Апиын улану клиникасы

1 фаза: «келу» Қанға опиоидтар (опиаттар) түскеннен кейін 10–30 сек. пайда болады
• Қарыннан көтерілетін, белден жоғары жүретін жылу сезімі, ол жеңіл сипалағанның тер сезімі ретінде жүретін сияқты; • Беттің гиперемиясы; • Қарашықтын тарылуы (миоз); • Ауыз қуысында кеберсуін сезімі; бас жеңіл болып «қалады»; • Қуаныш сезімі, айқындалу сезімі пайда болады; • Сана сезімі тарылған, дене сезімдері жинақталған.
2 фаза: «нирвана», «кайф» Фазаның ұзақтығы 5 мин. Дейін («жаңа келгендермен» сезіледі)
• Көңілі жай қалып, жалқау рақаттануы, тыныш қимылсыз күй; • Масайып қалған әлсіздік, дене қоғалысы азайған; • Аяқ-қолдарда ауыр және жылу сезімі; • Қияланған қиялдар, олар бір бірінен ауысады; • Неше түрлі көріністер көріне бастайды; • Сыртқы қоздырғыштар басқаша қабылдана бастайды.
3 фаза
2-3 сағат бойы сергек ұйқы
4 фаза: «іс-әрекеттен кейін»
• Нашар көңіл күйі; • Бас ауруы; • Себепсіз мазасыздануы, кейбір кезде қобалжушылық, дерт; • Жүрек айнуы, бас айналуы; • Әлсіз қолдын, тілдің, қабақтын треморы.

Ауыр опиоидты улануын симптомдары:

- тыныстын қысымы,

- кома,

- өкпелердің ісінуі,

- қалшылдаған ұстамалы аурулар.

3.3 Апиын есірткілік дамуының сатылары.Ақапаратты блок (100 минут)

Есірткіні қайталау қабылдауы есірткіге патологиялық құштарлық болуына әсер етеді. Ретімен есірткіні қабылдаса абстинентті синдром көріністерсіз, бірақ қанағаттандыру сезімі болмаса ол аурудын I саты туралы куәландырады.

I саты (героин нашақорлықтың ұзақтығы1-4 ай)

1. Өзгертілген қайта белсендіру синдромы:

• Есірткінің физиологиялық әрекеті сақталынды (эйфория, үлкен дәреті болмауы, миоз, нәжістің көлемі азаюі, ұйқыны қандырмаған сезімсіз қысқа сергек ұйқы);

• Жүйелі қабылдау;

• Қышудың жойылуы;

• 3-5 есе жоғары төзімділіктің өсуі.

2. Психикалық тәуелділіктің синдромы:

• Обсессивті құштарлық;

• Уландыруда психикалық жайлылыққа тырысу.

II саты (ұзақтығы5-10 жыл).

1. . Өзгертілген қайта белсендіру синдромы (толық қалыптасқан):

• Масаюдің түрі өзгереді (есірткінің физиологиялық әрекеті жойылады: үлкен дәреті және нәжіс қалпына келеді, жөтелге қарсы әсер жоқ, нашақордың тәртібі өзгереді (инъекцияның алдында босаңқы, әлсіз, бірақ қабылдағаннан кейін сергек), бірақ МИОЗ сақталынады;

• Ретімен қабылдайды, жеке қабылдау қалыптастырады;

• Терапия дозаларға қарағанда төзімділік 100– 300 есе өседі, есірткіні қабылдау үзілістерде аз уақытта төмендейді.

2. Психикалық тәуелділіктің синдромы өз деңгейіне жетеді.

3. Дене тәуелділіктің синдромы:

• Компульсивті құштарлық астинентті синдромның құрылымына кіреді және уланудан тыс пайда болады;

• абстинентті синдром.

III саты (ұзақтығыкөбісі 2-ші сатыда қайтыс болады)

1. . Өзгертілген қайта белсендіру синдромы:

• қабылдау формасының реттілігі сақталынады;

• төзімділік бұрынғы дозадан 1/3 төмендейді;

• улану формасы өзгереді: есірткінің әрекеті тек қана ынталандырлы;

• жайлылыққа, дене тәуелділігінің көрсетіліміне жету үшін «жеткілікті доза» қажет (1/8 – 1/10 тұрақты дозадан);

• күніне есірткінің 3 – 5 қабылдауы керек.

2. Психикалық тәуелділіктің синдромы:

• есірткіні әрқашан қабылдағанда дене тәуелділіктің көрсетілімдермен басылған.

3. Дене тәуелділіктің синдромы;

• есірткілерді қабылдауын тоқтатқаннан кейін 1 күннің ішінде ауыр абстинентті синдром пайда болады (бірінші фаза – 4 – 5 сағаттан кейін).

4. Апиын улануымен созылмалы зардаптармен көрсетілген.

Апиын есірткілікте абстиненті синдромның (АС) клиникалық көрсетілімдер

Абстинентті синдромның көрсетілімдері есірткінің соңғы дозаны қабылдағаннан кейін 6 – 18 сағаттан көріне бастайды, олар қабылдаған опиоидтан байланысты (опиаттан). Опиоидты соңғы рет қабылдағаннан кейін 48 – 72 сағаттан максимальды дамуына жетеді, тағы абстинентті көріністердің ашық көрінуі мен ұзақтығы есірткі қабылдаушының осы кезде ем алып жүргенінен байланысты.

 

Апиын АС алғашқы симптомдары: Апиындардын АС арадағы симптомдары: Апиындардын АС кеш симптомдары: АС толық ұзақтығында апиындардын АС симптомдары:
Миалгия, жүрек айнуы, ринорея, көз жас ағуы Тершеңдік, қызба, дірілдеу, пиломоторлы реакция, ұйқының бұзылуы, бұлшық еттердің спазмдары (жиі аяқтарда – «тебінуі»), сүйектерде, буындарда шаншу. Құсу, іш өту, гипертензия, гипервентиляция   Мидриаз, қорқыныш, мазасыздануы, көз жас ағуы

3.4 Оқиғалық есептер(25 минут)

1 есеп. Трамвай аялдамада 17 жастағы есінен танып қалған жасөспірім жатыр. Тексеріс кезде: тынысы қысылған, қарашықтар «нүктелі», шаншу қоздырғыштарға шағылыспайды, брадикардия. Шынтақтын бүгілген жерде тамыр орналасқан бойы көп нығызданулар және ұсақ құйылулар бар. Жағдайды сипаттаныз.

1. Қандай симптомдардан үлкен есірткілік синдромы тұрады?

2. Өзгертілген қайта белсендіру синдромы қандай клиникалық симптомдардан тұрады?

3. Психикалық тәуелділік синдромы қандай клиникалық симптомдардан тұрады?

4. Дене тәуелділіктің синдромы қандай клиникалық симптомдардан тұрады?

2 есеп. Жедел жәрдем бригаданың дәрігері 23 жастағы науқаста треморды, қарашықтардын үлкеюін, тұмауды, жиі шүкіруін, жөтелді және көз жас ағуын байқайды. Науқас мазасыз, қорқып қалған, аяқ-қолдардын бұлшық еттерді ұқалауға тырысып отыр, аяқ-қолдардын буындарында созылатын шаншуларға, үлкен дәреттің өзгертуіне, ұйқыдан айырылғанына шағымданады. Тексеріс кезде шынтақтын бүгілген жерде тамыр орналасқан бойы көп нығызданулар. Абстинетті синдромның симптомдарын атаңыз.

