Лекция № 10 Сезім мен эмоция

Мақсаты:. Психикалық қалыптар жөніндегі түсініктерді жан жақты ашу, психологиялық курсының бiлiмiн зерттеу және меңгерудiң негiзiнде студенттердiң ерік сапаларын дамыту, практикалық сабақтарда дәріс мазмұның игеруге арналған тапсырмаларды орындау.

Негізгі сұрақтар:

1.Адамның сезімі мен эмоционалдық күйлерінің сипаттамасы.

2.Адамның сезімі мен эмоциясының түрлері.

3.Тұлғаның жоғарғы сезімі. Адамның сезімі мен эмоциясының қызметі.

 

1. Эмоция дегеніміз сезімдердің сыртқы көрінісі.

Күрделі эмоциялардың түрлері:

1) Көңіл адамның кейпіне қарап шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады. Адамның көңіліне темперамент қоршаған орта әсер етіп отырады.

2) Аффектдегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффект жағдайында адам өз іс - әрекетін, айтқан сөзін бақылай алмай қалады.

3) Құмарлықадамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүниеге, байлыққа, ойынға, ақшаға құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз.

Эмоциялар жағымды және жағымсыз болып бөлінеді.

Жағымды эмоциялар – адамға күш қуат беріп, әрекетке итермелеп отырады. Мысалы, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б.

Жағымсыз эмоциялар– адамды әлсіздетіп, іс-әрекетке нұқсан келтіреді. Мысалы, қорқыныш, уайым, қайғы, үмітсіздену т.б.

2. Сезімдер туралы ұғым.

Адам қабылдағанына (көргеніне, есіткеніне), істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы қарамайды. Заттардың, адамдардың, әрекеттердің, оқиғалардың біреуі бізді қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды қайнататын жағдайға жеткізеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында әр адам өмір сүре, еңбек ете, күресе отырып, көптеген әсерлерді бастан кешіреді.

Өзінің танып, білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлері сезім (немесе эмоция) деп аталады.

Сезім көзі - өзіміз қабылдайтын, айналысатын заттардың және құбылыстардың сапалары туғызатын қажеттіліктер, талап-тілектер. Біздің іс-әрекеттеріміз оның жетістігі мен кемшіліктері де сезім туғызады.

Тұрмыста жай «түйсіну», «сезіну» деген ұғымдар араласып жүреді. Сезім барлық психикалық процестермен өзара байланысты, көбінесе сол процестер сезімді туғызады, ал сезім оларға өз тарапынан ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі – түйсік, ал түйсіктің өзі біздің ықпалымызбен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл-күйіне қарай адам бір затты әртүрлі қабылдайды.

Адам – қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік сипатқа ие. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Ұқсас фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әртүрлі бағалайды.

Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. кез-келген жұмыстың нәтижесі – оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде, оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің творчестволық жұмыста ерекше маңызды. Ақын, суретші, ғалым, өнертапқыш жұмысында көтеріңкі көңіл-күй, шабыты сезіммен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным процесінде үлкен роль атқарады.

Оқу-тәрбие жұмысында сезімнің өте маңызды екендігі педагогтің есінде болуы тиіс. Мектеп оқушыларының немқұрайлылығын туғызатыннан гөрі, оларға күшті жағымды эмоция туғызатын білім тез, баянды игеріледі. Сабақта үлгерімі және тәртібі үшін мақтау алатын балада, жақсы сезім пайда болады, ол оқуын одан әрі күшейтуге ықпал жасайды; құптамау, ұрсу, жазалау оқушыда жағымсыз эмоция туғызады, ол баланы ренішті істі қайталамауға итермелейді. Тәжірибелі мұғалім тиісті әдеп сақтай отырып, балалардың жағымсыз эмоциясын да пайдаланады.

4. Сезімнің негізгі сапалары.

Адам сезімдері сапа ерекшеліктері жағынан әр алуан.

Сезім ерекшеліктерінің бірі – олардың полярлығында, яғни қарама-қарсылығында. Мысалы, шаттық сезім үшін мұң, сүйсінуге-күйзелу, сүйіспеншілікке-көре алмаушылық, қорқынышқа-өжеттік, жауынгерлік т.б. полярлық сезім болады.

Сезімді жағымды және жағымсыз деп екіге бөлуге болады. Бұлардың аралығында көптеген ортақ, аралық сезімдер бар, оларды жағдайға орай алғашқысына да, соңғысына да жатқызуға болады. Мысалы, қорқыныш кейде жауынгерлік әсерді, өзін қорғау үшін белсенді әрекетке дайындалуды көздейді, қорқыныш дүркірей қашуға да және батыл шабуылға да бастауы мүмкін.

Сезімдер активтігімен не болмаса пассивтігімен айғақ болуы мүмкін. Адам абыржу кезінде (мысалы, мектеп оқушысы емтихан алдында ) зорланған жағдайға кезіксе, ал шығармашылық жұмыс кезінде ерекше өрлеуді сезеді, оның сезімі мұнда актив. Ал, енжар болған кезде адамның сезімі баяу. Сезімнің активтілігі стеникалық құбылыс тудырады, ол адамның күшін арттырады. Ал сезім енжарлығы астеникалық жағдайға апарып, күшті бәсеңдетеді.

Сезім әр түрлі дәрежеде қарқынды және созылыңқы болады. Кейде сезімі ұзаққа созылады, ал айырым жағдайда сезімі күшейіп, адамды жете ойламаған әрекеттерге соқтыруы мүмкін.

Жоғары деңгейдегі сезімдер.

Адамның жан дүниесі – қоршаған ортадан әсерленіп қана қоймай, оның барлық сырын білуге деген ұмтылыста. Бұл әрекет адам сезімінің жоғарғы деңгейдегі саналы әрекетін, эстетикалық талғамы мен адмгершілік қасиетін сезіне білетін көңіл-күйіне байланысты. Жоғарғы деңгейдегі сезімнің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және моральдық деген түрлері бар.

