Білім беру процесс ретінде 6 страница

Дамудың қарастырылған проблемалары бірқатар сұрақтардың жауабы болып отыр: тұлғаның психикалық дамуының жалпы бағыттары қандай, оның қозғалтушы күші не, дамудың әлеуметтік жағдаяты қандай, ол қандай негізгі бағыттар бойынша жүреді. Кез-келген тип бойынша жүзеге асырылатын оқыту, егер ол басқарылатын және өзінің негізгі мақсаты – оқушы тұлғасын дамытуға, оның психикалық дамуына қол жеткізгісі келсе, осы сәттердің барлығын ескере алмауы мүмкін емес.

Адамның психикалық дамуының жалпы бағыты

Жалпығылымдық анықтама бойынша, даму дегеніміз материя мен сананың жалпыға ортақ қасиеті. Ол бір мезгілде үш қасиетпен: өзгерістердің даму үстіндегі объектінде болып жатқан бағыттанулар және заңдылықтармен, қайтымсыздықпен сипатталады. Бұл жерде оның негізгі сипаттамасының бірі – уақыт, нақтырақ айтқанда уақыт бойында созылмалылығы, ол дамудың бағытын анықтайды. Г. Гегельдің даму бағытын «абстрактіден нақтыға» қозғалыс ретіндегі дамудың бағыты деп (жалпы рухтың) анықтауы Г. Спенсердің еңбектерінде дамудың ортақ заңының күшіне ие болған. Ол психикалық дамуды тұжырымдау үшін өте маңызды. Бұл жалпыдан жекеге даму туралы ой Я.А. Коменскийдің оқыту жүйесіндегі негізін қалаушы табиғисәйкестілік принципінің негізіне алынған болатын, «...табиғат барлығын көлемі бойынша мардымсыз, бірақ ішкі қуаты бойынша күшті бастаулардан алады... табиғат өзінің жалпыға білім беру қызметін ең ортақтан бастайды және жекемен аяқтайды» [231, 34-35 б. цит. бойынша].

Ақыл - ой дамуының ортақ заңдарын талдай келе, Н.И. Чуприкова оны біріншіден, когнитивті құрылымдардың жүйелі ұйымдастырылауымен, когнитивтік схема–көрсеткіштермен, екіншіден, кез-келген басқа жүйе сияқты, когнитивті- көрсеткіштік құрылым да дамиды, яғни ой-еңбегінің дамуы жалпыға ортақ даму процесінің жеке көрінісі, ол да жалпыдан жекеге заңына бағынады деген тұжырымммен сәйкестендіреді. Психикалықтың да, атап айтқанда адамның ой-еңбегінің дамуы тұлғаның жалпы дамуымен салыстырылмауы тиіс. «Тұлға мен психика бірлікте болса да салаыстырылуға келмейтіні сияқты, тұлғаның дамуы (қоғамдық қатынастардың субъекті, индивидтің жүйелі әлеуметтік сапасы ретінде) мен психиканың дамуы бірлік құрайды, алайда олар тепе-теңдік құрамайды» [168, 15 б.].

 


Психикалық дамудың қозғаушы күштері

Қарама-қайшылық категориясы диалектикадағы ең басты категория екені белгілі (Г. Гегель, Ф. Энгельс). Г. Гегель қарама-қайшылықты дамудың ішкі импульсы ретінде қарастырған. Қарама-қайшылық категориясын отандық психологияда оның қозғушы күштерін талдау барысында психикалық дамудың сипаттамасына кіргізеді (А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, С.Н. Карпова). Бұл күштер әртүрлі қарама-қайшылықтармен сипатталады: адамның сұранысы мен сыртқы жағдайлардың; дамып келе жатқан қабілеттіліктер (физикалық және рухани мүмкіндіктермен) мен әрекеттің ескі формаларымен; жаңа әрекеттің тудыратын жаңа сұраныстары мен оларды қанағаттандырудың мүмкіндіктерімен (құралдары және әдістерімен); әрекеттің жаңа талаптары мен әлі қалыптаспаған біліктер арасындағылармен , жалпы алғанда жаңа мен ескінің арасындағы диалектикалық қарама-қайшылықтар. Басқа сөзбен айтқанда, адамның психикалық дамуындағы қозғаушы күш болып оның меңгерген білімінің, дағдысы, қабілеті мен мотивтер жүйесінің даму деңгейі мен оның қоршаған ортамен байланысының түрлері арасындағы қарама-қайшылықтар болып табылады.

