Негізгі 5 страница

Дүниетанымның мынадай сапалары болады.

6) мазмұндылығы мен ғылымилығы;

7) жүйелілігі жэне мақсаттылығы;

8) логикалық дэйектілігі мең дэлелділігі;

9) жалпылау дэрежесі мен нақтылығы;

10)іс-эрекетпен жане мінез құлықпен байланыстары.

Дүниетанымның мазмұндылығы мен ғылымилығы адамды білімінің байлығы мен тереңдігі жағынан сипаттайды. Тек ғылыми дүниетаным ғана адамды ырымшылдықтан, табиғат пен қоғамның қауіпі алдында қорқу мен сенімсіздіктен құтқарады.

Дүниетанымның ғылымилығы адамның өмірде өзі басшылыққа алып жүрген принциптерінің терең, түсінілгендігінің белгісі.

Тұлғаның іс-эрекетінің мэселелері, көзқарастары үйлесім тауып, жүйелі құрылса дүниетаным жүйелі жэне мақсатты болмақ. Мұндай дүниетанымға ие болған адам нақты өмірлік позиция ұстанады, көздеген мақсатына жетеді.

Керісінше, дүниетанымы іштей қарама-қайшы адам көбіне құбылыстарды бағалауда жағымсыз мінез-құлықтар, дэйексіздік танытады. Көзқарастар жүйесі ретінде дүниетаным қашан да жалпылама болып келеді.

Дүниетаным сапаларының дұрыс үйлесімі келе-келе тұлғаның терең сеніміне айналады. Адамның аддына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Оны өмір толқыны біресе анда, біресе мында соқтықтырады да, мінез -құлықын көлденеңнен кез келген кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп отырады.

Сенім дегеніміз - адамның өмірде өзі ұстанатын принциптері мен мұраттарына терең эрі негізделгең нанымы. Кімде кімнің идеялары өз сезімі мен еркімен тоғысып жатса, кім де кім өз принциптеріне кереғар келетін қылықтардан бойын аулақ ұстаса, сол адамның сенімі зор болып саналады.

Сенімі зор адам дегеніміз - өзінің көзқарастары мен ісін қорғап қала алатын, өз борышын өтеу жолында құрбандыққа бас тігуге эзір, жаны жайсан, жігерлі адам. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мэні де шамалы. Сенім, пікірталас, көзқарас қақтығысыңда, ынтымаққа кең жол ашылғанда ғана шыңдала түседі.

Тұлғаның психикасын нұрлаңдыратын қасиеттің енді бірі - мұрат (идеал). Бұл - адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат - адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бэрін пайдаланады. Өзін тэрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді.

Мұрат өмірді бейнелейді. Дұрыс мұрат болмыста бар нэрселердің барлық жақсы жақтарын жалпылау нэтижесінде пайда болады. Демек, нақтылы адамның мінез-құлқы мен іс эрекеті оны өзіне үлгі тұтқан басқа бір адам үшін мұрат санала алады екен. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады. Оқушыларды асыл мұраттар рухына тэрбиелеу мектеп мұғалімдерінің де басты міндеттерінің бірі.

 

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

6. Тұлға, индивид, даралық дегенді қалай түсінесіздер?

7. Жеке тұлғаның қалыптасуында сенім мен мұрат қандай маңыз алады?

8. Дүниетаным сапаларын атаңыз?

9. Қажеттілік дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

10. Қызығудың қандай түрлері бар?

Пайдаланатын әдебиеттер

1. Бодалев А.А. Психология личности. М:, Изд-во МГУ, 1988г., -312с.

2. Выготский Л.С. Собрание сочинений: в 6-ти т. Т.1: Вопросы теории и истории психологии/ Гл.ред. А.В:Запорожец, М.; Педагогика, 1982г., -425с.

3.Годфруа Ж. Что такое психология М., «Мир», 1996ж., 1том -370с., -2том, -490с.

