Ескерту.

Алматы


Құрастырушылар:э.ғ.д., профессор С.Ж. Интыкбаева

э.ғ.к., доцент м.а. М.К. Кожахметова

ст преподаватель М.М. Алиева

ст преподаватель А.А. Турунтаев

 

 

«Қаржы және несие» кафедрасының мәжілісінде талқыланды және басылымға ұсынылды

 

«15» қыркүйек 2014 ж. Хаттама № 3

 

 

Кафедра меңгерушісі:

э.ғ.д., профессор С.Ж. Интыкбаева

 

Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ «Қаржы және есеп»мектебінің ОӘБ-мен бекітілді

 

«18» қыркүйек 2014 ж. Хаттама № 2

 

ОӘБ төрағасы

э.ғ.д., профессор С.С. Арыстанбаева


МАЗМҰНЫ

 

I. Жоғарғы кәсіби білім беру жүйесіндегі диплом алдындағы өндірістік практиканың орны және мақсаты, міндеттері………………………………..4

II. Практикаға жетекшілік, өту тәртібі және ұйымдастыру......................5

III. Практикант-студенттің міндеттері…………………………………….7

IV. Диплом алдындағы өндірістік практиканың мазмұны……………..8

4.1 Қазақстан Республикасы бюджетінің орындалуы мен атқарылуы жөніндегі есеп комитетінде диплом алдындағы өндірістік практиканың мазмұны және бағдарламасы...........................................................................10

4.2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Орталық аппаратында диплом алдындағы өндірістік практиканың мазмұны және бағдарламасы…...11

4.3 Қазақстан Республикасы кіріс департаментінде диплом алдындағы өндірістік практиканың мазмұны және бағдарламасы....................................12

4.4 Қазақстан Республикасы экономиканың нақты секторының кәсіпорындарында (компанияда) диплом алдындағы өндірістік практиканың мазмұны және бағдарламасы.........................................................................14

4.5 Қазынашылық органдарында диплом алдындағы өндірістік практиканың мазмұны және бағдарламасы.........................................................................19

4.6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің Орталық аппаратында өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы..................................20

4.7. Қазақстан қор биржасы (KASE ) мен Еуразиялық сауда жүйесінде (ЕТS) өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы..................................23

4.8 Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінде диплом алдындағы өндірістік практиканың мазмұны және бағдарламасы....................................25

4.9. Қазақстан Республикасы сақтандыру компанияларында диплом алдындағы өндірістік практиканың мазмұны және бағдарламасы..................27

4.10. БЖЗҚ (біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) мен ЕЖЗҚ (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) дипломалдындағы өндірістік практиканы өту бағдарламасы................................................................................................29

4.11. Пайлық инвестициялық қорларда (ПИҚ) диплом алдындағы өндірістік практиканың мазмұны және бағдарламасы...................................................31

4.12 Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында (МЗТО) дипломалдындағы өндірістік практика өту бағдарламасы...........................................................32

4.13 Алматы қаласының Қаржы басқармасында өтетін диплом алдындағы өндірістік практиканың мазмұны мен бағдарламасы....................................32

4.14. Алматы қ аудандарынын қаржылық шаруашылықтық бөлімдерінде диплом алындағы өндірістік практиканы өту бағдарламасы..............................35

 

 

V. Өндірістік практика жөнінде есепті құрастыру және қорғау……….36

VI. Диплом алдындағы өндірістік практиканы өту туралы есепті қорғау……………………………………………………………………………...37

Қосымша……………………………………………………………………….39

 

 


I. Жоғарғы кәсіби білім беру жүйесіндегі диплом алдындағы өндірістік практиканың орны және мақсаты, міндеттері

 

Диплом алдындағы өндiрiстiк практика «5В050900- «Қаржы» мамандығы бойынша жоғарғы экономикалық бiлiм беру мамандарын дайындауда Мемлекеттiк бiлiм беру стандарттында қарастырылған жоғарғы кәсіби бiлiм берудің білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады.

Диплом алдындағы өндiрiстiк практика білім берудің соңғы семестрде жүргiзiледi және 10 аптасын құрайды. Диплом алдындағы өндiрiстiк практика өтуіне теориялық курсты тыңдаған және мамандықтың оқу жоспарында қарастырылған барлық қорытынды бақылаудың нысанын (емтихан, курстық жұмыс) ойдағыдай тапсырған студенттерге рұқсат етiледi.

ЖОО-ын бiтiрушiлерiне нарық еңбегі жағынан артқан талаптар кадрларды даярлауда жоғары технологиялы, ғылыми-негізделген жүйені құруды талап етедi. Онда маңызды орынды практикалық оқу формасына берiледi.

Студенттердiң тиімді, нақты ұйымдастырылған диплом алдындағы өндiрiстiк практикасы студенттердiң академиялық білім беру және практикалық қызметтің кейбiр үзiлісін қысқартуға мүмкiндiк бередi.

Студенттердiң өндiрiстiк диплом алдындағы практикасы – бұл оқу жоспарымен сәйкес жүргізілетін және студентенттерге мамандық бойынша практикалық білім және жұмыстың дағдыларын алуға мүкіндік беретін, теориялық білімдерін шыңдайтын, ЖОО және студентердің өздерінің ұйымдармен және кәсіпорындармен қажетті іскерлік байланыстарды орнатуға мүмкіндік беретін оқу үрдісінің ажырамас бөлiгi.

