Емде мұқтаж етпейтін әйелдерге (яғни, әйелдерде жоғары көрсетілген АРВ-емге көрсеткіштері жоқ) және АРВ-емді алуға мүмкіндігі жоқ, оларға анадан балаға АИВ таралуына қарсы АРВ алдын алуын өтуге ұсынады (АБАА). Неше түрлі АРВ алдын алуының тиімді сызбалары бар, олардын ішінен біреуін таңдағанда оның белсендігін, қауіпсіздігін, дәлелдігін және қол жетілімдігін есептеу керек.

8.2 Тәжірибелік жаттығу.Ақпаратты блок(50 минут)

3.2 мәліметін қолданып, жүкті әйелге тест дейінгі кеңес беру бойынша интербелсенді рөльдік ойын жүргізу.

8.3 Контрацепция мәселелер бойынша АИВ-оң нәтижемен әйелдерге кеңес жүргізу. Дағдыларды тәжірибеде орындау.Ақпаратты блок (100 минут)

Отбасыны жоспарлау бойынша АИВ-оң нәтижемен әйелдерге кеңес жүргізуі ол АБТА маңызды бөлім болып табылады. ЕҚӘХ-тан АИВ-оң нәтижемен өкілдер үшін осы қызметке қол жетілімдігі өте маңызды. Отбасыны жоспарлау бойынша кеңес беруі әйелге көмектесу керек:

· Өз репродуктивті мүмкіндіктерге тиісті дұрыс таңдау жасау;

· оған ұнаған контрацепция әдісін таңдау;

· таңдаған әдісті дұрыс және жақсы қолдану керек.

АИВ-оң нәтиже клиенттермен отбасыны жоспарлау бойынша жұмыс істеп тұрған кеңесші кеңес беруінің негізгі дағдылардан басқа білу қажет:

· контрацепция әдістердің артықшылар мен кемшіліктер және АИВ-инфекциямен байланысқан шектеулер туралы барлығын білу;

· әйелдің (немесе жұптың) шешіміне әсер ететін мәдениетті мен эмоционалды факторларды түсіну және контрацепция әдісін қолдану.

Кеңес жүргізу мазмұны бойынша нұсқамалар

I. Әйел жүкті емес және жақын арада жүктілікті жоспарлап жатқан жоқ

1. Ең алдымен сыпайымен амандасыныз, сосын отбасыны жоспарлау туралы қандай ойы бар және қандай мәліметтер оған өте қызықты. Әңгіменің басында сіз аз сөйлеп, көп тындау керексіз және әңгімені қосымша сұрақтарды қойып тақырыпқа қайтадан әйелді айландыру керексіз.

2. Барлық контрацепция әдістер (интрақынапты, гормоналды, бөгеулі), оның артықшылар мен кемшіліктер, көрсетілімдер мен қолдануға болмайтын жағдайлар туралы айту керек және жүктіліктен сақталыну әдісті таңдауға көмектесіңіз. Контрацепция әдіс түрінің соңғы шешімін әйел таңдайды, кеңесшінің міндеті – оған толық анықтама беру.

3. Әйел контрацепцияның нақты әдісін қолдану туралы шешімді қабылдағаннан кейін оған әдіс, және оны қабылдау ерекшеліктер, жүктілік басталуының мүмкіншілігі, мүмкінді жағымсыз әсерлер, маңызды асқынулар, симптомдар туралы нақты мәліметтер беру керек, симптомдар пайда болған кезде жедел түрде дәрігерге қаралу керек.

4. ЖЖБИ-дан қорғау және жыныс қатынасқа АИВ таралуын жою үшін мүшеқаптардын қолдану қажеттілігін айтыңыз.

5. Өз өмірді ұзақ мерзімді жоспарлау үшін қажетті ақпаратты алуына әйелге АИВ-инфекциямен бірге өтетін жүктілікке тиісті туралы мәселелерді қысқаша ағарту.