№4 лекция Әрекеттің психологиялық теориясы

Мақсаты:Жеке адамның қарым-қатынастарымен адам іс-әрекетінің психикалық ерекшелігі мен таныстыру.

Негізгі сұрақтар:

1.Іс-әрекет туралы түсінік.

2.Іс-әрекет құрылымы: дағды, икемділік және әдет.

3.Іс-әрекет түрлері және оның сипаттамасы.

 

1. Іс-әрекет туралы түсінік

Адам эрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын адам алдына бір мақсат қойып, содан бір нэтиже шығаруға тырысады.

Затқа бағытталған жэне белгілі мақсат көздеген қозғалыстарды әрекет деп атайды. Әрекеттің ең қарапайым түрі зат арқылы жасалатын эрекет. Бала тамақты қасықпен ішуді, қолын сабындап жууды үйренеді. Біртте-бірте затты игеруді үйреніп эрекетін жетілдіре береді. Психологияда эрекеттің екі түрі болады, бірі дененің затпен айналысу эрекеті, сыртқы моторлық, жэне ақыл-ойдың (ішкі психикалық) реалдылықпен эрекеті.

Кеңес психологтары Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев зерттеулерінде ақыл -ой эрекеті эуелде сыртқы заттық эрекет түрінде көрініп, бірте-бірте ішкі психикалық амалға ауысатынын көрсетеді. Сырқы эрекеттің ішкі амалға ауысуы интериоризация деп аталады. Мысалы, бала санауды үйренеді, эуелі таяқшаларды санайды, бір-біріне қосады, соңынан таяқшалар керек болмай қалады. Есептеу заттан, сыртқы эрекет түрінен ауысып, ақыл-ойдың ісіне айналады.

Ақыл-ой эрекетін игерген адам өзі тындырмақ болған іске, сыртқы эрекетке кіріспес бұрын эуелі ой елегінен өткізіп алады, көзге елестетіп көреді, сөзбен сипаттайды. Ақыл-ой эрекетін заттық эрекет түрінде сыртқа шығару экстериоризация деп аталады. Сөйтіп сыртқы іс-эрекет ішкі іс-эрекеттің бақылауымен жүргізіледі.

Ортақ мақсатқа жету үшін біріккен жэне белгілі бір қоғамдық міндетті атқаратын эрекеттер жиынтығы іс-әрекет болып саналады. Іс-эрекет адамның өмір жолын анықтайды. Психика мен іс-эрекет арасында күрделі байланыс бар. Психика іс-эрекетте қалыптасады. Екінші жағынан - психика іс-эрекетті реттеп отырады.

Іс-эрекет адамның өмір жолын анықтайды. Психика мен іс-эрекет арасында күрделі ара қатынас бар. Бір жағынан, психика іс-эрекетте қалыптасады жэне көрініс танытады, екінші жағынан, психика іс-эрекетті реттеп отырады.

Іс-эрекеттің психиканы қалыптастырушылық рөлін эр түрлі салада жұмыс істеп жүрген адамдардың ерекшеліктерін салыстыру арқылы көруге болады. Психологияның іс-эрекет, ерекшеліктерін (еңбек психологиясы, педагогикалық, спорттық т.б. психология) зерттейтін салалардың болуы кездейсоқ емес. Іс-эрекеттің түрі адамның бойында тұрақты бір белгілерді қалыптастырады, сол себепті мінез-құлықтың бір көрінісіне қарап, кейде тіпті сырт пішінінен-ақ адамның қай мамандық иесі екенін біле қоямыз. Мұғалімнің жеке басының қасиеттерін зерттеу арқылы балаларды оқытып, тэрбиелеуде оның шеберлік таныта алуына қай қасиеті көмектесетінін білуге болады. Мұндай деректер болашақ ұстазды тэрбиелеу мен өзін-өзі тэрбиелеудің бағдарламасын белгілеуге көмектеседі. Психика эрекет пен қоғалысты реттеуші қызметін атқарады. Бұл реттеу психикалық бейнелеудің эр түрлі дэрежесінде жүзеге асады. Түйсік жэне қабылдау дэрежесінде күштің, бұлшық еттің қимылы мен қозғалыс сипаты көрінеді. Ақыл-ойға салып ісі еленетін міндеттер сезім деректері негізінде шешіледі, бірақ оны ақыл-ой ретке келтіріп отырады, яғни екінші сигналдық дэрежесінде жүзеге асады.