Күрделi экономикалық жағдайлардағы ұйымдар, кәсiпорындар, фирмалар және компаниялардың қаржыларын табысты басқару аналитикалық қабiлеттері және практикалық дағдылары теориямен ұштасатын, жан-жақты және терең кәсiби бiлiм алу қаржы қызметі мамандарынан талап етеді. Бұл маңызды орынға практикалық оқу формасына берiлетiн ғылыми - қисынды жүйесiз кадрларды даярлауға қол жеткiзу мүмкiн емес. Сондықтан, студенттердiң диплом алдындағы өндiрiстiк практикасы жоғарғы кәсiби бiлiм берудің ажырамас бөлiгi болып табылады.

Студенттердің диплом алдындағы өндiрiстiк практикасы жоғары оқу орынындағы білім алудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады және келесi түпкi мақсаттарға қол жеткізуді қарастырады:

• таңдаған мамандық бойынша нақты қаржы-экономикалық есептерді шешу барысында практикалық дағдыларын алу және дамыту, теориялық білімді нығайту және бекіту: шаруашылық субъектiлердің қызметінде жүргізілетін барлық есептеулер мен төлемдердің орындалуын, бақылау-аналитикалық жұмыстардың қамтамасыз етіу, қаржылық бақылау мен болжамдау;

• компанияда ұйымдастырушылық жұмыстар мен ғылыми зерттеу тәжірибелерін жинақтау;

• бітіруші кәсіби жұмысты, практиканың өтуі туралы есепті, сонымен қатар практикада анықталған өзекті қаржы проблемалары бойынша ғылыми баяндама жазу үшін қажетті материалдарды жинау, жалпылау, талдау және жүйелеу;

- қаржы ресурстарын басқаруды ұйымдастыру және есеп беруде мәселелерді әзірлеуді шешуде сынақ жүргізу, өзiндiк жұмысты жүргiзудiң дағдыларын дамыту және зерттеу әдiстемесін меңгеру.

Алға қойылған мақсаттар келесі міндеттерді шешуді қарастырады:

• кәсіпорындарда, ұйымдарда немесе практиканы өтудің басқа орындарында қаржы және бақылау - аналитикалық жұмыстың барлық бағыттарының мазмұнын терең игеруi;

• практика өтуi ұйымдастырылған компанияның (басқару, департамент) қаржы бөлiмiнiң қызметiне тiкелей қатысуы;

• практика бағдарламасының орындалуы;

• өзі таңдаған тақырыптың дербес ғылыми зерттеу шеңберiнде бiтiретiн мамандыққа қатысты (дипломдық) жұмыстың жеке тапсырмасының орындауы;

• өндiрiстiк диплом алдындағы практиканың өтуi туралы жазбаша есепті әзiрлеу.

Студенттер практиканы өткеннен кейін ЖОО-да өздерінің білім алуларын аяқтау кезеңдеріне кіріседі – жинақталған нақты материалдарға негізделген дипломдық жұмысты жазуға және қорғауға.

Осы оқу-әдiстемелiк құралы «Қаржы» мамандығы бойынша білім алушыларға диплом алдындағы өндiрiстiк практиканы өтуді ұйымдастыру және есебін дайындау үшін студенттерге көмек көрсету мақсатында ақпараттық база ретінде әзірленген.

II. Практикаға жетекшілік, өту тәртібі және ұйымдастыру

 

Өндірістік практика экономиканың нақты және қаржы секторларының әр түрлі шаруашылық субъектілерінде, мемлекеттік басқару органдарында (Қаржы Министрлігі, қаржы органдары, сақтандыру олргандары, қазынашылық органдары, Есеп комитеті, салық органдыры, ҚР Ұлттық банкі, ЖЗҚ, компаниялар мен коммерциялық банктер) ұйымдастырылады.

Осы бағдарлама өнеркәсiптiк және ауылшаруашылық кәсiпорындар, сауда-саттық, құрылыс, көлiк ұйымдарында және компанияларда, акционерлiк қоғамдар, өндiрiстiк және басқа шаруашылық ұйымдық-құқықтық құрылымдарда, Қазақстан Республикасы экономикасының нақты секторындағы коммерциялық және өндiрiстiк қызметтерді қамтамасыз ететін өндірістік диплом алдындағы практиканы өтулерiнде iске асырыла алады.

Студенттердің практикасының сапалы өтуі мақсатында, әдеттегідей, дербес қаржы бөлімдері бар (басқару, департамент) немесе басқа құрылымдардың құрамында қаржы басқаруы бойынша (топ) бөлiмшелер бар (экономикалық бөлім, бухгалтерия және т.б.) кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады.

Практика базасын таңдау «Қаржы» кафедрамен келсiм бойынша студентпен өз алдына iске асады.

Практиканың өту базасы және практика базасы - (ұйым) кәсiпорыннан студент ұсынылатын кепiлдiк хаттың негiзінде университет бойынша бұйрықпен iске асады.

Практика мерзiмдерi Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің ректоры бұйрығымен анықталады.

Практика мерзімі: 10 апта (қаңтар – наурыз).

Студентің меңгеруіне тиісті, барлық атқаратын жұмыстардың түрлерін қоса және нақты жағдайларға қолданылатын практиканы өту бойынша жеке күнтiзбелiк жоспар практиканың жетекшiлерiмен әрбiр студентпен бiрге құрылады. Онда қаржы құрылымының бөлiмшесi, жұмыстың мазмұны және орындаудың мерзiмдерi көрсетiледi. Ресми мүмкiндiк беретiн (ұйым немесе фирма) кәсiпорын жетекшісімен күнтiзбелiк жоспарды бекіту басқа қажеттi бөлiмшелердiң қызметiмен танысу үшін орынды.