6. Қосымша кеңесті тағы жоспарлаңыз, сол кезде әйелде қолданып жүрген контрацепция туралы мәселелер пайда болу мүмкін. Жедел мәселе немесе қорқыныш симптомдар пайда болған кезде және кейбір себептер бойынша контрацепцияның әдісін өзгерту тілегі бойынша ол әр уақытта кеңес алуына келуге мүмкіндігі бар екенін білу қажет.

 

II. Әйел жүкті емес, бірақ жақын арада жүктілікті жоспарлап жүр. Кеңес жүргізуінде келесі тақырыптар туралы айту керек:

1. Жүктілік өтуіне және аяқталуына АИВ-инфекцияның әсері.

2. АИВ-инфекцияның өтуіне жүктіліктің әсері.

3. Жүктілікке әсер ететін басқа факторлар (есірткелерді немесе спирт ішімдіктерін қабылдауы, ананың жасы, қосымша аурулар, артериалды гипертензия, диабет және басқалар).

4. Ананың денсаулығы және балаларға тиісті күтімнің мәселелері жөнінде ұзақ мерзімді болжам (қамқорлық).

5. АИВ-тің перинатальды таралуы: қауіп, антиретровирустік алдын алуының мүмкіндіктері (АРВ).

6. Жүктілік кезінде антиретровирустік және басқа дәрілерді қабылдауы.

7. Егер серіктесте АИВ-статусы теріс болса онда қауіпсіз ұрықталу болу мүмкін.

8. ЖЖБИ-дан қорғау және жыныс серіктеске АИВ таралмау үшін қосымша бөгеулі әдісін қолдану қажет.

 

III. Жүкті әйел, бірақ ол өз жүктілік туралы әлі соңғы шешімді қабылдаған жоқ. Кеңес жүру кезінде айту керек:

1. Әйелдің психологиялық жағдайын бағалап түсінікті сөйлесуге тырысу керексіз, оған жүктілікке мен ананың денсаулығына АИВ-инфекцияның мүмкінді әсері, ұрыққа және нәреске инфекцияның жұғу қауіпі, балаларға көмек көрсету қиындығы, ата-аналардын мүмкінді шектеулі қимыл қабілеттілігі немесе ЖИТС-тан қайтыс болу мүмкін ата-аналар туралы соңғы ақпаратты ұсыну керексіз.

2. Қазіргі кезде АИВ-инфекцияның өтуіне жүктіліктің және босанудын дәлелденген жағымсыз әсері туралы дәлелденген мәліметтер жоқ және АИВ-инфекцияның ерте сатыдағы әйелдерден, және егер әйел АРЕ қабылдаса да, туылған нәрестеде маңызды бұзылыстар туралы мәліметтер жоқ екенін әйелге айтыңыз. Бірақ әйелді «қорқытпай» осындай мүмкіндік бар екеніндігін айту керексіз.

3. АРВ алдын алуы және басқа шаралар жүргізілмеген кезде баланың жұғуы 20 – 25% болады, бірақ қол жетілімді АРВ дәрілерді қабылдаған кезде ол 1 – 2% төмендейді деп АИВ-инфицирленген жүкті әйелдерге айту керексіз. Антиретровирустік дәрілердің мүмкінді жағымсыз әсерлер туралы мәлімдеу керексіз.

4. Әйелге АИВ-инфицирленген аналар балаларды емшек сүтімен емізбейтінің туралы мәлімдеу қажет, өйткені нәреске АИВ таралуы жоғары дәрежеде тұр (12 – 20%), бала тағамымен байланысты отбасыға қосымша қаржы шығымдар кетеді. Қазақстанда Үкімет қаулы бойынша барлық 1 жасқа дейін балаларға сүт тағамдар беріледі.

