СВГ/ВВГ таралу жолдары

СВГ/ВВГ келесі жолдармен таралу мүмкін:

· Артифициальды (вирус қан арқылы немесе инфицирленген адамның қан компонеттермен таралады).

· Жыныс (мүмкінді, бірақ негізгі емес).

· Тұрмыстық-қатынасты (отбасылық).

Ана сүтімен емізуі эпидемиологиялық қауіпсіз. Жәндік тістегенде таралмайды.

Соңғы жылдарда С вирус гепатиттің таралу құрылымында үлкен өзгерістер болды. Егер 1993 жылда медициналық ұйымдарда жұғу қауіпі 50% жүық болса, онда қазір 3 – 11% келеді[Шахгильдян, И.В. Хухлович П.А., Михайлов М.М. и др. Гепатиты В и С среди медицинских работников и оценка эффективности вакцинопрофилактики НВ-вирусной инфекции среди них //Вирусные гепатиты. - 2003. - №2 (17). – С.6-11].

HCV инфицирленген қанмен қатынаста ғана таралады. Науқастардын көбісі ( 70%) – олар шприцтерді бірге қолданып жұқтырып алған инелік есіртке қабылдаушылар. Есірткелер СВГ медициналық мәселеден әлеуметтік мәселеге өзгерді. Соның арқасында 15 – 25 жастағы адамдардын арасында ауру көп т.

Қан немесе қан препараттады қую ол да инфекцияның негізгі себебі болып табылады. Қазіргі кезде тест-жүйелер 100% инфицирленген донорларды анықтайды. Сонымен қатар, жұғу қауіпі көп гемотрансфузия жасағанда жоғарлайды.

Гемодиализ бөлімшелерде HCV жұғу оқиғалары бар, бірақ құралды қатаң бағалауымен және науқастарға anti-HCV скрининг жасаған кезде жұғу қауіпі төмендеді.

В вирусты гепатитке қарағанда С вирусты гепатит жыныс қатынас арқылы сирек таралады. Бірақ HCV қауіпі жоғарлау мүмкін, егер адамдарда бірнеше жыныс серіктестер болса.

СВГ басқа да жолдары бар (жыныс жол, анадан балаға), бірақ олар аса белсенді емес. Анадан балаға СВГ 3,5 және жыныс жол таралу арқылы – 7–8 есе аз жұғылады В гепатитке қарағанда. [http://www.hv-info.ru/gepatit].

СВГ, ВВГ қауіп топтарға медициналық қызметкерлер жатады. Егер теріге HCV РНҚ-оң нәтиже инедегі қан жұқса онда жұғу мүмкіндігі 10% болып саналады. Хабарлау бойынша инемен тесу арқылы парентеральды жолымен таралатын ең жиі патогені HCV болып табылады. [http://medi.ru/doc/081061.htm>Конференция: Гепатит C, российский консенсус]. Клиникалық зертханаларда зарасыздандырылмаған бақылау үлгілерімен қатынас ол жұғу қауіп фактор ретінде саналу мүмкін. Науқастын сарысулармен қатынас болған кезде мүмкін (метелдық қапшалармен флаконды ашқан кезде, мұздатылған үлгілермен немесе ерітінділерді жасаған кезде шприцтермен және инелермен жұмыс істеген кезде), әсіресе тер қабатының тұтастығы бұзылған кезде ол да инфицирленуге келтіру.

HCV кең таралған аймақтарда иммунизацияны немесе витаминдерді еккен кезде зарасыздандырылмаған шприцтермен және инелермен балаларды жұқтырып алу мүмкін.

СВГ инфекцияның көзі жедел немесе созылмалы формамен ауратын науқас болып табылады.

С вирус гепатит туралы жалпы ақпарат. С вирус гепатиті (HCV) алғашқы рет 1988 жылы бірдейлестірілген, сол кезде М. Houghton және Choo Q.L басқаруымен зерттеушілердің тобы зерттеудің жаңа молекулярлық биологиялық әдістерін қолдануымен вирус геномының клоның жасап және секвенирлеу әдісін жүргізді. HCV бөлшегінде сфералық форма бар және оның орташа диаметрі 50 нм жуық. Токсономиялық ол Flaviviridae тұқымдасына, hepacivirus тұқымға жатады.

С вирус гепатиті ұсақ, оның құрамында РНҚ генетикалық материал бар, ол сыртқы қабатымен жабылған. HCV негізгі ерекшелігі – оның генетикалық өзгерісі және мутация шығаруға қабілеті жоғары болып табылады. 6 негізгі HCV генотиптер бар. Вирус мутациялық белсендігіне қарай адам ағзасында HCV қырыққа жуық түрше бар, бірақ бір генотиптің шектелуінде. С вирустің сүреті http://www.hepcni.net сайттан алынған
Вирус персистенцияны және С гепатиттің созылмалы форманың жоғары жиілігің анықтайтын негізгі факторлардын бірі. Адам иммундық жүйесі керекті антиденелерді шығаруға бақылай алмайды: бір вирусқа антиденелерді шығарса басқа антигендік қабілетімен вирустын ұрпақтары пайда болады. HCV +60°С температура өлшемінде 30 минуттың ішінде белсендігі жойылады, ал 100°С температура өлшемінде 2 минуттің ішінде жойылады.

СВГ патогенезі. СВГ жұқпалы үдерісінің өтуі өзара вирустің репликациялық белсендігімен және иммундық бақылау тиімді механизмдермен реттеледі.

Жедел фазада иммунитет ішінара вирусты оқшаулайды – сол кезде вирустын элиминациясы немесе толық емделу болу мүмкін (10 – 15%).

Латенттік фазада – иммунитет вирус репликациясын тоқтатады, бірақ элиминация болмайды.

Қайта белсендіру фазада иммундық жауап оқшауланған – сол кезде бауырда көрнекті патологиялық үдерістермен жұқпалы үдерісінің шырқату басталады.

С вирус гепатитте тікелей цитопатиялық іс-әрекетиі бар. Вирустын белсенді репликациясы гепатоциттердің некрозымен, шырқаттасқан бауыр жетіспеушілігімен, бауырдан тыс жүйелі зақымдармен жүреді.

Өкінішке орай, СВГ қарсы ВГВ қарағанда ерекше қорғауы жоқ. С вирус гепатиті құбылмалы, бірақ осы бағытта ғылыми жұмыстар жүргізіліп жатыр.

4.3 Байланысқан инфекцияС вирусты гепатит және АИВ (коинфекция).Ақпаратты блок (50 минут) (http://www.infospid.ru).

АИВ-инфицирленген адамдарда С вирус гепатиті жиі кездеседі; сондықтан олардын таралу жолдары бірдей. АИВ-инфицирленген адамдардын арасында С вирусты гепатитпен ауруы 40% жету мүмкін, әртүрлі қауіп топтардын арасында ауру көрсеткіштері әртүрлі. Азияда АИВ-инфицирленген адамдардын арасында СВГ ауруы 26%, Европада – 46% болып саналады. HCV антиденелері 50 – 90% АИВ- инфицирленген ИЕҚ арасында табылады. АИВ-инфицирленген гемофилиямен ауратын адамдардын арасында СВГ ауруы 85% жету мүмкін.