Іс-эрекеттің негізгі сипаттамасы болып - оның мағыналығы саналады. «Мағынасыз эрекет» деген ұғымға ешқандай түсінік берілмейді. Әр бір адам іс -эрекет кезінде белгілі бір жайларға байланысты жэне қандай да бір мақсат көздеп қимыл жасаушы ретінде эрекет етеді. Іс-эрекетке жету үшін іштей талаптану жеткіліксіз. Бұл үшін іс-эрекет обьектісін білу қажет, сондай-ақ талаптануды мақсатпен ұштастыра білу керек. Мотив-мақсат болатын ортада іс-эрекеттің элеуметтік жэне таптық себептері ерекше айқын байқалады. Іс-эрекет арқылы табысқа жету сэтсіздікке ұшырау адамның бойында қалыптасқан ерекшеліктер арқылы електен өтіп барып, одан эрі іс-эрекетке эсер етеді. Табыс адамды қанаттандырады, көңілін өсіреді, 2-ден тоқмейілсу туғызады. Іс-эрекеттің қандайы болсын адамды қажытады. Қажу қызмет атқарушы орган немесе организм күшінің іс-эрекет процесінде табиғи таусылуы. Шаршау қажыған адамның көңіл күйі. Тынығу іс-эрекет түрін ауыстыру, күшті қалпына келтіру іс-эрекетті одан эрі жалғастыруға мүмкіншілік жасайды. Қажуда жұмыс қарқыны баяулайды жэне сапасы төмендейді.

2. Іс-әрекет құрылымы: білім, дағды, икемділік және әдет.

Іс-эрекет құрылымы жөніндегі проблема психология теориясының дамуы мен көптеген практикалық міндеттердің тиімді шешімін табуда үлкен маңызға ие. Іс-эрекет құрылымы жөніндегі алғашқы теориялық пайымдаулар эрекет элементтерімен байланыстырылады.

Адамның дүние жайлы білімі алғашында бейне, түйсік жэне қабылдау түрінде пайда болады. Білім тек білу үшін қажет емес. Таныс емес затпен кезіккенде біз ең алдымен онымен қалай эрекет жасау керектігін білуге тырысамыз. Сіз жаңадан шыққан тұрмыстық техниканы қолданбас бұрын ең алдымен оны қалай пайдалану жайында баяндалған нұсқаумен танысасыз.

Қандай да болсын күрделі іс-эрекетті орындау үшін адамға мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қимыл жэне эрекет жайлы мэліметтер қажет. Бұл мэліметтер кимылдық елестер түрінде есте сақталады.

Іс-эрекетке тұрақты араласа отырып, білім іс-эрекетті ақылға салудың жоғары сатысына көтереді, адамның өзі атқарып отырған іс-эрекетінің дұрыстығына сенімін арттырады. Білімсіз іс-эрекет мүмкін емес. Адамның қызметі эрдайым дағды жэне білгірліктен тұрады. Қызметтегі дағды мен білгірліктің алатын орны жайлы эр түрлі пікірлер бар. Іс-эрекетті қарапайым дэрежеде орындауды да, осы іс-эрекетте адамның шеберлік танытуын да «білгір» деген ұғымға жатқызамыз.

Қарапайым білгірлік дегеніміз білім негізінде немесе еліктеу нэтижесінде пайда болатын эрекет. Білгір-шеберлік эбден қалыптасқан дағды мен білім негізінде пайда болады.

