Негізгі 7 страница

Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі топқа кіреді. Топтар үлкен (макро), кіші (микро), ресми, бейресми, ұйымдасцан, ұйымдаспаган, контактілі, оцшауланган, референт т.б. болып бөлінеді.

Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір-бірімен тікелей қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Оның топтың барлық мүшесінің күш-жігері соған жетуге жұмылдырған ортақ мақсаты болады. Кіші топқа кіретіндер бірін-бірі жақсы біледі жэне топтың алдында тұрған міндетті орындау кезінде өзара қоян -қолтық қатынаста болады. Қіші топ мүшелерінің саны екі адамнан аз болмайды жэне 30-40 адамнан аспайды.

Жанұя, өндірістік бригада, мектеп сыныбы, студенттер тобы, т.б. контактілі, реалды топқа жатса, концерт залындағы, футбол алаңындағы, автобус салонындағы отырған адамдар ұйымдаспаган топқа жатады. Студенттер тобы, сынып оқушылары ресми топ болса, жанұя мүшелері, ағайын-туыс, дос-жарандар ресми емес топқа жатады

Адам бір мезгілде бірнеше кіші топқа мүше болады. Мысалы, оқушы өз сыныбының мүшесі, футбол камандасында жэне т.б. үйірме тобына мүше болуы мүше болуы мүмкін.

Құрылу принципі мен эдісіне қарай шартты жэне нақты формалды жэне формалды емес топтар болады. Шартты және нацты топтар. Нацты топ -адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынас жэне байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмылған, өмір сүріп тұрған бірлестігі. Нақты топ қысқа мерзімді, не ұзақ өмір сүруі, мүшелерінің саны аз не көп болуы мүмкін. Ол қауымдастық ретінде өмір сүріп қызмет істейді.Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады.

Формалды (ресми) және формасыз (бейресми) топтар. Формалды (ресми) топ штат кестесі, жэне басқа да ресми құжаттар негізінде құрылады. Мысалы, жоғары оқу орынындағы студенттер тобы, мектептегі мұғалімдер мен қызметшілер штаты - мұның бэрі ресми топқа жатады.

Формалды топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сэйкес эр түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше көрінеді. Формалы топтарда (іскерлік қатынаста) кейде теріс эмоциялық жағдайлар, яғни бір-бірін ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мүмкін. Бұл жэйт ондағы іскерлік қатынасқа теріс эсерін тигізеді.

Формасыз (бейресми) топтар ұнату, көзқарас бірдейлігі сенім жақындығы т.б. арқылы қалыптасады. Мұндай топқа ресми құжаттардың, тиісті нұсқаулардың күші жүрмейді. Мэселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен айналысу, бірге қыдыру, отау тігу, дос-жарандық қатынастағы адамдардың тобы. Бұл топтарда бірін-бірі ұнату, біріне-бірі бауыр басу, сыйлау қасиеттері жоғалатын болса, онда ол біртіндеп ыдырап, топ болудан қала бастайды.

Референт тобы. Референт (эталон) тобы деп көзқарас, талаптары үлгі болып саналатын ақиқат өмір сүруші немесе қиялдағы топ айтылады. Адам өзі нормасын, қадір-қасиетін бағалаған, өзі оны қолдап, ең жақсы деп есептейтін топқа кіреді. Сонда адам бұл нормаларды қолдап-қана коймай, оны қорғайды да, қажет болса насихаттайды да. Кейде былай да болуы мүмкін адам бір топтың мүшесі бола отырып, екінші бір топтын көзқарасын, нормасын қастерлеп, қадір тұтады. Басқаша айтқанда, тұлға үшін басқа топ үлгі эталон болып есептеледі. Мысалы, жеткіншек жоғары сынып оқушыларының немесе ересектердің тобына мүше болуға тырысады. Егер бұған онын қолы жетпесе, онда ересектер тобында орын алған мінез-құлық нормаларына еліктеп, соларға ұқсауға тырысады.

Топтағы адамдардың қарым-қатынасы.

Топтағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, эңгімелесу т.б. эдістерді пайдаланады. Мұны таңдау эдісі деп атайды. Бұл эдісті тұңғыш ұсынған америка психологы Дж.Морено болды. Бұл обьективтік эдіс, бұны адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеген кезде қолдануға болады. Әлеуметтік психологияда социометрия ягни таңдау (шағын топтағы элеуметтік қатынасты өлшеу) эдісін қолданылады. Бұл эдіс арқылы адамдардың іскерлік жағын, қарым-қатынасын білуге болады.