АИВ-инфицирленген ЕЕС арасында СВГ ауруы АИВ-теріс нәтижемен гомосексуалды тиістілігімен еркектерде де сияқты 4 – 8% болып саналады. Жыныс қатынаста HCV жұғу қауіпі төмен (<5%), ал АИВ-инфекцияда ол жоғарлау мүмкін. В жіне С вирусты гепатиттердің жұғуы АИВ-ке қарағанда жеңіл өтеді және олар сыртқы ортада жоғары тұрақтылығымен сипатталады.   EuroSIDA (ЖИТС жалпы европалық когортты зерттеуінде,CROI 2013), зерттеуінде үлкен когортанын ішінде 3048 АИВ-ленген қатысушылардын арасында 33% HCV антиденелер анықталды, сонымен қатар, HCV байланысқан АИВ инфекция 75% аса зерттеуге қатысқан ИЕҚ арасында анықталды.

СВГ қоздырғыштары (HCV) АИВ-инфекцияның қоздырғыштарға қарағанда өте тұрақты және жұқпалы. Ерекше зиян инфекциялардын үйлестіруі болып табылады, олар «микст-гепатиттер» деп аталады – ағзаның ішінде 2, 3 және одан көп инфекция болу мүмкін. АИВ-инфекцияға және ЖИТС-ке қарағанда, вирусты гепатиттер дәрілермен емделеді және уақытында жалпы мен ерекше терапияны қабылдаған кезде жағымды нәтиже болуына мүмкіндік береді.

АИВ-инфицирленген адамдарда бауырдын зақымдануы тез жүреді және бауыр цирроз пайда болуына жоғары мүмкіндігі бар. HCV парентеральды жолымен жұққан АИВ-инфицирленген адамдарда АИВ-инфицирленбеген адамдарға қарағанда (қан қую кезде немесе жалпы инелер арқылы есірткелерді енгізгенде) алғашқы 15 жылдын бақылауында цирроз ауруының көрсеткіші жоғары (15 – 25% және 2,6 – 6,5%, сәйкес). Сонымен қатар, АИВ-инфицирленген адамдарда АИВ-инфицирленбеген адамдарға қарағанда цирроз тез өтеді (жұққаннан кейін 7 және 23 жаста, сәйкес).

 
ВВГ мен АИВ жалпы таралу жолдары және сәйкес эндемиялық аймақтар бар, бірақ ВГВ контагиоздігі 100 есе жоғары. В гепатитімен жұғуы жиі жыныс жол арқылы болады. Қан арқылы инфекцияның таралу мүмкіндігі: инемен шаншуден кейін В гепатитпен жұғу жоғары 30% оқиға болып саналады, C гепатитпен жұғуы 2–8%, ал АИВ-инфекцияның көрсеткіші–0,3% жуық.  

 

4.4 Интербелсенді жаттығу. HCV мүмкінді таралу жолдар және жұғу жоғары қауіп топтар туралы кесте құру (25 минут)

 

Жұғу жолдары Жоғары жұғу топтар
   

4.5 Оқытушының басқаруымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар(100 минут)

Оқудын интербелсенді әдістерін қолдануымен кіші топтарда жұмыс істеу.

1. Кластер талдаудын әдісі (25 минут). Бұл мәселемен байланысты «вирусты» гепатиттің негізгі сөздерді және терминдерді параққа немесе тақтаға жазу. Ұсынылған түсініктеме мен ойлардын арасында байланыстарды орнату.

2. Кейс-әдіс (25 минут). Гемоқатынасты инфекциялар, таралу жолдар, қауіп факторлар бойынша әлемде және Қазақстанда оқиғаларын талдауын жүргізу. Эпидемиологиялық анамнез бойынша вирусты гепатиттердің дифференциалды диагностикасын жүргізу.

3. Жазбаша тапсырманы орындау (50 минут). Эпидемиологиялық анамнезіне қарай энтеральды және парентеральды гепатиттердің айрықша белгілері бойынша дифференциальды-диагностикалық кестені құру.

4.6 В және С вирусты гепатиттермен науқастарға курация жүргізу(100 минут)

Вирусты гепатиттердің парентеральды жұғу механизмен эпидемиологиялық анамнезін жинау икемділігін бағалау, науқастармен әңгімелесу білу, байланысқа беімділік және құзырлылық.

4.7 Талқылау арқылы білімді бақылау нәтижесі және тест тапсырмаларды шешу(20 минут)

Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

Әдебиетпен жұмыс істеу, интернет-ресурстарда шолу жүргізу, презентацияларды дайындау.

СӨЖ үшін ұсынылған тақырыптар:

1. АИВ және СВГ эпидемияның жағдайы, ҚР эпидемияның қозғалыс факторлары

2. Адамдарға және қоғамға АИВ/ЖИТС әсері және зардаптары.

3. АИВ + СВГ коинфекция эпидемиологиялық үдерісінің биологиялық және әлеуметтік факторлар.

4. Парентеральды гепатиттерге арналған эпидемиологиялық бақылау.

5. ЖИТС-ке қарсы бағдарламаларға және АИВ-инфекция таралуын жоюға қатысқан қоғам ұйымдардын атқаратын рөлі.

5 САБАҚ

СВГ клиникасы, асқынулар, нәтижелер. АИВ және СВГ коифекцияның өту ерекшеліктері. Нақтама

5.1 Интербелсенді сұрау(15 минут). Тест тапсырмаларды шешу әдісімен студенттердің бастапқы білім деңгейін анықтау.

 

5.2 СВГ клиникасы және (АИВ + СВГ) коинфекциялар.Ақпаратты блок (50 минут) (http://www.gepatit.com)

С гепатитте инкубациялық кезең 50 күндей жуық (20 күннен бастап 140 күнге дейін) болу мүмкін, ол бірнеше күннен бастап 52 аптаға дейін түрлендіру мүмкін. Барлық жастағы адамдар аурады. СВГ ВВГ салыстырғанда симптомсыз кезеңде және клиникалық айқын формаларда жалпы жеңіл өтеді. С гепатиттің симптомдары ешқашан көрінбеу мүмкін. Инфекцияның кейбір көріністері тек гепатит циррозға айналғанда анықталу мүмкін.

Гепатит С – ол симптомсыз ауру, жиі түрде адамдар басқа аурулар бойынша тексерілген кезде гепатит С кездейсоқ анықталу мүмкін. Сондықтан, заманауи нақтамада талдаулар маңызды. Жиі астения, әлсіздік, шаршағандық симптомдар байқалады. Осы симптомдар аса ерекше емес (олардын біреу болса біз С гепатит туралы айта алмаймыз). Бауыр циррозында сарығыштану, іш көлемінде үлкейеді (асцит), тамырлы жұлдызшалар пайда болады, әлсіздік үлкейеді.

