Ерік сапалары.

Адамның ерік-жігер қасиеттері сан алуан. Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамга келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық шыдамдылық т.б.); Екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік сапаларына (жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары); Үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары жатады (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т, б.).

Тоқтамға келгіштік.Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу үшін адам асығып-аптықпайды. Бұл әрбір істі ой таразысына салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы ісін дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін тежей алу, қателерді көре білу - тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер.

Біреу тоқтамға келуде оншама көп қателікке жол бермейді, ал екінші біреу көптеген қателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық жейді, әуре-сарсаңға түседі, ал үшінші бір адамдар жиі-жиі түрлі тоқтамға келеді де, алдына сансыз мақсаттар қояды. Бірақ оларды, көбінесе, орындай алмайды. Ақырында мұның барлығы оның ерік-жігерін жегідей жеп мұқалтады.

Батылдық. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын аңықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлылығынан көрінетін жеке адамның еріктік қасиеттері батылдық деп аталады. Әрекет мақсаттары мен оларға жету тәсілдерін жан-жақты және терең ойлап, қабылданатын шешімнің маңызын түсініп, олардың мүмкін болар нәтижесі жөнінде өзіне-өзі есеп беріп отырады.

Бір қарағанда батыл адам мақсатты оңай және еркін таңдайтын тәрізді болып көрінеді. Бірак, шындығында олай болмайды. Батыл адам да күрделі, азапты ішкі тартысты, қарама-қарсы мотивтер қақтығысын, эмоциялық, тебіреністерді басынан кешіреді. Батылдық - жеке адам еркінің жоғары дәрежеде екендігін көрсететін қасиет. Батылдық қабылданған шешімді жүзеге асыру барысында айқын көрінеді.

Табандылық. Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен көрінетін жеке адамның еріктік қасиетін табандылық деп атайды. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды, одан мақсатқа жетуге көмектесетін нәрселерді таба біледі. Ол қиындықтан тайсалмайды, тап болған күдікке, тағылған кінәларға мойын ұсынып берілмейді. Өмірден біз табандылығы төменгі дәрежеде қалып қойғандай болып көрінетін адамдарды аз кездестірмейміз. Мұндай адамдар ақылды, тіпті талантты да болуы мүмкін, бірақ біршама күрделі жағдайда немесе алғашкы қиындықтармен кездескенде өз мінез-құлықтарын ұзақ уақыт бойы басқара білуге қабілетсіз болып шығады. Оларға пайда болған кедергі алынбас қамалдай болып көрінеді де сондықтан босқа күш жұмсағылары келмейді. Бір қарағанда ерекше табанды сияқты болып көрінетін адамдар да кездеседі. Бірақ жақынырақ танысып көрсеңіз, олардың бар болғаны кәдімгі қиқар адамдар екеніне көзіңіз жетеді. Қиқар адам өз пікірін, өз дәлелдерін ғана мойындайды, бұл дәлелдері қате болса да, соларды басшылыққа алады.

Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді ойлайды. Мектеп оқушыларын табандылыққа тәрбиелеуде мұғалім мына шараларды жүзеге асырып отырады:

1) Баланы жас көзінен қолына алған ісін ылғи да аяқтатып, оның қолынан іс келетіндігіне сенімін арттырып отыру қажет;

2) Оқушы дербес әрекет жасауға, өз бетімен қиыншылықтармен күресе білуге үйрету. Қажетті жерінде тәрбиешінің өзі өнеге көрсетіп отырса тіптен жақсы;

3) Баланы ұжымдағы ортақ мүде үшін күресе білуге баулу, көпшілік алдындағы борышын, жауапкершілігін өтеуге жұмылдыру, оған берілген тапсырмалардың орындалу сапасын қадағалау - табандылыққа тәрбиелеудің басты жолдары.

Ұстамдылық.Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды адам әр кез терең ойланып, ағат істерге бара бермейді. Мұндай адам өзінің бар күш-жігерін тек алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады.

Ұстамдылық, өзін-өзі меңгере алу - адамның төзімділік, шыдамдылық, батылдық сияқты ерік сапаларымен тығыз байланысып жатады. Адам осындай қасиеттердің арқасында ғана өзін нағыз ерлерше ұстай білуге үйренеді, өзін қорқу сезіміне билетпей, көңілге алған ісін қажетінше істеп шығады.

Тәртіптілік пен жинақылық. Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті. Жекешіл, ұжымнан оқшауланып жүретін адамда тәртіптілік жағы аз болады. Кісінің тәртіптілігі оның жинақылығымен, іс-әрекетінің жоспарлығымен тығыз байланысты. Адам әр уақытта бір іске кірісерде оны мұқият жоспарлап алады. Адамның тәртіптілігі мен жинақылығы оның қоғамдық әрекетімен қатар жеке өмірінде де ерекше маңыз алады.

Оқушыларды тәртіптілік пен жинақылыққа тәрбиелеу дегеніміз олардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру, әрбір кішкентай істің өзіне тиісінше мән беріп отыруға үйрету қоғамдық істе де, жеке өмірде де қатаң тәртіп сақтау, ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа үйрету, бір сөзбен айтқанда, осылардың барлығын олардың қанына "сіңіріп" отыру деген сөз.

Ерлік. Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет. Сонымен қатар, ерлік - батылдық пен ұстамдылықтың, табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы. Ерлік істеген сәтте адам өзіне өлім қаупі төнсе де сасқалақтамайды, өз рухын жақсы ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай көтереді, өз мақсатын асыл мұратына бағындырып, мұны ең негізгі борышым деп есептейді.

Ерлік көбінесе қоғамдық мәні бар істерде көрінеді. Сондықтан да ол адамның өз халқына, Отанына қалайша берілгендігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Қазақ халқының тарихында да кір жуып, кіндік кескен жерін көздің қарашағындай сақтап, басқыншы жаудан асқан ерлікпен қорғай білген небір батыр тұлғалар көптеп кездеседі. Мәселен, Қарасай, Қобыланды, Қамбар, Сырым, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Амангелді, Бауыржан т. б. осылар секілді әр рухты, намысты қолдан бермей шыбын жанын туған жері үшін құрбан еткен қас батырлардың бейнелері қазіргі тәуелсіз елдің жас ұрпақтарына үлкен өнеге.

Дербестілік. Бұл ерік-жігері күшті адам, кім болса соның айтқанына жүре бермейді. Ол өзінше ойлайтын, өздігінен әрекет ететін кісі. Басқалардың айтқанын, істегенін қайталамай, соларға жай ілесе бермей, әр нәрсеге сын көзбен қарап, өз қатесін кезінде біліп, түзетіп отыратын адамның тамаша сипаты.

