Негізгі 2 страница
Психикалық процестер дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Психикалық процестерге, адамның таным процестерін жатқызады, қоршаған ортаны танып – білуге арналған процестер, олар: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, қиял, зейін т.б.
Психикалық кейіп – адамның түрлі көңіл – күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т.б.) тұрақты компоненттері және психикалық қасиеттер мен психикалық процестердің түрлі жағдайларда қарастырылуы, олар: эмоция, сезім, ерік.
Психикалық қасиеттер әрбір адамның жеке басына тән психологиялық өзгешіліктер болып табылатын темперамент, мінез, қабілет арқылы дараланады.
Психикалық процестер, қасиеттер, кейіптер өзара тығыз байланысты. Бұлардың жиынтығы психика болып саналады. Психика әртүрлі мағынасы мен күрделі формасы және құрамымен сипатталатын дүниенің бейнелеуі. Психиканы және оның жоғары түрде дамыған сатысы – сананы, адамның дара ерекшеліктерін зерттеу мәселелері- психология ғылымының басты міндеттерінің бірі.
Психология міндеттері:
1) Психикалық құбылыстарды сапалық тұрғысынан зерттеу.
2) Психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау.
3) Психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;
4) Психологиялық білімдерді адамдар өмірі мен іс-әрекетіне жоспарлы ендіруде жәрдем ету.
5) Психикалық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану.
6) Әлеуметтік ортада азаматтың адамгершілік қасиеттері мен жеке басының қажеттері болып табылатын дүниетанымдық көзқарасын, мінез-құлқын, қабілетін, темперамент ерекшеліктерін жетілдіру.
Сөйтіп психология адамды өз басын меңгеру мен бойындағы қасиеттерін дұрыс бағалап, оларды дамытып отыруға баулиды.Психология адамның психикасын зерттейді; адамның психикасын жануарлар психикасымен салыстыра отырып зерттейді; адамның жан дүниесіндегі құбылыстарды зерттейді; адам психикасын жоғары деңгейі болып саналатын адам санасы мен сезімін зерттейді; сана сезімі қалыптасқан қоғамда өмір сүретін адамды жеке адам түрде зерттейді; жеке адамды іс-әрекет үстінде қалыптасатын тұлға ретінде зерттейді.
2) Психология ғылымының салалары:
Психология ғылымының салалары өзге ғылымдарының салалары сияқты адамның нақты іс-әрекеттеріне сүйене отырып, оның психикасы дамуының ерекшеліктеріне, маңыздылығына, даралығына байланысты жіктеледі.
1. Тәлім – тәрбие (педагогикалық) психологиясы: адамды оқыту және тәрбиелеу ісіндегі психологиялық зандылықтарын зерттейді.
2. Жас кезеңдерінің психологиясы (балалар, жеткіншектер, жастар, ересектер, геронто - қарт адамдар психологисы): әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейді.
3. Арнаулы психология (олигофрено, тифло, сурдо, патопсихология):бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады. Олигрофенопсихология – ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын зерттейді. Тифлопсихология – нашар көретіндер мен соқырлардын психологиялық дамуын зерттейді. Сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психикасын зерттейді. Патопсихология – туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейді.
4. Еңбек психологиясы (инженерлік, авиациялық т.б): адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, енбекті ғылыми негізге сүйне отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады .
5. Медициналық психология (нейро, психофармакология, психотерапия, психопрофилактика және гигиена): дәрігерлердің қізметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді.
6. Заң психологиясы (сот, қылмыс, еңбекпен түзету психологиясы): хұқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді.
7. Сауда психологиясы: қазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала.
8. Салыстырмалы психология (зоопсихология, этология): адам мен жануарлардын психикасын салыстыра отырып зерттейді.
9. Әлеуметтік психология (микроорталық құбылысы – этнопсихология, ұлт, таптар, дін, саяси; макроорталық құбылысы; азаматтың әлеуметтік психологиясы): адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады.
10. Спорт психологиясы спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады.