СВГ аурудын сарығыштанусыз түрі басым болуымен сипатталады; сарығыштану синдромы 14 – 37% оқиғаларда тіркеледі. СВГ айқын клиникалық формалар болғанда, басқа вирусты гепатиттер сияқты кезеңдермен өтеді. Ауру әдеттегідей біртіндеп басталады. Сарғыштанудын алдында кезеңі жоқ немесе аса айқын емес, негізгі симптомдары әлсіздік, жүрек айнуы, тәбеті төмендеуі. Сарығыштану кезеңде интоксикация аса айқын белгіленбейді. Сарығыштану кезең 10 күннен 20 күнге дейін созылады (жиі түрде 14 күн). Басымды шағымдар әлсіздік, тәбеті төмендеуі, он жақтағы қабырғанын астында мезгілді шаншулар. Осындай науқастарда объектілік белгілерден гепатоспленомегалия, трансаминизалардын деңгейі орташа жоғарлауы, сілтілі фосфатазаның деңгейі жоғарлауымен ұсынылған холестатикалық синдром байқалады. Бірінші рет қарағанда, осындай аса айқын емес симптоматика жедел терапияны керек қылмайтын сияқты. Жиі түрде вирусты гепатиттердің бастапқы симптомдары назарға алынбайды, олар иммундық тапшылық арқасында өшірілген болып немесе симптомсыз өту мүмкін. Сондықтан, АИВ-инфицирленген адамдарға симптомдарға сынаумен қарау керек: әлсіздік, жұмыс істеу қабілеті төмендеуі, тез шаршағандық, тәбеті төмендеуі, бас аурулар, әлсірегендік, он жақтағы қабырғанын астында және асқазанда шаншу немесе ауырлық, жүрек айну, іш өту сияқты әртүрлі өз-өзін сезу бұзылыстарға назар аудару керек. Мерзімді және аз уақытта нәжістің түсі қараюі болған кезде адам вирусты гепатит болу мүмкін деп ойлау керек және маманға барып тексерілу қажет. Көп уақытқа дейін дәрігерге бармауы бауырдағы ауыр және кейбір кезде қайтарымсыз үдерістерге келтіру мүмкін, ол өз бетімен ауру болжамында жағымсыз әсер ету мүмкін.

СВГ негізгі сипаттамасы (50 – 70% оқиғаларда) ол жедел инфекциямен (ВВГ – 6 – 10%) аурғаннан кейін жиі түрде созылмалы формалар пайда болу мүмкін. НСV-инфекция біріншілік гепатоцеллюлярлы карциноманың даму факторлардын бірі болып табылады. Сонымен қатар, НСV-инфекцияда созылмалы ауру даму мүмкіндігі өте жоғары, сондықтан анти-НСV-мен адамдар динамикалық бақылауға жатады. Анти-НСV адамдардын жартысында 5 – 6 жылдан кейін созылмалы гепатит болу мүмкін.

СВГ жиі түрде жеңіл формада өтеді және аурудын фульмианты формалар пайда болу мүмкін. СВГ ісік фульминантты формалар иммундық тапшылықпен адамдарда, бауырдын созылмалы ауруына АИВ қосылған оқиғаларда, перинаталды жұғу кезінде балаларда, ауырлықсыз анамнезімен адамдарда сипатталған

СВГ және АИВ байланысқан инфекция. (http://www.hem-aids.ru). СВГ+АИВ коинфекцияда патологиялық үдерістің даму қарқындары СВГ моноинфекцияға қарағанда тез өтеді. Коинфекциямен науқастарда СВГ-инфекцияның айқын шырқаттасуы байқалады және бауыр жетіспеушіліктен өлім-жітім 10 жыл ерте басталады, СВГ-моноинфекцияға қарағанда. Сонымен қатар, Коинфекцияда (АИВ + СВГ) СВГ репликацияның (көбеюі) деңгейі жоғары, СВГ моноинфекцияға қарағанда. Коинфекция (АИВ + СВГ) СВГ моноинфекция сияқты бауырдағы тыс көріністермен сипатталады.

СВГ АИВ-инфекцияның өтуіне әсер ете ме деп бір мағыналы жауап табылған жоқ. Көп зерттеулердің жүрісінде HCV АИВ-инфекцияға тікелей әсер тигізетіндігін және ЖИТС сатыға тез келтіреді деп дәлелдей алмады.

СВГ және АИВ байланысқан инфекциямен науқастарда АИВ-инфекцияны емдеу үшін тағайындайтын антиретровирусты дәрілерден (АРВ) ауыр гепатоуытты әсерлер байқалады. Сондықтан, АРЕ байқап тағайындау керек, және АРВ дәрілерді қабылдайтын В немесе С гепатитпен науқастарға бауыр функцияның зерттеу көрсеткіштерін ретімен анықтау керек.

Сонымен қатар, коинфекциямен науқастарда (АИВ + СВГ) бауырдан тыс көрсетілімдерді жиі анықтайды: васкулитоұқсас көрсетілімдер, мысалы, «бауыр алақандар» симптом және ретинальды микроангиопатия (мақта сияқты ошақтар, ретинальды геморрагиялар, сирек – микроаневризмалар), және аралас криоглобулинемия. Екі вируста – АИВ және СВГ – порфирин зат алмасуға әсер етеді және порфирия дамуға мүмкіндік береді

Жедел бауыр жетіспеушілігі (ЖБЖ) – клиникалық-патогенетикалық синдром, ол цитолизбен, бауыр функциялардын дезинтоксикациялық және синтетикалық жедел зақымдалуымен шарттасылған, сонын кесірінен геморрагиялық асқынулар және энцефалопатия даму мүмкін. Эндогенды бауыр жетіспеушілігі В, С, D вирусты гепатитте, сары безгекте, басқа инфекцияларда және саңырауқұлақтармен уланған кезде жиі пайда болады.

Науқастарда интоксикацияның айқын симптомдар және қайта-қайта құсу пайда болады, протромбинды индекс төмендейді, сарғыштану жоғарлайды. ЖБЖ дамуында келесі сатылар бар:

1 саты – бауыр көлемі кішірейеді, ұйқы бұзылады (ұйқысыз түн және күндіз ұйқышылдық), дәлелденбеген жүріс (болмаған заттарды іздеу), көз алдында «шіркейлердің» пайда болуы, адинамия немесе эйфория, брадикардия, алмасу тахикардия.

2 саты – кеңістікте және уақытта бағыттың бұзылуы, дене қоздыруы, психикалық бұзылыстар, қолдардын треморы.

3 саты – мезгіл сана-сезімі бұзылады, галлюциациялар, менингеальды белгілер болу мүмкін, ауыздан «бауыр исі», тахикардия, геморрагиялық синдром, мөлшері протромбиннің төмендеуі пайда болу мүмкін.

4 саты (бауыр кома) – сана-сезімі, шаншу сезімталдығы, рефлекстер жоқ, ұлғайған қарашық, биохимиялық көрсеткіштер қатаң бұзылған, әсіресе коагулограмма, альбуминнің деңгейі төмендетілген, G-глобулиндердің саны жоғарланған, қанда билирубиннің бос (тікелей емес) фракциясы жоғарлаған, АлАТ белсендігі төмендетілген (үлкен гепатонекроз болған кезде), қанда – лейкоцитоз, ЭШЖ жоғарлауы байқалады. ЖБЖ әр қайсы сатысындапайда болу мүмкін.

СВГ моноинфекцияда коинфекцияда (АИВ + СВГ) және бауырда стеатоз, лимфоидты агрегация және билиарлы трактің зақымдануы сияқты гистопатологиялық зардаптарбар. Шетелдік әдебиеттердің мәліметтер бойынша СВГ+АИВ коинфекцияда СВГ моноинфекцияға қарағанда бауыр циррозы 20% адамда пайда болады және ол үше есе жиі байқалады, ал цирроздын декомпенсациясы мен бауыр жетіспеушілігі АИВ-инфекцияның соңғы сатыда болады, сол кезде СД-4 лимфоциттердің деңгейі 100 жасуша/мл төмен болады.

СВГ түрі.С вирусты гепатит жедел және созылмалы болу мүмкін.

