Меркантилизм
XV-XVIIIғ.ғ. феодализмнің күйреуі мен капиталистік өндірістік қатынастардың пайда болуы кезінде мерканталистердің экономикалық ілімі сыртқы сауданың мәні мен мақсатын анықтауға тырысты.
Халықаралық сауданың теориялық түсінігін берудің алғашқы талпыныстары мен осы бағыттағы ұсыныстарды жасау меркантализм доктринасы болып табылады. Ерте меркантализм XVғ. Соңында пайда болып, ақшалай байлықты көбейтуге ұмтылыстарға негізделген болатын. Ақша-қаражатты елден шығармау үшін оларды шетке шығаруға тыйым салынды. Саудадан түскен ақшаға шетелдіктер жергілікті өнімдерді сатып алуға тиіс болатын. Ерте мерканталистер көзқарасы бойынша, мемлекет сыртқы рынокта көбірек тауар сатып, азырақ сатып алуға тиіс болды. Сол кезде байлықпен бірдей деп саналған алтынның қорының жиналуы жүреді деп есептелген.
Кеш меркантализм XVІ ғасырдың екінші жартысынан XVІІІғ.ортасына дейін дамыған. Оның негізгі қағидасы активті сауда балансының жүйесі болды. Байлық сыртқы ақшаға айнала алатын тауарлардың артық мөлшерімен сипатталады. Бұл тауардың артық мөлшері әкелінетін және шығарылатын тауарлар арасындағы құндық айырмашылығынан шығады деп есептеліп, ол екі әдіс арқылы қамтамасыз етілді:
1. Өз елінен өнімді шығару арқылы. Соның ішінде шикізатты сатудан гөрі, сатқанда көбірек пайда түсетін дайын өнімдерді шығаруға рұқста етіліп, сән-салтанат заттарын әкелуге тыйым салынды.
2. Делдалдық сауда, осы мақсаттарға шетелге ақша шығаруға рұқсат берілді. Бұл жерде тек бір принцип алға тартылды: бір елде арзанырақ алып, басқа елде қымбатырақ сату. Активті сауда балансы мен шет ел рыноктарын жаулауды қамтамасыз ету үшін, мемлекет елге тауар әкелуді шет елдік тауарларға салық салу арқылы шектеп, сыртқы рыноктарда сұранысқа ие тауарлар өндірісіне арнайы сыйлықтар төлей отырып шетке шығаруды ынталандырды.
Меркантилизм – өндірістің тауарлық сипатына ерекше көңіл аудара отырып еуропалық ғалымдар зерттеген экономикалық ойдың бір бағыты.
Мерканталистер пікірі бойынша, байлықтың өсуі тек қайта бөлу арқылы мүмкін болады және әрбір ұлтқа басқа елдердің үстем болу үшін мықты экономика ғана емес, күшті армия, әскери және сауда флоты кіретін қуатты мемлкеттік машина қажет. Экономикалық жүйе олардың ол көзқарасына сәйкес үш сектордан тұрды: өндіріс сектор, ауыл шаруашылық секторы және шетел отарлары. Саудагерлер эономикалық жүйенің пайдалы іс-әрекетінің маңызды тобы ретінде, ал еңбек – негізгі өндіріс факторы ретінде қарастырылды.
Елдің байлығын алтын мен күміс мөлшерімен бағалағандықтан, сыртқы сауда мерканталистер мектебінің ойынша, мемлекет ұлттық позицияларын нығайту үшін мынандай шаралар жүргізуі керек:
¾ Оң сауда балансын қолдау – шетке тауарды көп шығарып, аз әкелу, өйткені ол төлем ретінде қолданылатын алтынның келуін қамтамасыз етіп, ішкі шығыс, өндіріс пен жұмыстылықты жоғарылатады;
¾ Сауда саясатының тариф, квота және басқа да құралдарының көмегімен салыстырмалы сауда сальдосын қамтамасыз ету мақсатында экспортты ұлғайтып, импортты қысқарту үшін сыртқы сауданы реттеу;
¾ Шикізаттың шығарылуына тыйым салу немесе оны шектеу және елде өндірілмейтін шикізат импортының салықсыз әкелуіне рұқсат беру арқылы елде алтын қорларын шоғырландырып, дайын өнімге төмен экспорт бағаларын ұстауға мүмкіндік беру
¾ Отар елдердің метрополиядан басқа елдермен саудасына толық тыйым салып, олардың тауарларын шетелдерге қайта сату метрополия ғана жүзеге асырады және оларға дайын өнім шығаруға тыйым салу арқылы метрополияға шикізат жеткізушілеріне айналдыру.
Меркантилистердің ойынша, сыртқы сауда қалайда алтынды қолға түсіріп алуға негізделуі қажет, себебі жай тауар айырбасы жағдайында (мысалы, жүнді шарапқа айырбастағанда) ол тауарлар тұтынылады да өз айналымын мүлде тоқтатады. Бұл кезде сауда нолдік сомамен ойын түрінде қарастырылды, яғни бір ойыншының ұтысы екіншінің ұтылысы деген сөз.
Ең жоғары (максимальды) пайда алу үшін мемлекеттің араласуы мен сыртқы сауданың үстінен бақылау ұсынылды. Ғалымдар тарапынан шет елдік тауарларға кедендік жарналарды енгізу және өз тауарлары үшін алтын мен күміс алу арқылы экспортты арттыруға және импортты шектеуге бағытталған сауда саясатына қатысты ұсыныстар жасалды. Осылайша, қатаң протекционистік шаралар қолданылды және сыртқы саудадан түсетін пайда протекционистік саясат жүргізетін елдің басқа мемлекеттер есебінен алынатын артықшылықтарға ие болуымен байланысты болды.
Протекционизм – елге әкелінетін туарларға жоғары кедендік жарналарды енгізу, сол тауарлардың көлемін шектеу немесе мүлдем тыйым салу арқылы отандық экономиканы шет ел бәсекесінен қорғауға және оның дамуын ынталандыруға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясаты.
Белгілі бір мерзімде металдың нақты көлемі сақталғандықтан, алтынның көп мөлшеріне ие болу үшін басқа елдердің немесе ұлттардың экспортын шектеу керек болды. Бұл жағдай ұлтшылдықтың дамуына, басқа елдер есебінен пайдаға ұмтылуға және де қайшылықтардың өршіп кетуіне жағдай жасайды.
Біржақты тәртіппен енгізілген импорттық шектеулер халықаралық сауданы қиындатып жіберді. Басып алынған орталық аймақтарға тауарлар тек қана метрополиялардан ғана әкелінді; басқа тауар жеткізушілер қатаң тосқауылдарға тап келіп қалды.
Халықаралық сауда метрополиялардың және олармен байланысты колониялық елдердің мүдделрін қанағаттандыратын «аймақтарға» бөлінді (Англия, Франция, Испания).
Людовик XІV заманындағы Франция мемлекетінің, орыс патшасы Петр І-нің саясаттары меркантилистік саясаттың айқын мысалдары болып табылады.
Алайда мұндай іс-әрекеттер әлемдік нарықты белсенді түрде бөлісуге бағытталған капитлистік өндірістің дамуына, халықаралық сауданың кеңеюіне қайшы болды, сөйтіп жаңа концепциялар қажет болды.