Ақыл-ой (интеллектік) сезім адамның таным әрекеттерімен байланысты. Сезімнің бұл түрі – балалардың білім алуына, ересектердің өз қызметіне, щығармашылық пен өнерге деген қатынасын көрсетеді.Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі таңдаудан басталады. Таңдау кісіні әр нәрсенің, құбылыстың мәнін танып, оларды түсінуге жетелейді.

Эстетикалық сезім – адамның объективтік шындықты бейнелей отырып, оның әсемдігі мен сұлулығына сенімділігін қабылдаумен әсерленген көңіл-күй. Әсемдікті тану, оған рахаттанып, рухани күшін арттыру сезімі адамның өмірінде біртіндеп қалыптасатын жағдай. Эстетикалық сезім – мазмұны мән-мағынасы, түр-сипаты жағынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен қоғамдағы әсемдіктің адам санасына енумен, оған әсер ететін құбылыс ретінде баяндалады.

Адамгершілік моральдық сезімдер – адамның қоғам талабына сай, өз мінезінің лайық не лайық еместігін сездіретін көңіл-күйді білдіреді. Адамгершілік сезім қоғам дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси идеялық бағдары, ондағы топтардың әлеуметтік жағдайы – мұның бәрі адамгершілік сезімнен байқалады. Бұл сезімнің ұлттық сипаты да болады.

Адамгершілік сезімнің принципі мен жалпы негізі – белгілі бір қоғамдық-экономикалық формацияда қалыптасып отыратын мінез-құлық формалары. Гуманистік және демократия үстем ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер – борыш сезімі, халқының азаматтық қасиеттерін силау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасында өзара сыйластық пен әртүрлі ұлттар мен этностардың арасындағы жалпы гуманистік қарым-қатынас. Адамгершілік сезім адамның өмір тәжірибесіне, мақсатына, мұратына және дүниетанымдық көзқарасына байланысты.

Адамның жоғары деңгейдегі сезімдердің қалыптасып, дамуы ең алдымен өз жеке басына деген жауапкершілікті сезінумен байланысты, сонымен бірге олар отбасындағы тағылым-тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрістейді.

Ерік туралы ұғым.

Ақыл –ойдан туатын және мақсатты орындалатын әрекеттер ерік әрекеттері деп аталады. Адамның су ішкісі келеді делік, ол қолын созып стаканды алды, су құйып, ішіп жіберді. Бұл - әдейі істелген әрекет, ал осыны орындау түспегенімен, ерік әрекеті болады. Әрбір адамға көздеген мақсатқа жету жолында түрлі қиындықтарды жеңіп, кедергілерден өту үшін, жігерлі іс-әрекет жасау керек. Бұл әрекеттер нағыз ерік әрекеті деп аталады. Бұл әрекетте жеке адамның ақыл-ойымен байланысты оның белсенділігі де көрінеді.

Адамның алдына қойған мақсатына жету үшін ішкі немесе сыртқы кедергілерді өзінде туатын күштің арқасында жеңіп өтуге көмекетесетін психикалық процесс ерік деп аталады.

Ішкі кедергілер – бұлар адамның өзіне тән жалқаулық, шаршап-шалдыққандық, алдына қойған міндетке қатысы жоқ құштарлық, белгіленген мәселелерді орындауға кедергі жасайтын субъективтік, жеке ниеттен туған кедергілер. Адамдар олардан ерік күшінің арқасында құтылады.

Ерік жеке адамның қасиетін де, сонымен бірге қиындықтарды жеңе отырып, табандылықпен мақсатқа жету үшін әрекет жасау қабілетін де белгілейді.

Адам өмірінде еріктің маңызы орасан зор. Ерік кәдімгі күнделікті өмірде, әсіресе үлкен кедергілерге толы ауыр кезеңдерде керек. Соғыстағы немесе еңбектегі қандай да болсын жасаған ерлік адамның ерік күшіне тікелей байланысты. Керісінше, әлсіз адамдар үлкен іс бітіру түгіл, күнделікті өмір қойған міндеттерді де атқара алмай, жұмысқа қабілеті нашар болып, басқалардың қамқорлығын аңсайды. Ерік күшінің болмауынан кейбіреулер келеңсіз іске құмартып, жағымсыз әдеттердің құрбаны болады (маскүнемдер, наркомандар).

Ерік қуаты барлық психикалық процестердің әрекеттерін жинақтап және жандандырып қана қоймай, сондай-ақ ішкі дене мүшелерінің жұмысын жақсартып, естің аууын, тіпті өлімнің келуін де тоқтатуы мүмкін.

 

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

1. Сезімдер (эмоциялар) деп нені айтамыз?

2. Адам өміріндегі сезімнің қандай маңызы бар?

3. Сезім қалай көрінеді?

4. Сезімнің негізгі сапаларына қысқаша сипаттама беріңіз

5. Қандай сезімдер жоғарғы сезімдер деп аталады? мысал келтіріңіз?

№8лекция. Ойлау және сөйлеу

Дәріс мақсаты:адам өміріндегі таным процестердің ерекшелiктерiмен таныстыру, психологиялық курсының бiлiмiн зерттеу және меңгерудiң негiзiнде студенттердiң психикалық процестерін дамыту.

Мазмұны:

1.Ойлау, қиял туралы жалпы ұғым және физиологиялық негіздері.

2. Ойлаудың ерекшеліктері.

3.Қиялдың жасалу жолдары

Негізгі ұғымдар:ойлау, қиял, қозғалыс, образдық, сөз-логикалық, эмоциялық естер

1.Ойлау, қиял туралы жалпы ұғым және физиологиялық негіздері.

Ойлау дегеніміз – әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс – заттар мен құбылыстар арасындағы байланыс-қатынастарының жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі.