Сэби заттармен эрекет жасауды еліктеу арқылы игереді. Ол қимыл-қозғалыс түрлерін үлкен адамдарлың эрекетін бақылау нэтижесінде жинақтайды. Осының нэтижесінде қарапайым эрекет қалыптасады. Мысалы, өзіне-өзі қызмет ету эрекеті жаттығу нэтижесінде біртіндеп дағдыға айналады.

Адам жеке эрекеттерді орындау дағдысын меңгерсе, іс-эрекет мінсіз атқарылатын болады.

Дагды - эрекетті орындаудың қалыптасқан тэсілі. Іс-эрекетті игерудің бастапкы кезеңінде бұл эрекеттер оның негізгі компоненттері болды. Мысалы, оқуға үйрету кезіндегі сөзді буынға бөлу, буындарды косу арқылы оны мағыналы сөзге айналдыру оқудың негізгі мазмұны болып табылады. Оқуға жаттығу үстінде оқушы жүгіртіп оқуға дағдыланады. Яғни ол бұдан былай сөзді буынға бөлуді, буындарды қосуды мақсат етіп қоймайды. Өйткені оның эрекеті енді жеңіл, жүгіртіп оқитын дағдыға айналды.

Қандай да болсын дағдының негізіндс шартты рефлекторлық байланыстарды қалыптастыру жэне бекіту жатады. Әрекетті тұрақты қайталау нэтижесінде нерв жолын соған икемдеу белгілі бір нерв жүйесінде қозу процесін дэлме-дэл тұрақтандыруға жеткізеді.

Қалыптасқан нерв механизмдері эрекетті орындау процесінде бірқатар өзгерістер туғызады. Біріншіден, дағдының қалыптасуы нэтижесінде эрекетті орындау мерзімі күрт қысқарады. Мысалы, жаңа үйреніп жүрген машинистка тэжірибелі машинисткаға қарағанда материалды мүлде баяу басады. Әдетте жазуды жаңа үйрене бастаған кезде адам минутына 2-3 сөз жаза алады. Ал жазуға дағдыланған соң, ол минутына жүз эріпке, дейін жаза алады. Екіншіден, артық қимылдар жойылады, қимыл кезіндегі күш жұмсау іс-эрекет мақсатына сэйкес келеді. Бірінші сынып оқушысы жазу жазған кезде қаламды тым қатты қысып ұстайды. Бұл жұмысты аатқару үшін ол бастапқы кезде едэуір дене жэне бұлшық ет күшін жұмсайды. Ал жазу дағдысы қалыптасқан соң артық, қимыл жэне күш жұмсау жойылады. Үшіншіден, жеке дербес қимылдар біртұтас эрекетке тоғысады.

Балаға жазу үйреткенде мұғалім эріптің жеке бөлшектерін жазу дағдысын үйретеді. Ал жүгіртіп жазғанда, эріптерді қаламды сүйкей салып-ақ тізе береді. Жақсы жаттыққан қимыл дағдысы нэтижесінде еңбек өнімділігі артады, жұмыс сапасы жақсарады жэне адам тез шаршамайтын болады.

Жаттыққан қимыл дағдысы іс-эрекет құрылымын қайта кұруға мүмкіндік береді. Әрекеттің орындалуын қадағалайтын сезу жүйелерінің арақатынасы өзгереді. Дағдыны жаттықтырғанға дейін заттармен қимыл жасаудың дэлдігі мен дұрыстығы көру жэне қимыл талдағыштарының біріккен қызметі арқылы бақыланады. Бұл жағдайда көру жетекші роль атқарады. Ал қимыл дағдысы бекіген кезде қимылды көру арқылы қадағалау қакеті азаяды. Қимылдың дэлдігін дербес бақылайтын кинестезиялық (қимылды сезу) механизмдер қалыптасады. Маман пианист пьеса орындағанда клавиатураға қарамайды. Тэжірибелі машинистка материалды «көзді жұмып отырып», яғни жазу машинкасының клавиатурасына қарамай басады.