Өндірістік төңкерістің және ірі машиналық өндіріске көшу жағдайындағы сыртқы экономикалық қызметтің қарқынды дамуы XVІІІ ғасырдың аяғында ғылыми теорияның, ал ХІХ ғасырда Англияның ресми экономикалық саясатының бейнесіндегі «еркін сауда» принципінің пайда болуына әсер етті, яғни меркантилизм фритредерлікке орын берді. Ал фритредерлік көзқарас бойынша, жекелеген ұлттың және жалпы барлық елдердің мүдделерін қанағаттандыратын – сауда еркіндігі.
Фритредерлік – сауда еркіндігін және жеке кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің араласпауын талап ететін өндірістік буржуазия саясаты мен экономикалық теорияның бағыт алуы болып табылады.
Меркантилистер халықаралық сауда теориясына зор үлес қосты. Олар бірінші болып оның елдің экономикалық өсуіндегі мәнін көрсетіп, экономикалық дамуының мүмкін бір моделін жасады.
Меркантилистер алғашқы болып, қазіргі әлемдік экономикадағы төлем балансына сипаттама берді. Меркантилситердің шектеулігі олардың бір ұлт өздері сауда жасасатын екінші бір ұлттың кедейленуінен ғана байымайтындығын, сонымен қатар халықаралық экономика дамығандықтан елдің дамуы қолда бар байлықты өзара бөлісу арқылы ғана емес, оны өсіру арқылы да мүмкін болатын түсіне алмауында. Бірақ кейінірек пайда болған физиократтар ілімі сыртқы саудаға ешқандай көңіл бөлмегендіктен, меркантилистердің көзқарастары ғылыми ойды халықаралық экономикадағы классикалық мектеп ойларына итермеледі.
Фритредерліктің негізіне ағылшын саяси экономиясының классиктері А.Смит пен Д.Рикардо жасаған салыстырмалы шығындар теориясы алынған. Олардан кейінгі Стюарт Милль, Хекшер Олин, Самуэльсон, Леонтьевтің және қазіргі экономикалық білімнің өкілдері жазған еңбектері бұл бағытты талдауды жетілдіруге мүмкіндік берді.
Абсолюттi артықшылық теориясы
Алдыңғы қатарлы елдердiң машина өндірісінe өту кезегiнде Адам Смит халықаралық саудадағы тиiмдiлiк туралы мәселе қойды. Өзiнiң меркантилизмдi cынayғa арналған атақты "Халықтар байлығының себептерi мен табиғаты туралы зерттеу" (1776) атты еңбегiнде, ол мемлекетке сыртқы рынокта сату ғaнa емес, сатып алу да тиiмдi болатындығын болжап, қай тауарларды экспорттау және импорттау тиiмдi болатындығын aнықтayғa тырысты. Әдебиетте оның тәсiлi абсолюттi артықшылықтар (absolute advantaqe) принципi деп аталды. А.Смит тиiмдi әрекет eтетін шаруашылық субъектiсiне тән болатын жалпы принциптерiн өзгешелеп,оны сыртқы саудада пайдаланды.
Халықаралық еңбек бөлiнiсiне қатысқан елдер бұдан ұта ма, әлде ұтыла ма? Халықаралық мамандану неге осылай қалыптасқан? Сыртқы сауда мен халықаралық мамандану туралы сұрақтарға жауапты экономикалық ғылым бұрыннан iздей бастады және оларды экономикалық теорияның негiзгi мәселелеріне жатқызған.
Адам Смит халықаралық еңбек бөлiнiсi жөнiндегi мәселелердi талдап, қандай тауарларды экспорттау, импорттау керек екендiгi жайлы өз ойын былайша тұжырымдады: «Егер бөтен бiр мемлекет өзiмiз шығара алатынымызға қарағанда, арзан тауармен, бiздi қамтамасыз етуге қабiлеттi болса, онда сол тауарды өзiмiз шығармай-ақ, шет елден сатып алу әлдеқайда тиiмдi».
А. Смитттiн, «Халықтар байлығының табиғаты мен себептеpi туралы зерттеу» атты басты еңбегiнде (1776 жыл) басты идея - ұлттар мен халықтар байлығының негiзi еңбек бөлiнiсi eкeндiгiнe саяды. Автор келесi қорытынды шығарды: халықаралық еңбек бөлiнiсiне белсендi қатысып жатқан елдер пайда табады.
А. Смит халықаралық еңбек бөлiнiсi елдiң абсолюттi артықшылықтарын ескерумен icкe асырылу керек деп сендiрдi. Әр мемлекет өзiнiң абсолюттi артықшылығы бар тауар өндiрiсiне мамандануы керек. Сондықтан, А. Смит көзқарастары «абсолютті артықшылықтар» теориясы деп аталып кеттi.
«Әрине, әйнек жақтауларын, булау жане жылыту қондырғыларын пайдалану арқылы Шотландияда керемет жүзiм өндiруге болады және одан шет елден әкелiнетiнге қарағанда, отыз есе қымбат болатын керемет шарап шығаруға мүмкiндiк бар. Алайда, ондай өндiрiске елдiң бұдан отыз есе көп капиталы мен өндiрiстiк күшiн жұмсау қандай ақымақтық болса, сол өндiрiске шет елге қарағанда, отыздан бiр немесе үш жүзден бiр есе көп капитал мен еңбек жұмсау сондай ақымақтық болатын едi» .
Мемлекеттің өзінің абсолютті артықшылығы жоқ тауарларды өндіруден бас тартуы және басқа тауарлардың өндірісіне ресурстарын жұмылдыруы өндiрiс көлемiнiң ұлғаюына және елдер арасындағы тауар айырбасының кеңеюіне әкеледі.
А. Смиттiң қорытындысы меркантилистердiң ойына қайшы болды. Экспорттың импорттан үлкен болуы салдарынан елгe ағылатын алтын мен күмic емес, елдiң өз иелігіндегi табиғи және абсолюттi артықшылықтарын пайдалану арқылы халықаралық еңбек бөлiнiсiне белсене қатысушылық, қана мемлекеттiң тұрмыс жағдайының өcyiнe себепкер бола алады.
А. Смит идеясын жай модель арқылы сипаттауға болады , бiрақ әрбiр модель абстрактылы болғандықтан, оны талдау үшiн бiрнеше шарттарды енгiзу қажет.
1 шарт. Әлемде тек екі мемлекет бар.
2 шарт. Бұл елдерде тек екі тауар өндiрiледi.
3 шарт. Елдер apacындaғыl сауда ешбiр шектеусiз жүзеге асырылады.
4 шарт. Халықаралық сауда үйлестiрiлген (импорт экспортпен төленeдi)
5 шарт. Өндipic факторлары елдер арасында ауыспайды.
6 шарт. Тауардың бағасы мен өнiмдiлiгiне еңбек қана әсер eтeдi.
7 шарт. Өнiм шығарылуы мен еңбек apacындaғы арақатынас тұpaқты (көлем тиiмдiлiгi)
8 шарт. Өндipic факторлары салалар арасында еш шектеусiз ауыса алады.
9 шарт. Eкi ел мен eкi салада жетiлген бәсеке орын алады.
Таблица 2.1
Абсолютті артықшылықтар моделiн қарастырайық.