Жедел С гепатит өте сирек және кездейсоқ анықталнады. Жедел С гепатиттен кейін үш сценарийды бөлінеді:

· С гепатиттің маркерлеры жоғалуымен 6 – 12 айдын ішінде емделіп шығуы (20% жуық жұқтырылғандар);

· Инфекцияның HCV тасымалдаушылыққа аударылуы, сол кезде симптомдар және бауыр ауруының зертханалық белгілер жоқ, бірақ қанда вирус бар екенін көрсетеді (персистенция). Осындай оқиғалар алғашқы рет (20% дейін) «ерекше емес», «кездейсоқ» зерттеулерде анықталу мүмкін.
Аурудын бірінші симптомдары пайда болған кезде 70% ауырған адамдарда (анти-HCV) антиденелерді анықтайды, ал 90% ауырған адамдарда – үш айдын ішінде. Бірақ көбінесе симптомдар жоқ болады. Қанда РНҚ (полимеразды тізбекті реакция әдісімен – ПТР) жұққаннан кейін 1 – 2 аптаның ішінде анықталнады.

Осындай жағымсыз нәтижелерде С гепатит түрінің варианты толық анықталмаған. Бауырда зертханалық көрсеткіштер жоқ болса, гепатит С бауырды зақымдау мүмкін;

· Кейбір клиникалық және зертханалық көріністермен өтетін созылмалы гепатиттің дамуы. Ол жедел гепатитпен ауырған 60 – 70% адамдарда болады.

С гепатиттің жедел түрден созылмалы түрге ауысуы біртіндеп және жедел фазаның көріністер деңгейіне қарамастан жүреді. Бірнеше жылда бауыр жасушалары зақымдайды, фиброз пайда болады. Бауыр функциясы ұзақ уақытқа дейін сақталыну мүмкін. Ауру асықпай өтеді, сондықтан адамдарда С гепатиттің нәтижелері бір немесе бірнеше жылдан кейін болады, ол қазіргі уақытта ауырып жатқан адамдардын көбісі тәжірибе бақылауында талдау жүргізген кезде анықталады. Гепатиттің белсенді түрімен науқастарда трансаминазаның белсендігі жоғары және 20 жылдын ішінде циррозға айналу трансформация қауіпі 20% жоғарлайды.   http://www.gepatit.com. С вирусты гепатит жұқтырып алған 100 адамның ішінде · 55 - 85 адамда созылмалы инфекция болады созылмалы гепатит немесе симптомсыз тасылмалдаушылық); · 70 адамда бауырдын созылмалы ауру болады; · 5 - 20 адамда 20 - 30 жылдын ішінде бауыр циррозы болу мүмкін; · 1 - 5 адам созылмалы С гепатиттің зардаптардан қайтыс болу мүмкін (цирроз немесе бауыр ісігі).

Егер адамда гепатит В мен гепатит С бірге өтсе, онда бауыр ісігінің пайда болу мүмкіндігі жоғары. Ұзақ уақытта спирт ішімдігін қабылдағаны бауыр ісігінің жоғары қауіппен байланысқан.

Созылмалы С гепатиттің бауырдан тыс көріністер бар, олар аутоиммундық үдерістер деп аталады. Гепатит болған кезде иммундық жүйенің жасушылары өз ағзаның тіндермен күресуге «үйренеді». С гепатиттің бауырдағы тыс көріністерге: гломерулонефрит (бүйрек канальцалардын зақымдалуы), аралас криоглобулиенемия, кеш тері порфирия және басқа аурулар жатады. Оларда ауыр түрі болу мүмкін.

Аурудын бірінші симптомдары пайда болған кезде 70% ауырған адамдарда (анти-HCV) антиденелерді анықтайды, ал 90% ауырған адамдарда – үш айдын ішінде, бірақ жиі симптомдар болмау мүмкін.

Қанда РНҚ (полимеразды тізбекті реакция әдісімен – ПТР) жұққаннан кейін 1 – 2 аптаның ішінде анықталнады.

 

5.3 СВГ және коинфекцияның (АИВ + СВГ) нақтамасы.Ақпаратты блок (25 минут)

С гепатит диагноз қойған кезде келесі маңызды факторларға назар аудару керек:

· «бауыр» ферменттердің белсендік көрсеткіштері;

· С вирус гепатиттің және басқа гепатотропты вирустардын жұғу маркерлеры бар болуы немесе жоқтығы;

· Эпидемиологиялық анамнездің мәліметтері;

· Науқастын клиникалық тексерістің нәтижелері.

Тек фактор мәліметтердің кешенді есебі болғанда диагнозды жоғары деңгейде зерттеп алуға болады.

Қандағы HCV зертханалық анықталады. Біріншіден HCV антиденелерін анықтайды, яғни бөтен антигендермен күресу үшін ағзада өз ақуыздар шығарала бастайды – иммуноферменттік талдау (ИФТ). Бірақ осы талдау оң болса ол инфекцияның нақты бар екенін анықтай алмайда. Бір жағынан, С гепатитпен инфицирленген адамда HCV антиденелерді анықтаған кезде нәтиже теріс болу мүмкін, егер жұққаннан кейін әлі алты ай өтпесе. Сонымен қатар, теріс нәтиже тағы донор органдармен адамдарда болу мүмкін және АИВ-инфицирленген адамдарда, егер олардын CD4 жасушалар төмен деңгейде болса, сондай кезде иммундық жүйе СВГ антиденелерді шығармайды. Оң нәтижемен қорытынды қате болу мүмкін, өйткені 15 – 20% HCV инфицирленген адамдарда вирус өзімен өзі ағзадан шығып кету мүмкін. Сонымен, егер ағзада СВГ антиденелері болса нәтиже оң болады (антиденелер адам қанында өмір бойы қалады), бірақ адам жұқтырылған деп саналмайды.   Ақтаманың зертханалық әдістер: · Ерекше емес; · Бауырдын функционалды жағдайын бағалау үшін қабылдаған биохимиялық тесттер; · Ерекше әдістер: ИФТ және ПТР; · Иммунологиялық зерттеулер; · Зерттеудің құралдық әдістер (УДЗ). Вирусты гепатиттердің зертханалық нақтамасы негізделеді: · ИФТ серологиялық маркерлерді анықтау; · ПТР ВГ, СГ вирустардын нуклеин қышқылдарын анықтау; · Үдеріс белсендігінің зертханалық көрсеткіштер: аспарагинды және аланинды аминотрансфераза (АСТ және АЛТ).  

Анти-HCV стандартты тест на (ИФТ, иммуноферменттік талдау) қосымша рекомбинантты иммуноблотинг тестпен (РИБА) немесе вирустің РНҚ анықтауымен (генодиагностика, ПТР) дәлелденеді.

Осы тесттің нәтижесін дәлелдеу немесе жоққа шығару үшін қосымша тесттілеу жүргізу керек. Ең жиі таралған әдіс ол вирустік жүктеме болып табылады, ол қанда HCV жұғуды екі аптадан кейін анықтайды. ПТР – антиденелерді анықтайтын тестке қарағанда, ол жоғары сезімтал және HCV анықтау үшін нақты тест деп саналады.

Қанның биохимиялық талдауымен «бауыр» ферменттердің белсендігі анықталынады – аланинды (АЛТ) және аспарагинды (АСТ) трансаминазалар, билирубин. Бауыр ферменттері – ол ақуыздар, адам ағзасында дұрыс зат алмасу жүру үшін қажет. Егер ісіп-қызару үдерісі болса онда бауыр ферменттердің деңгейі жоғарлайды. Көп мөлшерде бауыр жасушалары зақымдалса, онда АТ мен АСТ белсендігі жоғарлайды.