3.5 Есірткі қабылдаушылардын емі.Ақпаратты блок (50 минут)

Есірткінің әртүрлі созылмалы және рецидивті аурулардын түрлері болғанымен олардын ем жүргізуінде бірнеше мақсаттар қойылған. Емінің негізгі мақсаты – ПБЗ қабылдауынан бас тартуы, ұстамдылық және сапалы ремиссияны құрастыру. Өкінішке орай, әлемдік тәжірибеде опиоидты тәуелділігінде ол 5 – 7% оқиғаларда кездеседі. Тағы емінің мақсаты рецидивтердің жиілігің қысқартуы және ұзақтығы болып табылады. Емінің мақсаты – көбінесе ем емес, ол ауруды басқару.

Ауруханалық ем:абстинентті, психикалық бұзылыстар, түйілуінің пайда болуының қауіпі, өз-өзіне қол жұмсаудын қылықтары, соматикалық асқынулар.

Амбулаторлық ем:тәуелділіктің емі.

Емінің үш кезеңді бөліп шығарады.

I кезең. Апиындық абстинентті синдромның емі, ұзақтығы 7 күннен аса емес.

· α – 2 адреномиметиктер: ҚҚ және АҚК (айналып жүретін қанның көлемі) бақылауында клонидин (клофелин) және оның аналогтар;

· ауыруды сездірпейтін дәрілер: стероидты емес ісінуге қарсы дәрілер, трамадол және т.б.;

· транквилизаторлар және ұйықтататын дәрілер: феназепам, диазепам, золомакс және т.б.;

· есірткіге патологиялық құштарлықты жоятын дәрілер – нейролептиктер;

· антиконвульсанттар: карбамазепин және т.б.;

· гепатопротекторлар: эссенциале, гепадиф және т.б.;

· антиаритмиялық дәрілер (пропранол), аналептиктер (никетамид) және т.б.

Препараттар және дозалар жеке жиналады.

Есірткінің жоғары дозаларда, абстинентті синдромның ауыр дәрежеде апиын рецепторлардын антагонистер қолданады (налоксон – 4 – 5 күн); плазмаферез, гемосорбция, дезинтоксикационды ем, су-электролиттік бұзылыстардын түзетуі.

Ем тиімділігінің критериі: психопатологиялық, соматоневрологиялық және вегетативті бұзылыстардын азаюі.

II кезең. Постабстинентті бұзылыстардын соматопсихикалық түзетуі (30 күнге дейін)

III кезең. Рецидивке қарсы ем (6 айдан астам емес)

· налтрексонмен алдын алу ем;

· психофармакотерапия;

· алмасу терапия;

· психотерапия.

Ем әсерінің нысаналары · Патологиялық құштарлыққа әсер етуі. · ПБЗ уытты әсерін жоюі (соматоневрологиялық бұзылыстар).  
Есірткі аурулардын емінің заманауи концепциясы (Н.Н. Иванец, 1988; В.В. Чирко, Кинкулькина, 2006)
Негізгі қағидалар · Еркіндік (ем алуына науқастын келісімі; дәрігердің міндеті – ем мақсатын құрастыру). · Кешенділік (медикаментозды, психотерапиялық және әлеуметтік бірігуінің әсерлері). · Жекелік (науқастын жекелік ерекшеліктерді, клиникалық көрсетілімдерді, тұлғаның ерекшеліктерді, микроәлеуметтік айналасуын есептеуімен). · ПБЗ қабылдауынан бас тарту.  
Терапиялық әсерінің деңгейлері · Биологиялық (соматоневрологиялық бұзылыстарды емдеу);   · клиникалық (мінезтану өзгерістерге әсер ету және интеллектуалды-мнестикалық төмендеуі);   · әлеуметтік (науқастын пайда болған әлеуметтік дезадаптациясына бағытталған әсер).  
Түрлері, әдістер және құралдар · Биологиялық бағытталған әсер; · Психотерапиялық бағытталған әсер; · Әлеуметтік бағытталған әсер.  

 

 


Кешенділік тәсілде маңызды ем әдістердің бірі психофармакотерапиямен қоса психотерапия болып табылады, оны жедел абстинентті синдромды жойылғаннан кейін пайдалана бастайды.

Альтернативті ем әдістердің бірі метадонмен алмасу ем болып табылады.

Қазақстан Республикасында метадорнмен алмасу ем енгізуінің тиімділігі мен қажеттілігі туралы ғалымдардын және қоғам арасында пікірлер бөлінді және қазіргі уақытқа дейін бір ойға келген жоқ. Жоғарыда көрсетілген ем әр постсоветті мемлекеттерде қабылданған жоқ.

3.6 Алмасу терапия.Ақпаратты блок (50 минут)

Алмасу терапия белгілі терапияның мақсаттарға жету үшін осы тәуелділікті қоздырған фармакологиялық қасиеттерге жақын болғанымен дәрігермен тағайындаған психобелсенді заттекті психобелсенді заттектен тәуелді адамдарға (медициналық бақылауымен) қабылдау үшін ұсынылған.

Алмасу препарат – дәрілік заттек, апиын агонистің қасиеті бар. Ол толық апиын агонист болу мүмкін – метадон немесе ішінара агонист – бупренорфин (ДДҰ анықтамасы factsheet).

Қазақстанда алмасу терапия үшін тек қана метадон қолданылады.

Қазақстан Республикасында алмасу терапия енгізуінің тарихы

ҚР АИВ-инфекцияның жаңа оқиғалары 1997 жылда Қарағанды облысының Темиртау қаласында пайда болған, сол кезде инелік есірткі қабылдаушылардын арасында 354 АИВ-инфекцияның жаңа оқиғалары анықталды, сонымен қатар 1999 жылда алмасу терапия бойынша пилотты жоба енгізілген. Келешекте бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен 8 желтоқсанда 2005 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрдің № 609 бұйрығы жарыққа шықты «Апиын алмасу терапияның енгізу туралы», «Контигентті жинақтаудын критериялары және метадон терапияны тағайындау үшін көрсетілімдер» бекітілген. АИВ-инфекциямен 50 есірткі қабылдаушыларға ААТ бойынша жоба Павлодарда, Темиртауда, Өскеменде жүргізілді. Келешекте ҚР Денсаулық сақтау министрдің21 тамыз айында 2002 жылы № 791 шыққан бұрығымен алмасу терапия бойыншапилотты жобалар Павлодарда және Қарағандыда енгізілген. Келешекте 8 желтоқсанда 2005 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрдің № 609 бұйрығы жарыққа шықты «Апиын алмасу терапияның енгізу туралы», оның ішінде қосымша метадон терапияны тағайындау үшін көрсетілімдер бекітілген.

2011-2015 жж. «Саламатты Қазақстан» шаралардын жоспарын жүзеге асыру шектеуінде АИВ-инфекцияның таралуын ескерту және ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күресу үшін Глобальдық қор грантын жүзеге асыру мақсатымен 04.10.2012 ж. № 691 бұйрық «Қазақстан Республикасында апиын алмасу терапияның қол жетілімдігін кеңейту туралы» шықты, Денсаулық сақтау м.а. министрің 1 қараша айынан 2012 ж. ААТ енгізу бойынша Қазақстанның тағы 7 қаласында келесі наркологиялық диспансерлердің базасында: Ақтобеде, Қарагандыда, Қостанайда, Семейде, Таразда, Оралда, Экибастузде ашылды.