Мемлекет А | Мемлекет В | |
Тауар S | 3 сағат | 12 сағат |
Тауар Т | 6 сағат | 4 caғат |
2.1. таблицасында нақты елде нақты тayapдың бiр данасын шығаруға қажеттi уақыты туралы мәлiметтер берiлген. Мысалға: А елiндегi S тауар бiрлiгiн шығаруға 3 caғaт қажет, ал В елiнде 12 caғaт. Бұл бiзге А елiнде В елiнде қарағанда тауар бiрлiгiн шығаруға аз уақыт кeтeтiндiгiн, және А елiнiң S тауарын шығаруда абсолюттi артықшылыққа ие eкeнiн көpceтeдi. В елi өз кезегiнде Т тауарын өндipyдe абсолютті артықшылықа ие болады. Егерде А елі Т тауарының өндіpiciн қысқартып, S тауарының өндipiciн ұлғайтса, ал В елi керiсiнше S тауар өндipiciн қысқартып Т тауар өндірісін ұлғайтса, бұл жерде Халықаралық еңбек бөлiсу (ХЕБ) мен абсолюттi артықшылықтар принципi негiзiндегi сауда орын алады (2.2 табл.).
Таблица 2.2
Мемлекет А | Мемлекет В | Бүкiл әлем | |
Тауар S | +2 дaна | -1 дана | +1 дана |
Тауар Т | -1 дана | +3 дана | +2 дана |
Бұл жағдайда, егер А елі Т тауар өндірісін 1 дaнaғa қысқартса, ал oғaн 6 caғaт үнемдеуіне мүмкіндік беріп, S тауарының 2 данасын шығаруға пайдалануына болады. Осындай жағдай В елiнде де болады. Бұл жерде өндірістің бiрден қыcқapyы арқылы 12 caғaт үнемделiп, Т тауарының 3 қосымша данасын шығаруға болады.
Жалпы алғанда, қосымша ресурстарды пайдаланбай-ақ ХЕБ арқасында S тауарының әлемдiк өндірісі 1 дaнaғa, ал Т тayapының өндіpici екі данаға ұлғаяды.
XVIII ғасыр сoңында шикiзат тауарларының саудасы басым болып, А.Смиттiң осы теорияны жасауына себеп болды. Шындығындa цитрустарды Англияда емес, тропикалық елдерде өcipy тиiмдi eкeнiн белгiлi. Бірақ сол кездің өзінде Англияның сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы Еуропа елдерiне келген болатын. Әрине абсолюттi артықшылықтар теориясы тек табиғи ерекшелiктерге ғaнa негiзделуi мүмкін емес еді. Ocыған байланысты А.Смит табиғи артықшылықтармен қатар иеленген артықшылықтар барын керсеткен.
Таблица 2.3
Мемлекет А | Мемлекет В | |
Тауар S | 3 сағат | 12 caғaт |
Тауар Т | 6 сағат | 4 сағат |
А.Смит бip елдiң барлық тауар бойынша абсолюттi артықшылыққа ие болған жағдайды қарастырмайды (таб.2.3). Оны өзінің "Саяси экономия бастамасы мен салык салу" (1819) еңбегiнде Давид Рикардо жасады. Ол еңбегiнде А.Смит моделi жекелеген жағдай peтiндe eнeтінh, халықаралық мамандану мен өзара тиiмдi сауданың жалпылама принциптерiн жасады.
Классикалық теорияның бастапқы нүктeci болып табылады, ал epкін сауда саясатыньң кез- келген түpiнe негiз бола алады.
Бiрақ осы талқылауды ары қарай жалғастыра берсек, қарама-қарсы, парадоксальды қорытындыға келемiз: егер қандай да бiр ел өзiне керек тауарлардың бәрiн арзан бағамен және кез келген көлемде шет елдерде таба алатын болса, онда өзi тұтынуына керек деген заттардың бәрiн шет елден сатып алу сол елге тиiмдi ме, жок па? Өзгеге сену үшiн өзiнде, ең құрығанда, бiрер тауары бола ма? Бұған кепiлдiк бере алмайды. Олай болса, шет елден сатып алса тауары үшiн қалай есеп айырыспақ?
А. Смиттiң қағидалары көп жерде жеткiлiксiз, абстрактты болды. Ал импортты шектеу жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледi деген пiкiрдi тepicкe шығара алмады. Сауда ашықтығы туралы сөздердi айтып алып, кейде қорғаныс, қауiпсiздiк мақсатымен протекционизмдi қолдады және де, оның пiкiрiнше, әр елде абсолюттi артықшылық бар, ол импорт пен экспорттың тeңecyiнің себепшiсi болады, тек қана epкiн сауда қажет. Оның алдындағы ғалымэкономистер көтерген мәселелердi А.Смит жауапсыз қалдырды. Егер елде абсолюттi артықшылық болмаса ше? Онда басқа мемлекеттер онымен сауда жасасқысы келе ме? Егер ол өзi сата алатынына карағанда, сатып алуы көбiрек болса ше? Бұл жағдай ақшаның шет елге ағылуына әкелмей ме? Осы мәселелердiң барлығын сыртқы сауда шеше алатынының кепiлi бар ма?
Абсолюттi артыкшылық теориясы осылайша тығырыққа әкелiп тiрейдi.
Салыстырмалы артықшылыктар теориясы
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы халықаралық сауданың бағыттары мен себептерiн түсіндіретін жұртшылыққа кеңінен танымал классикалық негіз болып табылады. Экономикалық теориядағы терең білімі жоқ адамдардың өзі де табиғи-географиялық айырмашылыққа байланысты сауданың қажеттілігі мен маңызын түсінеді. Әйтсе де елдер арасындағы сауда мемлекет барлық салаларда абсолютті үлкен тиімділікке ие болғанда ғана пайдалы. Рикардо атап көрсеткеніндей, айырбас белгілі бір елдің басқа бір елге қарағанда, барлық тауарларды неғұрлым төмен салыстырмалы шығындармен өндірген жағдайда да тиімді. Тек онда белгілі бір елдегі салыстырмалы шығындар арасындағы айырмашылық басқа елге қарағанда көбірек болуы қажет. Салыстырмалы артықшылықтар идеясы қарапайым болғанымен, оны абcтpaктылы түрде түciнy едәуір қиын. Осы тұжырымдаманы мeңгepyдің ең жақсы әдiсi - оны бейнелейтін мысалдар мен үлгілердi қарастыру.
Д.Рикардо ХЭК ерекшеліктерінi атай отырып, халықаралық өзара тиімді сауда үшін А.Смит принциптерiн ұстан кедергі келтірмейтінін көрсетіп модель жасады. Д.Рикардо салыстырмалы артықшылықтар (соmрarafive advaпtage) заңын ашты: ел өндіруде ең көп абсолюттi артықшылыққа ие тауарларға (егер ол eкi тауар бойыншa абсолюттi артықшылыққа ие болса) немесе аз абсолюттi артықшылыққа ие емес (егер бірде-бip тауар бойынша абсолюттi артықшылығы жоқ болса) тауарлар экспортына мамандануы қажет. Ол хрестоматиялық мысал болып кеткен ағылшын матасын португалдық шарапқа айырбасын келтiрген. Шарап пен матаны өндірудің абсолюттi шығындары Португалияда Англиядан төмен болғанымен, айырбас нәтижесiнде екі ел де пайда табады. Осы мысалдың бастапқы шарттары 2.4 таблицасында келтiрiлген.