Егер инфекция ерте анықталса онда денсаулықпен байланысты себептерді, отбасының мүшелерге таралуын және тығыз қатынаста болған адамдарға жұқтыруын жоюға болу мүмкін. Сол үшін жұғу қауіпқа жататын адамдарға скрининг жүргізеді. Сондай адамдардын ішіне кіреді:

· Қан, қан компоненттері қуйылған адамдар немесе донор органдармен адамдар;

· Инелік есіртке қабылдаушылар (кім бір есірткені көп жыл бойы қабылдаған, ол да кіреді);

· Гемодиализ рәсімді ұзақ алған адамдар;

· Медициналық қызметкерлер;

· АИВ-пен өмір сүретін адамдар;

· Бауыр тесттің қалыпты нәтижелерден ауып кеткен адамдар немесе бауыр аурулармен;

· Инфицирленген аналардан туылған балалар.

Коинфекцияда (АИВ + СВГ) нақтаманың ерекшеліктері.АИВ-инфицирленген адамдарды иммуноферменттік тест-жүйелермен зерттеген кезде көп қате теріс нәтижелер болады. Ол С вирусты гепатит аурудын көрсеткіштерін 10 – 30% дейін төмендетеді. АИВ-инфицирленген адамдарда HCV антиденелерін ИФТ анықтағанда қате теріс нәтижелердің пайда болу мүмкіндігі бірнеше факторлармен байланысқан. ол келесі факторлардан байланысты: иммундық тапшылық болған кезде HCV антиденелер аз мөлшерде шығарылады, HCV антиденелердің титрі тез төмендейді, екі вирус және сероверсия (яғни HCV антиденелер толық жойылады) болу мүмкін. Басқа жағынан қарағанда, АИВ-инфицирленген адамдарда ИФТ қате теріс нәтиженің себебі гипергаммаглобулинемия болу мүмкін. Сонымен қатар, рекомбинантты иммуноблоттингті (RIBA) қолдануымен инфекцияны дәлелдей алмайды, АИВ-инфицирленген адамдарда осы талдау жүргізген кезде 10 – 23% күмәнді нәтиже береді.

Вирусты гепатиттердің серологиялық маркерлердің мәліметтері ескертудегі кестеде ұсынылған.

 

5.4 Оқиғалық есептер(50 минут)

1 есеп. 35 жастағы еркек, дәрігер-хирург, 6 күн бойы ауырып жатыр. Шағымдары: 37,5°С дене қызуы, әлсіздік, бас айналуы, артралгиялар, тәбеті жоқтығы, жүрек айнуы. Бүгін сарығышты және нәжістің қараюін байқады, инфекционисттің кеңесінен кейін жұқпалы ауруханаға жіберілді.

Түскен кезде жағдайы ауыр, сана-сезімі шатасқан, психомоторлы қозу. Тері қабаттары қатты сарғыштанған, «кофе тұнбасы» түсті құсу, инъекция орындарда – қан құйылу, теріде таңбалы геморрагиялар. Тынысы – мин. 24 соғуы, жүрек соғуы – мин. 100 соғуы, ҚҚ – 90/60 мм рт. ст. Бауыр қабырғаның шетінде. Нәжіс қоңыр түсті.

Сұрақтар. 1. Диагноз қойыныз. 2. Диагнозды нақтылау және дәлелдеу үшін қандай зерттеулерді жүргізу керек? 3. Науқаста қандай асқыну?

2 есеп. Бармен болып жұмыс істейтін жас еркекте жалпы әлсіздік, 38,5°С дене қызуы, жүрек айнуы пайда болды. Үшінші күнде шелдері сарығайған, дәрет түссіз болды. Таңертен мұрыннан және тісттің етінен қан ағады. Төртінші күнде сарығыштану пайда болды. Анамнез бойынша он жақтағы қабырғанын астында аурады, қолайсыздық пайда болды, бір жыл бойы қатты жұмыс істегеннен кейін және диетаны бұзғаннан кейін қыжылдау мазалайды деп анықталды. Эпидемиологиялық анамнез: 19 жастан бастап, жұмыста шаршағанда есірткелерді қабылдауға бастады, ең бірінші мұрын арқылы, кейін тамыр арқылы қабылдады.

Тексеріс кезде: тері және шырышты қабаттар айқын сары. Шынтақ тамырларда «жолдар», инъекцияның орындарда – геморрагиялар. Бауыр қабырға доғасынан 3,0 см төмен, аурушан, көк бауыр үлкеймеген. Бауырдын биохимиялық талдауда: жалпы билирубин 106 мкмоль/л, тура – 68,0 мкмоль/л, тура емес – 38,0 мкмоль/л. АЛТ – 3,8 ммоль/л, тимол сынама– 20 ед.

Сұрақтар.1.Алдын-ала диагнозын талқыланыз. 2. ВГ этиологияны анықтау үшін қандай зерттеу жасау керек? 3. Ем жоспарын құрыныз.

3 есеп. АИВ-инфекцияға жасырын түрде тест тапсырған жас адам зертханаға келді, ол 2 апта бұрын инелік есірткелерді қабылдайтын әйелмен жыныс қатынаста болған. Талдау нәтижесі теріс болып шықты.

Сұрақ: Жас адам жұқтырылған жоқ деп айта аламыз ба?

4 есеп. Науқасқа 3 ай бұрын донордын қаны құйылды, кейін ол АИВ-инфицирленген болып шықты. Донор қан тапсырғаннын алдында ИФТ әдісімен АИВ скрининг талдау өтті.

Сұрақтар. 1. Донордан алынған қан жарамды болған себебін айтыныз. 2. Инфицирленген қан құйылған себебін айтыныз.

5 есеп. Науқас П., 22 жаста, еркін өмір сүреді, дәрігерге келесі шағымдармен келді: 38°С дене қызуы, тамақта шаншу, бас ауруы, 3 апта бұрын бастаған іш өту. Тексеріс кезде: жалпы жағдайы қанағаттандырылған. Тер қабаттары бозғылт. Жұтқыншақтын шырышты қабатында гиперемия бар, бадамша бездер ісіп кеткен, қағы жоқ. Т – 38°С. Пальпация кезінде мойынды, жақтын асты, аксилярлы, кубитальды, шаптың лимфа түйіндері анықталнады. Жүректің үні ырғақты. Қарын жұмсақ, аурушан емес. Бауыр қабырға доғасынан 2,0 – 2,5 см төмен, сезімтал.

Жеке сұраған кезде, науқастын айту бойынша ол ретсіз жыныс өмір сүреді, контрацепцияны қолданбайды. Эпизодикалық түрде есірткелерді қабылдайды.

Сұрақтар. 1. Сіздің алдын-ала диагнозыныз? (талқыланыз). 2. Қандай ауруларға науқасты зерттеу керек? (талқыланыз). 3. АИВ+ СВГ алгоритмі.

5.5 Оқытушының басқаруымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар(100 минут)

АИВ-инфекция және СВГ жұғу жолдары мен механизм, клиника, зертханалық нақтама бойынша алынған білімді қолдануымен оқиғалық есепті құрыныз. СВГ мен АИВ-инфекциямен науқастардын зерттеу алгоритімін құрыныз. Науқастардын амбулаторлық карталармен жұмыс істеніз, диагнозды талқылауымен сырқатнаманы сипаттаныз, ЖҚА, биохимиялық талдауларға, ИФТ АИВ, СВГ, ПТР (сапалы, сандық), вирустік жүктеме (ВЖ) интерпретацияны жүргізініз.