Психология ғылымының зерттеу әдістері.
Ғылым – ең алдымен зерттеу ісі. Сондықтан, ғылым сипаттамасы тек оның пәнін анықтау мен шектелмей, әдістер аймағын тануды да қамтиды Әдістер дегеніміз ғылымның пәндік мазмұнын анықтаудың жолдары, тәсілдері.
Қазіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобы қолданымын табуда:
Ұйымдастыру әдістері өз ішінде салыстыру әдісі (әрқандай топты жасы, қызметі т.б. бойынша салыстыра, зерттеу); лонгитюд әдісі (бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап зерттеу); комплекстік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылымдар өкілдері қатысып, бір объектіні жан-жақты, әртүрлі құралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады. Мысалы, жеке адмның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан даму байланысы.
Эмпирикалық әдістер.Бұл топқа енетіндер: бақылау мен өзіндік бақылау, эксперименталды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) әдістер; психологиялық болжау (психодиагностика): тест (балалардың білімі мен икемділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, жекелеген жан қуаттарының дамып қалыптасуы жөнінен мағлумат алуға көмектеседі), анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу; шығармашылық, іс - әрекет өнімдерін талдау әдістері; өмірбаянымен танысу әдістері.
Деректерді өңдеу әдістері:сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу, талдау) әдістері.
Реттеу – түзету әдістері: аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық ықпал әдісі, оқу – үйрету әдісі.
Психологияның негізгі зерттеу әдістері:
бақылау әдісі және эксперимент әдісі – табиғи, лабораториялық. Бақылау арқылы байқалған фактілер мен құбылыстардың табиғаты психологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Табиғи экспериментті психологияға орыс ғалымы Лазурский енгізді. Табиғи жағдайда адамның әр түрлі жас кезендерінде психологиялық ерекшеліктері қарастырылады, мұнда эксперимент жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Лабораториялық эксперимент арнайы жабдықталған лабораторияларда жүргізіледі – белгілі мамандыққа икемділігін анықтау, ақыл-ойының даму денгейін көрсету, мінез құлқын байқауға болады.
19 ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін эксперимент кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) псиологияны эксперименттік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет Лейпцигте лаборатория ашты (1879). Бұнда интроспектік әдіс қолданылды – адам өзінің ішкі жан –күйін, сезімін, ой толғанысын өзі бақылайды ( интроспектік саналық теория ). 19 ғасырларға дейін психология философияның аясында дамып келген. Осындай эксперименттік дәлелдеудерден кейін, 19 ғасырдың 2 – жартысында және әртүрлі ғалымдардың дамуы негізінде психология еркін дамыды.
3) Психологияның негізгі даму кезеңдері:
1. Ежелгі психология. Б.з.д. 4-5 ғасырларда атақты грек ойшылдары Аристотель, Платон, Демокрит, Гераклит т.б. психология ғылымының алғашқы ұғымдарын енгізген.
2. Орта ғасырлар психологиясы (Әл-Фараби, Ибн Син, Ибн Рошд).
3. Жаңа дәуір кезені – 17 ғасырдан басталады (Рене Декарт).
4. Кенестік психологиясы.
5. Қазіргі кездегі психология.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
1. Адам психологиясын зерттеудің ерекшілігі қандай?
2. Психология ғылымының қалыптасуындағы алғашқы кезеңге сипаттама беріңіз?
3. Психология ғылымының міндеттерін атаңыз?
4. Психология салалары мен зерттеу әдістері және оларды топтастыру принциптері қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
Әдебиет (негізгі және қосымша)
1.Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, 1996.
2.Бап-Баба С.Б. Жалпы психология.- Алматы, 2005.
3.Жарықбаев Қ. Психология.- Алматы, 1982.
4.Тәжібаев Т. Жалпы психология.- Алматы, 1993.
5Немов Р.С. Психология 1,2,3 кн. Владос. 1999.
6.Петровский А.В. Психология.,1990.
7. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию.- М.,1988.