Әрбір студент практика өту мерзімінде күнделік жүргізеді, онда атқарылған жұмыстың мерзімі мен көлемі көрсетіледі. Күнделiк практика базасының жетекшiмен үнемi тексерiледі және қол қояды.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетiнiң жағынан жалпы оқу-әдiстемелiк жетекшілікті «Қаржы» кафедрасы жүзеге асырады.

Практиканың өтуіне жетекшілік және бақылау кафедрадан тағайындалған практика жетекшісіне және сәйкесінше кәсiпорын, ұйымнан тағайындалған жетекшiсіне тапсырылады.

Кафедрадан практиканың жетекшiсi келесi функцияларды орындайды:

• нақты жағдайлар мен бағдарламаға сәйкес практиканы өту бойынша күнделiктi жүргiзу, күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құру мәселелері бойынша студенттерге кеңес беру;

• бiтiретiн мамандыққа қатысты жұмысқа арналған материалдарды жинау бойынша студентке жеке тапсырма әзірлейді;

• практиканың барлық мәселелері бойынша студенттерге кеңес береді;

• өндiрiстiк практиканың өтуiнiң қорытындысы бойынша есеп беру, дипломдық жұмысты жазуы үшін материалдарды жиынау және талдау бойынша әдiстемелiк көмек береді;

• өндiрiстiк практика бойынша студенттің есеп беруіне қысқаша пікір береді;

• есеп беру нәтижелерiнiң қабылдауын жүзеге асырады, олардың сапасы тексередi және iстелiнген жұмысты бағалайды.

Кәсiпорыннан (ұйым, фирма) практиканың жетекшiсiнiң функцияларына мыналар кiредi:

• осы бағдарлама көлемінде практиканы ұйымдастыру;

• әрбiр жұмыс орынындағы кәсіби мамандардың iшiнен жетекшiлердi таңдап алу және олардың практиканттармен жұмысына бақылау;

• жұмыс орны бойынша студенттерді бөлу;

• студенттердiң жұмысының дұрыс жағдайын қамтамасыз ету: оларды орналастыру, нақты материалды алу үшін көмек көрсету, кеңес беруді ұйымдастыру және т.б.;

• пәннiң қызметтiк қатынасында да, практиканың бағдарламасының орындауының қатынасында да студенттерге тиiстi талапкершiлiктi қамтамасыз ету;

• әрбiр студенттiң жұмысы туралы пiкiр құрастыру. Пікірде студенттің практика бағдарламасын орындау деңгейі мен сапасы, оның жұмысқа қатынасы, талаптылық, творчестволық белсендiлiк, қаржыны басқарудың кәсіби мәселлерін шешуге бағытталған ұсыныс беру қаблеттілігі, еңбек тәртiбi, өндiрiстiк дағдыларды меңгеру, кәсіби дайындық деңгейі атап өтіледі;

• есеп беруге әзірленген өндірістік практиканы өту бойынша есеп берудің ақырғы нұсқасын тексереді.

 

III. Практикант-студенттің міндеттері

Өндірістік практиканы өту барысындағы студенттің міндетті:

- практикалық жұмысты үйрену және дағдылану;

- жұмыс iстейтiн жұмыс тәртiбiнiң тәжiрибесiнiң базасы,

- қолданыстағы практика базасының жұмыс режимін, iшкi тәртiптiң ережесi және техника қауiпсiздiгiн сақтау;

- практика бағдарламасында қарастырылған практиканы өту жоспары мен күнтiзбелiк жоспарды, тапсырмаларды уақытында және толық көлемде орындау;

- кафедрадан және практика базасынан практика жетекшілерінің нұсқаулықтарын орындау;

- кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың қоғамдық өміріне қатысу;

- атқарылатынылатын жұмысқа және оның нәтижелерiне жауапкершiлiк;

- жұмыстың негiзгi кезеңдерiн қарастыратын (күнделiк кәсiпорыннан практика жетекшiсiмен қол қоюы керек) бекітілген нұсқа бойынша күнделiкті жүргізу;

- практиканың нәтижелерi бойынша кафедра бекіткен мерзімде және нысанда есеп беру және оны қорғау. Есеп берумен бірге кәсіпорыннан (кәсiпорыннан практика жетекшiсiмен) студент-практикантқа берілген мінездемені ұсыну;

- кафедрадан жетекшінің жеке тапсырмасын орындау;

- бітіру кәсіби (дипломдық) жұмысты жазу үшін практикалық материалдар, қажетті ақпараттарды жинау, жүйелеу және талдау;

Өндiрiстiк диплом алдындағы практиканың бағдарламасын орындамаған студент дипломдық жұмысты қорғауға және мемлекеттiк емтихандарды тапсыруға рұқсат етiлмейдi.


IV. Диплом алдындағы өндірістік практиканың мазмұны

 

Орындалатын жұмыстың тізімі мен мазмұны өндірістік практикадан өту базасының қызметімен негізделеді және оның тізімі төменде көрсетілген.