Психикалық дамудың қозғаушы күштерін осылайша түсіну Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин тұжырымдаған болатын. Бұл жерде психикалық дамуды тұлғаның ілгерінді сапалық өзгеруі ретінде дәлелденеді, оның барысында оларда әр түрлі динамикамен жас ерекшеліктеріне байланысты жаңа өзгерістер қалыптасады. «Жас ерекшіліктерге байланысты өзгерістер деп тұлғаның қалыптасуы мен әрекетенің жаңа типін, берілген жас ерекшелік сатысында алғашқы рет пайда болған және ең маңызды және негізгіде баланың санасын, оның қоршаған ортасына көзқарасын, оның сыртқы және ішкі өмірін, яғни берілген уақытта оның дамуының барлық ағымын анықтаушы оның психикалық және әлеуметтік өзгерістерін түсіну қажет» [49, 248 б.].

Даму баяу, бірқалыпты немесе қызу жүре алады. Л.С. Выготскийдің анықтамасы бойынша революциялық, кей жағдайларда апаттық сипатта бола алады. Күрт алға басулар, қарама-қайшылықтардың шиеленесуі, дамудағы бұрылыстар «шиеленіскен дағдарыс формасын» қабылдай алады. Л.С. Выготский бойынша, психологияда дағдарыстық кезеңдердің бес түрі белгілі. Жаңа туған нәресте дағдарысы дамудың ұрықтық кезеңін нәрестелік жастан бөледі. Бір жас дағдарысы- нәрсетелік жасты ерте балалық шақтан бөледі. 3 жастың дағдарысы – бұл ерте балалық шақтан мекетепке дейінгі жасқа көшу. 7 жастың дағдарысы мектепке дейінгі жастан мектеп жасының арасындағы қосушы буын болып саналады. Ең соңында, 13 жастың дағдарысы – бұл мектеп жасынан пубертаттық жасқа көшудегі дамуда үлкен өзгеріспен сәйкес келеді [49, 248-256 б.] (пубертаттық - толысқан, жыныстық қалыптасу). Бұл жерде дамудың салыстырамалы бірқалыпты және шұғыл өзгерістеріндегі сәттердің біршама кезектесуінің ортақ схемасы тұрақты болып қалады. Бұл жағдайда дағдарыстардың баланың өмір сүру жағдайында орын алатын өзгерістермен байланысты екеніне назар аудару қажет, мысалы оның мектепке дейінгі балалық шағынан мектепте оқу кезіндегі балалық шағына көшуімен байланысты.

 

Дамудың әлеуметтік жағдаяты

Л.С. Выготский педагогикалық психология үшін өте маңызды «дамудың әлеуметтік жағдаяты» ұғымын кіргізді. Дамудың әлеуметтік жағдайы баламен әлеуметтік ортаның қарым-қатынасының белгілі бір жүйесі болып табылады, ол даму процесінің мазмұнын, бағытын және жаңадан пайда болған негізгі өзгерістермен байланысты оның орталық бағытының қалыптасуын анықтайды. Бұл жүйенің өзгеруі жас ерекшеліктердің өсімінің негізгі заңын айқындайды. «Осы заңға сәйкес, баланың белгілі бір жаста дамуын қозғаушы күштер ішкі қажеттілікпен дамудың әлеуметтік жағдаятының күшін жоғалтуын анықтай отырып, осы жаста дамудың барлық даму негіздерін теріске шығару және күйзелтуге сөзсіз әкеліп соғады, дамудың берілген дәуірінің аяқталуын және келесі, немесе жоғары, жас ерекшеліктік сатыға ауысқанын анықтайды» [49, 260 б.].