5.6В және С гепатиттермен науқастарға курация жүргізу(100 минут)

Парентеральды механизмен вирусты гепатиттерге эпидемиологиялық анамнезді жинау, науқастарды объектілік қарау, интоксикациялық және сарығыштық синдромдардын дірежелерді анықтау, бауыр өлшемін анықтау – перкуссия, бауырдын пальпациясы, науқастармен араласу, байланысқа бейімділік, құзырлылық икемділігін бағалау.

Бақылау сұрақтары(20 минут)

1. Бауыр интоксикацияның симптомдарын атаңыз.

2. ВГ негізгі клиникалық синдромдарды атаңыз.

3. СВГ ерте клиникалық көріністері?

4. ВВГ және СВГ клиникалық өтуінің ерекшеліктерін атаңыз.

5. парентеральды механизм жолымен вирусты гепатиттердің асқынуларды атаңыз.

6. АИВ + СВГ коинфекцияның өтуінің ерекшеліктері.

7. Жедел бауыр энцефалопатияның сатыларды атаңыз (ЖБЭ).

8. ВВГ, СВГ зертханалық нақтама әдістерін атаңыз.

9. АИВ-инфекцияның зертханалық нақтама әдістерін атаңыз.

Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

Әдебиетпен, интернет-ресурстармен жұмыс істеу, тақырып бойынша презентацияларды дайындау. Парентеральды гепатиттермен науқастардын зерттеулерін ұйымдастыру бойынша заң және нормативтік құжаттарды (17 ақпан 2012 жылдын ҚР м.а. денсаулық сақтау министрің № 92 бұйрығы «Вирусты гепатиттермен науқастарды зерттеу және емдеу Ережелерді бекіту туралы») оқу.

6 САБАҚ

С вирусты гепатиттің және коинфекцияның емі мен алдын-алуы. Гемоқатынасты инфекциялардын стандартты сақтық шаралары.

6.1 Интербелсенді сұрау(15 минут)

Тест тапсырмаларды шешуімен студенттердің бастапқы білім деңгейін анықтау.

6.2 Вирусты гепатиттің емі.Ақпаратты блок (100 минут)

Егер адам бір рет инелік есірткелерді қабылдаса онда ол СВГ қауіп тобына жатады. Бір реттен кейін СВГ жұғу қауіпіна мезгіл бойынша тексеру керек, егер жұқтырып алса ерте емді бастау үшін.

СВГ емі.( http://www.gepatit.com).

Жедел В гепатитте токсиндерді шығаруға және бауыр тіндерін қалпына келтіруіне бағытталған қолдаушы және дезинтоксикационды ем тағайындалады. Вирусқа қарсы ем жүргізілмейді. Созылмалы В гепатитте кешенді ем жеке қарастырылады.

Ерекше дәрілерді аурудын ауырлығынын формасына және дәрежеге қарай тағайындалады.

Созылмалы В гепатитті емдеу үшін альфа- интерферондаржәне нуклеозидтің аналогтар(ламивудин, адефовир) вирусқа қарсы дәрілердің топтар қолданылады. Осы дәрілер вирус көбеюін жылдамдығын төмендетеді, бауыр жасушыларда вириондарға құрулуға кедергі жасайды. Дәрілерді жеке және бірге тағайындайды. Ем сызбаның таңдауы аурудын түрәне және сатыға байланысты. Дұрыс ем сызбаны тек қана дәрігер таңдай алады. Ем 6 айдан бірнеше жылға дейін созылу мүмкін.

Емінің негізгі бақылау тесттер: АЛТ қалпына келуі, қанда вирустік репликацияның маркерлер жоқ, гистологиялық көрсеткіштердің жақсаруы.

 

ССВГ емі. (http://www.who.int).

2012 ж. Шілде айының ДДҰ ақпаратты бюллетень бойынша С гепатит оқиғаларда ем әрқашан қажет емес. С гепатитте 6 генотип бар, оларға ем әртүрлі әсер етеді. Емнің алдында скриниг жүргізу керек, қйткені науқасқа ең ыңғайлы тәсілін таңдау керек.

С гепатиттің ем негізінде біріктірілген вирусқа қарсы емде интерферон және рибавирин жатады. Өкінішке орай, глобальды деңгейде интерферон кең қол жетілімді еес, науқастар нашар қабылдайды, барлық генотиптерге әсер етпейді, соны қабылдаған науқастардын көбісі емінің аяғына дейін қабылдамайды. С гепатит емделетін ауру болып табылса, науқастардын көбісіне ол емделмейтін ауру болып саналады.

Ғылыми жетістіктер арқылы С гепатиттен вирусқа қарсы жаңа дәрілер шығарылды, олар өте тиімді және бар дәрілерге қарағанда жақсы қабылданады. Жақын арада кейбір мемлекеттерде жаңа екі терапиялық дәрілер – телапревир және боцепревир лиценция алды. Бірақ оны қамтамасыз ету үшін әлі көп жұмыс істеу керек, өйткені глобальды масштабта қол жетілімдігін кеңейтіп емдеу керек.

 

Ем жүргізген кезде құзырлылықтар. С созылмалы гепатитпен ИЕҚ ем жүрісінде ауруханалардын, наркологиялық қызметтердің, әлеуметтік тұрмыс қызметтердің және басқа іске қосылған мекемелердің арасында жөнге салынған құзырлылықтар өте маңызды, өйткені ем жүрісінде салмақты шешімдерді қабылдау үшін мүмкіндік, науқас туралы толық ақпарат болу керек және оған адекватты бақылауды ұсыну керек. Гепатолог басқа мамандарға ақпарат береді, ол өз бетімен емге қатысқан мамандардан ақпарат және ұсыныстар алады. Олар науқас жүрісінде өзгерістерді және эмоционалдық оқиғаларды, тамақтануды, түстерді және тәуелдігін дәлелдейді.

Белсенді ИЕҚ С гепатиттің емі әдеттегі науқастарға қарағанда медициналық қызметкерлерден көп күштерді, қатысуды, икемділігін, жігерлікті, креативтігін, шыдамдылықты, әртүрлі адамдармен сындарлы әрекеттесуін және тәуелді тәртіп пен психикалық аурулар туралы ерекше білімдерді талап етеді. ССГ және вирусқа қарсы ем (ВҚЕ) туралы білетін мамандардан инелік есіртке қабылдаушылардан жұмыс тәжірибе талап етеді және оларға қосымша тренингтерді өтуіне ұсыныс беріледі. Гепатолог ауруханадағы ССГ емге жауапты, ол ауруханадағы емес мейірбикелермен сындарлы қызмет істеу керек. Ол есірткелерді қабылдайтын науқастарға тиісті стандартты емес мәселелерді шешуге икемділігін көрсете білу керек.

СВГ/АИВ коинфекцияның емі.СВГ/АИВ коинфекциямен барлық науқастарда (генотипке қарамастан) созылмалы С гепатиттің ұзақ емі минимальды мерзім 48 апта болып есептеді, ал жетістікке жету мүмкіндігі мөлшерлі аз. 48 аптадан кейін науқастардын жетістікке жету мүмкіндігі 1 генотиппен – 29 – 38%, 2 және 3 генотиппен – 53 – 62% болады. Егер иммунитет мықты және АИВ-инфекция тұрақты болып тұрса онда осындай науқсастарда созылмалы С гепатитпен емді бастаға болады. Сонымен қатар, АИВ емінде қолданатын кейбір дәрілер созылмалы С гепатит емімен байланыспайды. СВГ/АИВ коинфекцияны емдеген кезде емдеуші пәнаралық командасына АИВ бойынша маманды қосу керек.

