V. Объективті зерттеулер

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Акушерия және гинекология кафедрасы

Кафедра меңгерушісі: СММУ профессоры

Кайлюбаева Г.Ж.

Оқытушы: (Т.А.Ә.)

Босану тарихы

(үлгі)

Аты-жөні:

Алдын ала қойылған диагноз:үлгі бойынша,VIІ тарау

Қорытынды диагноз:үлгі бойынша, ХІ тарау

 

 

Курация уақыты: _____ ______

Куратор_______________________

(Студенттің аты-жөні, топ №)

Семей қаласы

Ж.

І. Паспорттық бөлім

  1. Босанушының аты-жөні:
  2. Жасы:
  3. Ұлты:
  4. Жұмыс орны:
  5. Тұрғылықты жері:
  6. Клиниканың босану бөліміне түскен күні және уақыты
  7. Курацияның басталу уақыты мен күні:
  8. Жүктілік кезінде бақыланған жері (ОДА, әйелдер кеңесі)

 

ІІ. Шағымдар

Түскен кездегі: (қағанақ суының кетуі, уақытын көрсету; толғақ тәрізді ауырсынулардың пайда болуы – локализациясы, ұзақтығы қанша уақыт бойы көрсету)

Курация кезінде:

 

ІІІ. Өмір анамнезі

____жылы дүниеге келен. ___ жасынан мектепке барды. Білімі _____. Қазіргі таңда _____жұмыс істейді. Еңбек ету жағдайлары_______, кәсіптік зияндылықтары _____.

Пәтерде _____бірге тұрады. Тамақтануы және тұрмыстық жағдайы _____. Курация жүргізген кезіндегі және бұрын да ауырған аурулары ______. Аллергологиялық анамнезі _____. Зиянды әдеттері ______. Гемотранфузия (қан және оның компоненттерін құю себептерін, күнін жылын егер асқынулар болса көрсету керек).

 

ІV. Арнайы анамнез

1. Етеккір қызметі: етеккір ___ жастан бастап басталды, тұрақтануы ____(бірден, бірден емес- етеккірдің ретті келу мезгілін көрсету), ретті/ретті емес, __ күннен, әрбір ___ күн сайын келеді, қан жоғалту мөлшері (аз, мөлшерлі, көп). Соңғы етеккірдің келу күні.

Гинекологиялық аурулар.

2.Бала көтеру қызметі:

Жыныстық қатынасқа ____ жастан түсті, тұрмыста/тұрмыста емес. Некесі ______ тіркелген/тіркелмеген.

Жыныстық қатынастың қай жылында бірінші жүктілік басталды.

Контрацепция әдістерін қолдануы.

Қазіргі жүктілігі жалпы хронологиялық реттілікпен көрсетіледі.

Барлық жүктіліктері және олардың немен аяқталғандығы көрсетілуі қажет, әрқайсысының жылын, мерзімін, ұрық салмағын, тірі/өлі туылғандығын, босануда, босанудан кейінгі кезеңдегі асқынулары; жүктілікті үзген жағдайда өздігінен болған (мерзімі, себебі, асқынулары), жасанды түсік (мерзімі, асқынулары).

3.Қазіргі жүктіліктің ағымы: есепке алу уақыты, алғаш келген кездегі жүктілік мерзімі, қаралу жиілігі. Үштіктер бойынша жүктілік ағымы (егер асқынулары болса көрсету, амбулаторлық/стационарлық ем алу). Ұрықтың бірінші қимыл жасау күні.

 

V. Объективті зерттеулер

Жалпы жағдайы ________. Салмағы_____кг. Бойы ____ см. Дене температурасы.

Ары қарай:ішкі ағзалар және жүйелер бойынша(ішкі аурулар пропедевтикасы бойынша сызбасын қара).

VІ. Арнайы акушерлік зерттеу:

  1. Ішті қарау: ішінің формасы ____ , жүкті жатыр есебінен ұлғайған, алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықеттерінің ажырауы(бар/жоқтығы), жатыр контурлары.
  2. Іштің пальпациясы: жатыр қозғыш/ қозғыш емес, пальпация кезінде ауырсыну/ ауырсынбауы____ . Іштің айналымы____ см, қасаға үстінен жатыр түбінің тұру биіктігі_____ см.

 

 

  1. Сыртқы акушерлік зерттеу: Леопольд-Левицкий тәсілдері: мақсаты және сипаттамасы, алынған мәліметтерді белгілеу.

Қорытынды: ұрықтың орналасуы, _____ ,______ позициясы,_____ түрі, келген бөлігі ____ , ұрық басының жамбас жазықтықтығына қатынасы.

Ұрықтың жүрек соғысы жақсы тыңдалады кіндіктен ________, жүректің жиырылу саны минутына, ырғақты/ ырғақсыз, анық/тұйық.

  1. Сыртқы жамбас өлшемдері:

Жамбас өлшемдері: жүргізілетін зерттеулер сипаты.

Алынған мәліметтері:

Distantia spinarum- ____см

Distantia cristarum- ____см

Distantia trohanterica- ____см

Conjugata externa -_____ см

Диагональды конъюгата _____ см

Сегізкөз ромбы: формасы, оның диагональдары____ см.

Соловьев индексі ______см

  1. Ұрықтың болжам салмағын анықтау: кем дегенде 3 әдіс бойынша анықтау.

Мысалы: Жорданиа бойынша (ІА*ЖТБ=__________ г)

  1. Айнамен қарау (күні мен уақытын көрсету):

Сыртқы жыныс мүшелері _____типі бойынша дамыған, дамуы ____ , патологиялық өзгерістері. Қынап шырышы қабаты және жатыр мойнының түсі_____ ; жатыр мойнында: патологиялық өзгерістер (бар/жоқтығы); бөліністері: сипаты, түсі, мөлшері.

  1. Қынаптық зерттеу (күні мен уақытын көрсету):

Қынап босанған/босанбаған әйелдікіндей; босануда жатыр мойнының жағдайы (қысқарған, тегістелген) сыртқы аранның ашылуы____ см, жатыр мойны аранының шеті­­­­­ (жұқа, орташа қалыңдықта); қағанақ қабы анықталады/ анықталмайды; ұрықтың баспен келуі, ұрық басының жамбас жазықтықтарына қатынасы (кіші жамбас кіреберісінен жоғары, кіші жамбас кіре берісіне тірелген, кіші жамбас кіреберісіне кіші сегментпен келген және т.б.). Экзостоздар, кіші жамбас деформациялары анықталады/ анықталмайды. Мүйіс зерттеуге жетімді/ жетімсіз.