Дағдының ерекшелігі оның автоматтануы болып табылады. Қалыптасқан дағды оны орындаған кезде сананың қадағалауын қажет етпейді. Әрине бастапқы кезде сана қимылды бақылайды, бірақ дағды қалыптасқан сайыны сананың бақылау қажеті азая береді. Жақсы жаттыққан дағды тұсында қимылды санамен бақылау оны жүзеге асыруды қиындататыны байқалды.

Мысалы, адам өзінің жүрісінің эрбір қадамын қадағалап, талдау жасауға тырысса, жүрісінен жаңыла беретін болады.

Әрекетті дағдыға айналдыру сананы босатып, оны іс-эрекеттегі маңызды мақсаттарды шешуге жұмсауға мүмкіндік береді. Дағдының творчестволық іс -эрекет үшін маңызы аса зор болатыны осыдан. Қарапайым эрекеттер дағдысын қалыптастырмайынша, творчестволық іс-эрекетке жағдай туғызу мүмкін емес. Перспектива құру дағдысын игермеген суретші персонажды қалай бейнелеуді емес, оны болашақта қалай орналастыруды ойлауға мэжбүр болады. Сөйлемді дұрыс құру дағдысын игермеген жазушы өз кейіпкерлерінің психологиялық трактовкасын жасаудан гөрі, сөйлемнің грамматикалық құрылымын көбірек ойлайды.

Сөйтіп, қандай да іс-эрекетте болсын оны орындаудың дұрыс эдісін игеру жэне жеке компонентін дағдыға айналдыру сол іс-эрекетті табысты атқарудың бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Белгілі бір іс-эрекет жүйесінде қалыптасқан дағдылардың сипаты меін дэрежелерінід арақатынасы адамның психикалық ерекшеліктеріне тэуелді болады. Нерв жүйесі эр түрлі адамдарда танымдық, бағдарлаушылық жэне атқарушылық іс-эрекеттегі арақатынаста түрліше болады. Бұл сол адамдардың бэрінің де еңбек тапсырмасын табысты орындауға мүмкіндік береді. Нерв қызметінің типі бір адамдарға еңбек процесінде қимылды неғұрлым дэл орындауға, ал өзгелеріне неғұрлым тез орындауға мүмкіндік береді. Осылайша, дағды адамның жеке басының қасиетіне айналады.

Дагдыіныщ түрлері. Еңбектің қай түрінде болсын, сондай-ақ істің табысты орындалуы дағдылардың белгілі бір қорын игергенде ғана мүмкін болады. Дағды: қимылдық, ойлау, (сенсорлық) және мінез-цүлыцтыц болып төрт түрге бөлінеді. Басқасынан гөрі кимылдық дағдылар көбірек зерттелген. Оларды алуан түрлі іс-эрекеттен көруге болады. Қимылдық дағдыларды қалыптастырмайынша еңбек операцияларын орындау, оқушыларды жазуға, оқуға үйрету мүмкін емес.

Ой еңбегінің стиліне міндетті компонент болып кіретін ойлау дағдьіларының да маңызы бұдан кем емес. Бұл дағдылардың аса маңыздылары чертеждерді оқу дағдысы, кітапты конспектілеу, лекция жазу, жаттау, дедуктивтік жэне индуктивтік ой қорытындылау эдісімен дэлелдеуді негіздеу болып табылады. Ой еңбегінде назарды бөлу жэне оны шоғырландыру, бақылау, монологтық сөйлеу дағдылары маңызды роль аткарады. Көп жағдайда ой еңбегі дағдысы адамның белгілі бір қасиетін анықтайды.