4.1 Қазақстан Республикасы бюджетінің орындалуы мен атқарылуы жөніндегі есеп комитетінде диплом алдындағы өндірістік практиканың мазмұны және бағдарламасы

№ п/п Жұмыстың мазмұны мен атауы
1. ҚР бюджеттінің орындалуы мен атқарылуы жөніндегі Есеп комитеті аппаратының ұйымдастырылуымен және бюджеттің орындалуын қадағалау жүйесі жөніндегі жарғылармен танысу
2. Мемлекеттік бақылау бөлімінің қызметі мен құзыреттерімен танысу
3. Ішкі аудит бөлімінің қызметі мен құзыреттерімен танысу
4. Жоспарлау және есептік талдау бөлімінің қызметі мен құзыреттерімен танысу
5. Әдіснамалық бөлімнің қызметі мен құзыреттерімен танысу
6. Жұртшылықпен байланыс және сыртқы байланыстарды үйлестірубөліміқызметі мен құзыреттерімен танысу
7. Әкімшілік және қаржы бөліміқызметі мен құзыреттерімен танысу
8. Персоналды басқару секторықызметі мен құзыреттерімен танысу
9. Алдағы жылғы бюджет жоспарының атқарылу жоспары мен регламентімен танысу
10. Ағымдағы жылға арналған республикалық бюджет атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бақылау іс шараларының жоспарымен танысу
11. Есеп комитетінің сараптамалық-талдау қызметімен: есеп комитетінің көрсеткіштерімен,облыстар мен Алматы Астана қалаларының ревизиялық коммиссиялардың, бақылау шараларының негізгі қортындыларымен, есеп комитетінің бақылау шараларының атқарылуы жөніндегі ақпараттармен, есеп комитетінің ақпараттық және әдіснамалық қамтамасыз етілуі жайлы ақпараттармен танысу
12. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Есеп комитетінің жылдық есебімен танысу
13. Есеп комитетінің халқаралық қызметтері туралы ақпараттармен танысу
14. Практика жетекшісі тапсырмаларын орындау

 

4.2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Орталық аппаратында диплом алдындағы өндірістік практиканың мазмұны және бағдарламасы

№ р/н Жұмыстың мазмұны мен атауы
1. ҚР Қаржы министрлігінің құрылымымен танысу және қаржы саясаты, департамент қызметтерінің бағыттарын, елдің экономикасын қаржыландыру, әлеуметтік сфера, білім беру, денсаулық сақтау және басқа өндірістік емес сфералардың бағытттарын зерделеу.
2. Есеп беру және статистика Департаменттінің қызметі және өкілеттігімен танысу.
3. Мемлекеттік бюджеттің орындалуының әдістемесі және талдау Департаментінің қызметі және өкілеттігімен танысу.
4. Мемлекеттік активтерді басқару әдістемесі Департаментінің қызметі және өкілеттігімен танысу.
5. Ақпараттық технологиялар Департаментінің қызметі және өкілеттігімен танысу.
6. Қаржыны ішкі әкімшілдендіру Департаментінің қызметі және өкілеттігімен танысу.
7. Жиынтық-аналитикалық Департаментінің қызметі және өкілеттігімен танысу.
8. Үкімет займдарын тарту Департаментінің қызметі және өкілеттігімен танысу.
9. Ақпараттарды қорғау және үйлестіру жұмыстары бөлімнің қызметі және өкілеттігімен танысу.
10. Практика жетекшісінің тапсырмаларын орындау.  
11. ҚР мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстарын талдау.  
12. ҚР мемлекеттік бюджетті жоспарлау тәжірибесі.  
13. Мемлекеттік бюджет қаражаттарының түсуіне және мақсатты пайдалануына қаржылық бақылауды қамтамасыз ету.  
14. Мемлекеттік активтерді тиімді басқарудв, бақылауды және мониторингті қамтамасыз ету.  
15. Қаржы қызметтерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету.

 

 

4.3 Қазақстан Республикасы кіріс департаментінде диплом алдындағы өндірістік практиканың мазмұны және бағдарламасы

 

