Білім беру процесс ретінде 5 страница

 

Тұлғалық-іс-әрекеттік келіс оқушы позициясынан

 

Оқушы позициясынан үйретуге тұлғалық-іс-әрекеттік келіс (педагогтың өзінің оқудағы субъект-субъекттік өзара әрекеттесуін ерекше ұйымдастыру жағдайында) ең алдымен, оқушыларға оқудың жолын, оқулық, әдістер, жеке жағдайларда тіпті оқу серігі – педагогты талдау еркіндігін ұсынады. Мұндай келіс психологиялық тұрғыдан, біріншіден, барлық оқу жағдайларында оқушының тұлғалық өзін-өзі көрсетуінде қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді (security), оның тұлға ретінде өзін жүзеге асыруы мен тұлғалық өсуіне жағдай жасайды. Екіншіден, бұл тәсіл оқушының өзінің белсенділігін қалыптастырады, оның оқу әрекетіне дайындығын, проблемалық жағдайларды тең құқықты серіктестік, педагогпен сенімді қарым-қатынас есебінен шешуді ұйғарады. Үшіншіден, үйретуге тұлғалық-әрекеттік тәсіл оқушы позициясынан сыртқы және ішкі мотивтердің біртұтастығын ұйғарады: бұл жерде сыртқы мотив – танымдық мотив. Төртіншіден, бұл тәсіл оқу тапсырмасын қабылдау және оны басқа оқушылармен ынтымақтасып шешуден қанағаттануды білдіреді. Бұл тек құзырлылық сезімін және өзін-өзі бағалаудың компонентінің бірі ретінде аффилиация (топқа, отбасына, қоғамға қатыстылығы) сезімін дамытудың негізі болып қана қоймай, көбінде өзін-өзі жүзеге асырудың алғышарты ретіндегі өз-өзіне сенімділік сезімінің негізі болады. Үйретуге тұлғалық-іс-әрекеттік келіс оқушы позициясынан сонымен бірге, жаңа формалар, ережелер, әрекеттің әлеуметтік-кәсіптік-коммуникативтік құралдары мен әдістерін интернализациялаудың өзекті жағдайының орын алуын, яғни оқушының тек қана кәсіптік құзырлылығын дамыту емес, оның жалпы алғанда тұлға ретінде қалыптасуын білдіреді. Бұл, атап айтқанда, сыртқының ішкіге ауысуының негізінде оқушыда, студентте мақсатты және тиімді түрде өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалауды қалыптастырады.

Жоғарыда қарастырылғандардың барлығы үйретуге тұлғалық-іс-әрекеттік келіс проблемасы (оқушының позициясынан). Оқытудағы тұлғалық-іс-әрекеттік келіске қосымша (педагог позициясынан) оқытудың жеке әдістемелері алдына бірқатар проблемалар қояды: оқытушы - ақпарат беруші, білім көзі, фасилитатор позициясына бақылаушы сияқты кеңінен тараған позицияның өзгеріске ұшырау проблемасы; адамды әртүрлі тиым салынушылықтан босататын оқу жағдаятын туғызу проблемасы, педагогикалық қарым-қатынаста қиыншылық туғызатын әлеуметтік тосқауылды жою проблемасы және т.б.

Жалпы, оқытудағы тұлғалық-әрекеттік тәсіл ең алдымен, бұл процесте білім берудің негізгі міндеті – жан-жақты дамыған, адамгершіліктік тұрғыдан кемелденген, ішкі резервтерді белсендендіру арқылы әлеуметтік белсенді, кәсіптік құзырлы және өзін-өзі дамытушы тұлғаны дамуының жағдайын туғызу міндеті қойылып, шешіледі. Бұл келістің «тұлғалық» компоненті барлық оқыту оқушылардың бұрынғы тәжірибесі, субъект-субъекттік өзара әрекеттесуінде оның тұлғалық ерекшеліктері ескеріліп құрылады дегенді білдіреді. Оқыту оқушы тұлғасы, оның түрткілері, құндылық бағыттанулары, мақсаттары, қызығушылықтары, перспективалары және т.б. арқылы көрініс табады; ол оларды қабылдайды және онымен өлшелінеді.

Тұлға оқытудың, білім берудің ортасында тұр. Осыған сәйкес, барлық білім беру оқушыда, оның тұлғасында орталықтандырылып, мақсаты, мазмұны мен ұйымдастыру формалары бойынша антропо-центрикалық болады.