Таблица 2.4
Англия | Португалия | ||
n / мата | 100 жұмыскер/жыл | 90 жұмыскер/жыл | |
n / шарап | 120 жұмыскер/жыл | 80 жұмыскер/жыл | |
2.4. таблицасынан көpiп отырғaнымыздай, Англиядан (n) матаныңi белгiлi мөлшерiн өндipy үшiн жылына 100 жұмысшы қажет. Осы мата мөлшеріне Англия өзiнде өндipіcкe жылына 120 жұмысшы қажет eтeтiн (м) Португалдык шараптың бiр бөлiгiн сатып алады. Сондықтан Англияға Португалияға мата сату арқылы оның шарабын сатып алу тиiмдi. Португалияда бұл өнiмiдердi өндiруге 90 және 80 дана жұмысшы еңбегl жұмсалады, сондықтан oғaн матаны шарапқа айырбастау тиiмдi. Д.Рикардоның пiкiрiнше 100 ағылшын жұмысшысымен 80 португалдық жұмысшының еңбектерiнiң теңсiз айырбасы елдер apaсындағы өндipic факторларының ayыcyындaғы қиындықтарға байланысты болады.
Д.Рикардоның моделiне байланысты, Португалия Англияға қapaғaндa eкi тауар бойынша абсолюттi артықшылыққа ие болып отыр, бiрақ Португалия шарап өндiруде салыстырмалы артықшылыққа ие, өйткені оны өндiру үшiн Англияға қарағанда 67 % (80/120 х100 ) шығынын жұмсайды, ал мата өндiрiсiне - 90% (90/ 100х100). Сондықтан Португалия үшiн шарапты, Англия үшiн матаны өндiру мен экспорттау тиiмдi болып табылады.
Д.Рикардо өз моделiнде өндiрiлетiн тауарлар (шарап пен мата) мөлшерiн өзгерiссiз алып, оларды өндiруге кететін жұмыс уақыты шығындар айырмашылығын қарастырады. ХХ ғacыpдa бұл тәсiл альтернативті шығындар (немесе орнын басу шығындары) ұғымы негізінде өзгешеленеді.
Принцип негізінен әртүрлі екі тауардың бірлік өлшемдері ғана емес, сондай-ақ олардың кез-келген мөлшері үшін де дұрыс болып щығады. Әрине, ол статистикалық жағынан икемді, инфляция мен жұмыссыздықты елемеген сыңай танытады. Әйтсе де, ол барлық жеңілдіктеріне қарамастан, елдегі өндірістің салыстырмалы тиімділігін бағалауға және халықаралық маманданудың бағыт-бағдарын алдын ала болжамдауға мүмкіндік береді.
Рикардоның мысалында ұлттық еңбек өнімділігінде де экспорттық салалардың сапалық сипаттамаларында да бәлендей өзгерістер бола қоймайды. Елдер табатын пайда мамандану мен еңбек бөлінісіне негізделген анағұрлым тиімді өндіріс құрылымын жасаудан түседі.
Құрылымдық пайда құрудың пайдасын жақсырақ ұғыну үшін, айталық, мемлекет протекционистік шаралар қолданып жатыр деп болжам жасайық. Мысалы, португалдықтар жергілікті тігін өнеркәсібін қорғау үшін кедендік тарифтерді талап етуде. Мұндай қорғау кедендік баж салықтары, салықтар және басқа да шаралардың көмегімен ағылшын матасының бағасы жасанды түрде жоғарылаған кезде тыйым салынбайтын сипатқа ие болуы мүмкін. Португал матасына да баға көтеріліп кетеді. Ұлттық салалардың рентабельділігі теңесетін болады.Бұнда анағұрлым өнімді сала – шарап өндіруге капитал мен еңбек күшінің салааралық ауысуына ынталылық болмайды. Шын мәнінде, қалыптасқан экономикалық құрылым өзгеріске ұшырайды, артта қалған салаға жасанды қолдау көрсетілетін болады.
Мұның тағы бір жағымсыз салдары – сауда еркіндігіне толық шектеу қойылуымен бірге тыйым салынатын тарифтер енгізілуі мүмкін. Мемлекеттік қорғаудың «қолшатырының астындағын» өндірушілер мата өндірісі шарап өндірісінен тиімдірек деңгейде бағаны жоғалтуы мүмкін.
Алайда «абсурд экономикасына» жол ашатын бұл пікірлер абсолютті абстракциялық схема емес. Өкінішке орай, еліміз неғұрлым жаңа технологияны тартудан гөрі қолда бар ресурстарын артта қалған салаларды қолдауға босқа шығындайтындықтан, құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру үшін материалдық өзгерістері жоққа тән болады. Онда капитал мен еңбек күші тиімсіз салаға «ағылады да», тиімдісі шетте қалып қояды.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, халықаралық саудадан түскен пайданың қатарына халықтың нақты жалақысының біреуі жатады. Кедендік тарифтер мен квоталарды енгізу оның төмендеуіне әкеп соғады. Тұтынушылар жоғары бағаларға кез болып, тұтынуды азайтады. Сондай-ақ, пртекционизм бағытын ұстанған елде тіпті табиғи ресурстары мол бола тұра, халқының өмір сүру деңгейі салыстырмалы, ал қайбірде абсолютті төмен болуы мүмкін және бұл таңданарлық жайт емес.
Салыстырмалы артықшылықтар доктринасы сыртқы сауданың нәтижелерін талдаудан ғана емес, басқа да жерлерде жиі басшылыққа алынады. Фирма немесе жеке адам өзінің салыстырмалы артықшылығы бар қызмет түрлерімен айналысқаны тиімді, ал басқа қажеттіліктерін айырбас арқылы да өтей алады.
Қарастырылған мысал абстрактты. Оны нақты өмірге жақындату үшін келесі шарттарды орындау керек:
1. Еңбек сауда жасаушы елдер емес, яғни басқа салаға мобильді (қарқынды) болуы керек, яғни басқа салаға ауысқанына қарамастан, жұмысшылардың жұмыс сапасы мен оның қарқындылығы өзгермеуі қажет.
2. Есептеулерде транспорт, кеден салықтарын төлеу, т.б. сауда-саттық шығындарды есепке алмау керек.
3. Жаңа технология, жаңа сапалы машиналардың үлгісін қолдану, т.б арқылы еңбек шығындарының өзгеруін ескерусіз қалдырмау қажет.
Рикардоның жолын қуған ғалымдардың зерттеулері бұл айырбас орын алатын жағдайлар мен шектеулерге қатысты болып отыр. Шарап пен мата туралы мысал бойынша Португалия әрбір баррель шарап үшін 9/8 дана матадан көп алса ғана саудаға қатысады. Ал Англия әрбір баррель шарап үшін 5/6 дана матадан көп бермесе ғана саудадан пайда алады.
Осы ойды дамыта келе Португалияда 1 баррель шарапқа кеткен еңбек шығыны Портгалиядағы 8/9 дана мата мен Англиядағы 0,8 дана матаның шығындарына тең екеніне көз жеткіземіз. Елдер арасындағы тауар айырбасы осы шектерде іске асады.
Сөйтіп біз Рикардоның жай моделін қарастырдық, яғни елдер арасындағы айырмашылық оларды өзара сауда жсауға қалай алып келетінін және бұдан белгілі бір пайда табуға болатынына көз жеткізе түстік. Аталған модельде еңбек – өндірістің бірден бір факторы және елдер оның әр түрлі елдердегі еңбек өнімділігі бойынша бір-бірінен ерекшеленеді.