Осымен қатар, Л.С. Выготский әр уақытта психикалық даму – бүкіл тұлғаның біртұтас дамуы деп үнемі ерекше атап өтеді. Баланың әлеуметтік өмір шындығына қатынасы ретінде дамудың әлеуметтік жағдаяты деген ұғымға осы қатынастарды жүзеге асырушы құралдарды – жалпы әрекет пен жетекші әрекеттің нақты түрлері де кіреді, атап айтқанда Л.С. Выготский бойынша, «әрекеттің кейбір түрлері берілген кезеңде жетекші болады және тұлғаның ары қарай дамуында үлкен маңызы болады, басқалары – азырақ. Кейбіреулері дамуда басты рөлді ойнайды, басқалары - бағынышты рөл ойнайды» [111, 285 б.].

 

Психикалық дамудың негізгі сызықтары

Ұсынылып отырған қарастыру тұрғысынан жалпыға ортақ қабылданған ережені басшылыққа аламыз, алайда даму бала тұлғасын толығымен қамтиды, бұл процесте бірқатар негізгі сызықтар (бағыттар) белгілене алынады. Мысалы, баланың психикалық дамуы оның біртұтас тұлғалық дамуы сияқты бір мезгілде келесі сызықтар бойынша жүзеге асырылады: танымдық аясы (интеллекттің қалыптасуы, таным механизмдерінің дамуы); әрекеттің психикалық құрылымы мен оның мазмұны (мақсаттар, мотивтер және олардың ара қатынасының дамуы, әрекеттің құралдары мен әдістерін меңгеру); тұлғаның (бағыттануы, құндылық бағдарлануы, өзіндік сана сезімі, өзін-өзі бағалау, әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесуі және т.б.). Бала дамуының бағыттары біраз басқаша ұсынылуы да мүмкін - даму ретінде: а) білімдердің; әрекеттің тәсілдері; б) меңгерілген тәсілдерді пайдаланудың психологиялық механизмі және в) тұлғаның дамуы, оған әрекет те кіреді [43, 30 б.].

Л.И. Айдарова осы сызықтардың қатарында интеллектуалдық, тұлғалық сызықтармен қатар тілдік дамуды да белгілеп атап өтеді [3]. Баланың барлық интеллекттік-тұлғалық-әрекеттік қалыптасуында психиканың арындылығы, интегративтілігі, жүйелілігі, сензитивтілігі, компенсаторлығы сияқты негізгі заңдылақтарының көрініс табатыны маңызды. Бала дамуы сызықтарының үшеуінің әрбіреуін толығырақ қарастырайық (интеллект, әрекет, тұлға), сонымен қатар нақты өмірде олардың бір-бірінен ажыратылмайтынын атап өткеніміз қажет.

 

Интеллекттің дамуы

Баланың интеллектін, оның танымдық саласын дамыту, отандық психологияда Л.С. Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясының жалпы контексінде беріледі. Бұл теорияда адамның әлеуметтік мәні және оның әрекетінің жанама түрдегі сипаты (оның «құралдылығы», белгілігі) аталынады. Жалпы адамның интеллектуалды дамуы келесі негізгі салалар бойынша жүреді: тікелейден - жанама түрліге; жалпы бөлшектелмегеннен жіктелгенге, және де сол уақытта өмір шындығын жалпыланған түрде (абстрактілі) бейнеленуіне; еріксіз, реттелуге келмейтіннен - еркінге. Баланы интеллектуалдық дамыту барысында психикалық танымдық процестердің өздерінде де өзгерістер жүріп жатады. Олар сапалық жағынан, мысалы еріксіз есте сақтаудан еркін есте сақтауға, ойлаудың көрнекі - әсерлі, көрнекі-бейнелік түрінен оның дерексіз және абстрактілі қисынды (логикалық) және теоретикалық ойлау түріне өзгереді.

