Субъект категориясы

Субъект категориясының жалпы сипаттамасы

Субъект категориясы философияда, әсіресе онтологияда негізгі орын алатыны белгілі (Аристотель, Декарт, Кант, Гегель). Ол қазіргі кездегі психологияда да өзіне үлкен назар аудартуда (С.Л. Рубинштейн, К.А. Абульханова-Славская, А.В. Брушлинский, В.А. Лекторский). С.Л. Рубинштейннің айтуынша «философияның (онтологияның) негізгі мәні... түрлі формалардағы субъектілерді, тіршілік ету тәсілдерін, қозғалыстың түрлі формаларын ашу» [193, 275 б.]. Мұның ішіне іс-әрекет субъектілерін қозғалыстың негізгі формаларының бірі ретінде ашып көрсету енеді. Білім беру іс-әрекетінің, яғни өзіне оның екі өзара байланысты – педагогикалық және оқу формаларын қамтитын іс-әрекеттің субъекттерін талдау жалпы философиялық және нақты педагогикалық міндеттер арнасында жатыр.

Жалпы философиялық позиция бойынша субъект сипаттамасы қандай? Осы сипаттамаларды С.Л. Рубинштейн бойынша келтірейік.

Біріншіден, субъект категориясы әрқашан объект категориясымен сәйкестендіріледі. Осыған орай С.Л. Рубинштейн, болмысты танып білуге, «болмыстың танымға ашылуына», осы «танылып отырған болмыстың» танып білушы адамға қатынасына екі өзара байланысты жақтарды қояды: 1) болмыс объективтік шындық ретінде, адам тарапынан саналы түсіну объектісі ретінде; 2) адамды болмысты танушы, ашушы, оның өзіндік сана-сезімін іске асырушы субъект ретінде» [193, 326 б.].

Екіншіден, танушы субъект, немесе «ғылыми таным субъектісі – бұл өзі танып отырған болмысты қоғамдық-тарихи қалыптасқан формаларда саналы түсінуші қоғамдық субъект» [193, 326 б.]. Осы жерде А.Н. Леонтьевтің жалпы субъективтік пен объективтік арасында қарама-қайшылық абсолютті емес деген қағидасын атап өту маңызды. «Олардың қарама-қайшылықтары дамудан келіп туындайды, тіпті бүкіл оның даму барысында олардың арасындағы, «біржақтылықты» жоюшы, өзара өтулер сақталады» [111, 157 б.].

Үшіншіден, қоғамдық субъект іс-әрекетте де, нақты индивид болмысында да тіршілік құрып, жүзеге аса алады.

Төртіншіден, «Мен» және басқа адам проблемасы мәселесін қарастыра отырып С.Л. Рубинштейн келесі жағдайға назар аудартады: «Мен» қандай да бір іс-әрекетті ұйғарады, және керісінше, «ырықты, басқарылушы, саналы түрде реттелуші іс-әрекетті әрекеттегі адам (лицо), осы іс-әрекеттің субьектісі – берілге индивидтің «мені» тиісті ұйғарады» [193, 334 б.]. Бұл қағида тек субъектінің ғана емес, сонымен қатар іс-әрекеттің өзінің де негізгі сипаттамаларының бірі ретінде болады.

Бесіншіден, субъект – саналы әрекеттенуші – оның өзіндік сана сезімі – бұл «өзін дүниені саналы түсінуші және оны өзгертуші тіршілік иесі ретінде түсіну, оның іс-әрекет процесінде әрекеттенуші субьект ретінде – практикалық және теоретикалық, сондай-ақ саналы түсіну іс-әрекетінің субъектісі ретінде түсіну» [193, 335 б.]. Бұл анықтама С.Л. Рубинштейн теориясында «Адам өмір субъектісі ретінде» афоризмі формасын алады.

Алтыншыдан, әрбір нақты субъект өзінің басқаға қатынасы арқылы танылады (мұны тағы А. Смит, К. Маркс айна теориясында атап өткен, бұл теория бойынша Петр деген адам Павелге айнаға қарағандай қарап, оның бағалауын қабылдай отырып, өзін-өзі бағалауды қалыптастырады).