Адамның ойлануы тек қана заттық көрініс емес, сол затты жан-жақты қарастыру, өз ара қарым-қатынас байланыстарын түсіну болып келеді. Мысалы: өмірі көрмеген затқа кездессе, сұрап біледі. Неден жасалған, қандай қасиеті бар, сынады, жанады, осал деген ой қорытындысын шығарады.

Зат туралы ойлау адамның белгілі көлеміне байланысты. Тікелей таным процесі арқылы танып білуге болмайтын нәрселерді ойлау арқылы біле аламыз.

Мысалы: физикадағы өте ұсақ қарапайым бөлшектер жайындағы теория. Мұндай өте майда, жай көзге көрінбейтін бөлшектерді микроскоппен де көру қиын. Біз осы бөліктерді тек ойлау арқылы ғана пайымдап білеміз.

Ойлау түрлері Ойлау процесі негізгі үш түрге бөлінеді: практикалық, нақты-бейнелік, теориялық немесе абстрактылы.

Практикалық ойлау дегеніміз – адамның практикалық әрекетінің барысында онымен қабаттасып, қосарланып туып жатқан ой. Мыс: жүріп келе жатқан машинаның неліктен тоқтап қалғандығын білу үшін істелген әрекеттер.

Нақты-бейнелік ойлау дегеніміз – адам белгілі бір міндетті шешіп отырғанда өзінде бар көрнекті бейнелерді қолдану. Мысалы: керек жерге қай жолмен тезірек баруға болады.

Теориялық ойлау – адамның сезім-танымымен анықталмайтын, практикалық және нақты-бейнелік ойлаудың бейнелей алмайтын заттары мен құбылыстарын, олардың себеп-салдарын, байланыстарын, оларға тән заңдылықтарын бейнелейді.

Ойдың формалары және операциялары

Ойлау түрлері формада жүзеге асады. Ой процесінің негізгі формалары: 1).Ұғым. 2) Пікір. 3) Ой қорытындысы.

Ұғым дегеніміз – заттар мен құбылыстар туралы, олардың жалпы әрі мәнді қасиеттерін бейнелейтін ой. Мысалы: адам, емтихан.

Ұғымдар жалпы, дара, жинақтаушы болып 3-ке бөлінеді. Дара ұғым дегеніміз – жеке бір зат, объектіге ғана қатысы бар ұғым. Алматы, Мұхтар Ауезов – дара ұғым.

Жалпы ұғым – тектес заттардың тобына арналған ұғым. Мысалы: қала, адам, кітап, – жалпы ұғым. Жиналыс, кітапхана – жинақтаушы.

Ұғымды сөзбен айтуға болады, бірақ ұғым мен сөз екеуі тепе-тең деп есептеуге болмайды. Өйткені: 1.Бір ұғымның өзін бірнеше сөзбен айтуға болады: самолет, аэроплан. 2.Бір ұғымның өзі әр тілде әр сөзбен айтылады.

Пікір – құбылыстар арасындағы байланысты орнату, бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Мысалы: Жер күнді айналады.

Пікірде ұғымның мазмұны ашылады. Пікірде адам белгілі бір зат туралы өзінің ойын айтады. Заттардың арасындағы байланасын немесе кейбір құбылысқа деген өзінің қатынасын білдіреді. Пікірден адамның сезімі, ниеті көрініп отырады.

Пікірлер терістеуші, қостаушы болады. Мыс: су металл емес (терістеуші); Жер күнді айналады (қостаушы)

Пікірлер ақиқат және жалған болып келеді. Пікірлер екі түрлі тәсілмен құралады. а) тікелей қабылдау арқылы құрылған пікірлер. Мысалы: мына бала жаман оқиды.

б) Жанама жолмен жасалатын пікірлер.

Ой қорытындысы дегеніміз - бір немесе бірнеше пікірден қорытынды жасау тәсілі. Мысалы: барлық металлдар электр тоғын өткізеді.

Сынап та – металл. Сынап та электр тогын өткізеді.

Ой қорытындысына үш түрлі жолмен келуге болады: дедукция, индукция, аналогия. Дедукция– жалпы ұғымнан жеке ұғымға қарай жүретін ой қорытындысы.

Индукция – жеке ұғымнан жалпы ұғымға қарай жүретін ой қорытындысы. Аналогия – ұқсастық бойынша ой қорытындысың жасау.

Ойлау – дербес процесс. Осы процестің операциялары бар:

1.Анализ-талдау – бүтінді бөлшектеу.

2.Синтез – біріктіру – бөлшектен бүтін жасау.

3.Салыстыру – заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.

4.Жалпылау – заттар мен құбылыстардың ортақ қасиеттері бойынша біріктіру.Мысалы: алма, өрік, мейіз, алмұрт жеміс деген жалпы ұғымды білдіреді.

1.Нақтылау – заттар мен құбылыстардың тек өздеріне ғана тән қасиеті бойынша бөліп алу. Мысалы: Жылқы деген жалпы ұғымды құлын, тай, құнан дөнен, бие деп бөлетін болсақ, мұндағы жылқының жеке түрлері нақтылауға мысал болады.

2.Жүйелеу – заттар мен құбылыстарды белгілі бір жүйеге келтіру.

3.Абстракциялау – заттардың негізгі әрі мәнді қасиеттерін бөліп алу.

Ойдың ерекшеліктері.Адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанымен, жеке адамның ойлау ерекшеліктерге толы болады. Әрбір адам бір-бірінен ойының кеңдігі – тарлығы, ұшқарлығы, асығыстығы, дербестігі, логикалық жүйелілігі т.б. сапаларымен ажыратылады.

Ой кең адам мәселені үйреншікті жолмен, ескі әдетпен шешпейді. Ойдың тарлығы – адам мәселені шешуге шорқақ, басына келген бір әдісті шырқ айналдырумен болады, тіпті оның жарамсыз екендігін білсе де мәселені басқаша шешуге батылы жетпейді.