***

 

Әлеуметтік институт, жүйе, процесс, ретінде қарастырылатын қазіргі замандағы білім беру оқыту мен тәрбие берудің біртұтастығын білдіреді, ол оның парадигмаларының оқушының өз бетімен танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған ақпаратпен алмасуының негізгі принциптерін жүзеге асырады. Білім беру процесіндегі бағыттар психологиялық-педагогикалық ғылымның тұлғалық-іс-әрекеттік келісті қамтамасыз етуге тиісті процесті қалайша оңтайландыруды қарасты-руды білдіреді.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

 

1. Қазіргі замандағы білім берудегі негізгі беталыстар мен принциптер қандай?

2. Мәдениет пен білім беру бір-бірімен қалайша байланысты?

3. Дәстүрлі және проблемалық, бағдарламаланған және алгоритмделген оқытудың айырмашылықтары қандай?

4. Контекстік оқытудың мәні неде?

5. Тұлғалық-іс-әрекеттік келісте тұлғалық және әрекеттік компоненттер нені білдіреді?

 

Әдебиет

 

Вербицкий А.А.Активное обучение в высшей школе: контекстный подход. М., 1991.

Днепров Э.Д.Четвертая школьная реформа в России. М., 1993.

Зинченко В.П.Живое знание. Самара, 1998.

Кларин М.В.Инновационные модели обучения в зарубежных педагогических поисках. М., 1994.

Смирнов С.Д.Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. М., 1995.

Талызина Н.Ф.Теоретические проблемы программированного обучения. М., 1969.

Шадриков В.Д.Философия образования и образовательные политики. М., 1993.

Якиманская И.С.Личностно-ориентированное обучение в современной школе. М., 1996.

 

 


2 тарау. Білім беру процесінде адамның

жеке даралық тәжірибені игеруі

§1. Оқыту бірлігінің екіжақтылығы -

білім беру процесіндегі оқу

Оқыту: жалпы сипаттама

 

Педагогикалық психологияда, педагогикада, жалпы дидактикада міндетті түрде білім беру процесінің екі, өзара байланысты жақтары ажыратылады: оқытушы, тәрбиелеуші және үйретуге жарамдылық, яғни педагогтың қатысуымен жүзеге асырылатын оқыту (teaching) және сөздің ең жалпы мағынасында үйрету (learning) немесе нақтырақ айтқанда, оқушының қатысумен жүзеге асырылатын оқу.

Оқыту осы терминнің ең жиі пайдаланылатын мағынасында отбасы, мектеп, жоғары оқу орны, қауымдастықтың арнайы ұйымдастырылған жағдайында қоғамдық-тарихи, әлеуметтік тәжірибені басқа адамға (адамдарға) мақсатты бағытталған, біртіндеп беруді (трансляция) білдіреді. Оқушының позициясынан оның осы тәжірибені «үйретуге жарамдылық» терминінде қабылдап алу қабілеттілігі жиі байқалады және осы процестің нәтижесі «үйретілген» терминінде. Оқытушы позициясын алып тұрған адам – педагог. Оқытудың әрекеті – бұл оқытушының әрекеті, оқыту әрекеті - педагогикалық әрекет. Осы әрекетті қарастырғанда бірқатар сұрақтар туады: оқытудың мазмұны не болып табылады, оқыту бағдарламасы, оның мазмұны мен әдістері қандай ара қатынаста; оқытуда оның негізгі мақсаты - оқушы тұлғасының дамуы қалай жүзеге асырылады; дамыту, оқыту, тәрбие беру қалай бірігеді. Л.С. Выготскийге сәйкес, психологиялық проблема баланың дамуы тұрғысынан оқу пәндерінің ішкі құрылымын белгілеу және осы құрылымды мектептегі оқытудың әдістерімен бірге өзгертуде тұр.