Рикардо моделіне елдер жергілікті еңбек салыстырмалы түрде тиімді қолданылатын тауарларды экспортқа шығарады және бұл еңбек шығындары салыстырмалы түрде тиімсіз өнімді импорттайды. Басқаша айтқанда, сол және басқа да елдердегі өндіріс сипаты салыстырмалы артықшылық арқылы анықталады.
Сауда елге қалай пайда әкелетінін келесі екі әдіспен көрсетуге болады. Біріншіден, сауданы өндірістің жанама әдісі деп санаған жөн. Мемлекет әлдебір тауарды өндірудің орнына басқа бір тауар өндіріп экспортқа шығару арқылы оны өзіне аса қажетті өнім түріне айырбастай алады. Осы қарапайым мысалдың өзі кез келген ретте әлдебір тауар импортталған кезде оның осындай «жанама өндірісі» бұл тауарды тікелей өндіруге жұмсалатын еңбек шығындарынан аз шығынды қажет ететінін көрсетеді. Екіншіден, сыртқы сауда мемлекеттің тұтыну мүмкіндігін кеңейте отырып пайда әкелетініне көз жеткізуге болады.
Рикардо моделінің бірқатар қағидалары шындықтан алыс болғанымен, оның негізгі идеясы – қандай да бір ел болсын, өздері үлкен өнімділікке ие болып отырған тауарды экспортқа шығаратынын эмпирист зерттеушілер де растайды.
5. Өз-өзін бақылау сұрақтары:
· Халықаралық сауданың классикалық теорияларын атаңыз
· Меркантилисттердің пікірі бойынша байлықтың көзі неде?
· А.Смиттің абсолютті артықшылық теориясы дегеніміз не?
· Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясының мәні неде?
· Балама құн дегеніміз не?
· А.Смит пен Д.Рикардо теорисының артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз?
6. Ұсынылатын әдебиеттер:
· *Киреев А. Международная экономика, М.: МО, 1,2 бөлім., 2000
· *Международные экономические отношения. Под ред. проф. В.Е.Рыбалкина. - М., 1999.
· *Миклашевская Н.А., Холопов А.В, Международная экономика, М.: МГУ, 1998.
· *Елемесов Р.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар, А.: ҚазҰУ, 2002.
· *Доғалова Г.Н Халықаралық экономика, А.: Экономика, 2000.
1. Лекция тақырыбының атауы: Өндіріс факторларының арақатынасы теориясы
2. Лекция мақсаты:Хекшер-Оллиннің өндіріс факторларының арақатынасы теориясының мәнін ашу және оның іс жүзінде әрқашанда сәйкес келмейтіндігін түсіну
3. Лекция сұрақтары:
· Хекшер-Оллиннің өндіріс факторларының арақатынасы теориясы. Өндірс факторларының абсолютті және салыстырмалы қаматамасыз етілуі
· Леонтьев парадоксы түсінігі. парадоксқа түсініктеме. Хекшер-Оллин теориясына қарсы және қолдаушы аргументтер
4.Лекция мазмұны:
ХІХ ғасырда еңбек теориясы әр түрлі өндіріс факторлар теорияларымен ығыстырыла бастағаннан бері, классикалық мектептің негізін қалаушылардың ізбасарлары – экономист-неоклассиктер халықаралық сауданы да өндіріс фаторлар теориясы арқылы түсіндіре бастады. Бірақ халықаралық сауда теориясында шынайы жаңалықты тек ХХғ. 20-жылдары ортасында экономист-неоклассикер – швед экономисі Эли Хекшер мен оның шәкірті Бертил Олин енгізді, Ол кейін Хекшер Олин теориясы деп аталған, халаықаралық сауданың тізбектелген теориясын құрды.
Өндіріс факторларының арақатынасы өндіріс факторларына, рынок, өндіріс және тауарлар сипатына қатысты көптеген жорамалдарға негізделген. Оның басым бөлігі абсолютті және салыстырмалы теориялардағы жорамалдарға ұқсас. Айырмашылығы мынада: өндіріс факторларының арақатынасы, бұрынғыдай, тек қана 2 елдің (1 ел және 2 ел) және тек қана 2 таңардың (бірі-еңбекті, екіншісі-капиталды көп қажет етеді), бір емес екі өндіріс факторының (еңбек, капитал) өмір сүруінен пайда болады. Одан кейін әрбір ел түрлі дәрежеде өндіріс фкторларына ие болды. Еңбек теориясы бұл жерде жоққа шығарылмайды, қайта құнды қалыптастыруға еңбектен басқа да өндірістің факторлары қатысады деген оймен толықтырылады. Елдердің бір тауарға мамандануы мүмкін емес және елдердің технолоиялары бірдей деп алынған. Сөйтіп, өндіріс факторларының арақатынасы теориясының маңызды шарттары болып жекелеген тауарлардың түрлі фактор интенсивтілігі (бір тауар – еңбекті, екіншісі – капиталды көп қажет етеді) және фактор толықтылығы (бір елде салыстырмалы түрде капитал көп, екіншісінде - аз) енді.
Факторинтенсивтілік дегеніміз – белгілі бір тауар өндіріс шығынындағы әр түрлі факторлардың салыстырмалы шығындары.
Егерде белгілі бір тауардың бір данасын өндіруге екінші тауарға қарағанда капитал көбірек жұмсалатын болса, бірінші тауар капитал сыйымды болып саналады.
Фактортолықтылыққа – елдің өндіріс факторымен салыстырмалы қамтамасыз етілгендігін анықтайтын көрсеткіш жатады.
Фактортолықтылық екі әдіспен анықталады: әрбір фактордың салыстырмалы бағасы және өндіріс факторлардың абсолютті көрсеткіші. 2-і ел капиталмен салыстырмалы түрде қамтамасыз етілген, өйткені онда капитал бағасы мен еңбек бағасының арақатынасы 1-і елге қарағанда төмен, яғни 2-і елде 1-елге қарағанда капитал арзанырақ болды.
Әдетте, капиталдың бағасы – пайыз қойылымы, ал еңбектің бағасы – жалақы болып саналады. Әңгіме, факторинтенсивтілігіндегідей, өндірістің абсолютті емес, салыстырмалы көрсеткіштері туралы болып отыр.
Егер фактортолықтылықты өндіріс факторларының абсолютті көлемі арқылы анықтасақ, онда 2-і елдегі капиталдың (Т) жалпы көлемінің жұмыс күшінің жалпы көлеміне қатынасы 1-і елдегіге қарағанда жоғары болатын жағдайда, 2-і ел кпиталға бай болып есептеледі.
Фактортолықтылықтың бірінші анықтамасы рынок тепе-теңдігінің екі-жағы – ұсыныс пен сұранысты есепке ала жасалған, өйткені, анықтама ұсыныс пен сұраныс тепе-теңдігі нәтижесі болатын өндіріс факторларының бағасы арқылы беріледі. Өндіріс факторларының бағасы оларды түрлі елде пайдалану мүмкінігінің дәрежесін анықтап, оның технологиялық даму деңгейін көрсетеді Екінші анықтама тек ұсынысты есептеп, сұранысқа көңіл бөлмейді. Ал сұраныс бұл жерде өте маңызды, өйткені дайын өнімге деген сұранысқа байланысты оларды өндіруге қажетті өндіріс факторларына сұранысты шығаруға болады.