5. Кеңес жүргізу кезінде АИВ-инфицирленген әйелмен отбасы үшін ұзақ мерзімді салдар, жоспарланған жүктілік туралы талқылау керек және ол өз жақындастармен осы мәселелерді талқылау керек. Егер ол соны тілемесе онда мұқтаж етпеніз. Рұқсатсыз оның серіктесіне немесе жақындасына мәлімдеменіз.

6. Әйелдің жүктілік шешім туралы сыймен қарау. Әйелге ана болуына ешкімнің рұқсат бермеуіне құқығы жоқ – әр әйел тек кеңесшінің қатаң нұсқаларды тындамай өз ақпаратты шешімді қабылдау керек.

7. АИВ перинаталды таралуының АРВ алдын алу туралы әйелге нақты ақпаратты ұсыну қажет және ем басталу туралы мәселені шешу үшін АИВ-инфекция емі бойынша маманға жіберу. Егер әйел жүктілік басталмай тұрып АРЕ қабылдаса, онда үзбей жалғастыру керек, тек қана сызбаның коррекция жүргізілу мүмкін, өйткені жүктіліктің ерте мерзімдерде ұрыққа тиетін эфавиренцтің тератогенді әсері болу мүмкін.

8. ЖЖБИ қорғаудан және жыныс серіктеске АИВ таралуын ескерту үшін мүшеқаптардын қолдану қажеттілігін айту керек.

9. Жүктілік пен босанғаннан кейін әйелмен контрацепция мәселе бойынша талқылау қажет және оған ең ыңғайлы контрацепцияның әдәсән таңдап беру керек.

8.4 Тәжірибелік жаттығу. ИЕҚ әйелдерді контрацепция мәселелер бойынша кеңес жүргізу туралы интербелсенді рөльдік ойын.Ақпаратты блок(50 минут)

Есірткелерді қабылдауы, әсіресе олардан тәуелдігі жүктілік өтуіне, баланың дамуына жағымсыз әсер етеді және жүктілік кезінде, босануда, босанғаннан кейін кезеңде мамандырылған көмек ұсынудын талап етеді. ИЕҚ АИВ-инфицирленген жұкті әйелдерді тиімді жүргізу үшін есірткілік тәуелдігін емдеу бойынша мамандарға және есірткілердің зияның төмендететін қызметтерге жіберу маңыз.

Есіртке қабылдайтын әйелдер көбінесе босану алдындағы көмекке бармайды, сосын олар босанудын алдында немесе босану кезінде перзентханаға түседі. Осындай оқиғаларда қажет:

· Есірткелік тіуелдігін бағалау және неонатологқа нәтижелер туралы мәлімдеу;

· Абстиненттік синдромның емін нұсқалау;

· ОАТ бастау, егер қажет болса;

· Жүктілікке және нәреске есірткелердің әсері және емді таңдау туралы кеңес жүргізу.

АИВ-оң нәтижемен әйелге кеңес жүргізілген кезде қайсы бір басқа контрацепцияның әдісін ол қолданбаса да, ерекше назарын әрқашан мүшеқаптарды қолдануға аудару қажет. Жыныс қатынаста тек қана мүшеқап оның жыныс серіктесті қорғай алатының әйелге түсіндіру қажет. Егер отбасыда екі серіктес АИВ-оң нәтижемен болса, онда жыныс қатынаста бір серіктестен басқаға АИВ резистенттік штаммдарының таралып кетуі қауіпі болу мүмкін. Тек қана мүшеқап әйелді ЖЖБИ-дан көп мөлшерде сақтандыруға қамтамасыз етеді, олар АИВ-инфекциямен бірге ауыр өтеді және әртүрлі асқынуларға келтіреді.