Шыдамдылық. Адам өзінің мақсатына жету үшін қиыншылықтардың көптігіне, не болмаса өзінің әрекетінің, жұмысының сәтсіз болуына қарамастан алға тұтқан мақсатын жүзеге асырам деген үмітін, ол еш уақытта бас тартып қайтпай, осы жолда кездесетін қиыншылықтардан қашпай шыдамдылық көрсетіп, қайткен күнде де мақсатына жетпей тынбауын айтамыз.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

1. Ерік дегеніміз не?

2. Еріктің физиологиялық негізін қалай түсінуге болады?

3. Адамның негізгі ерік сапалары қандай?

4. Күрделі еріктік әрекеттерге нелер жатады?

5. Ерік сапаларына нелер жатады?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Аймауытов Ж. Псиқология. Алматы, «Рауан», 1995, - 303б.

2. Богословский В.В. Психология. Алматы, «Мектеп», 1980, - 350б.

3. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.

4. Маклаков А.Г. Общая психология М., 2006, -581с.

5. Немов Р. С. Психология. М., «Просвешение»., 1995, 1том -573с.,

6. Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б.

7. СтоляренкоЛ.Д. Основы психологии Ростов на-Дону, «Феникс» 1997, -732с.

8. Тәжібаев Т. Жалпы психология – А. «Қазақ университеті», 1993 -240 б.

9. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии – СПб,: Питер 1999г., 345с.

10. Рувинский Л.И., Хохлов С.И., Ерік пен мінезді қалай тәрбиелеу керек Алматы, «Мектеп» 1989ж., -150б.

 

 

Дәріс № 13. Даму психологиясының қысқаша тарихы

 

Дәрістің мақсаты: студенттерге даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері негізінде түсініктеме беру.

 

Жоспары:

1. Даму психологиясының пайда болуы.

2. Даму психологиясындағы биогенетикалық және әлеуметтік генетикалық бағыттар.

3. Ж. Пиаженің психикалық даму мәселесі жөніндегі пікірлері.

 

1.Даму психологиясының пәні және нысаны

Даму психологиясы - адамның индивидуалды өмір барысында психикалық даму динамикасын және заңдылықтарын зерттейтін психология бөлімі. Адамның психикалық процесін әртүрлі жағынан сипаттау үшін негізгі төрт категория қолданылады: даму, пісіп жетілу, өсу және қалыптасу. Даму барысында адам мінез-құлқы мен психикасың сандық, сапалық құрылымдық қайта құрылуын туғызатын заңды өзгерістері мен бағыттары қайталанбас процесс ретінде түсіндіріледі.

Бағыттылық – дамудың ішкі өзара байланысты жолына алып келетін қабілет жүйесі. Дамудың бағыттылығы жүйелік принципімен түсіндіріледі.

Заңдылық- әр адамдағы бір типті өзгерістерді қайта жаңғырта алып келетін қабілет жүйесі. Бұл жүйеге үлгі болып «индивид-орта» қарым-қатынасы, генетикалдық психологияда; «бала-ересек» жүйесі жатады.

Пісіп-жетілу – адамның индивидуалды қасиетіне тәуелді процесс; организмнің сыртқы түрінің генетикалық бағдарланған жүйесінің өзгерісі ғана емес, оның қиыншылығын, интеграциясын, ұйымдастыруын және функциясынан туатын процесс.

Өсу – пісіп-жетілу кезіндегі сол және басқа функциялардың сандық өзгеру процесі. Егер даму барысында сапалық өзгерістер болмаса- бұл өсу (Д.Б.Эльконин)

2. Психикалық дамудың факторы, формасы, мақсаты.

Даму аймағы: Даму аймағы- дамып жатқандықты көрсетеді. Даму аймағы:

- психофизикалық (адам денесінің сыртқы және ішкі өзгерістері);

- психосоциолды (эмоционалды және тұлғалық өзгерістер, «Мен» концепциясы мен өзіндік сананың қалыптасуы;

- танымдық (ақыл-ой қабілетінің, интеллектінің, танымдық процестердің дамуы;

Даму психологиясы адамдардың тәжірибесі мен жас кезеңде қалай өзгереді, соны танып-білумен шұғылданады. Даму психологиясы бұл жеке тұлғаның қартайған шағына дейінгі және онтогенездік даму, қалыптастыру заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымдарының бірі. Онтогенез (грек. онтос – тіршілік, генезис – шығу тегі, пайда болуы) – жеке огранизмнің туылғаннан бастап тіршілігін жойғанға дейінгі даму процесі. Бұл терминді 1866 жыл неміс биологы Э.Геккель ұсынды. Даму психологиясының пәні – адам психикасының жас ерекшелік динамикасының, организмнің тіршілік әрекетінің жеке дамуының психологиялық процесстерінің сапаларының даму, қалыптасу заңдылықтары туралы психологиялық процесс болып табылады.

Психикалық даму мақсаты: Адам даму психикалық дамудың мақсаттына қойылатын бағыттылықты меңгереді. Даму мақсатын түсіну көптеген концепцияларда әртүрлі.Даму мақсатының сапасы ретінде адамның өз жеке күйзелістерін сезіну, бала әлеуметтенуі және жоғары психикалық функциясы (Л.С.Выготский), мінез-құлық автономиясы, ата-ана жанұясынан бөлектену (әлеуметтік үйрену теориясы), өзін-өзі жетілдіру, актуализация (А.Маслоу, К.Роджерс), мәдениет құндылықтарын және тармақтарын меңгеру (мәдениеттену М.Мид, Дж.Брунер, Л.С.Выготский) қарастырылады. Психикалық даму факторы- оның барлық жүрісіндегі шартталған себептері.Олардың тұқымқуалаушылық, орта, тұлға белсенділігі жатады.

Даму психологиясы — жеке адамның психикалық дамуын, өмір тіршілігінде қалыптасу зандылықтарын танып білуге көмектесетінпсихология ғылымының дербес саласы. Даму:

§ 1) материалдық объектілердің заңды, бағытты, қайтымсыз өзгеруі, нәтижесінде объектінің жаңа қасиеттері туындайды;

§ 2) тұлғаның сыртқы және ішкі, басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың әсерімен даму үрдісі.

Даму кезінде адамда сандық және сапалық өзгерістер туындайды. Даму психологиясы адамның жеке басының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді, адам жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін азаматтық қасиеттерінің кемелдену жағдайларын, өзіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық зандылықтарымен таныстырады. Даму психологиясы психикалық дамудың қозғаушы күшін, заңдылықтарын және адамның онтогенезде қалыптасуыл қарастырады.