№2 Лекция Психика мен сананың дамуы
Мақсаты:Психологиялық құбылыстардың жалпы заңдылықтарын зерттеудің негізінде психиканың әртүрлі салалары бойынша студенттердің білімін жүйелеу.
Негізгі сұрақтар:
1.Психика мен сананың дамуы.
2.Ми мен психиканың байланысы туралы түсінік
3.Психика мен нерв жүйесінің рефлекстік табиғаты
4.Сананың негізгі қасиеттері. Жануарлар психикасының даму жолдары
1. Ми мен психиканың байланысы туралы түсінік.
Адамның психикалық эрекеттерінің, ақыл-ой санасының ағымдарының даму жолдарын білу үшін, олардың нерв жүйесінің, мидың құрылысын білу қажет. Психика - ерекше ұйымдасқан материя - мидың қасиеті есебінде психика пайда болады. Жоғары сатыда тұрған материяда ғана психика болады. Жоғары материя дегеніміз ми, нерв жүйесі. Нерв жүйесі психиканың негізі болғандықтан, оның құрылысын, эрекеттерін, өсіп дамуын білмейінше, психиканың қалайша өсіп-дамып отыратынын да жақсы біле алмаймыз.
Нерв жүйесі психикалық эрекеттердің негізі. Нерв жүйесі адамның денесіндегі түрлі химиялық заттарды шығатын бездермен бірге адамның психика қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады. Ол сондай-ақ адаммен сыртқы дүниенің арасындағы қатысты да басқарады. Егер нерв жүйесі болмаса, адамның барлық эрекеттері бір-біріне байланыспай, үйлеспей бір орталыққа бағынбай эрекет етер еді. Нерв жүйесі болмаса, оның сыртқы дүние мен қатынасы дұрыс болмай оны тануға, өзгертуге, түрлі-түрлі бейнелер туғызуға мүмкіндік болмас еді. Нерв жүйесіның құрылысы, эрекеті, өте күрделі. Оны зерттеу оңай емес. Нервті зерттеу үшін ғылымда сан алуан эдістер қолданылады. Соның кейбіреуі - мына төмендегілер:
1)Салыстырмалы физиология ғылымының фактілерін зерттеу.
2)Эксперименттік физиологияның фактілерін зерттеу.
3)Медициналық клиника фактілерін зерттеу.
4)Құрсақтағы ұрықтың нерв жүйесінің өсіп-дамуын зерттеу.
Міне, осы жоғары да айтылған эдістермен адамның нерв жүйесі қалайша өсіп, дамып отыратындығын, мұның психикаға қандай эсері бар екендігін, яғни ми мен психиканың қандай байланысы бар дейтін мэселелерді шешуге болады.
Адамның психикалық эрекетінің қызметінің заңдылықтары, оны жүзеге асыру ерекшеліктері мен құрылысын түсіну үшін, адамның психикалық эрекет жасаушы негізгі мүшесі - адам миы қалай құрылғанын жэне адамның эр түрлі көріністегі психикалық өмірімен қандай қатынаста екенін білу керек.
Нерв жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейронның эрқайсысының 2 тармағы болады. 1 ұзын тармақты нейрит немесе аксон. 2-шісі қысқа тармақты дендрит деп аталады. Нейронның тармақтала келіп, өзара түйінделіп бітетін жері нерв орталығы деп аталады. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) жэне вегатативтік (ішкі) нерв жүйелерінің өнебойына орналасқан. Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми м ен жұлыннан тарайтын эр түрлі шеткі нервтер жатады. Жұлын жуандығы 1см, омыртқа қуысының ішіне орналасқан, ересек адамдарда ұзындығы 45 см ге дейін жетеді. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп нерв талшықтары тарайды. Олардың 1 тобы ортаға тебетін, 2-ші тобы шетке тебетін нерв деп аталады. Жұлын біздің эрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстардың (аяқ қолды керіп созу т.б.) жұмысын басқаратын орталық болып табылады. Орталық нерв жүйесінің 2-ші бөлігі ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда шамамен 1400гр. болады. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми - бәрі қосылып ми бағанасын құрайды.