 

8.5 Перинаталды қатынаспен балаларды жүргізу.Ақпаратты блок(50 минут)

АИВ-инфицирленген әйелдерден туылған балаларға АИВ-инфекцияны анықтау үшін диагностиканы жүргізу. Ананың антиденелері плацента арқылы еніп баланың ағзасында 18 ай бойы болу мүмкін. Сонымен қатар, АИВ-инфицирленген анадан туылған балаларда АИВ-инфекцияға ерте жасалынған диагностика вирусологиялық тесттерден ішінде жиі қолданатын ДРҚ полимеразды тізбекті реакциядан (ПТР) байланысты. АИВ-инфицирленген анадан туылған баланы диагноз қойылмағанша назардан алмау керек. Егер АИВ-инфекция балада дәлелденсе, онда оған қол жетілімді жерде ерекше медициналық көмек, клиникалық жағдайын бағалауы, иммундық статусының мониторингі, оппортунистік инфекциялардын алдын алуы мен емі және антиретровирустік ем керек болады. Сонымен қатар, әдетті медициналық рәсімдерге кейбір модификациялар керек болу мүмкін (мысалы, балаларда таралған инфекциялардын емі, вакцинациясы).

 

8.6 Оқытушының басқаруымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар.Ақпаратты блок(50 минут)

«ИЕҚ жүкті әйелдерге психоәлеуметтік кеңес беруінің ерекшеліктері». «Босану кезінде босанатын әйелдерді анықтау маңызы. Экспресс-тестілеудің маңызы мен техникасы». «АИВ-инфекциямен әйелдерде босануды жүргізу ерекшеліктері» тақырып бойынша мәлімдеме дайындау. Ескерту мәлімдемелерін қолдану.

 

Бақылау сұрақтары(10 минут)

1. АБТ туралы түсінік беру.

2. Жүкті әйелдерде АИВ тесттен өтпей тұрып ПӘК жүргізу туралы айту.

3. Жүкті әйел АРЕ мұқтаж болмаған кезде АБТА сценарий туралы айту.

4. Жүкті әйел АРЕ мұқтаж болған кезде АБТА сценарий туралы айту.

5. Жүкті әйел босану кезінде анықталған кезде АБТА сценарийді айту.

6. Экспресс-тесттің орындау маңызы мен техникасы? Экспресс-тесттің нәтижесін оқу.

7. АИВ-инфекциямен әйелде босану жүргізудің ерекшеліктері қандай?

8. АИВ-оң анадан туылған балаға тағам беру ерекшеліктері.

9. АИВ бойынша перинаталды қатынаспен баланы қарау алгоритімін сипаттаныз.

10. ИЕҚ әйелінің баласы үшін АИВ жұғу қауіпінің қосымша факторларды атаңыз.

 

9 САБАҚ

АРЕ негізгі қағидалары

9.1 Антиретровирустік терапияның негіздері.Ақпаратты блок (100 минут)

«АИВ өмір циклі. АРЕ дәрілерінің ескертулердің негіздері»фильмді көрсету

CD4 лимфоциттердін саның және вирустік жүктемесінің өзгертуіне қарай АИВ-инфекцияның ұлғайту туралы айтады. АИВ белсенді көбейген кезде ол жұқтырады және CD4 лимфоциттерді жояды, CD4 лимфоциттер – қанның ерекше әртүрлі ақ жасушалар (лейкоциттер), олар ағзаны инфекциялардан қорғауында маңызды рөль атқарады. CD4 лимфоциттердің саны төмендеу бойынша ВИЧ-инфекцияның белсендігі туралы айтады.

Қанда CD4 лимфоциттердін саның анықтайды. Осы көрсеткіш иммундық жүйенің жағдайын көрсетеді. Ересек адамдарда қалыпты жағдайда CD4 лимфоциттердін саны 600 – 1200 мкл-1. Көрсеткіштің 200 мкл-1 дейін және одан төмендеуі оппортунистік инфекциялардын жоғары қауіпімен жүреді.

Вирустік жүктеме – қандағы вирустін концентрациясы. Оны қан үлгісіндегі АИВ рибонуклеинді қышқылын полимеразды тізбекті реакциямен анықтауға болады (АИВ РНҚ ПТР). Бұл әдіс антиретровирустік ем тиімділігін анықтау үшін қолданады.