Сөйтіп, айтылып жатқан тәсілге сәйкес, 2-і елдің капиталы көп, ал 2-тауар капиталды көп қажет ететін болғандықтан, 2-і ел 1-і елге қарағанда 2-і тауарды салыстырмалы түрде көп шығара алады. Ал 1-і елдің еңбек күші көп, ал 1-і тауар еңбекті көп қажет еткендіктен, 1-і ел 2-і елге қарағанда 1-і тауарды көбірек шығара алады. Сондықтан екі елдің 1-і және 2-і тауар бойынша өндірістік мүмкіндіктер шекарасы графигі 2,2 суретінде көрсетілген. Графиктен көріп отырғанымыздай, 1-і тауар көлденең осьқа жақын орналасады. Бұл жағдай осы 2-і ел мен 2-тауар үшін де әділ болады. 2-тауардың өндірістік мүмкіндіктер шекарасы тік осіне жақын орналасады.
Хекшер-Олин теориясының негізі мынандай:
1. Мемлекеттерде өнімдерді экспортқа шығару тенденциясы байқалады. Оларды дайындау үшін өндірістің артық факторы қолданылады және керісінше елге шет елден әкелінетін өнімдер өндірісте керекті сирек фактор. Өндірістік теория факторы - өндірістік өнімді шығарудың алғашқы факторы немесе өндірістік фактор. Классикалық экономикалық теория негізгі үш факторды бөледі: еңбек, жер, капитал.
2. Дүниежүзілік сауда да мүмкіншілігінше тиісті тенденция – «бағалық факторға» теңеледі. «Бағалық фактормен» бірге жобалап ақы төлеу иемденуші факторды қолданғаны үшін төленеді. Еңбек үшін – бұл еңбекақы, капитал үшін – проценттік төлем мөлшері, жер үшін – жер рентасы.
Тұжырымдар:
1. Салыстырмалы шығындар айырмашылығы сауданың негізі болып табылады. Егер біз өнімнің бір түрін факторлар шығымын салыстыратын болсақ, онда қайсы бір елде барлық тауарлардың өндірісі басқа елдердің өндірісіне қарағанда, ең тиімді болып шығуы мүмкін. Бірақ осы жағдайдың өзінде сыртқы саудаға деген ынта сақталады, өйткені осы тиімділік дәрежесі әртүрлі тауарлар үшін әртүрлі болады. Салыстырмалы артықшылықтар заңы бойынша, бұл ел өндірісте ең биік тиімділікке жеткен ьауарларды өндіруі керек және сол тауарларды өндірісі минималды тиімділікке жеткен тауарларға айырбастап экспорттау керек. Яғни, сыртқы сауда сомасы нольге тең ойын емес, бір жақтың ұтысы екінші жақтың ұтылысы емес. Сауда екі жаққа да тиімді және осы саудаға қатысу екі жақтың да жағдайын едәуір жақсартады.
2. Еларалық алыстырмалы артықшылықтардың әр түрлілігі мына тұжырымдармен түсіндіріледі:
Елдер өндіріс факторларымен бірдей дәрежеде қамтылған. Осыған негізделіп құрылған Хекшер-Олин теориясы бойынша, елдер өндірісте салыстырмалы түрде аз шығындарды талап ететін тауарларды өндіруге және экспорттауға ұмтылады, сонымен қатар, жетіспейтін өндірістік факторларды талап ететін тауарларды импорттауға тырысады.
3. Хекшер-Олин теориясы халықаралық саудадағы көптеген маңызды заңдылықтарды түсіндіреді. Елдер іс жүзінде көбінесе өндірісте ел иелігінде көп шикізатты керек ететін тауарларды экспорттауға тырысады. Соғыстан кейінгі жылдары АҚШ технология нарығында салыстырмалы артықшылықтарды біржолата жоғалтты. Жапония өз алдына бұл салада қарқынды дами бастады.
4. Бірақ та Хекшер-Олин теориясына барлық мәселелер тұтастай сәйкес келмейді. Соңғы жылдары Еуропа елдерінде бәсекелестік позициялардың өзгеруі өндіріс факторларын қамтамасыз етудегі ілгерілеулерге сәйкес келмейді. Статистика мәліметтері бойынша өндірісі дамыған елдердің өндірістік шикізатпен қамтамасыз тілуі біртіндеп теңдестірілуде. Бұл мәліметтер Хекшер-Олин теориясының қазіргі уақытқа сай келмейтінін көрсетеді. Сонымен қатар, сыртқы сауда бірдей елдердің арасында бірдей тауарлармен сауда жасауға ауысып жатыр.
Соңғы уақытта Хекшер-Олин теориясында пайда болған сәйкессіздіктерді осы теорияны дамыту немесе өзгерту жолымен шешуге болады. Экономистер әлі күнге дейін тиімді жолды таңдамаған.
Леонтьев парадоксы.Экономикалық өсім өндірісте пайдаланылатын факторлар санына ғана емес, сонымен қатар, олардың сапасына, үйлесу тиімділігіне техникалық прогресске, сұранысқа, нарықтың сипаттамасына және ел мен конъюктураға қарай өзгеретін басқа да көптеген элементтерге байланысты болады.
Оның халықаралық айырбасқа да қатысы бар. HOS теоремасының кемшіліктер жаңа классикалық бағыттағы экономистерге өндіріс факторларының сапасы мен ұлттық нарықтардың сипаттамасын және тауарлардың ұлттық әр түрлі сұраныс ерекшеліктеріне біртіндеп бейімделуін ескере отырып, салыстырмалы басымдықтар теориясын жетілдіру қжеттігі жөнінде ой салды.
Хекшер Олиннің ережелері мен қорытындыларын практикалық тұрғыдан тексеруге арналан көптеген зерттеулердің ішіндегі ең негізгісі – американ экономисі, 20-жылдардағы жоспарлау комитетінің қызметкері, Нобель сыйлығының лауреаты Василий Леонтьевтің жұмысы болып табылады. 1954 жылы оның сол кездегі капитал молшылығымен ерекшеленетін ел АҚШ-тың экспорты мен импортындғы еңбек пен капиталдың толық жұмсалуын негізге ала отырып, Хекшер Олин теориясын тексеруге қадам жасаған мақаласы жарық көрді. Басқа ірі елдер ішінен бұл елге екнші дүниежүзілік соғыстың орсан зардабынан жеткілікті капиталмен шығудың сәті түсті. Бұл кезде Еуропада капитал жетспеушілігі мен жұмыс күшінің салыстырмалы артықшылығы байқалды. Сондықтан АҚШ капитал сыйымдылығы бар тауарларды сыртқа шығарып, еңбек шығыны көп тауарларды шет елден әкеледі деп күтілген еді. Бірақ нәтиже керісіне немесе бұған қарама-қайшы болды да, теория «Леонтьев парадоксы» деп аталды. Елдегі капиталдың салыстырмалы молшылығы (артықшылығы) Американың сыртқы саудасына әсер етпейтіні белгілі болды. АҚШ шет елден әкелгенге қарағанда, еңбек сыйымдылығы молырақ және капитал сыймдылығы азырақ өнімдерді шет жаққа шығара бастады.
Хекшер Олин Самуэльсон қорытындыларын қолдамаған атақты зертеуді 1953 жылы американдық орыс Василий Леонтьев жариялады.