Ойдың ұшқарлығы – адам мәселені барлық жағынан көре біледі, оны тез шеше алады.

Ойдың асығыстығы – адам дайын тұрғанға жармасқыш, мәселені үстірт шешуге бейім келеді. Ойдың дербестігі – басқадан көмек күтпей, мәселені өз бетімен шешеді.

Қиялдегеніміз – бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңғыртып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек адамға ғана тән психикалық процесс.

Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдың пассивтік түрі – түс көру, галлюцинация, сағым.

Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жұмыс істей береді. Мидың мұндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пунктерде» біздің бұрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға ұстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан тіріліп отырады. Бұлардың негізі адамның ояу кезіндегі басынан өткен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілектері, арманы естіп көргендері.

Актив қиял дегеніміз ең алдымен ойлап, соны өмірге әкелу. Актив қиял қайта жасау, творчестволық қиял, арман болып үшке бөлінеді.

Суретпен жазылған немесе сызғанға қарап адамның жаңақан бір нәрсені елестете алуын қайта жасау қиялы деп атайды.

Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа бұрын кездеспеген образдарды беруде көрінетін қиялды атаймыз.

Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау.

Қиял барысында жаңа образдар жасау жолдары.

1.Аглютинация 2. Типизация 3. Гиперболизация 4.Схематизация

Аглютинация.Ол заттар мен құбылыстарының жеке қасиеттерін желімдеу арқылы жаңа образдарын жасау (кентавр, свинкс, жез тырнақ).

Типизация. Ол заттар мен құбылыстардың ортақ қасиеттеріне сүйене отырып жаңа образдар жасау (по аналогии туловища дельфина сконструирована подводная лодка, по аналогии с летающими птицами люди придумали летательные устройства).

Гиперболизация. Заттар мен құбылыстарының ерекше қасиеттерін үлкейтіп көрсетілуін айтады. (Гулливер, многоголовый дракон, бокс. перчатки.)

Схематизация. Жаңа образдарды жасау барысында белгілі бір схемаларды сақтау.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

1.Естің негізгі заңдылықтарын ата?

2.Ойлаудың дамуы және оны қалыптастыру?

3.Елестің негізгі ерекшеліктері?

4. Ойдың формалары және операциялары

5.Қиялдың дамуы және оны қалыптастыру жолдары?

Ұсынылған әдебиеттер (негізгі және қосымша):

1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, 1996.

2. Бап-Баба С.Б. Жалпы психология.- Алматы, 2005.

№ 7лекция. Ес және елес

Дәріс мақсаты:адам өміріндегі таным процестердің ерекшелiктерiмен таныстыру, психологиялық курсының бiлiмiн зерттеу және меңгерудiң негiзiнде студенттердiң психикалық процестерін дамыту.

Мазмұны:

1.Ес, елестер туралы жалпы ұғым және физиологиялық негіздері.

2. Естің түрлері, қасиеттері, зандылықтары, ерекшеліктері.

Негізгі ұғымдар:ес, қозғалыс, образдық, сөз-логикалық, эмоциялық естер

 

1.Қоршаған дүние заттары мен құбылыстары арқылы білгендеріміз бен танығандарымыз біздің санамызда ізсіз жоғалып кетпейді, ми қыртысында бейнелер түрінде сақталады, біз оларды алдымызда жоқ кезде қайта жаңғыртамыз.

Бұрын қабылданған, ал қазір оймен қайта жаңғыртылып отырған заттар мен құбылыстардың бейнесі елестер деп аталады.

Елестердің физиологиялық негізі – заттар мен құбылыстарды қабылдап, бейнеленген үлкен ми сыңарлары қыртысында жиналған қозулар мен уақытша байланыстардың «іздері».

Көру (біздің алдымыздағы жоқ заттарды біз көріп тұрғандай боламыз), есту (біз таныс адамның дауысын, музыкалық дыбысты дәл естиміз), иіс (өзіміздің қасымызда жоқ заттың иісін сеземіз), сипай сезу (қандай да бір қатты немесе жұмсақ заттың денемізге тигендей болғанын ойша сеземіз) елестері болады. Елестер өздерінң тууына негіз болған қабылдауға ұқсас, бірақ әдетте күңгірттеу, көбіне қабылдаудан солғындау, толықтығы кемірек болуымен ажыратылады. Елестерде заттар мен құбылыстардың тек кейбір жақтары ғана бейнеленуі мүмкін; кейде олар үзік-үзік фрагмент сияқты болады. Елестер тұрақты, бір қалыпты емес: бірнеше минут бойы өзіңізге жақсы таныс бір нәрсені мысалы өз үйіңізді ойша көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Сіз көп ұзамай-ақ бұл бейненің жоғалып, ойыңыздың басқа жаққа ауып кеткенін байқайсыз. Біздің көбімізде елестер аталған қасиеттерімен ерекшеленеді. елестерді қабылдауға дәл келетін адамдар да кездеседі, мысалы жазушылар мен суретшілердің елестері айқынырақ, дәлдеу келеді.

Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмтылуын бейнелейтін процес.

Ес – күрделі психологиялық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.

Ойдан қалдырылатын не қайта жаңғыртылатын нәрсенің сипатына қарай ес төртке бөлінеді. Олар: қозғалыс, образдық, сөз-логикалық және эмоциялық естер.

1) Қозғалыс (немесе моторлық) есі деп ойын, еңбек әрекетіне байланысты туып отыратын қимыл-қозғалыстарды еске қалдыру мен қайта жаңғыртып отыруды айтады. Естің осы түрі қозғалыс дағдыларын (мәселен, коньки, тебу, жазу, оқу, машинкада қағаз басу, самолет жүргізу, турникке ойнау т.б.) қалыптастырудың негізі болып табылады. Мәселен, әріп таңбаларын жаңадан үйренген кезде бала жазуға қатысатын қолының қозғалыстарын есінде сақтайды.

2) Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп атайды. Суретшілер мен архитекторлардың, музыканттар мен актерлердің есі көбінесе нақты, көрнекті болып келеді.

3) Адам ойының түрлі формаларын (ұғым, пікір, ой қортындылары) еске қалдыра алу қабілеті сөз-логикалық ес деп аталады. Сөз жүйесін есте сақтау – ойлау жұмысына байланысты. Естің осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сөз-логикалық естің оқу процесінде маңызы өте зор. Өткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға соғады.

4) Сезімдерді еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді. Мәселен, жас кезімізде тұрған бір жерге келсек, сол кезде бізге ерекше әсер қалдырған нәрселердің бәрі есімізге оп-оңай түседі. Өткендегі оқиға бір қуанышқа байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді.

Елестер және оның түрлері.Елестер дегеніміз - қазіргі сәтте сезім мүшелеріне әсер етпейтін заттар мен құбылыстар бейнесінің мида пайда болуы. Елестердің физиологиялық негізі үлкен ми сыңарлары қыртысында бұрынғы қозулардан қалған іздер болып табылады. Тітіркендіргіш әсерімен ми кыртысындағы ескі жүйкетік байланыстар жанданады да, бейне пайда болады. Елестер - бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу мен жалпылаудың нәтижесі. Қабылдаусыз елестер құрастырылмас еді, өйткені соқыр боп туғандардың түрлі түс пен бояулар жөнінде, ал тумысынан саңыраулардың есту елестері болмайды.

Елестердің қабылдаулардан айырмашылығы - елестің затты жалпыланқырап бейнелендіретіндігінде. Ол заттар мен құбылыстардың өзіне ғана тән, көрнекі белгілерін бейнелендіреді. Біздің елестеріміз - жеке қабылдаулардың жалпылауының нәтижесі. Елестер жалпылау дәрежесінің әр түрлі болатындығына қарай жалпы және дара болып екіге бөлінеді. Арнаулы бір затты қабылдауға негізделген елес дара болады, өйткені ол дара затты бейнелендіреді. Бірнеше ұқсас заттарды жалпылап бейнелейтін елес жалпы болады. Мәселен, теңіз елесі - жалпы елес. «Каспий» теңізі - дара елес болады. Оқу процесінде балалардың елесін тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. Мәселен, баланы оқуға, жазуға үйрету анық, дәл елестерсіз мүмкін емес. Егер оқушыда әріптердің жазылуы жөнінде анық елес болмаса, ол дұрыстап жаза алмайды. Көру елестері сурет сабағында аса қажет. Баланың зат жөніндегі елестері анық болса ғана, ол суреттерді соған сәйкес етіп сала алады. Елестер қабылдаулардың негізінде қалыптасып отырады. Сондықтан баланың қабылдауы толық болса ғана елестері де толық болады. Елестің түрлері. Елестеулерді айрықша өзгешіліктеріне және сипаттарына қарай оларды үлкен екі топқа бөлуге болады.

1. Ес елестеулері.

2. Қиял елестеулері.

Егер адам бұрын қабылдаған, сезген заттарын, құбылыстарын, олардың бейнелерін қайтадан елестетсе, мұнда елестеулер ес елестеулері деп аталады. Ал бұрынғы елестеулерге сүйеніп, бірнеше елестерді бір-біріне қосып, құрастырып, өзгертіп және жаңадан елестеулер жасаса, бұл қиял елестеуі болады. Мысалы, егер мен кеше көрген концертті көз алдыма елестетсем, бұл ес елестеуі, ал бұрын еш уақытта көрмеген, сезбеген, қабылдамаған болмыстарды көз алдымызға елестетсек онда қиял елестеуі болады. Елестерді оларға негіз болатын қабылдау түрлеріне қарай айырады. Елестерді көру (адам, зат, пейзаж), есту (музыкалық әуенді елестету), иіс (эфир исін елестету), дәм (лимонның дәмін елестету), сипап сезу-қозғалыс (секірген кездегі дене қалпын елестету) елестері деген түрлерге бөледі. Елестер түрге шартты негізде бөлінеді. Бөлу кезінде заттарға басқа да қасиет белгілері тән болса да оның бір белгісі ғана басшылыққа алынады. Қөпшілік жағдайда елестер екі немесе бірнеше талдағыштардың қызметі негізінде туады да жинақылық сипатқа ие болады. Елестер адамның қызметі процесінде қалыптасады, сондықтан мамандыққа байланысты елестің белгілі бір түрі, айталық, суретшіде - көру, композиторда - есту, спортшы мен бишіде - қимыл, химикте - иіс, дегустаторда - дәм елесі күштірек жетіледі.

Қимыл-қозғалыс елестеулері арқылы адам барлық денесінің не болмаса дене мүшелерінің жекелік қимылдарын және әрбір сөзді айтудағы пайда болатын артикуляциялық қимылдарын елестетеді. Мысалы, іштен сөйлегенде біздің тамағымыз, тіліміз қимылдайды, не болмаса бір жерге отырып қолымызбен бір нәрсе жазатын болсақ аяғымыз қимылдайды. Мұндай елестеулер арқылы пайда болатын қимылдарды идеамоторлық қозғалыстар дейді. Көру не есту елестеулерінен басқа елестер таза түрде ұшырамай бір-біріне араласып, қосылып отырады. Олардың өзі де кейде басқа елестеулер мен қосылып кетеді. Күнбе-күнгі тіршілікте көру, есту, қимыл-қозғалыс елестері көбірек орын алады. Әр адамның елестерінде өзіндік ерекшеліктері де болады. Мәселен, бір адамның елесі өте бай болып, көрнекті, толық ашық, анық болып келсе, енді біреулердің елестері солғын, бұлыңғыр, күңгірт болады. Кейбір адамдар көру елестері күрделі орын алса, басқаларда есту елестері жақсы дамыған болады.