Онтогенезде күрделенетін құрылым ретінде интеллектті дамыту, ең бастапқы кезеңінен бастап – баланың интеллектуалдық дамуының сенсомоторлық деңгейін белгілеуді (0-2 жас) толығымен Ж. Пиаже ашқан. Ол ойлау әрекетінің құрылымы болып табылатын интеллекті баланың (логикалық) қисынды ойлауын дамыту мысалында шешті. «Оның зерттеулерінің ең басты міндеті – логикалық (қисынды) операциялардың психикалық механизмдерін зерттеу үшін интеллекттің тұрақты, біртұтас, логикалық құрылымдарының біртіндеп пайда болуын белгілеу» [150, 20 б.]. Бала логикасының онтогентикалық дамуын зерттеу Ж. Пиаженің теориясында келесілерге сүйенеді:

- интеллектуалдық даму тепе-теңдікке ұмтылады, оның соңғысы бөлшектер мен тұтастың теңестірілетін құрылымы;

- интеллектуалдық дамудың әрбір деңгейі жинақталған тәжірибе ретінде әрекеттер схемасына рәсімделеді;

- жаңа ой-еңбектік құрылымдар әрекеттер негізінде қалыптасады;

1) субъекттің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің құралы ретіндегі функциялар (динамикалық процестер): ассимиляция мен аккомодацияның тепе-теңдігінен тұратын ұйымдастыру мен бейімделу, және 2) өмір сүру барысында қалыптасатын жүйелер ретіндегі құрылымдар арасындағы ара қатынас «дамудың үздіксіздігін, сабақтастығын және әрбір жас ерекшелік сатысында оның сапалық өзінділігін қамтамасыз етеді» [150, 23 б.].

Ойлау қисынын дамыту, Ж. Пиаже бойынша, операцияны дамыту, «бұл ішке қарай көшірілген әрекеттер, олар жүйе ішінде қайтымды және үйлестірілген, жүйеге біртұтастық ретінде қарайтын заңдарға бағынатын әрекеттер»[173, 579 б.], мұнда қарама-қарсы әрекетке ауысу ретіндегі қайтымдылық (мысалы, қосылу және ажырастыру) негізін қалаушы категория болып табылады. Ж. Пиаже бойынша, операцияны құру төрт кезеңнен өтеді: қайтымдылыққа енді ғана белгілі беталыстары біліне бастаған «моторлық әрекеттерден», - тек қана сенсомоторлық әрекеттердің ғана қайтымдылығымен сипатталатын операцияға дейінгі кезеңге дейін; «логикалық, қисынды операциялар …. қайтымды жүйелер формасына ие болған қосылу, ажыратылу, ретке келтірілу және сәйкестікті белгілеу әрекеттірінің үйлестіру өнімі ретінде нақты операцияға дейін жетіліп өседі» [173, 587 б.] және ақыр аяғында, «балада үлкен адамның логикасы... болжамдармен ойлау қабілеттілігі қалыптасқан жағдайда» – пропозиционалды немесе формалды операцияларға [ 173, 587 б.] .