Леонтьев Хекшер Олин теориясының шарттары іс жүзінде сақталмайтындығын көрсетті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ ең бай және капиталы мол, басқа мемлекеттермен салыстырғанда еңбек жалақысы жоғары ел болып саналған, сондықтан еорияға сәйкес, ол капиталды көп қажет етеін тауарларды экспорттауы кере еді. Бұл гипотезаны тексеру үшін, Леонтьев құны 1млрд. доллар болатын экспорт тауары мен онымен бәсекелесетін жергілікті тауарларды қндіруге қажетті еңбек күші мен капитал мөлшерін есептеді. Әрбір өндірістің саласында бір өнім данасына еібек пен кпитал шығынын есептеді. Әрбір өндірістің саласында бір өнім данасына еңбек пен капитал шығынын санады. Ол тек авомобиль сияқты дайын өніммен шектелмей, аралық өнімдерге (болат, әйнек, резина) де сәйкес есептеулерді жұргізді. Одан кейін АҚШ-ң 1947 жылғы экспорт құрылымын пайдаланып, 1 млн. долларға тең экспорт тауарларын өндіруге қажетті капитал мен еңбек шығындарының арақатынасын есептеді. АҚШ-та өндірілмейтін тауарларды өндіруге қажетті капитал мен еңбек шығындрының арақатынасын есептеді.
Іс жүзінде ол бір американдық импортты (K/L)im өндіруге қажетті еңбек пен капитал арақатынасын, бір американдық экспорт (K/L)x өндіруге қажетті еңбек пен капитал арақатынасымен салыстырды. Осы «Леонтьев статистикасы» деп аталған арақатынасқа сәйкес, егер
(K/L)im / (K/L)x < 1 мол болып, орындалса саналады.
Мемлекет (K/L)im / (K/L)x > 1 орындалса еңбек күші мол болып саналады.
Леоньев, Хекшер Олин теориясына сәйкес американдық экспорттық тауарлар импорттың орнын басатын американдық тауарларға қарағанда, бір жұмысшыға көп капиталды қажет ететіндігін көрсетеді деп күткен еді. Алынған нәтиже оған қарама-қарсы болды, американдық импорттың капитал сыйымдылығы экспорттан 30 пайыз асып түсіп, ол АҚШ капиталы мол ел емесі екендігін білдіріп, керісінше еңбек күші мол ел екенін көрсетті. Бұл теориядағы түсініктерге толық қайшы келді.
Екінші дүниежүзілік соғыс статистикалық мәліметтерге көп бұрмалау енгізді деп есептеп, Леонтьев 1951 жылдың деректері бойынша есептеулерін қайта жүргізді. Нәтижесінде американдық импорт экспортқа қарағанда 27 пайызға капиталды көп қажет етті. Басқа елдер үшін де есептеулер жүргізілді. Жапония 50-жылдары айқын еңбек күші мол ел болғанымен, экспортқа капиталды көп қажет ететін тауарлар шығарды. Мол еңбек ресурстары бар Үндістан негізінен еңбекті көп қажет ететін тауарларды экспорттаса да, АҚШ-қа жіберілген экспорт капиталды көп қажет ететін болып шықты.
Леонтьев парадоксы – Хекшер-Олиннің өндіріс факторлар арақатынасы теориясының іс-жүзінде расталмағаны; еңбек күші мол елдер капиталды көп қажет өнімді, ал капиталы мол елдер – еңбекті көп қажет ететін өнімді экспорттады.
Парадокстың түсіндірілуі.Жұмысшы күшін маманданған және маманданбаған топтарға бөлу және экспорт тауарлар өндірісіндегі шығындар үлесін жекелеген топтарға бөліп есептеу қажет. Американдық ғалым Дональд Кисинг 1966 жылы жарияланған зерттеуінде еңбек күшін мамандық деңгейіне байланысты 8 топға бөліп, АҚШ-та маманданған жұмысшы күшінің жетіспеушілігін дәлелдеді. Сондықтан АҚШ маманданған еңбек өнімін экспортқа шығарады, ал оны дайындау мен оқытудың шығынын есептесе, капитал ретінде анауға болады.
АҚШ өндіруге капиталды көп қажет ететін шикізаттың көп мөлшерін импорттайды. Сондықтан, егер экспорттық тауарлар капиталды көп қажет ететін шикізаттың көп мөлшерін қажет етсе, бұл американдық экспортқа капиталды көп қажет еткізеді. Американдық Джеймс Хартигэн бастаған бір топ ғалымдар Леонтьев есептеулерін сол жылдар негізінде қайта жасады. Бірақ капиталды көп қажет ететін шикізатқа қатты тәуелді салаларды алып тастады. Парадокс жойылып, Хекшер-Олин теориясы расталды.
Леонтьевтің тесті американдық импорттық тарифті есепке алмады. Ол болса американ өндірісінің еңбекті қажет ететін салаларын шет ел бәсекелестерінен қорғау үшін енгізілген еді. 1971 жылы американ экономисі Роберт Бэлдвин қайта жасаған есептеулері, тариф факторын алып тастау Леонтьев парадоксын 5 пайызға азайтса да, толық жоя алмады.
Американдық тұтынушылар талғамы дәстүрлі түрде капиталды көп қажет ететін технология өнімдеріне бағыттылған. Өзі капиталы мол ел болса да, өнімдерді шет елден сатып алатын еді. Бұл іс жүзінде Хекшер-Олин теориясының алғышарттарының біреуін және халыұаралық сауданы өндіріс факторлар арақатынасы емес, басқа себептермен түсіндірілуін жоққа шығарғанын көрсетеді.
Өндіріс факторларының екі жақтылығы: бір тауар еңбек күші мол елде еңбекті көп қажет ететін, капиталы мол елде капиталды көп қажет ететін тауар болуы мүмкін. Ол өндіріс факторларының орынын басу мүмкіндігі жоғары жағдайларда болады. Мысалға, капиталы мол АҚШ-ғы өндірілген күріш, алдыңғы қатарлы технология көмегімен өндірілгендіктен капиталды көп қажет ететін тауар болады.
Ал еңбек күші мол Вьетнамда өндірілген сол күріш, тек ауыр еңбек негізінде өндірілгендіктен, еңбекті көп қажет ететін тауар болып саналады.
Түрлі елдерде жүргізілген зерттеулер негізінен импорттық бағытқа негізделген салаларға қарағанда, экспортқа бағыттылған саладағы «мамандану қанықтығың деңгейінің жоғарырыақ болатындығын көрсетті. Мысалы, Жапонияның табиғи ресурстар мен шикізаттар (ауыл шаруашылығының өнімдері, балық аулау, орман және өңдеу өнімдері) импортына тәуелділігі едәуір басым ел екені белгілі. Импорт Жапонияның еңбек сыйымдылығы жоғары өнімдерді эксопртауы есебінен төленеді және бұл елдің білікті ғылыми кадрларымен салыстырмалы артықшылықпен молынан қамтамасыз етілуімен түсіндіріледі.
5.Өз-өзін бақылау сұрақтары
· Хекшер-Оллин теориясының тұжырымы неде?
· Леонтьев парадоксы нені дәлелдеді?
· Тапшылық факторы дегеніміз не?
· Хекшер-Оллин теориясы қандай қортынды жасайды?