Даму психологиясы келесі бөлімдерден тұрады:

§ мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы;

§ бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы мен жеке басының қалыптасуы;

§ жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктері мен жеке бастарының қалыптасуы;

§ жасөспірімдердің псыхикалық дамулары мен психологиялық ерекшеліктері;

§ ересектер меи егде жастағылардың психологиялық ерекшеліктері;

§ қартайған жастағылардың (геронтопсихология) психологиялық ахуалдары.

Даму психологиясы — онтогенезде адамның психологиялық және қылықтық дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін мәліметтері бар психологиялық зерттеулер саласы. Дамудың әлеуметті жағдайы — адамның психологиялық және қылықтық дамуы өтетін әлеуметтік жағдай. Дамудың әлеуметті жағдайы дамудың қандай факторлар жүйесіне байланысты екендігін де қарастырады Дамудың жақын зонасы — психикалық дамудың мүмкіндіктері, адамға сырттан минималды көмек беру арқылы ашылады. Дамудың жақын зонасы ұғымын әйгілі ғалым Л.С.Выготский енгізген. Дамудың жақын зонасы - айналадағы адамдардың кішігірім көмегін немесе демеуінің негізінде балада айқындалатын және соларды пайдаланып оның шынайы дамуына мүмкіндіктер. Дамытатын күштер — балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ересектердің өз алдына қойылатын мақсаттары, яғни баланың өзін өзі жетілдірудегі қажеттіліктері.

 

Қозғаушы күш жайлы тyсiнiк

Адамның психологиялық дамуын зерттеу сипатты ғана емес, сонымен қоса түсіндіру, фактілердің интерпретациясын болжайды. Нақты фактілер белгілі теориялар контекстінің мағынасында болады, ол негізгісін тұрлаусызынан бөліп көрсетеді және психологиялық дамудың негізгі заңдылықтарын түсіндіреді.

Кез-келген психологиялық дамудың шешуші сұрағы қозғаушы күштерді және психикалық дамудың көздерін анықтау болып табылады. Оған адамдағы табиғи бастау (немесе оның тұқымқуалаушылығы) немесе орта (әлеуметтік айналасы, игерілген тәжірибе) жатады. Бұл шешуші сұрақ қалай шешілгеніне байланысты психологиялық теория екі бағытқа бөлінеді.Тарихи тұрғыдан бұл өзгешелік баланың дамуын әр жағынан көрсететін әр түрлі екі философиялық ағымға бағытталған.

Соның бірі XVII ғасырдағы ағылшын философы Джон Локктың есімімен байланысты. Ол баланы таза тақта деп қарастырды, оған қоршаған орта мен қоғам өз өкілдерінің бейнесінде оларға керектіні жазады. Бұл теорияға сәйкес психологиялық даму әрекеттердің әлеуметтік формаларының жинақталуымен және пайдалы қылықтарды өңдеуден тұрады.

Басқа бағыт XVII ғасырдағы француз философы Жан Жак Руссо көзқарастарына негізделеді. Ол жаңа туған баланың өзінен адамдық тұлғаны көре білді. Оның ойынша психикалық даму табиғи құбылыстардың жетілуі және олардың орындалуы ретінде қарастырылады.

Сонымен, психологияда психикалық даму заңдылығының интерпретациясы 3 негізгі жолмен қалыптасты:

- Биогенетикалық – негізіне биологиялық үрдістердің жетілуі жатады, ал қалған даму үрдістері жанама түрде қарастырылады;

- Социогенетикалық – назар ең алдымен әлеуметтену үрдістерінде және қоғамды өмір жолына қатысты этапқа қоятын істерден көрінеді;

- Психогенетикалық - негізіне психикалық үрдістер мен қызметтің өзіндік дамуы жатады.

Қазіргі кездегі психологтер бұл көзқарастарды сирек қолдайды. Жалпы адамның психикалық дамуында тұқымқуалаушылықтың рөлі қандай болса, ортаның да рөлі сондай.

Дамудың биогенетикалық теориясы. Дамудың биогенетикалық теориясы балалық туа біткен ерекшеліктерге бағытталған. Оларға әрекетті жеңілдетілген-механикалық түсіну тенденциясы тән. Оның анықтаушы факторы тұқымқуалаушылық.

Жеке тұлғаның дамуының сандық және сапалық жақтары негізінен тұқымқуалаушылықпен анықталады, тұқымқуалаушылықпен байланыста болатын орта реттеуші, басқарушы қызметін атқарады.

Бұл ой Э.Геккель мен С.Холлдың “биогенетикалық заңында” анық көрінеді. Бұған сәйкес онтогенез филогенездің қысқарған қайталануы. Осыған байланысты адам ұрығы өзінің жатыр ішіндегі өмір сүру кезеңінде дамудың барлық сатысы бір жасушалы тіршілік иесінен адамға дейінгі сатыға дейін басынан кешіреді. Сол сияқты балада адам тарихындағы негізгі даму кезеңдерінен өтеді:

1. жабайылық кезең

2. аң аулаушылық

3. мал жаю

4. жер игеру кезеңі

5. сауда-өндірістік кезең –ақшаға, саудаға, айырбасқа қызығушылық.

Биогенетикалық концепциясының басқа нұсқасын “конституциялық психологияның” неміс өкілдері жасаған. Э.Кречмер және В.Йенш адамның физикалық типі мен оның даму ерекшеліктері арасында қандай да байланыс болуы керек деп болжады. Э.Кречмер: Егер адамдарды ось бойынша орналастырса, онда оның полюсінің бірінде циклді тип (тез қозушы, көңіл күйге байланысты тұрақсыз) басқасында шизоидты (тұйық, байланыспайтын, көңіл күйге байланысты тұйық) болады деп санады. Жеткіншек жас циклдік жарықшаққа, ал жасөспірімдік оның өзін талдау “шизоидты” кезеңмен байланысады. Сонымен даму типтері жас ерекшеліктерінің жеке тұлғаға әсерімен анықталады.

Баланың психикасының инстинктивті табиғаты психологияның этологиялық бағытында көрінеді. Онда адам әрекеті туа біткен рефлекстердің тізбегі ретінде қарастырылады. Неміс ғалымы К. Лоренц барлық тірі заттардың әрекеттерінің формаларының бірі деп зерттеді. Оның ойынша адам өмірі жануарлар өмірінен ерекшеленеді және әрекеттің инстинкті-детерминирлі формаларының тізбегін түзеді. Барлық жоғары және адами құбылыстар –достық, махаббат, соғыс, қызғаныш, үйреншіктік және басқа –туа біткен инстинктер, түрдің сақталуына, тірі қалуына бағытталуын түсіндіреді. Биологиялық тұтастылық оның теориясының негізгі бағалығы және басты түсіндіруші принципі.