Сопақша ми - жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың нерв орталықтары бар. Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс -тұрысын басқарып отырады.
Адам өмірінде ми қабығы негізгі қызметті атқарады. Ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлардан тұрады. Мида көру, есту, қозғалыс, иіс, дәм анализаторларының нерв орталықтары бар. Егер, ми салаларына зақым келсе психикаға да зақым келеді. Адамда мидың маңдай бөлігі жақсы дамыған. Маңдай миға зақым келсе адамның ақыл-ой процесіне зақым келеді. Үлкен мидың сол жақ жарты шарларының төменгі маңдай иір қыртысының артқы жағында «Брока кіндігі» орналасқан. Бұл кіндік адамның сөйлеу орталығын басқарады. Егер бұған зақым келсе адам дауыстап сөйлей алмайды. Қаншама сөйлейін десе де тілі икемге келмейді. Орта маңдай ирегінің жоғары жағында жазу кіндігі орналасқан. Оған зақым келсе, адам жаза алмайды. Мұндай ауруды аграфия дейді. Ал адамдардың тілі кұрмеліп сөйлей алмай қалса, оны афазия деп аталады.Мидың төбе бөлігі адамның қимыл әрекетімен байланысты (кеңістікті, уақытты ажырату). Егер, осыған зақым келсе, адам үйреншікті әрекетін қайтадан жасай алмайды. Мұны апракция деп атайды. Мидың желке бөлігі көрумен, самай бөлігі естумен байланысты. Егер жоғары самай ирегінің алдыңғы жағына зақым келсе, адам музыканы есінде қалдыра алмайды, естіген сөзін ұқпайды.
2. Психика мен нерв жүйесінің рефлекстік табиғаты.
Адам анатомиясын зерттейтін шынайылықты сынаушылар мен дәрігерлер ертеде-ақ психикалық құбылыстардың ми қызметімен байланыста болатыны туралы болжам айтқан және психикалық ауруларды - ми қызметінің бұзылуының нәтижесі деп қарастырған. Зақымдалу, жаралану немесе аурулар салдарынан болатан бас миындағы өзгерістері бар ауру адамдарды бақылау бұл көзқарастар сүйенетін тіректер болды. Мұндай ауру адамдарда көру, есту, ойлау, еске сақтау, және сөйлеу қабілеттерінің зақымдалып, қозғалысының бұзылуы және т.б. сияқты психикалық әрекеттің кенеттен ауытқуы байқалатыны мәлім. Алайда, психикалық әрекет пен ми қызметінің байланысын анықтау - психиканың ғылыми зерттеуі жолындағы алғашқы қадамы ғана болды. Бұл айғақтар психикалық әрекет негізіне жататын физиологиялық механизмдерге әлі де түсінік бермейді.
Ағзаға әсер етуші тітіркендіргіштер мен ағзаның жауап қайтару реакцияларының арасыңда уақытша байланыстар пайда болады. Бұлардың пайда болуы - бас миы қабығының басты қызметі болып табылады. Ми әрекеті түріндегі кез келген психикалық әрекет үшін нервінің уақытша байланысы болып - негізгі физиологиялық механизм саналады. Кез келген психикалық процес миға тітіркендіргіштер әсер етпесе өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Кез келген психикалық процестің және кез келген уақытша байланыстың соңғы нәтижесі - сыртқы әсерге жауап ретінде іштен шығатын әрекет. Бұл жағдайлардың барлығы объективтік ақиқаттың бейнеленуінің механизмін айқындайды. Сонымен жоғарғы нерв эрекеті туралы ілім психикалық құбылыстарды материалдық тұрғыдан түсінудің табиғи-ғылыми іргетасы болды.
Ағзаның психикалық эрекеті көптеген арнайы дене құрылымдарының көмегімен жүзеге асырылады. Олардың біреулері - эсерлерді қабылдайды, ал екіншілері - оларды сигналдарға түрлендіреді, Мінез-құлықтың жобаларын жасап жэне оларды қадағалайды, үшіншілері - бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Бұл барлық күрделі жұмыстар ортада өзін белсенді ұстауға мүмкіндік береді.