Таңдау эдісін топ, ұжым мүшелері бірін-бірі жете білген жағдайда ғана қолдануға болады. Бұны жүргізгенде сұрақтарға жауап беру ескеріледі. Қойылатын сұрақтар таңдау критерийлері деп аталады. Критерий күшті жэне осал болып екіге бөлінеді. Күшті критерий терең де тұрақты қатынасты, ал осалы - тұрақсыз жэне ат үсті қатынасты көрсетіп береді. Мысалы, «Бірге қызмет істейтін адамдардың қайсысымен бір еңбек бригадасында болуды қалар едіңіз?» деген критерийді күшті критерийге жатқызуға болады, Ал, «Қалаға саяхатқа кімді шақырар едіңіз?» деген осал критерий болады, өйткені ол ұзаққа созылмайтын, уақытша қатынасты қамтиды.

Сыналушыға негативті жауап (теріс таңдау) беруді қажет ететін сұрақ та қойылуы мүмкін. Мысалы, «Сен емтиханға кіммен бірге дайындалғың келмейді?», «Сен туған күніңе кімді шақырмас едің?» т.б. Топтағы, ұжымдағы адамдардың бұл қатынаста алатын орны бірдей емес. Зерттеулерде бір адамдар басқаларға қарағанда көбірек белгілі, беделді болатынын көрсетеді. Біреулер қарым-қатынас жасауға шын ниетімен көбірек тартылады, ал екіншілері топтың өзге мүшелерімен сирек араласады.

Зерттеу нэтижесіне қарағанда, сынып ұжымында төрт-бес оқушы ғана басқалардан айрықша белгілі болады екен. «Басқаның жүрегіне жол таба білетін адам» адам қашан да көпшілікке жақын, белгілі болатыны аян. Адам өз орнын жалбақтау, жағымпаздану жолымен емес, өзінің табиғи болмысымен, қадір-қасиетімен, ашық мінезімен табады.

Екінші бір адам білімділігі, іскерлігі, өз білгенін аямай, олармен риясыз бөлісуге, көмектесуге эзір тұрушылығымен де ерекшеленеді. Үшіншіден, сырт бейнесі факторларын да ескермеуге болмайды. Мысалы, оқушы өзінің қара күшке ие, мықты құрбысын құрметтейді.

Топта, ұжымда эркімнің өзгелерден гөрі жиі кездесетін бір адамы болады, көпшілігі өзара тату-тэтті тіршілік еткенмен, ондағы эр адамның өзгелерден онымен мүдделес, эңгімелері жарасқан, ортақ істері бар, жолдастық, достық қатынастағы адамдар да болады. Топта кейбір адамдар ешкіммен жеке өзара қатынаста болмайды. Олар дұрыс қатынас орнату үшін өзіне серік таба алмайды. Алайда мұндай адам топқа, ұжымға қажетсіз деген ұғым тумайды. Ол да іске қызу араласып өзіне жүктелген міндетті жақсы атқарады. Мысалы, оқушы өзімен бір үйде тұратын, бірақ басқа сыныпта немесе басқа мектепте оқитын баламен достасады. Топта жұрт жек көретін, маңайына жуытқысы келмейтін адамдар да кездеседі. Мұндай жағдайда өзгелер оған жоламай, іргесін аулақ салуға тырысады. Психологтар топта кейбір жекелеген оқушылардың өзгелермен араласпай оқшау жүруі, 1 -ден оқшау қалған оқушының сабаққа селқостығы, мұндай оқушылар сабақты нашар оқиды жэне сабақ үлгерімін жақсарту үшін ешбір талаптанбайды. Мұндай балалар сынып оқушыларының жетістіктері мен кемшіліктеріне ешқандай қуанбайды да ренжімейді де. Сабақ үлгерімі оларды ойландырмайды. 2- ден кейбір оқушылардың оқшау қалдырылуы олардың қатынас жасауға шорқақтығынан болады. Ол оқушылармен өзі достасуды қаламайды, бойын сулақ салып жүреді. Кейде оған жас айырмашылықтары мен тұйықтық та себеп болады.