З.Фрейдтің психоаналитикалық теориясы баланың туа біткен инстинктерінен тұрғызылады (“либидо”, немесе “оно”). Бала әрекетінің басты түрткісі инстинктивті қалауларын қанағаттандыру (“ләззаттану принципі”). Бірақ бала өмірінің алғашқы жылдарында ересектердің талабына жауап ретінде біртіндеп өзінің импульстерін қанағаттандыруды ұстау бейімділігі пайда болады. Жазалау алдындағы қорқыныштан ол өз әрекетін қадағалайды және инстинкті қалауларына ұстамдылық таныта бастайды. Солай келесіде психиканың инстанциясы пайда болады, оны З.Фрейд “Я” (мен) немесе “Эго” деп атады. Болашақта ішкі өмірдің келесі деңгейі қалыптасады (“Суперэго”).

Онда қоршаған адамдардың талаптары оның жеке және өзіне деген талап, ал олардың құндылықтары –оның жеке құндылықтары болады. Психикалық дамудың кезеңденуі баланың инстинктивті тартуларды қанағаттандыру тәсілі негізінде тұрғызылады.

З. Фрейдтің ізбасарлары – неофрейдисттер Э.Фромм, Дж.Хорни, Э. Эриксон және басқалары –бұл үрдісті аса кең контексте қарастырды. Баланың “Мен”-інің (“Я”) қалыптасуындағы тәрбие шарттарының үлкен ролін бөліп көрсетті.

Қазіргі таңда психоанализ бағытының ең атақтысы батыс психологиясындағы Дж. Боули мен М.Эйнсворттың бауыр басу теориясы. Қараудың ортасында ана мен баланың ерте қарым-қатынасы тәжірибесі орналасқан. Бұл теорияда анасына бауыр басу алғашқы биологиялық сұраныстарды қанағаттандыруды емес, қорғау мен қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді. Сәбидің бауыр басуға тенденциясы генетикалық және эмоционалды шартты, бірақ бауыр басу шешесінің әрекетіне байланысты.

Сонымен, биогенетикалық жақындаудың соңғы нүктесі ағзаның ішінде болып жататын үрдістер.

Социогенетикалық теориясы.Социогенетикалық теорияның жақтаушылары қоғамның құрлымына байланысты жас ерекшеліктерін, әлеуметтанудың тәсілдерін, баланың басқа адамдармен байланысын түсіндірмекші болды. Бұл бағыттың жақтастары француз психологтары Г. Тард, Э. Дюрккгейм, Ш. Блондель, П. Жане және тағы басқалары. Француз психологиясындағы әлеуметтану бағытының негізін қалаушы деп Э. Дюркгеймді санаған. Оның ойынша психологияның дамуы бұл – сенімді және басқа адамдардың сезімдерін енгізу, игеру. Қабылданған эмоциялар мен ойлар баланың жаны қызметінің сипатын анықтайды. Бала даму барысында жинақталған адам тәжірибесін, салт-дәстүрлерді игеруі керек. Бұл еліктеу арқылы жүзеге асады. Тұқымқуалаушылық биологияда қандай маңызға ие болса, еліктеу де қоғамдық өмірде соншалықты маңызды.

П. Жанені психиканың дамуында биологиялық және әлеуметтік арақатынас туралы мәселе қызықтырды (ғалымның ойынша адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр адамның психикасының даму принципі болып табылады).

Ол психиканы әлеуметтік шартты және оның дамуы табиғат пен қоғамның арасында әр түрлі байланыс жүйелерінің қалыптасуы деп санады.

П. Жане байланыс мағынасын адамның әлемге қатынас формасы деп түсінген. Ғалымның ойынша адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр адамның психикасының даму принципі болып табылады.

Мәселені шешуде бихевиоризм теориясы ерекше орын алады. Мұнда зерттеу пәні адамның ішкі дүниесі емес, сыртқы бақыланатын әрекеті болып табылады. Бұл теорияның өкілдері –Б. Скиннер, Э. Толмен, Э. Торндайк және басқа ғалымдардың ойынша даму үрдісі әрекеттік әлеуметтік қолданыстағы формаларын игеруден тұрады.

Психогенетикалық бағыт. Психогенетикалық жақындау әлеуметтік және биологиялық үрдістердің мағынасын жоққа шығармайды, бірақ алдыңғы жоспарға өзіндік психикалық үрдістердің дамуын қояды. Осыған байланысты эмоция, тартылу, танымдық интеллектуалды ерекшеліктерге, жеке тұлғаның тұтас дамуына назар аударылады.

Осы бағыттың өкілдері - Ж.Пиаже, Р.Колберг, Ш.Бюлердің жұмыстарында өте бағалы бақылаулар жүргізілген. Сонымен Ж.Пиаженің когнитивті даму концепциясының негізінде баланың когнитивті құрылымының жетілуі жатыр. Баланың интеллектуалды дамуы ішкі ортаға адаптация үрдісі ретінде қарастырылады. Ж.Пиаже алғаш бала ойлауының сапалы өзгешелігін көрсетіп, интеллектуалды операциялардың жетілуі негізінде бала дамуындағы ерекше уақыт кезеңін жасап шығарды.

Ж. Пиаже және басқа да психогенетикалық бағыт өкілдерінің ойлары біржақты болмады. Психикалық үрдістердің маңыздылығына қарамастан, олардың әрқайсысын бөлек алып қарасақ та олар жеке тұлғаның тұтас дамуын анықтай алмайтыны анық. Дегенмен, осы теорияны қалағандарға қатысты барлық ескертулерді ескермегенде, олардың бала психологиясына сіңірген еңбектері өте зор.

Бірақ бағыттардың ешқайсысы психикалық дамудың мәселелерін тұтасымен шеше алған жоқ. Неміс психологы В. Штерн олардың біржақтылығын шеттеп көрмекші болды. Оның “конвергенция” теориясына сәйкес, психиканың даму үрдісі тұқымқуалаушылық және орта сияқты екі фактордың қарым-қатынасынан анықталады. Бұдан тұқымқуалаушылыққа анықтаушы рөл, ал ортаға –психиканың тұқымқуалаушылықтық ерекшеліктері орындалатын тек шартты рөл беріледі. Екі фактордың конвергенция түсінігі оқымыстының әдістемелік принципі ретінде қолданылды. Осыған байланысты алғашқы жоспарға бала дамуындағы тұқымқуалаушылық және ортаның қатысты рөлін табу мәселесі қойылды.

 

 

Дәріс №14 Даму психологиясының пәні

Дәрістің мақсаты: студенттерге психикалық дамудың жас ерекшелік кезеңдері жөнінде мағлұмат бере, білімдерін кеңейту.