Медикаментозды емдің мақсаттары

• Абстинентті симптомдарын жою немесе төмендету.

• Есірткелерге құштарлығын жою немесе төмендету.

• Үйренген есірткіні қабылдауында рецидивті жою.

• Есірткі тәуелділігімен бұзылған әр қайсы психологиялық функциясын қалыпты жағдайға келтіру.

Алмасу терапияның түрлері (factsheet)

1. Детоксикация:

· Қысқа мерзімді детоксикация: дозаларды 1 айдын ішінде төмендетеді;

· Ұзақ мерзімді детоксикация: дозаларды 1 айдан астам төмендетеді.

2. Қысқа мерзімді алмасу қолдаушы терапия (АҚТ): 6 айға дейін опиат агонисттің әдетті дозалармен емдеу.

3. Ұзақ мерзімді АҚТ: 6 айдан астам опиат агонисттің әдетті дозалармен емдеу.

Метадон терапияны тағайындау үшін көрсетілімдер

1. 18 жастан кіші емес.

2. Метадон терапия тек қана героиннан моноесірткі тәуелділігімен адамдарда ғана қолданылу керек.

3. Апиын қабылдауы үш жылдан астам емес болу керек.

4. Науқас тұрақты елді мекенде тұру керек, ол сол жерде метадон терапиясын алады.

5. Науқас бағдарламада қатысуына жасырын емес түрде ақпаратты келісімді беру керек.

6. Науқас мезгіл сайын зәр талдауын тапсыру керек, өйткені зәрде героинның және апиынның іздері болмау керек.

7. Наркологиялық диспансерінің аурухананың жағдайларда екі жарамсыз детоксикациядан өтуі (осы критерий АИВ/ЖИТС өмір сүретін адамдарға маңызды емес).

Егер есірткі тәуелді адамды алмасу терапияға енгізуге көрсетілімдер болса онда науқасты ең алдымен зерттеу керек: жалпы қан талдауы; қанның биохимиялық талдауы; микрореакция; АИВ; В және С гепатиттердің антиденелеріне қан тапсыру, ЭКГ; ФГ.

Метадонды дозалау тәртібі

1. Нұсқаланған метадонның алғашқы дозасы 30 мг.

2. Оңтайлы дозаға дейін дозаны жорғарлату.

3. Бірінші күндерде күніне 30 мг бастап 10 мг дейін (5 мг/к) оңтайлы дозаға дейін.

4. Орташа доза 100 мг/к (кейбір науқастарға аз керек, кейбіреулерге көп керек).

5. Дозаны төмендеткенде аз-аздап төмендету керек (мысалы 0,2 мг әр 2 айда). Есінде сақтаныз: оңтайлы дозаны беру керек!

 

Метадонмен емдеген кезде ең жиі таралған жағымсыз әсерлер:

• брадипноэ, тыныс орталықтын сал ауруы;

тершеңдік:

• обстипация;

• дене салмағының жоғарлауы;

• QT интервалдын үлкеюі;

• Басқа препараттармен

әрекеттесуі.

 

3.7 Оқытушының басқаруымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар(125 минут)

«Метадон қолайлы терапияның жағымсыз және жағымды тағайындаудын аспектілері» тақырып бойынша пікір-сайыс жүргізу. «Метадон – алмасу терапияның препараты» тақырып бойынша баяндама немесе презентацияны дайындау. Ескертудің мәліметің қолданыз.

Героин есірткімен науқаста абстинентті сидромның симптомдар көрсетілген оқиғалық есепті құрастырыныз.

«Героин есірткімен емінде жүргізілетін психотерапия» тақырып бойынша баяндама немесе презентацияны дайынданыз.

Бақылау сұрақтары

1. Науқастардын қандай профильдар бар?

2. Адам ағзасына апиындер қалай әсер етеді?

3. Артық дозалаудын қандай симптомдарын білесіз?

4. Апиын есірткінің қандай симптомдарын білесіз?

6. Абстинентті синдромның қандай алғашқы көрсетілімдерді білесіз?

7. Абстинентті синдромның қандай арадағы көрсетілімдерді білесіз?

8. Абстинентті синдромның қандай кеш көрсетілімдерді білесіз?

9. Абстинентті синдромның толық ұзақтығында жүретін қандай көрсетілімдерді білесіз?

10. Апиын есірткіліктің симптомдарын және синдромдарын атаныз?

11. Алмасу терапияға анықтама берініз?

12. ҚР алмасу терапия үшін қандай препарат қолданылады?

13. ҚР алмасу терапия қандай себебімен енгізілді?

14. Алмасу терапияның мақсаттары туралы айтыныз.

15. алмасу терапияның қандай түрлерін білесіз?

16. Алмасу терапияның жағымсыз әсерлер?

 

 

4 САБАҚ

Психиатрияда және наркологияда коморбидность. Тәуелді тәртіп

4.1 Екі диагнозбен науқастарға көмекті бөлу бойынша директива.Ақпаратты блок (25 минут)

Есірткі тәуелділігімен және психикалық бұзылыстармен қоса адамдар көмек алу үрдісінде жиі қиындықтармен кездеседі. Егер науқастарда екі немесе одан аса аурулар/бұзылыстар болса онда көмек көрсету қиын болады. Адекватты диагностиканың тәсілі және кезеңі жақсартылу қажет, бірақ көбінесе бұзылыстарды кеш анықтайды. Сондықтан бұзылыстардын ағымы және мүмкінді зардаптары жағымды нәтижелерге келтірмейді.

Заманауи клиникаларда ем алып жүрген екі диагнозбен науқастардын маңызды факторларды анықтайды, яғни әртүрлі пәндер қосылғанда, олар ұзақ уақыт бойы қадам бойынша қалай тәуелділік және психикалық бұзылыс бір-бірімен байланысатыны зерттейді. 10.2 сүретте осы талдауға қандай компоненттер кіретінің сызбада көрсетілген.

Психикалық денсаулық қызметінің ОМҚ науқастарды емдеу және күту кезінде емделіп кеткен науқастар бұрынғы ортаға түскен кезде бұрынғы әдеттерге және тәртіпке қайта оралу мүмкін екендігін ұмытпау керек. Әр науқасты жеке күткен кезде мейірбикелердің барлық командасы мүмкінді шектеулерді бекіту керек және оларды жеке ем жоспарында мен сырқаттамада тіркеу керек.

Ең үлкен мағына науқастардын қатты құштарлығы (craving) болып табылады, науқас онымен жеке күресе алмайды. ОМҚ оны көріп және осы мәселені талқылау керек және қажет болған кезде науқастын когнитивты функцияларды қалыпта ұстау үшін науқасты қолдап дәрілерді ұсыну керек. Сонымен қатар, әр науқасқа жеке тәсіл болу керек. Науқастын жалпы жағдайына қарай оның тәуелділігің қалай шешуге болатының ойластыру керек. Мысалы, мәселені шешкен кезде науқас есірткілерді тоқтату керек па әлде есірткілердің қабылдауын стабилизациялау керек па деп ойластыру керек, науқастын тілектері немесе олардын жоқтығы маңызды болып табылады.