6.3 Парентеральды вирусты гепатиттермен алдын алу стратегиялар. Ақпаратты блок (125 минут)

Қосымша ескерту мәліметін қолданыз.

Эпидемияға қарсы шаралардын кешені науқастар арасында ауру оқиғаларын максималды ерте анықтауына, донор қанды және оның препараттарды бақылауға, парентеральды манипуляцияларды жүргізу үшін бір реттік құралдарды қолдануға, аппарттарды және көп рет пайдаланатын приборларды стерилизациялауға бағытталған. Табиғи таралу бақылауы жеткілікті тиімді емес.

Біріншілік алдын алу келесі шараларды жүргізуімен орындалады:

· Донор қанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

· Қанның қауіпсіз продуктілерді құю.

· Вирусты гепатитпен ауырған адамдарды донорлыққа өмір бойы; HBsAg оң талдаулармен – В гепатит науқастармен қатынаста болған – инкубациялық кезеңге дейін; қан және оның компонеттері құйылған адамдарды –1 жылға қатыстырмау; қан қызметтің жұмысшыларға қан және сарысу донор болуға болмайды.

· Барлық парентеральды араласуларда бір реттік медициналық құралдарды қолдану.

· Медициналық ұйымдарға үшін Жұқпалы бақылау стандарттармен сәйкес көп медициналық құралдарға дезинфекция және стерилизация жүргізу.

· Қанмен қатынастарды ескерту үшін қорғау құралдарды қолдану.

· Жүйесіз инъекцияларды, гемотрансфузияларды және басқа парентеральды араласуларды жою.

· Қауіпті заттарды және сынықтарды жинау және кәдеге жарату;

· ИЕҚ арасында «Зиянды төмендету» алдын алу бағдарламаны жүргізу

· HCV жұқтырылған адамдардын қорғау тәжірибесі.

· Қайшылар, тіс щеткалар сияқты жеке заттармен бірге қолдану, олардын үстінде инфицирленген қан болу мүмкін.

· Кір құралмен татуировкаларды, пирсингті және акупунктураны жасау.

· Парентеральды гепатиттің алдын алу мәселелер бойынша халықтын арасында санитарлық білімін жоғарлау.

· В вирусты гепатитте: В вирусты гепатитте белсенді алдын алу әдістер жасалынған - вакцинация. Вакцинацияның мерзімдері: 1 жасқа дейін балаларға – 0-2-4 айда, 1 жастан жоғары – 0-1-6 айларда.

Қазіргі күнде С вирусты гепатиттің ерекше алдын алуы жоқ.

Екіншілік және үшіншілік алдын алу келесі шаралармен жүргізіледі

HCV инфицирленген адамдар үшін ДДҰ ұсыныстары, шілде 2012 жыл.

· Медициналық көмек және ем жөнінде ақпарат пен ем алу;

· Өз бауырды сақтау мақсатымен осы екі инфекцияны жою үшін А мен В гепатитке қарсы вакциналармен иммунизация жүргізу;

· Заманауи мен тиісті медициналық көмек алу, керек кезде вирусқа қарсы емімен қоса;

· Бауырдағы созылмалы ауруды ерте зерттеу мақсатымен мезгіл бойы бақылау жүргізу.

Парентеральды ВГ объектілердің әдістері және дезинфекцияның құралдары ескертуде сипатталған.

Медициналық қызметкерлердің арасында кәсіптік жұғу қауіпіhttp://dent-lux.kz/uploads/posts/2012-04/1334997114_5.jpghttp://dent-lux.kz/uploads/posts/2012-04/1334997204_6.jpghttp://dent-lux.kz/uploads/posts/2012-04/1334997155_7.jpg

    Ерекше манипуляцияларды және науқастармен байланысқан инвазивті қатынастарды істейтін медициналық қызметкерлердің арасында парентеральды инфекциялармен кәсіптік жұғу қауіпі 0,5 – 1%. Оларға жатады: хирургтар, акушерлер, стоматологтар, зертханалық қызметтің қызметкерлері. Қан құю кезде жұғу қауіпі 100%.

Жыл сайын қан инфекция қоздырғыштарды мың медициналық қызметкерлер жұқтырады.

Қорғау құралдарды қолдану.Науқастын биологиялық сұйықтармен әр қайсы қатыныстарда кәсіптік жұғуын жою үшін қорғау құралдарды қолдану керек.

· Науқастын шырышты қабаттармен, зақымдалған терімен және биологиялық сұйықтармен қатынаста болғанда қолғаптарды кию керек.

· Егер рәсімді жүргізген кезде қан немесе биологиялық сұйықтар шашыраса, онда бетің, көздердің және ауыз қуысындағы шырышты қабаттарын қорғау үшін жұмыс істегенде арнайы экрандарды немесе көзілдіріктерді кию керек.

· Қаннан және биологиялық сұйықтардан персоналдын киімін және терін қорғау үшін хирургиялық халаттарды, су болмайтын фартуктерді, жеңқаптарды кию керек

Дезинфекция.Нормативті құжаттар бойыншақан және биологиялық сұйықтар аралас медициналық құралдарға, ыдыс-аяқтарға, төсек жапқыштарға дезинфекция жүргізу керек.

Нұсқаулар.Аппаты жағдайларда жедел алдын алу шараларды жүргізу бойынша ір жұмыс орнында нұсқамалық-әдістік құжаттар (аппаты жағдайларды тіркеу журналы) болу керек .

Медициналық көмек көрсетуінде, науқастарға қызмет ұсынған кезде және биоматериалдармен жұмыс істегенде қан арқылы жұғатын инфекциялардын алдын алу шаралары · Шанышқылы және кесетін құралдармен (инелермен, скальпельмен, қайшылармен және басқалармен) манипуляциларды жүргізген кезде сақтық шараларды сақтау керек; қауіпсіз технологияларды қолдану керек. · Кәсіптік қатынастарды жою үшін қанмен және биологиялық сұйықтармен жұмыс істеген кезде жеке қорғау құралдарды (хирургиялық халаттарды, қолғаптарды, бетперделерді, қорғау көзәйнектерді, кішкентай қалқандарды, жеңқаптарды, фартуктерді, бахилдарды) қолдану керек. · Қолдағы жаралармен, экссудативті тер зақымдануымен, сулы дерматиттермен медициналық қызметкерлер жұмыстан босатылады және науқастарға көмек көрсетуге, олардын күту құралдармен жұмыс істеуге рұқсат жоқ. · Қан және биологиялық сұйықтарды алған кезде жарақат болмау үшін сынық шеттермен шыны заттарды қолдануға болмайды. · Тамырдан екі жақты инемен, ине ұстауғышпен қанды вакутейнерге алуға болмайды. · Қан және сарысу алу бойынша барлық манипуляцилар резінке грушамен, автоматты пипеткалармен, дозаторлармен орындалу керек. · Қанмен, биологиялық сұйықтармен, тіндермен, мүшенің бөлшіктермен әр қайсы сыйымдылықтар алған жерде резінке немесе пластмасс пробкалармен қатты жабылып контейнерге салыну керек. · Емдеу ауруханаларда қан және басқа биоматериалдар контейнерге, бикстерге немесе пеналдарға (олдардын астына төрт қабатты құрғақ салфетканы салу керек) салынған штативтарда тасымалдайды (егер ыдыс сынса немесе төңкерілсе). · Мекемелерден алыс орналасқан зертханаларға емдік мекемелерден қан және биоматериалдар контейнерде (бикстерде, пеналдарда) тасымалдану керек, тасымалдау кезінде өз еркінмен қақпақшыларды ашуға болмайды (құлып, пломбировка қойылады). · Операция кезінде «бейтарап орын» әдісі қолдану қажет.