 

Жоспары:

1.Даму психологиясы пәні, зерттеу әдістері.

2.Жас дамуының кезеңдері.

3.Адам дамуы туралы теориялар.

 

Психологиялық зерттеушілердің әдіснамалық негіздері. Оларды жас ерекшелікік психологияда қолдану. Даму психологиясының әдістерін топтастыру.

Даму психологиясының әдістерін сипаттау. Зрттеудің генетикалық әдістері. Жасқа байланысты «көлденең кесу» Онтогенетикалық эволюцияны зерттейтін лонгитюд әдісі. Бақылау. Оның түрлері. Бақылау әдісінің ерекшеліктері. Оларға қойылатын талаптар. Бақылаудың пәні, мақсаты, бақылау сұлбасы. Бақылау материалдарын талдау және түсіндіру.

Даму психологиясындағы сараптау, (эксперимент) оның түрлері.

Психологиялық эксперименттің құрылымы. Эксперименттік зерттеудің негізгі сатылары. Экспериментті жоспарлау және эксперименттік зерттеуге сәйкес әдіснаманы таңдау.

Әңгімелесу әдісі. Сауалнама (анкета). Тест. Іс-әрекет өнімдерін талдау. Социометрия және оны даму психологиясында қолдану ерекшелігі. «Егіздер әдісі», оның мәні. Өмірбаяндық (биографиялық) әдіс. Оның ерекшеліктері. Қазіргі психологиядағы диагностика мәселесі. Даму психологиясының міндеттерін шешудегі кросс мәдени зертеулердің мәні.

Бақылау.Психологиялық дамудағы баланың ерте кезеңінен бастап дамуын зерттеудегі көп жетістікке қол жеткізетін әдістердің бірі.

Бақылау әдісі – бұл қиын әдіс емес, оны тек дұрыс ұйымдастыра білген жөн. Сонда ғана адамның табиғи тәртібі туралы дұрыс фактілерді аламыз. Адамды бақылап жүргенде ол өзінің сыртынан біреудің бақылап жүргенін білмейді, яғни ол кезде адам табиғи қалпында жүреді. Сондықтанда, бақылау әдісі - өмірдегі дұрыс фактілерді қорытындылай алады. Тәртіптерін, өзін-өзі ұстануын мектепке дейінгі жастың ойын үстінде оқушының- сабақта, жасөспірімнің құрдастары ортасында, үлкендердің жұмыс орнында жүргенде бақылауға болады. Бұл кезде психолог адам туралы ойлау қабілетін, есте сақтауын, эмоциясын , қабылдауын, сөйлеу мәнерін, іс-қимылын, жеке тұлға ретінде қандай адам екенін біле алады.

Бақылау сонымен бірге адамның психикалық дамуын сараптай алады. Бақылау әдісіне шектеу қою бірнеше себептерге байланысты.

- Бірінші – табиғылығын, тұрақтылығын адамның әлеуметтік, физикалық, физиологиялық және психикалық процесінің барлығын түгелдей жеке қарастыру, бақылау мүмкін емес.

- Екінші- бақылау зерттеу кезінде баланың мүмкіншілігін, табысқа жетілуін бір нәрсені жылдам жасай білуін шектейді.

- Үшіншіден- бақылау кезінде бұл фактіні қайтадан сол қалпында өзгерізсіз көре алмаймыз.

- Төртінші- бақылау тек түртіп алады, психологиялық дамуы қалыптастыра алмайды.

Сол себептен, лонгитюдты бақылаулар жүргізу арқылы бір немесе бірнеше адамға, осы жерде А.Газель 165 балаға 12 жыл ішінде бақылау жүргізген екен. Сонымен қатар, баланың күннен-күнге дамуын жазып отырған ата-аналарды мәліметтері үлкен әсер еткен. Бақылау түрлері, «өзін-өзі» бақылауды көру, сезім, уайым өзінің ішкі әлеміне анализ жасау, өз уайымын түсіну, өз әрекетін бағалау сияқты түсініктер жатады. Басқа вариантта бақылау- іс әрекет нәтижесінің психологиялық анализ деп атап отырып, барлық жас ерекшелік деңгейлерінде жақсы қолданылады. Бұл жағдайда процесс әрекеті емес, ал оның нәтижесі (баланың суреттері, жас өспірімдердің өлеңдері немесе күнделіктері , конструкциялар т.б.) зерттеледі. Көбінесе психологтар жеке тәуелсіз (дербес) сипаттам ала отырып, түрлі әрекеттерде тұлғаны зерттеу осы әдіс тәсілді кеңінен қолданады. Осы зерттеу эксперименттік психологиялық зерттеудің негізіне кіреді. Мысалы: бұл әдіс биогеографиялық әдіс формасында болуы мүмкін.

Эксперименттік әдістің қолдануына 100 жылдан астам уақыт өтті.Айтып өтетін жай, алғашқы экпериментальды әдіс балалар үшін құрастырылған. Эксперимент 4 ерекшелікпен айқындалады:

1) экспериментте зерттеуші зерттеу құбылысты анықтайды да, ал бақылаушы зерттеу жағдайына белсенділік арттыра алмайды немесе зерттеу жағдайына арласпайды.

2) экспериментатор зерттеу процесінің жағдайы өзгерте алады.

3) заңдылықты байланысты анықтау үшін экспериментте жеке жағдайда өзгерістер ене алады.

4) алынған нәтижеде математикалық өңдеу жүргізуге болады, сонда жағдайды сандық қатынасы өзгереді.

Психологиялық дамуда экспериметтің дәстүрлі түрі қолданады, қалыптастырушы эксперимент, конста лабороториялық көптеген зерттеулер әксперименттің конструкциялық құрылымын құрайды.

Қалыптастырушы эксперимент нақты сапамен үйренушілікті бағытта болжайды. Фактілі түрде осы дамытушы әдістер экспериметальды педагогикалық процеске арнайы құрастырылған.

Мұндай тапсырмалар тренинг ретінде жас ерекшеліктеріне қарай қарастырылады ( мысалы: мектеп оқушыларымен қарым-қатынас тренингі, мектепке дейінгі балаларға психогимнастика т.б.).

Психологтар нақты сапалы түрде әртүрлі экспериментальды әдістер қолданады: егіздік әдіс, социометрия, әрекет нәтижесінің анализі, тестілеу, анкета жүргізу, моделдеу. Аталған әдістердің көпшілігі зерттеуші, нәтижесінде жаңашыл қорытында алады.