 

Екі диагнозбен науқастарға көмекті бөлу бойынша директива

    Есірткі заттектердің қабылдауы төмен Есірткі заттектердің қабылдауы жоғары
Психикалық бұзылыстардын дәрежесі орташа Амбулаторлық көмек: психикалық денсаулықтын қызметі немесе наркологиялық қызметі, наркологиялық қызмет арқылы есірткі заттектерді қабылдау бойынша мүмкінді кеңес жүргізуі. Наркологиялық клиникасы: детоксикация, сосын психикалық денсаулықтын қызметі арқылы амбулаторлық көмек.
ауыр Психикалық денсаулық қызметтің клиникалық көмек, наркологиялық қызмет арқылы есірткі заттектерді қабылдау бойынша мүмкінді кеңес жүргізуі. Екі диагнозбен науқастарға қызмет көрсететін клиникаға ұзақ жатқызу, наркологиялық қызмет жағынан ұзақ күтуі.

4.2 Аффективты бұзылыстар және тәуелділік.Ақпаратты блок (100 минут)

Аффективты бұзылыстар – эмоционалды салада бұзылыстармен байланысқан психикалық бұзылыс топтын жалпы атауы және бірнеше диагноздарды біріктіреді – торығу, дистимия, I және II түрлердің қос полярлық бұзылыстар және циклотимия.

Өмір бойы дистимияның таралуы 6%, қос полярлық бұзылыстардын – 4 – 6%, циклотимия – 0,4 – 1% болып саналады. Дистимия және циклотимия алғашқы рет жасөспірім кезінде пайда болады. Қос полярлық бұзылыс жасөспірімдердің жастын және 30 жастын арасындағы кезеңде жүреді (Dengler, 2001 ж.). Дистимия көңілінің созылмалы өзгертуімен сипатталады, ол екі жылдан астам байқалады және ол торығу критерияларға сирек сәйкес келеді. Циклотимия көңіл өзгертудің тұрақты кезеңімен (минимум 2 жыл) сипатталады, олар манияның немесе торығудын толық критерияларға сәйкес келмейді (WHO, 1990 ж.).

I және II түрінің биполярлы бұзылыс

DSM-IV жіктеу қос полярлық бұзылыстын I және II түрлерін бөліп шығарады. Қос полярлық I түрінде науқаста манияның эпизодтары байқалады, бірақ гипоманияның, мәңгітудің және аралас эпизодтар байқалу мүмкін.

ПБЗ қабылдаудын және қос полярлық бұзылыстардын арасында себепті байланысты орнатуға қиын, бірақ қос полярлық науқастардын популяциясында кейбір адамдарда ПБЗ қабылдауға жоғары күдіктілігі байқалады, екі бұзылыста жалпы маңызды фактор бар, ал ПБЗ қабылдауы маниакальды және торығу эпизодтарға үшін бастапқы фактор ретінде болу мүмкін (Ontwikkelcentrum Kwaliteit en Innovatie van Zorg, 2003 ж.).

Қос полярлық бұзылыстарда спирт ішімдік тәуелділіктің және оның жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігі жоғары болады (Schmidt e.a., 2006 г.). Кокаин қабылдауы бірнеше рет қос полярлық бұзылыстармен байланысқан. АҚШ жүргізілген бірнеше зерттеулерде наркологиялық көмек алуға келген адамдардан коморбидты қос полярлық бұзылысы 20% кокаин қабылдайтын адамдарда байқалған (Gold, 1997 ж.).

Емінің мақсаты – редукция және қос полярлық бұзылыстын жедел симптомдардын толық жоюі және ПБЗ қабылдаудын рецидивтардын алдын алуы.

Әлеуметті терапиялық интервенцияларға бөлімшедегі (күндізгі стационармен қоса) терапиялық ортаны сақтауынан басқа отбасыдағы мүшелерді, жұмыстағы жақын айналуын, науқастын әлеуметтік жүйені терапия үрдісіне қатыстыруы және науқасты үйде қолдауымен және оны еңбек қызметіне қайта оралуымен байланысқан, осында наркоқызмет нақты оқиғаларда делдал рөлін атқарады.

Торығу және тәуелділік.Торығу кең таралған және ол тағы ПБЗ қабылдамайтын адамдарда кездеседі. Егер торығуның таралуын тәуелділікпен қоса алсақ, онда Нидерланд зерттеулердің мәліметтер бойынша Нидерланд жалпы халықтын арасында психикалық денсаулықтын және аурулардын жағдайларда NEMESIS (Nederlands Mental Health Survey and Incidence Study) 43% ер адамдар және 15% әйел адамдар өмір бойы ПБЗ қабылдауымен байланысқан көңіл бұзылуымен кездескен (Vollebergh, 2003 ж.). Әйелдер көңіл бұзылуымен жиі кездеседі, бірақ ер адамдардын арасында ПБЗ қабылдауымен байланысқан жалғаспалы бұзылыстар болуына мүмкіндігі көп. Miller және Tonigan (1996 ж.) өз зерттеуде наркологиялық қызметінде 6000 науқастын мәліметінде 44% зерттеу кезінде немесе одан бұрын торығу бұзылыстармен ауырды.

Коморбидты торығу еміне бағытталған психиатриялық кеңестермен және тәжірибемен ПБЗ қабылдауын төмендету мақсатымен наркологиялық интервенциялардын тығыз әрекеттесуі ұсынылған (Smeerdijk & Kuiper, 2008 ж.; Schmidt e.a., 2006 ж.).

Назардын мен гипербелсенділіктің тапшалық синдромы (НГТС) және тәуелділік

НГТС диагнозды жиі тәуелділікпен адамдарға қойылады. Осы адам категорияда адекватты ем жүргізу үшін оларда осы бұзылысты анықтауға маңыз. Осы диагнозды қоюға қиын, өйткені оны көбінесе кеш қояды. Оның басқа себебі – НГТС симптомдар көбінесе басқа бұзылыстын симптомдарға ұқсайды, мысалы, торығуға немесе шекаралық жеке тұлғаның бұзылысқа. Сонымен қатар, егер ПБЗ қабылдаса осы симптомдар көрінбеу мүмкін. DSM-IV жіктеуге сәйкес НГТС симптомдары гипербелсенділік, назар тапшылығы, ырықсыздық, шырық бұзушылық, эмоциональды тұрақсыздық болып табылады, осы симптомдар балалық шақтан басталады және созылмалы түрде өтеді.

Қорқынышты бұзылыстар және тәуелділік

ХАЖ-10 және DSM-IV аурулардын үлкен спектрі жатады. DSM-IV олар келесі түрде бөлінеді:

• жедел мәңгіту бұзылыс;

• агорафобия (үрейлі бұзылыстын тарихсыз);

• соматикалық аурумен байланысты қорқынышты бұзылыс;

• жайылмалы қорқыныш бұзылысы;

• обсессивті-компульсивті бұзылыс;

• үрейлі бұзылыс (агорафобиямен және агорафобиясыз);

• посттравматикуалық мәңгіту бұзылысы (ПТМБ);

• өзгешелік фобиялар;

• әлеуметтік фобия;

• спирт ішімдікпен немесе есіркімен байланысқан мәңгіту бұзылысы;

• белгісіз мәңгіту бұзылыс (қалған топтар).