Мінез-құлық дағдылары адамның жеке басының ерекшеліктерін қалыптастыруда маңызды роль аткарады. Бұл дағдылар мінез-құлық нормаларын білу жэне оларды өз басының қолдануы негізінде қалыптасады. Мінез-құлық дағдылары, мінез-құлықтың үйреншікті формаларынан туындайды. Мысалы, баланы адамдармен инабатты сэлемдесуге үйретеді. Оған адамдармен өмірдің түрлі жағдайларында қалай амандасу керек екенін көрсетеді (сыныпқа мұғалім кіргенде орнынан тұру керек). Сан рет қайталау нэтижесінде балада үлкен адамдарға инабатпен сэлем беру дағдысы қалыптасады.

Дағды жаттығу арқылы қалыптасады. Жаттыгу - дегеніміз нысаналы түрде сан рет қайталап орындалатын эрекет, ондағы мақсат осы эрекетті жетілдіре түсу. Жаттығу процесінде белгілі бір түрде іс-эрекет ұйымдастырылады. Мұндай жағдайда істі, мысалы, эдемі жазу, фортепианода ойнағанда екі қолды дұрыс ұстай білу т. б. осы сияқты анағұрлым жетілген дағдылар қалыптастыруға жеткізетіндей етіп орындауға назар аударған жөн.

Дагдылардыц өзара әсері. Адам белгілі бір іс-эрекетті меңгергенде эдетте оның бойында бір емес бірнеше дағды қатарынан қалыптасады. Жаңа дағдылар бұрыннан қалыптасқан ескі дағдылардың үстіне келіп қосылады. Ескі дағдылар жаңа дағдылардың қалыптасуына жағымды немесе жағымсыз эсер етуі мүмкін.

Қалыптасқан дағдылардың жаңа дағдыларды игеруге жағымсыз эсері немесе қалыптасушы дағдылардың ескі дағдыларға жағымсыз эсері интерференция деп аталады. Интерференция да алмасу сияқты, дағдыларды қалыптастырудағы жалпы құбылыс болып табылады.

Дағдылардан икемділік ұғымын айыра білу қажет. Осы ұғымдардың мағынасы біріне-бірі өте жақын болғандықтан бұларды бірімен-бірін шатастырып алуға да болады. Икемділік дегеніміз адамның қандай нэрсені болмасын орындай білу қабілеті. Мэселен, төменгі сынып оқушылары футбол ойнай алады, ойын ережелерін де біледі. Бірақ олардың ойнау дағдысы элі жетілмеген. Ал нағыз футболшыда жақсы ойнай білу кемеліне келіп, дағдыға айналған. Бұл мысал балада дағды болмағанмен, оңда осы ойынға икемділіктің барлығын көрсетеді.

Икемділік түрлі дэрежеде көрінеді. Мэселен, енді ғана эріп элементтерін салып үйрене бастаған баланың икемділігі икемділіктің қарапайым түрі болып келсе, кейін жеке сөздерді, сөйлемдерді жазған кездегі икемділігі бұрынғысынша күрлелірек болып келеді. Икемділік білім мен тэжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тэжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Икемділік - белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін практикада пайдалана алудың көрінісі болып табылады. Бірінші сынып оқушыларының жазу, оқу дағдыларын менгеру ережесінің түрліше болып келетін себебі - икемділік дэрежесінің эр түрлілігінен деуге болады.

Икемділік білімнің амалға айналуы, ол саналы эрекетті қажет етеді, икемділік амалды жүзеге асырудың да тэсілі. Икемділік пен білім тығыз байланысып жатады.

Дағды мен икемділіктен эдеттерді айыра білу керек. Әдеттер де эрекеттің автоматтанылған кұрамдары. Бірақ мұның дағдыдан айырмашылығы мынада: эдетте қимыл-қозғалыстарды орындауға адам үнемі дайын болып, оны қажетсініп тұрады. Мэселен, адам күн сайын беті-қолын жуып тұруға эдеттенгендіктен осыны ылғи да қажетсінеді, мұны істемесе, көңілі көншімейді.