 

Жас – адам дамуының кезеңі, организм мен тұлға қалыптасуына тән сипатты заңдылықтарының жиынтығымен сипатталады. Жас - дамудың белгілі бір сатысындағы тұлға құрылымының өзіндік ерекшеліктерін анықтайтын бірқатар өзгерістерге тән болатын сапалық тұрғыдан ерекше кезең болып табылады. Жас - индивидтің, онтогенездің дамуындағы хронологиялық және символикалық интервалдарының тарихи өзгерістерін білдіретін даму психологиясының категориясы (дәуір, саты, кезең, стадия, фаза).

Жас түсінігі нақты даму теориясынан және оның кезеңдерінің принциптерінен бөліп шығарылады.Әдетте төмендегідей болып бөлінеді:

1.Нәрестелік (0-1 жас);

2.Ерте сәбилік шақ (1-3 ж);

3.Мектепке дейінгі жас (3-6 ж);

4.Кіші мектеп жасы (6 -11 ж);

5.Ересектік балалық пен жігіттік аралығы (11-15 ж);

6. Балаң жас (15-19);

7.Ерте жастық шақ (19-25);

8.Ортақ жастық шақ (кемел жас) (25-55ж);

9.Кәрілік кезең (жоғары 55);

Жас кезеңдеріне сәйкес даму психологиясының мынандай бөлімдері бөліп көрсетіледі: құрсақтағы даму, мектепке дейінгі, кіші мектеп, жасөспірім, жастық, ересектік (акмеология) геронтопсихология.Психологиялық жаспен қатар биологиялық болып әлеуметтік, фихикалық болып бөлінеді.

2. З.Фрейд, Э.Эриксон, Ж.Пиаже, Л.С.Выготский және Д.Б.Элькониннің жастық даму кезеңдеріне сипаттама.

З.Фрейдтің психосексуалдық даму теориясы; З.Фрейд (1856-1939) австрияның психиатр-дәрігері және психолог ғалымы, психоанализ ілімінің негізін қалаушы. Адам санасы мен мінез-құлқының дамуы мен қалыптасуын психологиялық тұрғыдан қарастырды. 1895 жылдан психоанализ теориясын жасаумен шұғылданды. Пациенттерінің еркін ассоциацияларын талдай отырып, мынандай шешімдерге келді: ересек адамдардың аурулары балалық шақтағы қобалжулармен байланысты. Психоанализдің теоретикалық концепциясының негізін ессіздік пен жыныстық бастаудың ашылуы құрайды. Ессіздікке ғалым, пациенттерінің өздеріне айтып және не істегенін түсінбеу қабілетін жатқызды. Балалар қобалжуы, бұл жынысты табиғат. Бұл ата-анаға деген махаббат пен жек көру сезімі, ағасы немесе сіңлісіне деген қызғаныш сезімі және т.б.

Жеке тұлға моделін З.Фрейд 3 негізгі компоненттке бөледі: «Ол»; «Мен»; «Жоғары мен».

«Ол» - бұл инстинктерді әкелуші иррационалды санадан тыс жүретін құбылыс. «Мен» - шындық принциптерімен сыртқы орта ерекшеліктерін ескере отырып, қатынас жасауы. «Жоғары мен» - қалыпты жағдайларды әкелуші, моральдік ролін атқарушы. «Мен» және «Ол» компоненттерінің талап етуіне қарағанда, «Жоғары меннің» талап етуі шындыққа ұласпайды. Сондықтан, ішкі конфликт туады, бұл мәселе сыртқа шығару, проекция, регрессия, сублимация деген «қорғаныс механизмдері» арқылы шешілуі мүмкін.

Адам дамуының барлық психикалық стадиялары Фрейдтің ойынша жыныстық дамумен байланысты. осы стадияларды қарастырайық:

Оральдік стадия (туғаннан 1 жасқа дейін). Бұл стадияда қанағаттанудың негізгі бастауы емуден басталады. Бұл стадия 2 фазадан тұрады: алғашқы және соңғы. Алғашқы фазада ему әрекеті, соңғы фазада тістеу әрекеті қалыптасады.

Ональді стадия (1-3 жас аралығы). Бұл стадия 2 бөліктен тұрады. Баланың жынысты қанағаттануы ол функцияларды үйрену болып табылады. Бұл кезеңде балаға көптеген тыйым салулар болады. Бала мінез-құлқы қатынасында бұл стадияда «мен» қалыптасқан. «Ол» импульстерін бақылай алады. Ональді стадияда ұқыптылық, қыңырлық, агрессивтілік, жағымдылық, пунктуалдық қасиеттері қлыптасады.

Фаллистік стадия (3-5 жас аралығы). Бала жыныстылығының жоғары эрогенді зонасы гентальді органдары қалыптасады. Бұл кезеңде бала жыныстылығы заттық болады.

Латенттік стадия (5-12 жас аралығы). Бұл кезеңде жыныстық қызығушылықтары төмендейді. «Мен» инстанциясы «Ол» қажеттіліктерін қадағалайды.

Генетальдік стадия (12-18 жас аралығы). Бұл кезеңде эрогенді зоналар бірігеді. Қалыпты даму сублимация көмегімен жүреді.

 

Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл (кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болып табылады. Әсіресе, тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алады. Кейбір зерттеушілер адам психикасының прогрессивтік дамуын бірбеткей түсініп, оның осы қасиетінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Психика дамуы үшін жаңамен қатар, көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты «инвариант» (лат. тілінен «өзгерілмейтін») деп аталады, осыған тіректелетін жаңаны «өзгерілгіш» деп аталады. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз, егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуы да осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістер болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.

 

Дәріс № 15 Әр түрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық дамудың ерекшеліктері

Дәрістің мақсаты: студенттерге мектепке дейінгі жастағы психикалық даму кезеңдеріне сипаттама беру

 

Жоспары:

1.Әртүрлі жас кезеңдеріндегі психикалық даму ерекшеліктері.

2.Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері.

3.Балаң жас өспірімдік - әлеуметтік-психологиялық құбылыс

 

 

Адамзат өмірінің бастамасы.

Адам организмі біртұтас жүйе түрінде онтогенездік кезеңдерде өсіп тіршілік жасайды. Адамның тіршілік әрекеттері жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп отырады. өйткені, онтогенездік дамудың әрбір сатысында өзіндік физиологиялық көрсеткіштер қалыптасады. Өскелең организмнің жетілуі - өсу, даму және дене пішінінің қалыптасуы арқлы жүреді.

Өсу - жетіліп келе жатқан организмдегі құрылымдарының мөлшерлік өзгерістері ол жасушалар санының дене салмағы мен аумағының артуы арқылы өтеді. Бұлар жасқа сай жыныстық көрсеткіштердің негізгі белгілері ретінде белгіленеді.