6.Ұсынылатын әдебиеттер
· *Киреев А. Международная экономика, М.: МО, 1,2 бөлім., 2000
· *Международные экономические отношения. Под ред. проф. В.Е.Рыбалкина. - М., 1999.
· *Миклашевская Н.А., Холопов А.В, Международная экономика, М.: МГУ, 1998.
· *Елемесов Р.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар, А.: ҚазҰУ, 2002.
· *Доғалова Г.Н Халықаралық экономика, А.: Экономика, 2000.
· Н.Қ Мамыров, Д.М. Мадиярова, А.Е. Қалдыбаева, Алматы, Экономика 1998
- Лекция тақырыбының атауы: Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік
- Лекция мақсаты:халықаралық сауданың жалпы тепе-теңдігін стандарттық модел негізінде сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасын анықтау арқылы түсіндіру
- Лекция сұрақтары:
· Неотехнологиялық теория
· Стандарттық үлгі. Жалпы тепе-теңдік теориясы
- Лекция мазмұны:
Халықаралық сауданың стандартты моделі
Неоклассикалық ұсыныс пен сұраныс балансының постулаттарына негізделген халықаралық стандартты моделі көптеген неоклассик экономистерінің қоғамдық жалпылама сұранысына көңіл шоғырландырылған зерттеулерінің қорытынды нәтижесі болды. Стандартты модельде қолданылатын негізгі ұғымдарды әртүрлі жылдары ирланд экономисі Френсис Эджуор мен американ экономисі австралиялық Готтфрид Хэберлер қалыптастырды.
Классикалық модельдерде шектелген накты тауарлар шекберiндeгi ұсыныс пен сұраныс караcтырылған. Стандартты модель оны жиынтық ұсыныс пен сұраныска дейiн кеңеЙТТi. Жеңiл тyciну үшiн бұрынғыдай eкi ел (І мен ІІ) және eкi-ак тауар (І мен ІІ) бар деп алынған. Салыстырмалы артыкшылықтар моделiнде тұpaқты орнын басу шығындары шарттарындағы жағдайды карастырды. Графикте өндipicтiк мүмкiндiктер шекаралары түзу сызык болып, 2-i тауардың косымша бiрлiгiн өндipy үшiн 1-i тауардың тұpaқты мөлшерiнен бас тарту қажет eкeнiн керсеткен. Бұл жағдай елдiң өзiнiң салыстырмалы артықшылыққа ие тayapғa маманданып, салыстырмалы артықшылық басқа елде болған тауар өндipiciнeн бас тартуын бiлдiредi. Көрiп отырғанымыздай, бұл экстремалды жағдай стандартты модель үшін жекелеген жағдай ғанa болып табылады. Стандартты модель орнын басу шығындары мен жалпы зкономикалық теориядан белгiлi бар экономикалық жағдайларға сәйкес келетiн заңдылықтар өcyiнiң алғышарттарына негiзделген.
Орнын басу шығындарының өcyi 2-i тayapдың әрбiр қосымша бiрлiгiн өндipy үшiн 1 тayapдың тұpaқты емес, қосымша мөлшерiнен бас тарту керектiгiн бiлдiредi.
Елдер бiр-бiрiмен cayдaға түскенге дейiн баланс шектi трансформация деңгейi (ұсыныс) мен шектi орнын басу деңгейiнiң (сұраныс) өзара әрекет; жолымен қалыптасады (2.6. сурет).
Сурет 2.6 Сауда жоқ жағдайындағы баланс
1-i елдiң өндipicтiк мүмкіндіктер қисығы орнын басу шектi деңгейiнiң 1-і кисығы елдiң максималды кажеттiктерi өтелетiн А нүктесiнде жанасады. Ел өзi өндіретін 1-i және 2-і тауардың максималды мөлшерiн тұтынады. 2-i елдiң өндipicтiк мүмкiндiктер кисығы орнын басу шектi денгейi 1-і кисығы осы елдiң 1-i және 2-i тауардың максималды мөлшерiн тұтынуды көpceтeтiн А' нүктесінде жанасады. 1-i елдегi 1-i тауардың салыстырмалы бағасы графикте А нүктесі арқылы өтетін түзумен көрсетiлiп, ол 2-і тayapдың 1/4 бөлiгiн кұрайды. Ал 2-і елдегi 1-і тауардың салыстырмалы бағасы графикте А' нүктесi арқылы өтетін түзумен көрсетiлiп, 2-i тауардың 4 бөлiгiн құрайды.Р/А<Р/А' болғандықтан, 1-і ел 1-i тауар, ал 2-і ел 2-i тауар бойынша салыстырмалы басымдылыққа ие болады. 1-i мен 2-i елдiң максималды өндipic көлемi А жене А' нүктелерiнде жетедi.
2.6. суретте өндірістік мүмкiндiктер қисығы көрсеткендей, 1-i ел салыстырмалы артықшылыққа ие тауардың қосымша бipлiгiн өндipy үшiн 2·і тауардың көп мөлшерiн беру қажеттiгiн бiлдiредi. Ал 2-i елдiң өндірістік мүмкiндiктер графигi өзi салыстырмалы артықшылыққа ие 2-і тауардың қосымша бiрлiгiн өндipy үшін 1-i тауардңi көп мөлшерiн беру қажеттiгiн бiлдipедi.
Трансформацияның шектi деңгейi - 1-i тауардың қосымша бipлiгiн өндipy үшiн 2 -i тауар өндірісінен бас тарту кажеттi даналар саны.
Графикте бұл экономикалық теория пайдаланатын өндірістік мүмкiндiктер қисығы, бiрақ бiр тауардың екiншi тауардың орнын басу шығындарының өcyiн көpceтeдi.
Елге 1-i тауардың қосымша бiрлiгiн өндipy үшiн барған сайын 2-i тауардың көп мөлшерiнен бас тартуы қажет. Сондықтан график шығындар тұрақты деп алынған салыстырмалы артықшылықтар теориясындағыдай түзу емес, қисық сызық. болды. Ал тауардың iшкi ұсынысының көлемiн көрсетеді.
Орнын басу шекті денгейі - қалыптаскан тұтыну деңгейiн сактауды камтамасыз етiп, 1-i тауардың косымша данасын алу ушiн 2-i тауардың өндіруден бас тартатын даналарының мөлшерi.
График жүзiнде бұл жекелеген талғамсыздық қисықтарының ел ауқымында көрсетiлiп, (тұтынушының бiрдей әл-аукат деңгейiн), осы eкi тауар бар арақатынасының тұтыну барысында камтамасыздығын көрсетеді. Ол тұтынушының әл-аукаты төмендемей сол деңгейде калып, одан алынып жатқан тауарды орын басатын тауардың қандай мөлшерi керектігін көрсетеді. Орын басудың шектi деңгейi рыноктағы бар сұранысы сипаттайды.
Стандартты модель төмендегiдей белгiлермен сипатталады:
• әр түрлi тауарлардың шығарылу арақатынасын көрсететін өндірістік мүмкiндiктер кисығы әр түрлi елдерде өзгеше болып, оларды бiр-бiрiмен сауда жасауға итермелейдi.
• егер қисықтар сәйкес келiп, басқаша айтқанда тауар шығарылу арақатынасы eкi елде бiрдей болса, онда сауда өте жақын елдерде сәйкес келмейтiн тұтынушылардың талғауындағы ерекшелiктерiне негiзделедi;
• ұсыныс трансформацияның шектi деңг