Көпшілікке қадірлі, ұжымда жетекшілік міндетті өзіне алатын адамдар да болады. Мұндай адамдарды қарым-қатынас психологиясында «лидер» деп атайды. Ол топ мүшелерімен қарым-қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Мектеп ұжымында лидердің бірнеше типі болады.

лидер жағдайға байланысты өзін танытады. Мысалы, оқушылар сыныпта музыкалық кеш өткізеді делік. Ол көптеген шығармаларды біледі, эр түрлі музыкалық аспаптарда ойнайды. Бұл арада өзінің дарыны мен шеберлігін көрсетеді.Ол осы шараны өткізуді ұйымдастырып, лидерлік танытады. Ал басқа жағдайда ұжымның қатардағы мүшесі болып қала береді.

Лидердің 2-ші типі, эр түрлі іс-шараларды өткізуде ұжымның басқа мүшелеріне жан-жақты ықпал ете алатын оқушы лидер бола алады. Мысалы, топ далада түнейтін болып, туристік саяхатқа шығарда, лидер оқушы маршрутты эзірлейді, топты қажетті құрал-жабдықтармен, азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Алайда оңың лидерлігі қысқа мерзімдік дэрежеде ғана болады. Іс-шара аяқталған соң оның лидерлігі де бітеді.

3-ші типі оқушы өзінің лидерлік қабілетін ұзақ уақыт бойы сақтайды, бұл сынып жэне топ бастығы т.б.

Формалы жэне формасыз топтар мен ұжымда олардың мүшелерінің «психологиялық үйлесімділігі» болады. «Психологиялық үйлесімділік» - топ, ұжым мүшелері қасиеттерінің неғұрлым қолайлы үйлесімі. Мұның өзі ортақ істің табысты болуын жэне эр бір адамның жұмыстан лэззат алуын қамтамасыз етеді. Егер екі жэне одан да көп адам арасында «психологиялық үйлесімділік» болса, онда бірінің қылығы екіншісіне немесе өзгелеріне ұнайтын болады деген сөз. Топ мүшелері бірі-бірінің мінез-құлқын, қатынас тэсілін жатырқамай дұрыс қабылдайды.

«Психологиялыц үйлесімсіздік» кезінде топтың бір мүшелерінің қылығын екінші бір мүшелері жақтырмайды. Бұл жағдай кейде шағын топтың қоғамнан ұзақ уақыт тыс қалу нэтижесінде де пайда болады. Психологиялық үйлесімсіздікке кейде адамдардың тұйықтығы, беймазалығы, тэкаппарлығы, менмендігі себеп болады

Шағын топтың ұзақ уақыт оқшау қалуы, олардың бір-бірі туралы ақпараттың эбден сарқылуынан да «үйлесімсіздік» болады. Топ мүшелерінің бір-бірін анық білетіндігі соншалық, арасындағы өзара қатынаста еш қызық қалмайды.

Топтағы "моральдық психологиялық ахуал" (кейде мұны "элеуметтік-психологиялық ахуал"деп те атайды) дейтін ұғымның да мэні зор. Бұл топ, мүшелерінің өзара қарым-қатынасындағы ортақ тэртіп пен жауапкершілік, яғни жетекші мен оның қарамағындағылардың бірін-бірі түсінісе алуы, топтың үйреншікті жұмыс стилі, онда ортақ пікірдін орнауы, т.б. Топтың көтеріңкі көңіл күйі ұжымдық міндеттің нэтижелі орындалуына қолайлы эсер етеді. Өзара жарасқан ынтымақ, сыйластық, ұжым мүддесін қастерлейтін жерде қандай ауыр жұмыс болса да жеңіл атқарылады. Мұндайда ауыртпалық сезілмейді, сары уайым, жабырқау, түңілу, жалғызсырауға орын қалмайды.

Тату-тэтгі өмір сүретін ұжымда ұрыс-керіс болмайды, шығармашылық іске, білімді терең меңгеру мен саналы тэртіпке аса қажетті ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады.