№ р/н Жұмыстың мазмұны мен атауы
1. Студент келесі жағдайлармен танысады: бөлімднрдің құрылымымен, бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттемелерімен; есепке тұрған салық төлеушілердің салық салу объектілерімен тізімімен; хаттар, өтініштер және наразылықтарды қарау тәртібімен; СТТН, патент және лицензия беру тәртібімен; салық төлеушіні есепке алу тәртібімен, оларды тіркеу кітабімен, есеп беру түрлері мен бланкалық материалдармен; карточкалар ашу және тұлғалық шоттар, төлем тапсырмалары, квитанциялар және т.б құжаттарды толтыру тәртібімен.
2. Есепке алу, талдау және ақпараттық технология бөлімінде: Студент бұл бөлімде бөлімнің құрылмымен, бөлім қызметкерінің қызметтік міндеттемелерімен танысады. Тізімдегі салық төлеушілермен танысуға, нұсқалық материалдарды меңгеруге, салықты төлеу мен алу жөнінде жоғары тұрған мекемелердің хаттарын қарастыру; бугалтерлік-оперативтік есептің жүргізілу әдістері мен шарттарын меңгеру, заңды және жеке тұлғалармен тапсырылатын декларациялар, басқа да есептер мен қаржылық есеп беру материалдарымен танысу; декларацияны қабылдау тәртібімен, заңды тұлғалардың есебімен, патенттерімен, жеке кәсіпкерлердің куәлігімен танысу; тұлғалық шоттар, карточкалар ашу тәртібімен және оларды жүргізумен танысу; заңды және жеке тұлғалардың баланыстарын қабылдау жүзеге асырылатын нұсқамалық материалдар және басқа да құжаттармен танысу.
  Студент бұл бөлімде, тәжірибе өту барысында, бөлім құрылымымен, бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттемелерімен танысады; бүгінгі күні қызмет етуші салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу тәртібімен танысады; салық төлеушілерді тіркеудің тәжірибелік әдістемесін меңгереді; әр түрлі қызмет атқарушы салық төлеушілерді есепке алу тәртібімен танысады; салық төлеушілерді есепке алуға қажетті шарттар мен құжаттар тізімімен танысады.
3. Аудит бөліміндегі жұмыс орнында:Студент есепте тұрған салық төлеушлермен, салық салу объектілерімен, бөлім жұмыстарында қолдалынатын негізгі есеп түрлерінмен, бланкалық материалдармен танысады. Өндірістік тәжірибені бұл бөлімде өту барысында студент заңды тұлғалар төлейтін барлық салықтар әдістемесін меңгеруі қажет. Осы мақсатта нұсқаулық материалдарды меңгеру, салық салу мақсатындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өтініштері мен хаттармен танысуы керек. Әртүрлі меншік түріндегі бірнеше кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметін салық инспекторларымен бірігіп, тексеруге қатысу; тексеру нәтижелері бойынша есеп беру, олар туралы жоғары тұрған мекемелерге мәлімет беру тәртібін меңгеру; салықтардың түсуін тіркеу және талдау бөліміне берілетін тексеру қорытындылары материалдарымен танысады; салық заңдылығын бұзушылар үшін қолданылған қаржы және салық санкцияларын қолдану тәртібін талдау; салық инспекторларымен бірге құжаттық тексерулерге қатысу, базарда коммерциялық дүкендерде тауар өткізуші, сатушы кәсіпкердің өткізу нәтижесі бойынша қалдығын тексеру тәртібімен танысу; тексеру актілері әкімшілік алыппұлдар салу хаттамаларын толтыру тәртібін үйрену; бақылау бөлімінің есеп беруін талдау; аудан бойынша жеке тұлғалардың табысынан түскен салықтық түсімдердің сандық мәліметтерін талдау және т.б.
4. Өндіріп алу бөлімінде: студент бөлім құрылымы мен бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттемелерімен танысады. Салықтық түсімдер бойынша ағымдағы аванстық төлемдер мен бюджетпен соңғы есеп айырысу, төлеу мерзімі тәртібін меңгеру; салық заңдылықтарын бұзғаны үшін айыппұлдар мен өсімақыларды есептеу тәртібін меңгеру; салықты төлеуді қамтамасыз ету және салық төлеушінің мүлкін алу тәртібімен танысу; салық төлеушіден алынуға тиісті сомалар өндіріліп алу жолында иелігіндегі шектклген мүлікті өткізу тәртібін, экспорттық операцияларды тоқтату тәртібін меңгеру; бюджет алдындағы қарыздарын жабу тәртібімен, салық заңдылығын бұзу және таласты жағдайлардың шешілмеуі және соттық тәртіпте актілік тексерістер бойынша салықтарды өндіріп алу тәртібімен танысу. Кіріс департаментінің шешімін қайта қарау тәртібімен, сотқа шағым жасау тәртібімен танысу.
5. Өндірістік емес төлемдер бөлімінде:бұл бөлімде бөлім құрылымымен, бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттемелерімен танысады, аудан картасын құруға қатысады; салық төлеушіні тіркеу тәртібімен танысу, салық инспекторымен бірге меншікке салық төлеу жұмыстары бойынша шешілмеген істерге қатысу; заңдылық құжаттарды меңгеру; меншікке салынатын салықты алу және төлеу тәртібін бақылау.
6. Жанама салықтар бөлімінде:Студент бөлім құрылымымен, бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттемелерімен танысуы керек; жанама салықтардың қолданыстағы есептеу және өндіріп алу тәртібімен танысады; ҚҚС және акциздер бойынша декларация қабылдау және шот- фактура толтару тәртібімен танысады; ойын бизнесі бойынша қазіргі кезде қолданылатын тәжірибені меңгеруі керек; заңдылық құжаттарын меңгеруі тиіс; ҚҚС бойынша салықты дұрыс есептеу, толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету заңдылықтарымен танысу; нөлдік ставка бойынша салық сомасын қайтару тәртібімен танысу.
7.  

Есеп беруді рәсімдеуде және келесі сұрақтарға жауап беруге көңіл бөлу қажет:

 

Кіріс департаменті органдарының ұйымдастырушлық құрылымы
Кіріс департаменті бөлімшелерінің функционалды міндеттері
Кіріс департаментінде салық салу объектісін есепке алу
Салық төлеушілер бойынша жеке шоттардың жүргізілу тәртібі
Тіркеу есебіне тұрғандығы туралы куәлікті беру тәртібі
Есепті мерзім үшін есептілік нысанын жүргізу тәртібі
Камералды тексеруді жүргізу тәртібі (декларациялар мен қосымшаларды толтыру тәртібі)
Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі, тексеру нәтижесі бойынша акт және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттамаларды толтыру тәртібі
Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төлену мерзімі
Кіріс департаменті органдарының есептерін құрастыру тәртібі , шешімдер қабылдау ережесі
Кіріс департаменті органдарында қолданылатын ақпараттық жүйелер: ЖШАЖ (ИНИС), СЕЭН (ЭФНО), САЭБ (ЭКНА), СТ ОТ (РНиОН), ХКЖЖ (СГДС), СТАЖ (ИСИД), ҚҚС АЖ (ИС НДС)
Бақылау шаралары бойынша нәтижелерді және салық органдарының лауазымды тұлғаларының іс әрекетіне шағымдану тәртібі
ҚҚС есептеу ерекшелігі, есепке жатқызу және қайтарып алу тәртібі
Акциз бойынша ақпараттық жүйені қолдану және акцизді өндіріп алу тәртібі
Ірі салық төлеушілердің мониторингі
Мемлекет меншігіне өткен мүліктердің есебін жүргізу тәртібі
Нормативтік – заңдық актлер және салық қатынастарын реттейтін басқа да инструктивті материалдар