Операционализм негізінде интеллектуалдық (логикалық) дамуды осылайша түсіну бұл процесті жалпы инволюциялық-эволюциялық, үдемелі процесс ретінде жалпы дидактикалық анықтамамен байланысады, онда әрекеттің талдамалық-синтетикалық дамуы мен жетілдірілуінің негізінде (С.Л. Рубинштейн) интеллекттің құрылымдануы, оның біртұтас құрылымының пайда болуы, компоненттерінің ара қатынасының өзгеруі одан есе көп жүреді, ол есею кезеңінде де жалғаса береді. Бұл құрылымды инттелектуалдық міндеттердің әрбіреуінің арасындағы белгілі байланыстар неғұрлым анығырақ байқала бастайды, олар бір бүтін болып қосылады. Осылайша, ересектердің әсерінен (олардың қатысуымен де), баланың өзінің және оқытудың пәндік-коммуникативтік әрекетінің әсерінен оның танымдық аясын өзгерту, жасы өскен сайын оның ой-еңбектік әрекетінің біртіндеп күрделенуі Б.Г. Ананьев бойынша, сенсорлық-перцептивті (сезіну, қабылдау) мнемикалық (ес, ойлау), атенциондық (зерде) сияқты компоненттерінде интеллекттің біртұтас құрылымын қалыптастыру түрінде көріне бастайды [7, 348-362]. Б.Г.Ананьев мектебінің зерттеушілері интеллект құрылымының үнемі өзгеріп отыратынын көрсетті. 22 жастан 25 жасқа дейін адам интеллектінің құрылымында екі ұйытқы сақталынады (факторлық және корреляциялық талдаудың деректері бойынша) оларға барлық психикалық процестер мен көрсеткіштерді қосатын байланыстар тартылады. Бірінші ұйытқы – мнемикалық, яғни ес пен ойлаудың бірыңғай құрылымы, екіншісі – атенциондық, яғни, зерде ұйытқысы. 30 жастан 35 жасқа дейін интеллект құрылымында тағы да үш ұйытқы қалыптасады: мнемикалық, логикалық және атенциондық. Атенциондық ұйытқының болуы адамның зердесін анықтайтын сананың бағыттануы мен шоғырланушылығы, оның интеллектуалдық әрекетінің маңызды шарты болып табылады. 34-35 жаста интеллект құрылымында тағы да екі ұйытқы пайда болады, былайша айтқанда, оның «тартылуы» жүреді және барлық корреляциялық байланыстар логикалық және атенциондық ядролардың төңірегінде топталады.

Интеллекттің мектептік кезеңнен соң дамуы әсіресе студенттік жаста білінеді, бұл жастық шақ пен ересек шақтағы «психикалық қатаю» туралы ережені толығымен жоққа шығарады (Э. Клапаред). Студенттік шақ – бұл интеллектің аса күрделі құрылымдану шағы (ол өте жеке және көп вариантты). «Зерттеушілердің көпшілігі осы шақтағы адам дамуының процесін функционалдық жұмысқа қабілеттіліктің және өнімділіктің үздіксіз өсуімен, тіпті функциялардың тұрақтандырылуынсыз қандай да болмасын төмендеу және дағдарыссыз алға қимылдау динамикасымен сипаттайды. Сөзсіз, студенттік шақта дамудың аса көп мүмкіншіліктері бар; дәл осы жастық ара қашықтықта сенситивті кезеңдер орналасқан, олар оқытуды әлі жеткіліксіз мөлшерде пайдаланған… Осы кезеңнің күрделі құрылымында бір функцияны көтеру сәттері (көтерілу шыңы мен оптимумдары) тек қана тұрақтандыру сәттерімен ғана емес, басқа функциялардың төмендеуімен бірге жүреді» [7, 346 б.].

Б.Г. Ананьевтың деректері бойынша интеллектің құрылымы жас ерекшеліктік дамудың созылу барысында және студенттік жастың өзінің ішінде динамикалық өзгеріп тұрады. Мысалы, 18-21 жаста әртүрлі функциялардан тұратын корреляциялық топ (естің, ойдың, қабылдаудың, зерденің) байланыстың буындары ретінде болса, онда 22-25 жаста мнемикалық және атенциондық ядроларымен күрделі тармақталған кешен пайда болады. Студенттік жаста ерекше рөлді зерде факторы ойнайды, алайда осы кезеңде корреляциялық байланыстардың саны мен қуаттылығы бойынша тек төртінші орынды алады, бірақ та оның концентрация деңгейі көтеріледі. Зерденің тұрақтылығы тек 22 жастан бастап көтеріледі, бұл оқу процесінде студенттердің зердесін ұйымдастыру үшін мақсатты бағытталған жұмыстың маңыздылығын атап өтеді.