Жетіншіден, әрбір «Мен», жекеше де, қоғамдық та болғанымен, ұжымдық субъект болып табылады. «Әрбір «мен», ол «мендердің» жалпылығы болғандықтан, ұжымдық субъект, субъекттер ынтымақ-тастығы, «субъектер республикасы», тұлғалар ынтымақтастығы болып табылады; бұлі «мен» іс жүзінде «біз» болып табылады» [193, 337 б.].

Субъектің сегізінші сипаттамасы іс-әрекет субъектінің осы іс-әрекеттің өзінде өзі қалыптасып, жасалынатынында болып табылады, оның пән мазмұнын ашудағы субъекттің өзін айқындап және анықтауы мүмкін. С.Л. Рубинштейн бойынша «субъект өзінің істерінде, өзінің шығармашылық дербестік акттерінде тек ғана табылып және көрініп қоймайды; ол мұнда жасампаздалады және анықталады. Сондықтан оның не істегеніне қарап, оның кім екенін білуге болады; оның іс-әрекетінің бағыты арқылы өзін анықтап және қалыптастыруға болады. Тек осыған ғана педагогиканың мүмкіншілігі жоқ дегенде, үлкен стильдегі педагогиканың мүмкіншіліктері сүйенеді» [35, 6 б. цит. бойынша].

Субъекттің тағы бір, тоғызыншы сипаттамасын атап өтейік, ол бейнелеу процесін гносеологиялық және өзіндік психологиялық талдаудан, «субъективтік» бейне категориясынан туындайды (А.Н. Леонтьев бойынша). А.Н. Леонтьев пікірінше танымда, шын бейнесінде үнемі белсенді субьект болады («құмарланған»), ол өзі орналасқан объект пен байланыстарды моделдейді. Іс-әрекеттің мотивтермен, эмоциялармен, субъект ұстанымдарымен шарттастығының жалпы психологиялық тезисіне негізделе отырып, А.Н. Леонтьев бейнелеудің «құмарланғандығы» түсінігін оның іс-әрекет субъектіне тиістілігі ретінде енгізеді [112. 125-126 б.].

Субъект түсінігінен басқа – операционалдық – позициялардан келе отырып, Ж. Пиаже де белсенділікті оның жетекші сипаттамаларының бірі ретінде қарастырғанын айта кету маңызды. «Объект субъектке дайын күйде «берілмеген», ол тек соңғысы тарапынан жаңа білім құрылымында жаңғыртылады, оны өзі үшін «тұрғызатындай», тура сол сияқты субъект те өзіне өзінің барлық ішкі құрылымдарымен «берілмеген»; өзі үшін обьект ұйымдастыра отырып, субъект өзінің жеке операцияларын да конструциялайды, яғни өзін өзі үшін шындық қылады» [104, 50 б.].

Ж. Пиаже бойынша, субъект үнемі қоршаған ортамен өзара әрекеттесуде болады; оған бейнелеудің функционалды белсенділігі тән, оның көмегімен субъект өзіне әсер етуші ортаны құрылымдайды. Белсенділік әрекеттерден байқалады, олардың арасында әр түрлі өзгертулер, объектілерді түрлендіру (орын алмастыру, комбинациялау, жою және т.б.) және құрылымдар жасау жетекші болып табылады. Ж. Пиаже, обьект пен субьект арасында қашанда, субъекттің алдыңғы өзара әрекеттесуі, алдыңғы реакциясы контексінде жүретін өзара әрекеттесу бар екеніне қатысты, педагогикалық психология үшін маңызды ойды атап көрсетеді. Ж. Пиаженің және бүкіл Женева мектебінің осы позициясын талдай отырып, Л.Ф. Обухова келесі жағдайды атап өтеді: «стимул–реакция» формуласы, Ж. Пиаже бойынша, «стимул – субъект іс-әрекетін ұйымдастыратын – реакция» ретінде болуы керек [150, 23 б.]. Басқаша айтқанда, әрекеттердің, іс-әрекеттің және одан да кең мағынада – өзара әрекеттесу субъектісі, объектпен ара қатынаста болып, өз тарапынан белсенді, жаңғыртушы және түрлендіруші бастама болып табылады. Бұл әрқашан да әрекеттенуші болады [181, 5 тарау қараңыз].