4.4 Қазақстан Республикасы экономиканың нақты секторының кәсіпорындарында (компанияда) диплом алдындағы өндірістік практиканың мазмұны және бағдарламасы

 

№ р/н Жұмыстың мазмұны мен атауы
Шаруашылық субъектінің қызметімен танысу: миссиясы, стратегиялық мақсаты, міндеттері, қызмет түрлері, ұйымдық-құқықтық құрылымы, менеджмент.
Компанияның Жарғысының мазмұнын және оны құру мен қызмет етуі бойынша нормативтік құжаттарды оқу. Кәсіпорынның (басқару) қаржы-экономикалық бөлімдерімен танысу: міндеттері, функциялары, құрылымы, қызметкерлердің міндеттері, лауазымдық қызмет нұсқаулығы, басқа службалармен өзара байланысы.
Кәсіпорындағы қаржылыұ қызметтер, қаржы менеджері қызметінің негізгі бағыттарын, күрделі және ағындағы жоспарлау бөлімі, талдау, қаржылық есеп-қисап бөлімдері, салық есебі бөлімі, операциялық (өндірістік) шығындар есебі бөлімі, бухгалтерия, ақша ағындары қозғалысын бақылау және т.б. (ірі және орта кәсіпорындар үшін) және шағын кәсіпорындар үшін қаржылық (бухгалтерлік немесе экономикалық) бөлім қызметкерлерінің жұмысын зерделеу.
Құқықтық бөлім жұмыстарын ұйымдастырумен танысу, қаржы- кредиттік мекемелермен, сатып алушы мен жабдықтаушылар арасындағы келісімнің (шарт) ережелері. Маркетинг және өткізу бөлімдері жұмыстарын ұйымдастырумен танысу. Компанияның баға саясаты, баға белгілеу маркетингтік стратегияны талдау. Өткізу арнасы. Компанияның қызмет көрсетулері мен тауарларын сипаттамалы жариялау. Өндірістік бөлім жұмыстарын ұйымдастырумен танысу. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын, өндірістік негізгі қорларының (жаңарту, істен шығуы, амортизацияны есептеу) қозғалысын және жағдайын талдау. Өндірістік қорлармен (шикі зат, материалдармен) қамтамасыз етілуі. Еңбек ресурстары. Тәуекел-менеджмент жұмыстарын ұйымдастырумен танысу. Кәсіпкерлік және қаржылық тәуекелдер, оларды бағалау және төмендету жолдары. Кәсіпорынның банкроттыққа ұшырау ықтималдығын анықтау тәжірибесі.
Зерттеу объектілері бойынша нақты материалдарды жүйелеу, жинақтау, зерделеу және талдау.
Практиканы өтіп жатқан объект және орын бойынша кәсіпорынның қаржылық стратегиясын, тактикасын және қаржы саясатын, қаржы менеджментінің үлгісін (моделін) талдау және зерделеу.
Кәсіпорынның оперативтік қаржы басқаруды талдау және зерделеу, айналым активтерін басқару бойынша саясат: • кәсіпорынмен құрылған және оның құрылымына енетін еншілес ұйымдар және фирмалар. Негізгі ақша ағындары және осындай ұйымдармен өзара қатынасы; • кәсіпорынның (фирма, ұйым) холдингке енуі, ведомствалық бағыныштылығы және осыған байланысты негізгі ақша ағындары; • компанияға қызмет ететін коммерциялық банктер. Есеп, валюталық, депозиттік және басқа шоттар түрлері бойынша есеп айрысу; • шаруашылық жабдықтаушы шарт жасасу, оның орындалуы және шарттағы сәйкесінше ресурстармен қамтамасыз етілуі. Осы мәселелерді оқу барысында жабдықтаушы шартта қарастырылған қаржы санкциялары мен оның нақты қолданылуына аса көңіл бөлу керек; • тауарлар мен қызмет көрсетуді сатып алушылармен есеп айрысудың жағдайы. Сатып алушылардың уақытында шотты төлемеу белгілірі және оған қолданылатын іс әрекеттер; • кәсіпорында қолданылатын есеп қисап нысандары, олардың тиімділігі, оларды ары қарай қолданудың мақсаттылығы мен жетілдіру бағыттары; • банкке төлем құжаттарын дайындау, құру және беру; • кәсіпорындағы шоттардан ақша құралдарын жою кезеңділігі; • бюджетке және бюджеттен тыс қорларға кәсіпорындардың салықтық төлемдерін әзірлеу және есептеу; • кәсіпорынның экспортты-импорттық операциялары: олардың ағымдағы жағдайы, айналымы, кәсіпорын үшін тиімділігі және ағымдағы қаржылық нәтижелеріне әсері; • құнды қағаздармен операция: сәйкес құрылым, құнды қағаздармен операцияның мазмұны, кәсіпорынның қаржы нәтижесіне әсері; • кәсіпорынның ақша ағындары және олардың қаржылық жағдайына әсері; • басқару және құрамы, құрылымы: өндірістік босалқы қор; дебиторлық берешектер (оның мерзімі, түрі, сатып алушысы, сомасы бойынша саралау), ақша активтері, қысқа мерзімді инвестициялар;