Үйрелі бұзылыс, жайылмалы қорқыныш бұзылыс және фобиялардын тобы ең жиі таралған болып табылады.

Тәуелділік, шизофрения және басқа психоздар.ПБЗ қабылдауымен байланысқан психотикалық бұзылыстар ол сирек кездесетін жағдай, бірақ сапалы статистиканы осы жайлы алуға өте қиын. Бар бағалау бойынша ауыр және ұзақ шизофрения сияқты психикалық бұзылыстармен адамдардын жартысы спирт ішімдіктерді немесе есірткіні қабылдайды. Көбінесе ол спирт ішімдік және сора қабылдау туралы айтылған.

Есірткілер, психофармакотерапиялық препараттар және антипсихотиктар мидын бір бөлімдерге әсер етеді. Сондықтан, есірткілерді және дәрілерді таңдау өте қиын болып саналады.

Психотикалық бұзылысты ПБЗ зиян келтіре қабылдауымен емінің алдында теорияның пікіріне сәйкес барлық «жақтаушы жағдайларды» және «қарсылық жағдайларды» шешу керек. ПБЗ қабылдаудын тоқтатуы психикалық себептерге жалпы жағымды әсер етеді (Ven der Stel, 2005 г.).

Жеке тұлғаның бұзылыстары және тәуелділік.Жеке тұлға бұзылыстардын және тәуелдіктің арасында күрделі байланыс бар.Мысалы, олардын симптомдары жиі бір-біріне ұқсайды.

Қалай жеке тұлға бұзылыстар және есірткі тәуелділік бір-біріне келу мүмкін екенін бірнеше теориялар бар.

1. Тәуелділікті қалыптастыру үшін белгілі тұлға күдікті болу мүмкін. Тәелді тұлғаның ерекше түрі әлі анықталған жоқ, бірақ ырықсыздық және экстравертті темперамент тұлғаның есірткі тәуелділігіне жоғары сезімталдығымен әсер ету мүмкін.

2. Есірткі заттектерді қабылдауы тұлға бұзылыстын даму механизімін «бастауына» мүмкіндік береді: есірткі заттектердің әсері өз бетімен қылықтарды өзгертеді, сондай әсер тәуелдікте де бар. Жеке тұлға егер ұрлауға үйренсу, онда ол әдетке айналу мүмкін, есірткі керек болмаса да сонда да ұрлай береді.

3. Екі бұзылыс жалпы фактордын негізінде пайда болу мүмкін. Антиәлеуметтік және тұлғаның шектес бұзылысы есірткі тәуелділікпен бірге жүреді, екі бұзылыстарда диагноздын маңызды бөлігі есірткі қабылдауы болып табылады. Мына жерде, тұқым қуалайтын факторлардын әрекеттесу және ортаның әсері туралы айтылған.

4.3 Тәуелд і тәртіп. Тәуелді тәртіп дегеніміз не?Ақпаратты блок (50 минут)

«Психиатриядағы және наркологиядағы коморбидность» кітаптан алынған.Авторлар: Арди Хюлсхоф (редактор), Крис Лот, Элс Норландер, Элке Силвестер, Майке ван Гох және Лике Кнапен.

«Егер тұлға бұзылыстармен науқастардын тәртібі есірткі тәуелділігімен науқастардын тәртібімен ұқсас болса, онда осы тәуелді тәртіп не ұсынатынды қарастырайық».

Тәуелді тәртіп келесі дерекпен шарттасылған: ауыр тәуелділігімен инвидуумның қажеттіліктері тәуелділіксіз индивидууммен салыстырғанда айрықша. Нәтижеде есірткі қабылдауы өмірдің мақсаты болып саналады, ол қоғамда жұмыс істеуінен, жайлылықтан, денсаулықтан немесе басқа адамдармен қарым-қатынастардан өте маңызды болады. Тәуелділік мидағы құштарлық орталығын түгел басып алады. Тек есірткі қабылдауы жан жарасымын бүлдіру мүмкін; басқа қоздырғыштар сол жағдайға келтіре алмайды немесе аз мөлшерде келтіреді. Тұлғаның есірткі тәуелділігінен қажеттіліктері оның айналасынан айырылады және мағызды зардаптар бар. Есірткіні таба алмай жүрген тәуелді индивидуум өте қатты оны тілейді, сахарадағы су тілеп жүрген жолаушы сияқты.

Егер өнерді жақсы көретін адамның қарыны аш болса, онда ол мұражайға бармайды; егер оның үстелінде нан тұрса ол қызығушылықпен мұражайға барады. Егер тәуелді индивидуум есірткіні таба алмаса ол басқарусыз болып табылады, өйткені ол есірткіні алу үшін барлық істерді жасайды. Бірақ ол қанағаттандырылды ма, ол белгісіз? Ол туралы көп айтуға және бәсекелесуге болады. Сондықтан есірткі тәуелділігімен адамдар болжап болмайды. Маскүнем-ата-аналардын балаларынан сұраныз: ана мейірімді және ашық болатын, бір кезде басқыншылықты және басқарусыз болып кетті. Есірткі қабылдайтын ата-аналардын балаларынан сұраныз: егер балада героин жеткілікті болса, онда ол мейірімді және көпшіл болып өз анасы үшін барлығын істейтін. Бірақ егер героин болмаса, онда олар сор болатын!

Ван Эпен (2002 ж.) тәуелді тәртіптің бірнеше симптомдарын атайды: өтірік, басқа адамдарды алдап ұстау, жауапкершілікті мойындамау, және есірткі қабылдаушыларда қылмыс іс тараған. Егер есірткі қабылдаушыға өміріне зиян болса, ол сонда да есірткіні қабылдап жүреді. Осындай тәртіп есірткі заттектерден тәуелді болы саналмайды: героин қабылдайтын және мүшеқаптарды қолданбайтын жезөкше, шылым шегуді жалғастыратын эмфиземаның жеңіл түрімен науқас өз өмірлерді бағаламай, өз әдеттерін өмірден жоғары санайды. Олардын жағдайлары әртүрлі, шылым шегетін адамға, темекіні сатып алу үшін басқа адамдар керек емес және басқа адамдармен қатынастар бұзылмайды. Спирт ішімдікке тәуелді адам спирт ішімдігін өзі сатып алады, бірақ еңбек қабілетіне ол зиян келтіру мүмкін және айналада жүретін адамдар оны спирт ішімдікті қабылдаудан сақтауға күреседі. Нәтижесінде маскүнем өзіне спирт ішімдігін сатып алу үшін неше түрлі істерді істеу мүмкін. Басқа адамдарды ол спирт ішімдікті қабылдаудын арасында болған кедергі ретінде санайды. Басқа адамдардын эмоционалды қажеттіліктер оған керек емес – ол осы түрімен тұлғаның антиәлеуметтік бұзылыстын симптомдарын көрсетеді. Осы оқиға есірткі қабылдаушыларда өте шиеленіс түрінде өтеді, өйткені апиын және кокаин қабылдаушылар, есірткілердің қымбат баға болғанымен, оларды әлеуметтік қол жетілімді түрімен сатып ала алмайды. Сол кесірінен антиәлеуметтік тәртіптің көрсетілімдер көріне бастайды: ұрлық, қарыздар және т.б. есірткі қабылдаушы есірткіні көп қабылдауға және юстиция органдардын өкілдермен аз кездесуге тырысады. Сондай жағдайға келтіру үшін ол ақшаны, тұрып жатқан үйді және есірткіні араласады. Есірткі қабылдаушы ешқашан шындықты айтпайды: ол аз қиындығымен көп мөлшерде есірткіні алғысы келеді.