 

Субъект және тұлға

Субъекттілік проблемасы соңғы он жылдықтарда, тұлға психологиясында арнайы зерттеу объектісі болуда (К.А. Абульханова, А.В. Брушлинский, В.И. Слободчиков, В.А. Петровский) [1; 181 б., 9 тарау қараңыз]. Адамның «...дүниедегі болмысының өзін-өзі детерминациялау қасиетін» саналы түсінуші субъекттілігі идеясы (В.А. Петровский), берілген психология аймағы үшін демеуші ретінде қарастырылады. В.А. Петровский, осы категория арқылы тұлғалық пен субъекттік арасындағы ішкі байланысты қарастыра отырып: «Тұлға болу дегеніміз... іс-әрекеттің, қарым-қатынастың, өзіндік сана-сезімнің субьектісі болу», – деп көрсетеді. В.А. Петровскийдің дәлелдерін келтірейік:

«Біріншіден, тұлға болу – өз өмірінің субъектісі болу, дүниемен өзіндік виталды (кең мағынада) қатынастарын құру». Бұл адамның табиғатпен және әлеуметтік ортасымен өзара қатынастарының физикалық, психофизикалық, психологиялық, әлеуметтік жақтарын қамтиды.

«Екіншіден, тұлға болу – өзі әрекеттенуші ретінде болатын заттың іс-әрекеттің субъектісі болу».

«Үшіншіден, тұлға болу – ол қарым-қатынастың субъектісі болу», мұнда В.А. Петровский бойынша, өзара әрекеттесуші жақтардың өзара көрінулерін қамтамасыз ететін ортақ нәрсе қалыптасады. В.А. Петровский, осы категориялардың байланысын ұғыну үшін маңызды ойды атап өтеді, яғни «...қарым-қатынас субъектісі ретніде тұлға болу адамның басқа адамдар өмірінде қандай да бір мөлшерде идеалды бейнеленуінсіз мүмкін емес».

Төртіншіден, В.А. Петровский бойынша, тұлға болу дегеніміз өзіндік сана-сезім субъекті болуы, мұның өзі өзін-өзі бағалауды, өз «Менін» ашуды және де басқа өзіндік-тұлғалық конституенттерді қамтиды. Субъекттілікті тұлғаның құрастыратын сипаттамасы ретінде қарастыра отырып, В.А. Петровский педагогикалық психология үшін маңызды түсініктерді енгізеді: «виртуалды субъект» түсінігін қалыптасу, осы күйге өту мезеті ретінде, бұл адамдағы тұлғалықтың пайда болуымен байланыстырылады; «бейнеленген субъекттілік» түсінігін – «нағыз субъект өз-өзі үшін субъект және сонымен бірге алмайды және сонымен бірге басқа біреу үшін өзінің болмыс субьектісі болмай қалмайды» [171, 42 б.].

 

Субъекттік сипаттамалардың

психологиялық-педагогикалық көрінісі

 

Субъект категориясының білім беру процесіне барлық мүмкін кескіндеріне талдау жасау мақсатында оның (субъекттің) негізгі сипаттамаларын тағы да бір рет атайық. Бұл келесі сипаттамалар (көрсетудің елеулі ырықты, іс-жүзінде бағдарланған формалары): 1) субъект объектті ұйғарады; 2) субъект өз әрекеттену формасы (құралдары, тәсілдері) бойынша қоғамдық; 3) қоғамдық субъект жүзеге асудың нақты да, даралық формасына ие; ұжымдық субъект әрбір индивидте көрінген және керісінше; 4) саналы реттелінетін іс-әрекет әрқашан да субъектілі, онда субъекттің өзі де қалыптасады; 5) даралық іс-әрекет субъекттісі – саналы әрекеттенуші; 6) субъекттілік басқа адамдармен қатынас жүйесінде анықталады – ол белсенділік, құмарланғыштық; 7) субъекттілік қарым-қатынастың, іс-әрекеттің, өзіндік сана-сезімнің және болмыстың ажырамас тұтастығы; 8) субъекттілік бұл жаралатын және және жойылатын, өзара әрекеттесуден (тұлғааралық, әлеуметтік, іс-әрекеттік) тыс болмайтын динамикалық бастама; 9) субъекттілік - бұл интерпсихикалық категория. Адамның осы субъекттілік сипаттамаларына, субъект түріндегі тұлға ретіндегі сапаларын да қосу керек. Ол Е.А. Климов бойынша бағыттылықты, мотивтерді қамтиды; қоршағандарға, іс-әрекетке, өзіне қатынасты; жинақылық, ұйымдасушылық, шыдамдылық, өзіндік тәртіп сияқты сапалардан көрінетін өзін-өзі реттеуді; креативтілікті, даралықтың интеллектуалдық қырларын; эмоционалдылықты қамтиды [90, 89 б.]. Осы сипаттамалардың барлығы толықтай немесе жинақталған формада білім беру субъекттеріне де тән.