Ойлауды дамыту ес дамуымен тығыз байланысты: 19 жаста мнемикалық функциялар логикалық функциялардан көрі тезірек дамиды, 20 жаста кері көрініс байқауға болады, ал 22 жаста екі функцияның да көрсеткіштері төмендейді. 18-19 жаста ойлау функцияларының салыстырамалы тұрақтануы байқалады.

Педагогикалық психология үшін логикалық компонент – вербалды, ұғымдық ойлаудың компоненті - интеллекттің құрылымындағы үнемі жетекші компонентінің бірі болып қалып отыратыны практикалық тұрғыдан қызығушылық тудырады. Оқу, білім беру, әсіресе, жүйелі түрде оқу мен өзін-өзі оқыту адамның ой белсенділігінің жоғары деңгейін, оның интеллектуалдық жұмысқа қабілеттілігін қолдап отыратын, өте күшті, үнемі әрекеттегі фактор болатыны анық. Баланың танымдық аясын дамыту процесінде оның санасының мазмұны жетіліп, сапалық тұрғыдан өзгереді. Соңғы жылдары жүргізілген психосемантикалық зерттеулер (Е.Ю. Артемьев, В.Ф. Петренко, А.Г. Шмелев және т.б.) бұл мазмұнды дискреттік (дербес) бірліктердің кейбір деңгейлік құрылымының формасы түрінде елестетуге мүмкіндік береді, оның санатында мағыналар, категориялар ұсынылады. Бұл жерде тағы да Л.С. Выготскийдің сөздік мағына қарым-қатынас пен жалпылаудың бірлігі деген ережесін еске түсірген жөн. Атап айтқанда, сол жалпыланған мағыналар мен категориялар әрбір адамның санасында субъективті бейне мен әлем бейнесін құрайды. Бұл - жеке бейне, және сонымен қатар ол ұқсас жағдайларда дамитын адамдар үшін бірдей де бола алады. «Әрбір индивидтің түсініктер жүйесінде ерекше, тек қана оның өзіне тән, оның жеке тәжірибесіне байланысты құрастырушылар бар. Мысалы, «жақсы ата-ана», «идеалды күйеу мен әйел» образдары тікелей үлгі алу, ата-анасының отбасы, оқыған кітаптардан, бұқаралық коммуникациядан алынған тәжірибені меңгеру индивидтің өзін немесе басқаларды бағалауында ұстанатын адамгершіліктік өлшемдер, «идеалды өлшемдерді» қалыптасуы ақыр аяғында, оның өмірінің ұйымдасуын, оның тұлғасының дамуына себеп болады». [165, 39 б.]. Осыдан, бала өмірінің жағдайын дұрыс ұйымдастырудың, оның әрекетінің (ойын, оқу), онымен қарым-қатынас және ынтымақтастық жасаудың, яғни бала дамуының мақсаттарына жауап бере алатын білім беруші ортаның дұрыс ұйымдастырылуы ең бірінші маңызды екенін мойындау қажет (В.В. Рубцов, В.И. Панов, В.А. Ясвин). Басқа сөзбен айтқанда, бала санасының дамуы, оның тұлғасының дамуы тұрғысынан үлкендер ғана сыртқы, әлеуметтіктің ішкі, психикалыққа ауысу процесін ұйымдастырулары қажет. Бұл процесс интериоризация, сыртқының ішкіге «ауысуы» деп аталады (Л.С. Выготский, Ж. Пиаже, П.Я. Гальперин және т.б.). Л.С. Выготскийге сәйкес, «баланың мәдениетті дамуындағы кез-келген функция сахнаға екі тұрғыдан, екі рет шығады, алдымен - әлеуметтік, содан соң – психологиялық, алдымен, интерпсихологиялық категория ретінде - адамдар арасында, содан кейін – интрапсихологиялық категория ретінде - баланың ішінде» [48, 145 б.].