Елестеу туралы әр түрлі бағыттағы психологтардың түрліше теориялары бар. Гербарттың айтуынша, елестер сана табалдырығынан тұрады, адамның психикалық әрекеттерінде екі түрлі ағымдар болады, бірі – саналы, екіншісі – санасыз ағымдар дейді. Енді бір теория елестеулердің белсенділігін жоққа шығарады, адам санасының онша белсенді емес екендігін айтады. Шындығында елес белсенді келеді, олар бір-бірімен байланысып, тоғысып қосылады, сөйтіп өзара әрекет етіп отырады. Сондықтан адамның елестеулерін, адамның ойынан, санасынан бөлек өз алдына әрекет ететін құбылыс деп түсіну шындықпен үйлеспейді. Елестер бірінші жылдың өзінде-ақ көріне бастайды. Бала үй ішіндегі ата-анасын, не болмаса отбасы мүшелерін, үйдегі кейбір заттарды, ойыншықтарды тани алады. Ал екінші жылға аяқ басқанда ол бұрынғы қабылдауында болған заттары, суреттері арқылы да тани алады. Екінші жылдың аяқ кезіндегі көру, елестеулері көбірек орын алады. Себебі көбінесе, бала үй ішіндегі, айналасындағы заттармен көбірек айналысады.

Ересек адамның елестеулері мен салыстырғанда, бала елестері, көбінесе, еріксіз пайда болып отырады. Олардың осынау бейнелері әрі де өсіп, дамып естімегендіктен қажетті елестерді дер кезінде тудыртып, олармен тиісті әрекет жасай алмайтын кездері жие кездеседі. Өйткені, бала елестеткен уақытта жеке заттардың, жеке құбылыстардың бейнелерін еске түсіреді де жалпылама елестерге шамасы келмейді. Ал нақты мұндай елестер терең ойлауға жөндеп жәрдемдемесе алмайды. Сондықтан балалардың жалпылама елестеулерін дамытып отыру аса маңызды іс. Бұл үшін, біріншіден, мектеп жағдайында оқушы елестеулерінің бай, толық, көрнекті болуы жағын дамытып ойластыру қажет. Ол үшін балаларды оқытқанда, сабақты көрнекті етіп жүргізген дұрыс. Көрнекті оқу құралдары мұғалім мейлінше мол пайдаланса, балалардың қабылдауы мен елестетуі қатар дамитын болады. Екіншіден, балаларды өз бетімен бейнелерді жасауға үйретіп дағдыландыру керек, олардың әсіресе жалпылама елетеулерін дамытуға ерекше көңіл бөлу керек, үшіншіден, елестерді дамытуда эстетикалық тәрбиенің маңызын да естен шығармаған дұрыс.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

1. Естің адам өмірінде алатын маңызы қандай?

2. Ассоциация дегеніміз не?

3. Естің түрлерін, процестерін атаңыз?

4. Механикалық есте қалдыру дегеніміз не?

5. Елес дегеніміз не, қандай түрлері бар?

6. Елестің қабылдаудан айырмашылығы неде және оның маңызы қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.

2. Вейн А.М.,Каменцская Б.И. Память человека. – М. Наука. 1973г.,- 234с.

3. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. А: Изд. КазГУ, 1992г.,-195 б.

4. Немов Р. С. Психология. «Просвешение». М.,1995,235-241с.

№ 11 дәріс Психикалық қасиеттер Темперамент және мінез

Мақсаты: Темперамент типтері және олардың психологиялық сипаттамасын анықтау және адамдардың дара ерекшеліктерін дамыту әдістерімен таныстыру.

Жоспары:

1.Темперамент.Темпераменттердің физиологиялық негіздері.

2.Темперамент типтері. Темперамент және жеке адам.

3.Мінез туралы үғым және физиологиялық негіздері, құрылымы мен қасиеттері.

 

Негізгі ұғымдар: темперамент, эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы, холерик, сангвиник, флегматик, мелонхолик.

 

1. Темперамент – ерте ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі.

Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске еле бермейді.

Темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілерінетәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді

2. Темпераменттердің физиологиялық негіздері.

Шартты рефлекстерді зерттей отырып И.П.Павлов жануарлар мен адамның жүйке жүйесі үш қасиетке немесе әрекет принциптеріне ие болатындығын анықтады. Бірінші принцип – жүйке жүйесінің күші. Екінші принцип – тітіркену және тежеу процестерінің арасындағы тепе-теңдік принципі. Үшінші принцип – жүйке процестерінің қозғалмалылығы.

Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметінің осы үш қасиеті (күші, тепе-теңдігі және қозғалмалылығы) негізінде И.П.Павлов жүйке жүйесінің төрт принципін анықтады. Ең алдымен, ол күшті және әлсіз типін ажыратады. Күштілердің арасында тепе-теңдері және теңгерілмегендері болады. Тепе-теңдерін қозғалмалы және инертті деп бөледі. Сонымен үш күшті тип, ал төртінші типіне ғалым барлық әлсіздерін жатқызады.

Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметтері қасиеттері, жүйке жүйесінің типтері мен темперамент арасындағы белгілі бір қатынастар түзіледі. Осыдан күшті теңгерілмеген типке холерик темпераменті; күшті, тепе-тең, қозғалғыш типке – сангвиник; күшті, тепе-тең, инертті (жай қозғалатын) – флегматик темпераменті, ал, ақырында, әлсізіне меланхолик темпераменті орайлас. Сөйтіп жүйке жүйесінің негізгі төрт типі темпераменттің төрт түріне сәйкес келеді. қызмет процесінде жүйке жүйесінің типтері өзгеріп отырады.

3.Темперамент типтері

Темперамент типтері: холерик, сангвиник, флегматик, мелонхолик әр бір типтердің жағымды және жағымсыз жақтары.