Активтер мен пассивтерді талдау, түсімдер, шығыстар және қаржы ресурстарын бөлу Қаржылық есеп берулерді талдау, қаржылық коэффициенттерді талдау (мүліктік жағдайы, өтімділігі, төлем қаблеттілігі, қаржылық тұрақтылығы, іскерлік белсенділігі, рентабельділігі құнды қағаздар рыногындағы кәсіпорынның (банктің) жағдайы). Кіріс және шығыс құрамы, құрылымын талдау, операциялық тұтқа, шығынсыздық нүктесі / рентабельділік шегі, компания бойынша, қызмет түрлері және өнім бойынша қаржылық беріктіліктің босалқы қорлары, пайда бірлігі. Пайданы бөлуді талдау және механизмін зерделеу, кәсіпорынның дивиденттік саясаты. Тартылған қарыз құралдарының, қаржы тұтқасының саясатын талдау. Капитал құрылымын талдау ( қызметті қаржыландыру көздері). Ашық қор рыногында компанияның құралдарды акция эмиссиясы және IPO жүргізу жолдарымен құралдарды тарту тәжірибесі. Меншік капиталын талдау. Оны жоғарлату жолдарын іздестіру. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қарыздарды, оның ішінде банк кредиттерін, кәсіпорын үшін кредиторлық берешектікті талдау. Мерзімі, сомасы, түрлері бойынша депозиттерді тарту және берілетін қарыздардың ара қатынасы.
Оперативтік қаржы жоспарлау. Оперативтік қаржы жоспар құру тәртібі практика объектісінде– компанияда болмаған жағдайда студент өз бетінше құруы тиіс: • кәсіпорының кассалық жоспарын құру тәжірибесін зерделеу, осы құжаттың мақсатқа сайлығы, келешектегі кезеңге өз бетінше есеп қисап жүргізу. • төлем күн тізбесін құру тәжірибесін зерделеу, келешектегі кезеңге өз бетінше есеп қисап жүргізу және кәсіпорынның төлем қаблеттілігін қамтамасыз ету рөлін көрсету. • келешектегі кезеңді қысқа мерзімді қаржыландыру және айналым капиталындағы кәсіпорынның жоспарлы қажеттіліктеріне есептеу жүргізу. • негізгі факторлар бойынша жоспарлы жылда өнімді өткізу және өндіріс шығындарын үнемдеу есебімен кәсіпорында жоспарлы шығындарды анықтау:, жалақының өсуімен салыстыру бойынша жоғары қарқынмен еңбек өнімділігінің өсуі; қор қайтарымының өсуі және амортизациялық аударымды төмендету; материалдық ресурстар шығыстарының нормаларын төмендету; материалдық ресурстарды артық шығысын жою; шартты-тұрақты шығыстар және басқа факторларды үнемдеу. • жоспарланатын жылға меншікті айналым құралдарына кәсіпорынның қажеттілігінің ауытқуын анықтау.
Стратегиялық қаржылық жоспарлау және болжамдау Кәсіпорында қаржылық есеп берулердің формалары және ақша ағымдарының және оларды бағалау, кіріс және шығыс бойынша жоспарлы балансын құру тәжірибесі. Егер кәсіпорында аталған құжаттар жоқ болса, студент өз бетінше 3-5 жылдар аралығына есеп беруді жүргізуі қажет. Ол есеп берулерге жататындар: · өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсім; · өнімді (жұмыс, қызмет) өткізум және өндіріс шығындары; · қызметтің басқа түрлерінен кірістер мен шығыстар (өткізілмеген, қаржылық, инвестициялық); · қаржылық нәтижелер (пайда/шығын); · кәсіпорын қызметтерін қаржыландыру көздерін анықтау; · компанияның кірістер және шығыстар бойынша жоспарлы балансын құру; · ақша ағындары бойынша жоспарлы балансын құру; · ақша ағындары, инвестициялық салулардың тиімділігін бағалауды жүргізу. Кәсіпорында бюджеттеу жүйесі бар жағдайда студент олардың кейбірулерін әзірлеуіне қатысуы қажет. Сонымен қатар, кірістер мен шығыстарды қалыптастырудағы жекелеген құрылымдарының жауапкершілігі, олардың өзара байланысы мен өзара негізделімін анықтау керек.
Кәсіпорының қаржылық басқару бойынша бақылау-аналитикалық жұмыстар Студентпен қызметтің негізгі бағыттары анықталуы қажет: • ағымдағы шығындар, пайда, басқа кірістер, тауар өнімдерін (сату көлемі) өткізу бойынша түсімнің жоспарын орындаудағы бақылауды қамтамасыз ету бойынша кәсіпорынның қаржылық службасының жұмысы; • тұрақты және өзгермелі ағымдағы шығындарды бөлу тәжірибесі және олардың деңгейін бақылау; • кәсіпорында операциялық тұтқаның деңгейін және қаржылық нәтижелерді ықпалын бақылау; • кәсіпорында рентабельділікті бақылау: өндірістің рентабельділігінің деңгейі мен динамикасын есептеу, тауар шығарылымдарының рентабельділігі және шығарылатын өнімнің (атқарылатын жұмыс және көрсетілетін қызмет) негізгі түрлерінің рентабельділігі. Бағаның өсуі, өндіріс және өткізу шығындарының төмендеуінен және басқа факторлардың әсерінен маңызды өнім түрлерінің рентабельділігінің өсу мүмкіндігін зерделеу. • кәсіпорында айналым құралдарын тиімді пайдалануын бақылау. Айналым құралдарының айналымдылығын есептеу, оның динамикасын құру, өзгеру белгілерін анықтау. Меншікті айналым құралдарының жетіспеушілігі анықтау жағдайына аса көңіл бөлу қажет. Оның пайда болуын және оны толтыруын зерттеу. • қаржылық салулардың табыстылығына бақылау; • қаржылық жағдай мен банкроттықты болдырмауды бақылау.
Банкроттықты болжамдау және диагностикалау. Кәсіпорынды қаржылық сауықтыру әдістері және қазіргі механизмінің тиімділігі. Компанияның қосылуы және жұтылуы банкроттықтан жалтарудың әдісі ретінде. Компанияның қосылу және жұтылу механизмі.
Бағалы қағаздар рыногындағы компанияның қызметі. Бірнеше жылдар динамикасындағы компания акциясының рыноктық құны. Бірнеше жылдардағы компанияның капиталдандыруы.