 

§ 2. Білім беру процесінің субъекттеріне тән ерекшеліктер

 

Білім беру іс-әрекетінің біріккен субъекті

Педагогикалық және оқу іс-әрекетінің субъекттерін сипаттаған кезде, қоғамдық субъект (педагогикалық қоғамдастық немесе шәкірттік) бола отырып, әрбір мұғалім мен оқушының ең алдымен, бүкіл білім беру процесінің субъекті болатынын айта кету қажет. Біріккен субъект, қоғамдық құндылықтарды көрсете отырып, әр білім беру жүйесінде, мекемелерде әкімшілік пен оқытушылар ұжымымен, оқушылар қауымдастығымен (институтта бұл ректорат, кафедра, деканат, оқу тобы) көрсетілген. Осы біріккен субъекттердің іс-әрекеттері нормативтік-құқықтық және бағдарламалық бағытталады, тәртіптен-діріледі. Біріккен субъекттерге жататын нақты субъекттердің әрқайсысы жеке өзінің, бірақ келісілген, біріктірілген мақсаттарға ие. Олар белгілі бір нәтижелер формасында берілген, бірақ олардың функциялары мен рөлдері шектеулі, осыған орай білім бері процесі күрделі полиморфты іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет ретіндегі білім беру процесінің жалпы мақсаты – өркениет, нақты халық, қауым жинақтаған қоғамдық тәжірибені сақтау мен оны ары қарай дамыту. Оны осы тәжірибені игеруді ұйымдастырудың, беру мен алудың және оны меңгерудің екі қарсы бағытталған мақсаттары жүзеге асырады. Бұл жағдайда біз бүкіл білім беру процесінің идеалды біріккен субъекті жайлы айтамыз, оның әрекетінің тиімділігі екі жақты да ортақ өркениеттік-мәнді мақсатты саналы түсінуімен анықталады.

 

Білім беру іс-әрекеті субъекттерінің мотивациялық аясы

Білім беру процесі субъекттеріне тән арнайы ерекшеліктері, сондай-ақ, екі жақтан қалыптасатын олардың мотивациялық аясы болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет субъекті идеалды схемада ортақ мақсатқа жету үшін жұмыс істейді – «оқушылар үшін және содан соң өзім үшін». Білім беру іс-әрекетінің субъекті осы схеманың кері бағытындағыдай жұмыс істейді: «өзім – үлкен мақсатқа жету үшін», алыстағы және әрқашан эксплициялана бермейтін перспектива сияқты. Білім беру процесі үшін жалпы мұғалім жағынан «оқушы үшін» және оқушы жағынан «өзі үшін» нүктені А.Н. Леонтьев терминологиясындағы, прагматикалық, «шынайы әрекет етуші», мотив анықтайды. Ол педагог пен оқушы тарапынан көрсетілген біріккен идеалды субъект әрекеттерін сипаттайды. «Түсінікті түрткілер» білім беру процесінің негізінде жатыр, бірақ оны не оқушылар, не педагог үнемі толық мөлшерде саналы түсіне бермейді.