Сангвиник– жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепе-тең. Назарын тартқанның бәріне араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылары мәнерлі, шапшаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі қалып, мұңаяды. Бет-жүзінен көңіл-күйі, заттар мен адамдарға болған қатынасы білініп тұрады. Сезімталдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама әсері болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейді. Мұндай адам көтеріңкі белсенділікке ие, жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі, ұзақ уақыт талып-шаршамастан қызметін жалғастыра алады. Әрекеті жедел, ақылы-ойы икемді, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезімдері, көңіл-күйі, қызығулары мен ниеттері өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысып отырады. Сангвиник төңірегіндегілермен тіл табысқыш, жаңа талаптар мен жағдайларға икемшіл.

Холерик. Сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді. Бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділіктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан – ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан – толық экстраверт.

Флегматик– әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шаруалары кем көріністі. Оны күлдір де, мұңайтуда оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып жатқанды, ол мізбақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайға икемделу қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай да болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді. Әдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені ішінде – интраверт.

Меланхолик. Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Әдетте өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша психикалық процестері әлсіз. Көпшілік мелонхолиттердің өздерінің тұйықтығы мен адамдардың оқшаулануынан ішіне түйтені көп – толық интраверт.

И.П. Павлов темперамент типінің жүйке қасиеттері ретінде қозу мен тежелу күшін, тепе-теңдігін және қозғалмалылығын атап көрсетті.

Қозу күші мен тежелу күші – бір біріне тәуелсіз жүйке жүйесінің дербес қасиеттері. Қозу күші жүйке жасушаларының әрекетшеңдік белгісі. Осы күшке орай жүйке төзімді, ұзақ не қысқа мерзімді әсерлі қозуды сақтай алады, тежелуге бейімделеді. Ал тежелу күші жүйке жүйесіндегі күшті әсерлерді басып, сөну және біріктіру шартты реакцияларын іске асыру қызметін атқарады.

Аталған жүйке процестерінің қасиеттері негізінде жүйке жүйесінің типі немесе жоғарғы жүйке қызметінің типі деп аталатын құрылым түзіледі. Бұл жүйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесіне тән негізгі қасиеттер бірлігінен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы. Осы үш қасиетті негізгі ала отырып, И.П. Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты.:

· Күшті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы – сангвиник;

· Күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт – флегматик;

· Күшті, қозуы басым – холерик;

· әлсіз тип – меланхолик.

Адам темпераменті – жоғары жүйке жүйесінің сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық бейнесі.

4. Темперамент және жеке адам.

Темперамент жеке адамның психикалық қасиеттерінен көрінеді, бірақ темпераменті бірдей адамдардың өздері де бір-біріне ұқсамайды. Әрбір адам қайталанбас, жеке индивид, оны темпераменттің жоғарыда көрсетілген типтердің біріне тікелей телуге болмайды. Көп адамдардың ішінде жеке адам бір емес, екі және одан да көп типтердің белгісіне ие. Адамда холериктің белгілерімен қатар, мысалы, сангвиниктің де белгілері болуы мүмкін, меланхоликте флегматиктің бітістері ұшырайды, т.б.

Көбіне жеке адам – темпераменттің түрлі типтеріне жататын психикалық қасиеттердің иесі. Оның темпераменті аралас типті болады. Әр темпераменттің өзіне тән жағымды және жағымсыз жақтары болады. Алғаш қарағанда әлсіз тип барлық жағынан жүйке жүйесінің күшті типіне орын беретін сияқты. Бірақ бұл олай емес. Зерттеулер бұл типтің өзінің де оңды жақтары, мысалы, айналадағы дүниені терең қабылдайтындығы, өте үлкен әсерленгіштігі, сезгіштігі бар екенін көрсетті. Күшті типтер қиын-қыстау жағдайларға неғұрлым төзімді келеді, бірақ әлсіз сигналдарды сезімталдықпен ұстай алмайды, көптеген тітіркендіргіштерге әрдайым жеткілікті нәзік көңіл аудармайды, сондықтан да айналадағы болмысты онша жақсы бағдарлай бермейді. бір жағдайларда күшті типтер, екінші жағдайларда әлсіз типтер өмірге қабілетті болып шығады, яғни әр темпераменттің өз артықшылықтары бар.

Темперамент жеке адамның туа біткен қасиеті болғанмен, ол тіршілік жағдайларының, қызметтің, тәжірибенің және өзін-өзі баулудың ықпалымен өзгеріске ұшырау мүмкін. Көрнекті адамдардың арасында өз темпераментінің жағымсыз жақтарын жоя білгендері аз емес.

1. Мінез туралы жалпы ұғым және физиологиялық негіздері.

Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшелінеді. Бұл орайда, адамдар мінезі ерекшеліктеріне орай ажыратылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі – із қалдыру. Психологияда бұл – дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.

Мінез туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп өмір сатысында дамып, қалыптасып отырады.

«Мінез» дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктерің жиынтығы.

«Мінез» дегеніміз кісінің өзіндік бағыт бағдарының, оның жан дүниесі ерекшелігінің бірсыдырғы тұрақталған, тұрлаулы белгісі.

Мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады.

Адамның мінез-құлықтарының өзгеріп отыруына әлеуметтік жағдайдың үнемі ықпал етіп, оның жаңа салаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және объективтік фактор.

«Мінездің күші» дегеніміз – мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам қуатының мөлшері.

Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік қоршаумен (мектеп, оқу, өндіріс ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, т.б) тығыз байланысты.

Адам мінезінің физиологиялық негізін ашып көрсетуде ерекше орын алатын жайт – жоғары жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс. Осы орайда, И.П. Павлов қандай сигнал жүйесінің басым екендігіне қарай адам мінезінің типтерін мынадай үш түрге бөледі:

Ойшыл тип – бұл негізінен, сөзбен байланысты екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы.

Көркем тип – мұнда екі сигнал жүйесінің бір де бірі басымдық көрсете алмайды. Адамдардың көпшілігі осы орташа типке жатады.