Даму - организмде өтетін ағзалар, клеткалар, мшелер жүйесінің сапалық өзгерістерін көрсетеді. Дамудың тұлғалық, жыныстық және психикалық түрлері болады. Өсу мен даму қатар жүреді, бірақ бір-бірімен сәйкес келе бермейді.

Өсу мен дамудың заңдылықтары:

1. Денедегі тұрақты мөлшерлік және сапалық өзгерістер бүкіл өмір бойы үздіксіз жүреді.

2. Дене құрылымдары жаңаруы мен қайта жаңғыруы нәтижесінде организмнің кейбір тірліктері дамып отырады.

3. Организмде болатын өзгерістер жүйке жүйесі мен ішкі сөлініс бездері ерекше орын алады.

4. Баланың өсуі мен дамуы әркелкі мерзімді (гетерохронды) болады.

5. Жас организмнің өсуі жедел жүреді. Бірінші жылы баланың бойы 25-30 см ұзарады, екінші жылы өсуі баяулайды. Кейінгі әрбір жаста 7-10 см-ден қосылып отырады. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың бойының өсуі одан да баяу болады, ол жыл сайын 3-5 см өседі.

6. Жасына сай балалардың құрылымдық, тірліктік және психикалық ерекшеліктері қалыптасады.

7. Организмнің дене бітісінде жыныстық диморфизмдік және тірліктік айырмашылықтары болады.

Жыныстық жетілудің алғашқы кезеңінде (қыздарда 11-12, ұлдарда 14-15 жаста) жедел өсу байқалады. Олардың 8-10 жасқа дейін өсуі шамалас болады.

8. Балалардың әркелкі дамуы дене салмағына 3 есе артады. Кейіннен жыл сайын қосылатын салмағы кеміп, ол 2-3 кг шамасында болады. Жыныстық жетілу кезінде дене салмағы тез артады: жыл сайын қыздарда 4-5 кг, ал ұлдарда 7-8 кг салмақ қосылады.

9. Ми мен жұлын салмағының артуы бастауыш мектеп жасында аяқталады, бірақ жүйке жүйесі қызметінің жетілуі жас өскен сайын жалғаса береді.

10. Баланың қарқынды өсуі ажыратылыс (дифференция) үрдістерінің бәсеңдеуімен қатар жүреді және тез жіктелу, керісінше организмнің өсуін баяулатады.

11. Балалар денесінің өсуі мен психикалық дамуы әртүрлі деңгейде болуы мүмкін. Бұлар олардың тектік қасиетіне, әлеуметтік жағдайына және тәрбиеленген ортасына байланысты болады.

Даму мен өсудің жедел және баяу өтетін түрлері бар. Балалардың жедел дамуын сипаттайтын құбылыстар жиынтығы – акселерация, баяу дамуы ретардация деп аталады. Акселерация мен ретардация жыныстық жетілу мерзіміне, психикасы мен ақыл-ой дамуына әсер етеді.

2. Нәрестелік шақтың жалпы сипаттамасы

Жалпы туылу баланың ары қарай дамуы үшін өте маңызды 2 негізгі дағдарыстан тұрады: ми клеткаларының қысылуы және өкпе клеткаларының қысылу дағдарысы.

Бала туа салысымен ағзаның негізгі жүйелерінің қызметін ұйымдастыратын рефлекстер (тыныс алу, қан айналым) қосылады. Бағдарланушы және тамақтану рефлекстерінен басқа туа бітетін тағы да рефлекстер пайда болады. Олар: сору, итеру. Бұл рефлекстердің бала өмірі үшін қажетті. осылардың көмегімен өмір сүрудің жаңа жағдайларына бейімделуі жүзеге асады. 1-ші күннен көру, есту мүшелері естігенімен, әлі жетілмеген көру реакциялары жақын жердегі жарықты, ал есту реакциясы қатты дыбыстарды ажыратады.

Нәрестенің негізгі қалпы жартылай ұйқы, белсенді, сергектік, айқай болады. Олар 1 күннің жартысынан көбін ұйықтайды. Алғашқы 2 айда олардың ұйқысы 17 сағат, ал 3 айда 14 сағат болып азаяды. Ал 4 айдан 6 айға дейін тек түнде ұйықтауға үйренеді.

2-3 айда ерекше эмоционалды – қозғалыс реакциясы, яғни ересектің пайда болуымен орай пайда болады. Оны тірілену комплексі деп атайды немесе жандану комплексі. Бұл оның алғашқы әлеуметтік қажеттілігі.

5-6 айда бала отырады, сосын жылжып, еңбектейді. 9-10 айда көмексіз жүруге үйреніп бастайды. 1 жылдың аяғында балалар затты белгілі-бір бағытта лақтыруды үйренеді. Туғаннан 1 жасқа дейін балалар тез өседі.

Осы нәрестелік кезеңде олар жұмсақ сары түстерге дұрыс қарайды, тіпті жылауларын қоя салуы мүмкін. Бұл олардың алғашқы түс ажыратулары. 1 айдан соң-ақ дыбыстарды ажырата алады, 4 айында нәресте анасының даусын әкесінен ажыратып таниды, ал олардың дауысын – бөтен адамның дауысынан айырады.

1 жастың соңында бала мақсатты түрде ойлайды, және алғашқы сөздерді қолданады.

2-3 айда бала тек дауысты дыбыстарды а-а-а, э-э-э деп айтады. Осы кезеңдегі сөйлеу түрін автономды сөйлеу дейміз, яғни 1 сөзбен бүкіл оқиғаны білдіреді. Мысалы, ням-ням, бай-бай.

Жылау және күлкі баланың эмоционалды күйін білдірудің негізгі 2 тәсілі. Жылаулары аштықтан, ашудан, қанағаттанбаудан болады.

Күлкі қоршаған әлемге деген бірден-бір жағымды реакцияларының бірі. 7 айда бала ересектің қандай күйде екенін (қуаныш, қорқыныш) анықтай алады.

Нәрестелік шақта жетекші әрекет түрі заттық болады. Дамудағы басты факторлар тік жүру және заттық әрекет.

Ерте балалық шақ – толық даму үшін сензитивті кезең болып табылады. Қабылдау айқын білінетін эмоционалды сипатта болады. Баланы ерекше сипаттар қызықтырады: қатты дауыс, ашық түс т.б.

3 жасқа қарай оперативті есі жүзеге аса бастайды, ал әрекеттерді есте сақтау және қайта жаңғыртуға ұзақ мерзімдік ес көмектеседі. Сондықтан да, әрбір адам өзін 3 жастан бастап біледі.

Әлемді белсенді тану практикалық әрекеттер арқылы затпен көрнекі-іс-әрекеттік ойлау негізінде жүзеге асады.