 

Оқытудың мазмұны мен бағдарламасы

 

Қойылған сұрақтарға жауап көзі В.В. Давыдовтың тұжырымдаған келесі ережелері болып табылады [63, 163б.]:

- оқу-тәрбие беру процесі ...оқу пәндері жүйесінің мазмұнын меңгеру негізінде жүзеге асырылады;

- әрбір оқу пәні қоғамдық сананың (ғылымның, өнердің, адамгершіліктің, құқықтың) кез-келген «жоғары» формасының меңгеру өзіндік бейнеленуі болып келеді;

- оқу пәнінің өзегі оның бағдарламасы болып табылады, яғни меңгеруге арналған білім мен біліктердің жүйелі және төменннен жоғары баяндалуы;

- оқу пәнінің мазмұнын көрсететін бағдарлама ... оның білім берудегі әдістерін, дидактикалық құралдардың сипатын, оқу мерзімін анықтайды..., ұсынылған материалды меңгеру барысында оқушыларда қалыптасатын ойлану түрін жобалайды;

- оқу пәндерінің мазмұнын оқу әрекетінің ерекшеліктері мен құрылымына сәйкес әзірлеу қажет [63, 163 б.].

 

Оқу - жалпы сипаттамасы

 

Биологиялық жүйенің жеке тәжірибесін жинақтау процесі мен оның нәтижесін білдіретін (Жер шары жағдайында қарапайымнан оның ең жоғары ұйымдасқан түрі адамға дейін) ең жалпы ұғым - үйрету. Мақсатты бағытталған, оған қоғамдық-тарихи тәжірибені саналы түрде беру нәтижесінде адамды үйрету және осы негізде қалыптасатын жеке тәжірибе оқу деп анықталады. Алайда, осы проблеманы зерттеушілердің көпшілігі (Й. Лингарт, И.И. Ильясов және т.б.) оқу ұғымын жеке тәжірибені тек қана адамда ғана емес, жануарларда да қалыптасуын талдау және түсіндіру үшін неғұрлым ортақ ұғым ретінде қолданады. «Оқу, организмдер әрекетінің формаларының бірі ретінде өзінің мәні бойынша біртұтас, бірақ эволюциялық тұрғыдан ол шашыранды және эволюцияның әртүрлі сатыларында сапалық ерекшеліктері бар» (Й. Лингарт) [115, 17 б.].

 

Қарастырылу аспектілері

Оқу аспектілері пәнаралық болып табылады; соған сәйкес ол әртүрлі позициялардан қарастырыла алынады, Й. Лингарт қарастырудың келесі тоғыз аспектілерін (позицияларын) белгілейді, бұл позициялар оларды ажыратуда біршама дау туғызушы жерлердің болғанына қарамастан келесі түрде анықталынады.

Биология тұрғысынан оқу бейінделу процесін білдіреді, онда тұқым қуалаушылық, орта, бейімделу, реттеу (тікелей, генетикалық шартталған және қоршаған ортадан «жанама») қарастырылады.

Физиология тұрғысынан оқу шартты рефлекстерді дағдыландырудың нейрогуморалдық механизмдерінің жағдайынан, жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарынан (қозу және тежелудің, болымды және теріс индукцияның, доминантаның топтауы мен иррадиациясы), мидың талдамалық-синтетикалық қызметі тұрғысынан қарастырылады.

Психология тұрғысынан оқу субъекттің белсенділігі, әрекеті, психикалық дамудың факторы ретінде қарастырылады. Оқу айқын көрінеді және адамның мінез-құлқының ары қарай жүйелі өзгеріске ұшырауына әкеледі. Бұл позицияда таңбалық-символикалық құрылым-дардың ақпараттық функцияларына, мағына құрудың, танымдық және мотивациялық құрылымдардағы өзгерістерге ерекше маңыз беріледі.

Әлеуметтану тұрғысынан оқу жеке және қоғамдық сана байланысының шарты ретінде әлеуметтендіру факторы тұрғысынан қарастырылады. Бұл позициядан оқу процесі жүзеге асырылатын білім беру жүйелерін әлеуметтік басқарудың әртүрлі формалары қарастырылады.

Аксиология, этика позициясынан оқу құндылықтық қалыптасу және өзін-өзі анықтау, қоғамдық нормаларды, ережелерді, құндылықтарды интернализациалау процесі ретінде қарастырылады.

Кибернетика позициясынан оқу тура және кері байланыстар каналдары бойынша оқыту жүйесінде басқарумен, стратегия, бағдарлама және алгоритмдерді әзірлемелеу және өзгерулерімен сипатталатын ақпараттық процесс ретінде қарастырыла алынады.

Философия позициясынан (гносеологиялық тұрғыдан) оқу танымның ерекше (спецификалық) формасы ретінде қарастырылады. Оқуда объективтік пен субъективтің, форма мен мазмұнның және т.б. арасындағы қарама-қайшылықтар пайда болып, шешіледі.