 

Білім беру процесіндегі субъект іс-әрекетінің пәні

Біріккен субъект іс-әрекеті ретіндегі білім беру процесінің пән, яғни оның бағытталған нәрсесі, қоғамдық сананың білімдер жүйелерінің, іс-әрекет тәсілдерінің, құндылықтар жиынтығы болып табылады, оларды педагог тарапынан беру оны үйренушілердің игерулерінің белгілі бір тәсілдерімен кездеседі. Егер оның игеру тәсілі педаогог ұйғарған әдіспен сәйкес келсе, онда біріккен іс-әрекет екі жаққа да қанағаттану әкеледі. Егер осы нүктеде айырмашылықтар байқалса, онда пәннің ортақтастығы да бұзылады.

 

Субъекттердің дамуы және өзін-өзі дамытуы

С.Л. Рубинштейн бойынша, іс-әрекет субъекттісінің маңызды сипаттамасы – оның іс-әрекетте қалыптасуы және дамуы – бұл тек ғана оқушының дамуына емес, сондай-ақ педагогтың өзін-өзі дамытуына, жетілуіне қатысты. Білім беру процесінің өзгешелігі осы екі құбылыстың реципрокналығында (өзара толықтықтыру, өзара іске асыру): оқушының дамуы үнемі педагогтың өзін-өзі дамытуын ұйғарады, бұл оқушы дамуының шарты болып табылады.

Білім беру процесінің идеалды біріккен субъектті П.Ф. Каптерев тарапынан бір білім беру алаңымен, оқу мен даму алаңымен көрсетілгендігі көрсеткішті.

«Өнерлі мұғалім мен оқушыны өздігінен білім алу мен даму қажеттілігі байланыстырады. Өзін толыққанды дана деп санайтын және енді оқудың қажеті жоқ деген мектеп мұғалімі бұл алаңға жатпайды, даму даму баспалдағының ешқандай сатысында тұрмайды, ол білім беру жұмыстарына мүлдем бөгде... Ол мәдениеттен, оны игеру мен тұлғалық жетілу жұмыстарынан тысқары» [83, 601 б.].Білім беру процесінің субъекттері өзін-өзі дамытып отыруға «жазылған», оның ішкі күші олардың әр қайсысының дамуының бастауы мен импульсы ретінде қызмет етеді.

Субъект қатынастар жүйесінде

 

Білім беру процесі субъектінің өзгешелігі, субъекттің басқалармен қатынастар жүйесінде қалыптасуы сияқты маңызды сипаттаманы да бейнелейді. Білім беру процесі кез-келген педагогикалық жүйеде әр түрлі адамдармен, топтармен, ұжымдармен көрсетілген (оқытушылар, мұғалімдер, сыныптар және т.б.). «Әрбір дара субьект бір уақытта әр түрлі ұжымдық субъекттерге жатады. Танымдық іс-әрекеттің түрлі жүйелері, өз стандарттары және нормаларымен индивид бойында қайсы бір тұтастыққа ықпалдасады. Соңғының болуы Мен бірлігі үшін қажетті шарт болып табылады» [105. б. 281]. Сондықтан да ұжымдық субъект проблемасы өздігінен оқу тәрбиелік және өнімділік проблемасына, шәкірттер мен (Я.Л. Коломинский) мұғалімдер ұжымы-нының өзара қатынасы проблемасына әлеуметтік қоғамдастықтың жеке жағдайы ретінде айналады (А.В. Петровский, А.И. Донцов, Е.Н. Емельянов және т.б.).

 

***

 

Білім беру процесінің субьекттері таным, іс-әрекет, өмір субъекттеріне тән жалпы қасеттермен де, сондай-ақ олардың ерекшеліктері айқындалатын және олар үшін ерекше білім беру процесінің субъекттеріне тән қасиетттермен де сипатталады.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

 

1. Объект пен субъекттің танымда және іс-әрекетте қатар болуы жайлы қағида нені ұйғарады?

2. Білім беру процесі субъектінің қандай сипаттамаларын негізгілер ретінде қарастыруға болады?

Әдебиет

 

Абульханова К.А. О субъекте психической деятельности. М., 1973.

Брушлинский А.В. Проблемы психологии субъекта. М., 1994.

Леонтьев А.Н. Избр. психологические произведения. М., 1983. Т. 1,2.

Лекторский В.А. Коллективный субъект. Индивидуальный субъект // Субъект, объект, познание. М., 1980.

 


2 тарау. Педагог- педагогикалық іс-әрекеттің