Әлеуметтік кауымға біріккен адамдардың көңіл күйлерінің бірдей болып келуі ұжымдық көціл күй болып табылады. Мұндай көңіл күйі көптеген адамдарды қамтуы мүмкін. Мысалы, ең алғаш ғарышқа адам ұшқанда барлық халқымыз қуанды. Мереке адамның көңіл-күйін туғызады. Сұрапыл апат, жер сілкіну, су тасқыны, соғыс адамдарды қайғыға батырады. Сөйтіп ұжымдық көңіл-күй мазмұнына қарай жағымды немесе жағымсыз болып келеді. Өте жағымсыз ұжымдық көңіл күй үрей болып саналады. Кейде бұл жағдай көптеген адамдардың шырқын кетіреді, өмірдің, жұмыстың қалыптасқан ырғағына нұқсан келтіріп, қалыптасқан қатынасты бұзады. Ұжымның бір мүшесінің қайғысы басқалардың да жүрегін ауыртады. Жолдастың қазасы бүкіл ұжымды қайғыға батырады.

Топта жэне ұжымда қоғамдық пікір орнайды. Қозамдъщ пікір -элеуметтік өмір фактілері, Ұжымдық қызмет жэне жеке адамдардың іс-эрекеті жөніндегі бірыңғай баға. Қоғамдық пікірдің кейде ауқымы кең болады: елге, континентке, бүкіл элемге тарайды. Халықаралық өмірдің соғыс пен бейбітшілік, экономика, дін, спорт мэселесі сиякты проблемалары туралы көптеген миллион адамдарда белгілі бір қоғамдық пікір туады. Алайда қоғамдық пікір кэсіпорын ұжымы, аудан, қала, село халқы сияқты шағын топты ғана қамтуы да мүмкін. Мұндай жағдайда қоғамдық пікір мазмұны топтың, жеке адамдардың ісі көлемінде болуы мүмкін.

Қоғамдық пікір ұжымның, топтың, адамдардың өміріне, олардың бір -бірімен өзара қатынасына эсер етеді. Мысалы, мектепте қайсібір оқушы туралы мұғалімдер ұжымы мен оқушылар арасында қоғамдық пікір болады. Оны бір топ оқушы, мұғалім қалыптастырып, солар қолдап, дамытуы мүмкін. Шағын топ көлеміндегі қоғамдық пікір жағымды да жағымсыз да роль атқарады. Егер мұндай пікірде адамның ісі мен мінез-құлқы жайлы пікірлер дұрыс көрсетілген болса, ол сол адамның өзіне де, топ, ұжымға да жақсы эсер етеді. Ал егер пікір жалған сөзге, өсекке негізделген болса, жаңағы адамның жүрегіне нақақтан-нақақ жара салады, ұжымдағы, топтағы өзара қатынасты да нашарлатады.

Жарыс. Бұл, адамдардың, ұжымдардың, топтардың өзара қатынасы, мұндай қатынастың барысында жарысушы жақтар бірі-бірінің көрсеткішінен асып түсуге ұмтылып, бірінен-бірі озып кетіп жатады. Жарыс өзінің сипаты жағынан элеуметтік болады, ейткені оның мазмұны қоғамның мүддесі мен талабына орайлас келеді. Жарыстың негізі неғұрлым мазмұнды болса, соғұрлым ол құнды болады: оқудың сапасын, шығарылатын өнімнің саны мен сапасын арттырады, спорттық нэтижелерді алға бастырады т. б. Оның бэсекеден айырмашылығы, жарыстың антогонистік пиғылы болмайды. Ол қарсыласынан басым түсуі үшін қандай да болсын арам қылыққа, қулық-сұмдыққа баруды қаламайды.

Жарыс дегеніміз - адамдардың өзара байланыс жасау формасы. Сондықтан да ол ұжымның, топтың өз ішінде адамдардың бір-бірімен қатынасын ұштай түседі, оған бағыт-бағдар береді.

Еліктеу. Әлденені өзіне пір тұтып, саналы не санасыз түрде соған ұқсамақ болуды еліктеу дейді. Қоғамдық өмірде ол маңызды орын алады. Мысалы, оқушы кинофильмде өзіне ұнаған бір кейіпкеріне еліктеп, соның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, мимикасын өз бойына сіңіруге тырысады. Киім, шаш қою, үйдегі мебель, қарым-қатынас мэнері - бұлардың бэрі де еліктеу объектісі бола алады.

Еліктеу көпшілікке тэн элеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде қалай дегенмен де топтағы, ұжымдағы адамдардын өзара қатынасынан да орын алады. Ол сол бірлестікті құрайтын адамдардың ұқсас мінез-құлқының, іс-эрекетінің қалыптасуына жағдай жасайды.