Барлық психикалық эрекеттердің рефлекторлық табиғатын табиғи-ғылыми жасаудағы жэне негіздеудегі орыс физиологтары - И.М.Сеченовтың жэне И.П.Павловтың еңбегі зор. И. М. Сеченов өзінің атақты "Бас миының рефлекстері" деген еңбегінде рефлекторлық принципті бас миының барлық қызметіне тарата отырып, осылайша адамның барлық психикалық эрекеттеріне таратты. Ол "саналы жэне санадан тыс өмірдің барлық актілері өздерінің шығу тегі бойынша рефлекстің мэні" деп көрсетті. Бұл психиканы рефлекторлық тұрғыдан түсінудің алғашқы ұмтылысы болды. И.М.Сеченов бас миының рефлекстерін толық талдай отырып, олардағы үш басты қатарды атап көрсетті: бастапқы қатар - оның сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргішті миға беретін нервні қоздырғыш процесіне айналдыруы; ортаңғы қатар - мида қоздырғыш жэне тежегіш процестерінің жэне осының салдарынан психикалық күйлердің (сезімдердің, ойлардың, сезінулердің жэне т.б.) пайда болуы; соңғы қатар -сыртқы қозғалыс. Осымен бірге И. М. Сеченов рефлекстің ортаңғы қатары өзінің психикалық элементтімен бірге оның табиғи бастауы мен соңы болып табылатын қалған екі қатардан (сыртқы тітіркендірі іш пен жауап қайтару эрекетінен) оқшаулануы мүмкін емес, сондықтан барлық психикалық құбылыстар - жалпы рефлекторлық процестің бөлігі, - деп санайды. Рефлекстің барлық қатарлары арасындағы үздіксіз байланыстар туралы И. М.Сеченовтың тұжырымы психикалық эрекетті ғылыми түсіну үшін маңызды. Психикалық эрекет сыртқы ықпалдардан, адамның эрекеттерінен бөлек қаралуы мүмкін емес. Ол тек субъективтік уайым ғана бола алмайды: егер бұлай болатын болса, онда психикалық құбылыстар ешқандай шынайы өмірлік мағынаға ие болмас еді.
И. М. Сеченов психикалық құбылыстарды қалыпты талдай отырып, олардың барлығы біртұтас рефлекторлық актіге, қоршаған ортаның ықпалына, адамның бас миы басқаратын ағзаның біртұтас реакциясына енетінін атап көрсетті. Психикалық эрекеттің рефлекторлық принципі И. М. Сеченовқа адамның барлық эрекеттері мен қылықтары сыртқы эсерлер салдарынан болатыны жайында, детерминациялану жайлы психология ғылымы үшін маңызды қорытындыны жасауға мүмкіндік берді. Ол былай деп жазды: "Кез-келген қылықтың бастапқы себебі эрқашанда сыртқы сезімтал қоздырғышта болады, өйткені онсыз ешқандай ойдың болуы мүмкін емес". Сонымен бірге И.М.Сеченов сыртқы жағдайлардың эрекеттерін жай ғана түсінуге қарсы ескертулер айтты. Мұнда сыртқы эсерлердің болуы ғана емес, сондай-ақ адамның басынан өткен барлық эсерлердің жиынтығы да, оның өткен тәжірибесінің барлығы да маңызды болатынын И.М.Сеченов бірнеше рет көрсеткен. Сонымен, И.М.Сеченов рефлекстің ми қатарын, оның табиғи бастауы (сезім мүшелеріне эсер етуден) мен соңынан (жауап қайтару қозғалысынан) оқшаулап қарау дұрыс емес екендігін көрсетті.