Есірткі тәуелділігімен адам өз жауапты ата-аналардын, серіктестердің және мейірбикелердің мойына іледі. Сосын ол жергілікті және ұлттық саясаттын мойына іледі. Осы жағдай «Тек қана егер...» деп атайық. Осындай мысалдарды көп келтіруге болады. Әр медициналық қызметке таныс: «егер мен науқасқа жұмысты (немесе үйді немесе клиниканы немесе жәрдемақыны) табай алсам, онда барлығы жақсы болатын еді». Үлкен күштерді салғанымен , науқас бәрі-бір барлығын бұзады, өйткені жұмысқа, үйге немесе клиникаға қарағанда оған героин маңызды болып табылады.

Науқасты осындай тәртіпте қиын кіналауға, өйткені тәуелділік маңызды бөлім болып саналады. Әлем туралы өтірік ұсыныстар болғанымен шизофрениямен ауратын адамды қиын кіналауға, сол сияқтыалдып жүрген қылықтармен есірткі тәуелділігімен науқасты біз кінала алмаймыз.

Әр тәуелді науқаста өз трагедиясы бар: спирт ішімдігі үшін барлығына барған безек қағуымен маскүнем спирт ішімдіксіз өмір сүре алмайды; есірткі үшін барлығын істеген есірткі қабылдаушы жаңа өмір бастайын десе, оған ешкім көмектеспейді; ем алған тәуелді адам қалыпты өмірді бастағысы келсе, ол ешкімге керек емес екенінді көреді; немесе ұзақ жыл бойы антиәлеуметтік тәртіппен үдемелі аурулармен және торығумен кәрі созылмалы тәуелділікпен есірткі қабылдаушы далада өмір сүре алмайды.

Өз тәуелді тәртіпті өзгертуге бола ма? Бірақ есірткі тәуелділігімен науқастар ем алғаннан кейін дұрыс өмір сүре алады деп айту мүмкін. Күнделікті тәжірибеде күдіктер болмайды:, егер осы оқиғаға дұрыс назар аударылса, онда оны женуге болады. Медициналық қызметкерлер есірткі тәуелділігімен науқастарды түсіну керек және оларға сәйкес көңіл аудару керек.

Тәуелді тәртіпті басқаратын тәртіпте тағы екі фактор бар: қай жастан науқас есірткіні қабылдауды бастады және сол кезде үйренген әлеуметтік дағдылар. Эмоционалды және әлеуметтік даму тәуелділікті бекітеді. Тәуелді адамда жаңа нәрсені оқуға қажеттілігі жоқ, ол тек қана қалай есірткіні немесе спирт ішімдікті табуға болатынды ойлайды. Егер жасөспірім кезінде тәуелділік болса, онда даму осы деңгейде қалады. Онбес жастағы және он алты жастағы жасөспірімдер үлкен адамдар ретінде сана алмайды; олар жеті жастан кейін ересек адамдар ретінде саналады. Жас тәуелді адамдар осы жаста үйрене бастайды: өз-өзінді қалай түсінуге болатынды, басқалармен қалай қатынастарды құрастыруға болатынды, әлеуметтік құрылымдар қалай құрастырылған және жауапкершілік пен тағы басқа туралы түсіне бастайды. 40 жастағы және одан үлкен ересек адамдар өмірге жасөспірім ретінде қарайды, олар өз эгоцентризмді көрсетеді және тек қана өз қажеттііктерді қанағаттандырады. Ол мінездің белгісі болу мүмкін және ол білмегендігінде мен түсінбегендігінде негізделеді. Егер осындай адамдар дұрыс адам ретінде қоғамда жұмыс істегісі келсе, онда оларға қосымша қолдау және ақпарат қажет болады. Осы мәселе спирт ішімдікпен адамдарға аса маңызды емес, өйткені олар кеш тәуелді болады. Тәуелді болмай тұрып спирт ішімдік тәуелдігімен адамдардын көбісінде отбасы, білім, жұмыс болды. Сондықтан олар жақсы біледі қалай қалыпты өмір орналасқан. Олар жұмыс істей алмайды, бірақ қалай істеуге керек екенін олар біледі.

Екінші фактор науқастын тәжірибемен байланысқан, оны ол тәуелділік кезінде алды. Осы тәжірибе болашақ тәртіп үшін белгілі болу мүмкін. Спирт ішімдік тәуелділігімен алам көмекке келугенше он жыл өту мүмкін. Осы уақытта ол барлығын және барлық адамдарды жұмсады, аяғында одан барлықтары көмектеспей кетті. Спирт ішімдік тәуелділікпен адамдардын көбісі өз-өзіні тастаған адам ретінде санайды және олар жақында жүрген адамдарға ашуланып жүреді. Егер осы шиеленістерге назар аудармасақ, емінің жағымды әсері болмау мүмкін.

Есірткі тәуелділікпен науқас спирт ішімдік тәуелділігімен науқасқа қарағанда ұзақ уақыт қабылдамай бірінші көмек алуға тез келеді. Бірақ осындай науқасқа ем көп уақыт жүргізіледі және ол жағымды нәтижелерге жете алмайды. Осы уақытқа дейін ол қосалқы мәдениетте «әр қайсы өз үшін» ұранымен өмір сүрген. Ол бірнеше рет антиәлеуметтік тәртіпті көрсеткен, сонымен қатар оны да қолданды, ұрды және тастап кетіп жүрді. Мүмкін ол өз қырық жасында 25 жыл антиәлеуметтік қосалқы мәдениетте және бірінші 15 жыл қалыпты ортада өмір сүрген шығар. Тек осы дерек қана өмірге және ортаға назарын қалыптастырады. Ем алған кейбір науқастар үлкен қиындықтармен кездеседі – өмірге параноидті көз қарасымен қарай береді.

Есірткі тәуелділік науқастармен жұмыс істеу қиын. Науқаста емге және наркологиялық көмекке өз көз қарасы бар екенін түсінуге қиын. Қазіргі кезде тәуелділік ол торығу сияқты психиатриялық ауру деп айта береді, тәуелділікте өз ремиссиялар және рецидивтар болады. Эпидемиологиялық және фармакологиялық жағынан қарағанда ол дұрыс, бірақ ол күнделікті тәртіп болғанымен олай айта алмаймыз. Ешкім қатты торығу жағдайға келгісі келмейді, ешкім медициналық қызметтерді жұмсағысы келмейді және қайта торығу жағдайға оралуға келмейді. Есірткі тәуелдігімен адамнан басқа. Егер медициналық қызметкер науқас есірткіні қабылдамауға тырысса, науқас өз бетімен барлық жағдайын қабылдауға үшін жасап тұрады. Олар бір-бірін көбінесе түсінбейді.