Қисынды көзқарас тұрғысынан оқу қисынды ойлауды қалыптастыру, жалпыланған алгоритмдерді әзірлеудің негізі ретінде қарастырылады. Оқу материалын қисынды ретке келтіру, процесті ұйымдастыруды оңтайландыру – оқуды қисынды тұрғыдан қарастырудың мәні.

Педагогикалық позициядан оқу келесі контексте қарастырылады, «мұнда тәрбиелеу мен оқыту қоғамдық тәжірибені неғұрлым тиімді бере алуды қамтамасыз етуге міндетті қоғамдық қажеттілік көзқарасынан қажетті, мақсатты бағытталған, жүйелер болып табылады» [115, 28 б.]. Сонымен қатар, дезадаптивті мінез-құлықты ескеру маңыздылығы мен психотерапияны пайдаланудың маңызы ескеріледі. Педагогикалық психология оқуды ең алдымен психология мен педагогика позициясынан қарастырады, алайда ол әлеуметтану-шлық, кибернетикалық, философиялық және қисындылық позицияларды да ескереді.

 

Оқуды анықтаудың көпжақтылығы

И.И. Ильясовтың [79, 5-27 б.] оқудың құрылымдық ұйымдастыры-луының ерекшеліктерін және оның әртүрлі тұжырымдамалардағы айырмашылықтарын анықтау үшін жүйелі, сатылы түрде өткізген талдауы сонымен бірге осы процесті түсіндірудің саналуандылығын ашты, ол ең алдымен жалпы психологиялық тәсілдер мен авторлық тұжырымдамалардың айырмашылықтарымен шартталынады.И.И. Ильясовқа сәйкес, оқу: 1) әртүрлі тапсырамаларды шешуде білім мен икемділікті меңгеру (Я.А. Коменский); 2) білім, икемділік пен даму – жалпы танымдық процестерді жетілдіру (И. Гербарт); 3) белгілі бір пәндер бойынша білім, икемділік пен дағдыларды меңгеру (А. Дистервег), бұл жерде А. Дистервег оқу мен дамытуды ажыратқан; 4) қиыншылықтарды жеңумен байланысты белсенді ойлау процесі (Дж. Дьюи); 5) сыртық қимылдардың қажетті қатысуымен сезімдік және ойлы мазмұнның элементтерінен жаңадан пайда болған қасиеттер құрудың белсенді процесі (В. Лай) [79, 9 б.]; 6) білім алу және проблемалар шешу (К.Д. Ушинский); 7) педагогикалық процестің ішкі жағы болып табылатын оқушының ішкі әрекетінің белсенді процесі (П.Ф. Каптерев); 8) мінез-құлықтың өзгеруі, «стимул-реакция» схемасы (Дж. Уотсон) және міндетті түрде нығайтылуымен «стимул-жауап беруші реакция» схемасы бойынша (Э. Торндайк, Б. Скиннер, К. Халл) өзгеретін стимулдарға сыртқы реакциялардың өзгеруі; «стимул –аралық ауыспалы (бейне, карта, жоспар) – реакция» (Э. Толмен) формуласы бойынша проблемалық жағдаяттарда жаңа жоспарлар, мінез-құлықтың когнитивтік картасын меңгеру; 9) мағынасын меңгеру, яғни кейбір тітіркендіргіштер арқылы (ең алдымен, сөйлеу белгілерімен) объект-тітіркендіргіші жағдайындағы туатын реакцияларды туғызу қабілеттілігін игеру, сонымен қатар инструменталдық реакцияларды меңгеру (Ч. Осгуд) [79, 14 б.]; 10) тәжірибенің бұрынғы құрылымын қайтадан құрылымдау, онда екі фаза бар – білім беру әрекетінің (алғашқы рет) жаңа формаларын құру (табыс) және әрекеттің жаңадан пайда болған формаларын қайтадан құру және сақтау (ес) (К. Коффка) [79, 14 б.]; 11) үш негіздеме бойынша тәжірибе жинақтаудың әртүрлері: біртіндеу - секіріс; саналы түрде ұғыну - аңғармаушылық; нақты көрінетін – сырт көзге көрінбейтін байланыстарды ұғыну (Ж. Пиаже) [79, 16 б.]; 12) адам бойындағы қоршаған өмір объектілерінің бейнелеу мазмұнының өзгеруі: сыртқы – қозғалтушы, сезімдік-бейнелік және символикалық (Д. Брунер); 13) ақпарат алу процесін кодтау, сақтау және пайдалану (Р. Гэгни); 14) әрекет түрі, мұндай әрекет түрінде субъект берілген жағдаятта сырттық шарттардың әсер етуінен және өзінің жеке әрекетінің нәтижесіне байланысты өзгереді, ол өз мінез-құлығын және өзінің психикалық процестерін жаңа ақпаратпен өз - өзіне сенімсізділік дәрежесін төмендетіп, өзін-өзі ұстаудың адекватты ережесін немесе дұрыс жауап табу мақсатында құрады (Й. Лингарт) [79, 22 б.].

Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, С.Л. Рубинштейннің еңбектерінде оқу - білім, икемділік, дағдыны меңгеру ретінде қарастырылады (ал дамыту – қабілеттілік, жаңа сапа меңгеру болып табылады). П.Я. Гальперин оқуды субъекттің жасаған әрекеттерінің негізінде білім меңгеру ретінде анықтайды. Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдов бойынша, оқу дегеніміз оқу әрекетінің ерекші түрі, ал А.Н. Леонтьевтің теориясы бойынша оқу (ойын және еңбекпен қатар) – жетекші әрекет типі, ол уақыттың үлкен кезеңін алып қана қоймайды (көп жағдайда 15-16 жасқа дейін), сол уақыттың ішінде оқушы тұлғасының өзі, оның интеллекті, әрекетінің жеке түрлері қалыптасады. Оқу көп мотивтендірілген және көп әрекет ретінде қарастырылады [205, 140-152 б.].

Оқудың оқу іс-әрекетіне ауысуы

 

«Оқу» ұғымымен қатар отандық психологияда Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, А.К. Маркова), соңынан шет елдік психологияда да (Й. Ломпшер, Й. Лингарт) «оқу әрекеті» ұғымы жиірек қолданылып жүр, оның мазмұнына тек процессуалдылық пен нәтижелілік қана кірмейді, оған құрылымдық ұйымдастыру, және ең бастысы, - оқудың субъекттілігі кіреді. Оқудың оқу әрекеті ретінде анықталуына көшу үш кезеңді қамтиды (А.К. Маркова, Г.С. Абрамова). Бірінші кезеңде - 50-ші жылдардың аяғында – Д.Б. Эльконин оқу әрекетінің құрылысы туралы жалпы гипотеза ұсынды, баланың психикалық дамуындағы оның маңыздылығы туралы эксперименталдық зерттеулер жүргізілді. Екінші кезеңде осы әрекеттің ерекшеліктері, оның құрылымдық компоненттері зерттелді. Үшінші кезеңде – осы әрекет барысында қалыптасқан жаңа психикалық жаңа ойлар, көзқарастар зерттелді.

Қазіргі уақытта оқудың ерекше формасы ретіндегі оқу әрекеті ұйымдастырудың (өзін - өзі ұйымдастырудың), басқарудың (өзін-өзі басқарудың), бақылаудың (өзін-өзі бақылаудың) арнайы объектісі ретінде шығып тұр. Бұл дегеніміз «қайтадан жаңғыртушы» әрекет, оның процесінде тек қана адамзаттың жинақтаған білімі мен біліктері қайтадан жаңғыртылып қоймайды, сонымен бірге теоретикалық сана мен ойдың негізінде жатқан тарихи қалыптасқан қабілеттіліктер де (рефлексия, талдау, ой эксперименті) қайтадан жаңғыртылады [63, 133 б.]. (Оқу әрекеті толығырақ IV б. қарастырылады).

Қарастырылғандардың барлығы «оқу» ұғымының өзінің мазмұнының көпжақтылығын, ғаламдылығын және әртүрлі ғылымдар позицияларынан қарастыруда көпаспектілігін көрсетеді. Осындай жағдай табиғи тұрғыдан түсінікті, себебі оқу субъекті адам болып отыр, әсіресе, осы процеске кіруші проблемалардың (физиологиялық, психикалық, әлеуметтік, педагогикалық және т.б.) күрделілігі мен саналуандылығы жағдайында қалыптасушы, дамушы адам - бала жөнінде айтсақ. Барлық авторлар оқу процесінде субъекттің өзінде өзгерістер жүретінін атап өтеді - сөздің ең кең мағынасында, оның дамуы жүзеге асырылады және оның көп жағдайда оқытумен (оның формаларымен, мазмұнымен, мұғалім мен оқуды ұйымдастырушының бастапқы позициясымен ) байланысты екенін атап өтеді. Адамның оқу процесінде, нақтырақ айтқанда, оның оқу әрекетінде оқыту мен дамыту өзара қалай байланысты?