 

Ақыл-ойдың даму деңгейлері

 

Л.С. Выготский педагогикалық психология үшін баланың ой-еңбегі дамуының екі деңгейі туралы өте маңызды ереже құрастырды: бұл өзекті дамудың деңгейі (оқушы өз бетімен орындай алатын тапсырмалардың көмегі арқылы анықталатын интеллекттік дамудың деңгейімен сипатталатын дайындықтың қол жеткен деңгейі) және оның жақын арада дамуының аумағын анықтайтын деңгей. Психикалық дамудың бұл екінші деңгейіне бала үлкендермен ынтымақтасу нәтижесінде жетеді, оның іс-әрекетіне тура ұқсау жолымен емес, оның интеллектуалдық мүмкіндіктерінің аумағындағы міндеттерді шешу арқылы.

«Баланың өз бетімен не істей алатыны мен ынтымақтасып не іс істей алуына көшу мүмкіндігінің көп немесе аз болуы баланың ой-еңбектік әрекетінің табыстылығы мен даму динамикасын сипаттаушы, ең сезімтал белгісі болады екен. Ол оның болашақта дамуының аумағымен әбден сәйкес келеді» [47, 248 б.]. Осы негізде «дамыта оқыту» принципі тұжырымдалған болатын, ол принцип бойынша оқытудың тиімді ұйымдастырылуы, оқушылардың ой-еңбек қызметін дамыту басқа оқушылар және үлкендермен ынтымақтастықта өз бетімен білім алуды қалыптастыру, яғни өз-өзін дамыту анықталады. Дамыта оқыту тек қана баланың актуалды дамуына қатысы бойынша уақытша алда болуды ғана білдірмейді, ол оқыту сипатының өзін қайта қарастыруды білдіреді. Л.В. Занков оқу материалын біркелкісіз жеңілдету, оны баяу зерттеу, көп реттен бірсарынды қайталау мектеп оқушыларының қарқынды дамуына ықпалын тигізе алмас дейді [72]. Өзгертулер оқу материалын тереңдетіп оқуда да, баланың теоретикалық ойлауын дамытушы теоретикалық талдау мен жалпылаудың ауқымды көлемінде де жүруі тиіс.

Интеллектуалдық даму өздігінен емес, баланың басқа адамдармен көпжақтылы өзара әрекеттесу нәтижесінде өтеді: қарым-қатынаста, әрекетте және атап айтқанда, оқу әрекетінде. Интеллектуалдық, ой-еңбектік дамудың өлшемдері ретінде: ойлаудың дербестілігі, оқу материалын тез және терең меңгеру, қызықты тапсырмалар шешуде тез ойлап, амал табу, маңыздыны маңызды еместен айыра білу, талдамалық-синтетикалық әрекет деңгейінің әртүрлігі, ақыл сыншылдығы (Н.Д. Левитов, Н.А. Менчинская), сонымен қатар жалпылауды қалыптастырудың жылдамдығы ретінде алға жылу қарқыны, ойлаудың үнемділігі (З.И. Калмыкова, В.А. Крутецкий) болып табылады. Бала интеллектісінің дамуының негізгі өлшемі - репродуктивтік тапсырамалардан шығармашылық тапсырмаларға көше отырып, әртүрлі типтегі тапсырмаларды өз бетімен шығармашылық тұрғыдан орындай алу болатыны анық. Баланың дамуының, оның санасының дамуының маңызды көрсеткіші рефлексия болып табылады, яғни баланың өз әрекеттерін, өз-өзін, өзінің «МЕН» дегенін саналы түрде ұғынуы. Соңғысы бала тұлғасының дамуының әр жақтарын, соның ішінде интеллектуалдық дамуын жанама көрсетуші негізгі механизм болады.