Мінездің құрылымы мен қасиеттері.

Мінез құрылымының қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады:

1.Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді.

2.Адамның жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет – мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді.

3.Мінездің тұрақтылығының, ауытқымалылы мен бейімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп, мінезінің күшін аңғартады.

Мінездегі қасиеттер жүйесі.Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады. Ондай қасиеттер адамның әралуан нәрселерге қатынас ерекшеліктерін көрсетеді:

1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері (еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық т.б.).

2. Ұжымға, адамға қатысты қасиеттер (қарапайымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік).

3. Өзіне өзінің қатынасы (өркөкіректік, даңғойлық, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік).

4. Заттарға қатынасы (ұқыптылық, салдар – салақтық, заттарды ұстап тұтыну мен ұқыпсыздығы т.б.).

Қорыта айтатын болсақ, жеке адам, тұлға қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Себебі, оның жан дүниесі тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау үстінде қалыптасады, тәлім – тәрбие, оқу, іздену арқылы әрбір жеке адам өзінің ішкі жан дүниесін қалыптастырады.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

1. Күшті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы қандай типке жатады?

2. Әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шаруалары кем көріністі қандай түрлері бар?

3. Күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт атаңыз?

4. Күшті, қозуы басым дегеніміз не?

5. Қозу күші мен тежелу күші дегеніміз не?

6. Темперамент типтерінің айырмашылығы неде және оның маңызы қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.

2. Вейн А.М.,Каменцская Б.И. Память человека. – М. Наука. 1973г.,- 234с.

3. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. А: Изд. КазГУ, 1992г.,-195 б.

4. Немов Р. С. Психология. «Просвешение». М.,1995,235-241с.

№ 12 дәріс Қабілет туралы түсінік

 

Мақсаты: Мінез жөніндегі білімдерді түсіндіру және ұлттық мінезді қалыптасуына ықпал етуші факторларды қарастыру. Қабілет, нышан және адамдардың дара ерекшеліктерін дамыту әдістерімен таныстыру.

Мазмұны:

1.Қабілеттің сипаттамасы. Қабілеттің түрлері.

2.Қабілеттің нышаны.

3.Қабілеттің дамуындағы әлеуметтік және тума қасиеттері. Интеллект.

1. Қабілет туралы жалпы ұғым.

Қабілет - іс-эрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нэтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-күнгі тэжірибеде жиі кездеседі. Мэселен, оқуға бар ықыласымен берілетін оқушыларды біз «мынау оқушы қабілетті оқушы екен» дейміз, не болмаса оның кейбір пэндерді жақсы үлгеруіне байланысты бір оқушының математикаға, екіншісінің эдебиетке, үшіншісінің географияға қабілеті бар екен дейміз.

Қабілеттердің дамып қалыптасуы эр түрлі деңгейде жүріп отырады. Мэселен, оның алғашқы деңгейі (жұрттың бэріне ортақ) репродуктивтік десе, екінші негізгі деңгейін шығармашылық қабілет дейді. Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс-эрекетті қажетті дэрежеде іске асыруда икемділік көрсетсе, екінші деңгейде жаңа, соны туынды жасай алу мүмкіндігін байқатады. Біркелкі тең жағдайда (дайындық деңгейі, білімі, дағды, білік, жұмсалған уақыт, ақыл-ой, дене күші) қабілетті кісі қабілеті төмендеу кісіге қарағанда істі орындауда жақсы нэтиже көрсетеді.

Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі - "талант", "дана" деген терминдермен аталады. Талантты жэне дана адамдар өнерде, ғылымда зор қоғамдық мэні бар нэтижеге жетеді. Дана адам эдебиет, өнер, өндіріс, ғылым саласында бұрын сонды болмаған, соңғы жаңалықтар ашады. Талантты адам да жасампаз, бірақ өзіндік жаңалықты белгілі идеялар, бағыттар, зерттеу тэсілдері шеңберінде жасайды. Талантты жэне дана адамдар практикада жэне өнерде, ғылымда бүрын соңды болмаған жаңалықтар ашады. Таланттылық -даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жағдайлар, жеке адамның жан-жақты дамыған кезінде туады. Мэселен, Леонардо да Винчи, Гете, Ломоносовтар шығармашылық қызметтегі даналықтың жэне адамның жан-жақты дамуының үлгісі болып табылады.

Қабілет жалпы, арнаулы болып бөлінеді. Жалпы қабілет бүл адамның ақыл-ой қабілеті.

Арнаулы қабілет - іс-эрекеттің, мэселен, эдебиет, сурет өнері, музыка, сахна өнері т.б. арнаулы салаларда, жоғары нэтижеге жетуге жэрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі.

Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс-эрекетке қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бүған конструктивті-техникалық, үйымдастыргыштық, педагогтық қабілеттер кіреді.

2. Қабілеттер концепциясы.

Қабілеттердің түқым қуалау теориясы. Психологияда қабілеттердің үш концепциясы бар. Олардың бірі - қабілет түқым қуалау арқылы дамып отырады деген концепция.Бүл қисын бойынша, адамның жеке дара қасиеті, соның ішінде қабілеті де атадан балаға мүра ретінде беріліп отырады. Мүндай пікірді психологтар ғана емес, сондай-ақ ғылым мен өнердің (математиктер, жазушылар, суретшілер) кейбір өкілдері де қуаттайды. Мүның біріншілері өз көзкарастарын нақты зерттеулерден алған деректермен дэлелдегісі келеді. Мэселен ХІХ ғасырда өмір сүрген Гальтон таланттың түқым қуалаушылық жолымен болатынын көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндарын зерттеу арқылы дэлелдегісі келген. Гальтонның көзқарасын Л. Котс ілгері қарай дамытты. Ол қоғамның айрықша жағдайлы топтарының ішінде мүндай мүра мол деген түжырымға келген.