Бірақ есірткі тәуелдігімен жұмыс істеу үмітсіз деп айта алмаймыз. Алдап жүрген қылықтармен есірткі тәуелдігімен науқасты елестеушіліктерді көретін шизофрениямен ауратын науқасты кіналауға болмайды. Ол осы себептің ажыратай алматын бөлігі ретінде саналады және медициналық қызметкерлер оған кәсіби жағынан келу керек. Науқасты қинамау керек, ол бір кезде сіз оның мазасын алмау үшін сізбен және ұсынылған жоспармен келіседі, бірақ ол жағымды нәтижелерге келтірмейді. Алдап тұрған науқастын қылықтарын көңіл бөлмеу керек, тек оның нақты іс-әрекеттерге назар аудару керек.

Өз ойында жағымды жоспарларды құрмау керек, тек қана науқастын қажеттіліктерге назар аудару керек. Сонымен қатар, медициналық қызметкер тек науқастын тек қана бір тілегін ұмытпау керек – ол есірткілерді қабылдауын жалғастырады. Соған қарай емді қарастыру керек. Есірткі тәуелділікпен науқастар уақыт өткеннен соң өз-өзінді қиын ұстайды, өйткені оларда тәуелділік психикалық бұзылыспен байланысқан. ол ғылыми зерттеулермен дәлелденген. Бірақ бір немесе бес жылдан кейін жағдай жақсаралмайды, оны жақсарту үшін он бес-жиырма жыл керек болу мүмкін. Басқа сөзбен айтқанда есірткі тәуелділікпен науқастарды емдеген кезде ұзақ уақыт кетеді.   Тәжірибеден алынған оқиға: ізгі ниетпен сәтсіздікке ұшырған. Метадон бағдарлама шектеуінде әйел адам-науқастарды тігін машінемен тігуге үйретті. Метадонды таратқан кезде олар энтузиазммен қабылдады, олар өзіне, балалар және отбасы үшін сәнді киім тіккісі келді. Оларды үйрету күнді белгіледі. Бірақ белгіленген күнде сол әйелдерден ешкім келген жоқ. Бақытқа орай қымбат тігін машінелер сатып алынған жоқ.

Науқас уақыт сайын және өз мақсаттарға қарай кәсіпқорды алдау мүмкін екенін білу қажет. Егер медициналық қызметкер есірткі тәуелділікпен науқастын алдамшы қылықтарына түспесе, онда ол кәсіптік дағдыларды жойды. Жақсы ниетпен адамдар есірткі тәуелділікпен адамдарға жан ашиды. Ол негізі солай болу керек және оған жақсы көңілмен қарау керек. Ваянт жеке тұлға бұзылыстармен науқастарға қатынастарды көрсетті: өнердің мәні ол түсінуің, көңіл білдіруін, күтімді көрсете білу, бірақ өз мойына жауапты алмау керек. Соңғы жылдарда есірткі тәуелдігімен адамдардын жауабын өз мойына ілетін болды, ол әдетке оралып кетті. Ол қоғам тәртіпті бұзылуымен байланысқан болатын, кейін ол медициналық қызметтерге ауысты.

Осындай саясат қоғамнан тәуелді адамды еркінсіз жоюға және еріксіз емге келтірді. Қоғамдық тәртіп бұзылуымен байланысқан мәселеге осы тәсіл жемісті болды: кім қоғамнан оқшауланды, сол қоғамдық тәртіпті бұзбайды. Осындай тәсіл есірткі тәуелдігімен науқасқа, оның саулыққа және денсаулығына жағымды әсер ете ме болашақ көрсетеді».

4.4 Оқытушының басқаруымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар(150 минут)

4.3 бөлімнің мәліметін қолдануымен «Өз денсаулық үшін менің ынтымақтастық түсінігім» тақырып бойынша пікір-сайысты жүргізініз.

3 МОДУЛЬГЕ ОҚУТЫШЫҒА АРНАЛҒАН БЕЛГІЛЕР

1.7 Оқытушының басқаруымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардын критериялары– ХАЖ-10 бойынша орындаған тапсырманың негізінде тәуелділік симптомдарды анықтау мүмкіндігі және биліктік наркоманиялық синдромдарды анықтау.

 

Жазбаша жұмыстардын бағалау критериялары.

· Маңыздылық.

· Таңдаған тақырыпқа сәйкестік.

· Түпнұсқаларға және зерттеулерге арналған сілтемелер.

· Талдаудын кеңдігі, дұрыс есебі.

· Сонылық/ өнер/елес.

· Мазмұндаманың стилі.

· Көрнекілік.

Баяндамалардын критериялары: таңдаған тақырып бойынша баяндамада ғылыми шолулар және тәжірибелік шығармалар болу қажет. Жүргізілген талдауды, мәліметтердің интерпретацияны, өз пікірлерді және нәтижелерді ұсыну керек. Белгілердің саны – 2000 астам емес.

3 МОДУЛЬГЕ АРНАЛҒАН АНЫҚТАМА ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗІМІ

 

1. Ruud Rutten, Chris Loth, Adri Hulsnoff. Зависимость. Руководство по уходу, сопровождению и профилактике. 346 с. ISBN 978 90 352 3071 2 (голл.).

2. Иванец Н.Н., Тюльпин Ю.Г. Психиатрия и наркология: учебник. М., ГЭОТАР-Медиа, 2006. 832с. ISBN 5-9704-0197-8.

3. Сиволап Ю.П., Савченков В.А. Злоупотребление опиоидами и опиоидная зависимость. М.: ОАО «Издательство «Медицина», 2005. 304 с. ISBN 5-225-04237-6.

4. Руководство по наркологии под. редакцией Н.Н. Иванца, том I. М.: Медпрактика. М, 2002. 444 c. ISBN 5-901654-12-9.

5. Руководство по наркологии под. редакцией Н.Н. Иванца, том II. М.: Медпрактика. М, 2002. 504 c. ISBN 5-901654-19-6.

6. Субханбердина А.С. Наркология. Учебник. Алматы: Раритет, 2009. 336 с. ISBN 9965-826-60-9.

7. ҚР 2010-2011 жылдарда халыққа көрсетілген наркологиялық көмек. Статискалық жиынтығы. Наркомания медициналық-әлеуметтік проблемалардын республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы. Павлодар, 2012.

8. Пятницкая И.Н. Наркомании. 1975, 1994.

9. Шабанов П.Д. Основы наркологии. СПб. Издательство «Лань», 2002. 560 с. ISBN 5-8114-0412-3.

10. Barash, Paul G. Et al. Chapter 14. Opioids. Clinical Anesthesia, 5th Edition. Lippincott Williams & Wilkins, 2006. 1549 с. ISBN 07817057452.

11. Фридман Л.С., Флеминг Н.Ф., Робертс Д.Х., Хайман С.Е.: Пер. с англ. 2-е изд. исправл. М.; СПб: Изд-во «БИНОМ» – «Невский диалект», 2002, 320 с. ISBN 5-7940-0052-Х; ISBN 0-683-03364-6 (англ).

12. Иванец Н.Н. Современная концепция лечения наркоманий. Журнал Психиатрия и психофармакотерапия, № 3, 1999.

13. М-Дж. Крик. Обоснование Поддерживающего медикаментозного лечения опиатной зависимости, 1992.

14. Психоәлеуметті жүргізуімен опиоидты тәуелділіктің фармакологиялық ем бойынша нұсқау. ДДҰ, 2010.