Бет алды еліктеу де, сондай-ақ ұшқалақтық жасап еліктеу де болады. Бұл эсіресе жас балалар тобында жиі кездеседі. Бет алды еліктеу екі адамның сөйлесуінен де көрінеді. Сөйлеу мэнерлері, сөз саптауы өзіне жат ортаға тап болған адам, біраз уақыттан кейін еріксіз түрде солардың эуенімен сөйлеп кететін болады. Сөйтіп, еліктеу, басқа да элеуметтік-психологиялық құбылыстармен бірге топтағы, ұжымдағы адамдардын, өзара қатынасының мазмұны жэне формасына айналады.

 

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

1. Топ пен ұжымның айырмашылықтары қандай?

2. Қарым-қатынас құрылымы жэне оның қызметі.

3. Топтағы адамдардың қарым-қатынасы.

4. «Психологиялық үйлесімділік» дегенді қалай түсінесіз?

Ұсынылған әдебиеттер (негізгі және қосымша):

1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, 1996.

2. Бап-Баба С.Б. Жалпы психология.- Алматы, 2005.

3. Жарықбаев Қ. Психология.- Алматы, 1982.

4.Тәжібаев Т. Жалпы психология.- Алматы, 1993.

№6лекция. Танымдық үрдістер психологиясы

Дәріс мақсаты:адам өміріндегі таным үрдістердің ерекшелiктерiмен таныстыру

 

Мазмұны:

1.Түйсік және қабылдау.

2.Түйсіктің түрлері және қасиеттері.

3.Қабылдаудың физиологиялық негізі.

4.Қабылдаудың түрлері және қасиеттері. Адам психикасындағы қабылдаудың орны.

Түйсік деп - қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің сезім мүшелерімізге эсер етіп, миымызда бейнеленуін айтамыз. Түйсік біздің барлық біліміміздің бұлағы деп айтуға болады. Түйсік болмаса, біз басқа жолмен заттың, қозғалыстың ешқандай формалары туралы еш нэрсе біле алмаймыз. Түйсік біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады.

Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дэмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Мэселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нэрсе» деп жауап береді.

Түйсік заттың сезім мүшесіне эсер еткен кезде ғана пайда болады. Сезім мүшесі - денснін шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы жэне ішкі ортадағы белгілі бір тітіркендіргіштердің эсерін қабылдауға маманданған анатомиялық-физиологиялық аппарат.Сезгіш нервтердің ұштары эр сезім мүшесінің басты бөлігі болып табылады, ол рецептор деп аталынады. Көз, құлақ тэрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық ұштықты біріктіреді. Тітіркендіргіштің рецепторға эсер етуі сезгіш (афференттік) нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстің пайда болуына экеледі. Жауап қайтару реакциясы эфференттік нерв арқылы беріледі. Ми қыртысындағы өткізгіш нервтер мен учаскелерді И.П.Павлов талдагыш (анализатор) атады. Түйсік тууы үшін талдағыштың барлық бөлшектерінің сақталуы қажет. Ми қыртысында талдағыштың нерв клеткалары бүлінсе, адамның сезім мүшесі толық сақталса да көруден немесе естуден қалады.

Талдағыштар үш бөліктен құралады: а) шеткі (перифериялық) мүше - бұл сезім мүшелері, рецепторлар деп аталады; э) өткізгіш бөлім - рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік жэне эфференттік жолдар; б) мидағы орталықтар.

Кейбір философтар мен психологтар адам түйсігі заттардың объективік қасиеттерін бейнелемейді, олар тек осы заттардың эсерінен сезім мүшелерінде пайда болатын өзгерістерді ғана бейнелейді деген қате пікірлерді уағыздайды. Беркли, Юм, Мах т.б. оқымыстылардың айтуынша түйсіктердің мазмұны сыртқы тітіркендіргіштердің, яғни сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттеріне байланысты емес, ол түгелдей сезім мүшелерінің өздерінің жұмыс істеу қасиеттерімен белгіленетін болады деп тұжырымдайды. Осы тұрғыдан келгенде, түйсік сыртқы дүниедегі заттардың бейнесі емес, қайдағы бір шартты белгілер мен иероглифтер, символдар болып шығады.Бұл түсінік бойынша біз түйсіктеріміздің нені бейнелейтінін, оларға не сэйкес келетінін де, заттарды қалайша танып білуге болатынын да түсіндіре алмаймыз.