 

§ 2. Оқыту мен дамыту

Дамыту

 

Адамды оқыту мен дамытудың арасындағы байланыс – педагогикалық психологияның ең бір маңызды проблемасының бірі. Оны қарастыру барысында: а) дамытудың өзі күрделі инволюциялық-эволюциялық алға жылжушы қозғалыс болып табылады, оның жүру барысында адамның өзінде ілгерінді/кейінді интеллектуалдық, тұлғалық, мінез-құлықтық, әрекеттілік өзгерістер жүреді (Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев); б) дамыту, әсіресе, тұлғалық, өмірдің өзі тоқтаған сәтіне дейін тоқтамайды, ол тек бағыты, қарқындылығы, сипаты мен сапасы бойынша ғана өзгеріп отырады. Дамытудың ортақ сипаттамалары: қайтымсыздық, прогресс/регресс, бірқалыпсыздық, алдыңғының жаңада сақталынуы, өзгеру мен сақталудың бірлігі болып табылады [14]. Психикалық дамуды анықтаушы факторлар ретінде В.С. Мухина оның алғышарттарын, дамудың шарттары мен байланыстарын және баланың ішкі позициясын қарастырады [146, 11-56 б.].

Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты – білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен қатар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды.

 

Оқыту мен дамытудың ара қатынасы

Бұл сұрақты шешуде әртүрлі көзқарастар бар. Мысалы, олардың бірі бойынша, оқыту дегеніміз дамытудың өзі (У. Джемс, Э. Торндайк, Дж. Уотсон, К. Коффка), алайда, оқыту табиғатын (оқу, үйрету) барлығы өздерінше түсінеді. Басқаларға сәйкес, оқыту – бұл тек қана жетілудің, дамудың сыртқы шарттары. «Даму мүмкіндік туғызады – оқыту оны жүзеге асырады», немесе басқа сөзбен айтқанда, «оқыту дамытудың ең аяғында келе жатыр» [47, 225-226 б.]. Ж. Пиажеге сәйкес, «баланың ойы белгілі фазалар мен кезеңдерден қажеттілік болғандықтан өтеді, ол баланың оқытылуы, оқытылмауынан тәуелсіз» `[47, 227 б. цит.бойынша].

Отандық психологияда Л.С. Выготскийдің тұжырымдаған және зерттеушілердің көпшілігі құптайтын көзқарасты ұстанады. Бұл көзқарасқа сәйкес, оқыту мен тәрбиелеу баланың психикалық дамуында жетекші рөл ойнайды. «Оқыту дамуда тек қана жуық арада болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қана дамудың соңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, ол дамудың алдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады» [47, 231 б.]. Бұл ереже тек қана отандық психологияда ғана үлкен бетбұрыс емес, сонымен бірге оны АҚШ-та қабылдаған Дж. Брунердің когнитивтік психологиясы үшін үлкен бетбұрыс болды. Брунер атап өткендей, «...ғылым негіздерін оқытуда, ең қарапайым деңгейдің өзінде, баланың танымдық дамуының табиғи ағымына көзсіз еріп отыруына болмайды. Оқыту осы дамытудың жетекші факторы бола алады, ол оқушыға қызықты және әлбетте жүзеге асырылатын мүмкіндіктерді пайдаланып. өз дамуын қарқынды түрде жүргізу мүмкіндігін ұсынады» [34, 364 б.]. Л.С. Выготскийдің тезисі бойынша, оқыту мен дамыту- біртұтас, және де оқыту дамытуды озып өтіп, оны стимулдайды, және дәл сол уақытта оның өзі актуалды дамуға сүйенеді. Осыдан барып, оқыту «кешегі күнге емес, бүгінгі күнге бағыттануы» тиіс [47, 251 б.]. Бұл ереже оқытуды ұйымдастырудың барлығына, жалпы педагогика үшін маңызды.