АИВ жұғылғаннан кейін вирустік жүктеме өте жоғары деңгейге жетеді. АИВ-ке антиденелер пайда болуымен ол тез түседі, бірақ бірнеше жылдан кейін CD4 лимфоциттердін саны қайта жоғарлайды. Вирустік жүктеме жоғарлауымен АИВ таралу қауіпі да жоғарлайды. Жұққаннан соң бірнеше жылдан кейін вирустік жүктеме инфекцияның ауырлығы жоғарлауының белгісі болып саналады, басқаша айтқанда ЖИТС дамуы (1 сүрет, К.Хоффман, Ю.Рокштро «АИВ-инфекцияның емі», 2009), алынған сүрет).

1 сүрет. Вирустік жүктеме деңгейінің және CD4 лимфоциттердін саның үлгілі өзгерістер

9.2 АРЕ қағидалары, АРЕ басталуына көрсеткіштер, АРЕ тиімді мониторингі

Қазақстанда иммунологиялық және клиникалық көрсеткіштерге қарай АРЕ бастайды. Иммунологиялық көрсеткіштер – СД4 лимфоциттердін деңгейі 350 кл\мл төмендеуі. Клиникалық көрсетілімдерге ол АИВ-инфекцияның III–IV клиникалық сатыда АРЕ басталуы кіреді. АРЕ бастау туралы дәрігер шешеді, ОМҚ міндеті – науқасты оқыту және дайындау. АИВ-инфекцияны емдеу үшін бір қатар ерекше дәрілер қолданылады, олар АИВ-ке әсер етеді. АИВ ретровирустарға жатады, сондықтан қоздырғышқа әсер ететін дәрілер антиреровирусты (АРВ) деп аталады. Осындай дәрілерді қабылдау негізінде антиретровирустік ем (АРЕ) деп аталады.

Антиретровирустік ем – ерекше дәрілерді қабылдау, олар әртүрлі АИВ өмір сатыларға әсер етеді, таралуға мүмкіндік бермейді. Антиретровиртік ем АИВ-инфекциядан толық емде алмайды, бірақ өмір сапасын жақсартады, ЖИТС дамуын тоқтатады (жүре пайда болған иммунитет тапшылықтын синдромы) және өмірді ұзартады.

Бірнеше дәрілердін бірге қабылдауы вирустарға, басқаша айтқанда энзимдар деп аталады, әртүрлі әсер етеді, олар жоғары белсенді антиретровирустік ем болып аталады (ЖБАЕ).

Бар болған антиретровирустік дәрілер адамды түгел емдетпейді, ағзадағы барлық вирустік бөлшектерін жойып тастамайды, ол тек қана вирустін жаңа көшірмелерді жояды.

АРЕ тиімді қабылдау үшін оны үзіліссіз өмір бойы қабылдау қажет. Антиретровирустік дәрілерді қабылдауында үзілістер немесе олардын қабылдауын тоқтатуы АИВ-ке өз таралуын қайтадан құруына әсер етеді. Вирус көбеюіне мүмкіндігін алғаннан кейін ол вирустін жаңа ұрпақтарын тудырады, олар АРЕ әсеріне тұрақты болады. Сонымен, вирус антиретровирустік дәрілердін әсерімен жағдайларға өмір сүруге үйренеді. Дәрі-дәрмектерге вирустын тұрақтылығы резистенттілік болып табылады. Медициналық қызметкер науқаспен бірге АИВ-инфекцияның ем жоспарын құрады. Жоспарға науқас дені сау болып қалу үшін шаралар кіреді: • дәрілерді күнде дұрыс қабылдау; • жағымсыз әсерлерді бақылау, егер көмек керек болса дәрігерге бару; • дәрілердін әсер тиімділігін білу үшін қан талдауларын жиі жасау; • дәрегердің тексерісіне айына екі рет келеді; • өз денсаулықта әртүрлі өзгерістер болып жатқанынды бақылау; • дұрыс тамақты қабылдау және дене белсенді болу. Ем жоспарының мақсаттары: • ағзада вирустін төмендеуі; • қатаң иммундік жүйе; • дәрілік жағымсыз әсерлердін аздығы.