2. Түйсіктің түрлері.

Рецепторлардың организмде орналасуына қарай түйсіктерді үлкен үш топқа бөлуге болады: дененің беткі қабатында орналасуына қарай экстерорецептор (керу, есту, тактильдік т.б.) бұлшық ет, сіңірде орналасқан түйсіктер проприорецептор (кинестезиялық, статикалық, вибрациялық т.б.) жэне ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін яғни, аштықты, шөлдегенді, ыссы-суықты түйсіну интерорецепторлар (органикалық түйсіктер) болып бөлінеді.

Көру түйсіктері. Көру мүшесі болып табылатын көз - анатомиялық құрылысы күрделі сезім мүшесі. Оның негізгі бөлімі - көз алмасы. Көз алмасы үш түрлі қабықпен (ақ түсті, тамырлы жэне торлы) қапталған шар тэріздес нэрсе.

Заттар мен құбылыстардың түстері хроматикалық (қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) ахроматикалық яғни бояусыз (ақ, қара жэне барлық сұр түстер) болып екіге бөлінеді. Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің ашық болуы, реңкі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек ашық болуымен ғана ажыратылады.

Есту түйсіктері. Дистанттық түйсіктерге есту түйсіктері де жатады. Есту рецепторын тітіркендіретін дыбыс толқындары. Дыбыс толқыны деп -ауаның белгілі ырғақпен бірде тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады. Сол толқындар эр тарапқа тарайды. Ауа толқындарының физикалық құрылысы өте күрделі. Біз сол толқындардың жиілігін, амплитудасын жэне формасын ажырата аламыз. Ауаның бір секунда өтетін толқынын герц деп атайды. Адамның есту рецепторы 1 сек ішінде орта есеппен 16000-нан 22000 герцке дейін ауа толқынын түйсіне алады. 16 герцтен төменгі жиілікпен өтіп жатқан толқындарды құлағымыз түйсіне алмайды. Біздің талдағыштарымыз түйсіне алмайтын 12-16 герцтен төменгі дыбыстарды - инфрадыбыстар деп атайды. Ал толқынның жиілігі 22000-нан асып кетсе, ондай дыбысты адамның құлағы шалмай қалады. Мұндай жіңішке дыбыстарды ультрадыбыстар дейді.

Есту түйсігін - сөздік, музыкалық жэне шуылдық деп үш түрге бөледі. Түйсінудің бұл түрлерінен есту талдағышы дыбыстың үш сапасын: күшін (қатты жай), жоғарылығын (жоғары - темен), тембрін (дауыстың немесе музыкалық аспаптың өзіндік ерекшелігі), ұзақтығын (дыбыстың созылу мерзімі) жэне бұған қоса үзіліссіз қабылданатын дыбыстардың екпін ырғақ өрнегін ерекшелейді.

Сөз дыбыстарын ажырата естушілік фонематикалық есту деп аталынады. Ол өмір барысында бала тэрбиеленген тілдік ортаға қарай қалыптасады. Шет тілін игеру фонематикалық естудің жаңа жүйесінің жасалуына экеледі. Шетел тілдерін оқып үйрену қабылеті көбіне дамыған фонематикалық естумен анықталады. Ол сөзді қатесіз жазуға (эсіресе бастауыш мектепте) эсерін тигізеді.

Иіс түйсіктері. Иіс түйсігінің рецепторы да дистанттыққа жатады. Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі химиялық заттардың микроскоптық бөлшектерінің эсер етуі нэтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тэрізді сезгіш клеткалары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады. Иіс түйсіктерінің түрлері көп (хош иіс, сасық иіс, өткір иіс т.б.). Бірақ бұлар элі күнге дейін белгілі классификацияға түспеген. Өйткені оларды дэм түйсіктерінен ажырату кейде қиынға соғады. Сондықтан да біз көбінесе белгілі бір иістің атын атаудан гөрі, иіс шығарып тұрған затты атаймыз (темекі исі, газ исі, шөп исі т.б.). Иіс түйсіктері адамның тұрмыс салтына, қызмет бабына қарай да ерекше дамып отырады.