И.П.Павловтың еңбектері мен оның мектебінде эрекеттің рефлекторлық принципі өзінің дамуына жэне эксперименттік негізіне ие болды. И.П.Павлов пен И.М.Сеченовтың психикалық эрекетті мидың рефлекторлық эрекеті түрінде түсінуінің дұрыстығын дэлелдеді, оның негізгі физиологиялық заңдарын ашты ғылымның жаңа саласын - шартты рефлекстер туралы ілім жоғарғы нерв эрекетінің физиологиясын қалыптастырды. Бұл физиологиялық процестер ми қабығындағы шартты рефлекстердің жасалуында, сондай-ақ мидың төменгі бөліктерінде шартсыз рефлекстердің жасалу кезінде де үнемі көрініп отырады.
Қозу - эр түрлі тітіркендіргіштердің эсері нэтижесінде нерв жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күй болса, тежелу, керісінше, нерв жүйесін тыныштандыратын процесс больш табылады. Қозу жэне тежелу процестері ғылымда Сеченов пен Павловқа дейін де мэлім болған, оның кейбір зандылықтары да зерттелген. И.М.Сеченовтің мидың тежелуі жөнінде пікірлеріне сүйене отырып, И.П.Павлов онда қозумен қосарласа тежелу процесі болып отыратындығын, мида бірыңғай қозу мен бірыңғай тежелудің болуы мүмкін еместігін, бұл нерв процестерінің жұмысы организмнің бүкіл өмірінің барысында үздіксіз болып отыратындығын делелдеді. Мұны мына мысалдан-ақ жақсы байқауға болады. Егер адам бір нэрсеге қатты зейін қойса, онда айналасындағы заттарға қарамайды, өйткені кітапқа қадалған кезде мидың алабы қозу жағдайында болады да, қалған алаптары тежелуге ұшырайды. Қозу мен тежелудің осындай жұмысын көрсететін мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.
И.П.Павлов шартты рефлекстердің табиғатын зерттеу үстінде тежелулердің бірнеше түрін анықтады. Ол тежелуді сыртқы - шартсыз (яғни, туғаннан пайда болатын) жэне ішкі - шартты (өмірде жасалып отыратын) деп екі үлкен топқа бөлді.
Сыртқы тежелудің өзі бірнешеге бөлінеді. Соның бірі -жай тежелу. Егер шартты рефлекс жасалып жаткан бөлмеге жаңадан бір тітіркендіргіш қосылса (мэселен, бөлмеге бөтен кісінің кіруі), ит сілекей бөлуді тоқтатады, яғни жаңа тітіркендірііш шартты рефлекстің пайда болуына бөгет жасап, оны тежеп тастайды.
Тежелудің бір түрі организмнің өмірі үшін аса маңызды Егер, организм сыртқы дүниедегі сан алуан тітіркендіргіштеді сезе алмаса, ол жауынан қорғана да, тамағын тауып жей де алмас еді.
Сырткы тежелудің екінші түрі - шектен тыс тежелу. Ми қабығының жұмыс істеу қабілетінің белгілі шегі бар. Егер миға үнемі күшті тітіркендіргіштер эсер ете беретін болса, нерв клеткаларының тэртіппен біркелкі жұмыс істеуіне нұқсан келуі мүмкін. Мидың шаршаған кезінде пайда болып, оны апаттан сақтап қалатын тежелудің осыңдай түрін кейде қорганыс тежелуі деп те атайды.
Ішкі тежелудің де бірнеше түрі бар. Солардың бірі - сөне тежелу. Егер шартты тітіркеңдіргіш (мысалы, қоңырау), бірнеше рет беріліп, бірақ шартсыз тітіркендіргішпен (тамақ) нығайтылмаса, онда шартты рефлекс жасалынбай сөне бастайды, яғни байланыс уақытша тежеледі. Біраздан кейін тағы да қоңырау соғылса, шартты рефлекс те қайтадан пайда болады. Бұл шартты байланыстың бұзылмағандығын, тек уакытша тежелгенін көрсетеді. Мұндай тежелулсрдің пайдасы организмге бір жағдайда қажетсіз болған рефлекстерді уақытша өшіріп отыратындығында.