15. Қазақстан Республикасында опиоидты алмасу терапия бағдарламаның бағалауы. ICAP; CDC. Алматы, 2012.

16. Арди Хюлсхоф, Крис Лот, Элс Норландер, Элке Силвестер, Майке ван Гох и Лике Кнапен. Коморбидность в психиатрии и наркологии.

17. Алтынбеков С.А. Исследование эффективности основных механизмов противодействия распространению наркозависимости в Республике Казахстан. Дисс. д.м.н. Алматы 2005. 268 с.

18. http://www.narkotiki.name.

 

3 МОДУЛЬДІҢ ЕСКЕРТУІ

 

2.8 ӨСӨЖ-ге мәлімет. Тәуелділіктің патогенезі

Сыйақының жүйесі («Газ» педалі)

Ең біріншіден тәуелділікте болатын сыйақы жүйесін немесе газ педалін қарастырайық: есірткінің тікелей әсеріне шектелусіз талпыну. Кейбір ғалымдар есірткі сыйақының нейробиологиялық жүйені «басып алу» туралы айтады. Біздің табиғи сыйақының жүйесі маңызды кездесулер, секс, жетістіктер, тағам және ішу сияқты маңызды және жағымды жағдайларда эйфория сезімін береді. Мидын әртүрлі бөлімдерде орналасқан нейрондар «сыйақы түрінде» оқиғаларға шағылысады. Сыйақы арқасында біз істерді қайталаймыз. Мысалы ретінде: тамақтану, ішу, секс, басқа адамдармен жағымды әрекеттесу сияқты басқа күрделі істер болып табылады. Адамдарда сыйақы әртүрлі рақат субъектілік сезімдермен шоғырланатынды біз білеміз. Ол қалай жұмыс істейді? Ол негізі мидын орта бөлімінде, лимб жүйесінде орналасқан. Лимб жүйесі - мидын бөлігі, ол біздің эмоционалдық реакцияларға жауап береді, және оны оқыту болады. Мысалы, белгілі иіс біздің эмоционалдық реакциямен байланысады.

Тәуелділік патогенезінде дофаминнің рөлі.Маңызды жергілікті нейротрасмиттер ретінде дофамин болып табылады. Табиғи сыйақыда және рақаттың алғашқы бүлдірушілер болғанда, мысалы, тамақтанғанда, ішкен кезде, сексуалды қоздыруында немесе қанағаттандыруында оның белсенділігі жоғарла бастайды. Тәуелділікке келтіретін барлық заттектер біздің ағзадағы дофаминнің шығаруын бұзады. Психибелсенді заттектерді қабылдағанда дофаминнің белсенділігі жоғарлайды. Ұзақ уақыт бойы психобелсенді заттектерді қабылдаса, онда ол дофаминергиялық жүйесінің табиғи қызметің тоқтатады. Басқаша айтқанда: спирт ішімдіктердің немесе есірткілердің қабылдауы уақыт өткен соң табиғи мүмкіндігімен сыйақыны сезе адмауына келтіреді. Табиғи түрімен дофамин аз мөлшерде бөлініп шығарылады, ал есірткіні қабылдаған кезде көп мөлшерде шығарылады. Дофамин біздің ағзамызда көп функцияларды атқарады, ол тағы ми шектеулерден сыртында зат алмасуда функциясын атқарады. Сонымен қатар, дофаминің алғашқы бүдірушілер ретінде болып табылатын белсенді заттектер бар және дофамин өзі заттектерді шығарады. Дофамин рецепторлардын әртүрлі варианттары бар. Біздің тақырыпқа дофаминнің D2 түрі маңызды.

Бізге лимб жүйесінде орналасқан орта мидын мезолимб жүйесі маңызды. Бізге осы салада маңызды: жатқан ядро (вентральды қабатта), орта мидын вентральды саласының қақпақтары (VTA) және бадамша дене. Сыйақын әсерін білдіретін ми қабығынан VTA сигналдар барғанда, дофамин бөлініп шығады және сигналдар жатқан ядроға, бадамша денеге және бас мидын префронтальды қабығына сигналдар барады. Қызмет жүрісінде/тәртіпте жатқан ядро ерекше мағынаны білдіреді, бадамша дене – ортаға бағытталған және ортадан шығатын қоздырғыштардын және эмоциялардын арасында байланыстарды орнатады. Префронтальды қабық назарда және бақылауда маңызды рөлді атқарады.

Сүрет. Басымдық дофаминергиялық сызбалардын әсерлері

 

Сонымен қатар, еліктірме және сонымен байланысқан есірткіні қабылдауы пайда болады. «Меңгерік» автоматты айналады және ол «қабылдау» жағына айналады, ол қоршаған ортаның факторлармен көтермелейді. Сонымен, біз есірткі тәуелділіктің екінші жүйеге: үйрену және есіне сақтау жүйесіне келіп тұрмыз. Үйрену үрдісің қарастырайық, мысалы, есірткіні қабылдауымен, жағдайлармен және адамдармен байланысқан оқиғалар. Жеңіл түрде біздің өзімізде байқауға болады, мысалы, махаббат жүдеулігі. Біз күн сайын радиодан әңдерді естігенде, біз туралы айтып жатыр деп ойлаймыз. Біздің жақын адам қайтыс болғанда немесе қайтыс болады деп қорқып жүргенде, біз әр жерде зираттарды немесе молаларды көре бастаймыз. Басқа сөзбен айтқанда біз еліктірмені сеземіз. Біздің назарымыз және қылықтарымыз тек қана бір жаққа бағытталған. Тәуелділік кезде осындай сияқты жағдайлар болады, бірақ салыстырғанда одан қатты. Эмоционалдық үйренуі қоршаған ортаның факторлармен тығыз байланысты. Спирт ішімдігі және есірткі туралы айтсақ, онда үйренуі тез және жылдам өтеді. Қоршаған ортаның ынтыландырулар сыйақы жүйені қоздырады, бірақ миға тікелей биохимиялық әсерімен жүреді. Тілектен құштарлыққа ауысуы қайта қабылдаудын арқасында пайда болған сенситизациядан болады. Есірткі қабылдаумен байланысқан «сыйақының» қабылдауында негізделген қоршаған ортаның факторлары, оқиғалары, ойлары және сезімдері есірткілерді іздеуде және оларды қабылдау бойынша көтермелеуде, фанатиктік және үрейлі қылықтарда маңызды мағына білдіреді. Есірткіні көп қабылдағаннан кейін сыйақы жүйе жұқартады, өйткені дофамин рецепторлардын саны азаяды. Зерттеу бойынша ынталандыру есірткілерден дофамин рецептордын аз санымен тәуелсіз адамдар көп рақаттанады. Есірткі тәуелділігімен адамдарға (дофамин рецептордын аз санымен) дофаминнің белсендігін рақаттану деңгейге жеткізу үшін есірткілерді көп қабылдау керек. Есірткі тәуелділігімен адамдардын көбісінде дофаминергиялық жүйе мида дұрыс қызмет атқармайды.

Есірткі тәуелдігімен адамдарда гиподофаминергиялық ми бар, өйткені дофамин рецептордын саны аз. Есірткі дофаминді шығаратын жасушаға немесе дофамин қайтадан сол жасушаға кірмеуіне әсер етеді. Әртүрлі есірткілер әртүрлі &#