 

9.3 Тәжірибелік жаттығу «АРЕ бастамай тұрып, қойылған сұрақтар мен жауаптар»Ақпаратты блок (50 минут)

Кіші топтарда жұмыс, ем бастамай тұрып кеңес бағдарламаларды құру. АРЕ басталмай тұрып ИЕҚ клиентпен талқылауды қажет ететін маңызды сұрақтар:науқастардын тұрмыс дәстүрі,жұмысы, оның жағдайлары, отбасылық өмір, жыныстық серіктестер, балалар, тұрмыс дәстүрінің жағдайлары, қосымша аурулар, қолданылатын дәрілер, контрацепцияның әдістері, ем жөнінде достын бары және т.б.

9.4 АРЕ ұстамдылық пен резистенттілік.Ақпаратты блок (50 минут)

Ем кезінде науқастын қанында вирус таралмау үшін АРВ-дәрілердін тұрақты концентрация қолдау қажет. Ол үшін АРВ-дәрілерді нақты белгіленген дозада және белгілі бір уақыттан кейін қабылдау керек.

Қандағы дәрілердің концентрациясының өзгертуіне вирус жетілімді әсер етеді. Концентрациясы белгілі шектеулі санына төмендегеннен кейін вирус қайтадан таралуын бастайды және дәрілердін ұрпақтарына резистенттілік формаларды шығарады. Әлемде АРВ-дәрілердін саны жетілімді түрде шектеулі. Өркендеген мемлекеттерде олардын барлығы тіркелмеген (жергілікті деңгейде олардын ішінен кейбіреулері рұқсат етілмеген). Кейбір дәрілердің жағымсыз әсерлері белгіленген әлеуетті науқастарда олардын қабылдауын шектеу мүмкін. Сондықтан, вирус әрқашан кейбір АРВ-дәріге сезімсіз ұрпақты тудырған кезде науқастын емі үшін арналған аса үлкен емес дәрілердін тізімі қысқартылады.   АИВ-инфекцияға ем ұстамдылығы екі бағытта әсер етеді: • АИВ ем тәртібің қатаң сақтауы АРВ дәрілерге ағзада вирус саның тиімді түсіруге әсер етеді. строгое соблюдение режима Дәріні қабылдамауы вирустін тез таралуына ісер етеді. Вирус көбеюін жою ол денсаулық сақтау қабілеті болып саналады. • АИВ ем тәртібін қатаң сақтауы дәру дәрмектерге тұрақтылықты жоюға әсер етеді. Егер вирус мутацияланса дәрілік тұрақтылық пайда болады (форманы өзгереді), АРВ дәрілерге «тұрақты» болады.

АИВ емдеу – күрделі ем тәртібінің бірі, олар созылмалы ауруларды ұзақ емдеу үшін жасалынған. Ем басында науқастын тілегі, қабілеті және ем бастауға дайындығы өте маңызды, өйткені ем тәртібін сақтауынан оның жетістігі байланысты. Ағылшын әдебиетте ол ұстамдылық деп аталады (ағылшын тілде «adherеnce»).

АИВ-инфицирленген адамдар ешқандай симптомдарды сезбей тұрып антиретровирустік емді бастау керек, бірақ емді ол өмір бойы қабылдау қажет деп бар болған нұсқалар ұсынады. АИВ-инфекциямен байланысты ұзақ вирусологиялық жауапты алу және ауруды мен өлімді төмендету үшін науқастын ем тәртібін ұстау қабілеті өте маңызды.