· Медициналық көмек көрсетуінде науқастын биологиялық сұйықтармен әр қайсы медперсоналдын терінің, шырышты қабаттарының зақымдануы АИВ немесе басқа жұқпалы аурулардын қоздырғыштары бар материалдармен қатынас ретінде саналады.

 

 

 

Қауіп реципиентке тиетін қандағы вирустік бөлшектердің концентрациядан, қан мөлшерден, қанмен кәсіптік қатынастардын жиілігітен және түрлерден, халық арасында ауру таралуынан байланысты.

Медициналық қызметкерлер өткір құралдармен жұмыс істегенде қанмен қатынас әртүрлі кезеңдерде болу мүмкін: тікелей жұмыс істегенде, жұмыс біткеннен кейін, кәдеге жаратқан кезде.

Жедел көмек көсеткенде, талдау үшін қан алған кезде, әсіресе күндіз медициналық қызмет көрсетуінде және манипуляция жүрген кезде қанмен қатынас оқиғалардын саны көбейеді. Осындай кезде қосымша сақтық шаралар сақтау қажет.

Зертхана қызметінің қызметкерлер үшін ұсынылатын құралдардан келесілер қауіп білдіреді: скарификаторлар, қан алу және тамыр арқылы дәрілерді құю үшін инелер.

Іші бос ине жұмсақ тіндерге терең тисе онда АИВ таралу қауіпі 0,4% жуық болады.

Инфицирленген қан инфекциялардын таралуы тек зақымдалған терімен немесе шырышты қабаттармен қатынас болған кезде мүмкін.

Егер зақымдалмаған терімен қатынас болса онда инфицирленуі аз мөлшерде болу мүмкін (қауіп 0,05% жуық болу мүмкін).

 

 

АИВ-пен кездейсоқ қатынас болғаннан кейін көмек көрсету – қатынастан кейін алдын алу (ҚКА). (Қатынастан кейін алдын алу бойынша Европалық аймақтар үшін ДДҰ клиникалық хаттамасы, 2006 жыл).

Бірінші көмек

АИВ-пен мүмкінді қатынастан кейін бірінші көмек – қатынастан кейін шұғыл қолданылатын іс-әрекеттер. Олардын мақсаты – инфицирленген биологиялық сұйықтармен (әсіресе қанмен) және тіндермен қатынастын уақытын қысқарту және жұғу қауіпін төмендету үшін жараны дұрыс емдеп-тұмдау керек.

Инемен немесе басқа өткір құралмен жарақатталсаонда іс-әрекеттердін тізімі келесі.

1. Жарақатанған орынды сабынмен жуу.

2. Қан еркін жарақаттан ағу үшін жарақатты ағымды судын астында ұстау керек (бірнеше минут ұстау керек немесе қан қую тоқтамағанша).

3. Егер ағымды су болмаса онда жарақаттанған орынды дезинфицирленген гельмен немесе қол жууға арналған ерітіндімен өндеу.

Қатты әсер ететін құралдардықолданбау керек: спирт, ағартатын сұйықтар және йод, олар жарақат қабығының тітіркену мүмкін және жарақат жағдайын нашарлау мүмкін.

Жарақаттанған орынды сығуға немесе ұқалауғаболмайды.

Шаншудан кейін жарақаттан қанды соруғаболмайды.

Қан немесе басқа биологиялық сұйықтар шашыраған кезде іс-әрекеттердің тізімі келесі.

Жарақатталмаған теріге шашыру

1. Кір орынды тез жуу.

2. Ағымды су болмаса гельмен немесе қол жууға арналған ерітіндімен өндеу.

Қатты әсер ететін құралдардықолданбау керек: спирт, ағартатын сұйықтар және йод, олар жарақат қабығының тітіркену мүмкін және жарақат жағдайын нашарлау мүмкін.

Күшсіз құралдарды қолдануғаболмайды,мысалы 2 – 4% хлоргексидин глюконат ерітіндісі.

Жарақаттанған орынды сығуға немесе ұқалауғаболмайды.

Байлауышты тағуғаболмайды.

Көздерге шашыраса

1. Көзді сумен немесе физиологиялық ерітіндімен жуу керек. Басынды шалқайып отырып, әріптесті көзге суды немесе физиологиялық ерітіндіні қуюды сұрау керек, өйткені су немесе физиологиялық ерітінді ағып тұру керек және қабақтардын астына су барып тұру керек, ол үшін уақыт сайын оларды тарту керек.

2. Тазарту кезінде қыстырма линзаларды шешпеу керек, олар қорғау кедергіні құрады. Көздерді тазарғанан кейін қыстырма линзаларды шешіп өндеу керек; солан кейін олар қауіпсіз болып саналады және болашақта қолдануға болады.

Көздерді сабынмен немесе дезинфицирленген ерітіндімен тазалауға болмайды.

Ауызға шашыраса

1. Ауызға түскен сұйықты тез түкіріп тастау керек.

2. Ауызды жақсылап тұрып сумен немесе физиологиялық ерітіндімен шайқау керек және тағы түкіріп тастау керек.

3. Шайқауды бірнеше рет қайталау керек.

Тазарту үшін сабынды немесе дезинфицирленген ерітіндіні қолдануғабомайды.

2. Қатынаста болған адамдарға кеңес жүргізу

Тексерістен кейін медициналық қызметкер қауіпті тәртіпке, қатынас формаға және ҚКА қажеттілігіне қарамастан кеңес жүргізу керек. Осындай кеңес болашақта кездейсоқ қатынастардын қауіпін төмендетеді.

Кеңес жүргізуінде инфицирленген адаммен қатынаста болған адамдарға ҚКА бас тартуға құқығы бар екенін түсіндіреді. Егер ҚКА келіссе онда ол жазбаша түрде келісімді беру керек.

Сосын қажеттілігіне қарай ұсыныстарды береді:

· Жүктілікті болдырмау керек, баланы ана сүтімен емізбеу керек, ол үшін альтернативаларды іздеу керек;

· Қанды, тіндерді немесе шәһетті тапсырмау керек;

· Қатынаста болған адамның АИВ антиденелерге тест теріс болып дәлелденбегенше 6 ай бойы сексуалды қатынастарда мүшеқаптарды қолдану керек;

· Жұмыс орында кәсіптік қатынаста қауіп болса стандартты сақтық шараларды сақтау керек;

· Клиникалық және зерттеулік бақылауды жүргізу.

3. ҚКА көрсетілімдер жоқ болған кезде тактика

Кейбір ҚКА оқиғаларда АРВ дәрілердің қабылдауы керек емес. Ондай оқиғаларға жатады:

· Инфицирленген адаммен қатынаста болған адамға АИВ бұрын жұққан (ол құжаттармен дәлелдену керек);

· АИВ-пен қатынас созылмалы деп сипатталады (қатынастар эпизодикалық жүрмей, ретімен жүреді, мысалы, серодискордантты жұптарда тек қана бір серіктес АИВ инфицирленген), егер мүшеқаптармен сирек қолданса немесе ИЕҚ арасында бір шприцпен қолданса;

Келесі жағдайларда жұқтыру болмайды:

· Зақымдалмаған теріге зиян биологиялық сұйықтар тисе;

· Жыныс қатынаста жыртылып немесе шешіліп қалмаған мүшеқаппе