4.5 Қазынашылық органдарында диплом алдындағы өндірістік практиканың мазмұны және бағдарламасы

№ р/н Жұмыстың мазмұны мен атауы
Қазынашылық Департаменті және аумақтық қазынашылық органдардың қызметі және өкілеттігімен танысу.
Қазынашылық органдардың бөлімдерімен танысу: құрылымы, арналымы, қызметкерлердің міндеттері, лауазымды нұсқаулықтар.
Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы басқармасы қызметкерлерінің функционалды міндеттерін зерделеу, түсімдерді басқару, шарттарды тіркеуді басқару, төлемге шоттарды енгізуді басқару, төлемдерді бақылауды басқару, операциялық басқару, ішкі бақылауды басқару, жабдықтаушы бойынша анықтамалықты жүргізу және есеп беру, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі, қазынашылық жүйені техникалық жүргізу бөлімі және ақпараттық қауіпсіздік.
Зерттеу объектісі бойынша материалдарды жинау, талдау және зерделеу.
Ұлттық валютадағы түсімдер бойынша бюджеттің атқарылуын ұйымдастырумен танысу.
ҚР ББС түсімдер сыныптамасының кодтары бекітілуімен біріңғай қазынашылық шоттың қызмет етуімен танысу.
Төменгі тұрған бюджеттен жоғарғы бюджеттерге бюджеттік алулардың және жоғарғы тұрған бюджеттен төменгі бюджеттерге бюджеттік субвенциялардың тәртібі мен кезеңділігі.
Мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерді мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету тіртібімен танысу .
Қолма қолсыз нысандағы ұлттық валютаның төлемдерін жүргізу.  
Инкассалық өкімдердің атқарылуы.
Мемлекеттік мекемелердің депозиттік шоты бойынша және демеушілік және қайырымдылық шоттары бойынша төлемдерді жүргізу тәртібімен танысу.
Тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсету) сатудан түскен ақшаларды, олардың қарамағындағы қалған ақшаларды жұмсау тәртібі
Қазынашылық жүйесінің қызмет етуімен және қазынашылық және клиент қызметімен танысу (К-2)

 

Мемлекеттік мекеме үшін аумақтық қазынашылық органдары қалыптастыратын есеп беру нысандарымен танысу:

Нысан 4-12 «Орындалмаған міндеттемелердің детальдары»;

Нысан 5-15 «Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер реестрі»;

Нысан 5-17 «Төлемдер реестрі»;

Нысан 5-20 «Мемлекеттік мекеменің шотының көшірмесі»;

Нысан 5-30 «Ақылы қызмет шотының қалдығы»;

Нысан 5-34 «Шоттағы қалдықтар туралы есеп».

4.6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің Орталық аппаратында өндірістік тәжірибені өту мазмұны мен бағдарламасы:

 

 

№ р/р Жұмыс атауы және мазмұны
Зерттеу және статистика департаменті
 

 

1) ақша-несиелік саясат саласында зерттеулер жүргізу, оның экономиканың жағдайына әсерін бағалау, қаржы секторының ағымдағы ахуалына және даму перспективаларына талдау жасау; 2) ақша-несиелік саясат бойынша статистиканы, қаржы секторы мәселелері жөніндегі ақпаратты қалыптастыру және тарату, халықаралық стандарттарға сәйкес статистиканың әдістемесін жетілдіру; 3) ақша-несиелік саясаттың құралдарын пайдалану жөнінде зерттеулер жүргізу және ақша-несиелік саясатының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамдарын дайындау.

 

Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті
 

 

1) халықаралық методологиялық стандарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының төлем балансын, халықаралық инвестициялық позициясын және жалпы сыртқы борышын бағалауды қоса алғанда сыртқы сектордың статистикасын қалыптастыру мен тарату; 2) Қазақстан Республикасындағы валюталық құндылықтардың айналысы тәртібін белгілеуді қоса алғанда Ұлттық Банктің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы саясатын методологиялық және нормативтік қамтамасыз ету және оны іске асыруға қатысу; 3) резиденттер мен резидент еместердің валюталық операцияларының және ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерінің мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдық және методологиялық қамтамасыз ету; 4) экономиканың сыртқы секторының ағымдағы жай-күйін және оның даму перспективаларын талдау, сыртқы сектордың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамын дайындау.
Монетарлық операциялар департаменті
 

 

1) Ұлттық Банктің ақша және валюта нарықтарындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы операцияларын қоса алғанда, Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатын іске асыру; 2) ҚРҰБ Алтын валюта активтерін және ҚР Ұлттық қорын басқару саласында инвестициялық саясат қалыптастыру және жүзеге асыру; 3) капиталдың және қаржы құралдарының халықаралық нарықтарына талдау жасау және бағалау, Қазақстан Республикасының ішкі қаржы нарығының ахуалына жүйелі түрде талдау, сыртқы сектордың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамын дайындау.
Төлем жүйелері департаментi