Дағдыны қалыптастыру үшін адам сан рет жаттығады, есепсіз қайталайды. Егер де адам өзіне ұнамсыз дағды қалыптастырып жэне бұған көп уақытын жіберіп жатса, мұның өзі өте ессіздік болар еді. Сондықтан да дағдылар пайдалы, пайдасыз болып бөлінбейді. Өйткені оның қай-қайсысы да пайдалы. Ал, эдеттің ұнамды, пайдалы түрлерімен қатар ұнамсыз, зиянды түрлері де кездеседі. Ұнамды эдеттерге: жүйелі түрде еңбек ете білу, қызмет орнын ұқыпты ұстау, тұрмыстағы мэдениеттілік, гигиеналық эдеттер т.б. жатады. Бұл адамның өмірі үшін аса қажет нэрселер. Ұнамсыз эдеттерге: орынсыз ысқыру, қарандашты ауызға салу, тісін үнемі шұқылап отыру, столда отырып аяқты селкілдету, сөйлегенде қыстырма сөздерді қолдану, қолы қалтасында, аузында шылымы тұрып, жұртқа кезек бермей сампылдап сөйлеу т. б. жатады.

Әдеттердің соңғы ұнамсыз түрлері жөнінде халық "Әдет - эдет емес, жөн эдет" деп өте дұрыс айтқан. Расында да бізге керегінің өзі пайдалы эдеттер. Үйреншікті эдет болмайынша, адамның істеген ісінің берекесі де болмайды. Егер адам: өзінің бойына сіңген эдетіне байланысты қимылдаса, оның ісі оңайианып, көңілі рахат тауып отырады. Үйреншікті эдет адамның табиғи қылығы сияқты бойына сіңіп кетеді. "Ауру қалса да, эдет қалмайды'' деген нақыл осы сөзден шықса керек. Әрине, мұны тіке өз мағынасында түсінбеу қажет. Бұл жерде үйренген эдеттен құтылу қиын екені жөнінде айтыльш отыр.

Әдеттердің тезірек қалыптасатын кезеңі - балалық шақ, эсіресе, мектепке дейінгі дэуір. Балалардың кез-келген нэрсеге еліктей бергіштік қасиеті кейде ұнамсыз эдеттердің қалыптасуына себеп болады. Мэселен, кейбір отбасында бала үлкендерге еліктеп шылым шеккісі, шарап ішкісі келіп тұрады. Ата-аналар мен мұғалімдер балаларда ұнамды эдеттерді қалыптастырып, зиянды эдеттерден баланы арылту жағын қарастыруы қажет. Атақты ағылшын драматургі В. Шекспир: «Жақсы эдет жақсылыққа бастайтын періште» десе, орыс педагогі К.Д. Ушинский: «Жақсы эдет өсімге берген ақша, адам өмір бойы соның өсімін пайдаланады, жаман эдет борыш, адам өмір бойы сол борыштың өсімінен азап шегеді»,- дейді.

Ал, ежелгі үнді мақалында былай делінген: «Қылық ексең - эдет орасың, эдет ексең - мінез орасың, мінез ексең - тағдыр орасың».

Сөйтіп, дағды мен эдет адамның мінез-құлқының фундаменті болып табылады. Дағды мен эдеттің негізінде мінез қырлары қалыптасады. Жақсы қалыптасқан дағды мен пайдалы эдет адамның оқу материалдарын, еңбек эрекеттерін тез игеруіне мүмкіндік береді.

3. Іс-әрекет түрлері.

Іс-эрекеттің үш түрін бөліп көрсетуге болады: ойын, оқу жэне еңбек. Олар өздерінің нэтижелері, ұйымдастырылуы, мотивация ерекшеліктері бойынша айрықшаланады. Адам іс-эрекетінің негізгі түрі еңбек болып табылады. Еңбектің түпкі қорытындысы - іс-эрекеттен қоғамдық маңызы бар өнім алу. Ол колхозшы өсірген егін, болат құюшы ағызған болат немесе ғалым ашқан ғылыми жаңалық болуы мүмкін.