3. Сәбилік шақ

Бала психологиясы алғашқы үш жылында болатын сапалық өзгерістерге толы. Сондықтан адамның туған сәтіне өлгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы үш жасар кезен. Үш жасар бала өзін - өзі күтуге қабілетті. Айналасындағы адамдар мен өз ара қарым – қатынас жасай алады. Сөздік формаларымен ғана емес мінез-құлықтын қарапайым формаларында (жылау, күлу, ашылану) игереді. Үш жасар бала белсенді үлкендерге тәуелсіз қоршағагн ортамен заттық дүниемен қарым – қатнас жасай біледі. Мысалы: жиһаз, киім- кешек, ыдыс-аяқ т.б. заттың өмірлік маңызын түсінеді.Әр жаңа заттың неге керек екенің түсінуге тырысады. Мысалы: қасық тамақ ішуге керек, яғни сурет салу, мүсіндерді құрастыру заттық әрекеттер арқылы баланың тілі жақсы дами бастайды. Бұл кезде үлкендер түсінікті де анық сөйлеп, сөздерді дұрыс құрастыра білуге үйрету керек. Сәби үлкендердің өзіне бағытталмаған сөздер қызыға тыңдайды. Үш жасар бала белсенді сөйлеуге тырысады.

1 жасар бала 30-100 сөз біледі.

2 жасар бала 300 сөз біледі

3 жасар бала 500 сөз біледі.

4. Ерте балалық шақ

Ерте сәбилік шақ кезеңіндегі даму ерекшелігі.

Бала психологиясы алғашқы үш жылында болатын сапалық өзгерістерге толы. Сондықтан адамның туған сәтіне өлгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы үш жасар кезен. Үш жасар бала өзін - өзі күтуге қабілетті. Айналасындағы адамдар мен өз ара қарым – қатынас жасай алады. Сөздік формаларымен ғана емес мінез-құлықтын қарапайым формаларында (жылау, күлу, ашылану) игереді. Үш жасар бала белсенді үлкендерге тәуелсіз қоршағагн ортамен заттық дүниемен қарым – қатнас жасай біледі. Мысалы: жиһаз, киім- кешек, ыдыс-аяқ т.б. заттың өмірлік маңызын түсінеді.Әр жаңа заттың неге керек екенің түсінуге тырысады. Мысалы: қасық тамақ ішуге керек, яғни сурет салу, мүсіндерді құрастыру заттық әрекеттер арқылы баланың тілі жақсы дами бастайды. Бұл кезде үлкендер түсінікті де анық сөйлеп, сөздерді дұрыс құрастыра білуге үйрету керек. Сәби үлкендердің өзіне бағытталмаған сөздер қызыға тыңдайды. Үш жасар бала белсенді сөйлеуге тырысады.

Бұл кезенде бір буынды және екі буынды сөйлемдерді ажыратады. Үш жасар бала қарай септік жалғаулардыигереді. Мысалы: менің, саған, оның. Белсенді сөйлеудің қалыптасуы үш жастағы баланың психикалық даиуының жақсы керек екендігін көрсетеді.

5. Мектепке дейінгі кезеңге сипаттама.

Мектепке дейінгі кезеңде бала тез өседі, әрі салмағы артады. Өсу қарқыны осы кезде біркелкі емес, 3 жаста тек 81 см қосады, 4 жаста 4-5 см-ге кемуі, 6 жаста – 7-8 см-ге артады, ал 7 жаста – 10 см артады. Мектепке дейінгі баланың бұлшық еті салмағы артады. Қаңқаның сүйектенуі интенсивті жүреді. Ми салмағы ересек адамның көрсеткішіне жақындайды.

Мектепке дейінгі бала дербес әрі тәуелсіз бола бастайды. Мектепке дейінгі кезең – тілдің грамматикалық қатарын меңгерудегі және лексикасының баюының жауапты кезеңі болады. Тілдің интенсивті дамуына фонетикалық ес көмектеседі. Осы кезеңде бала адамның денелік құрылымына қызыға бастайды. Жыныстық айырмашылыққа қарайды. Осы кезеңде балалар қайталай беруге құмар болады: 10 шақты рет ескі ертегіні тыңдай беруді, жаңасын тыңдаудан бас татады.

Мектепке дейінгі кезеңде балалар сюжеттік-рольдік ойынмен қатар өнімді әрекет түрін меңгере бастайды, ол да даму факторы болады. Ең маңызды әрекет – сурет салу болып саналады.

Сурет салуды меңгеру бірқатар кезеңдерден тұрады:

Мәні жоқ шимақтарды салу (3 жас);

Формасы жоқ бейнелерді бейнелеу;

Схемалық кезең (4-5 жаста);

Шынға сай суреттер, егер адам болса, оның бөліктері майысқан болады, киімін бейнелейді;

Дұрыс бейнелерді бейнелеу кезеңі

Бала сурет салғанда көргенін емес, білетінін салады. Сурет әрекеті реалистік немесе эстетикалық бағытта емес, тек мәнерлілік функцияларында орындалады.

Өнімді іс-әрекет түріне суреттен басқа құрастыру, жапсыру жатады. Құрастыру балалардың творчествалық қабілетін арттырады да, талдау, абстракция сияқты ақыл-ой амалдарын жетілдіреді.

Мектепке дейінгі кезең баланың сенсорлы дамуының қарқындылығымен ерекшеленеді. Мектепке дейінгі кезең баланың сенсорлық дамуы 2 өзара байланысты жақты болады. Заттар мен құбылыстардың түрлі қасиеттерімен байланыстары жайлы ұғымның болуы және қабылдаудың жаңа әрекеттерін меңгеруі болып табылады.

5 жастан бала негізгі түстерді біледі және ажырата алады, ал осы жастың аяғында түс реңктерін ажыратады. Музыканы қабылдауда, мелодияны қабылдауға, дыбыстарды жоғарылығына қарай ажырата алады.

Баланың қабылдауы өткен тәжірибеге байланысты. Мектепке дейінгі кезеңде ойлау мен сөйлеуі қарқынды дамиды. Осы кезеңде ойлау әрекетін игеру сыртқы заттық әрекеттерді интериоризациялаудың жалпы заңы арқылы жүзеге асады.

 

 

ТӘЖІРБИЕЛІК САБАҚТАР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№1-2 Практикалық сабақ

Психологияға пәніне кіріспе

Мақсаты:Психологиялық құбылыстардың жалпы заңдылықтарын зерттеудің негізінде психиканың әртүрлі салалары бойынша студенттердің білімін жүйелеу.

Негізгі сұрақтар:

1Психология ғылымының салалары, әдістері.

2. Психология жүйесінің қалыптасуы.

Отандық және шетелдік психологияның дамуы.